ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV Заңы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV ЗаңыРҚАО-ның ескертпесi!
Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 35-баптан қараңыз.
Осы Заң Қазақстан Республикасында газ және газбен жабдықтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және Қазақстан Республикасының газға деген iшкi қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерiн тиiмдi, сенiмдi және қауiпсiз пайдалану үшiн жағдай жасауға бағытталған.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) автогаз құю станциясы – сұйытылған мұнай газын сақтауға және оны отын ретiнде пайдаланатын көлiк құралдары иелерiне бөлшек саудада өткiзуге арналған технологиялық кешен;
2) автогаз толтыру компрессорлық станциясы – тауарлық газды сұйытуға, сақтауға және оны отын ретiнде пайдаланатын көлiк құралдарының иелерiне бөлшек саудада өткiзуге арналған технологиялық кешен;
3) аккредиттеу – газ желiсi ұйымдарын Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келедi деп уәкiлеттi органның ресми тану рәсiмi;
4) бөлшек саудада өткiзу – тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын одан әрi өткiзу мақсатынсыз, өз мұқтаждықтары үшiн Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушыларға өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
5) бiрыңғай техникалық дәлiз – бiр трасса бойымен қатар салынған, бiрыңғай бағытта (көлiктiк лекте) тауарлық газды тасымалдауды қамтамасыз ететiн магистральдық газ құбырларының (немесе учаскелерiнiң) және магистральдық газ құбырлары жүйелерiнiң (оның iшiнде әртүрлi қысымдағы жүйелерiнiң) жиынтығы;
6) газ – шикi, тауарлық, сұйытылған мұнай газы және сұйытылған табиғи газ;
7) газбен жабдықтау – тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндiру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткiзу саласындағы қызмет;
8) газбен жабдықтау жүйелерi объектiлерiнiң күзет аймағы – пайдаланудың қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз ету және оларды зақымдау мүмкiндiгiн болдырмау мақсатында газбен жабдықтау жүйелерi объектiлерiнiң айналасына орнатылатын айрықша пайдалану жағдайындағы аумақ
9) газбен жабдықтау жүйесi – тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын өндiруге, тасымалдауға (тасуға), сақтауға, өткiзуге және тұтынуға арналған технологиялық өзара байланысты объектiлер кешенi;
10) газдандыру – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiнде, өнеркәсiптiк, ауыл шаруашылығы және өзге де объектiлерде тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын отын ретiнде пайдалануға бағытталған iс-шаралар кешенi;
11) газ жабдығы – газ құбырларының құрамдас элементтерi ретiнде пайдаланылатын, толықтай зауытта дайындалатын техникалық бұйымдар (компенсаторлар, конденсат жинақтары, сақтандыру-ығыстыру арматурасы, құбыржолдық бекiтпе арматура), сондай-ақ газ пайдаланушы қондырғылар (газ аспаптары, пештерi мен плиталары);
12) газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк – Қазақстан Республикасына тиесiлi iлеспе газды тереңдетiп өңдеудi және өзара тиiмдi жағдайларда қосылған құны жоғары өнiм өндiрудi қамтамасыз ету жөнiндегi стратегиялық және әлеуметтiк мiндеттердi шешу үшiн мемлекет пен инвестордың өзара iс-қимыл жасау нысаны;
13) газ желiсi ұйымы – аккредиттеу туралы куәлiгi бар және газ толтыру станциясын, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалануды, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларда сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
14) газ құбыры – бекiтпе арматурасы бар, бiр-бiрiмен қосылған құбырлардан тұратын және газ тәрiздес немесе екi фазалық күйдегi газды тасымалдауға арналған құрылыс;
15) газ тарату жүйесi – газ құбырларынан (желiлiк бөлiктен) және олармен ұштасып жатқан объектiлерден тұратын, тауарлық газды магистральдық газ құбырынан газ тұтыну жүйелерiне дейiн тасымалдауға арналған технологиялық өзара байланысты құрылыстар кешенi;
16) газ тарату ұйымы – тауарлық газды газ тарату жүйесi арқылы тасымалдауды, газ тарату жүйесiн техникалық пайдалануды, сондай-ақ осы Заңда белгiленген шарттарда тауарлық газды көтерме және бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
17) газ тасымалдау ұйымы – осы Заңда белгiленген шарттарда тауарлық газды жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау және (немесе) тауарлық газды тауарлық газ қоймаларында сақтау жөнiндегi қызметтердi көрсететiн заңды тұлға;
18) газ толтыру пунктi – сұйытылған мұнай газын сақтауға, тұрмыстық баллондарға қотаруға және құюға арналған инженерлiк құрылыс;
19) газ толтыру станциясы – сұйытылған мұнай газын сақтауға, темiржол цистерналарына, автогаз тасымалдағыштарға, тұрмыстық баллондарға қотаруға және құюға, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеуге және кәдеге жаратуға арналған технологиялық өзара байланысты өндiрiстiк және өзге де объектiлер кешенi;
20) газ тұтыну жүйесi – газ тарату жүйесiнен тауарлық газды немесе топтық резервуарлық қондырғыдан сұйытылған мұнай газын қабылдауға, сондай-ақ оларды отын және (немесе) шикiзат ретiнде пайдалануға арналған газ құбырлары (желiлiк бөлiк) мен газ жабдығы кешенi;
21) есепке алу аспаптары – мынадай функцияларды: газды өлшеудi, жинауды, сақтауды, оның шығысы, көлемi, температурасы, қысымы және аспаптардың жұмыс уақыты туралы ақпарат көрсетудi орындайтын өлшеу құралдары мен басқа да техникалық құралдар;
22) жалғастырушы газ құбыры – шикi газды келiсiмшарттық аумақтан газ өңдеу зауытына немесе шикi газды өнеркәсiптiк тұтынушыға дейiн тасымалдауға не тауарлық газды газ өңдеу зауытынан магистральдық газ құбырына дейiн тасымалдауға арналған газ құбыры;
23) кәсiпшiлiк газ құбыры – газды келiсiмшарттық аумақ шегiнде тасымалдауға арналған газ құбыры;
24) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушы – тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын одан әрi өткiзу мақсатынсыз, кәсiпкерлiк, коммерциялық емес немесе өзге қызметтi жүзеге асыру кезiнде коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждар үшiн сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;
25) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкiлеттi орган – елдi мекендер шекараларының (сызықтарының) шегiнде газ және газбен жабдықтау саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
26) көтерме саудада өткiзу – тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды одан әрi өткiзу мақсатында iшкi нарықта не Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
27) Қазақстан Республикасының iшкi қажеттiлiктерi – Қазақстан Республикасының аумағында тұтынуға қажеттi тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газының көлемi;
28) магистральдық газ құбыры – тасымалданатын газдың қысымын арттыруды және төмендетудi қамтамасыз ететiн бiр немесе бiрнеше газ құбырынан (желiлiк бөлiктен) және олармен ұштасып жатқан объектiлерден, телебасқару, байланыс құралдарынан және өзге де коммуникациялардан тұратын, тауарлық газды тасымалдауға арналған инженерлiк құрылыс. Магистральдық газ құбыры объектiлерiнiң құрамы жобалық құжаттамада және техникалық регламенттер талаптарында айқындалады;
29) өндiрушi – тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндiрудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
30) өнеркәсiптiк тұтынушы – өнеркәсiп өндiрiсiнде отын және (немесе) шикiзат ретiнде пайдалану үшiн газ сатып алатын заңды тұлға;
31) сұйытылған мұнай газы – жеңiл көмiрсутегiлердiң (пропан-бутан фракциясының, пропанның, бутанның) тасымалдау және сақтау мақсатында сұйық күйге ауыстырылған, құрамдастарының сапалық және сандық құрамы бойынша Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерi мен мемлекеттiк стандарттарының талаптарына сай келетiн қоспасы;
32) сұйытылған табиғи газ – құрамында метаны басым көмiрсутегiлердiң тасымалдау және сақтау мақсатында сұйық күйге ауыстырылған, шикi газды өңдеу өнiмi болып табылатын және құрамдастарының сапалық және сандық құрамы бойынша Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерi мен мемлекеттiк стандарттарының талаптарына сай келетiн көпқұрамдас қоспасы;
33) тасымалдау – газ құбырлары арқылы шикi немесе тауарлық газды айдаудың технологиялық процесi;
34) тауарлық газ – құрамында метаны басым көмiрсутегiлердiң газ тәрiздес күйде болатын, шикi газды өңдеу өнiмi болып табылатын және құрамдастарының сапалық және сандық құрамы бойынша Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерi мен мемлекеттiк стандарттарының талаптарына сай келетiн көпқұрамдас қоспасы;
35) тауарлық газ қоймасы – тауарлық газды сақтауға арналған, технологиялық өзара байланысты өндiрiстiк және өзге де объектiлер кешенi;
36) топтық резервуарлық қондырғы – ыдыстар тобынан, сақтандыру-бекiтпе және реттеушi арматурадан, газ құбырларынан тұратын және сұйытылған мұнай газын сақтауға және оны газ тұтыну жүйелерiне беруге арналған инженерлiк құрылыс;
37) тұрмыстық тұтынушы – тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын кәсiпкерлiк қызметте пайдалану және оларды одан әрi өткiзу мақсатынсыз, тұрмыстық мұқтаждар үшiн сатып алатын жеке тұлға;
38) тұтыну нормасы – есепке алу аспаптары жоқ тұрмыстық тұтынушылар үшiн өздерi тұтынған тауарлық немесе сұйытылған мұнай газының орташа айлық көлемiн көрсететiн есептiк шама;
39) тұтынушы – тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық немесе өнеркәсiптiк тұтынушы;
40) уәкiлеттi орган – газды өндiрудi, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткiзудi, сондай-ақ елдi мекендердiң шекаралары шегiнен тыс тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзудi және тұтынуды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
41) ұлттық оператор – акцияларының бақылау пакетiнiң меншiк иесi мемлекет не ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық компания болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын және Қазақстан Республикасының тауарлық газға деген iшкi қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету мақсатында газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
42) шикi газ – тазартылмай өндiрiлген табиғи, iлеспе, қатпарлы газ, көмiр бассейндерiнiң газы, сондай-ақ шығу тегi өзгеше көмiрсутегi газы.
2-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен
жабдықтау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
1. Осы Заң газ және газбен жабдықтау саласындағы қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заңның ережелерi сұйытылған мұнай газын сыйымдылығы бiр килограмнан аз баллондарда өткiзу кезiнде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.
4-бап. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк
реттеудiң негiзгi мақсаттары, қағидаттары мен
мiндеттерi
1. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары Қазақстан Республикасының энергетикалық және экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, халқының әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсарту болып табылады.
2. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк реттеу:
1) газбен жабдықтаудың қауiпсiздiгi мен сенiмдiлiгi;
2) газ ресурстарын пайдаланудың ұтымдылығы;
3) Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн тауарлық және сұйытылған мұнай газымен Қазақстан Республикасының iшкi қажеттiлiктерiн қамтамасыз етудiң басымдығы;
4) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан объектiлердi газдандыру басымдығы;
5) газ және газбен жабдықтау саласындағы баға саясатының теңгерiмдiлiгi қағидаттарына негiзделедi.
3. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мiндеттерi:
1) тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiн құру;
2) Қазақстан Республикасының тауарлық және сұйытылған мұнай газына деген iшкi қажеттiлiктерiн iркiлiссiз қамтамасыз ету үшiн жағдай жасау;
3) Қазақстан Республикасында тұтынылатын отын-энергетика ресурстарының жалпы көлемiндегi тауарлық және сұйытылған мұнай газының үлесiн ұлғайту.
2-тарау. ГАЗ ЖӘНЕ ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК
БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТI
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) ұлттық операторды айқындайды;
3) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау тәртiбiн бекiтедi;
4) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын бекiтедi;
5) мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде ұлттық оператор сатып алатын шикi және тауарлық газдың бағасын айқындау тәртiбiн бекiтедi;
6) iшкi нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын және оларды айқындау тәртiбiн бекiтедi;
7) Қазақстан Республикасының iшкi нарығына сұйытылған мұнай газын берудiң жоспарын жасау тәртiбiн бекiтедi;
8) газ желiсi ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекiтедi;
9) газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк шеңберiнде iлеспе газды инвесторларға берудiң тәртiбi мен талаптарын бекiтедi;
10) тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiлерiнiң жұмыс режимдерiн орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру тәртiбiн бекiтедi;
11) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндiру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткiзу мониторингi бойынша мәлiметтердi ұсыну тәртiбiн бекiтедi;
12) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзудiң, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерiне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудiң үлгi шарттарын бекiтедi;
13) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзу және пайдалану тәртiбiн бекiтедi;
14) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекiту тәртiбiн бекiтедi;
15) газ және газбен жабдықтау саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi;
16) газбен жабдықтау жүйелерi объектiлерiнiң қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды бекiтедi;
17) тауарлық, сұйытылған мұнай газының және сұйытылған табиғи газдың экспортын реттейдi;
18) экспорттық және (немесе) транзиттiк газ құбырларын салу туралы шешiм қабылдайды;
19) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;
2) өз құзыретiнiң шегiнде газ және газбен жабдықтау саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
3) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау тәртiбiн әзiрлейдi;
4) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын әзiрлейдi;
5) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасының iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде ұлттық оператор сатып алатын шикi және тауарлық газдың бағасын айқындау тәртiбiн әзiрлейдi;
7) iшкi нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларының деңгейi бойынша ұсыныстарды және оларды айқындау тәртiбiн әзiрлейдi;
8) газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк шеңберiнде iлеспе газды инвесторларға берудiң тәртiбi мен талаптарын әзiрлейдi;
9) ұлттық оператордың немесе дауыс берушi акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан көп пайызы ұлттық операторға тиесiлi газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымдарының меншiгiндегi тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң объектiлерiн иелiктен шығаруды келiседi;
10) тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндiру, өткiзу және тұтыну балансын жүргiзудi ұйымдастырады;
11) тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiлерiнiң жұмыс режимдерiн орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асырудың тәртiбiн әзiрлейдi;
12) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзудiң, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерiне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудiң үлгi шарттарын әзiрлейдi;
13) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндiру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткiзу мониторингi бойынша мәлiметтердi ұсыну тәртiбiн әзiрлейдi;
14) тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзу және пайдалану тәртiбiн әзiрлейдi;
15) газ және газбен жабдықтау саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;
16) елдi мекендердiң шекаралары (сызықтары) шегiнен тыс газ және газбен жабдықтау саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлейдi және бекiтедi;
17) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, тексерулер жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi;
18) Қазақстан Республикасының iшкi нарығына сұйытылған мұнай газын берудiң жоспарын жасау тәртiбiн әзiрлейдi;
19) Қазақстан Республикасының iшкi нарығына сұйытылған мұнай газын берудiң жоспарын ай сайын бекiтедi;
20) газ желiсi ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын әзiрлейдi;
21) газ желiсi ұйымдарын аккредиттеудi жүзеге асырады;
22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
7-бап. Газ және газбен жабдықтау саласындағы өзге де
уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың құзыретi
1. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкiлеттi орган:
1) елдi мекендер шекараларының (сызықтарының) шегiнде газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастырады әрi жүргiзедi және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын iске асыруға қатысады;
3) елдi мекендер шекараларының (сызықтарының) шегiнде газ және газбен жабдықтау саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлейдi және бекiтедi;
4) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекiту тәртiбiн әзiрлейдi;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган:
1) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерi мен газ жабдығын қоспағанда, тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелерi объектiлерiн қауiпсiз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
2) газбен жабдықтау жүйелерi объектiлерiнiң қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды әзiрлейдi;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Табиғи монополиялар салаларында және реттелетiн нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган:
1) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекiтедi;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
4. Стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган:
1) iшкi нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларының деңгейi жөнiндегi ұсыныстарды келiседi;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерi мен газ жабдығын қауiпсiз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын iске асыруға қатысады;
3) уәкiлеттi органға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсынады;
4) уәкiлеттi органға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын өткiзу және тұтыну жөнiндегi мәлiметтердi ұсынады;
5) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасында газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерiн салу көзделген жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен резервке қояды;
6) газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерiн салу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер учаскелерiн бередi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде жүзеге асырады.
3-тарау. ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРIНIҢ ЖҰМЫС IСТЕУI ЖӘНЕ ДАМУЫ
8-бап. Тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi
1. Қазақстан Республикасының тауарлық газға деген iшкi қажеттiлiктерiн iркiлiссiз қамтамасыз ету, газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерiн қауiпсiз пайдалану, тауарлық газдың тасымалдануын, сақталуын үздiксiз диспетчерлiк бақылауды ұйымдастыру және оны есепке алудың бiрыңғай жүйесiн құру мақсатында Қазақстан Республикасында тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi қалыптастырылады.
2. Тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi жалғастырушы, магистральдық газ құбырларын, тауарлық газ қоймаларын, газ тарату және газ тұтыну жүйелерiн, автогаз толтыру компрессорлық станцияларын және тауарлық газ өндiруге, тасымалдауға, сақтауға, өткiзуге және тұтынуға арналған өзге де технологиялық объектiлердi қамтиды.
Тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң құрамына кәсiпшiлiк газ құбырлары, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерi, сұйытылған табиғи газды өндiруге және қайтадан газға айналдыруға, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын тасуға, сақтауға, өткiзуге және тұтынуға арналған технологиялық объектiлер кiрмейдi.
3. Тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң объектiлерi мемлекеттiк немесе жеке меншiкте болуы мүмкiн.
4. Мыналар:
1) ұлттық оператор;
2) тауарлық газды өндiрушiлер;
3) өздерi өндiрген шикi газды өңдеу процесiнде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерi болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген тауарлық газдың меншiк иелерi;
5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн шикi газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерi;
6) газ тасымалдау және газ тарату ұйымдары;
7) автогаз толтыру компрессорлық станцияларының иелерi;
8) тауарлық газдың өнеркәсiптiк тұтынушылары тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң субъектiлерi болып табылады.
5. Уәкiлеттi орган тауарлық газды өндiрушiлердiң, өздерi өндiрген шикi газды өңдеу процесiнде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерi болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылардың, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген тауарлық газдың меншiк иелерiнiң, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн шикi газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерiнiң, газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарының есебiн жүргiзедi және тiзбесiн интернет-ресурста жариялайды.
6. Тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуi мақсатында тауарлық газды өндiрушiлер, газ тасымалдау және газ тарату ұйымдары тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiлерiн пайдаланудың белгiленетiн технологиялық режимдерiн сақтауға мiндеттi.
9-бап. Ұлттық оператор
1. Ұлттық оператор мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысады;
2) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;
3) осы Заңға сәйкес шикi және тауарлық газды сатып алуға мемлекеттiң артықшылықты құқығын жүзеге асырады;
4) осы Заңға сәйкес тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң объектiлерiн, тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң объектiлерiне ортақ меншiк құқығындағы үлестердi және тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiлерiнiң меншiк иелерi-заңды тұлғалар акцияларының пакеттерiн (қатысу үлестерiн) сатып алуға мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асырады;
5) тауарлық газдың iркiлiссiз тасымалдануын және сақталуын, оның iшiнде газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарымен шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етедi;
6) тауарлық газды көтерме саудада өткiзудi, сондай-ақ тауарлық газды магистральдық газ құбырларына және (немесе) газ тарату жүйелерiне қосылған тұтынушыларға бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асырады;
7) тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiлерiнiң технологиялық жұмыс режимiн орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды қамтамасыз етедi;
8) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлық газды тасымалдау, сақтау және өткiзу жөнiндегi, мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде шикi және тауарлық газды сатып алу жөнiндегi мәлiметтердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тауарлық газға деген iшкi қажеттiлiктерiнiң алдағы күнтiзбелiк жылға арналған болжамын ұсынады;
9) тауарлық газды тасымалдау режимдерiн басқару мен орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша шектес мемлекеттердiң газ тасымалдау жүйелерiмен өзара iс-қимылды қамтамасыз етедi;
10) тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiндегi тауарлық газды коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесiн құруды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.
2. Ұлттық оператор:
1) осы Заңда белгiленген шарттармен тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiлерiне қосылған тұтынушыларды тауарлық газбен iркiлiссiз жабдықтауды қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасына сәйкес тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң объектiлерiн салуды, пайдалануды, жаңғыртуды және (немесе) реконструкциялауды қамтамасыз етуге;
3) энергия үнемдейтiн және экологиялық таза технологиялар мен жабдықтарды тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң ұлттық оператор иелiк ететiн объектiлерiнде пайдалануды қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Ұлттық оператордың немесе дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан көп пайызы ұлттық операторға тиесiлi газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымдарының меншiгiндегi тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң объектiлерi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша иелiктен шығарылуы мүмкiн.
10-бап. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерi
1. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерi газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерiнiң, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ тұтыну жүйелерiнiң, автогаз құю станцияларының және сұйытылған мұнай газын тасуға, сақтауға, өткiзуге және тұтынуға арналған өзге де технологиялық объектiлердiң жиынтығын бiлдiредi.
2. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерi мемлекеттiк немесе жеке меншiкте болуы мүмкiн.
3. Мыналар:
1) сұйытылған мұнай газын өндiрушiлер;
2) өздерiне меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тиесiлi көмiрсутегi шикiзатын өңдеу процесiнде өндiрiлген сұйытылған мұнай газының меншiк иелерi;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген сұйытылған мұнай газының меншiк иелерi;
4) газ желiсi ұйымдары;
5) газ толтыру пункттерiнiң және автогаз құю станцияларының иелерi;
6) сұйытылған мұнай газын өнеркәсiптiк тұтынушылар сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерiнiң субъектiлерi болып табылады.
4. Уәкiлеттi орган сұйытылған мұнай газын өндiрушiлердiң, өздерiне меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тиесiлi көмiрсутегi шикiзатын өңдеу процесiнде өндiрiлген сұйытылған мұнай газының меншiк иелерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген сұйытылған мұнай газының меншiк иелерiнiң, газ желiсi ұйымдарының және сұйытылған мұнай газын өнеркәсiптiк тұтынушылардың есебiн жүргiзедi және тiзбесiн интернет-ресурста жариялайды.
11-бап. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы
1. Қазақстан Республикасының аумағын газдандыру Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы Қазақстан Республикасының тауарлық және сұйытылған мұнай газына деген iшкi қажеттiлiктерiн қамтамасыз етудiң басымдығы ескерiле отырып, тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндiрудiң, өткiзудiң және тұтынудың болжамды балансы негiзiнде әзiрленедi.
3. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерiн орналастыру схемасын, салу, жаңғырту, және (немесе) реконструкциялау жоспарланған газбен жабдықтау жүйелерi объектiлерiнiң тiзбесi мен техникалық сипаттамасын, қажеттi қаржы ресурстары мен олардың көздерiн, тауарлық және сұйытылған мұнай газының перспективалы ресурстарын, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған және салу жоспарланған газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерi бойынша газ беру схемасын қамтиды.
4. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тауарлық газды, оның iшiнде сұйытылған табиғи газды қайтадан газға айналдыру процесiнде алынған газды пайдалануының басымдығы ескерiле отырып әзiрленедi.
5. Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасының iске асырылуын қаржыландыру ұлттық оператордың табыстары, бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.
6. Газдандырудың бас схемасын iске асыру үшiн жер учаскелерiн резервке қою Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
12-бап. Газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерiн жобалау,
салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау
1. Магистральдық газ құбырларын салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жобалары Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органмен және өзге де мемлекеттiк органдармен келiсiледi.
2. Газ тарату жүйелерiн және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерi объектiлерiн салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жобалары коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiледi.
3. Экспорттық және (немесе) транзиттiк газ құбырларын салу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.
4. Магистральдық газ құбырына, газ тарату жүйесiне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосуға арналған техникалық талаптарды осындай объектiнi пайдаланушы газ тасымалдау не газ тарату немесе газ желiсi ұйымы бередi. Бұл ретте берiлген техникалық шарттар газбен жабдықтау жүйелерiнiң жаңадан салынып жатқан, жаңғыртылатын және (немесе) реконструкцияланатын объектiлерiн жобалау үшiн негiз болып табылады.
5. Газбен жабдықтау жүйелерi объектiлерiн магистральдық газ құбырына, газ тарату жүйесiне немесе топтық резервуарлық қондырғыға қосуға байланысты шығыстар газбен жабдықтау жүйелерiнiң қосылатын объектiлерiнiң иелерi есебiнен жүргiзiледi.
6. Тұтынушылардың жаңадан қосылатын және реконструкцияланатын газ жабдығы техникалық регламенттерге және нормативтiк техникалық құжаттарға сәйкес орындалуға, сондай-ақ жобалық құжаттамамен қамтамасыз етiлуге тиiс.
13-бап. Газбен жабдықтау жүйелерi объектiлерiн салу және
пайдалану кезiнде жер пайдалануды реттеу
1. Газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерiн салу және пайдалану үшiн берiлетiн жерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қала құрылысы және экологиялық талаптарға сәйкес келуге тиiс.
2. Меншiк иесi немесе жер пайдаланушы газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерiне кiру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзiне меншiк немесе жер пайдалану құқығында тиесiлi жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану құқығын мүдделi жеке және заңды тұлғаларға беруге мiндеттi.
3. Газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерiн күрделi жөндеу, оларға қызмет көрсету, оларды жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн осы объектiлердi пайдаланатын ұйымға жер учаскелерi Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес уақытша жер пайдалануға берiледi.
4-тарау. ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГIЗДЕРI
14-бап. Мемлекеттiң газ және газбен жабдықтау саласындағы
басым құқығы
1. Энергетикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және тауарлық газға iшкi қажеттiлiктердi қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының басқа тұлғалардың алдында тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң иелiктен шығарылатын объектiлерiн, тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiлерiне ортақ меншiк құқығындағы үлестерiн және тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiлерiнiң меншiк иелерi – заңды тұлғалар акцияларының пакеттерiн (қатысу үлестерiн) сатып алуға басым құқығы (бұдан әрi – мемлекеттiң басым құқығы) бар.
2. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес стратегиялық объектiлерге жатқызылған объектiлерге қатысты мемлекеттiң басым құқығын iске асыру «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес стратегиялық объектiлерге жатқызылмаған объектiлерге қатысты мемлекеттiң басым құқығын iске асыру осы баптың 4-6-тармақтарында көзделген тәртiппен ұлттық оператор арқылы жүзеге асырылады.
4. Тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң объектiсiн, тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiсiне ортақ меншiк құқығындағы үлесiн және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiсiнiң меншiк иесi-заңды тұлға акцияларының пакетiн (қатысу үлесiн) иелiктен шығаруды жүргiзу ниетi бар тұлға ұлттық операторға осындай иелiктен шығарудың бағасын және өзге де шарттарын көрсете отырып, коммерциялық ұсыныс жiбередi.
5. Ұлттық оператор коммерциялық ұсыныс түскен күннен бастап бiр ай мерзiмде мемлекеттiң басым құқығын iске асыру туралы немесе одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және коммерциялық ұсыныс жiберген тұлғаны қабылданған шешiм туралы жазбаша түрде хабардар етедi.
6. Егер ұлттық оператор мемлекеттiң басым құқығынан жазбаша түрде бас тартқан не бiр ай мерзiмде оны iске асыру ниетi туралы жазбаша хабарлама жiбермеген жағдайда, онда осы баптың 4-тармағында көрсетiлген тұлға тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiнiң объектiсiн, тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiсiне ортақ меншiк құқығындағы үлесiн және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiсiнiң меншiк иесi-заңды тұлға акцияларының пакетiн (қатысу үлесiн) өзге тұлғаларға иелiктен шығарып берудi жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте иелiктен шығару шартының осы баптың 4-тармағында көрсетiлген тұлға үшiн тиiмдiлiгi ол ұлттық операторға ұсынған шарттардан кем болмауға тиiс.
7. Осы баптың ережелерi мынадай жағдайларға:
1) автогаз толтыру компрессорлық станцияларын және өнеркәсiптiк тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерiн иелiктен шығаруға;
2) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналымға түсетiн акцияларды иелiктен шығаруға;
3) тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiлерiн, тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiлерiне ортақ меншiк құқығындағы үлестерiн және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiлерiнiң меншiк иелерi-заңды тұлғалар акцияларының пакеттерiн (қатысу үлестерiн):
қатысу үлесiнiң (акциялар пакетiнiң) кемiнде тоқсан тоғыз пайызы тiкелей немесе жанама түрде тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiсiнiң меншiк иесiне тиесiлi болатын еншiлес ұйымға;
әрқайсысында қатысу үлестерiнiң (акциялар пакеттерiнiң) кемiнде тоқсан тоғыз пайызы тiкелей немесе жанама түрде белгiлi бiр тұлғаға тиесiлi болатын заңды тұлғалар арасында беруге;
4) егер осындай берудiң нәтижесiнде тұлға тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiсiнiң меншiк иесi – заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесiнiң (акциялар пакетiнiң) кемiнде 0,1 пайызына тiкелей немесе жанама түрде (үшiншi тұлғалар арқылы) билiк ету құқығын сатып алса, тауарлық газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесi объектiсiнiң меншiк иесi-заңды тұлғадағы акцияларды (қатысу үлестерiн) беруге қолданылмайды.
15-бап. Мемлекеттiң газ және газбен жабдықтау саласындағы
артықшылықты құқығы
1. Энергетикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және тауарлық газға iшкi қажеттiлiктердi қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының басқа тұлғалардың алдында Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыларға тиесiлi иелiктен шығарылатын шикi газды, сондай-ақ өздерi өндiрген шикi газды өңдеу процесiнде жер қойнауын пайдаланушылар өндiрген және өздерiне Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарға сәйкес тиесiлi тауарлық газды сатып алуға артықшылықты құқығы (бұдан әрi – мемлекеттiң артықшылықты құқығы) бар.
2. Мемлекеттiң артықшылықты құқығын iске асыру ұлттық оператор арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде ұлттық оператор сатып алатын шикi газдың бағасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жер қойнауын пайдаланушы айқындайды және ол:
1) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетiн шикi газ көлемiнiң бiрлiгiн өндiрудiң өндiрiстiк өзiндiк құнының негiзiнде айқындалатын шикi газды өндiруге жұмсалған шығыстарды;
2) ұлттық операторға шикi газды өткiзетiн жерге дейiн оны тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды;
3) он пайыздан аспайтын мөлшердегi рентабельдiлiк деңгейiн қамтиды.
4. Мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың бағасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жер қойнауын пайдаланушы айқындайды және ол:
1) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетiн шикi газ көлемiнiң бiрлiгiн өндiрудiң өндiрiстiк өзiндiк құнының негiзiнде айқындалатын шикi газды өндiруге жұмсалған шығыстарды;
2) шикi газдан тауарлық газды өндiруге жұмсалатын шығыстарды;
3) ұлттық операторға тауарлық газды өткiзетiн жерге дейiн оны тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды;
4) он пайыздан аспайтын мөлшердегi рентабельдiлiк деңгейiн қамтиды.
5. Мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде ұлттық оператор сатып алатын шикi немесе тауарлық газдың бағасы сараптауға және уәкiлеттi органның бекiтуiне жатады.
6. Алдағы күнтiзбелiк жылы шикi және (немесе) тауарлық газды иелiктен шығаруды жүргiзу ниетi бар жер қойнауын пайдаланушылар мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде ұлттық оператор сатып алатын шикi және (немесе) тауарлық газ бағасының құжаттамалық расталған есептерiн уәкiлеттi органға сараптамаға жiбередi.
7. Мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде ұлттық оператор сатып алатын шикi және (немесе) тауарлық газдың есептелген бағасын сараптау нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган материалдарды алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жер қойнауын пайдаланушыға мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде ұлттық оператор сатып алатын шикi және (немесе) тауарлық газдың есептелген бағасын бекiту туралы хабарлама не оны өзгерту қажеттiгi туралы дәлелдi қорытындыны жiбередi.
8. Жер қойнауын пайдаланушылар мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде ұлттық оператор сатып алатын шикi және (немесе) тауарлық газдың уәкiлеттi орган бекiткен бағасынан асырмауға мiндеттi.
9. Алдағы күнтiзбелiк жылы шикi және (немесе) тауарлық газды иелiктен шығаруды жүргiзу ниетi бар жер қойнауын пайдаланушылар жоспарланған кезең басталғанға дейiн бес айдан кеш емес мерзiмде ұлттық операторға мыналарды:
1) иелiктен шығарылатын шикi және (немесе) тауарлық газдың көлемiн;
2) иелiктен шығарылатын шикi және (немесе) тауарлық газдың бағасын;
3) шикi және (немесе) тауарлық газдың жеткiзiлу пунктiн көрсете отырып, коммерциялық ұсыныс жiбередi.
10. Ұлттық оператор коммерциялық ұсыныс алынған күннен бастап бiр ай мерзiмде мемлекеттiң артықшылықты құқығын iске асыру немесе одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және осы мерзiмде коммерциялық ұсыныс жiберген тұлғаны қабылданған шешiм туралы жазбаша түрде хабардар етедi.
11. Егер ұлттық оператор мемлекеттiң артықшылықты құқығын iске асырудан жазбаша түрде бас тартқан не оны iске асыру ниетi туралы жазбаша хабарламаны бiр ай мерзiмде жiбермеген жағдайда, тауарлық газдың меншiк иесi, жер қойнауын пайдаланушы осы Заңның талаптарына сәйкес өзге тұлғаларға шикi және (немесе) тауарлық газды иелiктен шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
12. Ұлттық оператор мемлекеттiң артықшылықты құқығын iске асырған кезде жер қойнауын пайдаланушылар мен ұлттық оператор арасында жасалатын шарттар күнтiзбелiк бiр жылдан асатын мерзiмге жасалуы мүмкiн.
13. Тараптардың келiсiмi бойынша көрсетiлген шарттарға иелiктен шығарылатын шикi және (немесе) тауарлық газдың көлемiн ұлғайтуды және (немесе) осы баптың 5–7, 9 және 10-тармақтарында көзделген рәсiмдердi сақтамай, шарттардың қолданылу мерзiмдерiн ұзартуды көздейтiн өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.
14. Осы баптың ережелерi мыналарды:
1) газ және (немесе) газ конденсаты кен орындарында өндiрiлетiн шикi газды;
2) газ және (немесе) газ конденсаты кен орындарында өндiрiлетiн шикi газдан өндiрiлген тауарлық газды;
3) сұйытылған табиғи газды және оны қайтадан газға айналдыру процесiнде алынған тауарлық газды;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өткiзiлетiн шикi газды;
5) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген тауарлық газды;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негiзiнде Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн шикi газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген тауарлық газды;
7) газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк шеңберiнде жасалатын шарттың негiзiнде өндiрiлген тауарлық газды иелiктен шығару жағдайларына қолданылмайды.
16-бап. Iлеспе газбен байланысты қатынастарды реттеу
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы өндiрген және Қазақстан Республикасына тиесiлi;
2) өндiрiлген iлеспе газға жер қойнауын пайдаланушының меншiгi көзделген, жер қойнауын пайдалануға бұрын жасалған келiсiмшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар мемлекет меншiгiне берген iлеспе газ мемлекеттiң меншiгiнде болады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген iлеспе газ уәкiлеттi орган айқындаған көлемде оның шешiмiмен Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және талаптармен газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк шеңберiнде жасалатын шарттың негiзiнде тартылатын инвестордың меншiгiне берiледi.
3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасына тиесiлi iлеспе газдан тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын өндiретiн жер қойнауын пайдаланушылар уәкiлеттi органның шешiмi бойынша тараптар келiскен бағамен газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк шеңберiнде одан әрi пайдалану үшiн тауарлық газды ұлттық операторға немесе тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын тартылатын инвесторға бередi.
4. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк шеңберiнде инвестор уәкiлеттi органмен жасасқан шарт, оның iшiнде мынадай талаптарды:
1) iлеспе газды тауарлық, сұйытылған мұнай газы және (немесе) сұйытылған табиғи газ етiп өңдеудi;
2) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын ескере отырып, өндiрiлген тауарлық, сұйытылған мұнай газының және (немесе) сұйытылған табиғи газдың белгiлi бiр көлемiн бiрiншi кезекте Қазақстан Республикасының iшкi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн берудi қамтуға тиiс.
17-бап. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған
табиғи газды өткiзудiң жалпы шарттары
1. Қоршаған ортаны және Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғау мақсатында шикiзат ретiнде пайдалану үшiн өнеркәсiптiк тұтынушыларға шикi газды өткiзудi қоспағанда, тұтынушыларға тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газы ғана берiледi.
2. Осы Заңның талаптары ескерiле отырып, тауарлық газды тек қана:
1) ұлттық оператордың
2) тауарлық газды өндiрушiлердiң
3) өздерi өндiрген шикi газды өңдеу процесiнде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерi болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылардың
4) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген тауарлық газдың меншiк иелерiнiң
5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн шикi газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерiнiң
6) газ тарату ұйымдарының
7) автогаз толтыру компрессорлық станциялары иелерiнiң өткiзуiне жол берiледi.
3. Сұйытылған табиғи газды өткiзудi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы шеңберiнде Қазақстан Республикасының iшкi қажеттiлiктерiн қамтамасыз етудiң басымдығын ескере отырып жүзеге асырады.
4. Осы Заңның талаптары ескерiле отырып, сұйытылған мұнай газын тек қана:
1) сұйытылған мұнай газын өндiрушiлердiң
2) өздерiне меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тиесiлi көмiрсутегi шикiзатын өңдеу процесiнде өндiрiлген сұйытылған мұнай газының меншiк иелерiнiң
3) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген сұйытылған мұнай газының меншiк иелерiнiң
4) газ желiсi ұйымдарының
5) газ толтыру пункттерi және автогаз құю станциялары иелерiнiң өткiзуiне жол берiледi.
5. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өткiзу осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, оларды есепке алудың бақылау аспаптары арқылы мiндеттi түрде өткiзе отырып жүзеге асырылады.
6. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзу шарттары үлгiлiк шарттарға сәйкес жасалады.
Осы тармақтың ережесi:
1) тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсiптiк тұтынушыларға;
2) автогаз толтыру компрессорлық станциясы иелерi тауарлық газды;
3) автогаз толтыру станцияларының иелерi сұйытылған мұнай газын;
4) тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзу жағдайларына қолданылмайды.
7. Тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын пайдаланудың артықшылықты құқығына тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар ие болады.
8. Газ тасымалдау немесе газ тарату немесе газ желiсi ұйымы осы Заңда белгiленген шарттарда осындай ұйымның газ тарату жүйесiне немесе топтық резервуарлық қондырғысына қосылған тұтынушыларды тауарлық немесе сұйытылған мұнай газымен iркiлiссiз жабдықтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
9. Мынадай:
1) тұтынушы газбен жабдықтау жүйелерi объектiлерiнiң қауiпсiздiк қағидаларын бұзған;
2) газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерi техникалық жарамсыз болған;
3) тұтынушы газ жабдығын өз бетiнше қосқан;
4) газ тасымалдау немесе газ тарату немесе газ желiсi ұйымының өкiлдерi газ құбырларына, газ жабдығына және есепке алу аспаптарына жiберiлмеген;
5) тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзу шартына сәйкес жеткiзiлiп берiлген тауарлық немесе сұйытылған мұнай газы үшiн дебиторлық берешек болған жағдайларда, газ тасымалдау немесе газ тарату немесе газ желiсi ұйымы бұзушылықтар жойылғанға дейiн тұтынушыға тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын берудi бiржақты тәртiппен тоқтата тұруға құқылы.
18-бап. Газ желiсi ұйымдарын аккредиттеу
1. Газ желiсi ұйымдары газ желiсi ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына сәйкес уәкiлеттi органда аккредиттеуге жатады.
2. Аккредиттеу аккредиттелетiн субъектiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады және аккредиттеу туралы куәлiкпен расталады.
3. Аккредиттеу туралы куәлiк Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жарамды, мерзiмi белгiленбеген, иелiктен шығарылмайтын болып табылады және оны басқа жеке немесе заңды тұлғаға беруге болмайды.
4. Аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтату мынадай:
1) аккредиттеу туралы куәлiктi өз еркiмен қайтарған;
2) газ толтыру станциясын және (немесе) топтық резервуарлық қондырғыларды меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде иелену тоқтатылған;
3) заңды тұлға таратылған немесе ол бөлiну нысанында қайта ұйымдастырылған;
4) аккредиттеу туралы куәлiктен айырған жағдайларда жүзеге асырылады.
5. Аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
19-бап. Тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерiн және газ
жабдығын пайдалану
1. Газ тұтыну жүйелерiнiң және газ жабдығының иелерi олардың тиiстi техникалық жай-күйiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Өнеркәсiптiк тұтынушылар өздерiне тиесiлi газ тұтыну жүйелерiне техникалық қызмет көрсететiн бiлiктi персонал, сондай-ақ газ тұтыну жүйелерiнiң қауiпсiз жұмысы үшiн жауапты адам ұстауға не газ тұтыну жүйелерiне техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы жұмыстарды жүргiзу құқығына аттестатталған, мамандандырылған ұйыммен өздерiне тиесiлi газ тұтыну жүйелерiне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға мiндеттi.
3. Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын берудi жүзеге асыратын газ тарату немесе газ желiсi ұйымымен не газ тұтыну жүйелерiне техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы жұмыстарды жүргiзу құқығына аттестатталған, мамандандырылған тәуелсiз ұйыммен өздерiне тиесiлi газ тұтыну жүйелерiне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға мiндеттi.
4. Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын пайдаланатын коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын газ жүйесi ұйымымен немесе газ толтыру пунктiнiң иесiмен өздерiне тиесiлi газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға мiндеттi.
5. Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерiне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануға тыйым салынады.
6. Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерiне, газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйым олардың техникалық жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
20-бап. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын iшкi нарықта
көтерме саудада өткiзу бағаларын мемлекеттiк
реттеу
1. Қазақстан Республикасында тауарлық және сұйытылған мұнай газын iшкi нарықта көтерме саудада өткiзу бағаларын мемлекеттiк реттеу жүзеге асырылады.
2. Тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң шектi бағалары Қазақстан Республикасының өңiрлерiн газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтiк жағдайлары ескерiле отырып, әрбiр облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға жарты жылға жеке белгiленедi.
3. Уәкiлеттi орган стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жоспарланған кезең басталғанға дейiн бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы жарты жылға арналған шектi бағаларының деңгейi бойынша ұсыныстар әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiбередi.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы баптың 3-тармағында көрсетiлген ұсыныстар негiзiнде жоспарланған кезең басталғанға дейiн күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде iшкi нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткiзудiң алдағы жарты жылға арналған шектi бағаларын бекiтедi.
5. Iшкi нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң шектi бағасы тоқсан сайын белгiленедi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
6. Уәкiлеттi орган стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау мен қалыптастыру саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жоспарланған кезең басталғанға дейiн бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен сұйытылған мұнай газын iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы тоқсанға арналған шектi бағаларының деңгейi бойынша ұсыныстар әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiбередi.
7. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы баптың 6-тармағында көрсетiлген ұсыныстар негiзiнде жоспарланған кезең басталғанға дейiн күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде сұйытылған мұнай газын iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы тоқсанға арналған шектi бағаларын бекiтедi.
8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудi жүзеге асыратын тұлғалар тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң белгiленген шектi бағаларын шектен асырмауға мiндеттi.
9. Тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң осы бапта белгiленген шектi бағалары:
1) мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде ұлттық операторға;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн шикi газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерiнiң ұлттық операторға;
3) сұйытылған табиғи газды қайтадан газға айналдыру процесiнде алынған тауарлық газды өткiзу жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды.
21-бап. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған
табиғи газды өндiру, тасымалдау (тасу), сақтау
және өткiзу мониторингi
1. Уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасында тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндiру көлемiнiң мониторингiн;
2) тауарлық газды тасымалдау және сақтау көлемiнiң мониторингiн;
3) Қазақстан Республикасында тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өткiзу, оның iшiнде олардың экспорты мен импорты көлемiнiң мониторингiн;
4) Қазақстан Республикасында өткiзiлетiн тауарлық, сұйытылған мұнай газының және сұйытылған табиғи газдың көтерме сауда бағаларының мониторингiн;
5) Қазақстан Республикасында өткiзiлетiн тауарлық және сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағаларының мониторингiн;
6) Қазақстан Республикасының тауарлық және сұйытылған мұнай газына деген iшкi қажеттiлiктерiнiң мониторингiн қамтитын тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндiру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткiзу мониторингiн жүзеге асырады.
2. Тауарлық газды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын тұлғалар уәкiлеттi органға тауарлық, оның iшiнде тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген газды өткiзу туралы мәлiметтердi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың жиырмасынан кешiктiрмей ұсынады.
3. Газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары ұлттық операторға тауарлық газды тасымалдау және сақтау көлемдерi туралы мәлiметтердi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың бесiнен кешiктiрмей ұсынады.
4. Ұлттық оператор уәкiлеттi органға:
1) тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау және оны тауарлық газ қоймаларында сақтау көлемдерi туралы мәлiметтердi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың жиырмасынан кешiктiрмей;
2) мемлекеттiң артықшылықты құқығы шеңберiнде сатып алынған шикi және тауарлық газдың көлемдерi туралы мәлiметтердi жыл сайын, есептi жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi ақпанынан кешiктiрмей;
3) Қазақстан Республикасының тауарлық газға деген iшкi қажеттiлiктерiнiң алдағы күнтiзбелiк жылға арналған болжамын жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейiн кемiнде үш ай бұрын ұсынады.
5. Өндiрушiлер уәкiлеттi органға:
1) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндiру жөнiндегi мәлiметтердi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың бесiнен кешiктiрмей;
2) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндiрудiң алдағы бес жылға арналған болжамды көлемiн жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейiн кемiнде үш ай бұрын ұсынады.
6. Сұйытылған мұнай газын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын тұлғалар аумақтарында осындай өткiзу жүзеге асырылатын облыстардың, республикалық маңызды қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарына сұйытылған мұнай газын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген сұйытылған мұнай газын өткiзу туралы мәлiметтердi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың бесiнен кешiктiрмей ұсынады.
7. Облыстың, республикалық маңызды қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi органға:
1) облыстың, республикалық маңызды қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын өткiзу және тұтыну жөнiндегi мәлiметтердi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың он бесiнен кешiктiрмей;
2) облыстың, республикалық маңызды қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтынудың алдағы күнтiзбелiк жылға арналған болжамын жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейiн кемiнде үш ай бұрын ұсынады.
8. Сұйытылған табиғи газды көтерме саудада өткiзудi жүзеге асыратын тұлғалар уәкiлеттi органға сұйытылған табиғи, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген газды өткiзу туралы мәлiметтердi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың бесiнен кешiктiрмей ұсынады.
9. Осы баптың 2–8-тармақтарында көзделген мәлiметтер Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тәртiпке сәйкес ұсынылады.
10. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасындағы тауарлық, сұйытылған мұнай газының және сұйытылған табиғи газдың импорты мен экспорты туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органға ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың он бесiнен кешiктiрмей ұсынады.
11. Уәкiлеттi орган мониторинг деректерi негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағында тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндiрудiң, өткiзудiң және тұтынудың алдағы күнтiзбелiк жылға арналған болжамды балансын жасайды.
5-тарау. ТАУАРЛЫҚ ГАЗДЫ ТАСЫМАЛДАУДЫ, САҚТАУДЫ, ӨТКIЗУДI
ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
22-бап. Тауарлық газды тасымалдау және сақтау
1. Тауарлық газды жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау жөнiндегi, сондай-ақ тауарлық газды тауарлық газ қоймаларында сақтау жөнiндегi қызметтердi газ тасымалдау ұйымдары көрсетедi.
2. Бiр ғана жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары мен тауарлық газ қоймаларын екi және одан көп газ тасымалдау ұйымының пайдалануына тыйым салынады.
3. Газ тасымалдау ұйымдары тек қана:
1) ұлттық операторға;
2) тауарлық газды өндiрушiлерге;
3) өздерi өндiрген шикi газды өңдеу процесiнде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерi болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларға;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген тауарлық газды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауды жүзеге асыруға ниет бiлдiрген оның иелерiне тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсетуге құқылы.
4. Газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары:
1) осы баптың 3-тармағында көзделген шектеулердi ескере отырып, тауарлық газдың иелерiне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасына сәйкес магистральдық газ құбырының, тауарлық газ қоймасының немесе газ тарату жүйесiнiң қуаттарына тең жағдайларда қол жеткiзудi ұсынуға;
2) уәкiлеттi органның сұрауы бойынша магистральдық газ құбырында, тауарлық газ қоймасында, газ тарату жүйесiнде бос тұрған қуаттардың бар екенi туралы ақпаратты, сондай-ақ оларды пайдалану бағдарламасын ұсынуға;
3) тауарлық газ иелерiн және (немесе) тұтынушыларды тауарлық газды тасымалдау, сақтау және (немесе) бөлшек саудада өткiзу жөнiндегi мiндеттемелердi орындауға әсер ететiн жоспарланған жөндеу және профилактикалық жұмыстар туралы хабардар етуге мiндеттi.
5. Газ тасымалдау ұйымы:
1) тауарлық газ Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерi мен мемлекеттiк стандарттарының талаптарына сәйкес келмеген;
2) жер қойнауын пайдаланушы тасымалдануы жоспарланған тауарлық газ көлемдерiн сатып алуға мемлекеттiң артықшылықты құқығынан ұлттық оператордың жазбаша бас тартуын не жер қойнауын пайдаланушы газ тасымалдау ұйымына жүгiнгенге дейiн бiр ай бұрын ұлттық оператордың тасымалдануы жоспарланған тауарлық газ көлемдерiн иелiктен шығару туралы коммерциялық ұсынысты алғанын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайларда, тауарлық газ иесiнiң тауарлық газын тасымалдаудан және (немесе) сақтаудан бас тартуға мiндеттi.
6. Газ тасымалдау ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарында және тауарлық газды тасымалдау және сақтау жөнiндегi қызметтердi ұсыну шартында көзделген тәртiппен тауарлық газды тасымалдаудан және сақтаудан негiзсiз бас тартқаны үшiн жауапты болады.
23-бап. Тауарлық газды көтерме саудада өткiзу
1. Тауарлық газды көтерме саудада өткiзудi:
1) ұлттық оператор;
2) тауарлық газды өндiрушiлер;
3) өздерi өндiрген шикi газды өңдеу процесiнде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерi болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген тауарлық газдың меншiк иелерi;
5) тауарлық газ ұлттық операторға және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге өткiзiлген жағдайларда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн шикi газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерi;
6) тауарлық газ ұлттық операторға және (немесе) автогаз толтыру компрессорлық станцияларының иелерiне өткiзiлген жағдайларда, газ тарату ұйымдары жүзеге асыруға құқылы.
Өзге тұлғалар тауарлық газды көтерме саудада өткiзудi жүзеге асыруға құқылы емес.
2. Газ тарату ұйымдарының ұлттық операторға және (немесе) автогаз толтыру компрессорлық станцияларының иелерiне көтерме саудада өткiзу жағдайларын қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тұлғалардан тауарлық газды сатып алған тұлғаға оны көтерме саудада өткiзудi жүзеге асыруына тыйым салынады.
Осы тармақтың ережелерi ұлттық операторға қолданылмайды.
24-бап. Тауарлық газды бөлшек саудада өткiзу
1. Тауарлық газды бөлшек саудада өткiзудi:
1) газ тарату ұйымдары;
2) автогаз толтыру компрессорлық станцияларының иелерi;
3) ұлттық оператор;
4) газ тұтыну жүйелерi магистральдық немесе жалғастырушы газ құбырына тiкелей қосылған өнеркәсiптiк тұтынушыларға тауарлық газ бөлшек саудада өткiзiлген жағдайда, тауарлық газды өндiрушiлер, өздерi өндiрген шикi газды өңдеу процесiнде өндiрiлген тауарлық газдың меншiк иелерi болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген тауарлық газдың меншiк иелерi жүзеге асырады.
Өзге тұлғалар тауарлық газды бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыруға құқылы емес.
2. Жеке және заңды тұлғалардың газ жабдығын газ тарату жүйесiне қосуды, бос тұрған қуаттар болмаған жағдайда, қосылатын тұтынушылардың қосымша жүктемелерiн жабуға қажеттi газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерiн жаңғыртуды және (немесе) реконструкциялауды, сондай-ақ мұндай қосудың технологиялық схемасын өзгертудi газ тарату ұйымы осындай тұтынушылардың есебiнен жүзеге асырады.
3. Тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерiне тауарлық газды берудi газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымы жүзеге асырады.
25-бап. Тауарлық газды есепке алу
1. Тауарлық газдың көлемi есепке алынбайынша, оны тасымалдауға, сақтауға және өткiзуге жол берiлмейдi.
2. Магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалданатын тауарлық газ көлемiн есепке алуды газ тасымалдау ұйымы газ өлшеу станцияларында тауарлық газды қабылдау (беру) пункттерiнде орнатылған тауарлық газды есепке алу аспаптары бойынша деректердi ұдайы растай отырып, газды есепке алу аспаптары арқылы жүргiзедi. Газ тасымалдау ұйымдары тасымалданатын тауарлық газдың көлемiн есепке алу жөнiндегi деректердiң ұлттық операторға берiлуiн қамтамасыз етедi.
3. Газ тарату жүйелерi арқылы тасымалданатын тауарлық газдың көлемiн есепке алуды газ тарату ұйымдары есепке алу аспаптары бойынша жүргiзедi. Газ тарату ұйымдары өткiзiлетiн тауарлық газдың көлемiн есепке алу жөнiндегi деректердiң ұлттық операторға берiлуiн қамтамасыз етедi.
4. Өнеркәсiптiк және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар пайдаланатын тауарлық газ көлемiн есепке алу:
1) тауарлық газды қабылдау (беру) пункттерiнде орнатылған есепке алу аспаптары бойынша;
2) есепке алу аспаптары болмаған, олар жарамсыз не газ жабдығының параметрлерiне сәйкес келмейтiн жағдайда газ тұтыну жабдығының қуаты бойынша жүргiзiледi.
5. Тұрмыстық тұтынушылар пайдаланатын тауарлық газ көлемiн есепке алу:
1) жеке есепке алу аспаптары бойынша;
2) көп пәтерлi үйлердегi ұжымдық есепке алу аспаптары бойынша;
3) жеке тұрғын үйлердегi реттегiш немесе газ реттейтiн пункттердiң шкафтарында орнатылған ұжымдық есепке алу аспаптары бойынша;
4) жеке немесе ұжымдық есепке алу аспаптары болмаған, олар жарамсыз не газ жабдығының параметрлерiне сәйкес келмейтiн жағдайда табиғи монополиялар салаларында және реттелетiн нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган бекiтетiн тұтыну нормалары бойынша жүргiзiледi.
6. Тауарлық газды есепке алу аспаптары Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерi мен мемлекеттiк стандарттарының талаптарына сәйкес келуге тиiс.
6-тарау. СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫН ЖӘНЕ СҰЙЫТЫЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗДЫ
ТАСУДЫ, САҚТАУДЫ, ӨТКIЗУДI ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
26-бап. Сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи
газды темiржол, автомобиль, теңiз және iшкi су
көлiгiмен тасу
1. Сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды темiржол, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiгiмен Қазақстан Республикасының заңнамасында қауiптi жүктердi тасуға қойылатын талаптарға сәйкес арнайы жабдықталған және тасуға рұқсат етiлген көлiкпен тасуға рұқсат етiледi.
2. Сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды темiржол, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiгiмен Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге өз бетiнше не сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды тасу жөнiнде қызметтер көрсететiн тұлғаларды тарта отырып тасуды:
1) сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндiрушiлер;
2) өздерiне меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тиесiлi көмiрсутегi шикiзатын өңдеу процесiнде өндiрiлген сұйытылған мұнай газының және (немесе) сұйытылған табиғи газдың меншiк иелерi;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасуды жүзеге асыруға ниет бiлдiрген оның иелерi жүзеге асыруға құқылы.
3. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды тасу жөнiндегi қызметтер көрсететiн тұлғалар мұндай қызметтердi осы баптың 2-тармағында көрсетiлген тұлғаларға ғана көрсетуге құқылы.
4. Сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды темiржол, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiгiмен тасуға байланысты құжаттар қауiптi жүктердi тасу үшiн көлiктiң әрбiр түрiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
5. Сұйытылған мұнай газын немесе сұйытылған табиғи газды сақтау және темiржол, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiгiмен тасу құралдарының конструкциясы мен пайдалану шарттары техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.
27-бап. Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзу
1. Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудi:
1) сұйытылған мұнай газын өндiрушiлер;
2) өздерiне меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тиесiлi көмiрсутегi шикiзатын өңдеу процесiнде өндiрiлген сұйытылған мұнай газының меншiк иелерi;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген сұйытылған мұнай газының меншiк иелерi;
4) сұйытылған мұнай газы газ толтыру пункттерiнiң және (немесе) автогаз құю станцияларының иелерiне өткiзiлген жағдайда, газ желiсi ұйымдары жүзеге асыруға құқылы.
Өзге тұлғалар сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудi жүзеге асыруға құқылы емес.
2. Газ желiсi ұйымдарының газ толтыру пункттерi және (немесе) автогаз құю станциялары иелерiне көтерме саудада өткiзу жағдайларын қоспағанда, сұйытылған мұнай газын осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тұлғалардан сатып алған тұлғаның оны көтерме саудада өткiзудi жүзеге асыруына тыйым салынады.
3. Қазақстан Республикасы iшкi нарығының сұйытылған мұнай газына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен ай сайын, жоспарланған айдың алдындағы айдың жиырма бесiнен кешiктiрмей, Қазақстан Республикасының iшкi нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын бекiтедi, онда:
1) өздерiне меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тиесiлi көмiрсутегi шикiзатын өңдеу процесiнде өндiрiлген сұйытылған мұнай газын өндiрушiлердiң, оның меншiк иелерiнiң тiзбесi;
2) Қазақстан Республикасының iшкi нарығында өткiзiлуге мiндеттi сұйытылған мұнай газының көлемi;
3) өздерiне меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тиесiлi көмiрсутегi шикiзатын өңдеу процесiнде өндiрiлген сұйытылған мұнай газын өндiрушiлер, оның меншiк иелерi сұйытылған мұнай газын өткiзуге мiндеттi газ желiсi ұйымдарының тiзбесi айқындалады.
4. Қазақстан Республикасының iшкi нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары жоспарланған айдың алдындағы айдың он бесiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде газ желiсi ұйымдары уәкiлеттi органға жiберетiн өтiнiмдер негiзiнде әзiрленедi.
5. Уәкiлеттi орган Қазақстанның iшкi нарығында өткiзiлуге мiндеттi сұйытылған мұнай газының көлемiн өзiне меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тиесiлi көмiрсутегi шикiзатын өңдеу процесiнде өндiрiлген сұйытылған мұнай газын өндiрушiнiң, оның меншiк иесiнiң әрқайсысына жеке-жеке, газ желiсi ұйымдарының өтiнiмдерiн негiзге ала отырып, сұйытылған мұнай газын өндiру көлемiне барабар айқындайды.
6. Қазақстан Республикасының iшкi нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарына сәйкес өткiзiлетiн сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығы газ желiсi ұйымдарына берiледi.
7. Өздерiне меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тиесiлi көмiрсутегi шикiзатын өңдеу процесiнде өндiрiлген сұйытылған мұнай газын өндiрушiлер, оның меншiк иелерi Қазақстан Республикасының iшкi нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын орындауға мiндеттi.
8. Осы баптың 3, 5 және 7-тармақтарының ережелерi:
1) өздерiнiң сұйытылған мұнай газын жобалық өндiру қуаты жылына бес мың тоннадан аспайтын өндiрушiлерге;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн шикi газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген сұйытылған мұнай газының меншiк иелерiне қолданылмайды.
28-бап. Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзу
1. Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзудi:
1) газ желiсi ұйымдары;
2) газ толтыру пункттерiнiң иелерi;
3) автогаз құю станцияларының иелерi;
4) сұйытылған мұнай газы өнеркәсiптiк тұтынушыларға бөлшек саудада өткiзiлген жағдайда, өздерiне меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тиесiлi көмiрсутегi шикiзатын өңдеу процесiнде өндiрiлген сұйытылған мұнай газын өндiрушiлер, оның меншiк иелерi, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндiрiлген және тұтыну үшiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген сұйытылған мұнай газының меншiк иелерi жүзеге асырады. Өзге тұлғалар сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыруға құқылы емес.
2. Топтық резервуарлық қондырғыларды пайдаланатын газ желiсi ұйымы олардың сақталуын және жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Жеке және заңды тұлғалардың газ жабдығын сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйесiне қосуды, сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйесiнiң объектiлерiн жаңғыртуды және (немесе) реконструкциялауды, сондай-ақ қосудың технологиялық схемасын өзгертудi осындай тұлғалардың есебiнен газ желiсi ұйымы жүзеге асырады.
4. Сұйытылған мұнай газын тұтынушыларға топтық резервуарлық қондырғылар арқылы бөлшек саудада өткiзу тұтынушы мен газ желiсi ұйымының арасындағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзу шартының негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзудi тұрмыстық баллондардың жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз етуге мiндеттi газ желiсi ұйымдары және газ толтыру пункттерiнiң иелерi жүзеге асырады.
Бұл ретте тұрмыстық баллондарға сұйытылған мұнай газын құюға газ толтыру пункттерiнде және газ толтыру станцияларында жол берiледi.
6. Газ желiсi ұйымдары және газ толтыру пункттерiнiң иелерi:
1) тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттiк есепке алуды жүзеге асыруға;
2) толтырылатын тұрмыстық баллондарды техникалық жарамдылық тұрғысынан тексеруге;
3) тұрмыстық баллондарды газ желiсi ұйымының немесе газ толтыру пунктi иесiнiң тауарлық белгiсiмен таңбалауды жүзеге асыруға;
4) тұтынушыларға сатылатын әрбiр тұрмыстық баллонның сапасына кепiлдiк талонын беруге;
5) газ баллондары қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
7. Мыналарға:
1) қабаты екi қабаттан асатын көп пәтерлi тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын сақтауға және (немесе) пайдалануға;
2) бiр ғана газ толтыру станциясын және (немесе) топтық резервуарлық қондырғыны екi және одан да көп газ желiсi ұйымдарының бiр мезгiлде пайдалануына;
3) сұйытылған мұнай газын өткiзуге арналған газ толтыру пункттерi мен автогаз құю станцияларын екi және одан да көп жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бiр мезгiлде пайдалануына тыйым салынады.
8. Сұйытылған мұнай газын тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерiне беруге арналған үй iшiндегi газ жабдығын пайдаланатын газ желiсi ұйымы оның сақталуын және жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Осы тармақтың ережесi тұрғын жай iшiндегi газ жабдығына қолданылмайды.
29-бап. Сұйытылған мұнай газын есепке алу
1. Автогаз құю станцияларындағы, газ толтыру станцияларындағы, газ толтыру пункттерiндегi және топтық резервуарлық қондырғылардағы сұйылтылған мұнай газын есепке алу Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзу және пайдалану тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тұтынушыларға өткiзiлетiн сұйытылған мұнай газын есепке алу осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, есепке алу аспаптары бойынша жүзеге асырылады.
3. Тұрмыстық тұтынушыларға топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткiзiлетiн сұйытылған мұнай газын есепке алу:
1) жеке есепке алу аспаптары бойынша;
2) жеке есепке алу аспаптары болмаған, олар жарамсыз не газ жабдығының параметрлерiне сәйкес келмеген жағдайда – табиғи монополиялар салаларында және реттелетiн нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган бекiтетiн тұтыну нормалары бойынша көлемдiк әдiспен жүргiзiледi.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелерi тұтынушыларға тұрмыстық баллондарда өткiзiлетiн сұйытылған мұнай газына қолданылмайды.
7-тарау. ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРIНIҢ ҚАУIПСIЗДIГIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
30-бап. Газбен жабдықтау жүйелерiнiң қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету
1. Газбен жабдықтау жүйелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңнамасына және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Газбен жабдықтау жүйелерi объектiлерiнiң иелерi олардың қауiпсiз пайдаланылуын және жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге, өздерiне тиесiлi объектiлерге техникалық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге немесе техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға мiндеттi.
3. Газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар олардың сапасын және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Ғимараттардың, үй-жайлардың түтiндiк және желдеткiш арналарының, инженерлiк коммуникацияларды қосу нығыздамаларының иелерi олардың жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
5. Газ тасымалдау, газ тарату және газ желiсi ұйымдары өзiнiң құрамында, демалыс және мереке күндерiн қоса алғанда, тәулiк бойы жұмыс режимiндегi авариялық-диспетчерлiк қызмет ұстауға мiндеттi.
6. Газ тасымалдау, газ тарату және газ желiсi ұйымдары шарт негiзiнде авариялық жағдайларды жою үшiн өзге де ұйымдардың авариялық-диспетчерлiк қызметiн тартуға құқылы.
7. Газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiлерi үздiксiз энергиямен жабдықтау объектiлерi болып табылады. Энергиямен жабдықтау ұйымдарына газбен жабдықтау жүйелерi объектiлерiн пайдаланатын ұйымдармен келiспей, газбен жабдықтау жүйелерi объектiлерiнде энергия тұтынудың белгiленген лимиттерiн шектеу жөнiндегi режимдiк iс-шараларды жүргiзуге тыйым салынады.
8. Бiрыңғай техникалық дәлiздi екi және одан да көп ұйымдардың пайдалануына тыйым салынады.
31-бап. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк
бақылау және қадағалау
1. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылау мен қадағалаудың өзге нысандары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
32-бап. Газбен жабдықтау жүйелерi объектiлерiнiң күзет
аймағы
1. Тұрғындардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиян келтiрудi болғызбау, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйелерi объектiлерiн қауiпсiз пайдалану үшiн жағдай жасау мақсатында оларға iргелес жатқан аумақтарда күзет аймақтары белгiленедi. Бiрыңғай техникалық дәлiз үшiн бiр күзет аймағы белгiленедi.
2. Газбен жабдықтау жүйелерi объектiлерiнiң күзет аймақтарының шекаралары техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес белгiленедi.
3. Газбен жабдықтау жүйелерi объектiсiнiң күзет аймағында газбен жабдықтау жүйелерiнiң объектiсiн пайдаланатын ұйым беретiн жазбаша рұқсатсыз құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтарды орнатуға байланысты iздестiру жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды орналастыруға, материалдарды қоймаға жинауға, қоршаулар мен дуалдар соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге тыйым салынады.
4. Газбен жабдықтау жүйелерi объектiсiн пайдаланатын ұйымның жазбаша рұқсатынсыз шаруашылық қызметтi жүргiзетiн тұлғалар күзет аймағындағы қауiпсiздiк талаптарын бұзғаны үшiн жауаптылықта болады.
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР
33-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен
жабдықтау туралы заңнамасын бұзғаны үшiн
жауаптылық
Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
34-бап. Өтпелi ережелер
1. Осы Заң осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қолданысқа енгiзiлгенiнен кейiн туындайтын қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн күнтiзбелiк бiр жылдан асатын мерзiмге жасалған шикi, тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын сатып алу-сату, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерiне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсету шарттары бойынша сатушы немесе орындаушы осы Заңның ережелерiн ескере отырып, 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде оларды қайта жасасуды жүзеге асыруға мiндеттi.
Осы тармақтың ережесi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау шеңберiнде жасалған шикi, тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын сатып алу-сату шарттарына қолданылмайды.
3. Газ толтыру станциясын, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалануды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлғалар аталған қызметтi газ желiсi ұйымдары ретiнде жүзеге асыруды жалғастыру үшiн өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiруге және 2012 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде аккредиттеу рәсiмiнен өтуге мiндеттi.
35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Осы Заң:
1) 2012 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 9-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларын, 14, 15-баптарды, 22-баптың 3-тармағын, 5-тармағының 2) тармақшасын, 26-баптың 2 және 3-тармақтарын;
2) 2012 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 5-баптың 6) тармақшасын, 20-баптың 4 және 7-тармақтарын;
3) 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 6-баптың 18) тармақшасын, 17-баптың 2 және 4-тармақтарын, 23-баптың 1-тармағын, 24-баптың 1-тармағын, 27-баптың 1–3, 5–7-тармақтарын, 28-баптың 7-тармағының 2) және 3) тармақшаларын;
4) 2013 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 28-баптың 7-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina