ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 553-IV Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралыЕскертпесi!
Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористiк және экстремистiк қызметке қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 65-баптың екiншi бөлiгiнде:
6) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызметiн өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өту кезiнде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналы өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты немесе осы бөлiмдердiң, құрамалардың және мекемелердiң орналасқан жерiнде жасаған барлық қылмыстар туралы iстер бойынша – әскери полиция органдары анықтау органдары болып табылады.
Сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi жасаған барлық қылмыстар туралы iстер бойынша – Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскери полиция органдары;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақпен толықтырылсын:
«9-1) күзет iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiзбесi Заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға қарсы тiкелей бағытталған қылмыстар туралы iстер бойынша – Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi;»;
2) 285-бапта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың екiншi, үшiншi, бесiншi, 5-1, жетiншi, 7-1, сегiзiншi, 8-1, 8-2, 8-3, 8-4 және тоғызыншы бөлiктерiнде көрсетiлген қылмыстар туралы iстер бойынша алдын ала тергеу iсiн жүргiзу мiндеттi емес және анықтау материалдары iстi сотта қарау үшiн негiз болып табылады.»;
екiншi бөлiк мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 142 (бiрiншi бөлiгiнде), 145 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 175 (бiрiншi бөлiгiнде), 187 (бiрiншi бөлiгiнде), 230 (бiрiншi бөлiгiнде), 251 (бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 257 (бiрiншi бөлiгiнде), 288 (бiрiншi бөлiгiнде), 296, 298 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 299 (бiрiншi бөлiгiнде), 300 (бiрiншi бөлiгiнде), 302 (бiрiншi бөлiгiнде), 333 (екiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды, егер олар күзет iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiзбесi Заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға қарсы тiкелей бағытталған болса, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi жүргiзе алады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-бөлiкпен толықтырылсын:
«5-1. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскери полиция органдары анықтауды осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi жасаған, алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес, өзге де барлық қылмыстар бойынша жүргiзедi.»;
8-1-бөлiгiндегi «, 325» деген цифрлар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-4-бөлiкпен толықтырылсын:
«8-4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 325-бабында көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды, егер олар күзет iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiзбесi Заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға қарсы тiкелей бағытталған болса, қылмыстық iстi қозғаған iшкi iстер, қаржы полициясы органы немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi жүргiзедi.»;
3) 288-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстiң 285-бабының екiншi, үшiншi, бесiншi, жетiншi, 7-1, сегiзiншi, 8-3, 8-4 және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша, егер оларды жасады деп күдiк келтiрiлген адам белгiсiз болса немесе оларды кәмелетке толмағандар немесе өзiнiң дене немесе психикалық кемшiлiктерiне байланысты өзiн қорғау құқығын жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған болса, алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi.».
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористiк және экстремистiк қызметке қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
14-бапта:
бесiншi тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өлiм жазасы түрiндегi жазаны қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерi орындайды.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерi, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн қалдырылған немесе этаппен жөнелтiлген сотталғандарға қатысты тергеу изоляторлары орындайды.».
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 4, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 7, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Заңы; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
355-баптың тақырыбындағы «шекара қызметiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң» деген сөздермен ауыстырылысын;
«575-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«575-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi»;
2) 35-баптың бiрiншi бөлiгiндегi «қаржы полициясы мен» деген сөздер «қаржы полициясының, арнаулы мемлекеттiк органдардың және» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 355-баптағы «шекара қызметiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 575-бапта:
тақырыбы, бiрiншi бөлiгi және екiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«575-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң
Шекара қызметi
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi осы Кодекстiң 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 389, 390 (бiрiншi бөлiгiнде), 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 392, 394 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң атынан әкiмшiлiк жаза қолдануға:»;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «шекара қызметiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 619-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимi, шекара және кеден режимдерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы және кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегi режим бұзылғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi әскери қызметшiсiнiң, өзге әскерлер, әскери құралымдар әскери қызметшiлерiнiң, iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбағанда – әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының (полиция) қызметкерi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау жөнiндегi мiндеттi орындайтын басқа жеке тұлға бөлiмшеге, әскери бөлiмге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне, iшкi iстер органына (полицияға), жергiлiктi басқару органына;»;
6) 620-бапта:
3), 4) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Мемлекеттiк шекара режимi, шекара режимi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегi режим бұзылған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы заңсыз алып өткен, Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңының, аумақтық суларының (теңiзiнiң) және iшкi суларының минералдық және тiрi ресурстарын заңсыз берген, әскери қызметшiнiң Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi өз мiндетiн орындауға байланысты заңды өкiмiне немесе талабына бағынбаған жағдайда – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi;
4) күзетiлетiн объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қол сұғушылыққа байланысты құқық бұзушылық жасалған жағдайда – күзетiлетiн объект орналасқан жердегi аға әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерi, әскерилендiрiлген күзеттiң лауазымды адамы;»;
«10) Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында, аумақтық суларында (теңiзiнде) және iшкi суларында рұқсат етiлген қызметтi регламенттейтiн лицензия шарттарының бұзылуына байланысты континенттiк қайраңда, аумақтық суларда (теңiзде) және iшкi суларда әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасалған, ресурстық немесе теңiзде ғылыми зерттеулердi жүргiзу қағидалары бұзылған, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидалары бұзылған, Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын, аумақтық суларын (теңiзiн) және iшкi суларын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату жөнiндегi заңды талаптары орындалмаған немесе оның жүзеге асырылуына кедергi жасалған жағдайда – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тау-кен қадағалау органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң, геология және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi органдардың, балық аулау жөнiндегi республикалық органның лауазымды адамдары;»;
7) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында:
бесiншi абзацтағы «461 (үшiншi бөлiгi)» деген сөздер «461 (3-1-бөлiгi)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi әскери жол полициясының (арнаулы мемлекеттiк органдардың көлiк құралдарын жүргiзушi адамдар жасаған, осы Кодекстiң 461 (3-1-бөлiгi), 463-3 (бесiншi бөлiгi), 464-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 465 (екiншi бөлiгi), 466 (екiншi бөлiгi), 467, 468-2, 469, 477 (үшiншi бөлiгi)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы);»;
отыз бесiншi абзацтағы «461 (үшiншi бөлiгi)» деген сөздер «461 (3-1-бөлiгi)» деген сөздермен ауыстырылсын;
қырық сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң (298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 303 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 355, 388, 390 (екiншi бөлiгi), 391 (екiншi бөлiгi), 391-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 393, 394 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi)-баптар);»;
8) 730-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Кодекстiң 391-бабының екiншi бөлiгiнде және 391-1-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi;»;
9) 731-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер шығарып жiберiлетiн адамды шет мемлекет өкiлiне беру Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделмеген болса, шығарып жiберу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi айқындайтын орында жүзеге асырылады.».
4. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат):
1) мазмұнында:
12-тараудың тақырыбы «қорғаныс» деген сөзден кейiн «, ұлттық қауiпсiздiк» деген сөздермен толықтырылсын;
120-баптың тақырыбы «Қорғаныс» деген сөзден кейiн «және ұлттық қауiпсiздiк» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «қорғаныс» деген сөзден кейiн «, ұлттық қауiпсiздiк» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 13-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге, халықаралық мiндеттемелердi орындаумен жердi қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк мұқтаждары үшiн пайдалануға байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерден жер учаскелерiн беру және алып қою, оның iшiнде мемлекет мұқтаждары үшiн алып қою;»;
4) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк билiк органдарына, мемлекеттiк ұйымдар мен мекемелерге берiлген, қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк мұқтаждары үшiн пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы, босалқы жер қорындағы, оның iшiнде арнайы жер қорының жер учаскелерi, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң маңындағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ жеке меншiкке берiлмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттiк меншiкте болады.»;
5) 33-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк мұқтаждары үшiн берiлген;»;
6) 84-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк мұқтаждары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттар үшiн жер беру және арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы мен олардың жұмыс iстеуi;»;
7) 105-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк жерiн және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жердi қоспағанда, ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мұқтаждар үшiн жердiң барлық санаттарының құрамынан ауыл шаруашылығы алқаптары берiлетiн адамдар, сондай-ақ күзет, санитариялық және қорғау аймақтары белгiленетiн адамдар ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi ысырапты өтейдi.»;
8) 107-баптың 3-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк мұқтаждары үшiн берiлген, сондай-ақ өзге де пайдалану режимiндегi жер кiруi мүмкiн.»;
9) 12-тараудың тақырыбы «қорғаныс» деген сөзден кейiн «, ұлттық қауiпсiздiк» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 120-баптың тақырыбы, 1-тармағы және 2-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«120-бап. Қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк мұқтаждарына
арналған жер
1. Әскери бөлiмдердi, әскери полигондарды, әскери оқу орындарын, арнаулы мемлекеттiк органдардың оқу орындарын және Қарулы Күштердiң, басқа әскерлердiң, әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттiк органдардың өзге де ұйымдарын, қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк саласындағы мiндеттердi атқаратын олардың объектiлерi мен құрылыстарын орналастыру және олардың тұрақты қызметi үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi берген жер учаскелерi қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк мұқтаждарына арналған жер деп танылады.
2. Қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк мұқтаждарына байланысты жаттығулар мен басқа да iс-шаралар өткiзу үшiн жердi уақытша пайдалану қажет болған жағдайда, жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнен және жердi пайдаланушылардан жер учаскелерi алып қойылмайды.»;
11) 121-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «аумағы жатады.» деген сөздер «аумағы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) арнаулы мемлекеттiк органдардың пайдалануындағы аумақтар жатады.».
5. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«28-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТШIЛЕРIНIҢ, ПАРЛАМЕНТI ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ, СУДЬЯЛАРЫНЫҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕГI АДАМДАРЫНЫҢ, АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТIК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI»;
256-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«256-бап. Әскери қызметтегi адамдар, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi»;
257-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«257-бап. Әскери қызметтегi адамдардың, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң еңбегiн реттеу»;
2) 156-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Тұрақты жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететiн учаскелерi шегiнде қызметтiк жол жүрулермен байланысты қызметкерлерге темiр жол, өзен, теңiз, автомобиль көлiгi, азаматтық авиация, автомобиль жолдары, магистральдық байланыс желiлерi мен олардағы құрылыстар, радиорелелiк желiлер және олардағы құрылыстар, электр берiлiсiнiң әуе желiлерi және олардағы құрылыстар, байланыс объектiлерi қызметкерлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы учаскелерiне қызмет көрсететiн қызметкерлер жатады.»;
3) 28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«28-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТШIЛЕРIНIҢ, ПАРЛАМЕНТI ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ, СУДЬЯЛАРЫНЫҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕГI АДАМДАРЫНЫҢ, АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТIК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI»;
4) 256-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«256-бап. Әскери қызметтегi адамдар, арнаулы мемлекеттiк және
құқық қорғау органдарының қызметкерлерi»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әскери қызметтегi адамдарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, әскери қарсы барлау органдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiнде, Республикалық ұланда, iшкi әскерлерде, әскери-тергеу органдарында және әскери полицияда, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен бөлiмдерiнде және әскери прокуратура органдарында қызмет өткерiп жүрген адамдар жатады.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiне ұлттық қауiпсiздiк органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкiлеттi органда және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде қызмет өткерiп жүрген адамдар жатады.»;
5) 257-бап мынадай редакцияда жазылсын:
257-бап. Әскери қызметтегi адамдардың, арнаулы мемлекеттiк және
құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң еңбегiн реттеу
Әскери қызметтегi адамдардың, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң еңбегi қызметке кiрудiң, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртiбiн, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу шарттарын, сондай-ақ қосымша жеңiлдiктердi, артықшылықтар мен шектеулердi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген ерекшелiктермен бiрге осы Кодексте реттеледi.»;
6) 303-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай не төтенше жағдай туралы заңнамаға сәйкес айрықша шаралар енгiзiлген кезеңде; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң органдары мен ұйымдарында, елдiң қорғанысын, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн, авариялық-құтқару, iздестiру-құтқару, өртке қарсы жұмыстарды қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу немесе оларды жою мәселелерiмен айналысатын басқа да әскери құралымдар мен ұйымдарда; арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарында; қауiптi өндiрiстiк объектiлер болып табылатын ұйымдарда; жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станцияларында;»;
7) 322-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттiк органдарда қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң».
6. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi органдардың мемлекеттiк және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi құзыретiнiң аражiгiн ажырату және бюджет процесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 53-баптың 1-тармағы 6) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң, құқық қорғау органдары мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер;».
7. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, № 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi органдардың мемлекеттiк және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi құзыретiнiң аражiгiн ажырату және бюджет процесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
156-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы «қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты» деген сөздерден кейiн «арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерiнiң,» деген сөздермен толықтырылсын.
8. 2009 жылғы 18 қыркүйектегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни қызмет және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында 135-баптың тақырыбында:
«Әскери қызметшiлерге, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарының, әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесiнiң, өртке қарсы қызметтiң, қаржы полициясының қызметкерлерiне,» деген сөздер «Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлерiне,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«осы ведомстволардың» деген сөздер «осы органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«60-бап. Әскери-дәрiгерлiк сараптама
1. Әскери-дәрiгерлiк сараптама денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттiк органдардағы, iшкi iстер органдарындағы, қылмыстық-атқару жүйесiнiң, өртке қарсы қызмет, қаржы полициясы, кеден органдарындағы, прокуратура органдарындағы қызметке (бұдан әрi – әскери қызмет немесе арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы қызмет) жарамдылықты белгiлеу үшiн, сондай-ақ азаматтардың әскери қызметтi немесе арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы қызметтi және әскери жиындарды өткерумен (мiндеттердi орындаумен) байланысты ауруының, мертiгуiнiң (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) (бұдан әрi – мертiгу) және қайтыс болуының себептi байланыстарын айқындау үшiн жүргiзiледi.
2. Әскери-дәрiгерлiк сараптама:
1) мыналарды:
шақыру учаскелерiне тiркелетiн, әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылатын және әскери (арнайы) оқу орындарына, республикалық әскери мектеп-интернаттарға (лицейлерге) түсетiн азаматтарды;
әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы қызметке, оның iшiнде келiсiмшарт бойынша қызметке кiретiн азаматтарды;
әскери қызметтi шақыру бойынша немесе келiсiмшарт бойынша өткеретiн әскери қызметшiлердi;
арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн;
әскери (арнайы) оқу орындарының, арнаулы мемлекеттiк органдары оқу орындарының курсанттарын, кадеттер мен тәрбиеленушiлердi;
радиоактивтiк заттармен, иондандырушы сәулелену көздерiмен, зымыран отыны компоненттерiмен, электр-магниттiк өрiс көздерiмен қызметке (жұмысқа) iрiктеп алынатын және қызмет өткерiп (жұмыс iстеп) жүрген әскери қызметшiлердi (Қарулы Күштер қызметшiлерiн), арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiн (жұмыскерлерiн);
мемлекеттiк авиацияның авиация персоналын;
әскери жиындарға, арнаулы мемлекеттiк органдар жиындарына немесе әскери қызметке, арнаулы мемлекеттiк органдарындағы қызметке шақырылған кезде немесе есепке алу мақсатында запастағы азаматтарды медициналық куәландыру кезiнде;
2) арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарына қызметке кiретiн азаматтарға психологиялық-физиологиялық iрiктеудi жүзеге асыру кезiнде;
3) әскери қызметтi (әскери жиындарды) немесе арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы қызметтi (жиындарды) өткерген әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң немесе азаматтардың мертiгуiнiң, ауруының себептi байланыстарын айқындау кезiнде;
4) азаматтар әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы қызметтен босатылған кезде олардың денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы қызметке жарамдылық санатын айқындау кезiнде;
5) әскери қызметшiлердiң, әскери мiндеттiлердiң, қызметкерлердiң әскери қызмет (әскери жиындар) немесе арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы қызметi кезеңiнде не әскери қызметтен (әскери жиындардан) немесе арнаулы мемлекеттiк органдардағы, құқық қорғау органдарындағы әскери қызметтен (жиындардан) босатылғаннан кейiн әскери қызметтi (әскери жиындарды) немесе арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы қызметтi (жиындарды) өткеру кезеңiнде мертiгуi, ауруы салдарынан қаза табуының (қайтыс болуының) себептi байланыстарын айқындау кезiнде жүргiзiледi.
3. Әскери-дәрiгерлiк сараптама органдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында, арнаулы мемлекеттiк органдарда және iшкi iстер органдарында әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргiзедi.
Арнаулы мемлекеттiк органдар үшiн әскери-дәрiгерлiк сараптаманы ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери-дәрiгерлiк сараптама органдары жүргiзедi.
4. Денсаулық жағдайының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарындағы, арнаулы мемлекеттiк органдардағы, iшкi iстер және мемлекеттiк авиация органдарындағы қызметке сәйкестiгiне қойылатын талаптарды қорғаныс, iшкi iстер саласындағы орталық атқарушы органдар және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы орталық мемлекеттiк орган уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бекiтедi.»;
3) 135-баптың тақырыбындағы «Әскери қызметшiлерге, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдарының, әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесiнiң, өртке қарсы қызметтiң, қаржы полициясының қызметкерлерiне,» деген сөздер «Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк органдар және құқық қорғау органдары қызметкерлерiне,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«осы ведомстволардың» деген сөздер «осы органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «ұлттық қауiпсiздiк,» деген сөздер «арнаулы мемлекеттiк органдар және» деген сөздермен ауыстырылсын;
«осы ведомстволардың» деген сөздер «осы органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 348-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 21, 274-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 924-құжат; 2004 ж., № 24, 150-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
10-бап алып тасталсын.
10. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 23, 560-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; № 20, 252-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; № 22, 334-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 923-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат):
15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Әскери қызметшiлерге және арнаулы мемлекеттiк
органдардың қызметкерлерiне берiлетiн жеңiлдiктер
туралы
Ластанған аумақтарда әскери қызмет және арнаулы мемлекеттiк органдарда қызмет өткерген кезде әскери қызметшiлер және осы органдардың қызметкерлерi осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiне сәйкес құқықтар мен жеңiлдiктердi пайдаланады.».
11. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi туралы» 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 1, 3-құжат; 1995 ж., № 8, 56-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., №14, 275-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 24, 180-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Шекара қызметiнiң жұмыс қағидаттары
Шекара қызметiнiң жұмысы заңдылық, iзгiлiк, жариялылық, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, астыртын әрекет ету, дара басшылық, ұлттық қауiпсiздiк органдары жүйесiнiң бiрлiгi қағидаттарына, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдармен, ұйымдармен және халықпен өзара iс-қимыл жасауға негiзделiп құрылады. Шекара қызметiнде саяси партиялардың қызметiне тыйым салынады.»;
2) 5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шекара қызметiнiң құрылымы мыналардан тұрады: Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен құрылатын Шекара қызметiнiң Орталық аппараты, арнаулы бiрлестiктер, құрамалар, авиациялық, теңiз, арнаулы және басқа да бөлiмдер.»;
3) 5-1-бап алып тасталсын;
4) 6, 7, 8-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Шекара қызметiнiң жұмысына басшылық ету және оны
бақылау
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң жұмысына басшылықты және бақылау жасауды жүзеге асырады.
7-бап. Шекара қызметiнiң мiндеттерi
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзете отырып, Шекара қызметi:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының өтетiн жерiн заңсыз өзгертуге ұмтылу әрекеттерiнiң жолын кесуге;
2) Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кiруге тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында қарулы және өзге де арандатушылықтың жолын кесуге, халықты, мемлекеттiк және жеке меншiктi аталған қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғауға;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткiзу пункттерiнен тыс жерлерден немесе заңсыз әдiстермен адамдардың және көлiк құралдарының өтуiнiң, сондай-ақ жүктер мен тауарларды өткiзудiң алдын алуға және оған жол бермеуге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын бұзушыларды анықтауға және ұстауға;
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi және тауарларды белгiленген тәртiппен өткiзудi жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасына әкелуге немесе одан әкетуге тыйым салынған жарылғыш, уландырғыш, радиоактивтi, есiрткi заттарын, қаруды, оқ-дәрiлердi, басқа да заттарды, сондай-ақ контрабандалық заттарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзудiң белгiленген тәртiппен дербес немесе кеден органдарымен бiрлесе отырып жолын кесуге;
6) мемлекеттiк шекара режимi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туындайтын мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етуге;
7) дербес немесе iшкi iстер органдарымен бiрлесе отырып, шекара режимiнiң сақталуын бақылауға;
8) дербес немесе iшкi iстер органдарымен халықаралық ұшу сапарлары үшiн ашық әуежайлардың (әуе айлақтарының), шекаралық темiржол станцияларының, теңiз және өзен порттарының, халықаралық автокөлiк тасымалдары қызметтерiнiң әкiмшiлiгiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өту пункттерiнде белгiленген режимнiң орындалуын бақылауға;
9) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңiзiнде) және шекаралық өзендер мен өзге де су айдындарының қазақстандық бөлiгiндегi iшкi суларда қазақстандық және шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдердiң жүзуi мен болуының белгiленген тәртiбiн сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
10) шекаралық қызмет атқару аудандарында Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлдiк берiлген органдарының қоршаған ортаны қорғауға бақылау жасау, кәсiпшiлiк қызмет қағидаларын сақтау жөнiндегi қызметiне қажеттi жәрдем көрсетуге мiндеттi.
8-бап. Шекара қызметiнiң құқықтары
Шекара қызметiнiң:
1) шекара кеңiстiгi шегiнде шекаралық нарядтар қоюға, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жолдармен, соқпақтармен және маршруттармен жүрiп-тұруға, құжаттарды тексеруге, көлiк құралдарын және оларға тиелген жүктер мен тауарларды тексерiп қарауға, көлiк құралдарына iлесiп жүруге және оларға шекаралық нарядтар қоюға;
2) белгiленген тәртiппен қажеттi инженерлiк-техникалық құрылыстар салуға, байланыс және коммуникация желiлерiн салуды жүзеге асыруға, техника мен қару-жарақты орналастыруға және пайдалануға;
3) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес заң бойынша өз қарауына жатқызылған iстер бойынша тергеу жүргiзуге;
4) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыруға, хаттамалар жасауға және өзiнiң қарауына жататын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуге;
5) әкiмшiлiк ұстауға алынған адамдарды осы мақсатта арнайы жабдықталған орындарда ұстауға;
6) өзiнiң қарауына жататын құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтау үшiн Шекара қызметiнiң бөлiмшелерiне адамдарды шақыруға және заңмен белгiленген жағдайларда оларды сонда әкелуге құқығы бар. Қажеттi жағдайларда аталған құқық бұзушылықтардың мән-жайын анықтау өзге жерлерде де жүзеге асырылуы мүмкiн;
7) Шекара қызметiнiң құзыретiне жататын құқық бұзушылыққа қарсы күресте, оның алдын алуды жүзеге асыруға;
8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету мүдделерi үшiн жедел-iздестiру қызметiн жүргiзуге, шекара маңындағы аудандардың құқық қорғау органдарының, ұйымдарының дерекқорын пайдалануға;
9) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өтетiн адамдардың Қазақстан Республикасына келуiне немесе Қазақстан Республикасынан кетуiне құқық беретiн құжаттарын тексеруге, оларға тиiстi белгiлер соғуға және қажет болған жағдайда оларды алып қоюға, шетелде немесе Қазақстан Республикасында болған кезiнде құжаттарын жоғалтып алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдарды олардың кiм екенi анықталғанға дейiн өткiзбей, режим аймағында немесе осы мақсаттар үшiн арнайы жабдықталған орындарда қалдыруға;
10) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өтiп бара жатқан адамдардың көлiк құралдарын, жүктерi мен тауарларын белгiленген тәртiппен дербес немесе кеден органдарымен бiрлесе отырып қарап тексерудi жүзеге асыруға;
11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы алып өтетiн, Қазақстан Республикасынан әкетуге немесе әкелуге тыйым салынған заттарды, сондай-ақ контрабанда бұйымдарын белгiленген тәртiппен алып қоюға;
12) көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өту пункттерiнде тоқтау (аялдау) орны мен аялдау ұзақтығын мүдделi ұйымдармен бiрлесе отырып анықтауға;
13) Қазақстан Республикасының аумақтық және iшкi суларында жүзу кезiнде немесе кемелер Қазақстан порттарында тұрған кезде құқық бұзушылықтарға жол берген шетелдiк әскери емес кемелер экипаждары мүшелерiнiң және онда болған басқа да адамдардың жағаға шығуына және жағада болуына тыйым салуға;
14) Қазақстан Республикасының мүдделерiне қатер төнген жағдайда, шекаралық белдеуде азаматтардың болуын, көлiктiң жүрiсiн және жұмыстар жүргiзудi уақытша шектеуге, бұған қорғаныстық маңызы бар жұмыстар, халықаралық мiндеттемелердi орындау мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан туындаған зардаптарды жоюға байланысты жұмыстар қосылмайды;
15) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын бұзушылардың iзiне түскен кезде кез келген жер учаскелерiмен және акваториялармен жүруге, ұйымдардың үй-жайларына және азаматтардың тұрғын (тұрғын емес) үй-жайларына кiруге;
16) байланыс құралдарын қызмет мақсатында пайдалануға, ал Қазақстан Республикасының аумағына басып кiруге тойтарыс беру кезiнде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасындағы арандату әрекеттерiнiң жолын кесу кезiнде ұйымдардың, ал қажет болған жағдайда шығындарды кейiннен өтей отырып, азаматтардың келiсiмiмен олардың көлiк құралдарын пайдалануға;
17) заңдарда көзделген тәртiппен және жағдайларда қаруды, ұрыс техникасын, арнаулы құралдар мен қызметтiк жануарларды пайдалануға;
18) шекара аудандарының елдi мекендерiнде және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзетуге қатысу үшiн жергiлiктi тұрғындардан ерiктi құралымдар құруға;
19) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен, Шекара қызметiнiң құрамалары мен бөлiмдерiнiң қызметтiк-жауынгерлiк қызметiн қамтамасыз ету мақсатында арнаулы техника сатып алуға;
20) шектес мемлекеттердiң шекара өкiлдерiмен мемлекеттiк шекара режимiн сақтап тұру, шекарадағы жанжалдарды реттеу, ақпарат алмасу мәселелерi бойынша хат алысуды жүргiзуге;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шекара мәселелерi бойынша келiссөздер жүргiзу үшiн өзара уағдаластық бойынша шектес мемлекеттердiң өкiлдерiн Қазақстан Республикасының аумағына шақыруға және шектес мемлекеттердiң аумағына өтуге;
22) мемлекеттiк органдар мен заңды тұлғаларға, сондай-ақ өзге де ұйымдарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасына қатысты құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгiзуге;
23) ақпараттық дерекқор құруға;
24) өтеусiз негiзде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және ратификацияланған халықаралық шарттарда көзделген тәртiппен басқа мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарымен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасына, халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету бойынша басқа да iс-қимылдарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Бұдан басқа, аумақтық сулар (теңiз) мен iшкi суларда, шекаралық өзендер мен өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлiгiнде әскери емес кемелерге қатысты Шекара қызметiнiң:
1) егер кеме сұрау салу дабылдарына жауап бермесе, Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын шарттарда және тәртiппен жүзуге тыйым салынған ауданда жүрсе, Қазақстан Республикасының суларына кiру, оларда жүзу және болу тәртiбiн бұзса, осы кеменi тоқтатуға және оны қарап-тексеруге құқығы бар. Кеменi қарап тексеру кеменi және жүзу құжаттарын, экипаж мүшелерi мен жолаушылардың құжаттарын, жүк құжаттарын, ал қажет болған жағдайларда кеменiң iшiн тексерудi қамтиды. Кеменi қарап-тексеру нәтижелерi бойынша оған белгiленген қағидаларды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының суларында жүзудi (болуды) жалғастыруға рұқсат берiлуi немесе Қазақстан Республикасының суларынан кету ұсынылуы мүмкiн немесе ол қылмыстық iс жүргiзу немесе әкiмшiлiк заңнамаға сәйкес ұсталуы мүмкiн;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартылуға тиiстi адамдарды ұстауға, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, бұл адамдарды анықтау және тергеу органдарына немесе тиiстi органдарға беруге;
3) егер iзге түсу кеменiң дабылды көруiне немесе естуiне мүмкiндiк беретiн қашықтықтан көру немесе дыбыс дабылы берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының шекаралық суларында басталып, үздiксiз жүргiзiлген болса, Қазақстан Республикасының шекаралық суларында жүзу (болу) заңдарын немесе қағидаларын бұзған кеменi, ол кеме өз елiнiң немесе үшiншi бiр мемлекеттiң аумақтық суларына кiргенге дейiн iзiне түсуге және ұстауға;
4) егер ту көтерiлмесе, кемеге өз туын көрсету жөнiнде ұсыныс жасауға;
5) егер кеме жүзуге тыйым салынған ауданға жүзiп бара жатса немесе басқа да жүзу режимiн бұзушылықтарға әкеп соқтыруы мүмкiн болса, кемеге бағытын өзгерту жөнiнде ұсыныс жасауға құқығы бар.»;
5) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. ШЕКАРА ҚЫЗМЕТIНIҢ КАДРЛАРЫ ЖӘНЕ ШЕКАРА ҚЫЗМЕТIНДЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI»;
6) 9 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Шекара қызметiнiң кадрлары және Шекара қызметiнде
әскери қызмет өткеру ерекшелiктерi
Шекара қызметiнiң кадрлары әскери қызметшiлерден және қызметкерлерден тұрады.
Шекара қызметiнде әскери қызмет өткеру заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады.
Шекара қызметi әскери қызметшiлерiнiң Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне арналған бiрыңғай әскери атақтары мен айырым белгiлерi болады. Шекара қызметi әскери қызметшiлерiнiң әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi, олармен жабдықтау нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Шекара қызметiнiң офицерлерi – белгiленген үлгiдегi куәлiктермен, солдаттар (матростар) мен сержанттар (старшиналар) әскери билеттермен қамтамасыз етiледi.
Шекара қызметi шақыру бойынша әскери мiндеттiлiк негiзiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әскери қызметке ерiктi түрде (келiсiмшарт бойынша) тұру жолымен әскери қызметшiлерден жасақталады.
Шекара қызметi үшiн кадрлар мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасының жоғары, орта кәсiптiк, әскери және арнайы оқу орындарында, оқу жасақтарында, орталықтарында (мектептерiнде), сондай-ақ келiсiмдер (шарттар) бойынша шет мемлекеттерде жүзеге асырылады.
Шекара нарядтарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету және қорғау жөнiндегi қызметтi атқару жауынгерлiк кезекшiлiк (жауынгерлiк қызмет) болып табылады.
Шекара қызметiнiң әскери қызметшiлерi қызметтiк мiндеттерiн атқарған кезде билiк өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
Заңмен уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдардан басқа ешкiмнiң де Шекара қызметiнiң қызметтiк әрекетiне араласуға құқығы жоқ.
10-бап. Шекара қызметiнiң қызметкерлерi
Шекара қызметiндегi қызметкерлердiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi.»;
7) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. ШЕКАРА ҚЫЗМЕТI ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШIЛЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ, ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАЛУЫ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ»;
8) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Шекара қызметi әскери қызметшiлерiнiң жауаптылығы
Шекара қызметiнiң әскери қызметшiлерi құқыққа қарсы әрекеттерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.».
12. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат):
1) бүкiл мәтiн бойынша:
«әскери қызметшiлердiң», «әскери қызметшiсi», «әскери қызметшiсiнiң», «әскери қызметшiлерiнiң», «әскери қызметшiлерiне», «әскери қызметшiлерi», «әскери қызметшiлер», «әскери қызметшiсiне», «әскери қызметшiлерiн», «Әскери қызметшiлердiң» деген сөздер тиiсiнше «қызметкерлердiң», «қызметкерi», «қызметкерiнiң», «қызметкерлерiнiң», «қызметкерлерiне», «қызметкерлерi», «қызметкерлер», «қызметкерiне», «қызметкерлерiн», «Қызметкерлердiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың үшiншi бөлiгi алып тасталсын;
3) 4-1-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне басшылықты Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын, лауазымнан босататын және (немесе) арнаулы мемлекеттiк органдардағы қызметтен шығаратын Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң бастығы жүзеге асырады.»;
4) 9-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
«2-3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде анықтау жүргiзу;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) күзетiлетiн адамдар келуге арналған үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда, оларға iргелес жатқан аумақтарда, сондай-ақ күзетiлетiн объектiлерде санитариялық-гигиеналық, экологиялық, радиациялық, биологиялық, химиялық және эпидемияға қарсы бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, күзетiлетiн объектiлердi күзету және қорғау бойынша жауынгерлiк кезекшiлiктi ұйымдастыру және атқару;»;
5) 14, 15, 16, 17, 18 және 19-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң
кадрлар құрамы
Президенттiң Күзет қызметiнiң кадрларын қызметкерлер мен жұмыскерлер құрайды.
Президенттiң Күзет қызметiндегi қызмет пен жұмысқа өзiнiң моральдық және iскерлiк қасиеттерi, бiлiмi мен денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады.
Президенттiң Күзет қызметiнiң штаттық санының лимитiн Президенттiң Күзет қызметi бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Президенттiң Күзет қызметi қызметкерлерiнiң санын осы мақсаттар үшiн бөлiнген қаражат шегiнде Президенттiң Күзет қызметiнiң бастығы белгiлейдi.
15-бап. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң
қызметкерлерi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде қызметте тұрған адамдар Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерi болып табылады.
Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерi Президенттiң Күзет қызметi кадрларында немесе қолданыстағы резервте тұрады.
Қызметкерлердi қолданыстағы резервке алу және олардың қызмет өткеру тәртiбiн Президенттiң Күзет қызметiнiң бастығы белгiлейдi.
Президенттiң Күзет қызметi күзететiн күзетiлетiн адамдардың, объектiлер мен көлiк құралдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешу үшiн мемлекеттiк органдарда және меншiк нысанына қарамастан ұйымдарда олардың келiсiмiмен белгiленген тәртiппен штаттағы лауазымдарды атқара тұру үшiн Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерi арнаулы мемлекеттiк органдардағы қызметте қалдырыла отырып, iссапарға жiберiлуi мүмкiн.
16-бап. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң
жұмыскерлерi
Президенттiң Күзет қызметi жұмыскерлерiнiң еңбек қызметi Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiмен және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасымен реттеледi.
17-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi
қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы
Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде билiк өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерiне оның жеке басы мен өкiлеттiктерiн растау үшiн қызмет куәлiгi мен белгiленген үлгiдегi жетон берiледi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiнiң қызметтiк әрекеттерiне тура және тiкелей бастықтарынан басқа ешкiмнiң де араласуына құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiнiң заңды талаптарын азаматтар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi.
Қызметкерлердiң, Президенттiң Күзет қызметi қызметкерлерiнiң заңды талаптарын орындамау, олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiру, Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн қорлау, оларға қатысты қарсылық көрсету, қатер төндiру немесе күш көрсету, олардың өмiрiне, денсаулығына, ар-намысы мен абыройына, мүлкiне қол сұғу, олардың өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауына кедергi жасайтын басқа да әрекеттер, сондай-ақ Президенттiң Күзет қызметi қызметкерлерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң, жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, абыройына және мүлкiне қол сұғу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Заңға көрiнеу қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған кезде Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерi заңды басшылыққа алуға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерi партияларда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде тұруға, сондай-ақ қандай да бiр саяси партияға қолдау көрсетуге тиiс емес.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерi, заңнамаға сәйкес оның лауазымдық мiндеттерi болып табылатын жағдайларды қоспағанда, өзге ақылы лауазымдарды атқаруға, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе қадағалау кеңесiнiң құрамына кiруге құқылы емес.
18-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi
қызметкерлерiнiң қызметтiк мiндеттерi мен құқықтары
1. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерi:
1) алдарына қойылған мiндеттердi бiлiктiлiкпен және дәлме-дәл шешуге;
2) кәсiптiк және құқықтық бiлiмнiң, дене күшi дайындығының, арнайы және жауынгерлiк даярлықтың қажеттi деңгейiн сақтап тұруға мiндеттi.
2. Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қолданыстағы заңнамада көзделген шектерде және тәртiппен:
1) күзет iс-шаралары өткiзiлетiн орындарда азаматтар мен лауазымды адамдардан белгiленген тәртiптiң сақталуын талап етуге;
2) қылмыстарды, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды анықтауға, олардың алдын алуға және жолын кесуге;
3) қажет болған кезде азаматтар мен лауазымды адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге;
4) құқық бұзған немесе қылмыстар жасаған жағдайда азаматтарды ұстауға, iшкi iстер органдарына, өзге де құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметтiк үй-жайларына әкелуге;
5) ұйымдарға, ал шұғыл жағдайларда азаматтарға да тиесiлi байланыс құралдарын қызмет мақсатында пайдалануға;
6) қылмыстарды болғызбау, қылмыстар жасаған немесе олардың жасалуына күдiктi адамдарды қудалаумен ұстау үшiн, жедел медициналық жәрдем қажет адамдарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ оқиға болған жерге бару үшiн қызмет мақсатында ұйымдардың көлiк құралдарын (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiне тиесiлi көлiк құралдарынан басқа) пайдалануға;
7) егер кешеуiлдеу күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге нақты қатер төндiруi мүмкiн болса, күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге қатер төндiретiн қылмыстардың жолын кесу кезiнде, сондай-ақ осындай қылмыс жасаудағы күдiктiлердi қудалау кезiнде азаматтарға тиесiлi тұрғын үй-жайлар мен өзге де үй-жайларға, меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiнен басқа) аумақтары мен үй-жайларына кедергiсiз кiруге;
8) күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгi мақсатында «Жедел-iздестiру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жедел-iздестiру iс-қимылдарын жасауға;
9) күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында көлiк пен жаяу жүргiншiлердiң көшелер мен жолдардағы қозғалысын уақытша шектеуге немесе бұған тыйым салуға, азаматтарды жерлердiң жекелеген учаскелерi мен объектiлерге жiбермеуге, олардың жерлердiң нақты учаскелерiнде немесе объектiлерде қалуын немесе бұл учаскелер мен объектiлерден кетуiн мiндеттеуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiнiң дене күшiн, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлiк техниканы қолдануы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн олардың қызметтiк мiндеттерiне қатысы жоқ функцияларды орындау үшiн тартуға тыйым салынады.
19-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi
қызметкерлерiнiң жеке қауiпсiздiгi мен құқықтық қорғалу
кепiлдiктерi
Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде оны әкiмшiлiк ұстауға, сондай-ақ жеке қарап-тексеруге, оның өзiмен алып жүрген заттарын, пайдаланатын қызметтiк көлiк құралдарын қарап-тексеруге жол берiлмейдi.
Президенттiң Күзет қызметi қызметкерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залал, сондай-ақ Президенттiң Күзет қызметi қызметкерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты оның отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залал бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтелiп, кейiннен залал келтiрген адамнан толық көлемде өндiрiлiп алынады. Залалды өтеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.»;
6) 20 және 21-баптар алып тасталсын.
13. «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184, 190-құжаттар; 1998 ж., № 11-12, 174-құжат; № 24, 436-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 1, 2-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
1-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (бұдан әрi – Республикалық ұлан) – Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн күштерге жататын және өз құзыретi шегiнде күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет iс-шараларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.».
14. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
1) 13-баптың бiрiншi бөлiгiндегi «сондай-ақ Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейiн «арнаулы мемлекеттiк органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын, «басшы құрамдағы адамдары» деген сөздер «қызметкерлерi» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 14-баптың бiрiншi бөлiгiндегi «прокуратура,» деген сөз «арнаулы мемлекеттiк органдарының, прокуратура,» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 20-баптың бiрiншi бөлiгiндегi «прокуратура,» деген сөз «арнаулы мемлекеттiк органдардың, прокуратура органдарының қызметкерлерi,» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
«1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) астыртын әрекет ету – құпия ақпарат көздерiн жедел шифрлау және оларға қолжетiмдiлiктi жабу жолымен қарсы барлау күштерiн, құралдарын, iс-қимылдарын, жоспарлары мен ниеттерiн жасыру және қадағалаудың ерекше тәртiбiн белгiлеу;
2) қарсы барлау қызметi – Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негiздерiн, экономикалық және қорғаныс әлеуетiн шет мемлекеттердiң және өзге де шетелдiк ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң барлау және нұқсан келтiру әрекеттерiнен қорғау жөнiндегi жедел және ұйымдастырушылық iс-шаралар жүйесi.»;
2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң негiзгi
қағидаттары
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметi заңдылық, құпиялылық, астыртын әрекет ету, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктер қызметiнен тәуелсiз болу қағидаттарына негiзделiп құрылады.»;
3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай жүйесiн: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi – Ұлттық қауiпсiздiк комитетi), оның ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдары, арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды.»;
4) 8-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарына, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдарына, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарына басшылықты жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) ұлттық қауiпсiздiк органдарын мүлiкпен қамтамасыз етудi жоспарлауды, оны пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастырады;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, өзiнiң нышандары мен айырым белгiлерi болады.»;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының нышандарын, айырым белгiлерi мен ведомстволық наградаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.»;
5) 8-1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғалар болып табылады, оның нақты және шартты атаулары болады.»;
6) 10-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) әскери құралым болып табылады;»;
7) 10-1-бап алып тасталсын;
8) мынадай мазмұндағы 10-2-баппен толықтырылсын:
«10-2-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскери полиция
органдары
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауға арналған.»;
9) 12-бапта:
3) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлау және өзге де қызметiн анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу жөнiнде қарсы барлау қызметiн жүзеге асыруға;»;
«7) мемлекеттiк органдарда, әскери құралымдарда, бөлiмдер мен ұйымдарда мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтердi қарсы барлаулық қорғау жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асыруға, сондай-ақ аталған салада олардың қызметiн бақылауға мiндеттi. Мемлекеттiк және қызметтiк құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсат алуды ресiмдейтiн (қайта ресiмдейтiн) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеру жүргiзуге;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) және 17-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы белгiлеген тәртiппен ұлттық қауiпсiздiк органдарында жауынгерлiк кезекшiлiктi ұйымдастыруға және атқаруға;»;
«17-1) барлау, қарсы барлау және өзге де жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу кезiнде, осы қызметтiң нәтижелерi көрсетiлген материалдарды iске асыру кезiнде астыртын әрекет етудi қамтамасыз ету, сондай-ақ Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының немесе жедел-қызметтiк қызмет материалдарына оларға жария сипат берiлгенге дейiн қолжетiмдiлiктi шектеудi қамтамасыз ететiн уәкiлеттi лауазымды адамның өкiмдiк қызметi арқылы ақпарат көздерiнiң құпиясын ашуға жол бермеу жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға;»;
10) 13-бапта:
1) тармақшадағы «оларды тергеу заңмен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына жатқызылған қылмыстардың алдын алу, тыю және ашу мақсатында» деген сөздер «Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы белгiлеген тәртiппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жолын кесу шарасы ретiнде қамауға алу таңдалған немесе ұлттық қауiпсiздiк органдары қылмыс жасады деген күдiкпен ұстаған адамдарға қатысты оларды ұстау үшiн уақытша ұстау изоляторлары және тергеу изоляторлары бар болуға. Жекелеген жағдайларда, олар ұлттық қауiпсiздiк органдарының келiсiмiмен, - құқық қорғау органдары, соттар ұстаған және қамауға алынған адамдарды, сондай-ақ сотталғандарды ұстау үшiн пайдаланылады;»;
«17) ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерiнiң жеке басын, олардың бөлiмшелерiнiң, үй-жайлары мен көлiк құралдарының ведомстволық қарастылығын шифрлау мақсатында әзiрленуi және (немесе) ресiмделуi бiрлескен нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалатын басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың құжаттарын пайдалану;»;
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға ұлттық қауiпсiздiк органдарына құжаттардың бланктерi мен қызметтiк куәлiктердi, оларды толтыру үлгiлерiн беру туралы орындалуы мiндеттi сауалдарды жолдау;»;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, арнайы байланыс, қару-жарақ және жарақтандыру құралдарын әзiрлеу, жасау, сатып алу және пайдалану. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен және ұйымдарымен шарттар, келiсiмшарттар жасасу;»;
11) 14-бап алып тасталсын;
12) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
«3-1-тарау. ҰЛТТЫҚ ҚАУIПСIЗДIК ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШIЛЕРIНIҢ ДЕНЕ КҮШIН, АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАРДЫ, ҚАРУ МЕН ЖАУЫНГЕРЛIК ТЕХНИКАНЫ ҚОЛДАНУЫ
15-1-бап. Дене күшiн, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлiк
техниканы қолдану шарттары мен шектерi
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерi қаруды, жауынгерлiк техника мен арнайы құралдарды алып жүруге, сақтауға, қолдануға, сондай-ақ дене күшiн қолдануға құқылы.
2. Олар арнайы дайындықтан, дене күшiн, арнайы құралдар мен қаруды қолдануға байланысты жағдайлардағы iс-қимылдарға жарамдылығын мерзiмдi тексеруден өтуге мiндеттi.
3. Қажеттi қорғаныс және аса қажеттiлiк жағдайларында немесе қылмыс жасаған адамды ұстау кезiнде ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерi немесе әскери қызметшiсi өзiнде қажеттi арнайы құралдары немесе қаруы болмаса, қолына түскен кез-келген құралдарды пайдалануға, сондай-ақ осы Заңда белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен қарулануға алынбаған басқа қаруды қолдануға құқылы.
4. Егер қорғану күзетiлетiн адамдарға, басқа азаматтарға, күзетiлетiн объектiлерге немесе ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерiне немесе әскери қызметшiсiне өзiне қастандық жасалудың сипатына және қауiптiлiгiне сай келетiн болса, ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерi мен әскери қызметшiсi заңдарда көзделген жағдайларда дене күшiн, арнайы құралдар, қару және жауынгерлiк техниканы қолдануға байланысты келтiрiлген моральдық, материалдық зиян және дене зақымы үшiн жауапты болмайды.
5. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерiнiң дене күшiн, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлiк техниканы өкiлеттiлiгiн асыра қолдануы заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
6. Терроризмге қарсы операциялар жүргiзу аймағында терроризмге қарсы операцияларға қатысушы ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерiнiң террористерге қатысты дене күшiн, жауынгерлiк және басқа да техниканы, қаруды және арнайы құралдарды, оның iшiнде қызметтiк жануарларды осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген ескертусiз және шектеусiз қолдануға құқығы бар.
15-2-бап. Дене күшiн қолдану
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерiнiң азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандығына, жеке абыройына, оның және мемлекеттiң меншiгiне және қорғалатын мүдделерiне қол сұғатын қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың жолын кесу, қоғамға қауiптi әрекет жасаған адамдарды ұстау үшiн, егер күш қолданбау тәсiлдерi сыртқы барлау органына жүктелген мiндеттердi орындауды қамтамасыз етпесе, құқық бұзушылықтардың сипаты мен нақты жағдайды, заңды талаптарға қарсы iс-қимылды еңсерудi ескере отырып, дене күшiн, оның iшiнде жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдануға құқығы бар.
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерi мен әскери қызметшiсiнiң осы Заңда арнайы құралдарды немесе қаруды қолдану рұқсат етiлген барлық жағдайларда дене күшiн қолдануға құқығы бар.
15-3-бап. Арнайы құралдарды қолдану
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерi қарулануға алынған арнайы құралдарды мынадай жағдайларда:
1) азаматтарға және күзетiлетiн адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
2) ұлттық қауiпсiздiк органдары күзететiн ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайларға басқа да объектiлер мен көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшiн, сол сияқты оларды басып алған жағдайларда осы объектiлер мен құралдарды азат ету үшiн;
3) қылмысты анықтау және алдын алу үшiн;
4) заңсыз қару, оқ-дәрi, жарылғыш, улы және радиоактивтi заттары бар адамдарды қарусыздандыру үшiн;
5) ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерiне немесе әскери қызметшiлерiне, олардың отбасыларының мүшелерiне не күзет iс-шараларын қамтамасыз етуге тартылған басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
6) құқық бұзушыларды, ұлттық қауiпсiздiк органдарының немесе құқық қорғау органдарының әскери қызметшiлерiне немесе қызметкерлерiне өздерiне жүктелген қызметтiк мiндеттердi атқаруға қарсылық көрсететiн немесе қасақана кедергi келтiретiн адамдарды ұстау үшiн;
7) егер ұсталған, қамауға алынған адамдар, сондай-ақ сотталған, күдiктi және айыпталушы адамдар қашып кетуi немесе айналасындағыларға немесе өзiнiң денсаулығына зиян келтiруi мүмкiн деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болса, оларды күзетпен апару және күзету кезiнде, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiнiң немесе әскери қызметшiлерiнiң өздерiне заңмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруына кедергi келтiретiн адамдарға қатысты;
8) кепiлге алынған адамдарды босату, азаматтардың, күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандығына, жеке басының абыройы мен меншiгiне қол сұғатын жаппай тәртiпсiздiктiң, топтық iс-әрекеттердiң жолын кесу үшiн;
9) егер басқа тәсiлдермен күзетiлетiн адамдар үшiн нақты қауiптi тойтару мүмкiн болмаса, жүргiзушiсi ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң тоқтау туралы талабын орындамаған көлiк құралын тоқтату үшiн;
10) қажеттi қорғаныс және аса қажеттiлiк жағдайларында қолдануға құқылы.
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiнiң немесе әскери қызметшiлерiнiң, азаматтар мен күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн шабуыл, топтасқан шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, күзетiлетiн адамға қарата, сондай-ақ жүктiлiк белгiлерi анық бiлiнетiн әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнетiн адамдарға және жас балаларға қатысты арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады.
3. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қолданатын арнайы құралдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
15-4-бап. Қару қолдану және жауынгерлiк техниканы пайдалану
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiнiң немесе әскери қызметшiлерiнiң қару мен жауынгерлiк техниканы соңғы шара ретiнде мынадай жағдайларда:
1) азаматтарға, күзетiлетiн адамдарға, сондай-ақ күзету ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiне немесе әскери қызметшiлерiне тапсырылған басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
2) ұлттық қауiпсiздiк органдары күзететiн ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайлар мен басқа да объектiлерге және көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшiн;
3) ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерiне немесе әскери қызметшiлерiне, олардың отбасы мүшелерiне, осы орган күзет iс-шараларын қамтамасыз етуге тартқан басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiк органдарының қаруын, көлiк құралын, арнайы және жауынгерлiк техникасын тартып алу әрекеттерiнiң жолын кесу үшiн;
4) азаматтарды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сондай-ақ кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттарды және арнаулы жүктердi азат ету үшiн;
5) қылмыс жасау кезiнде үстiнен түскен не тiкелей қылмыс жасағаннан кейiн қарулы қарсылық көрсеткен адамдарды, сондай-ақ өзiндегi қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш, улы және радиоактивтi заттарды тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн;
6) сыртқы белгiлерi мен iс-әрекеттерiнiң жиынтығы басқа азаматтардың, күзетiлетiн адамдардың және ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiнiң немесе әскери қызметшiлерiнiң өмiрi мен денсаулығына төндiретiн нақты қауiптiң болуын айғақтайтын адамдарды оқшаулау және ұстау үшiн;
7) қылмыс жасады деп күдiк келтiрiлетiн және айыпталатын адамдардың қамауда отырған жерден қашуының немесе қылмыс жасады деген күдiкпен ұсталған адамдардың, оларға қатысты қамауға алу түрiндегi жаза қолданылған, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың күзеттен қашуының, сондай-ақ аталған адамдарды күшпен босатуға ұмтылудың жолын кесу үшiн;
8) егер жүргiзушiсi күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп тудырса және ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң тоқтау туралы талабы бойынша тоқтаудан бас тартса, көлiк құралын тоқтату үшiн;
9) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн;
10) дабыл белгiсiн беру немесе көмекке шақыру үшiн;
11) қажеттi қорғаныс және аса қажеттiлiк жағдайларында қолдануға құқығы бар.
2. Азаматтардың, ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiнiң немесе әскери қызметшiлерiнiң және күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiретiн, сондай-ақ олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, топпен шабуыл жасаған, кепiлге адамдарды, объектiлердi, көлiк құралдарын, оның iшiнде әуе кемелерiн алған жағдайларды қоспағанда, күзетiлетiн адамға қарата, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнетiн адамдарға және кәмелеттiк жасқа толмағандарға қатысты қару қолдануға тыйым салынады.
3. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi немесе әскери қызметшiлерi қару қолданған барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және зардап шеккендерге кезек күттiрмейтiн медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шараларды қолдануға, қару қолданғаны туралы тiкелей бастығына баяндауға мiндеттi.
4. Адамдардың өлiмiне немесе өзге де ауыр салдарларға әкеп соққан қару, арнайы құралдар, дене күшiн қолданудың әрбiр жағдайы туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға хабарланады.
5. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарулануға алынған қарудың, жауынгерлiк техниканың түрлерi мен ұрыс оқ-дәрiлерi жиынтығының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.»;
13) 16, 17 және 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының кадрлар құрамы
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының кадрларын қызметкерлер, әскери қызметшiлер және жұмыскерлер құрайды.
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарына қызметке жасы он сегiзге толған, бiрақ заңдарда белгiленген атақтар бойынша шектi жастан аспаған, қажеттi жеке, моральдық және кәсiби қасиеттерi, бiлiм деңгейi, денсаулық жағдайы бар және дене бiтiмi дамыған Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады.
3. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының штаттық санының лимитiн Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Ұлттық қауiпсiздiк органдары, сондай-ақ Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi, әскери қызметшiлерi және жұмыскерлерiнiң штат санын Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен ұлттық қауiпсiздiк органдары штат санының лимитi шегiнде Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы белгiлейдi.
17-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi және
әскери қызметшiлерi
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi қызметiн «Арнаулы мемлекеттiк органдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткередi.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерi әскери қызметiн «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 14 – 19, 22, 24, 29 – 37-баптарында, 5, 7 және 9-тарауларында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, әскери қызмет өткеру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткередi.
2. Әскери қарсы барлау органдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнен, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарынан ауыстырылған әскери қызметшiлерден жасақталуы мүмкiн.
3. Мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешу үшiн ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерi белгiленген тәртiппен арнаулы мемлекеттiк органдарда қызметте және мерзiмдi әскери қызметте қалдырыла отырып, басшыларының келiсiмiмен мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ ұйымдарға iссапарға жiберiлуi мүмкiн.
4. Қызметкерлер ұлттық қауiпсiздiк органдарында арнайы есепте тұрады.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының офицерлiк құрамы мен солдаттар, матростар, сержанттар мен старшиналар лауазымдарында келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлерi ұлттық қауiпсiздiк органдарының кадрларында, қолданыстағы резервте немесе запаста тұрады.
5. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қолданыстағы резервiне қызметкерлердi және әскери қызметшiлердi қабылдау және олардың қызметтi өткеру тәртiбiн Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы белгiлейдi.
18-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi мен
әскери қызметшiлерiнiң құқықтық жағдайы
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерi мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiнiң немесе әскери қызметшiлерiнiң заңды талаптары азаматтардың, лауазымды адамдардың және ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiнiң немесе әскери қызметшiлерiнiң заңды талаптарын орындамау, оларды қорлау, қарсылық көрсету, күш көрсетумен қорқыту немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, ар-намысы мен абыройына, мүлкiне қол сұғу, оларға жүктелген мiндеттердiң орындалуына кедергi келтiретiн, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiнiң немесе әскери қызметшiлерiнiң қызметтiк мiндеттерi мен қызметтiк борышын орындауларына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң, жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, абыройы мен мүлкiне қол сұғу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залал, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залал бюджет қаражатынан толық көлемде өтелiп, кейiннен бұл сома залал келтiрген адамнан өндiрiп алынады. Залалды өтеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
3. Шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi мен ұйымдарында, қылмыстық топтарда тапсырмалар орындап жүрген (орындаған) ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерi туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияларды құрайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана жария етiлуi мүмкiн.
4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерi партияларда, кәсiптiк одақтарда тұруға, қандай да бiр саяси партияға қолдау көрсетуге тиiс емес.
5. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерi қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерiн әскери тәртiптi бұзғаны үшiн жауапқа тарту тәртiбi әскери жарғыларда белгiленедi. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерiн тәртiп бұзғаны үшiн жауапқа тарту тәртiбi «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.
6. Мемлекет ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерiнiң әлеуметтiк қорғалуына кепiлдiк бередi.»;
14) 19-бап алып тасталсын;
15) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын
«20-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi
мен әскери қызметшiлерiн әлеуметтiк қорғау шаралары
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерiнiң шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi мен ұйымдарында, қылмыстық топтарда тапсырмалар орындаған уақыты Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен зейнетақы тағайындау, әскери немесе арнаулы атақ беру және лауазымдық жалақы есептеу үшiн жеңiлдiкпен есептеле отырып, еңбек сiңiрген жылдарына жатқызылады.
2. Комитет Төрағасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi белгiлеген тәртiппен ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерiнiң жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттiк органдарға қызметке және әскери қызметке алынғанға дейiнгi еңбек қызметiнiң өтiлiн еңбек сiңiрген жылдарына есептеуi мүмкiн.
3. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерi және олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен медициналық және санаториялық-курорттық қызметтi пайдаланады.
4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерi немесе әскери қызметшiсi қызметтiк мiндеттерiн немесе кәсiби парызын орындау кезiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамның отбасының ол қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгiленген шарттармен және тәртiппен мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқығы бар.»;
16) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiнiң еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасымен реттеледi.»;
17) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Темiр жол, су және әуе көлiктерiнде, сондай-ақ тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қорғаныс және стратегиялық объектiлерде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысатын ұлттық қауiпсiздiк органдарының бөлiмшелерi, сол сияқты бұларды ұстау мен пайдалану жөнiндегi шығыстарды көтеретiн тиiстi органдар мен ұйымдардың есебiнен жабдықталған, оның iшiнде байланыс құралдарымен жабдықталған қызметтiк үй-жайлармен, сондай-ақ жол жүру үшiн бiр жылдық қызметтiк билеттермен қамтамасыз етiледi. Әскери қарсы барлау органдары сонымен бiрге автокөлiкпен, жанар-жағармай материалдарымен, қару-жарақпен және тұрмыс-тiршiлiгi үшiн қажеттi басқа да мүлiкпен, сондай-ақ тұрғын үймен және әкiмшiлiк үйлердiң күзетiмен осы мақсаттар үшiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына бөлiнетiн бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi.»;
18) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiн прокурорлық
қадағалау
Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл және бiркелкi қолданылуына, ұлттық қауiпсiздiк органдарының анықтау, тергеу, әкiмшiлiк iс жүргiзу және жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен ол өкiлеттiк берген прокурорлар жүзеге асырады.»;
19) 28-баптың 2 және 3-тармақтары алып тасталсын.
16. «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23,920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының
мәртебесi
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары (бұдан әрi – iшкi iстер органдары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтауды, алдын ала тергеудi және жедел-iздестiру қызметiн, сондай-ақ қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне қылмыстық және өзге де заңсыз қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөнiндегi атқарушылық және өкiмдiк функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар болып табылады.».
17. «Өрт қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат):
9-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттiң алдын алуды, өрт қауiпсiздiгi саласындағы бақылауды және өрт сөндiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар болып табылады.».
18. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 1-тармағы 5) тармақшадағы «бақылауына байланысты қатынастарды реттейдi.» деген сөздер «бақылауына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң қатысуымен тұрғын үй қатынастарын реттеу ерекшелiктерiне байланысты қатынастарды реттейдi.»;
2) 2-бапта:
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) жеке арнайы шот – арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерi тұрғын үй төлемдерiн аудару және белгiленген мақсатқа төлемдердi жүзеге асыру үшiн екiншi деңгейдегi банкте ашатын ағымдағы банктiк шоты;»
21) тармақша «және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға» деген сөздердiң алдынан «, арнаулы мемлекеттiк орган қызметкерлерiне» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 44-1) және 44-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«44-1) тұрғын үй төлемдерi – бұл мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен арнаулы мемлекеттiк органдардың тұрғын жайға мұқтаж қызметкерлерiне оны берудiң орнына арнаулы ақшалай қамтамасыз ету түрiнде төленетiн, өңiрлер және отбасы құрамы бойынша сараланған ақшалай қаражат мөлшерi;
44-2) тұрғын үй төлемдерiн алушылар – осы Заңда белгiленген тәртiппен тұрғын үйге мұқтаждар деп танылған арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi;»;
3) 3-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Арнаулы мемлекеттiк органдарда қалыптастыру және беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн қызметтiк тұрғын жайлар болады. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы мемлекеттiк органдардың тұрғын үй қорынан қызметкерлерге 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап берiлген тұрғын жайлар жекешелендiруге жатпайды.»;
4) 13-бапта:
7-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 8) тармақшасындағы «берiлген тұрғын үйлердi жекешелендiруге болмайды.» деген сөздер «берiлген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы мемлекеттiк органдардың тұрғын үй қорынан қызметкерлерге 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап берiлген тұрғын үйлердi жекешелендiруге болмайды.»;
8-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi құқылы.»;
5) 67-баптың 1-тармағында:
бiрiншi бөлiктiң 3) тармақшасы «және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға» деген сөздердiң алдынан «, арнаулы мемлекеттiк орган қызметкерлерiне» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiк «және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға» деген сөздердiң алдынан «арнаулы мемлекеттiк орган қызметкерлерiне» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 74-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы «және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға» деген сөздердiң алдынан «, арнаулы мемлекеттiк орган қызметкерлерiне» деген сөздермен
толықтырылсын;
7) 101-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызмет өткерген кезеңде сол елдi мекенде қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын жай берiлген әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi әскери қызметтегi он жыл қызмет өтiлiнен кейiн, ал еңбек сiңiрген жылдары, сырқаты немесе штаттың қысқаруы бойынша қызметтен шығарылған кезде – қызмет мерзiмiне қарамастан оны жекешелендiруге (әскери қалашықтардағы, шекаралық заставалардағы және өзге де жабық объектiлердегi тұрғын жайларды қоспағанда) құқылы.
Мұндай тұрғын жайларды оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекаралық заставаларда орналасуының салдарынан жекешелендiру мүмкiн болмаған жағдайларда, жекешелендiру құқығы басқа жерлерден сатып алу (салу) үшiн тиiстi тұрғын жайдың құнымен өтеледi.
Күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi тұрғын үй-жайды өтеусiз жекешелендiруге құқылы.
Қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын жай берiлген әскери қызметшi немесе арнаулы мемлекеттiк органның қызметкерi қайтыс болған жағдайда жекешелендiру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелерiне ауысады.
Осы тармақта көзделген жеңiлдiктер бiр рет қолданылады.
Көрсетiлген жеңiлдiктер кемiнде жиырма жыл қызмет атқарған, әскери атақтарға ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға да қатысты қолданылады.»;
8) мынадай мазмұндағы 13-1-тараумен толықтырылсын:
«13-1-тарау. Арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң қатысуымен тұрғын үй қатынастарын реттеу ерекшелiктерi
101-1-бап. Арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң тұрғын
жайға құқықтарын iске асыру
1. Арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң тұрғын жайға құқықтарын iске асыру осы Заңда белгiленген тәртiппен олар тұрғын үйге мұқтаж деп танылған күннен бастап тиiстi арнаулы мемлекеттiк органға бөлiнетiн мемлекеттiк бюджет қаражатынан олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерiн ай сайын аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тұрғын үй төлемдерiнiң мөлшерi Қазақстан Республикасының тиiстi өңiрiндегi тұрғын жай алаңына тұрғын үйдiң бiр шаршы метрiн жалға алу құнының мөлшерiн көбейту арқылы айқындалады. Тұрғын жай алаңы отбасы мүшелерiнiң әрқайсысына он сегiз шаршы метр пайдалы алаң есебiнен айқындалады.
Тұрғын үй төлемдерiнiң мөлшерiн айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
2. Тұрғын үй төлемдерi арнаулы мемлекеттiк орган қызметкерiнiң таңдауы бойынша екiншi деңгейлi банктердiң бiрiнде ашылған оның жеке арнайы шотына оларды аудару жолымен ай сайынғы негiзде жүргiзiледi.
Арнаулы мемлекеттiк органның тұрғын үйге мұқтаж деп танылған әрбiр қызметкерi тұрғын үй төлемдерiн төлеу үшiн жеке арнайы шотты дербес ашады және оған қызмет көрсетедi.
3. Тұрғын үй төлемдерiн арнаулы мемлекеттiк орган олар тағайындалған күннен бастап бiр ай мерзiмде жүргiзедi.
4. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде қызметтiк тұрғын жаймен не қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын жаймен қамтамасыз етiлген арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi осы тұрғын жайда тұру құқығын және осы Заңда белгiленген тәртiппен оны жекешелендiру құқығын сақтайды.
5. Әскери қызмет өтiлi он жылдан кем қызметкерлердi қоспағанда, тұрғын үйге мұқтаж, бiрақ 2013 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде қамтамасыз етiлмеген арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi оларды тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап қызметтiң барлық кезеңiне тұрғын үй төлемдерiн алады.
6. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн тұрғын үйге мұқтаж деп танылған арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi қызметтен босатылған кезде, егер тұрғын үй төлемдерi жүргiзiлсе, қызметтен босатылған күнге төленген айырмашылық шегерiле отырып, оларды тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап қызмет етудiң барлық кезеңiне тұрғын үй төлемдерiн алады.
7. Арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi еңбек сiңiрген жылдары, сырқаты немесе штаттың қысқартылуы бойынша қызметтен босатылған кезде оларды тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап қызметтен босатылған күнге төленген айырмашылығы шегерiлiп, қызмет өткерудiң барлық кезеңiне тұрғын үй төлемдерiн алу құқығын сақтайды.
Егер қызмет өткеру кезеңiнде пайда болған сырқат қызметкерлердiң қызметтен босауына себеп болып табылса, қызметтен босатылу сәтiнде iс жүзiнде аударылған сома шегерiле отырып, еңбек сiңiрген күнтiзбелiк жиырма жылына тең мерзiм iшiнде оларға тұрғын үй төлемдерi аударылады.
8. Тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен айқындалған жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және өзге де шалғай объектiлерде қызмет өткеретiн арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi оны жекешелендiру құқығынсыз осы өңiрде қызмет өткеру кезеңiне осы Заңда белгiленген тәртiппен тұрғын үймен қамтамасыз етiледi.
Қызметкерлердiң осы санаттарына тұрғын үй төлемдерi осы тарауға сәйкес жүргiзiледi.
101-2-бап. Тұрғын үй төлемдерiн алушылар
1. Тұрғын үй төлемдерiн алушыларға арнаулы мемлекеттiк органдардың тұрғын үйге мұқтаж мынадай:
1) жоғары оқу орындарын бiтiрген және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап осыған байланысты алғашқы арнаулы атақ алған;
2) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн арнаулы мемлекеттiк органдарда қызмет өткеру туралы алғашқы келiсiмшарт жасасқан;
3) қызметке запастан шақырылғандар немесе қызметке ерiктi түрде келгендер және арнаулы қызмет өткеру туралы алғашқы келiсiмшартты 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап жасасқан қызметкерлерi;
4) арнаулы қызметтiң жалпы ұзақтығы келiсiмшарт бойынша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жылды құрайтын прапорщиктер (сержанттар) және мичмандар (матростар);
5) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн арнаулы қызмет өткеру туралы алғашқы келiсiмшарт жасасқан прапорщиктер (сержанттар) және мичмандар (матростар) жатады.
2. Егер ерлi-зайыптылардың екеуi де арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi болып табылса, онда заңда белгiленген тәртiппен тұрғын үйге мұқтаж деп танылған олардың бiреуiне ғана тұрғын үй төлемдерi жүргiзiледi.
101-3-бап. Тұрғын үй төлемдерiн тоқтату негiздерi
Тұрғын үй төлемдерi:
1) қызметкерлер арнаулы мемлекеттiк органдардан босатылған;
2) арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерi тұрғын үйге мұқтаждар мәртебесiнен айырылған;
3) арнаулы мемлекеттiк орган қызметкерлерiнiң қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңда белгiленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе өлдi деп жариялануына байланысты жеке құрам тiзiмдерiнен шығарылған жағдайларда тоқтатылады.
101-4-бап. Арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң
тұрғын үй төлемдерiн пайдалану мақсаттары
Тұрғын үй төлемдерiн алушы заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелген тиiстi шарттар негiзiнде жеке арнаулы есеп шоттағы қаражатты:
1) ипотекалық кредиттi (қарызды) пайдалана отырып, тұрғын үй-жайды немесе тұрғын үй-жайларды меншiкке алу;
2) қаражатты тұрғын үйдi жалдау ақысын төлеу немесе кейiннен сатып алу мақсатында тұрғын үйдi жалдау ақысын төлеу үшiн пайдалану;
3) қаражатты бұрын алынған ипотекалық кредиттi (қарызды) өтеу үшiн пайдалану;
4) қаражатты тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу кезiнде жарналарды төлеу үшiн пайдалану;
5) қаражатты тұрғын үй меншiк иелерiнiң кооперативiне қатысу кезiнде жарналарды төлеу үшiн пайдалану;
6) қаражатты тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары түрiндегi жинақтарды толтыру үшiн пайдалану;
7) қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшiн пайдалану мақсаттарында пайдаланады.
101-5-бап. Тұрғын үй төлемдерiн алушылар болып табылатын
арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң
құқықтары
Тұрғын үй төлемдерiн алушылар болып табылатын арнаулы мемлекеттiк органдарының қызметкерлерi:
1) жыл сайын қызмет өткерiп жатқан арнаулы мемлекеттiк органда өзiнiң жеке арнайы шотына аударылған қаражат туралы мәлiметтi талап етуге;
2) жеке арнайы шотқа пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерiнiң сомасын жинақтауға;
3) қызмет өткеретiн жерiне қарамастан Қазақстанның кез келген өңiрiнде тұрғын үй төлемдерiн мақсаты бойынша пайдалануға;
4) арнаулы мемлекеттiк органның және жеке арнайы шот ашылған банктiң келiсiмiмен тұрғын үй төлемдерiнiң пайдаланылмаған сомаларын екiншi деңгейдегi бiр банктен басқасына ауыстыруға құқылы.
101-6-бап. Тұрғын үй төлемдерiн алушылар болып табылатын
арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң
мiндеттерi
Тұрғын үй төлемдерiн алушы:
1) отбасы құрамы өзгерген кезде бұл туралы азаматтық хал актiлерiнде тiркелген және әдiлет органдарында тиiстi куәлiк алған күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзiмде қызмет өткерiп жатқан арнаулы мемлекеттiк органды хабардар етуге;
2) тұрғын үйге мұқтаж мәртебесi жойылған кезде бұл туралы тұрғын үйге мұқтаж мәртебесi жойылған күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзiмде қызмет өткерiп жатқан арнаулы мемлекеттiк органды хабардар етуге;
3) оларды арнаулы мемлекеттiк орган, арнаулы мемлекеттiк органның қызметкерi мен арнаулы мемлекеттiк орган қызметкерiнiң жеке арнайы шоты ашылған екiншi деңгейдегi банк арасында жасалған шартқа сәйкес осы Заңның 101-4-бабында көзделген мақсаттарға бағыттауға мiндеттi.
101-7-бап. Тұрғын үй төлемдерiне қол сұғылмаушылық кепiлдiктерi
Төлем алушылардың тұрғын үйге жеке мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi шарттарды қоспағанда, тұрғын үй төлемдерi бюджетке алып қоюға жатпайды, кепiлге қою немесе иесiнiң немесе басқа да адамдардың мiндеттемелерi бойынша өзге де ауыртпалық нысаны болып табылмайды.
101-8-бап. Қызмет өткеру кезiнде қаза табуына немесе қайтыс
болуына, хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе
өлдi деп жариялануына байланысты жеке құрам
тiзiмдерiнен шығарылған арнаулы мемлекеттiк органдар
қызметкерлерi отбасы мүшелерiнiң құқықтары
1. Арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңда белгiленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе өлдi деп жариялануына байланысты олар жеке құрам тiзiмдерiнен шығарылған жағдайда, олардың отбасы мүшелерi жеке арнайы шоттағы тұрғын үй төлемдерiн осы Заңның 101-4-бабында көзделген мақсаттарға пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте, мұндай қызметкерлердiң жеке арнайы шоттары жабылады.
2. Қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң отбасыларына тұрғын үй төлемдерi қаза тапқан адамның қызмет өткеру кезеңiнде бұрын жүзеге асырылған барлық тұрғын үй төлемдерiн шегере отырып, 1 шаршы метр үшiн тиiстi қаржы жылына арналған заңнамада белгiленген баға бойынша тұрғын үйдiң пайдалы аумағының нормасымен ол қайтыс болған кездегi отбасы құрамына тиiстi сатып алу құнына тең мөлшерде бiр жолғы ақшалай өтемақы түрiнде жүргiзiледi.
101-9-бап. Арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң отбасы
мүшелерi
Осы Заңның мақсаттарында арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерiне:
1) зайыбы немесе жұбайы;
2) кәмелетке толмаған балалары;
3) он сегiз жасқа толғанға дейiн мүгедек болған он сегiзден асқан балалары жатады.».
19. «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
16-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкiлеттi органдағы, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелерiндегi лауазымдардың бiр бөлiгi әскери қызметшiлерден және қызметкерлерден, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнен, Iшкi iстер министрлiгiнен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан ауыстырылған (iссапарға жiберiлген) әскери қызметшiлерден жасақталады.».
20. «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж. № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-баптың үшiншi және оныншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«жұмылдыру дайындығы – бейбiт уақытта жүргiзiлетiн және соғыс уақытында мемлекеттi тұрақты басқаруға, ел экономикасын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттiк органдарының және халқының қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге ұйымдасқан түрде көшiруге, елдi қарулы қорғауға және оның қорғанысына, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар кешенi;»;
«Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспары – Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттiк органдарды жұмылдыра өрiстету жөнiндегi шараларды iске асыруға, Қазақстан Республикасының экономикасын, мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi мен халқын жұмылдыру тапсырыстарын (тапсырмаларын), сондай-ақ жұмылдыру дайындығының өзге де iс-шараларын орындау жолымен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiндегi және соғыс уақытындағы қызмет режимiне көшiруге бағытталған iс-шаралар жоспары;»;
2) 4-баптың 3), 4), 8), 15) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының халқын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттiк органдарын жұмылдыруға, соғыс жағдайына және соғыс уақытына дайындау;
4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттiк органдарын жасақтау үшiн азаматтарды әскери-есеп мамандықтары бойынша жұмылдыруға дайындау;»;
«8) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттiк органдарына, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға беруге арналған арнаулы құралымдар мен техникаларды дайындау;»;
«15) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттiк органдарының жұмылдырылуын өрiстетудi жүргiзу;
16) күш пен құралдарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттiк органдарына берудi қоса алғанда, экономиканы, ұйымдарды соғыс жағдайына көшiру;»;
3) 7-баптың 13) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«13) жұмылдыру жарияланған кезде Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттiк органдарды жұмылдыра өрiстету жөнiндегi iс-шаралардың және Қазақстан Республикасының экономикасын соғыс жағдайы режимiне көшiру туралы шешiмдердiң орындалуына және жүргiзiлуiне бақылау жасауды ұйымдастырады;»;
«16) Қазақстан Республикасының ұйымдарында, Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскер құралымдарында, арнаулы мемлекеттiк органдарында жұмылдыра өрiстету және жұмылдыру iс-шараларын орындау жөнiнде әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар (жаттығулар) өткiзудi ұйымдастырады;»;
4) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскер құралымдарының, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдарының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және оның тәртiбi осы Заңмен және басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.»;
5) 16-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтары Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, экономиканың жұмылдыру мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн тек жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында ғана пайдаланылады.».
21. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат):
1) 11-баптың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әскери қызмет мiндеттерiн, арнаулы мемлекеттiк органдардағы қызметiн (қызмет мiндеттерiн) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертiгу не әскери және қызметтiк борышын орындауға байланысты емес ауру салдарынан мүгедек болған жағдайда әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерi, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары арасынан шыққан мүгедектер;
4) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттiк органдардағы қызметтi өткеру кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертiгуi, ауыруы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерi, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi арасынан шыққан мүгедектер;»;
2) 16-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызмет мiндеттерiн атқару немесе әскери қызметтi, арнаулы мемлекеттiк органдардағы қызметтi өткеру кезiнде қаза тапқан немесе жаралануы, контузия алуы, мертiгуi, ауыруы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттiк органдар, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерiне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшерi отбасының еңбекке жарамсыз әрбiр мүшесiне 0,25 ең төменгi күнкөрiс деңгейiне, бiрақ отбасының барлық мүшелерiне 1,96 ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен аспайтын мөлшерде көбейтiледi.».
22. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат, № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат):
1) 5-баптың 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға төленедi.»;
2) 8-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға төленедi.»;
3) 11-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы қызмет;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) арнаулы мемлекеттiк орган қызметкерi зайыбының (жұбайының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде оның бiрге тұрған кезеңi, бiрақ 10 жылдан аспауға тиiс мерзiмде;»;
4) 4-бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-БӨЛIМ. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШIЛЕРДI, АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТIК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIН ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI»;
5) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«60-бап. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алу
құқығы
1. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлердi қоспағанда), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiнiң, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың:
1) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толған;
2) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына, өз еркi бойынша және денсаулық жағдайына байланысты босатылған;
3) құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген офицерлерi, прапорщиктерi (мичмандары), арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi, орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдары, сондай-ақ әскери қызметтi келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген, әскери қызметте және арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, құқық қорғау органдарындағы қызметте тұрудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына жетуiне, штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты босатылған, жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтiлi бар, оның кемiнде он екi жыл алты айын әскери қызметте, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарында үздiксiз қызмет атқарған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
2. Қызметтен босатылған және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы алуға құқығы болмаған жағдайда Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес жалпы негiздерде тағайындалады.
3. Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлердi әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бере отырып мемлекеттiк қызметке қабылдау кезiнде зейнетақы төлеу лауазымға тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
4. Әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарда әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бойынша тiркелген осы санаттағы адамдар үшiн әскери және құқық қорғау қызметтерiнде тұрудың тиiстi шектi жасына толуына байланысты еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.»;
6) 61-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әскери қызметте, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы қызметте жиырма бес жылдан астам еңбек сiңiрген жылдарының әр жылы үшiн осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 63-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қаражаттың екi пайызына, еңбек өтiлiнiң әр жылы үшiн бiр пайызына көбейтiледi. Жиырма бес жылдан астам жалпы еңбек өтiлiнiң әр жылы үшiн осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 63-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қаражаттың бiр пайызына көбейтiледi.
5. Осы баптың 1-4-тармақтарына сәйкес есептеп шығарылған зейнетақы төлемдерiнiң жалпы мөлшерiн осы Заңның 63-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қаражаттың алпыс бес пайызынан асыруға болмайды. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары жойылған адамдарға айлық зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң жүз төрт еселенген мөлшерiнен асыруға болмайды.»;
7) 62-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен есептеп шығарылады.»;
8) 63-баптағы «құқық қорғау органдарының» деген сөздер «арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 64-бапта:
1, 2 және 3-тармақтардағы «құқық қорғау органдарының» деген сөздер «арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«прокуратура органдарының» деген сөздер «арнаулы мемлекеттiк органдардың және прокуратура органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «құқық қорғау органдарының» деген сөздер «арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 65-баптың 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе прокуратура, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарындағы қызмет өтiлi бар әскери қызметшiлердi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және прокуратура органдарының, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
4. Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметтегi, құқық қорғау органдарындағы қызметтегi өтiлi он жылға жетпейтiн әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшiн бюджет қаражаты есебiнен осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қаражаттың жиырма пайызы мөлшерiнде жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртiбi енгiзiледi.
Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлеу жеке зейнетақы жинақтары негiзге алынып жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiн алғаш рет қызметке қабылданған әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшiн осы баптың 3-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру тәртiбi қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдерi жеке зейнетақы жинақтары негiзге алынып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленедi.»;
11) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«66-бап. Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттiк және құқық
қорғау органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен
қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар
1. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк органдардың және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
2. Әскери қызметшiлердi, арнаулы мемлекеттiк органдардың және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру осы Заңда айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.».
23. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат, 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат, № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 10 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне адвокатура мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
7-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Қасақана қылмыс жасағаны үшiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; терiс себептер бойынша мемлекеттiк, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттiк органдардан, соттардан және әдiлет органдарынан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясынан айрылған; осы Заңның 12-бабының 3-тармағында және 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша лицензиясының қолданысы тоқтатылған адам да осындай оқиғалар басталғаннан кейiн үш жыл бойы адвокат бола алмайды.».
24. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат, № 7, 54-құжат):
9-бап мынадай мазмұндағы 3-2 тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Арнаулы мемлекеттiк органда қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелерi тұрғылықты жерi бойынша салық органына декларация мен осы баптың 3-тармағында аталған мәлiметтердi табыс етедi.
Ескерту. Осы тармақта арнаулы мемлекеттiк органда қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелерi болып жұбайы (зайыбы), кәмелетке толған балалары мен оның асырауындағы және онымен тұрақты түрде бiрге тұратын адамдар танылады.».
25. «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2001 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат):
35-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Емдеу курсынан өту үшiн наркологиялық мекемеге өз еркiмен келген адамға оның өтiнiшi бойынша жасырын емдеу қамтамасыз етiледi. Мұндай емдеу туралы мәлiмет осы адам қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартылған жағдайда, тек iшкi iстер органдары мен өзге де мемлекеттiк органдарға ғана берiлуi мүмкiн.».
26. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) арнайы мемлекеттiк мұрағат – мұрағат мекемесi немесе осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органының бөлiмшесi;»;
2) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнайы мемлекеттiк мұрағаттар құру Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiсiмен жүзеге асырылады.».
27. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн арнаулы мекемелерде ұстау тәртiбi мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат):
1) 11-баптың 1-тармағындағы «әскери қызметшiлерi» деген сөздер «қызметкерлерi» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 32-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацындағы «Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi» деген сөздер «Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерi» деген сөздермен ауыстырылсын.
28. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат, № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат):
1) 4-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң отбасылары; бейбiт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттiк органдарда қызмет атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң отбасылары, қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасылары; Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезiнде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасылары;»;
2) 7-баптың үшiншi бөлiгiнiң 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттiк орган қызметкерлерiнiң отбасыларына; бейбiт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттiк органдарда қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң отбасыларына; қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына; Чернобыль AЭC-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезiнде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң отбасыларына, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 4,3 айлық есептiк көрсеткiш;».
29. «Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
1) 4-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) сыртқы барлау саласындағы уәкiлеттi орган.»;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Сыртқы барлау саласындағы уәкiлеттi орган террористiк ұйымдардың, сондай-ақ олардың әрекет ету қағидаттары мен әдiстерiн насихаттайтын жекелеген адамдардың тарапынан Қазақстан Республикасының мүдделерi мен қауiпсiздiгiне келтiрiлетiн нұқсанды болдырмау мақсатында барлау қызметiн жүзеге асырады.».
30. «Күзет қызметi туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
1-1-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк күзетiлуге жататын объектiлердi күзетудi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi, Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдары жүзеге асырады.».
31. «Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 2, 15-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 17, 78-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
3-баптың 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттiк органдарды жарақтандырудағы қару-жарақтың, әскери техниканың және оқ-дәрiлердiң тәжiрибелiк үлгiлерiн әзiрлеу, жаңғырту жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар;
3) қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу, жаңғырту және оларға регламенттелген техникалық қызмет көрсету, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттiк органдарды жарақтандырудан алып тасталған қару-жарақты, әскери техниканы және оқ-дәрiлердi кәдеге жарату, залалсыздандыру және жою;»;
«5) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшiлерi және арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi үшiн әскери және арнайы киiм нысанын, айырым белгiлерiн және жеке қорғану құралдарын шығару кiредi.».
32. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) күзетiлетiн объектiлер – күзетiлетiн адамдардың болуына арналған үйлер, құрылыстар мен ғимараттар, сондай-ақ оларға iргелес жатқан аумақ пен акватория. Күзетiлетiн объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi;»;
2) 56-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Елдi мекендердiң шегiндегi және олардан тыс жерлердегi қорғалатын объектiлердi орналастыруға арналған аумақтар режимдiк аумақтардың аймақтары болып табылады.».
33. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат):
1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары (бұдан әрi – қаржы полициясы органдары) заңда белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк iс жүргiзу арқылы экономикалық және қаржылық қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және өзге де заңсыз қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған қызметтi жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады.».
34. «Соғыс жағдайы туралы» 2003 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 4, 22-құжат, 2005 ж., № 14, 56-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
1) 5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, арнаулы мемлекеттiк органдары соғыс жағдайы қолданылатын кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агрессияға тойтарыс беру үшiн қолданылады.»;
2) 6-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттiк органдарының жұмылдыра өрiстетуiн жүргiзу;».
35. «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат):
15-баптың 1-тармағындағы «iшкi iстер органдарының» деген сөздер «арнаулы мемлекеттiк органдардың және iшкi iстер органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.
36. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат, 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) басқа да әскерлер мен әскери құралымдар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi, әскери қарсы барлау және әскери полициясы органдары, Республикалық ұлан, Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi мен әскери-тергеу органдары, төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерi, әскери прокуратура органдары;»;
2) 15-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Әскери қарсы барлау органдары орналасқан қорғаныс объектiлерiн күзету мен күтiп-ұстауды аталған объектiлер жедел басқаруында болатын Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға осы мақсаттар үшiн бөлiнетiн бюджет қаражаты есебiнен олар жүзеге асырады.».
37. «Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 5, 3-құжат; № 13, 53-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни қызмет және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
15-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот экстремистiк ұйымдарға қатысушылар немесе экстремистiк әрекеттер жасады деп таныған адамдарға мемлекеттiк қызметке, әскери қызмет пен арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарына қызметке кiруде шектеу қойылуы мүмкiн.».
38. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Бұдан басқа, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi әскери полиция органдарының мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi жасаған қылмыстар бойынша анықтау iсiн жүргiзу;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша (арнаулы мемлекеттiк органдардың көлiк құралдарын жүргiзетiн адамдар жасаған жол жүру қағидаларын бұзу бөлiгiнде) iс жүргiзу болып табылады.»;
2) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi әскери полициясы
органдарының өкiлеттiгi
Ұлттық қауiпсiздiк комитетi әскери полициясы органдарының анықтау iсiн жүргiзу бөлiгiндегi өкiлеттiгi арнаулы мемлекеттiк органдардың әскери қызметшiлерi мен қызметкерлерiне қолданылады.».
39. «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 14, 60-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни қызмет және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Азаматтардың iшкi iстер, қаржы полициясы органдарының, қылмыстық-атқару жүйесi, арнаулы мемлекеттiк органдардың оқу орындарының және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орындарының күндiзгi оқу бөлiмдерiнде оқыған уақыты мерзiмдi әскери қызметтi өткеруге теңестiрiледi.»;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Арнаулы мемлекеттiк органдарда қызмет өткерген азаматқа әскери қызметке кiрген кезде қайта аттестаттау тәртiбiмен қазiргi бар арнайы атағынан төмен емес әскери атақ берiледi.».
40. «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 24 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 4-бапта:
4) тармақшадағы «әскери құралымдар» деген сөздер «әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк басқару органының ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;»;
2) 8-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгi «сондай-ақ» деген сөзден кейiн «, арнаулы мемлекеттiк органдардың оқу орындарын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 21-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жоғары әскери және арнаулы оқу орындары бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтетiн әскери және өзге де мамандықтар бойынша кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асырады.»;
4) 36-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери және өзге де мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыру жоғары әскери және арнаулы оқу орындарының адъюнктурасында жүзеге асырылады.»;
5) 43-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әскери мамандықтар және арнаулы мемлекеттiк органдар оқу орындарының мамандықтары бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын бекiтуден басқа, жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыстық оқу бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту;»;
6) 65-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери және арнаулы оқу орындарының халықаралық шарттар мен келiсiмшарттарға сәйкес шетелдiк азаматтардың қатарынан мамандар даярлауды жүзеге асыруға құқығы бар.».
41. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат):
1) 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сыртқы барлау органы арнаулы мемлекеттiк орган болып табылады, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету күштерiне жатады, оның нышаны, туы, ведомстволық наградалары мен төсбелгiлерi, нақты және шартты атаулары болады.»;
2) 7-баптың 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) арнаулы атақтар берiлетiн сыртқы барлау органының лауазымдары тiзбесiн бекiтедi;»;
3) 8-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сыртқы барлау субъектiлерiнiң әскери қызметшiлерiн, қызметкерлерi мен жұмыскерлерiн шифрлау, оның iшiнде осы мақсаттар үшiн өзге де ведомстволық тиесiлiлiктi пайдалана отырып, олардың қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi шараларды iске асыру;»;
4) 9-баптың 16), 20) және 21) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«16) сыртқы барлау органындағы қызметке немесе жұмысқа қабылдау туралы шешiм қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарын iрiктеу, арнайы тексеруден өткiзу, кадрға есепке алынған қызметкерлер мен жұмыскерлерге мемлекеттiк құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсат берудi ресiмдеу (қайта ресiмдеу), Қазақстан Республикасының оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнде, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң оқу орындарында, оның iшiнде арнаулы оқу орындарында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;»;
«20) бөлiмшелердiң, объектiлердiң, үй-жайлардың, көлiк құралдарының, қызметкерлер мен жұмыскерлердiң, жасырын жәрдем көрсететiн адамдардың ведомстволық тиесiлiгiн шифрлайтын құжаттарды, өзге де әдiстер мен құралдарды пайдалану;
21) қызметкерлер мен жұмыскерлердi iссапарға, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге жiберу;»;
5) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң кадрлары
1. Сыртқы барлау органының кадрларын қызметкерлер мен жұмыскерлер құрайды.
2. Сыртқы барлау органының қызметкерлерi мемлекеттiк билiк өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
3. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде мiндеттерiн атқару кезiнде қамауға немесе кепiлге алынған, сондай-ақ бейтарап елдерге тұруға ерiксiз жiберiлген қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерi қызметкерлер мен әскери қызметшiлер мәртебесiн сақтайды. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң және басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың басшылары халықаралық құқық нормаларына сәйкес аталған қызметкерлер мен әскери қызметшiлердiң құқықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
4. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерi барлау қызметiнiң мақсаттарына қол жеткiзу үшiн өздерiнiң ведомстволық тиесiлiлiгiн ашпай әрi әскери қызметте, арнаулы мемлекеттiк органдарда қызметте қалдырыла отырып, мемлекеттiк органдарға және меншiк нысанына қарамастан ұйымдарға лауазымдық қызметке тұруы және iссапарға жiберiлуi мүмкiн.
Аталған органдар мен ұйымдардың лауазымды тұлғалары қызметкерлер мен әскери қызметшiлердiң сыртқы барлау субъектiлерiне тиесiлiлiгi туралы өздерiне белгiлi болған мәлiметтердi жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
5. Сыртқы барлау органының қызметкерлерi кадрлар есебiнде, қолданыстағы резервте және запаста тұрады. Сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қару мен арнайы құралдарды алып жүруге, сақтауға құқығы бар.
Сыртқы барлау органының басшысы қызметкерлердiң жекелеген санаттарының сыртқы барлау органына қызметке алынғанға дейiнгi еңбек өтiлiн олардың еңбек сiңiрген жылдарына есептейдi.»;
6) 14, 15 және 16-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы
Сыртқы барлау органдары қызметкерлерiнiң заңды талаптары азаматтардың, лауазымды адамдардың және ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi. Сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң заңды талаптарын орындамау, оларды қорлау, қарсылық көрсету, күш көрсетумен қорқыту немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, ар-намысы мен абыройына, мүлкiне қол сұғу, оларға жүктелген мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн басқа да iс-әрекеттер, сондай-ақ сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң қызметтiк мiндеттерi мен қызметтiк борышын орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң, жақын туыстарының (ата-аналарының, балаларының, асырап алушыларының, асырап алынған балаларының, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерiнiң және апа-сiңлiлерiнiң, қарындастарының, аталарының, әжелерiнiң, немерелерiнiң) өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, абыройына және мүлкiне қол сұғу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауларына байланысты олардың мүлкiне келтiрiлген залал, сондай-ақ сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының (ата-аналарының, балаларының, асырап алушыларының, асырап алынған балаларының, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерiнiң және апа-сiңлiлерiнiң, қарындастарының, аталарының, әжелерiнiң, немерелерiнiң) денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залал бюджет қаражаты есебiнен толық көлемде өтеледi. Залалды өтеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
15-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң құқығы
Сыртқы барлау органының қызметкерлерiне қару мен арнайы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы берiледi. Олар дене күшiн, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдануға да құқылы. Қаруды, арнайы құралдарды және дене күшiн қолдану тәртiбi осы Заңда айқындалады.
16-бап. Дене күшiн, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлiк
техниканы қолдану шарттары мен шектерi
1. Сыртқы барлау органының қызметкерлерi арнайы дайындықтан өтуге, дене күшiн, арнайы құралдар мен қаруды қолдануға байланысты жағдайлардағы iс-қимылдарға жарамдылығын кезең-кезеңмен тексеруден өтуге мiндеттi.
2. Қажеттi қорғаныс және аса қажеттiлiк жағдайларында немесе қылмыс жасаған адамды ұстау кезiнде сыртқы барлау органының қызметкерi өзiнде арнайы құралдар немесе қару болмаған жағдайда қолына түскен кез келген құралдарды, сондай-ақ осы Заңда белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен қарулануға алынбаған басқа қаруды қолдануға құқылы.
3. Егер қорғау күзетiлетiн адамдарға, басқа азаматтарға, күзетiлетiн объектiлерге немесе сыртқы барлау органы қызметкерiнiң өзiне қол сұғудың сипаты мен қауiптiлiгiне сәйкес келетiн болса, сыртқы барлау органының қызметкерi заңдарда көзделген жағдайларда дене күшiн, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлiк техниканы қолдануға байланысты келтiрiлген моральдық, материалдық зиян және дене зақымы үшiн жауаптылықта болмайды.
4. Сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң дене күшiн, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлiк техниканы өкiлеттiгiн асыра қолдануы заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
5. Терроризмге қарсы операциялар жүргiзу аймағында терроризмге қарсы операцияға қатысушы сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң террористерге қатысты дене күшiн, жауынгерлiк және өзге да техниканы, қару мен арнайы құралдарды, оның iшiнде қызметтiк жануарларды осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген ескертусiз және шектеусiз қолдануға құқығы бар.».
7) мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2, 16-3-баптармен толықтырылсын:
«16-1-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң дене күшiн
қолдануы
1. Сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының абыройына, оның және мемлекеттiң меншiгiне және қорғалатын мүдделерiне қол сұғатын қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың жолын кесу, қоғамға қауiптi әрекет жасаған адамдарды ұстау үшiн, егер күш қолданбау тәсiлдерi сыртқы барлау органына жүктелген мiндеттердi орындауды қамтамасыз етпесе, құқық бұзушылықтардың сипаты мен нақты жағдайды, заңды талаптарға қарсы iс-қимылды еңсерудi ескере отырып, дене күшiн, оның iшiнде жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдануға құқығы бар.
2. Сыртқы барлау органы қызметкерiнiң осы Заңда арнайы құралдарды немесе қаруды қолдану рұқсат етiлген барлық жағдайларда дене күшiн қолдануға құқығы бар.
16-2-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң арнайы
құралдарды қолдануы
1. Сыртқы барлау органының қызметкерлерi қарулануға алынған арнайы құралдарды мынадай жағдайларда:
1) азаматтарға және күзетiлетiн адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
2) сыртқы барлау органы күзететiн ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайларға, басқа да объектiлер мен көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшiн, сол сияқты оларды басып алған жағдайда осы объектiлер мен құралдарды босату үшiн;
3) қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу үшiн;
4) қару, оқ-дәрi, жарылғыш, улы және радиоактивтi заттарды заңсыз ұстаушы адамдарды қарусыздандыру үшiн;
5) сыртқы барлау органының қызметкерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне не күзет iс-шараларын қамтамасыз етуге тартылған басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
6) құқық бұзушыларды, сыртқы барлау органының немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне өздерiне жүктелген қызметтiк мiндеттердi атқаруға қарсылық көрсететiн немесе қасақана кедергi келтiретiн адамдарды ұстау үшiн;
7) егер ұсталған, қамауға алынған адамдар, сондай-ақ сотталған, күдiктi және айыпталушы адамдардың қашып кетуi немесе айналасындағыларға немесе өзiнiң денсаулығына зиян келтiруi мүмкiн деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болса, оларды күзетпен апару және күзету кезiнде, сондай-ақ сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң өздерiне заңмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруына кедергi келтiретiн адамдарға қатысты;
8) кепiлге алынған адамдарды босату, азаматтардың, күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандығына, жеке басының абыройы мен меншiгiне қол сұғатын жаппай тәртiпсiздiктiң, топтық iс-әрекеттердiң жолын кесу үшiн;
9) егер басқа тәсiлдермен күзетiлетiн адамдар үшiн нақты қауiптi тойтару мүмкiн болмаса, жүргiзушiсi сыртқы барлау органы қызметкерiнiң тоқтау туралы талабын орындамаған көлiк құралын тоқтату үшiн;
10) қажеттi қорғаныс және аса қажеттiлiк жағдайларында қолдануға құқылы.
2. Сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң, азаматтар мен күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн шабуыл, топтық шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, күзетiлетiн адамға бағыттап, сондай-ақ жүктiлiк белгiлерi анық бiлiнетiн әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнетiн адамдарға және жас балаларға қатысты арнайы құралдар мен жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдануға тыйым салынады.
3. Сыртқы барлау органы қолданатын арнайы құралдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
16-3-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң қару қолдануы
және жауынгерлiк техниканы пайдалануы
1. Сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң қару мен жауынгерлiк техниканы соңғы шара ретiнде мынадай:
1) азаматтарға, күзетiлетiн адамдарға, сондай-ақ күзету сыртқы барлау органының қызметкерлерiне тапсырылған басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
2) сыртқы барлау органы күзететiн ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайлар мен басқа да объектiлерге және көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшiн;
3) сыртқы барлау органының қызметкерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне, осы орган күзет iс-шараларын қамтамасыз етуге тартқан басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн, сондай-ақ сыртқы барлау органының қаруын, көлiк құралын, арнайы және жауынгерлiк техникасын тартып алу әрекеттерiнiң жолын кесу үшiн;
4) азаматтарды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сондай-ақ кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттарды және арнаулы жүктердi босату үшiн;
5) қылмыс жасау кезiнде не тiкелей қылмыс жасағаннан кейiн үстiнен түскен, қарулы қарсылық көрсеткен адамдарды, сондай-ақ өзiндегi қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш, улы және радиоактивтi заттарды тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн;
6) сыртқы белгiлерi мен iс-әрекеттерiнiң жиынтығы басқа азаматтардың, күзетiлетiн адамдардың және сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң өмiрi мен денсаулығына төндiретiн нақты қауiптiң болуын куәландыратын адамдарды оқшаулау және ұстау үшiн;
7) қылмыс жасады деп күдiк туғызатын және айыпталатын адамдардың қамауда отырған жерден қашуының немесе қылмыс жасады деген күдiкпен ұсталған адамдардың, оларға қатысты қамауға алу түрiндегi жаза қолданылған, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың күзетуден қашуының, сондай-ақ аталған адамдарды күшпен босатуға ұмтылудың жолын кесу үшiн;
8) егер жүргiзушiсi күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп тудырса және сыртқы барлау органы қызметкерiнiң тоқтау бойынша тоқтаудан бас тартса, көлiк құралын тоқтату үшiн;
9) жануарлардың шабуылынан қорғану үшiн;
10) дабыл белгiсiн беру немесе көмекке шақыру үшiн;
11) қажеттi қорғаныс және аса қажеттiлiк жағдайларында қолдануға құқығы бар.
2. Азаматтардың, сыртқы барлау органы қызметкерлерi мен күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiретiн, сондай-ақ олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, топтық шабуыл жасаған, кепiлге адамдарды, объектiлердi, көлiк құралдарын, оның iшiнде әуе кемелерiн алған жағдайларды қоспағанда, күзетiлетiн адамға бағыттап, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық бiлiнетiн адамдарға және кәмелеттiк жасқа толмағандарға қатысты қару қолдануға тыйым салынады.
3. Сыртқы барлау органының қызметкерлерi қару қолданған барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және зардап шеккендерге кезек күттiрмейтiн медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шараларды қолдануға, қару қолданғаны туралы тiкелей бастығына баяндауға мiндеттi.
4. Адамдардың өлiмiне немесе өзге де ауыр салдарларға әкеп соққан қару, арнайы құралдар, дене күшiн қолданудың әрбiр жағдайы туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға хабарланады.
5. Сыртқы барлау органының қарулануында тұрған қарудың, жауынгерлiк техниканың түрлерi мен ұрыс оқ-дәрiлерi жиынтығының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.».
8) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң жауаптылығы
Сыртқы барлау органының қызметкерлерi өз қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн және заңсыз iс-әрекеттерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.».
42. «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни қызмет және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22) мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмi – арнаулы мемлекеттiк органдардың жедел басқаруындағы мүлiктi қоспағанда, мемлекеттiк мүлiктi есепке алудың бiрыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесi;»;
2) 161-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Арнаулы мемлекеттiк органдардың жылжымайтын мүлкiн беру, өткiзу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ мүлiктiк жалға беру (жалдау) тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.».
43. «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (2011 жылғы 26 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған):
11-баптағы «құқық қорғау органдары» деген сөздер «арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдары» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 18-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina