ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 535-IV Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралыЕскертпесi!
Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат, № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни қызмет және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 209-баптың ескертуi мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың төртiншi бөлiгiнiң мақсаты үшiн асып түсудi айқындау кезiнде Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 335-бабының 3-тармағына және (немесе) 338-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес пайдалы қазбаларды өндiру салығына жүргiзiлген түзетуге байланысты түзiлген асып түсу есепке алынбайды.»;
2) 218-1-баптың 7-тармағы алып тасталсын;
3) 636-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:
«жергiлiктi атқарушы органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) (127, 165, 237-1, 309-1 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерi), 309-4 (сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 342, 343, 357-2 (екiншi бөлiгi), 346, 347, 348, 350, 351, 352-баптар)» деген сөздер «жергiлiктi атқарушы органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) (127, 237-1, 309-1 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерi), 309-4 (сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 342, 343, 357-2 (екiншi бөлiгi), 346, 347, 348, 350, 351, 352-баптар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының (163-6, 349-баптар) уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар.» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының (163-6, 165, 226 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi) 349-баптар) уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар.» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат, № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат):
1) 14-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «(реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту мақсаттары үшiн,» деген сөздер «(реконструкциялау) мақсаттары үшiн, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң индустриялық-инновациялық жобалары, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 16-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жер қойнауын пайдалану (өндiру жөнiндегi; бiрлескен барлау және өндiру жөнiндегi; барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн), магистральдық құбыржолдар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану жөнiндегi объектiлердi салу (реконструкциялау) мақсаттары үшiн, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң индустриялық-инновациялық жобалары үшiн жер учаскелерiн беру, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшiн магистральдық құбыржолдар салу, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық стратегиялық жобаларды iске асыру үшiн жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару;»;
3) 48-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнiң 18) тармақшасындағы «корпорацияларға берiлетiн жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерiн немесе жер учаскелерiн жалдау құқығын беру сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.» деген сөздер «корпорацияларға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыру үшiн индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне берiлетiн жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерiн немесе жер учаскелерiн жалдау құқығын беру сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.».
3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж. № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi органдардың мемлекеттiк және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi құзыретiнiң аражiгiн ажырату және бюджет процесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны 31-тараудың мынадай мазмұндағы жаңа 244-4-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«244-4-бап. Тазартылған алтынға салық салу»;
2) 14-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен, Кеден одағына мүше мемлекеттерден импортталатын акцизделетiн тауарларды (жеңiл автомобильдердi қоспағанда) алдағы уақытта алатыны туралы салық органдарына хабарлауға мiндеттi.»;
3) 84-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) инвестициялық портфельдi басқаруға арналған лицензия негiзiнде пайлық инвестициялық қор активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компаниялар үшiн – Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық инвестициялық қорлар алған және мұндай басқарушы компанияның сыйақысын қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың кастодианы солай деп таныған инвестициялық табыстар.»;
4) 99-баптың 1-тармағында:
1) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) егер осы тармақтың 1-1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, тәуекелдiк инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары төлейтiндердi қоспағанда, дивидендтер;
1-1) мынадай шарттарды бiр мезгiлде орындаған кезде:
дивидендтердi есептеу күнiне салық төлеушi тәуекелдiк инвестициялаудың осындай акционерлiк инвестициялық қорының акцияларына немесе қатысу үлестерiне үш жылдан астам иелiк етсе;
технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтының тәуекелдiк инвестициялаудың осындай акционерлiк инвестициялық қорының жарғылық капиталына қатысуы жиырма бес пайыздан астамды құраса, тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары төлейтiн дивидендтер;»;
«7) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қызметтен акционерлiк инвестициялық қорлар алған және акционерлiк инвестициялық қордың кастодианы ескерген инвестициялық табыстар;»;
5) 133-баптың 1-тармағы 4) тармақшадағы «мүлiктiң құнын азайтуға құқығы бар.» деген сөздер «мүлiктiң құнын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) ғылым саласындағы уәкiлеттi органның қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық деп танылған жұмыстарды орындауға тиiстi салық кезеңдерiнде нақты жұмсалған шығыстардың 50 пайызы мөлшерiнде азайтуға құқығы бар. Осы тармақша Қазақстан Республикасының аумағында көрсетiлген жұмыстардың нәтижесi енгiзiлген жағдайда, өнертабысты, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган салық төлеушiге берген, осындай жұмыстарды жүзеге асыру нәтижесiнде алынған өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне арналған қорғау құжаттары болған кезде қолданылады.
Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға жатқызылатын жұмыстардың тiзбесiн, Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың нәтижесiн енгiзудi растау тәртiбiн, сондай-ақ қорытындының нысаны мен оны беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Бұл ретте салық төлеушiнiң қорғау құжатын алуға арналған шығыстары ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды орындауға арналған шығыстар деп танылмайды.»;
6) 237-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тауарларды өткiзу бойынша айналым жасау күнi:
егер тауар тұрған жерiнде берiлуге тиiс болса, тауарды шарттың талаптарына сәйкес оның тұрған жерiнде сатып алушыға немесе ол айқындаған, тауарды жеткiзудi жүзеге асыратын тұлғаға немесе ол сенiм бiлдiрген тұлғаға беру күнi;
егер сатушының тауарды сатып алушыға оның тұрған жерiнде беру жөнiндегi мiндетi көзделмесе, тауарды шарт талаптарында айқындалған орында сатып алушыға немесе ол сенiм бiлдiрген тұлғаға беру күнi болып табылады.
Жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткiзу бойынша айналым жасау күнi жұмыстар орындау, қызметтер көрсету күнi болып табылады.
Бұл ретте қол қойылған:
орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер актiсiнде;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасында қол қойылған, жүктердi темiр жол көлiгiмен тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде темiр жол ынтымақтастығы саласындағы шарттарға (келiсiмдерге) сәйкес ресiмделген, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету фактiсiн растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетiлген жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету күнi жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетiлген күн деп танылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағы үшiншi бөлiгiнiң екiншi, үшiншi абзацтарында көрсетiлген құжаттарда жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң күнi бiр күннен артық болған кезде оның неғұрлым ертерек күнi жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету күнi болып табылады.
Егер осы баптың 1-тармағы үшiншi бөлiгiнiң екiншi, үшiншi абзацтарында көрсетiлген құжаттарда жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету күнi көрсетiлмесе, онда осы баптың 1-тармағы үшiншi бөлiгiнiң екiншi, үшiншi абзацтарында көрсетiлген құжаттар ресiмделген күн жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету күнi болып табылады.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Күнтiзбелiк жыл iшiнде осы баптың 1-тармағы үшiншi бөлiгiнiң екiншi, үшiншi абзацтарында көрсетiлген құжаттар болмаған кезде:
1) қосылған құн салығы көрсетiлiп, шот-фактура жазылған күннiң
2) әрбiр төлемдi (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күнiнiң қайсысы бiрiншi басталса, сол күн өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
9. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиалдар, өкiлдiктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, көрсетiлген қызметтердi сатып алған жағдайда, қол қойылған:
орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер актiсiнде;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттер арасында қол қойылған, жүктердi темiр жол көлiгiмен тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде темiр жол ынтымақтастығы саласындағы шарттарға (келiсiмдерге) сәйкес ресiмделген, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету фактiсiн растайтын құжатта көрсетiлген жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету күнi сатып алу бойынша айналым жасау күнi деп танылады.
Егер осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi, үшiншi абзацтарында көрсетiлген құжаттарда жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету күнi көрсетiлмесе, онда осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi, үшiншi абзацтарында көрсетiлген құжаттар ресiмделген күн жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету күнi болып табылады.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi, үшiншi абзацтарында көрсетiлген құжаттарда жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң күнi бiр күннен артық болған кезде оның неғұрлым ертерек күнi жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету күнi болып табылады.»;
7) 243-бапта:
1-тармақтың 2) және 3) тармақшаларындағы «жүктiң кедендiк декларациясы» және «жүктiң толық кедендiк декларациясы» деген сөздер тиiсiнше «тауарларға декларацияның көшiрмесi» және «тауарларға толық декларацияның көшiрмесi» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) және 2) тармақшалардағы «жүктiң кедендiк декларациясы» деген сөздер «тауарларға декларацияның көшiрмелерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) және 4) тармақшалардағы «жүктiң кедендiк декларациясының» деген сөздер «тауарларға декларацияның» деген сөздермен ауыстырылсын.»;
8) 244-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер тасымалдауды ресiмдеу осы баптың 3-тармағында белгiленген бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен жүзеге асырылған болса, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшiн тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледi.»;
3-тармақтың 1) тармақшасының жетiншi және сегiзiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«есеп-қисап кезеңi iшiнде экспорттың және iшкi тұтыну үшiн шығарудың кедендiк рәсiмдерiне орналастырылған тауарларға декларацияның көшiрмесi не есеп-қисап кезеңi iшiнде кедендiк транзиттiң кедендiк рәсiмiне орналастырылған тауарларға декларация;
орындалған жұмыстардың актiлерi, сатушыдан не көрсетiлген жүктердi бұдан бұрын жеткiзудi жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетiлген жүктердi одан әрi жеткiзудi жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға жүктердi қабылдап алу-тапсыру актiлерi;»;
9) мынадай мазмұндағы 244-4-баппен толықтырылсын:
«244-4-бап. Тазартылған алтынға салық салу
1. Алтын өндiрудi және шығаруды жүзеге асыратын салық төлеушiлердiң алтын-валюта активтерiн толықтыру үшiн өз өндiрiсi шикiзатынан тазартылған алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне өткiзуi бойынша айналымға нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.
2. Мыналар:
1) салық төлеушi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арасында жасалған алтын-валюта активтерiн толықтыру үшiн тазартылған алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне өткiзiлген тазартылған алтын құнын растайтын құжаттардың көшiрмесi;
3) тазартылған алтын саны көрсетiле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тазартылған алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмесi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген, нөлдiк мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар болып табылады.»;
10) 248-бапта:
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) егер осы Кодекстiң 244-4-бабында өзгеше белгiленбесе, тазартылған қымбат бағалы металдарды – өз өндiрiсi шикiзатынан дайындалған алтынды, платинаны;»;
16-1) тармақшадағы «бiр мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес болған:» деген сөздер «егер осы Кодекстiң 244-4-бабында өзгеше белгiленбесе, бiр мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес болған:» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 262-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Есепке жатқызудың бөлек әдiсiн пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушiлердiң бiр мезгiлде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезiнде жалпы айналымдағы салық салынатын айналымның үлес салмағын қолдануға құқығы бар.»;
12) 263-баптың 5-тармағының 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi мен алушының тұрған жерiнiң почталық индексi көрсетiлмеген мекенжайы;»;
13) 276-12-бапта:
2-тармақтағы «Экспортталатын» деген сөз «Экспортталатын немесе импортталатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 2-тармағының мақсаты үшiн мыналар:
1) экспорттау жағдайында, тауарларды импорттаушыдан экспорттаушы алған, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiштiң көшiрмесi;
2) импорттау жағдайында, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған салық төлеушiден алынған тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiштiң көшiрмесi;
3) орындалған жұмыстардың актiлерi, сатушыдан не көрсетiлген жүктердi бұдан бұрын жеткiзудi жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетiлген жүктердi одан әрi жеткiзудi жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға жүктердi қабылдап алу-тапсыру актiлерi;
4) шот-фактуралар растайтын құжаттар болып табылады.
4. Жүктердi магистральдық құбыржолдар жүйесi бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттiң бiрiнiң аумағынан сол немесе Кеден одағына мүше басқа мемлекеттiң аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау, егер тасымалдауды ресiмдеу мынадай құжаттармен:
1) орындалған жұмыстардың актiлерiмен, сатушыдан не көрсетiлген жүктердi бұдан бұрын жеткiзудi жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетiлген жүктердi одан әрi жеткiзудi жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға жүктердi қабылдап алу-тапсыру актiлерiмен;
2) шот-фактуралармен жүзеге асырылса, халықаралық тасымалдау деп есептеледi.»;
14) 387-бап мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен инвестициялық стратегиялық жобалар тiзбесiнде көзделген инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыруды Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жасалған келiсiмшарт негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалар инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыру үшiн пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша жер салығын есептеу кезiнде жер салығының тиiстi мөлшерлемелерiне 0 коэффициентiн қолданады.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң ережелерi жер учаскесiн немесе оның бiр бөлiгiн (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бiрге не оларсыз) жалға, өзге де негiздерде пайдалануға беру жағдайларында қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелерi келiсiмшарт жасалған айдың алғашқы күнiнен бастап қолданылады және оның қолданысы келiсiмшарт жасалған күннен бастап жетi жылдан аспайды.
3-2. Технологиялық парктер Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы заңнамалық актiсiнде көзделген қызметтiң негiзгi түрiн жүзеге асыру үшiн бөлiнген жер учаскелерi бойынша жер салығын есептеу кезiнде жер салығының тиiстi мөлшерлемелерiне 0,1 коэффициентiн қолданады.
Осы тармақтың ережелерiн бiр мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келетiн:
1) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы заңнамасына сәйкес құрылған;
2) осындай технологиялық парктердiң жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының елу немесе одан астам пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесiлi технологиялық парктер қолдануға құқылы.»;
15) 398-бап мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен инвестициялық стратегиялық жобалар тiзбесiнде көзделген инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар пайдалануға алғаш берiлген объектiлер бойынша Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жасалған келiсiмшарт негiзiнде салық базасына 0 пайыз мөлшерлеме бойынша мүлiк салығын есептейдi.
Осы тармақтың бiрiншi абзацының ережелерi салық салу объектiлерiн пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға беру жағдайларында қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелерi объектiлердi пайдалануға беру жүзеге асырылған айдың 1-шi күнiнен бастап, бiрақ келiсiмшарт жасалған күннен кейiн қолданылады және ол келiсiмшарт жасалған күннен бастап жетi жылдан аспайды.
7. Технологиялық парктер индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы заңнамалық актiде көзделген қызметтiң негiзгi түрiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын объектiлер бойынша салық базасына 0,1 пайыз мөлшерлеме бойынша мүлiк салығын есептейдi.
Осы тармақтың ережелерiн бiр мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келетiн:
1) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы заңнамаға сәйкес құрылған;
2) осындай технологиялық парктердiң жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының елу немесе одан астам пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесiлi технологиялық парктер қолдануға құқылы.»;
16) 653-баптың 6-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын.».
4. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 7-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының Кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
11-баптың 1-тармағының бесiншi бөлiгiндегi «оқытушылар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар жоғары бiлiмдi шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.» деген сөздер «жоғары бiлiмдi оқытушылар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы және жетiншi бөлiктермен толықтырылсын:
«индустриялық-инновациялық жобаны iске асыру мақсатында индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган бiлiктiлiгi жоғары шетел мамандарын тартуға инновациялық грант беру туралы шешiм қабылдаған ұйымдарда басшылар және жоғары бiлiмдi мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн;
ұлттық даму институттарында, олармен байланысты ұйымдарда басшылар және жоғары бiлiмдi мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.».
5. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат, № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011., №1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шiлдедегi Заңы):
4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттарына сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;».
6. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат):
1) 13-баптың 3) тармақшасындағы «гранттар берiледi.» деген сөздер «гранттар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) инвестициялық стратегиялық жобаларды iске асыратын заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiппен жер салығына және мүлiк салығына жеңiлдiктер;
5) әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi төмен елдi мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды iске асыратын заңды тұлғалар үшiн өнеркәсiптiк жеңiлдiктер берiледi.»;
2) мынадай мазмұндағы 18-1 және 18-2-баптармен толықтырылсын:
«18-1-бап. Инвестициялық стратегиялық жобаларды iске асыратын
заңды тұлғалар (тұлға) үшiн Қазақстан
Республикасының салық заңнамасында көзделген
тәртiппен жер салығына және мүлiк салығына
жеңiлдiктер
1. Инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыратын заңды тұлға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiппен жер салығы және мүлiк салығы бойынша жеңiлдiктерге үмiттене алады.
2. Инвестициялық стратегиялық жобалардың тiзбесiне енгiзу үшiн инвестициялық жоба қосылған құны жоғары (қайта жасалуы және қайта өңделуi анағұрлым жоғары) өнiм өндiруге бағытталуға, басым қызмет түрлерiне сәйкес келуге, сондай-ақ мынадай критерийлердiң бiрiне жауап беруге тиiс:
1) инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жоғары технологиялық өнiмдердi өндiру қызметi түрлерiнiң тiзбесiне кiретiн өнiмдердi өндiруге бағытталуға тиiс;
2) инвестициялық жоба бойынша инвестиция көлемi тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген ең төменгi есептiк көрсеткiштiң бес миллион еселенген мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
3. Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тiзбесiне енгiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
18-2-бап. Әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi төмен елдi
мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды iске
асыратын заңды тұлғалар үшiн өнеркәсiптiк
жеңiлдiктер
1. Әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi төмен елдi мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды iске асыратын заңды тұлғаларға өнеркәсiптiк жеңiлдiктер беру әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi төмен елдi мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыратын заңды тұлғаның мынадай:
1) газға;
2) электр энергиясына;
3) жер учаскесiн сатып алуға;
4) ғимараттар, құрылыстар сатып алуға (салуға) арналған шығын түрлерi бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеудi немесе төлеудi қамтиды.
2. Әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi төмен елдi мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды iске асыратын заңды тұлғалар үшiн өнеркәсiптiк жеңiлдiктер беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi төмен елдi мекендерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.».
7. «Акционерлiк қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., №4, 28, 33-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32, 43-құжаттар; № 6, 50-құжат):
34-1-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Екiншi деңгейдегi банктердi (Қазақстанның Даму Банкiнен және Қазақстанның Тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнен басқа) қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тiкелей немесе жанама тиесiлi ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы, оның iшiнде кепiлдiктi тапсырысты орналастыруы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың үлгiлiк қағидалары негiзiнде жүзеге асырылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағында атап санамаланған тұлғалар индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға ол белгiлеген нысан бойынша және мерзiмдерде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудағы жергiлiктi қамту бойынша ақпарат беруге мiндеттi.
Жергiлiктi қамту Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен, ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiндегi жергiлiктi қамтуды есептеудiң бiрыңғай әдiстемесi бойынша айқындалады.».
8. «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әкетудi және (немесе) әкелудi сан жағынан шектеулер – тауарлардың сыртқы саудасын сан жағынан шектеу жөнiндегi, квоталарды белгiлеу жолымен енгiзiлуi мүмкiн шаралар;
2) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi – бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етiлген шекте ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн бөлшек сауда бағаларының рұқсат етiлген деңгейi, сауда қызметiнiң субъектiсi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын осы деңгейге дейiн айқындауға құқылы;
3) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағасы – әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн бөлшек сауда бағаларының деңгейi;
4) бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
5) кедендiк баждардың квотадан тыс мөлшерлемесi – белгiленген тарифтiк квотадан тыс әкелiнетiн тауарларға белгiленетiн кедендiк әкелiм бажының мөлшерi (шамасы);
6) кедендiк баждардың квотаiшiлiк мөлшерлемесi – белгiленген тарифтiк квота шегiнде әкелiнетiн тауарларға белгiленетiн кедендiк әкелiм бажының мөлшерi (шамасы);
7) көтерме сауда – кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
8) қоғамдық тамақтандыру – тамақ өнiмдерiн өндiрумен, қайта өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет;
9) рұқсат – осы Заңға сәйкес сыртқы сауда шарты (келiсiмшарты) негiзiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыға берiлетiн рұқсат ету құжаты;
10) сауда алаңы – тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға, сатып алушылардың өтуiне арналған, арнайы құрал-жабдық қойылған сауда объектiсiнiң алаңы;
11) сауда желiсi – ортақ басқарудағы және (немесе) бiрыңғай коммерциялық белгiнi немесе дараландырудың өзге де құралы аясында пайдаланылатын, екi мың шаршы метрден кем емес жалпы сауда алаңы бар, екi және одан да көп сауда объектiлерiнiң жиынтығы;
12) сауда қызметi – жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсiпкерлiк қызметi;
13) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – сауда қызметi саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
14) сауда қызметiнiң субъектici – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сауда қызметiн жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
15) сауда объектiсi – арнайы құрал-жабдықпен жарақталған, тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын үй немесе үйдiң бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;
16) сауда саясаты – осы Заңда белгiленген мақсаттар мен қағидаттарды iске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, бақылау шараларының және өзге де шаралардың жиынтығы;
17) сыртқы сауда (бұдан әрi – сыртқы сауда қызметi) – тауарларды Қазақстан Республикасынан әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына әкелумен байланысты сауда қызметi;
18) тарифтiк квота – кедендiк әкелiм бажының қолданыстағы мөлшерлемесiмен салыстырғанда тауардың белгiлi бiр санын (заттай немесе құнымен алғанда) әкелу кезiнде белгiлi бiр кезең iшiнде кедендiк әкелiм бажының неғұрлым төмен мөлшерлемесiн қолдануды көздейтiн, үшiншi елдерден шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi реттеу шарасы;
19) тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi;
20) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортын және (немесе) импортын қадағалау – тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспорты және (немесе) импорты серпiнiнiң мониторингiсi мақсатында белгiленетiн уақытша шара;
21) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық – уәкiлеттi орган беретiн лицензияның негiзiнде ұсынылатын тауарлардың жекелеген түрлерiне қатысты сыртқы сауда қызметiн жүзеге асыру құқығы;
22) iрi сауда объектiсi – сауда алаңы екi мың шаршы метрден кем емес сауда объектiсi;
23) iшкi сауда – Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi.»;
2) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) сауда саясатын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
2) сауда қызметi саласындағы мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;
3) сауда қызметi саласындағы салалық бағдарламаларды бекiтедi;
4) Қазақстан Республикасының iшкi нарығын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
5) сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу шараларын қолданады;
6) сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларын қолданады;
7) iшкi сауда қағидаларын бекiтедi;
8) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативтерiн бекiтедi;
9) сауда қызметi саласында шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды және шетелде Қазақстан Республикасының сауда өкiлдiктерiн ашуды жүзеге асырады;
10) сауда қызметi саласында келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды;
11) уәкiлеттi органды айқындайды;
12) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағалардың шектi мәндерiн және оларға бөлшек сауда бағаларының шектi рұқсат етiлген мөлшерiн белгiлеу тәртiбiн бекiтедi;
13) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн бекiтедi;
14) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн бекiтедi;
15) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
3) 7-1-бап алып тасталсын;
4) 8-баптың 1) тармақшасындағы «мемлекеттiк» деген сөз алып тасталсын;
5) 15 және 15-1-баптар алып тасталсын.
9. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi органдардың мемлекеттiк және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi құзыретiнiң аражiгiн ажырату және бюджет процесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 17-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) нәтижесiнде жеңiп шыққан концессия өтiнiмiн анықтауға негiз болатын барлық критерийлердiң, оның iшiнде жергiлiктi қамту жөнiндегi мiндеттемелердiң сипаттамасын, оның iшiнде мұндай әрбiр критерийдiң салыстырмалы мәнiн, концессиялық өтiнiмдердi бағалау және салыстыру тәсiлiнiң сипаттамасын;»;
2) 21-баптың 1-тармағының 18) және 19) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«18) жергiлiктi қамту жөнiндегi мiндеттемелердi;
19) концессионердiң сатып алуды жүргiзу үшiн жоспарланатын жылдың 1 ақпанынан кешiктiрмей тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасын және индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан мен мерзiмдер бойынша оған сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлген қызметтер туралы ақпаратты жыл сайын беру жөнiндегi мiндеттемелерiн қамтуға тиiс.».
10. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., №5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi органдардың мемлекеттiк және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi құзыретiнiң аражiгiн ажырату және бюджет процесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 6-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) жергiлiктi қамту – мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауға жұмысқа тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегiне ақы төлеу құнының осы шарт бойынша еңбекке ақы төлеудiң жалпы қорындағы және (немесе) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу немесе толық өндiру критерийлерiне сәйкес тауарда (тауарларда) белгiленген қазақстандық шығарылым үлесi (үлестерi) құнының мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнындағы пайыздық қамтылуы;»;
2) 14-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде жергiлiктi қамтудың көлемi туралы ақпаратты ескере отырып, есептiлiктi жинау, қорыту және талдау тәртiбiн айқындайды;»;
3) 14-1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мемлекеттiк сатып алу саласындағы есептiлiктi, оның iшiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде жергiлiктi қамтудың көлемi туралы есептiлiктi техникалық сүйемелдеудi қамтамасыз етедi;»;
4) 17-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жергiлiктi қамтуды көздеуге мiндеттi.».
11. «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған ««Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 24 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 57-1) тармақшамен толықтырылсын:
«57-1) халықаралық мектеп – өз бетiнше әзiрлеген интеграцияланған бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен бiлiм беру ұйымы;»;
2) 47-баптың 6-1-тармағы «Назарбаев Зияткерлiк мектептерiн» деген сөзерден кейiн «және халықаралық мектептердi» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 65-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
«Халықаралық мектеп мәртебесiн беру Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша, ол айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады.».
12. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат, 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат):
49-1-баптың бесiншi бөлiгiндегi «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкiметi» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2009 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 2-3, 17-құжат; № 24, 133-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат):
1) 3-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) отандық тауар өндiрушiлермен және жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушiлермен өзара iс-қимыл жасау арқылы жергiлiктi қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;»;
2) 7-баптың 5-тармағының екiншi және үшiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергiлiктi қамту Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен, ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде жергiлiктi қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесi бойынша айқындалады.
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудағы жергiлiктi қамту бойынша ақпарат индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша және мерзiмдерде осы уәкiлеттi органға ұлттық басқарушы холдинг атынан шоғырландырылған түрде ұсынылады.».
14. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 1-баптың 34), 37), 92) және 109) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«34) жұмыстағы (көрсетiлетiн қызметтегi) жергiлiктi қамту – жұмысты орындау кезiнде пайдаланылатын тауарлардың құны және қосалқы мердiгерлiк шарттарының бағалары шегерiле отырып, жұмысты орындау кезiнде пайдаланылатын тауарлардағы, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлердiң еңбегiне ақы төлеу бағасындағы, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс орындаушының еңбегiне (қызмет көрсетуге) ақы төлеу қорындағы жергiлiктi қамту құнының жалпы жиынтық үлесi;»;
«37) кадрлардағы жергiлiктi қамту – жұмысшылар мен қызметшiлердi әрбiр санаты бойынша бөле отырып, келiсiмшартты орындау кезiнде жұмысқа тартылған персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың саны;»;
«92) тауардағы жергiлiктi қамту – Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, тауарды қайта өңдеуге пайдаланылатын жергiлiктi материалдар құнының және тауарларды өндiрушi шығындарының тауардың түпкiлiктi құнындағы пайыздық қамтылуы;»;
«109) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде жергiлiктi қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесi – Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудағы жергiлiктi қамтуды есептеу үшiн қолданылатын тәртiп;»;
2) 16-баптың 55), 59) және 60) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«55) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде жергiлiктi қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесiн бекiтедi;»;
«59) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетiлетiн қызметтердегi ең аз жергiлiктi қамтуды есептеу тәртiбiн бекiтедi;
60) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуының жылдық, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер туралы және кадрлардағы жергiлiктi қамту жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуы туралы есептерiн жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртiбiн бекiтедi;»;
62) тармақша алып тасталсын;
3) 17-баптың 19) және 21) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«19) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға жинақтау және талдау үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуындағы жергiлiктi қамту бойынша жалпы ақпаратты беру;»;
«21) тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудағы жергiлiктi қамту және кадрлардағы жергiлiктi қамту бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттар талаптарын орындауына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;»;
4) 19-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау
саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi»;
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне:»;
16, 21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде жергiлiктi қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесiн әзiрлеу;»;
«21) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегi ең аз жергiлiктi қамтуды есептеу тәртiбiн әзiрлеу;
22) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуының жылдық, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер туралы және кадрлардағы жергiлiктi қамту жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуы туралы есептерiн жасау және ұсыну нысандары мен тәртiбiн мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп әзiрлеу;»;
24) тармақша алып тасталсын;
5) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган:
1) кадрлардағы жергiлiктi қамтуды есептеу әдiстемесiн әзiрлейдi және құзыреттi органның келiсiмi бойынша бекiтедi;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергiлiктi қамту бойынша, сондай-ақ кемсiтпеушiлiк негiзде қазақстандық кадрлардың еңбек жағдайлары мен еңбегiне ақы төлеудi қамтамасыз ету бойынша келiсiмшарттық мiндеттемелердi орындауының мониторингiн жүзеге асыруға қатысады;
3) кадрлардағы жергiлiктi қамтудың ең аз санын есептеу тәртiбiн бекiтедi;
4) құзыреттi органмен келiсiлген тәртiппен оған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына енгiзу үшiн кадрлардағы ең аз жергiлiктi қамтуды ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.»;
6) 27-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетiлетiн қызметтердегi, кадрлардағы жергiлiктi қамту мен аумақтарды әлеуметтiк дамыту, оның iшiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттық мiндеттемелердi орындауының мониторингiн жүзеге асыруға қатысады;»;
7) 35-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) «Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiмен барлау және (немесе) өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге;»;
8) 47-баптың 2-тармағында:
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кадрлардағы ең аз жергiлiктi қамту;
7) тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегi ең аз жергiлiктi қамту;»;
9) тармақша «ғылыми-зерттеу» деген сөздерден кейiн «, ғылыми-техникалық» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 50-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлiгiнде:
4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қазақстандық кадрларды оқыту мен олардың бiлiктiлiгiн арттырудың мiндеттi бағдарламаларының iске асырылуына қарай өсiп отыруға тиiс кадрлардағы жергiлiктi қамту бойынша мiндеттемелер;»;
«6) келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындауға қажеттi тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегi жергiлiктi қамту бойынша мiндеттемелер;»;
7) тармақша «ғылыми-зерттеу» деген сөздерден кейiн «, ғылыми-техникалық» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 58-баптың 3-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кадрлардағы, сатып алынатын тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетiлетiн қызметтердегi жергiлiктi қамтудың мөлшерлерiн;»;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiсi болып табылатын жер қойнауын пайдаланушының өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған өтiнiмiнде жоғарыда аталған мәлiметтерден басқа қолдануға ұсынылатын технологиялар туралы ақпаратты қамтитын технологиялық бағдарлама болуға тиiс.»;
11) 60-бапта:
3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тауарлардағы, жұмыстардағы, қызметтердегi және кадрлардағы жергiлiктi қамтудың көлемi;»;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Қолдануға ұсынылатын технологиялар туралы ақпаратты қамтитын технологиялық бағдарламаның болуы индустриялық-инновациялық қызмет субъектiсi болып табылатын жер қойнауын пайдаланушымен жасалатын өндiруге арналған келiсiмшарттың қосымша шарты болып табылады.»;
7-тармақтың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген шарттар бойынша келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда құзыреттi орган және барлауға арналған келiсiмшарттың негiзiнде кен орнын табу мен бағалауды жүргiзген тұлға қол қойылған бонустың, тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетiлетiн қызметтердегi және кадрлардағы жергiлiктi қамтудың, сондай-ақ өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшерлерiне қатысы бар қайталама конкурстың қажеттi шарттарын бiрлесiп айқындайды.»;
12) 61-баптың 2-тармағының екiншi және бесiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
«Келiсiмшарт: қол қойылған бонусты төлеудiң мөлшерi мен талаптары бойынша; өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшерi мен талаптары бойынша; кадрлардағы жергiлiктi қамту бойынша; Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келiсiмшартты орындау кезiнде тартылған қызметкерлердi оқытуға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыреттi органмен келiсiлген мамандықтар тiзбесi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстардың мөлшерi бойынша; тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегi жергiлiктi қамту бойынша; жұмысқа тартылған шетелдiк персоналға қатысты, мердiгерлiк жұмыстармен айналысатын персоналды қоса алғанда, қазақстандық персонал үшiн еңбекақы төлеудiң тең жағдайларын қамтамасыз ету бойынша; Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға осы Заңда белгiленген шығыстар мөлшерi бойынша мiндеттемелердi қамтуға тиiс.»;
«Келiсiмшарттың талаптары жер қойнауын пайдаланушының өзi қабылдаған, оның iшiнде тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетiлетiн қызметтердегi және кадрлардағы жергiлiктi қамту бойынша, келiсiмшартта көзделген салықтық емес сипаттағы төлемдер бойынша мiндеттемелердi орындамағаны, тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық төлемi (айыппұлдар, өсiмпұлдар) мөлшерiн қамтуға тиiс.»;
13) 76-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi қазақстандық өндiрушiлер көрсететiн ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды нақты қызмет бойынша жиынтық жылдық табыстың кемiнде бiр пайызы мөлшерiнде жыл сайын жүзеге асыруға мiндеттi.
Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды орындауға, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт шеңберiндегi қызметпен байланысты, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт шеңберiндегi қызметпен байланысты емес, қосылған құны жоғары өнiмдi (қайта жасалуы жоғары) алуға бағытталған жұмыстарға, экология, еңбектi қорғау, жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қамтамасыз ету, өндiрiстiк қызмет шеңберiнде (технологиялық цикл) энергия үнемдеуге жұмсаған нақты шығыстары және (немесе) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектiлерi жүзеге асыратын ғылыми зерттеулердi, сондай-ақ «Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерiн қаржыландыруға арналған шығыстары оның ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөнiндегi мiндеттеменi орындауы болып табылады.
Осы тармақшаның ережелерi келiсiмшарттардың мынадай:
кеңiнен таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндiруге арналған;
жерасты суларын барлауға және (немесе) өндiруге арналған;
емдiк балшықтарды барлауға және (немесе) өндiруге арналған;
барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған түрлерiне қолданылмайды;»;
19) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«19) есептi кезеңнен кейiнгi айдың он бесiнен кешiктiрмей, тоқсан сайын құзыреттi органға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нысандар мен тәртiп бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер туралы және кадрлардағы жергiлiктi қамту бойынша мiндеттемелердiң орындалуы туралы есептердi ұсынуға;»;
«21) есептi кезеңнен кейiнгi айдың он бесiнен кешiктiрмей, жыл сайын құзыреттi органға кадрлардағы жергiлiктi қамту бойынша мiндеттемелердiң орындалуы туралы есептi ұсынуға;»;
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
«21-1) есептi кезеңнен кейiнгi айдың он бесiншi күнiнен кешiктiрмей, тоқсан сайын құзыреттi органға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нысандар мен тәртiп бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру бойынша мiндеттемелердi орындау жөнiндегi есептi ұсынуға;»;
14) 78-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Келiсiмшарттық мiндеттемелердi жергiлiктi қамту бөлiгiнде орындауға қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер сатып алуды жоспарлауы және жүргiзуi, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығындар мен өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар туралы ақпарат құпия болып табылмайды.»;
15) 129-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жер қойнауын пайдалануға арналған бұрын жасалған келiсiмшарттар бойынша тараптар терминологияны бiрiзге келтiру, кадрлардағы жергiлiктi қамту, ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде жергiлiктi қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесiне сәйкес есептелген тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегi жергiлiктi қамту туралы, құзыреттi орган бекiтетiн тәртiппен және нысандар бойынша жоспарланып отырған және нақты жүргiзiлген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу туралы ақпарат беру бөлiгiнде осы Заңда белгiленген талаптарды басшылыққа алуға мiндеттi.».
15. «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни қызмет және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
134-бапта:
2-тармақтың 7) тармақшасындағы «қолданбалы» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақтың 5) тармақшасындағы «iргелi» деген сөз алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 3-тармағының 7), 8) тармақшаларын, 2011 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 3-тармағының 2), 16) тармақшаларын, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 3-тармағы 1), 3) тармақшаларын, 4) тармақшасының жетiншi абзацын, 6), 9) – 13) тармақшаларын, 1-баптың 12-тармағын, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 3-тармағы 4) тармақшасының екiншi – алтыншы абзацтарын, 5), 14), 15) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina