Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 530-IV Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралыРҚАО-ның ескертпесi! Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз. 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат): 1) 15-баптың бiрiншi бөлiгiнiң у-4) тармақшасындағы «мәмiлелер паспорттарын ресiмдеу» деген сөздер «келiсiмшарттардың есептiк нөмiрлерiн алуы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 42-баптың екiншi бөлiгiндегi «қымбат» деген сөз «бағалы» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) 56-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасындағы «мәмiлелер паспорттарын ресiмдеуiнiң» деген сөздер «келiсiмшарттардың есептiк нөмiрлерiн алуының» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат): 1) 1-бапта: 2) тармақшадағы «қымбат» деген сөз «бағалы» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) келiсiмшарттың есептiк нөмiрi – валюталық операциялар бойынша есепке алуды және есептiлiктi қамтамасыз етуге арналған, уәкiлеттi банктiң экспортты (импортты) көздейтiн валюталық шартқа беретiн тiркеу нөмiрi;»; 8) тармақша алып тасталсын; 2) 6-баптың 3-тармағындағы «1), 3)-» деген цифрлар «8),» деген цифрмен ауыстырылсын; 3) 8-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «8-бап. Тiркеу режимi»; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Егер резидент талапты басқаға беру немесе борышты аудару нәтижесiнде тiркеу режимi қолданылған валюталық шарттың тарапы болса, онда ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиiстi мәмiле жасалған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмде тiркелу үшiн өтiнiш жасауға мiндеттi.»; 4-тармақтағы «6), 7),» деген цифрлар алып тасталсын; 4) 9-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «9-бап. Хабарлама режимi»; 2-тармақта: бiрiншi бөлiкте: бiрiншi сөйлемдегi «беру» деген сөз «нысанында хабардар ету» деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi сөйлемдегi «жетi жұмыс күнiнен» деген сөздер «күнтiзбелiк отыз күннен» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын: «Егер резидент талапты басқаға беру немесе борышты аудару нәтижесiнде хабарлама режимi қолданылған валюталық шарттың тарапы болса, онда ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн тиiстi мәмiле жасалған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмде осындай валюталық шарт туралы хабардар етуге мiндеттi.»; 5) 10–баптың бiрiншi бөлiгiнде: 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) заңды тұлғалар үшiн – құрылтай құжаттарының (салыстыру үшiн түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;»; 7) тармақша алып тасталсын; 6) 12-баптың 4-тармағында: «мәмiле паспорттарын ресiмдеудiң» деген сөздер «келiсiмшарттардың есептiк нөмiрлерiн алуының» деген сөздермен ауыстырылсын; «мәмiле паспортын ресiмдеу» деген сөздер «келiсiмшарттың есептiк нөмiрiн алу» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 13-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге iссапарға шығуына байланысты шығыстарын, оның iшiнде өкiлдiк шығыстарын төлеу кезiндегi операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге iссапарға шығуына байланысты берiлген жұмсалмаған авансты өтеу кезiндегi операциялар;»; 8) 16-бапта: 1-тармақта: бiрiншi бөлiкте: 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге iссапарға шығуына байланысты шығыстарын, оның iшiнде өкiлдiк шығыстарын төлеу кезiндегi операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге iссапарға шығуына байланысты берiлген жұмсалмаған авансты өтеу кезiндегi операциялар;»; мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайлар мен теңiз порттарында шет мемлекеттердiң кемелерiне қызмет көрсетiлгенi үшiн резидент еместер мен резидент заңды тұлғалар арасындағы төлемдер, сондай-ақ резидент еместердiң аэронавигациялық қызмет көрсету, әуежай қызметi көрсететiн қызметтерге және теңiз порттарының халықаралық рейстерге қызмет көрсету жөнiндегi қызметтерiне ақы төлеуi;»; мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын: «Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң ережелерi тараптарының бiрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болып табылатын операцияларға қолданылмайды.»; 2-тармақтағы «мәмiле паспортын тiркеу, хабарлау және ресiмдеу» деген сөздер «келiсiмшарттың есептiк нөмiрiн тiркеу, хабарлау немесе алу» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың 2) тармақшасындағы «мәмiле паспортын ресiмдеу» деген сөздер «келiсiмшарттың есептiк нөмiрiн алу» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын: «18-бап. Валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы және (немесе) құны ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын және резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету 1. Қолма-қол шетел валютасын, қолма-қол ұлттық валютаны, құжаттандырылған бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын Қазақстан Республикасына әкелудi және Қазақстан Республикасынан әкетудi Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын сақтаған жағдайда резиденттер мен резидент еместер шектеусiз жүзеге асырады. 2. Жеке тұлғалар жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасына тең немесе одан аспайтын қолма-қол шетел және (немесе) қолма-қол ұлттық валютасын (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерiн кедендiк декларациялаусыз Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге құқылы. 3. Жеке тұлғаның жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асатын қолма-қол шетел және (немесе) қолма-қол ұлттық валютасын (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерiн Қазақстан Республикасына әкелуi немесе Қазақстан Республикасынан әкетуi, Кеден одағы кедендiк аумағының құрамдас бөлiгi болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкелiнетiн немесе әкетiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органында мiндеттi түрде кедендiк декларациялануға жатады. Кедендiк декларациялау өткiзiлетiн қолма-қол ақшаның және жол чектерiнiң шығу тегi және мақсаты туралы мәлiметтер көрсетiлген, әкелiнетiн немесе әкетiлетiн қолма-қол шетел валютасының, қолма-қол ұлттық валютаның және жол чектерiнiң бүкiл сомасына жазбаша нысанда кедендiк декларация беру арқылы жүзеге асырылады. 4. Жеке тұлғаның ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдердi, чектердi (жол чектерiнен басқа) Қазақстан Республикасына әкелуi немесе Қазақстан Республикасынан әкетуi, Кеден одағы кедендiк аумағының құрамдас бөлiгi болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкелiнетiн немесе әкетiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органында мiндеттi түрде кедендiк декларациялануға жатады. 5. Тазартылған құйма алтынды, сондай-ақ заңды төлем құралы болып табылатын бағалы металдардан жасалған монеталарды Кеден одағы кедендiк аумағының құрамдас бөлiгi болып табылмайтын аумақтан немесе аумаққа Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»; 10) 20-баптың 3-2-тармағындағы «мәмiле паспортын ресiмдеу» деген сөздер «келiсiмшарттың есептiк нөмiрiн алу» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 22-баптың 1-тармағында «жарғылық капиталға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында салымдарды» деген сөздер «ұйымға (оның iшiнде жарғылық капиталына) қатысуды қамтамасыз ету мақсатында немесе оның мүлкiне жарна ретiнде ақшаны және өзге де мүлiктi» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 25-баптың 2-тармағы «банк» деген сөзден кейiн «(оның iшiнде жинақ)» деген сөздермен толықтырылсын; 13) 29-баптың 6-тармағында: 6) тармақша алып тасталсын; 7) тармақша «, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген жағдайларда келiсiмшарттың есептiк нөмiрiн беру туралы белгiсi бар валюталық шарт» деген сөздермен толықтырылсын; 9) тармақша алып тасталсын. 2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының алтыншы абзацын, 5) тармақшасының төртiншi абзацын және 13) тармақшасының екiншi абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Президентi Н. НАЗАРБАЕВ
|