ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 523-IV Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне адвокатура мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық ic жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 62-баптың үшiншi бөлiгiндегi «дербес жүргiзген жағдайда – адвокат клиентпен жасасқан шартпен» деген сөздер «заңды тұлғаны тiркемей жеке жүзеге асырған жағдайда – адвокаттар алқасының төралқасымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 111-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер адвокат заң көмегiн тарапқа судьяның (соттың) ұйғарымы негiзiнде тегiн көрсетсе, сот осы бапта көрсетiлген шығыстарды заң көмегiн тегiн көрсеткен адвокаттың пайдасына өндiрiп бередi.».
2. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Заңда белгiленген тәртiппен, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және оларды iске асыруға жәрдемдесу мақсатында адвокаттар кәсiби негiзде көрсететiн бiлiктi заң көмегi адвокаттық қызмет болып табылады.»;
2) 5-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «әкесiнiң атын» деген сөздер «әкесiнiң атын (ол болғанда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-баптың 2-тармағында:
бiрiншi бөлiк «танылған не» деген сөздерден кейiн «заңда белгiленген тәртiппен» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктегi «Заңда белгiленген тәртiппен соттылығы өтелген немесе алынған; қасақана» деген сөздер «Қасақана» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Адвокаттың көмекшiлерi мен тағылымдамадан өтушiлерi
1. Адвокаттың көмекшiлерi мен тағылымдамадан өтушiлерi болуы мүмкiн.
2. Адвокаттың көмекшiлерi еңбек шартының негiзiнде заң консультациясында, адвокат кеңсесiнде немесе адвокаттық қызметпен жеке айналысатын адвокатта жұмыс iстеуi мүмкiн.
Адвокаттың көмекшiлерi адвокаттың нұсқауы бойынша және соның жауапкершiлiгiмен адвокаттың тапсырмаларын орындауға құқылы.
3. Жоғары заң бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматы адвокаттың тағылымдамадан өтушiсi бола алады.
Тағылымдамадан өтудiң мақсаты адвокаттық қызметтiң кәсiптiк бiлiмдерi мен практикалық дағдыларын игеру болып табылады.
Осы Заңның 7-бабының 2-тармағында белгiленген талаптарға сай келетiн және тағылымдамадан өтуге ниет бiлдiрген адам Республикалық адвокаттар алқасының ұсынымдары ескерiле отырып, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң бұйрығымен бекiтiлетiн Адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлерiнiң тағылымдамадан өту тәртiбi туралы ережеде тiзбесi белгiленетiн құжаттарды қоса бере отырып, тағылымдамадан өтуге жiберу туралы өтiнiшпен адвокаттар алқасының төралқасына жүгiнедi.
4. Адвокаттар алқасының төралқасы өтiнiштi қарау нәтижелерi бойынша мынадай:
1) тағылымдамадан өтуге жiберу туралы;
2) тағылымдамадан өтуге жiберуден бас тарту туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
5. Адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлерi санының көп жинақталуы себебiмен тағылымдамадан өтуге жiберуден бас тартуға жол берiлмейдi.
6. Тағылымдама кемiнде бес жыл адвокаттық қызмет өтiлi бар адвокаттың басшылығымен жүзеге асырылады. Тағылымдаманың ұзақтығы алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмдi құрайды. Бiр адвокатта тағылымдамадан бiр мезгiлде екiден көп емес тағылымдамадан өтушi өте алады.
Тағылымдамадан өтушi ретiндегi жұмыс кезеңi заң мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне есептеледi.
7. Тағылымдамадан өткiзудi ұйымдастыруды Республикалық адвокаттар алқасының ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң бұйрығымен бекiтiлетiн Адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлерiнiң тағылымдамадан өту тәртiбi туралы ережеге сәйкес адвокаттар алқасының төралқасы жүзеге асырады.
Тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекiтуден бас тарту туралы шешiм дәлелдi болуға тиiс және оған сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
Тағылымдамадан өтпеген адам жалпы негiздерде тағылымдамаға қайта жiберiледi.
8. «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 8) және 10) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша судья өкiлеттiктерiн тоқтатқан адамдар тағылымдамадан өтпейдi.
9. Адвокаттың көмекшiсi мен тағылымдамадан өтушiсiнiң адвокаттық қызметпен дербес айналысуға құқығы жоқ.»;
5) мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-баптармен толықтырылсын:
«8-1-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды
аттестаттау жөнiндегi комиссия
1. Тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әдiлет органдары жанынан құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияда аттестаттаудан өтедi.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссия жетi мүшеден, оның iшiнде кандидатураларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың адвокаттар алқаларының төралқалары айқындайтын үш адвокаттан тұрады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияның жеке құрамы және олардың жұмыс регламентi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң бұйрықтарымен бекiтiледi.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi жанындағы Бiлiктiлiк комиссиясында бiлiктiлiк емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестiрiлген соттың жалпы отырысының оң пiкiрiн алған адамдар;
2) «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 8) және 10) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша судья өкiлеттiктерiн тоқтатқан адамдар;
3) терiс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеушi лауазымында кемiнде он жыл жұмыс өтiлi болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар аттестаттаудан өтуден босатылады.
3. Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны алуға үмiткерлердi сапалы iрiктеудi қамтамасыз ету;
2) отырыстардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету болып табылады.
4. Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияның отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысуға құқылы.
5. Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияның отырыстарында ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында дыбыс- және (немесе) бейнежазбалар не стенографиялау жүзеге асырылады. Отырыс барысында алынған стенограмма, дыбыс- және (немесе) бейнежазбалар отырыстың хаттамасына қоса тiгiледi және адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияның материалдарымен бiрге сақталады.
8-2-бап. Аттестаттауды өткiзу тәртiбi мен шарттары
1. Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қағидаларда айқындалады.
2. Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адам тағылымдамадан өткеннен кейiн өзiн аттестаттауға жiберу туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарды қоса тiркей отырып, тұрғылықты жерi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әдiлет органдары арқылы адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияға жiбередi.
3. Құжаттар тиiсiнше ресiмделмеген не олардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әдiлет органдары өтiнiш келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде қайтару себебi туралы жазбаша хабарлай отырып, өтiнiштi үмiткерге ұсынылған құжаттармен бiрге қарамастан қайтарады.
4. Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссия материалдарды қарау қорытындылары бойынша аттестаттауға жiберу не жiберуден бас тарту туралы дәлелдi шешiм шығарады.
Егер үмiткер осы Заңда белгiленген талаптарға сай болмаса, оны аттестаттауға жiберуден бас тартылады.
Аттестаттауға жiберуден бас тарту туралы шешiмдi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әдiлет органдары өтiнiш келiп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей үмiткерге жiбередi.
Аттестаттауға жiберуден бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әдiлет органдары аттестаттауға жiберiлген үмiткердi аттестаттаудың өтетiн орны, күнi, уақыты, тәртiбi туралы оны өткiзгенге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей жазбаша хабардар етедi.
6. Аттестаттау қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
7. Аттестаттау мынадай екi кезеңнен тұрады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуден компьютерлiк тест тапсыру;
2) үмiткердiң бiлiмiн емтихан билеттерi бойынша тексеру.
8. Үмiткер өз таңдауы бойынша аттестаттаудан қазақ немесе орыс тiлiнде өтуге құқылы.
Тестiлеу компьютер техникасын пайдалана отырып өткiзiледi.
9. Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссия аттестаттау нәтижелерi бойынша аттестаттау өткiзiлгеннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей, аттестатталғаны туралы не аттестатталмағаны туралы дәлелдi шешiм шығарады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияның шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
Аттестатталғаны туралы шешiм ол шығарылған кезден бастап алты жыл бойы жарамды болып табылады.
Аттестаттаудан өтпеген үмiткер кемiнде бiр жылдан кейiн қайта аттестаттауға жiберiледi.
10. Аттестаттаудан өткен кезде үмiткердiң анықтамалық, арнаулы және басқа да әдебиеттi, байланыс құралдарын, сондай-ақ қандай да бiр жазбаларды пайдалануына жол берiлмейдi.
Көрсетiлген талаптар бұзылған жағдайда, адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссия үмiткердi аттестаттаудан шеттетедi.
Аттестаттаудан шеттетiлген үмiткер шешiм шығарылған күннен бастап үш ай өткен соң аттестаттауға жiберу туралы қайтадан өтiнiш беруге құқылы.
11. Дәлелдi себеппен аттестаттауға келмеген үмiткер осы баптың 5-тармағында көзделген тәртiппен адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияның келесi отырысына шақырылады.
Үмiткер тағы да келмей қалған жағдайда оның өтiнiшi қараусыз қалдырылады және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әдiлет органдары оған тапсырылған құжаттармен бiрге қайтарады.»;
6) 9 және 11-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия
1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсат беру болып табылады және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттармен тағылымдамадан және аттестаттаудан өткеннен кейiн лицензиар бередi.
2. Лицензиар адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиялардың электрондық тiзiлiмiн жүргiзедi, тiзiлiм мәлiметтерiн, сондай-ақ адвокаттық қызметпен айналысатын лицензиаттар тiзiмдерiн интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етедi.»;
«11-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның
қолданысын тоқтата тұру
1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негiздерден басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы:
1) адам мемлекеттiк қызметте болған;
2) ол Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының, өз қызметiн бюджет қаражаты есебiнен төленетiн, тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкiлеттiктерiн атқарған;
3) мерзiмдi әскери қызметтi өткерген;
4) ол осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша адвокаттар алқасының мүшелiгiнен шығарылған;
5) заңды тұлғаны тiркемей кәсiптiк қызметiн жеке жүзеге асыратын адвокаттың iс жүзiнде қызметтiк үй-жайы болмаған;
6) оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтi қоспағанда, адвокат кәсiпкерлiк немесе өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысқан;
7) тоқтата тұру мерзiмi көрсетiлетiн өзiнiң өтiнiшi негiзiнде адвокат өз өкiлеттiктерiн орындамаған кезеңде тоқтатыла тұрады.
Көрсетiлген жағдайларда адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын лицензиар адвокаттар алқасы төралқасының ұсынымы немесе аумақтық әдiлет органының ұсынысы негiзiнде не адвокаттың өтiнiшi негiзiнде тоқтата тұрады. Қабылданған шешiм туралы адвокат, соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етiледi.
3. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру адвокаттық қызметпен оның қолданысын тоқтата тұру кезеңiнде айналысуға тыйым салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың 2-тармағында көзделген негiздер бойынша тоқтатыла тұрған адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын қайта жалғастыру адвокаттың өтiнiшi бойынша күнтiзбелiк он күн iшiнде лицензиардың бұйрығы және оның қолданысын тоқтата тұру үшiн негiздердiң тоқтатылғанын растайтын құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысының қайта жалғастырылғаны туралы адвокат, соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етiледi.
5. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы немесе қайта жалғастырудан бас тарту туралы шешiмге адвокат сот тәртiбiмен шағым жасауға құқылы.»;
7) 12-бапта:
1-тармақтың 1-1) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң» деген сөздер «лицензиардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтың үшiншi бөлiгiндегi «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi» деген сөздер «Лицензиар» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтың бiрiншi абзацындағы «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi» деген сөздер «лицензиар» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтың екiншi бөлiгiндегi «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi» деген сөздер «Лицензиар» деген сөзбен ауыстырылсын;».
8) 13-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi «өкiлеттiгi» деген сөзден кейiн «заң консультациясы немесе адвокат кеңсесi, ал ол өз қызметiн заңды тұлғаны тiркемей жеке жүзеге асырған кезде адвокаттар алқасының төралқасы берген» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Адвокаттың мiндеттерi
1. Адвокат:
1) өзiнiң кәсiптiк мiндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын және Адвокаттардың кәсiптiк әдебi кодексiнiң нормаларын сақтауға;
2) өзiнiң кәсiптiк қызметiнде адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметiнiң қағидаттарын басшылыққа алуға;
3) өзiнiң кәсiптiк бiлiктiлiгiн үнемi арттырып отыруға;
4) заң көмегiн көрсетуге байланысты өзiне мәлiм болған мәлiметтердi құпия сақтауға және көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз оларды жария етпеуге;
5) адвокаттар алқасына мүше болып кiргеннен кейiн, сондай-ақ коммерциялық ұйым құрылғаннан кейiн бiр ай iшiнде, өзiне заңды түрде тиесiлi ақшаны, сондай-ақ мүлiктiк жалдауға берiлген мүлiктi қоспағанда, өз меншiгiндегi, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестi (акциялар топтамасын) және пайдаланылуы табыс алуға әкелетiн өзге де мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беруге мiндеттi. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты нотариатта куәландыруға жатады. Адвокат өзiне тиесiлi облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенiмгерлiкпен басқаруға бермеуге құқылы. Адвокаттың сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген мүлiктен табыс алуға құқығы бар;
6) сенiм бiлдiрушiнiң құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге бағытталған iс жүзiндегi мән-жайларды анықтау бойынша заңмен тыйым салынбаған кез келген iс-әрекеттi орындауға мiндеттi.
2. Адвокат, егер:
1) заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамның мүддесiне қайшы келетiн iстiң нәтижесiнде жеке мүддесi болса;
2) Қазақстан Республикасының процессуалдық заңнамасында көзделген негiздер болса, заң көмегiн көрсету туралы тапсырмадан бас тартуға мiндеттi.
3. Адвокаттың iс бойынша көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық ұстанымда болуына, өз өкiлеттiгiн өзi мүдделерiн қорғайтын немесе бiлдiретiн адамға нұқсан келтiрiп пайдалануына тыйым салынады.
4. Адвокаттың қылмыстық iс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы жоқ және қорғалатын адамның немесе адвокаттың өзiнiң көзқарасы бойынша сот төрелiгiне сай емес үкiм шығарылған жағдайда, оған белгiленген тәртiппен шағым жасауға мiндеттi.
5. Адвокаттың коммерциялық ұйымның байқау кеңесiнiң құрамына кiру, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк қызметте болуына және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуына, өзге де ақылы лауазымда болуына тыйым салынады.
Адвокат адвокаттар алқасында, Республикалық адвокаттар алқасында және адвокаттардың халықаралық қоғамдық бiрлестiктерiнде ақы төленетiн сайланбалы немесе тағайындалатын лауазымға сайлануға құқылы.»;
10) 17-баптың 7-тармағы алып тасталсын;
11) 20-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Адвокаттар алқалары Республикалық адвокаттар алқасына бiрiгедi.»;
12) 21-баптың 1-тармағында:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Адвокаттарды аттестаттаудан өткiзу тәртiбi туралы қағиданың негiзiнде адвокаттарды аттестаттаудан өткiзу тәртiбiн;»;
11) тармақшадағы «лицензиясынан айыру» деген сөздер «лицензиясының қолданысын тоқтату туралы талап-арызды дайындау» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 23-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) адвокат өзiн алқаға мүшелiкке қабылдаған күннен бастап алты айдың iшiнде төлейтiн және тек қана адвокаттар алқасының материалдық-техникалық және оқу-әдiстемелiк базасын нығайтуға жұмсалатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген айлық есептiк көрсеткiшке еселенген мөлшерде есептелетiн бастапқы нысаналы жарна ставкаларын белгiлеу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген айлық есептiк көрсеткiшке еселенген мөлшерде есептелетiн ай сайынғы мүшелiк жарна ставкаларын белгiлеу жатады, бұл ретте кәсiптiк қызметiн ауылдық елдi мекендерде жүзеге асыратын не бiр жылдан аспайтын адвокаттық қызмет өтiлi бар адвокаттар белгiленген ставканың елу пайызы мөлшерiнде ай сайынғы мүшелiк жарналарды төлейдi.»;
14) 24-бапта:
1-тармақтағы «төралқасы мен төралқа» деген сөздер «төралқасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
4-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-2) адвокаттардың қызметi туралы олардың жинақталған есептерiн Республикалық адвокаттар алқасына тоқсан сайын ұсынады;
4-3) адвокаттық қызметiн ауылдық елдi мекенде кемiнде үш жыл мiндеттi түрде жүзеге асыру шартымен адвокаттар алқасына мүше болып қабылданатын адвокаттарды бастапқы нысаналы жарна төлеуден босатады;
4-4) жүктiлiгi және тууы бойынша не бала үш жасқа толғанға дейiн оны күтiп-бағу бойынша демалыста болған кезеңiнде адвокаттарды және уақытша еңбекке жарамсыздығы салдарынан қатарынан екi айдан астам адвокаттық қызметтi жүзеге асырмаған адвокаттарды ай сайынғы мүшелiк жарнаны төлеуден босатады;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) осы Заңда көзделген негiздер бойынша лицензиарға адвокатқа қатысты адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап-арызды дайындау туралы өтiнiш бередi;»;
10) тармақшадағы «дербес не Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп» деген сөздер алып тасталсын;
15) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы
1. Өзi сайланған күнге дейiн кемiнде екi жыл тiкелей адвокаттар алқасының мүшесi болған адвокат адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы болып сайлана алады.
Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзiмге сайланады.
Бұл ретте бiр адам қатарынан екi мерзiмнен артық адвокаттар алқасының төрағасы лауазымында бола алмайды.
2. Алқаның жарғысына сәйкес адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы:
1) төралқаның жұмысын ұйымдастырады, оның отырыстарында төрағалық етедi және төралқа, алқа мүшелерiнiң жалпы жиналыстары (конференциялары) шешiмдерiнiң орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
2) төралқа аппаратының жұмысына басшылық жасайды, алқа аппаратының қызметкерлерiн жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;
3) мемлекеттiк органдарда, қоғамдық бiрлестiктерде, басқа да ұйымдар мен мекемелерде адвокаттар алқасы атынан өкiлдiк етедi;
4) адвокаттық қызметтi ұйымдастырудың адвокат таңдаған нысанын және заңды мекенжайын көрсетiп, адвокаттар алқасына мүше болып кiрген лицензиаттар туралы, сондай-ақ шығарылу себебiн көрсете отырып, адвокаттар алқасы мүшелiгiнен шығарылғандар туралы мәлiметтердi лицензиарға ұсынуды қамтамасыз етедi;
5) адвокаттар көрсеткен заң көмегi туралы статистикалық мәлiметтердi қоса алғанда, адвокаттар алқаларының қызметi туралы есептi Республикалық адвокаттар алқасына ұсынуды қамтамасыз етедi;
6) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу туралы және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтiнiмдi тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң аумақтық органына уақтылы ұсынуды қамтамасыз етедi;
7) адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлерiнiң тағылымдамадан өтуiн қамтамасыз етедi;
8) адвокаттарды кәсiптiк оқыту бағдарламасын iске асыруды қамтамасыз етедi.
Адвокаттар алқасының төралқасы төрағасының басқа да өкiлеттiктерi адвокаттар алқасының жарғысында айқындалады.»;
16) 27-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адвокаттар алқасына мүшелiк мiндеттi болып табылады.
Осы Заңның 7-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлардың бiрiнiң анықталуы адвокаттар алқасына мүшелiкке қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болып табылады.
Адвокаттар алқасына мүшелiкке қабылдаудан бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.»;
17) 29 және 30-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«29-бап. Адвокаттар алқасы мүшесiнiң мiндеттерi
1. Адвокаттың осы Заңның 15-бабында көзделген жалпы мiндеттерiнен басқа, адвокаттар алқасының мүшесi:
1) адвокаттар алқасы жарғысының талаптарын сақтауға;
2) адвокаттар алқасы мен оның органдарының жалпы жиналысының шешiмдерiн орындауға;
3) бастапқы нысаналы және ай сайынғы мүшелiк жарналарды төлеуге;
4) адвокаттар алқасының төралқасына өз жұмысы туралы статистикалық есептi ұсынуға;
5) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болғанда) өзгерген жағдайда, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi лицензиялау туралы заңнамада белгiленген тәртiппен және шарттармен лицензиарға беруге;
6) өзiнiң заңды мекенжайының өзгергенi туралы адвокаттар алқасының төралқасына хабарлауға;
7) ол көрсеткен заң көмегiнiң сапасына жеке және заңды тұлғалардың шағымдары бойынша тексеру үшiн қажеттi материалдарды адвокаттар алқасының төралқасына ұсынуға мiндеттi.
2. Адвокаттар алқасының мүшесi бастапқы нысаналы және ай сайынғы мүшелiк жарналарды төлеу мiндеттемесiнен басқа, адвокаттар алқасының алдында өзгедей бiржақты мүлiктiк мiндеттемелер алмауға тиiс.
30-бап. Адвокаттардың тәртiптiк жауапкершiлiгi
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының, Адвокаттардың кәсiптiк әдебi кодексiнiң, адвокаттар алқасы жарғысының талаптарын бұзғаны үшiн адвокат мынадай тәртiптiк жауапкершiлiк шараларының бiрiне тартылады:
1) ескерту;
2) сөгiс;
3) қатаң сөгiс;
4) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап-арызды дайындау туралы лицензиарға өтiнiш бере отырып, адвокаттар алқасынан шығару.
2. Тәртiптiк iс жүргiзу адвокаттар алқасы төралқасының құзыретiне жатады.
3. Адвокаттың Қазақстан Республикасы заңнамасының, Адвокаттардың кәсiптiк әдебi кодексiнiң, адвокаттар алқасы жарғысының талаптарын бұзғанын көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы тәртiптiк iс жүргiзудi қозғау үшiн негiз болып табылады.
4. Әдiлет органдары тәртiптiк iс жүргiзу туралы ұсыныс енгiзген жағдайда оны қарау әдiлет органы өкiлiнiң қатысуымен жүзеге асырылады. Қараудың уақыты және орны тиiстi түрде хабарланған әдiлет органы өкiлiнiң келмеуi тәртiптiк iстi қарауға кедергi болмайды.
5. Тәртiптiк жазалар қолданудың, оларды алып тастаудың және оларға шағым жасаудың тәртiбi адвокаттар алқасының жарғысында айқындалады.
Адвокаттың тәртiптiк терiс қылық жасағаны үшiн бiр тәртiптiк жаза ғана қолданылуы мүмкiн.
6. Адвокаттар алқасы төралқасының тәртiптiк жаза қолдану туралы шешiмiне адвокат сот тәртiбiмен шағым жасауы мүмкiн.
7. Егер тәртiптiк жаза қолданылған күннен бастап алты ай iшiнде адвокат жаңа тәртiптiк жазаға тартылмаса, ол тәртiптiк жазаға тартылмаған болып есептеледi.»;
18) 31-баптың 2-тармағындағы «лицензиясынан айыруға» деген сөздер «лицензиясының қолданысын тоқтатуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 33-1-баптың 1-тармағындағы «әкесiнiң аты» деген сөздер «әкесiнiң аты (ол болғанда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 3-тарау мынадай мазмұндағы 33-2, 33-3, 33-4, 33-5, 33-6, 33-7, 33-8-баптармен толықтырылсын:
«33-2-бап. Республикалық адвокаттар алқасы
1. Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттар алқаларының мiндеттi мүшелiгiне негiзделген, коммерциялық емес, тәуелсiз, кәсiптiк, өзiн-өзi басқаратын, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.
2. Республикалық адвокаттар алқасы адвокаттық өзiн-өзi басқару ұйымы ретiнде Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегi мемлекеттiк және өзге де ұйымдарда адвокаттар алқалары мен адвокаттардың мүдделерiне өкiлдiк ету және оларды қорғау, адвокаттар алқаларының қызметiн үйлестiру, адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
3. Республикалық адвокаттар алқасын Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы құрады.
4. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысын Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы қабылдайды.
5. Республикалық адвокаттар алқасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге жатады.
6. Республикалық адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
7. Республикалық адвокаттар алқасының және оның органдарының өздерiнiң құзыретi шегiнде қабылданған шешiмдерi адвокаттар алқалары үшiн мiндеттi.
33-3-бап. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысы
1. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысында:
1) Республикалық адвокаттар алқасының атауы, қызметiнiң нысанасы мен мақсаттары;
2) Республикалық адвокаттар алқасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
3) Республикалық адвокаттар алқасының құрылымы, оның органдарының құрылу тәртiбi және құзыретi;
4) мүлкiн қалыптастыру көздерi және оған иелiк ету тәртiбi;
5) адвокаттар алқалары жүзеге асыратын аударымдар мөлшерi мен тәртiбi;
6) Республикалық адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру және тарату тәртiбi көзделуге тиiс.
2. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де ережелердi қамтуы мүмкiн.
33-4-бап. Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық
конференциясы
1. Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы Республикалық адвокаттар алқасының жоғары органы болып табылады, ол кемiнде екi жылда бiр рет шақырылады. Егер конференция жұмысына сайланған делегаттар санының кемiнде үштен екiсi қатысқан болса, ол заңды деп саналады.
2. Конференция Республикалық адвокаттар алқасының кез келген мәселелерiн шешуге құқылы.
Конференцияның айрықша құзыретiне:
1) Республикалық адвокаттар алқасының жарғысын қабылдау және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
2) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының орналасатын жерiн айқындау;
3) адвокаттар алқаларынан Республикалық конференцияға делегаттардың өкiлдiк ету нормасын бекiту;
4) Адвокаттардың кәсiптiк әдебi кодексiн әзiрлеу мен бекiту және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
5) Адвокаттардың аттестаттаудан өту тәртiбi туралы ереженi әзiрлеу және бекiту;
6) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасын сайлау;
7) Республикалық адвокаттар алқасының тексеру комиссиясын сайлау;
8) адвокаттар алқалары Республикалық адвокаттар алқасының ортақ қажеттiлiктерiне жүзеге асыратын аударымдар мөлшерi мен тәртiбiн айқындау;
9) Республикалық адвокаттар алқасын ұстауға арналған шығыстар сметасын бекiту;
10) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының есебiн, оның iшiнде Республикалық адвокаттар алқасын ұстауға арналған шығыстар сметасының орындалуы туралы есептi бекiту;
11) тексеру комиссиясының Республикалық адвокаттар алқасының қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есебiн бекiту;
12) конференция регламентiн бекiту;
13) Республикалық адвокаттар алқасының жарғысында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
33-5-бап. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы
1. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы Республикалық адвокаттар алқасының алқалы атқарушы органы болып табылады.
2. Төралқаны Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзiмге сайлайды.
3. Төралқа мүшелерiнiң санын Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы айқындайды. Төралқаның құрамында әрбiр адвокаттар алқасының өкiлдiгi қамтамасыз етiлуге тиiс.
4. Төралқа:
1) Республикалық адвокаттар алқасының жұмысын ұйымдастырады;
2) Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады;
3) өз құрамынан Республикалық адвокаттар алқасының төрағасын жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзiмге сайлайды. Бұл ретте бiр адам қатарынан екi мерзiмнен артық төраға лауазымында бола алмайды;
4) конференциялардың арасындағы кезеңде төралқаның және тексеру комиссиясының осы Заңда көзделген негiздер бойынша адвокаттар алқасының мүшесiнен шығарылған мүшелерiнiң өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiмдер қабылдайды;
5) Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегi мемлекеттiк және өзге де ұйымдарда Республикалық адвокаттар алқасынан өкiлдiк етедi;
6) адвокаттар алқаларының қызметiн үйлестiредi;
7) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне адвокаттар көрсеткен заң көмегi туралы статистикалық мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi бекiтетiн нысан бойынша ұсынады;
8) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне Тағылымдамадан өтушiлердiң тағылымдамадан өту тәртiбi туралы ережеге ұсынымдарды енгiзедi;
9) адвокаттардың кәсiби деңгейiн арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, адвокаттарды және олардың көмекшiлерiн кәсiптiк даярлаудың бiрыңғай әдiстемесiн әзiрлейдi;
10) адвокаттардың әлеуметтiк және кәсiптiк құқықтарын қорғайды;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртiппен адвокаттық қызметке жататын мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына сараптама жасауға қатысады;
12) адвокаттар алқаларының қызметi туралы олардың есептерiн тоқсан сайын жинақтап қорытады;
13) адвокаттар алқаларының тәртiптiк практикасын жинақтап қорытады, оның нәтижелерi бойынша ұсынымдар әзiрлейдi;
14) адвокаттық қызмет мәселелерi бойынша әдiстемелiк қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
15) адвокаттар алқаларын ақпараттық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
16) кемiнде екi жылда бiр рет Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясын шақырады, оның күн тәртiбiн қалыптастырады;
17) сметаға және мүлiктiң мақсатына сәйкес Республикалық адвокаттар алқасының мүлкiне иелiк етедi;
18) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының регламентiн бекiтедi;
19) Республикалық адвокаттар алқасының эмблемасын бекiтедi;
20) Республикалық адвокаттар алқасының жарғысында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Тексеру комиссиясының немесе адвокаттар алқалары жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң талап етуi бойынша Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы екi ай iшiнде кезектен тыс Республикалық конференцияны шақыруға мiндеттi.
6. Төралқаның шешiмдерi оның отырысына қатысқан мүшелерi жалпы санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
33-6-бап. Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы
Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы:
1) мемлекеттiк және өзге де ұйымдарда, сондай-ақ жеке тұлғалармен қарым-қатынаста Республикалық адвокаттар алқасынан өкiлдiк етедi;
2) Республикалық адвокаттар алқасының атынан сенiмхатсыз әрекет етедi;
3) сенiмхаттар бередi;
4) Республикалық адвокаттар алқасының атынан мәмiлелер жасасады және сметаға және мүлiктiң мақсатына сәйкес Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының шешiмi бойынша Республикалық адвокаттар алқасының мүлкiне иелiк етедi;
5) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының отырыстарын шақырады;
6) Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы шешiмдерiнiң және Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi.
33-7-бап. Республикалық адвокаттар алқасының тексеру комиссиясы
1. Тексеру комиссиясы Республикалық адвокаттар алқасының қаржы-шаруашылық қызметiне iшкi бақылау функцияларын жүзеге асыратын оның бақылаушы органы болып табылады.
2. Тексеру комиссиясын Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзiмге сайлайды.
3. Тексеру комиссиясы өз құрамынан тексеру комиссиясының төрағасын сайлайды. Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының мүшесi тексеру комиссиясының мүшесi бола алмайды.
33-8-бап. Республикалық адвокаттар алқасының мүлкi
1. Республикалық адвокаттар алқасының мүлкi адвокаттар алқалары жүзеге асыратын аударымдар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңды және жеке тұлғалардан түсетiн гранттар мен қайырымдылық көмек (қайырмалдықтар) есебiнен құралады.
2. Республикалық адвокаттар алқасының ортақ қажеттiлiктерiне арналған шығындарға оны материалдық қамтамасыз етуге, адвокаттарға сыйақы беруге арналған шығыстар және олардың Республикалық адвокаттар алқасының органдарында жұмыс iстеуiне байланысты шығыстардың өтемақысы, Республикалық адвокаттар алқасы аппараты қызметкерлерiнiң жалақысына арналған шығыстар және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Республикалық адвокаттар алқасының сметасында көзделген өзге шығыстар жатады.»;
21) мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:
«5-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
35-бап. Адвокаттар алқалары мүшелерiнiң кезектен тыс жалпы
жиналыстарын (конференцияларын) өткiзу
1. Адвокаттар алқалары делегаттарының бiрiншi Республикалық конференциясының делегаттарын сайлау үшiн адвокаттар алқалары осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш ай iшiнде адвокаттар алқалары мүшелерiнiң кезектен тыс жалпы жиналыстарын (конференцияларын) өткiзудi ұйымдастырады.
2. Бiрiншi Республикалық конференция делегаттарының өкiлдiк ету нормасы елу адвокаттан бiреудi құрайды, бiрақ адвокаттар алқасынан үш адвокаттан кем болмайды.
3. Адвокаттар алқалары Қазақстан адвокаттар одағымен бiрлесiп, осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде бiрiншi Республикалық конференцияны өткiзудi ұйымдастырады.
4. Бiрiншi Республикалық конференция, егер оның жұмысына адвокаттар алқалары сайлаған делегаттардың кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып саналады.
5. Отырысты жүргiзу үшiн конференция делегаттары төралқа сайлайды.
6. Адвокаттар алқасы делегаттарының бiрiншi Республикалық конференциясының шешiмдерi конференцияға қатысқан делегаттардың жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
7. Республикалық адвокаттар алқасы органдарының құрамына бiрiншi Республикалық конференцияның делегаттары болмаған адвокаттар сайлана алады.».
3. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни қызмет және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
22-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысы Республикалық адвокаттар алқасының құрылымын, оның органдарының құрылу тәртiбi мен құзыретiн, мүлкiн қалыптастыру көздерiн және оған иелiк ету тәртiбiн, адвокаттар алқалары жүзеге асыратын аударымдар мөлшерiн, сондай-ақ Республикалық адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру және тарату тәртiбiн қамтуға тиiс.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina