ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 566-IV Заңы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы1-бап. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) мазмұнында:
58, 59 және 61-баптардың тақырыптарындағы «тоқтату» деген сөз «тоқтату негiздерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
101-баптың тақырыбында «Жыл сайынғы» деген сөздерден кейiн «негiзгi» деген сөзбен толықтырылсын;
108-баптың тақырыбындағы «немесе ұзартудың» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жүз елу үшiншi, жүз елу төртiншi, жүз елу бесiншi, жүз елу алтыншы, жүз елу жетiншi, жүз елу сегiзiншi және жүз елу тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«10-1-тарау. Ұлттық бiлiктiлiк жүйесi
138-1-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар
138-2-бап. Ұлттық бiлiктiлiк жүйесiнiң құрылымы
138-3-бап. Ұлттық бiлiктiлiк шеңберi
138-4-бап. Салалық бiлiктiлiк шеңберлерi
138-5-бап. Кәсiби стандарттар
138-6-бап. Мамандардың кәсiби даярлығын бағалау және бiлiктiлiк сәйкестiгiн растау»;
185-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«185-бап. Еңбек шартын тоқтатуды шектеу»;
мынадай мазмұндағы екi жүз елуiншi, екi жүз елу бiрiншi, екi жүз елу екiншi және екi жүз елу үшiншi абзацтармен толықтырылсын:
«23-1-тарау. Қашықтықтан жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiн реттеудiң ерекшелiктерi
221-1-бап. Қашықтықтан жұмыс iстеу
221-2-бап. Қашықтықтан жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң еңбек жағдайлары
221-3-бап. Жұмыс уақытын және демалыс уақытын есептеу, еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету жағдайлары»;
27-тараудың тақырыбы «мүшелерiнiң» деген сөзден кейiн «және мүлiктiң меншiк иесi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкiлеттi органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердiң» деген сөздермен толықтырылсын;
254-баптың тақырыбы «мүшелерiнiң» деген сөзден кейiн «және мүлiктiң меншiк иесi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкiлеттi органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердiң» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үш жүз алпыс алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«320-1-бап. Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау»;
мынадай мазмұндағы үш жүз сексен тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«339-1-бап. Ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi комитет (комиссия)»;
2) 1-баптың 1-тармағында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ауыр жұмыстар – қызметкердiң ауыр заттарды (он килограмм және одан жоғары) қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуына, орнын ауыстыруына және тасымалдауына байланысты әрi көп күш-қуатты талап ететiн (250 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын) қызмет түрлерi;»;
14) тармақшадағы «үзiлiссiз» деген сөз алып тасталсын;
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«31) еңбек стажы – қызметкер еңбек мiндеттерiн орындауға жұмсаған, күнтiзбемен есептелген уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес еңбек стажына қосылатын өзге де кезеңдер;»;
60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«60) қызметкерлердiң өкiлдерi – кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен қызметкерлер уәкiлеттiк берген (сайлаған) өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар;»;
мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын:
«60-1) өндiрiстiк объектiлердi аттестаттауды жүргiзу жөнiндегi мамандандырылған ұйымдар – бiлiктi кадрлары бар және өзiнiң құрамында өндiрiстiк орта мен еңбек жағдайларының факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөнiндегi зертханасы бар немесе осындай зертханалары бар ұйымдармен шарттары бар өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар;»;
67) тармақшадағы «, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындарын» деген сөздер «(өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыратын цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындарын, сондай-ақ жұмыс берушiлердiң бөлек тұрған өзге де бөлiмшелерiн)» деген сөздермен ауыстырылсын;
78) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«78) ұжымдық шарт – әзiрлеу мен жасасу тәртiбi осы Кодекстiң 282-бабында белгiленген, ұйымдағы әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттейтiн, қызметкерлердiң уәкiлеттiк берiлген өкiлдерi арқылы олардың ұжымы мен жұмыс берушiнiң арасындағы жазбаша келiсiм нысанындағы құқықтық акт;»;
3) 10-баптың 2-тармағы «танылады» деген сөзден кейiн «және қолданылмауға тиiс» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 11-баптың 3-тармағы «табылады» деген сөзден кейiн «және қолданылмауға тиiс» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 12-бапта:
2-тармақтағы «осы Кодекстiң 266-бабына сәйкес құрылған комиссияға» деген сөздер «қызметкерлердiң өкiлдерiне» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жұмыс берушi актiсiнiң жобасын табыс етiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен асырмай қызметкерлердiң өкiлдерi талқылайды.»;
4-тармақтағы «Комиссияның» деген сөз «Қызметкерлер өкiлдерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 2) тармақшасындағы «не олар ұсынған редакциядағы актiнi шығаруға» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтағы «нормативтiк актiнi» деген сөздер «акт» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 15-баптың 19) тармақшасы алып тасталсын;
7) 16-баптың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«21) оларда жұмыс iстеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғарылатылған мөлшерiне құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiн, сондай-ақ оларды беру тәртiбiн айқындайды;»;
8) 17-бап мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) өндiрiстiк объектiлерге еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингiн жүзеге асырады.»;
9) 22-баптың 1-тармағының 22) тармақшасындағы «кауiпсiздiгi және еңбектi қорғау» деген сөздер «және сонымен тiкелей байланысты қатынастар» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 23-баптың 2-тармағында:
6) тармақшадағы «жұмыс берушiнiң актiлерiмен» деген сөздер «ұйымдағы iшкi еңбек тәртiбi қағидаларымен және жұмыс берушiнiң қызметкердiң жұмысына (еңбек функциясына) тiкелей қатысы бар өзге де актiлерiмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) тармақшадағы «талап етуге мiндеттi.» деген сөздер «талап етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
«24) жұмыс берушi айқындайтын, он сегiз жасқа дейiнгi қызметкерлердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе) және туған күнi көрсетiлетiн тiзiлiмдердiң немесе басқа да құжаттардың жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.»;
11) 26-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Кәмелетке толмағандар қатысатын бiлiм беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене тәрбиесi және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтiк қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы еңбек қызметiне кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жасағаны: кiсi өлтiргенi, денсаулығына қасақана зиян келтiргенi, жыныстық тиiспеушiлiгiне қарсы қылмыс жасағаны үшiн соттылығы бар немесе соттылығы болған адамдар жiберiлмейдi.»;
12) 28-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Тараптардың деректемелерi өзгерген кезде еңбек шартына тиiстi өзгерiстер енгiзiледi.»;
3-тармағындағы «танылады» деген сөзден кейiн «және қолданылмауға тиiс» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 29-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында:
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Еңбек шартының мерзiмi ұзартылған кезде, ол белгiленбеген мерзiмге жасалған болып есептеледi.»;
мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
«Бiр жылдан кем емес белгiлi бiр мерзiмге шарт жасасқан қызметкермен еңбек шарты, ол атқаратын еңбек функциясы бойынша қайтадан жасалған жағдайда, ол да белгiленбеген мерзiмге жасалған болып есептеледi.
Осы тармақтың 2) тармақшасының екiншi және үшiншi бөлiктерiнiң ережесi еңбек қызметiн шетелдiк жұмысшы күшiн тартуға арналған рұқсаттың негiзiнде жүзеге асыратын тұлғаларға қолданылмайды.»;
төртiншi бөлiктегi «тәулiк» деген сөз «соңғы жұмыс күнi (ауысым)» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 31-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «көшiрмесi қажет.» деген сөздер «көшiрмесi;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) кәмелетке толмағандар қатысатын бiлiм беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене тәрбиесi және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтiк қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасқан кезде соттылығының бар не жоқ екендiгi туралы анықтама қажет.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жұмыс берушi, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге құқылы емес.»;
15) 33-бапта:
2-тармақтағы «үш күн мерзiмде» деген сөздер «үш жұмыс күнi iшiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi «тиiсiнше расталған» деген сөздер «жұмыс берушi растаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 34-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы жинақтаушы зейнетақы қорынан үзiндi көшiрмелер;
5-2) жүргiзiлген әлеуметтiк аударымдар туралы Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан мәлiметтер;»;
17) 36-баптың 5-тармағының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрген, оларды бiтiрген күннен бастап бiр жылдан кешiктiрмей алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кiретiн адамдарға;»;
18) мынадай мазмұндағы 40-1-баппен толықтырылсын:
«40-1-бап. Лауазымдарды қоса атқару (қызмет көрсету аймағының
ұлғаюы) және уақытша болмаған қызметкердiң
мiндеттерiн орындау
Қызметкерге оның жазбаша келiсуiмен еңбек шартында айқындалған жұмыспен қатар, осы Кодекстiң 131-бабына сәйкес қосымша еңбекақы үшiн басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмысты атқару тапсырылуы мүмкiн.
Қызметкерге басқа лауазым бойынша тапсырылатын қосымша жұмыс лауазымдарды қоса атқару жолымен жүзеге асырылуы мүмкiн. Қызметкерге өзiнiң лауазымы бойынша тапсырылатын қосымша жұмыс қызмет көрсету аймағын ұлғайту жолымен жүзеге асырылуы мүмкiн. Уақытша болмаған қызметкердiң мiндеттерiн еңбек шартында айқындалған жұмыстан босатпай орындау үшiн, қызметкерге басқа, сондай-ақ сол өзiнiң лауазымы бойынша қосымша жұмыс тапсырылуы мүмкiн.
Қызметкердiң қосымша жұмыс атқаратын мерзiмiн, жұмыстың мазмұны мен көлемiн жұмыс берушi қызметкердiң жазбаша келiсуiмен белгiлейдi.
Басқа тарапты үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша нысанда ескерте отырып қызметкердiң қосымша жұмысты атқарудан мерзiмiнен бұрын бас тартуына, ал жұмыс берушiнiң оны орындау туралы тапсырмасының күшiн мерзiмiнен бұрын жоюына құқығы бар.»;
19) 45-бапта:
2-тармақта:
«жұмыс берушi қызметкердi анағұрлым жеңiл жұмысқа» деген сөздер «не кәсiби еңбекке жарамдылығынан айрылуы белгiленгенше жұмыс берушi қызметкердi анағұрлым жеңiл жұмысқа уақытша» деген сөздермен ауыстырылсын;
«залалдың» деген сөз «зиянның» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «ауысудан» деген сөз «уақытша ауысудан» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 48-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгi «еңбек жағдайларының» деген сөздерден кейiн «осы баптың 1-тармағында көрсетiлген себептер бойынша орын алған» деген сөздермен толықтырылсын;
21) 50-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Толық материалдық жауаптылықты өзiне алғаны туралы жазбаша шарттың негiзiнде қызметкерге берiлген мүлiктiң және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпеген қызметкердi жұмыс берушiнiң жұмыстан шеттетуiне құқығы бар.»;
4-тармақ «мерзiмге» деген сөзден кейiн «жұмыс берушiнiң актiсiмен» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 53-баптың 4-тармағы «шыққан» деген сөзден кейiн «күнiнiң алдындағы жұмыс» деген сөздермен толықтырылсын;
23) 54-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) тиiстi актiмен расталған, алкогольдiк, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық күйге түсiретiн заттарды пайдалану фактiсiн анықтау үшiн медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан;»;
13) тармақша «қайталап орындамаған немесе» деген сөздерден кейiн «қайталап» деген сөзбен толықтырылсын;
15) тармақшада:
«еңбек шартын жасасу» деген сөздерден кейiн «не басқа жұмысқа ауыстыру» деген сөздермен толықтырылсын;
«еңбек шартын жасасудан» деген сөздерден кейiн «немесе басқа жұмысқа ауысудан» деген сөздермен толықтырылсын;
18) тармақшадағы «жасаған жағдайларда бұзылуы мүмкiн.» деген сөздер «жасаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) соттың ереуiлдi заңсыз деп тану туралы не ереуiлдi тоқтата тұру туралы шешiмiн қызметкердiң назарына жеткiзгеннен кейiн ол ереуiлге қатысуды жалғастырған жағдайларда бұзылуы мүмкiн.»;
24) 55-баптағы «1) тармақшасында көзделген жағдайды» деген сөздер «1) және 17) тармақшаларында көзделген жағдайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 56-бапта:
3-тармақтағы «медициналық-әлеуметтiк сараптама қорытындысымен» деген сөздер «медициналық қорытындымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
бiрiншi бөлiк «бастамасы бойынша» деген сөздерден кейiн «осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiк «жоқ болған жағдайда» деген сөздерден кейiн «қызметкерлердiң өкiлдерiмен келiсiм бойынша шығарылған» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7, 8-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Қызметкердiң жұмыста осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетiлген жай-күйде болуы медициналық қорытындымен расталуға тиiс.
Қызметкердi медициналық куәландыруға жiберу туралы шешiмдi жұмыс берушi уәкiлеттiк берген лауазымды тұлға қабылдайды.
Қызметкер медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда тиiстi акт жасалады.
8. Осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес еңбек шартын бұзуға, қызметкер еңбекке жарамсыздығы парағын ұсынғаннан кейiн жол берiледi.»;
26) 57-баптың 4-тармағы «Егер» деген сөзден кейiн «жазбаша хабарланған күннен бастап» деген сөздермен толықтырылсын;
27) 58-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «үш күн мерзiмнен кешiктiрiлмей» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жергiлiктi атқарушы органдар шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатты қайтарып алған кезде;»;
28) 58, 59, 61-баптардың тақырыбындағы «тоқтату» деген сөзден кейiн «негiздерi» деген сөзбен толықтырылсын;
29) 59-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы «қызметкер» деген сөзден кейiн «уақытша» деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақ «демалысы кезеңiнде» деген сөздерден кейiн «осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мән-жайлар бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
30) 61-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) осы Кодекстiң 26-бабының 3-тармағында аталған адаммен еңбек шарты жасалған;»;
2-тармақтағы «онымен еңбек шарты жасалады» деген сөздер «еңбек шартына тиiстi өзгерiстер енгiзiледi» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «1), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда» деген сөздер «1) тармақшасында көзделген жағдайда» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 63-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Еңбек шарты тоқтатылған күнi еңбек кiтапшасын қызметкердiң болмауына не оны алудан бас тартуына байланысты беру мүмкiн болмаған жағдайда, жұмыс берушi он жұмыс күнi iшiнде қызметкерге еңбек кiтапшасын алуға келуiнiң қажеттiлiгi туралы немесе оны поштамен жiберуге оның келiсiм беруi туралы хабарлама жiберуге мiндеттi.»;
32) 65-бапта:
3) тармақша «оның өзi» деген сөздерден кейiн «не қызметкерге алдын ала хабарлаған және оның келiсiмiн алған уәкiлеттi мемлекеттiк органдар» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) жеке деректерi өзгерген жағдайда қызметкер бұл туралы он жұмыс күнi iшiнде жұмыс берушiге хабарлауға мiндеттi.»;
33) 73-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы «демалыста» деген сөзден кейiн «немесе вахтааралық демалыста» деген сөздермен толықтырылсын;
34) 74-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«304-бапта көзделген жағдайларда тәртiптiк жазалар ереуiлдi заңсыз деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қолданылады.»;
35) 97-бапта:
2-тармақтағы «рұқсаты» деген сөз «актiсi» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Ұлттық және мемлекеттiк мерекелер кезеңiнде, сондай-ақ осы Кодекстiң 96-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi демалыс күндерiн басқа жұмыс күндерiне ауыстыруға құқылы.»;
36) 100-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының мынадай түрлерi берiледi:
1) жыл сайынғы негiзгi ақылы еңбек демалысы;
2) ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы.»;
37) 101-бапта:
тақырыбы «Жыл сайынғы» деген сөздерден кейiн «негiзгi» деген сөзбен толықтырылсын;
мәтiнi «жыл сайынғы» деген сөздерден кейiн «негiзгi» деген сөзбен толықтырылсын;
38) 104-баптың 3) тармақшасы «жарамсыздығына» деген сөзден кейiн «, оның iшiнде жүктiлiгiне және босануына орай демалыста болған уақытына» деген сөздермен толықтырылсын;
39) 105-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу ол басталардан күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей, ал еңбек демалысы кестеден тыс берiлген жағдайда - ол берiлген күннен бастап күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.»;
40) 107-баптың 1-тармағында:
«еңбек шартында, ұжымдық шартта,» деген сөздер алып тасталсын;
«кестесiнде белгiленедi» деген сөздерден кейiн «не тараптардың келiсiмiмен белгiленедi» деген сөздермен толықтырылсын;
41) 108-бапта:
тақырыбындағы «немесе ұзартудың» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтың үшiншi абзацындағы «ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкiн» деген сөздер «ауыстырылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «ғана ұзартылуы немесе ауыстырылуы мүмкiн» деген сөздер «ауыстырылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
42) 127-бап «үстеме уақыттағы жұмысқа» деген сөздерден кейiн «қызметкердiң тарифтiк ставкасын (лауазымдық айлықақысын) негiзге ала отырып» деген сөздермен толықтырылсын;
43) 131-баптың 1-тармағында «басқа лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын немесе» деген сөздер «басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не» деген сөздермен ауыстырылсын;
44) мынадай мазмұндағы 10-1-тараумен толықтырылсын:
«10-1-тарау. Ұлттық бiлiктiлiк жүйесi
138-1-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар
Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ұлттық бiлiктiлiк жүйесi – мамандардың бiлiктiлiгiне еңбек нарығы тарапынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалдық реттеу тетiктерiнiң жиынтығы;
2) ұлттық бiлiктiлiк шеңберi – еңбек нарығында танылатын бiлiктiлiк деңгейлерiн құрылымдық жағынан сипаттау;
3) салалық бiлiктiлiк шеңберлерi – салада танылатын бiлiктiлiк деңгейлерiн құрылымдық жағынан сипаттау;
4) кәсiби стандарт – кәсiби қызметтiң нақты саласында бiлiктiлiк деңгейiне және құзыреттiлiкке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт.
138-2-бап. Ұлттық бiлiктiлiк жүйесiнiң құрылымы
Ұлттық бiлiктiлiк жүйесi мыналарды:
1) ұлттық бiлiктiлiк шеңберiн;
2) салалық бiлiктiлiк шеңберлерiн;
3) кәсiби стандарттарды;
4) маманның кәсiби даярлығын бағалау және бiлiктiлiк сәйкестiгiн растауды қамтиды.
138-3-бап. Ұлттық бiлiктiлiк шеңберi
1. Ұлттық бiлiктiлiк шеңберi кәсiби қызметтiң жалпы сипаттамаларын әрбiр бiлiктiлiк деңгейi үшiн сипаттаудан тұрады.
2. Ұлттық бiлiктiлiк шеңберiн әзiрлеудi және бекiтудi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң және қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң пiкiрiн ескере отырып, бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бiрлесiп жүргiзедi.
138-4-бап. Салалық бiлiктiлiк шеңберлерi
1. Салалық бiлiктiлiк шеңберлерi ұлттық бiлiктiлiк шеңберi негiзiнде экономикалық қызметтiң нақты саласында әзiрленедi.
2. Салалық бiлiктiлiк шеңберi салада орындалатын жұмыстардың күрделiлiгiне және пайдаланылатын бiлiм, машықтар мен құзырет сипатына қарай деңгейлер бойынша маманның бiлiктiлiгiне қойылатын талаптарды жiктейдi.
3. Салалық бiлiктiлiк шеңберiн әзiрлеудi және бекiтудi тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары жұмыс берушiлердiң салалық бiрлестiктерiнiң және қызметкерлердiң салалық бiрлестiктерiнiң пiкiрiн ескере отырып жүргiзедi.
138-5-бап. Кәсiби стандарттар
1. Кәсiби стандарттарды әзiрлеудi тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары жұмыс берушiлердiң салалық бiрлестiктерiмен және қызметкерлердiң салалық бiрлестiктерiмен бiрлесiп жүзеге асырады.
2. Кәсiби стандарттардың құрылымын, оларды әзiрлеу, қайта қарау, сынақтан өткiзу және қолдану тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiмен және қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерiмен келiсiм бойынша айқындайды.
3. Кәсiби стандарттарды бекiтудi тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша олар белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.
4. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Кәсiби стандарттар тiзiлiмiн жүргiзудi өзi белгiлеген нысан бойынша жүзеге асырады.
138-6-бап. Мамандардың кәсiби даярлығын бағалау және
бiлiктiлiк сәйкестiгiн растау
1. Маман құзыретiнiң сәйкестiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттелген ұйымдар жүзеге асыратын бiлiктiлiк сәйкестiгiн растау негiзiнде айқындалады.
2. Мамандардың бiлiктiлiк сәйкестiгiн растау және бiлiктiлiгiн беру тәртiбiн бекiтудi тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң және қызметкерлер бiрлестiктерiнiң пiкiрiн ескере отырып жүзеге асырады.»;
45) 140-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «бiлiм беру ұйымдарында жүргiзедi.» деген сөздер «бiлiм беру ұйымдарында;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) кадрларды кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарда жүргiзедi.»;
46) 159-баптың 3-1-тармағының 4) тармақшасындағы «кезiнде төленбейдi.» деген сөздер «кезiнде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен сәйкес келетiн уақытша еңбекке жарамсыз күндер үшiн төленбейдi.»;
47) 185-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«185-бап. Еңбек шартының тоқтатылуын шектеу»;
2-тармақ «қорытынды ұсынса,» деген сөздерден кейiн «жоқ қызметкердi алмастыру жағдайларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
48) 186-баптың 1-тармағындағы «Әйелдердiң» деген сөз «Әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiне сәйкес әйелдердiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
49) 189-баптағы «үш жасқа толмаған баласы (балалары) бар әйелдiң, үш жасқа дейiнгi баланы анасыз тәрбиелеп отырған әкенiң, асырап алушының» деген сөздер «үш жасқа дейiнгi баласы бар ата-ананың (асырап алушының) бiреуiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
50) 191-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Жүктi әйелге қолайсыз өндiрiстiк факторлар әсерiн болдырмайтын басқа жұмыс берiлгенге дейiн, әйел осының салдарынан өткiзiп алған барлық жұмыс күндерi үшiн жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен орташа жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылуға тиiс.»;
51) 193-баптың 1-тармағы «күнге дейiн» деген сөздерден кейiн «өтiнiшi және белгiленген тәртiппен берiлген еңбекке жарамсыздық парағы негiзiнде» деген сөздермен толықтырылсын;
52) 195-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы iс жүзiнде тәрбиелеп отырған әжесiне, атасына, басқа туысына немесе қамқоршысына;»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Бала үш жасқа толғанға дейiн бала күтiмi бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейiн жұмысқа шыққан жағдайда, қызметкер жұмыс берушiге өзiнiң ниетi туралы жұмыс басталуынан бiр ай бұрын ескертуге мiндеттi.»;
53) 202-баптың 2-тармағында:
«сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
«жұмыстардың тiзбесiн» деген сөздерден кейiн «, сондай-ақ оны берудiң тәртiбiн» деген сөздермен толықтырылсын;
54) 203-баптағы «шартын» деген сөз «тәртiбiн» деген сөзбен ауыстырылсын;
55) 204-баптың екiншi бөлiгiнде:
«сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
«жұмыстардың тiзбесiн» деген сөздерден кейiн «, еңбекке ақы төлеудiң жоғарылатылған мөлшерiне құқық беретiн жұмысты, сондай-ақ оны берудiң тәртiбiн» деген сөздермен толықтырылсын;
56) 210-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгi «қамтамасыз етуге» деген сөздерден кейiн «және олардың тамақтануын ұйымдастыруға» деген сөздермен толықтырылсын;
57) 212-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк он бес күннен аспауға тиiс.
Жекелеген объектiлерде вахтаның ұзақтығы қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен еңбек және (немесе) ұжымдық шартқа сәйкес күнтiзбелiк отыз күнге дейiн ұзартылуы мүмкiн.
Теңiз кемелерi экипаждарының мүшелерi үшiн қызметкердiң келiсiмiмен вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк бiр жүз жиырма күнге дейiн ұзартылуы мүмкiн.»;
58) мынадай мазмұндағы 23-1-тараумен толықтырылсын:
«23-1-тарау. Қашықтықтан жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiн реттеудiң ерекшелiктерi
221-1-бап. Қашықтықтан жұмыс iстеу
Қашықтықтан жұмыс iстеу жұмыс процесiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланып, еңбек процесiн жұмыс берушi орналасқан жерден тысқары жерде жүзеге асырудың айрықша нысаны болып табылады.
221-2-бап. Қашықтықтан жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң еңбек
жағдайлары
1. Жұмыс берушi қызметкерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) бередi және оларды орнату және оларға қызмет көрсету жөнiндегi шығыстарды көтередi. Қызметкер меншiктi коммуникация құралдарын тұрақты негiзде пайдаланған жағдайда жұмыс берушi өтемақы төлейдi, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi қызметкермен келiсiм бойынша белгiленедi.
Тараптардың келiсiмi бойынша қашықтықтан жұмыс iстейтiн қызметкерге жұмыс берушi үшiн жұмысты орындауға байланысты өзге де шығыстар (электр энергиясының, судың құны және т.б.) өтелуi мүмкiн.
2. Қызметкердiң жұмыс берушiмен жұмыс iстеу байланыстарының тәсiлдерi мен кезеңдiлiгi еңбек шартында айқындалады.
221-3-бап. Жұмыс уақытын және демалыс уақытын есептеу, еңбек
қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету
жағдайлары
Қашықтықтан жұмыс iстейтiн қызметкерлерге осы Кодексте белгiленген жұмыс уақыты мен демалыс уақыты ұзақтығының нормалары қолданылады.
Қашықтықтан жұмыс iстейтiн қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының тiркелген есебi белгiленедi, оны бақылаудың ерекшелiктерi еңбек шартында айқындалады.
Жұмыс уақыты режимiнiң сақталуын бақылаудың ерекшелiктерi, еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету және қызметкер үшiн осы жағдайларды сақтау жөнiндегi шарттар еңбек шартында айқындалады.»;
59) 222-бапта:
1-тармақтағы «оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып,» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның қорытындысы» деген сөздер «Медициналық қорытынды» деген сөздермен ауыстырылсын;
60) 239-баптың 1-тармағында:
бiрiншi бөлiктегi «жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi» деген сөздер «жыл сайынғы негiзгi ақылы еңбек демалысы берiледi» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк «жыл сайынғы» деген сөздерден кейiн «негiзгi» деген сөзбен толықтырылсын;
61) 27-тараудың тақырыбы «мүшелерiнiң» деген сөзден кейiн «және мүлiктiң меншiк иесi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкiлеттi органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердiң» деген сөздермен толықтырылсын;
62) 252-баптың екiншi бөлiгi «айқындалатын мөлшерде» деген сөздерден кейiн «, жағдайда және тәртiппен» деген сөздермен толықтырылсын;
63) 254-бапта:
тақырыбы «мүшелерiнiң» деген сөзден кейiн «және мүлiктiң меншiк иесi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкiлеттi органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердiң» деген сөздермен толықтырылсын;
бiрiншi бөлiктегi «, құрылтай құжаттарында» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Мүлiктiң меншiк иесi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға не заңды тұлғаның уәкiлеттi органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердiң еңбегiн реттеудiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.»;
64) 266-бапта:
1-тармақтағы «, осы Кодекске сәйкес қызметкерлер өкiлдерiнiң пiкiрi ескерiлiп немесе солардың келiсiмi бойынша шығарылуы жүзеге асырылатын жұмыс берушi актiлерiнiң жобаларын талқылау үшiн» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы «аудара алады» деген сөздер «аударады» деген сөзбен ауыстырылсын;
65) 275-баптың 2-тармағындағы «тиiстi атқарушы органдар» деген сөздер «тиiстi қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
66) 276-баптың 6-тармағы «танылады» деген сөзден кейiн «және қолданылмауға тиiс» деген сөздермен толықтырылсын;
67) 278-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Келiсiмдердiң күшi өкiлдерi келiсiмге қол қойған тиiстi атқарушы органдарға, қызметкерлер мен жұмыс берушiлерге қолданылады.»;
4-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган республикалық деңгейде, тиiстi қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар салалық деңгейде және жергiлiктi атқарушы органдар өңiрлiк деңгейде келiсiм жасасуға қатыспаған жұмыс берушiлер бiрлестiктерiне, жұмыс берушiлерге, қызметкерлер бiрлестiктерiне тиiстi деңгейде келiсiмге қосылуға ұсыныспен келiсiмдi ресми жариялауға мiндеттi.»;
68) 282-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгi «әзiрлеудiң» деген сөзден кейiн «және жасасудың» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың үшiншi бөлiгi «қызметкерлер» деген сөзден кейiн «шарттық негiзде» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жұмыс берушi тараптар қол қойған ұжымдық шартты қол қойылған күнiнен бастап бiр ай мерзiм iшiнде еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне мониторинг үшiн ұсынуға мiндеттi.»;
69) 283-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұжымдық шарт ұйымдарда да, шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнде де жасалуы мүмкiн.»;
70) 284-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жалақыны индекстеудiң тәртiбi туралы, жәрдемақы және өтемақы, оның iшiнде жазатайым оқиғалар кезiндегi төлемдер туралы;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) саламатты және қауiпсiз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi шараларды қаржыландыру көлемi туралы, денсаулық сақтауды жақсарту туралы ережелер енгiзiлуге тиiс.»;
7) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) қызметкерлердi және олардың отбасыларын медициналық сақтандыру кепiлдiктерi туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы;»;
3-тармақ «танылады» деген сөзден кейiн «және қолданылмауға тиiс» деген сөздермен толықтырылсын;
71) 285-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Қосылу тәртiбi ұжымдық шартта айқындалады.»;
72) 287-бапта:
бiрiншi бөлiк алып тасталсын;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметкерлердiң өкiлдi органдарының ұжымдық келiссөздерге қатысатын мүшелерiмен келiссөздер жүргiзу кезеңiнде (ұйымды тарату жағдайларынан басқа) тиiстi өкiлдi органның келiсiмiнсiз жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылмайды.»;
73) 288-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұжымдық еңбек дауы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, осы Кодекстiң 289-бабының 1-тармағына сәйкес ресiмделген келiсiмдердiң, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс берушi актiлерiнiң талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелерi бойынша қызметкерлердiң талаптары туралы жұмыс берушi жазбаша хабардар етiлген күннен бастап немесе жұмыс берушi, жұмыс берушiлер бiрлестiгi өз шешiмдерiн хабарламаған жағдайда осы Кодекстiң 290-бабында көрсетiлген мерзiм өткен күннен бастап туындаған деп есептеледi.»;
74) 289-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкерлердiң еңбек жағдайлары мен еңбегiне ақы төлеудi белгiлеу және өзгерту, қызметкерлер мен жұмыс берушiнiң, жұмыс берушiлер бiрлестiгiнiң арасындағы ұжымдық шарттар мен келiсiмдердi жасасу, өзгерту және орындау мәселелерi жөнiндегi талаптары қызметкерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) қалыптастырылады және бекiтiледi.
Қызметкерлер жиналысы, егер оған ұйым қызметкерлерiнiң жалпы санының жартысынан астамы қатысса заңды деп танылады.
Конференция, егер оған хаттамалық шешiмдерге сәйкес қызметкерлер сайлаған делегаттардың кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды деп танылады.
Қызметкерлер жиналысының (конференциясының) шешiмi дауыс берушiлердiң көпшiлiк дауысымен қабылданды деп есептеледi. Қызметкерлер жиналысын (конференциясын) өткiзуге мүмкiндiк болмаған кезде, қызметкерлердiң өкiлдi органы өздерi ұсынған талаптарын қолдайтын қызметкерлердiң жартысынан астамының қолын жинап, өз шешiмiн бекiтуге құқығы бар.»;
2-тармақтағы «жалпы жиналыс (конференция) өткiзiлген күннен бастап» деген сөздер алып тасталсын;
75) 290-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыс берушi қызметкерлердiң қойған талаптарын оларды алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей қарауға және оларды шешу үшiн шаралар қолдануға, ал көрсетiлген мерзiмде шешуге мүмкiндiк болмаған кезде туындаған келiспеушiлiктердi одан әрi қарау үшiн өз өкiлдерiн көрсете отырып, өздерiнiң шешiмдерi мен ұсыныстарын қызметкерлерге жазбаша түрде жеткiзуге мiндеттi.»;
76) 292-баптың 3-тармағында «күнтiзбелiк жетi күннен» деген сөздер «үш жұмыс күнiнен» деген сөздермен ауыстырылсын;
77) 298-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ереуiл өткiзу жөнiндегi шешiм қызметкерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) жиналысында (конференциясында) қабылданады.
Қызметкерлер жиналысы, егер оған ұйым қызметкерлерiнiң жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп танылады.
Конференция, егер оған хаттамалық шешiмдерге сәйкес қызметкерлер сайлаған делегаттардың кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды деп танылады.
Қызметкерлер жиналысының (конференциясының) шешiмi дауыс берушiлердiң көпшiлiк дауысымен қабылданды деп есептеледi. Қызметкерлер жиналысын (конференциясын) өткiзуге мүмкiндiк болмаған кезде қызметкерлердiң өкiлдi органы ереуiлдi өткiзудi қолдайтын қызметкерлердiң жартысынан астамының қолын жинап, өз шешiмiн бекiтуге құқығы бар.»;
78) 299-бапта:
1-тармақтағы «күнтiзбелiк он бес күннен» деген сөздер «бес жұмыс күнiнен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «, оның ұзақтығы және» деген сөздер алып тасталсын;
79) 301-баптың бiрiншi бөлiгiндегi «бiтiмгерлiк рәсiмдер» деген сөздер «келiссөздер» деген сөздермен ауыстырылсын;
80) 303-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ереуiлдi заңсыз деп тану туралы шешiмдi сот жұмыс берушiнiң немесе прокурордың өтiнiшi бойынша қабылдайды.
Сот шешiмi қызметкерлерге ереуiлдi басқаратын орган арқылы жеткiзiледi, ол ереуiлге қатысушыларды сот шешiмi туралы дереу хабардар етуге мiндеттi, ал ереуiлдi басқаратын орган болмаған кезде – тiкелей жұмыс берушi жеткiзедi.
Жұмыс берушi сот шешiмiнiң мәтiнiн көпшiлiкке көрiнетiндей қолжетiмдi жерлерде орналастыруды қамтамасыз етедi.
Ереуiлдi заңсыз деп тану туралы сот шешiмi дереу орындалуға, ал ереуiл тоқтатылуға тиiс.
Адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қатер төнген жағдайда прокурор немесе сот тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн ереуiлдi тоқтата тұруға құқылы.»;
81) 305-бап «қатысуына байланысты» деген сөздерден кейiн «, осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
82) 308-баптың 1-тармағындағы «өлшемдердi» деген сөз «нормативтердi» деген сөзбен ауыстырылсын;
83) 313-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өндiрiстiк қызметтердi жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерi мен еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары мерзiмдi, үш жылда кемiнде бiр рет кадрларды кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқудан және бiлiмiн тексеруден өтуге мiндеттi.
Оқуы және бiлiмi тексеруден өтуге тиiс адамдардың тiзiмi жұмыс берушiнiң актiсiмен бекiтiледi.»;
84) 317-баптың 1-тармағында:
6) тармақша «емдеу-профилактикалық тағамдармен» деген сөздерден кейiн «, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) өндiрiстiк объектiлердi ұйымдардағы еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау туралы ақпаратты қоса алғанда, еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға және оның аумақтық бөлiмшелерiне, қызметкерлердiң өкiлдерiне олардың жазбаша сұрауы бойынша еңбек жағдайлары, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы қажеттi ақпарат беруге;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) қызметкерлер өкiлдерiнiң қатысуымен өндiрiстiк объектiлерде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қағидаға сәйкес еңбек жағдайлары бойынша бес жылда кемiнде бiр рет мерзiмдiк аттестаттауды жүргiзуге;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) бiр ай мерзiмде қағаз және электрондық жеткiзгiштерде өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне ұсынуға;»;
85) 318-баптың үшiншi бөлiгi «шартпен» деген сөзден кейiн «немесе жұмыс берушiнiң актiсiмен» деген сөздермен толықтырылсын;
86) 319-баптағы «критерийлердi» деген сөз «нормативтердi» деген сөзбен ауыстырылсын;
87) 320-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
88) мынадай мазмұндағы 320-1-баппен толықтырылсын:
«320-1-бап. Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша
аттестаттау
1. Өндiрiстiк объектiлер еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi түрде мерзiмдiк аттестатталуға жатады.
2. Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өндiрiстiк объектiлердi аттестаттаудан өткiзу жөнiндегi мамандандырылған ұйымдар немесе өзiнiң ұйымында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi және өндiрiстiк орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөнiндегi зертханалары бар жұмыс берушiлер бес жылда кемiнде бiр рет мерзiмдi түрде жүргiзедi.
3. Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша мерзiмдiк мiндеттi аттестаттаудан өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
4. Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткiзу тәртiбiн бұзушылық анықталған кезде еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды мемлекеттiк қадағалау мен бақылау органының талап етуi бойынша өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау өткiзiледi.
Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау нәтижелерi өндiрiстiк объектiнi еңбек жағдайлары бойынша осының алдындағы аттестаттау материалдарына қосымша түрiнде ресiмделедi.
5. Өндiрiстiк объектiлердi аттестаттаудан өткiзудiң уақтылығы мен сапасын бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.»;
89) 321-бапта:
2-тармақ «онда тиiстi» деген сөздерден кейiн «техникалық паспорт (сертификат),» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «мүмкiндiгiнше» деген сөз алып тасталсын;
90) 322-бапта:
2-тармақтың 7) тармақшасындағы «болса, өндiрiстегi жазатайым оқиғалар ретiнде тергеп-тексерiледi және есепке алынады.» деген сөздер «болса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң вахта кезiндегi жұмыс уақытының алдында немесе одан кейiн жиналу орнынан (вахта кезеңiнде тұратын жерiнен) жұмыс берушi берген көлiкпен жұмысқа бару немесе керi қайту жолында болса, өндiрiстегi жазатайым оқиғалар ретiнде тергеп-тексерiледi және есепке алынады.»;
3-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмыстарды немесе өзге де iс-әрекеттердi функционалдық мiндеттерiне кiрмейтiн және жұмыс берушiнiң мүддесiмен байланысты емес, оның iшiнде вахталық әдiспен жұмыс iстеу кезiнде ауысымаралық демалыс және тынығу мен тамақтануға арналған кезеңде, сондай-ақ алкогольдiк мас болу, уытты және есiрткi заттарды (олардың аналогын) пайдалану күйiне байланысты себеппен орындаған кезде;»;
4-тармақ «мемлекеттiк органды» деген сөздерден кейiн «екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей» деген сөздермен толықтырылсын;
91) 325-баптың 8-тармағы «қираудың» деген сөзден кейiн «, өрттiң» деген сөзбен толықтырылсын;
92) 326-бапта:
4-тармақтың бiрiншi бөлiгi «еңбек инспекциясына» деген сөздерден кейiн «қағаз және электронды жеткiзгiште» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi «Тергеп-тексеру барысында жазатайым» деген сөздер «Жазатайым» деген сөзбен ауыстырылсын;
93) 328-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi лауазымды тұлғалар мемлекеттiк еңбек инспекторына теңестiрiледi және осы Кодексте көзделген өкiлеттiктердi жүзеге асырады.»;
94) 338-баптың 1-тармағы «Iшкi бақылау» деген сөздерден кейiн «еңбектi қорғауды басқару жүйесiн құруды және енгiзудi,» деген сөздермен толықтырылсын;
95) 339-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«339-бап. Еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау жөнiндегi iшкi
бақылауды жүзеге асыру тетiгi
1. Қызметкерлерiнiң саны елуден асатын өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау талаптарын сақтау үшiн iшкi бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс берушi ұйымның тiкелей бiрiншi басшысына немесе ол уәкiлеттiк берген адамға бағынатын еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiн құрады.
2. Ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау қызметi туралы үлгi ереженi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган әзiрлейдi.
3. Қызметкерлерiнiң саны елуге жетпейтiн жұмыс берушi қызмет ерекшелiгiн ескере отырып, еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау жөнiндегi маман лауазымын енгiзедi не еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттi басқа маманға жүктейдi.
4. Еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау қызметi немесе осы баптың 3-тармағында көрсетiлген маман:
1) өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да үй-жайларға кедергiсiз кiруге және қарауға;
2) қауiпсiз және салауатты еңбек жағдайларын жасау, ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерiнде өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiптiк ауруларды болдырмау жөнiндегi алдын алу iс-шараларының әзiрленуiн және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
3) ұйымның құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiне анықталған еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою жөнiнде шара қолдану туралы орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге құқылы.
5. Еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау қызметi немесе осы баптың 3-тармағында көрсетiлген маман:
1) ай сайын ұйымдарда өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiптiк аурулардың жай-күйi мен себептерiн талдауды жүргiзуге және олардың алдын-алу iс-шараларын әзiрлеуге;
2) еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау мәселелерi бойынша ұйымның қызметкерлерiн оқытуды, олардың бiлiмдерiн тексерудi ұйымдастыруға;
3) ұйымдарда өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды зерттеп тексеру тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.»;
96) 39-тарау мынадай мазмұндағы 339-1-баппен толықтырылсын:
«339-1-бап. Ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау
жөнiндегi комитет (комиссия)
1. Жұмыс берушiнiң және (немесе) қызметкердiң не олардың өкiлдерiнiң бастамасы бойынша еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi комитет (комиссия) құрылады. Оның құрамына жұмыс берушiнiң өкiлдерi, кәсiподақ ұйымының өкiлдерi немесе қызметкерлердiң уәкiлеттi өкiлдерi тең құқылы негiзде кiредi.
2. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi комитет (комиссия) жұмыс берушi мен қызметкерлердiң еңбектi қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiптiк аурулардың алдын алу жөнiндегi бiрлескен iс-қимылын ұйымдастырады, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбектiң қорғалуына тексеру өткiзудi және қызметкерлердi көрсетiлген тексерулердiң нәтижелерi туралы хабардар етудi, ұжымдық шарттың (келiсiмнiң) еңбектi қорғау туралы бөлiмiне ұсыныстар жинауды ұйымдастырады.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina