ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 12...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 538-IV Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Респубикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
826-баптың 1-тармағында:
12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (ол болған кезде), сақтанушының резиденттiк белгiсiн және экономикасының секторын көрсету;
13) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (ол болған кезде), егер сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру шарты бойынша сақтанушы болмаса, сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру шартында көрсетiлген жағдайда, оның резиденттiк белгiсiн және экономикасының секторын көрсету;»;
мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«15) сақтанушының сәйкестендiру нөмiрiн, резиденттiк белгiсiн және экономика секторын көрсету;
16) егер сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру шарты бойынша сақтанушы болмаса, сақтандырылушы (пайда алушы) сақтандыру шартында көрсетiлген жағдайда, оның сәйкестендiру нөмiрiн, резиденттiк белгiсiн және экономикасының секторын көрсету.».

2. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 146-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
3) және 4) тармақшалардағы «сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздер «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) және 4) тармақшалардағы «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi» деген сөздер «сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 150-баптың екiншi бөлiгiнде:
2) және 3) тармақшалардағы «сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздер «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) және 3) тармақшалардағы «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi» деген сөздер «сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 236-баптың төртiншi бөлiгiнде:
жетiншi және сегiзiншi абзацтардағы «сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздер «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi және сегiзiншi абзацтардағы «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi» деген сөздер «сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын.».

3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни қызмет және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 217-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
екiншi және төртiншi абзацтардағы «сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздер «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi және төртiншi абзацтардағы «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi» деген сөздер «сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 651-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
3) тармақшадағы «сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздер «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi» деген сөздер «сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын.

4. 2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат):
32-бапта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) сәйкестендiру нөмiрi;».

5. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат):
3-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Магистральдық темiржол желiсi – жекешелендiруге жатпайтын және заңнамада белгiленген тәртiппен кейiннен ұлттық темiржол компаниясына беру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн шарттарда және тәртiппен ұлттық басқарушы холдингке берiлетiн Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында ортақ пайдаланылатын темiржол көлiгi объектiсi.».

6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат):
62-3-бапта:
5-тармақтың 4) тармақшасындағы және 14-тармақтың 5) тармақшасындағы «сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздер «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 4) тармақшасындағы және 14-тармақтың 5) тармақшасындағы «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi» деген сөздер «сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын.

7. «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1-бапта:
бiрiншi және екiншi бөлiктердегi «бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн» деген сөздерден кейiн «, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн» деген сөздермен толықтырылсын;
бiрiншi және екiншi бөлiктердегi «, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн» деген сөздер алып тасталсын.

8. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 9-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 10-4-баптың 2-тармағында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) борышкердiң - дара кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), заңды мекенжайы немесе борышкердiң - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, сондай-ақ оның салық төлеушi ретiндегi тiркеу нөмiрi;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) борышкердiң - дара кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), заңды мекенжайы немесе борышкердiң - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, сондай-ақ оның сәйкестендiру нөмiрi;»;

2) 36-баптың 3-тармағында:
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) банкротты сәйкестендiретiн мәлiметтер (салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы);»;
мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) банкротты сәйкестендiретiн мәлiметтер (сәйкестендiру нөмiрi, дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы);».

9. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат):

1) 1-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) әлеуметтiк жеке код - азаматқа, сондай-ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берiлетiн тұрақты жеке код;»;

2) 18-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) азаматтарға әлеуметтiк жеке кодтар берудi;»;
4-1) тармақшадағы «жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлгенiн растайтын құжаты» деген сөздер «әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiгi» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-1) тармақшадағы «әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiгi» деген сөздер «жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлгенiн растайтын құжаты» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 22-баптың 7-тармағында:
«жеке сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздер «әлеуметтiк жеке коды және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әлеуметтiк жеке коды және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi» деген сөздер «жеке сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 30-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында:
«жеке сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздер «әлеуметтiк жеке коды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздер алып тасталсын;
«әлеуметтiк жеке коды» деген сөздер «жеке сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын;
«орналасқан жерi» деген сөздерден кейiн «, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздермен толықтырылсын.

10. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 13, 116-құжат):
36-1-баптың 6-тармағында:
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық ақша иесi – жеке тұлғаны сәйкестендiру үшiн мынадай құжаттар ұсынылады:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) салық төлеушiнiң куәлiгi.»;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Электрондық ақша иесi – жеке тұлғаны сәйкестендiру үшiн жеке басын куәландыратын құжат ұсынылады.».

11. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
39-баптың 3-тармағында:
3) тармақшадағы «кәсiпорнының атауы, орналасқан жерi және бизнес-сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздер «кәсiпорны салық төлеушiсiнiң атауы, тұрған жерi мен тiркеу нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «бизнес-сәйкестендiру нөмiрi», «жеке сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздер тиiсiнше «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «кәсiпорны салық төлеушiсiнiң атауы, тұрған жерi мен тiркеу нөмiрi» деген сөздер «кәсiпорнының атауы, орналасқан жерi және бизнес-сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «салық төлеушi», «салық төлеушiнiң» деген сөздер алып тасталып, «тiркеу нөмiрi» деген сөздер тиiсiнше «бизнес-сәйкестендiру нөмiрi», «жеке сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын.

12. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
15-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы төртiншi және бесiншi абзацтармен толықтырылсын:
«әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) берiлгенi туралы куәлiктi;
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (СТН);»;
төртiншi және бесiншi абзацтар алып тасталсын.

13. «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
3-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде:
«жеке сәйкестендiру нөмiрiн» деген сөздер «әлеуметтiк жеке кодының нөмiрiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әлеуметтiк жеке кодының нөмiрiн» деген сөздер «жеке сәйкестендiру нөмiрiн» деген сөздермен ауыстырылсын.

14. «Темiр жол көлiгi туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж. № 1, 2, 3-құжаттар, № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):

1) 1-баптың 65) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«65) Ұлттық темiржол компаниясы – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған, магистральдық темiржол желiсiн күтiп-ұстауды, пайдалануды, жаңғыртуды жүзеге асыратын, сондай-ақ магистральдық темiржол желiсi операторының функцияларын атқаратын, акцияларының бақылау пакетi ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi акционерлiк қоғам;»;

2) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Магистральдық темiржол желiсi – жекешелендiруге жатпайтын және заңнамада белгiленген тәртiппен кейiннен Ұлттық темiржол компаниясына беру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн шарттарда және тәртiппен ұлттық басқарушы холдингке берiлетiн, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында ортақ пайдаланылатын темiржол көлiгi объектiсi.»;

3) 15-бап алып тасталсын.

15. «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 14, 117-құжат):
10-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында:
«жеке сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздер «әлеуметтiк жеке код» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әлеуметтiк жеке код» деген сөздер «жеке сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын.

16. «Акционерлiк қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):
4-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Акцияларының бақылау пакетi ұлттық басқарушы холдингке тiкелей немесе жанама түрде тиесiлi қоғамды жария компания деп тану үшiн осы баптың 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларының ережелерi қолданылмайды.».

17. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 22-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Акцияларының бақылау пакетi тiкелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi эмитент Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiн iске асыру мақсатында акцияларын бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында орналастырған кезде акцияларды шетелдiк азаматтарға және (немесе) заңды тұлғаларға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға сатуға құқылы емес.»;

2) 114-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Заңның 22-бабы 1-тармағының екiншi бөлiгi 2016 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылады.».

18. «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат):
31-1-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жалға алушы салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) жалға алушының сәйкестендiру нөмiрiн;».

19. «Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат):

1) 24-бапта:
3-тармақта:
«жеке сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздер «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын;
«салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi» деген сөздер «жеке сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«бизнес-сәйкестендiру нөмiрi», «жеке сәйкестендiру нөмiрлерi» деген сөздер тиiсiнше «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi», «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрлерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
«салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi», «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрлерi» деген сөздер тиiсiнше «бизнес-сәйкестендiру нөмiрi», «жеке сәйкестендiру нөмiрлерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында:
«жеке сәйкестендiру нөмiрi», «бизнес-сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздер тиiсiнше «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын;
«салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi» деген сөздер тиiсiнше «жеке сәйкестендiру нөмiрi», «бизнес-сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 30-1-баптың 3-тармағында:
1), 2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) оның тапсырмасы бойынша банк кепiлдiк немесе кепiлгерлiк шығарған борышкер заңды тұлғаның атауы, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
2) оның тапсырмасы бойынша банк кепiлдiк немесе кепiлгерлiк шығарған борышкер жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған күнi, айы, жылы, тұрғылықты жерi, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
3) оның пайдасына банк кепiлдiк немесе кепiлгерлiк шығарған борышкер кредитор заңды тұлғаның атауы, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
4) оның пайдасына банк кепiлдiк немесе кепiлгерлiк шығарған кредитор жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған күнi, айы, жылы, тұрғылықты жерi, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;»;
мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3), 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) оның тапсырмасы бойынша банк кепiлдiк немесе кепiлгерлiк шығарған борышкер заңды тұлғаның атауы, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;
4-2) оның тапсырмасы бойынша банк кепiлдiк немесе кепiлгерлiк шығарған борышкер жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған күнi, айы, жылы, тұрғылықты жерi, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, жеке сәйкестендiру нөмiрi;
4-3) оның пайдасына банк кепiлдiк немесе кепiлгерлiк шығарған борышкер кредитор заңды тұлғаның атауы, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;
4-4) оның пайдасына банк кепiлдiк немесе кепiлгерлiк шығарған кредитор жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған күнi, айы, жылы, тұрғылықты жерi, заңды мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, жеке сәйкестендiру нөмiрi;».

20. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни қызмет және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
8-баптың 5) тармақшасында:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;»;
оныншы абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он бiрiншi және он екiншi абзацтармен толықтырылсын:
«жеке сәйкестендiру нөмiрi;
бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;».

21. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
13-баптың 1 және 3-тармақтарындағы «2012» деген цифрлар «2013» деген цифрлармен ауыстырылсын.

22. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат, 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат):

1) 11-2-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жалға алушы салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) жалға алушының сәйкестендiру нөмiрi;»;

2) 36-баптың 7 және 10-тармақтарындағы, 46 және 47-баптардағы, 48-баптың 2) тармақшасындағы «2012» деген цифрлар «2013» деген цифрлармен ауыстырылсын.

23. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2009 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 2-3, 17-құжат; № 24, 133-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат):

1) 9-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) Осы Заңның 10-бабы 3-тармағының 13-1) тармақшасына сәйкес қабылданған Қордың Директорлар кеңесiнiң шешiмiн бекiту;»;

2) 10-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiн iске асыру мақсатында ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында орналастырылатын, Қордың тобына кiретiн ұйымдар акцияларының бағасы, саны, оларды орналастыру құрылымы туралы шешiмiн қабылдау;»;

3) 19-бап жаңа редакцияда жазылсын:

«19-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

1. Осы Заң, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 6-баптың 1-тармағының 3) тармақшасын және 9-баптың 3-тармағының 15) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Осы Заңның 9-бабының 3-тармағы 8-1) тармақшасы және 10-бабы 3-тармағының 13-1) тармақшасы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылады.».

24. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1-баптың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«21) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi ұлттық компания (бұдан әрi – ұлттық компания) – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакетi мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттарда жер қойнауын пайдаланудың белгiлi бiр салаларындағы қызметтi жүзеге асыратын акционерлiк қоғам;».

25. «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн қолданысқа енгiзу туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 15, 72-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
10-баптағы «2012» деген цифрлар «2013» деген цифрлармен ауыстырылсын.

26. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 15, 120-құжат):
31-баптың 2-тармағындағы «2012» деген цифрлар «2013» деген цифрлармен ауыстырылсын.

27. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат):

1) 16-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгiндегi «салық төлеушiнiң» деген сөздер алып тасталсын;

2) 26-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заңның 16-бабы 3-тармағының екiншi бөлiгiндегi «сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздер 2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн «салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi» деген сөздер деп есептелсiн.».

28. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 15, 120-құжат):
10-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «2012» деген цифрлар «2013» деген цифрлармен ауыстырылсын.

2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 1-тармағының үшiншi-бесiншi абзацтарын, 2-тармағы 1) тармақшасының екiншi абзацын, 2) тармақшасының екiншi абзацын, 3) тармақшасының екiншi абзацын, 3-тармағы 1) тармақшасының екiншi абзацын, 2) тармақшасының екiншi абзацын, 4-тармағының үшiншi, төртiншi абзацтарын, 6-тармағының үшiншi абзацын, 7-тармағының үшiншi абзацын, 8-тармағы 1) тармақшасының екiншi, үшiншi абзацтарын, 2) тармақшасының екiншi, үшiншi абзацтарын, 9-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екiншi-төртiншi абзацтарын, 3) тармақшасының екiншi абзацын, 4) тармақшасының екiншi, үшiншi абзацтарын, 10-тармағының үшiншi-алтыншы абзацтарын, 11-тармағының үшiншi, төртiншi абзацтарын, 12-тармағының үшiншi-бесiншi абзацтарын, 13-тармағының үшiншi абзацын, 15-тармағының үшiншi абзацын, 18-тармағының үшiншi, төртiншi абзацтарын, 19-тармағы 1) тармақшасының үшiншi, алтыншы, тоғызыншы абзацтарын, 2) тармақшасының екiншi-алтыншы абзацтарын, 20-тармағының үшiншi-бесiншi абзацтарын, 21-тармағын, 22-тармағы 1) тармақшасының екiншi, үшiншi абзацтарын, 2) тармақшасын, 25-тармағын, 26-тармағын, 27-тармағын, 28-тармағын;
2) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 1-тармағының алтыншы-сегiзiншi абзацтарын, 2-тармағы 1) тармақшасының үшiншi абзацын, 2) тармақшасының үшiншi абзацын, 3) тармақшасының үшiншi абзацын, 3-тармағы 1) тармақшасының үшiншi абзацын, 2) тармақшасының үшiншi абзацын, 4-тармағының бесiншi, алтыншы абзацтарын, 6-тармағының төртiншi абзацын, 7-тармағының төртiншi абзацын, 8-тармағы 1) тармақшасының төртiншi, бесiншi абзацтарын, 2) тармақшасының төртiншi, бесiншi абзацтарын, 9-тармағы 2) тармақшасының бесiншi абзацын, 3) тармақшасының үшiншi абзацын, 4) тармақшасының төртiншi, бесiншi абзацтарын, 10-тармағының жетiншi, сегiзiншi абзацтарын, 11-тармағының бесiншi, алтыншы абзацтарын, 12-тармағының алтыншы абзацын, 13-тармағының төртiншi абзацын, 15-тармағының төртiншi абзацын, 18-тармағының бесiншi, алтыншы абзацтарын, 19-тармағы 1) тармақшасының төртiншi, жетiншi, оныншы абзацтарын, 2) тармақшасының жетiншi-он бiрiншi абзацтарын, 20-тармағының алтыншы-сегiзiншi абзацтарын, 22-тармағы 1) тармақшасының төртiншi, бесiншi абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Заңның 1-бабының 1-тармағы үшiншi-бесiншi абзацтарының, 2-тармағы 1) тармақшасы екiншi абзацының, 2) тармақшасы екiншi абзацының, 3) тармақшасы екiншi абзацының, 3-тармағының 1) тармақшасы екiншi абзацының, 2) тармақшасы екiншi абзацының, 4-тармағы үшiншi, төртiншi абзацтарының, 6-тармағы үшiншi абзацының, 7-тармағы үшiншi абзацының, 8-тармағының 1) тармақшасы екiншi, үшiншi абзацтарының, 2) тармақшасы екiншi, үшiншi абзацтарының, 9-тармағы 1) тармақшасының, 2) тармақшасы екiншi-төртiншi абзацтарының, 3) тармақшасы екiншi абзацының, 4) тармақшасы екiншi, үшiншi абзацтарының, 10-тармағы үшiншi-алтыншы абзацтарының, 11-тармағы үшiншi, төртiншi абзацтарының, 13-тармағы үшiншi абзацының, 15-тармағы үшiншi абзацының, 18-тармағы үшiншi, төртiншi абзацтарының, 19-тармағы 1) тармақшасы үшiншi, алтыншы, тоғызыншы абзацтарының, 2) тармақшасы екiншi-алтыншы абзацтарының, 20-тармағы үшiншi, төртiншi абзацтарының, 22-тармағы 1) тармақшасы екiншi, үшiншi абзацтарының күшi жойылған деп танылсын.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina