ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 564-IV Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Ескертпесi!
Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗI

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат):

1) мазмұнында 54-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«54-бап. Оңалту рәсiмдерi»;

2) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«54-бап. Оңалту рәсiмдерi

Төлемге қабiлетсiз борышкерге оның таратылуын болғызбау мақсатында төлемге қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған, заңнамаға қайшы келмейтiн кез келген шаралар қолданылуы мүмкiн.
Көрсетiлген шаралар жеделдетiлген оңалту рәсiмi, оңалту рәсiмi шеңберiнде iске асырылады, оларды жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi банкроттық туралы заңнамада айқындалады.».

2. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат, № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар):

1) мазмұнында:
35-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«35-тарау. Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетiлген оңалту және оңалту туралы iстердi қарау»;
313-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«313-бап. Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетiлген оңалту және оңалту туралы iстердi қарау»;

2) 289-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) заңды тұлғаларды оңалту туралы;
5-2) заңды тұлғаларды жеделдетiлген оңалту туралы;»;

3) 35-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«35-тарау. Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетiлген оңалту және оңалту туралы iстердi қарау

313-бап. Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы,
заңды тұлғаларды жеделдетiлген оңалту және оңалту
туралы iстердi қарау

Сот дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетiлген оңалту және оңалту туралы iстердi банкроттық туралы заңнамада белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.».

3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар, 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат):

1) мазмұнында:
151-4-баптың тақырыбындағы «Ақпараттық технологиялар паркi» деген сөздер «Инновациялық технологиялар паркi» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 150-баптың 2-тармағындағы, 151-4-баптың тақырыбындағы және 1, 2, 3-тармақтарындағы, 359-баптың 4-тармағындағы «Ақпараттық технологиялар паркi» деген сөздер «Инновациялық технологиялар паркi» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 535-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы, оңалту рәсiмiн қолдану туралы, жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы арыздардан – 500 пайыз.»;

4) 609-баптың 3-1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салық төлеушiге қатысты оңалту рәсiмi қолданылған жағдайда – соттың оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiмi күшiне енген күннен бастап қолданылмайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда сомасы кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне енгiзiлмеген салық мiндеттемесi бойынша осындай салық төлеушiлерге қатысты мұндай мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерi қолданылады.»;

5) 614-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) салық төлеушiге қатысты оңалту рәсiмi қолданылған жағдайда – соттың оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiмi күшiне енген күннен бастап қолданылмайды.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда, сомасы кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне енгiзiлмеген салық берешегi туындаған жағдайда осындай салық төлеушiлерге қатысты мұндай берешектi мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданылады.».

4. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар, № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат, № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 9-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):

1) кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң жеделдетiлген оңалту, оңалту рәсiмдерiн өткiзудiң, борышкердi банкрот деп танудың және оны таратудың, сондай-ақ сырттай байқау рәсiмiнiң шарттары мен тәртiбiн айқындайды.»;

2) 1-бапта:
4) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) әкiмшiлiк шығыстар – осы Заңда белгiленген тәртiппен кредиторлар таныған, төленуi жөнiндегi мiндет банкроттық, оңалту немесе сырттай байқау рәсiмi туралы iс қозғалған сәттен бастап және қозғалғаннан кейiнгi кезең iшiнде туындайтын, тартылатын мамандардың қызмет көрсетуiне ақы төлеу бойынша шығындарды, оңалтушы және конкурстық басқарушыларға, сондай-ақ сырттай байқау әкiмшiсiне ағымдағы төлемдер сомасын қоса алғанда, сырттай байқау рәсiмiне, оңалту рәсiмiне, конкурстық iс жүргiзу рәсiмiне, борышкердi конкурстық iс қозғамай тарату рәсiмiне бастамашылық жасаумен және оларды өткiзумен байланысты шығыстар.
Оңалту рәсiмi, конкурстық iс жүргiзу рәсiмi қолданылған салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңдерi үшiн салық есептiлiгiне сәйкес салық төлеушi есептеген, салықтық тексерулер нәтижелерi бойынша салық қызметi органы есепке жазған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер де әкiмшiлiк шығыстарға жатады;»;
«8) борышкер – төлемге қабiлетсiздiгi немесе дәрменсiздiгi оған осы Заңда көзделген рәсiмдердi қолдануға негiз болып табылатын дара кәсiпкер немесе заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 9-1), 11-1), 18-1), 19-1) және 21-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) бiртектi кредиторлар тобы – борышкерге қоятын бiрдей талаптары бар және оларды қанағаттандыруда бiр-бiрiнiң алдында артықшылығы жоқ кредиторлар тобы.
Бiртектi кредиторлар топтарын:
өмiрге немесе денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтету туралы талаптар бойынша кредиторлар;
еңбек шарттары бойынша еңбекақы және өтемақылар төлеу, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар мен жалақыдан ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектердi төлеу бойынша кредиторлар;
кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлар;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредиторлар;
тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзу шарттарынан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар;
кепiлмен қамтамасыз етiлмеген кредит (микрокредит) алуға арналған шарттардан туындайтын талаптар бойынша кредитор – қаржылық ұйымдар құрауы мүмкiн;»;
«11-1) жеделдетiлген оңалту рәсiмi – сотқа дейiнгi тәртiппен кредиторлармен келiсiлген оңалту жоспары негiзiнде борышкерге қолданылатын сот рәсiмi;»;
«18-1) кәдiмгi коммерциялық операциялар – борышкердiң күнделiктi жұмыс iстеуiн сақтап тұру мақсатында өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң айналымымен байланысты, тұрақты сипаты бар iс-әрекеттер;»;
«19-1) мемлекеттiк қолдау шаралары – Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен ұйымға қатысты қолданылатын, қаржылық сауықтыруға бағытталған шаралар;»;
«21-1) оңалту жоспары – оңалту рәсiмiн, жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану кезiнде борышкердi сауықтыруға бағытталған және жұмыс iстеп тұрған кәсiпорынның төлемге қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және жұмыс орындарын сақтау мақсатында борышкер мен кредиторлардың, бiртектi кредиторлар тобының арасындағы өзара келiсiм негiзiнде жүзеге асырылатын, кредиторлар талаптарын өтеу кестесiн қоса алғанда, iске асырылу мерзiмдерi, сондай-ақ қол жеткiзiлетiн нәтижелер, пайдаланылатын ресурстар және ықтимал тәуекелдер көрсетiлетiн өзара байланысты iс-шаралар кешенi;»;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) оңалту рәсiмi – сот рәсiмi, оның шеңберiнде төлемге қабiлетсiз борышкерге борышкердiң таратылуын болғызбау мақсатында оның төлемге қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдастыру-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шаралар қолданылады;»;
мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
«25-1) сырттай дауыс беру – дауыс беру тәсiлi, онда кредиторлар жиналысы уақытында оның өткiзiлу орнынан тыс жерде болған кредиторлар жиналысының қатысушысы қаралатын мәселе (мәселелер) бойынша хаттар, факсимильдi немесе электрондық хабарламалар алмасу арқылы немесе жiберiлетiн хабарламалардың тең түпнұсқалығын қамтамасыз ететiн өзге байланыс құралдарын пайдалана отырып, жазбаша дауыс беруге құқылы;»;

3) 2-бапта:
1-тармақтың бiрiншi және екiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заң қазыналық кәсiпорындардан және мекемелерден, зейнетақы қорларынан, банктерден, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан басқа, заңды тұлғалардың банкроттығы, оларды жеделдетiлген оңалту және оңалту туралы iстерге қолданылады.
Осы Заңда көзделген банкроттық немесе оңалту рәсiмдерiн үздiксiз өндiрiс циклi бар ұйымдарға, сондай-ақ табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерi болып табылатын ұйымдарға қатысты қолдану ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленуi мүмкiн.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банкроттық, оңалту немесе жеделдетiлген оңалту туралы iстердi сот банкроттық туралы заңнамада белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, азаматтық сот iсiн жүргiзудiң жалпы қағидалары бойынша қарайды.»;

4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«4-бап. Банкроттық немесе оңалту рәсiмдерiн қолдану негiздерi

1. Борышкердiң төлемге қабiлетсiздiгi кредитордың борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болып табылады.
Егер борышкер мiндеттеменi орындау мерзiмi басталған сәттен бастап үш ай iшiнде орындамаса, ол төлемге қабiлетсiз деп есептеледi.
2. Борышкердiң қалпына келтiрiлу мүмкiндiгi болмаған кездегi төлемге қабiлетсiздiгi оның өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болып табылады.
3. Борышкердiң қалпына келтiрiлу мүмкiндiгi болған кездегi төлемге қабiлетсiздiгi немесе борышкерге таяу он екi айда ақшалай мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталғанда оларды орындайтындай күйде болмайтын төлемге қабiлетсiздiк қатерiнiң төнуi оның оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болып табылады.»;

5) 6-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кредитордың (кредиторлардың) немесе уәкiлеттi органның қолдаухат беру жағдайын қоса алғанда, оңалтушы басқарушы, санацияға қатысушы сотқа мәмiлелердi жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ оңалту туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш жыл кезең iшiнде борышкер берген, оның iшiнде жалға немесе бұдан бұрын жасалған мәмiлелер бойынша орындауды қамтамасыз етуге берген мүлiктi, бұл мүлiктi өтеусiз, нарықтық бағасынан төмен бағамен не негiздерi болмаса да кредиторлардың мүдделерiне нұқсан келтiре отырып алған тұлғалардан қайтару туралы өтiнiш беруге мiндеттi.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Кредитордың (кредиторлардың) немесе уәкiлеттi органның қолдаухат беру жағдайын қоса алғанда, конкурстық басқарушы сотқа мәмiлелердi жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ банкроттық және оңалту туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш жыл кезең iшiнде бұл мүлiктi өтеусiз, нарықтық бағасынан төмен бағамен не негiздерi болмаса да кредиторлардың мүдделерiне нұқсан келтiре отырып алған тұлғалардан қайтару туралы өтiнiш беруге мiндеттi.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кредитордың (кредиторлардың) немесе уәкiлеттi органның қолдаухат беру жағдайын қоса алғанда, конкурстық және оңалтушы басқарушылар, санацияға қатысушы банкроттық және (немесе) оңалту туралы iс қозғалғанға дейiнгi үш жылға дейiнгi кезең iшiнде берiлген борышкердiң мүлкiн олардың алдындағы мiндеттемелерi орындалу мерзiмi басталардан бұрын басқа кредиторлардың мүдделерiне нұқсан келтiрiле отырып орындалған кредиторлардан қайтаруды сот тәртiбiмен талап етуге мiндеттi. Бұл жағдайда кредиторлардың құқықтары осы Заңның қағидаларымен қамтамасыз етiледi.»;

6) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:

«9-1-бап. Оңалту рәсiмiнде борышкердiң мүлкi мен iстерiн
басқару

1. Борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң (ол уәкiлеттiк берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың) өтiнiшi бойынша, кредиторлар жиналысының келiсiмiмен, оңалту жоспары бекiтiлген сәттен бастап сот борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару құқығын борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнде, құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақтайды.
Борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару құқықтарын сақтау туралы өтiнiш кредиторлар жиналысының шешiмi қоса тiркеле отырып, оңалту жоспарын ұсынумен бiр мезгiлде сотқа жiберiледi.
Кредиторлар жиналысы борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң, құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкi мен iстерiн басқару құқығының күшiн жою туралы шешiм қабылдаған жағдайда, кредиторлар жиналысы уәкiлеттi органда тiркелген тұлғалар арасынан өздерiнiң оңалтушы басқарушы кандидатурасын ұсынуға мiндеттi. Кредиторлар жиналысының борышкер мүлкi мен iстерiн басқару құқығының күшiн жою туралы шешiмi оңалту жоспарын ұсынумен бiр мезгiлде сотқа жiберiледi.
Борышкер мүлкiнiң меншiк иесi, құрылтайшылар (қатысушылар) борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетiлген жағдайда да кредиторлар жиналысы оңалтушы басқарушы кандидатурасын ұсынуға мiндеттi.
Борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару құқығы борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнде, құрылтайшыларда (қатысушыларда) қалған жағдайда, осы Заңның 51-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын қоспағанда, борышкердiң органдарына заңнамада белгiленген құзырет шегiнде өкiлеттiктер және осы Заңда оңалтушы басқарушы үшiн көзделген жауапкершiлiк қолданылады.
Кредитор (кредиторлар) органның осы Заңда көзделген мiндеттердi бұзғанын анықтаған жағдайда, борышкер мүлкiнiң меншiк иесi (ол уәкiлеттiк берген орган), құрылтайшылар (қатысушылар) кредиторлар жиналысының шешiмi бойынша борышкердiң басқару органдарының мүшелерiн ауыстыруға мiндеттi.
2. Оңалтушы басқарушының кандидатурасын таңдаған кезде кредиторлар жиналысы уәкiлеттi органда есепте тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың кәсiптiк бiрлестiктерiнен алуы мүмкiн.
3. Уәкiлеттi орган кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтушы басқарушы етiп тағайындауға мiндеттi.
4. Кредиторлық берешектi өтеу кестесi үш айдан астам мерзiмде орындалмаған және (немесе) уәкiлеттi орган анықтағандарды қоса алғанда, осы Заңды бұзушылықтар анықталған жағдайларда, сот борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару құқығын сақтаған борышкер мүлкiнiң меншiк иесiн, құрылтайшыларды (қатысушыларды) кредиторлар жиналысы уәкiлеттiк берген тұлғаның өтiнiшi бойынша өтiнiш келiп түскен күннен бастап он бес күн iшiнде басқарудан шеттетедi.
Сот ұйғарымында:
уәкiлеттi органға ұйғарым заңды күшiне енген күннен бастап бес күн мерзiмде оңалтушы басқарушыны тағайындауды тапсыру туралы;
борышкердiң есепке алу құжаттамасын, құрылтайшылық, сондай-ақ борышкер мүлкiне құқық белгiлейтiн құжаттарды, мөрлер мен мөртабандарды беруi туралы нұсқаулар қамтылуға тиiс.»;

7) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Оңалту немесе банкроттық рәсiмдерiн қолданғаннан кейiн кредиторлардың талаптарын негiздi деп тануды тиiсiнше оңалтушы не конкурстық басқарушылар жүзеге асырады.»;

8) 10-2-бапта:
2), 5), 6), 7), 8), 11) және 17) тармақшалар алып тасталсын;
10), 12), 13) және 27) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) конкурстық басқарушының және сырттай байқау әкiмшiсiнiң қорытынды есептерiн келiседi;»;
«12) сырттай байқау әкiмшiсiнiң, оңалтушы және конкурстық басқарушылардың қорытынды есебiнiң нысанын, сондай-ақ сырттай байқау әкiмшiсi мен конкурстық басқарушының қорытынды есебiн келiсу тәртiбiн бекiтедi;
13) конкурстық iс жүргiзу кезiнде, сондай-ақ сырттай байқау рәсiмi кезiнде кредиторлар комитетiнiң құрамын бекiтедi;»;
«27) осы Заңды бұзушылықтар анықталған жағдайда, сырттай байқау әкiмшiсiнiң, конкурстық және оңалтушы басқарушылардың шешiмдерi мен iс-әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) сотта даулайды;»;

9) 11, 13 және 14-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«11-бап. Кредиторлар комитетiн қалыптастыру

1. Сырттай байқау рәсiмiнде, жеделдетiлген оңалту рәсiмiнде, оңалту рәсiмiнде, конкурстық iс жүргiзуде кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешiмдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.
Кредиторлар комитетiн қалыптастыру:
1) сырттай байқау кезiнде осы Заңның 41-2-бабымен;
2) конкурстық iс жүргiзу кезiнде осы Заңның 70-бабымен;
3) жеделдетiлген оңалту рәсiмi кезiнде осы Заңның 14-3-бабымен;
4) оңалту рәсiмi кезiнде осы Заңның 46-1-бабымен реттеледi.
2. Кредиторлар комитетiнiң құрамына еңбекақы төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша кредиторлардың өкiлi, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредиторлар, кредитордың – мемлекеттiк материалдық резервтi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның өкiлi, сондай-ақ борышкерге қоятын талаптарының сомасы неғұрлым көп конкурстық кредиторлар мен кепiлдi кредиторлар кiредi.
Кредиторлар комитетiнiң қалыптастырылатын құрамына талаптарының сомасы қойылған өсiмақылар мен айыппұлдар сомасын есепке алмағанда, тиiстi бiртектi топ талаптарының жалпы сомасының елу пайызынан асатын бiртектi топ кредиторынан (кредиторларынан) ұсынылған тұлға (тұлғалар) енгiзiлуге тиiс.
3. Кредитор сырттай байқау рәсiмiне, оңалту рәсiмiне, конкурстық iс жүргiзуге кредиторлар комитетiнiң мүшесi ретiнде қатысудан бас тартуға құқылы.
4. Сырттай байқау әкiмшiсiнiң, конкурстық басқарушының, конкурстық iс жүргiзу кезiнде кредиторлар комитетiнiң, борышкер кредиторларының өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган кредиторлар комитетiнiң қалыптастырылған және бекiтiлген құрамына осы баптың талаптарын ескере отырып, өзгерiстер енгiзуi мүмкiн.
5. Мыналар:
1) кредиторлар комитетi мүшесiнiң кредиторлар комитетiнiң отырыстарына екi реттен артық дәлелсiз себептермен келмей қалуы;
2) борышкерге қоятын талаптарының үлкен сомасына ие кредитордың анықталуы;
3) кредиторлар комитетi мүшесiнiң өзiн кредиторлар комитетiнiң құрамынан шығару туралы өтiнiшi;
4) кредиторлар комитетiнiң құрамына кiретiн кредитордың алдындағы мiндеттемелердiң орындалуы;
5) кредитордың өзiн кредиторлар комитетiнiң құрамына қосу туралы өтiнiшi;
6) кредиторға кредиторлар комитетiнiң құрамында болуға кедергi келтiретiн өзге де мән-жайлар (заңды күшiне енген сот актiлерi, кредитордың таратылуы не қайтыс болуы және басқалар) кредиторлар комитетiнiң қалыптастырылған және бекiтiлген құрамына өзгерiстер енгiзудiң негiздерi бола алады.»;

«13-бап. Кредиторлар комитетiнiң өкiлеттiктерi

1. Кредиторлар комитетi мынадай өкiлеттiктердi жүзеге асырады:
1) келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын конкурстық iс жүргiзу рәсiмiн өткiзу бойынша iс-шаралар жоспарын бекiтедi;
2) оңалтушы немесе конкурстық басқарушының iс-әрекеттерiн бақылауды жүзеге асыру үшiн кредиторлар комитетi мүшелерiнiң арасынан кредиторлар өкiлiн сайлайды;
3) сырттай байқау әкiмшiсiнен, оңалтушы немесе конкурстық басқарушыдан борышкердiң қаржылық жағдайы және сырттай байқау рәсiмдерiн, оңалту рәсiмiн және конкурстық iс жүргiзудi жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берудi талап етедi;
4) оңалтушы немесе конкурстық басқарушының iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) уәкiлеттi органға және (немесе) сотқа шағымданады, сондай-ақ оларды атқаратын мiндеттерiнен шеттету туралы уәкiлеттi органға жүгiну жөнiнде шешiм қабылдайды;
5) банкроттың өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешегiнiң сомасын бекiтедi;
6) конкурстық басқарушы ұсынған конкурстық массаны сату жоспарын бекiтедi;
7) аудиторлық тексерудiң және түгендеудiң нәтижелерiн назарға алады;
8) конкурстық iс жүргiзудi өткiзу үшiн шығыстардың баптары мен сметасын бекiтедi;
9) егер бұл кредиторлардың мүдделерiне нұқсан келтiрмесе, конкурстық басқарушыға банкрот деп танылған кәсiпорынның өндiрiстiк қызметiн тоқтатпау жөнiнде орынды болған жағдайда ұсыным бередi;
10) борышкердiң мемлекеттiк қолдау шараларына жүгiнуi және оңалту рәсiмiн тоқтата тұру туралы келiсiм бередi;
11) оңалту жоспарында көзделгендердi қоса алғанда, борышкердiң мүлкiн (активтерiн) кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс сату тәртiбiн айқындайды;
12) осы Заңда көзделген өзге де өкiлеттiктер.
2. Кредиторлар комитетi рәсiмдердi жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты:
1) сырттай байқау, конкурстық iс жүргiзу кезiнде – айына кемiнде бiр рет;
2) жеделдетiлген оңалту рәсiмiнде, оңалту рәсiмiнде – кредиторлар жиналысы белгiлеген мерзiмдерде кредиторлардың назарына жеткiзуге мiндеттi.

14-бап. Кредиторлар комитетiнiң шешiм қабылдауы

1. Кредиторлар комитетiнiң отырысы комитет мүшелерiнiң немесе олардың сенiмдi тұлғаларының кемiнде 2/3-сi қатысса, құқықты болады.
2. Кредиторлар комитетiнiң отырысы оңалту рәсiмiнде, жеделдетiлген оңалту рәсiмiнде борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару құқығы оларда сақталған жағдайларда, борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң (ол уәкiлеттiк берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың), сырттай байқау әкiмшiсiнiң, оңалтушы немесе конкурстық басқарушының, кредиторлар комитетi мүшелерiнiң бастамасы бойынша шақырылады.
Кредиторлар комитетiнiң мүшелерi кредиторлар комитетiнiң отырысы өткiзiлетiнi туралы отырыс өткiзуге дейiн кемiнде жетi жұмыс күнi бұрын хабардар етiлуге тиiс.
Хабарламада отырыстың өткiзiлетiн жерi, күнi мен уақыты туралы мәлiметтер, күн тәртiбi қамтылуға тиiс.
3. Кредиторлар комитетiнiң отырысы хаттамамен ресiмделедi.
Хаттама дауыс беруге қатысқан кредиторлар комитетiнiң мүшелерi туралы мәлiметтердi, күн тәртiбiн, дауыс беру нәтижелерiн және қабылданған шешiмдердi қамтуға тиiс. Хаттамаға кредиторлар комитетiнiң дауыс беруге қатысқан барлық мүшелерi, сырттай байқау әкiмшiсi, оңалтушы немесе конкурстық басқарушы қол қояды.
Сырттай байқау әкiмшiсi, конкурстық басқарушы хаттамаға кредиторлар комитетiнiң дауыс беруге қатысқан барлық мүшелерi қол қойған сәттен бастап оны үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға жiбередi.
4. Жеделдетiлген оңалту рәсiмi, оңалту, сырттай байқау рәсiмi кезiнде, сондай-ақ конкурстық iс жүргiзу кредиторлары талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгенге дейiн кредиторлар комитетiнiң шешiмi «комитеттiң бiр мүшесi – бiр дауыс» қағидаты бойынша кредиторлар комитетi мүшелерi жалпы санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
Конкурстық iс жүргiзу рәсiмi кезiнде, кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн кредиторлар комитетiне қатысатын кредиторлар өз талаптарының кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне енгiзiлген кредиторлар талаптарының жалпы сомасына қатысты мөлшерiне барабар дауыс санын иеленедi.
Мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн қолданылуға жататын тұрақсыздық төлемi (айыппұлдар, өсiмпұлдар), төлемнiң мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн пайыздар, қолдан шығарылған пайда түрiндегi шығындар, сондай-ақ өзге де мүлiктiк және (немесе) қаржылық санкциялар кредиторлар комитетiнде дауыстар санын анықтау мақсаты үшiн есепке алынбайды.
5. Борышкердiң қалған барлық кредиторларының борышкер кредиторлары комитетiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кредиторлар комитетiне ұсынымдар беру құқығымен кредиторлар комитетiнiң отырысына қатысуға құқығы бар.
6. Борышкер мүлкi меншiк иесiнiң (ол уәкiлеттiк берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың) кредиторлар комитетiнiң отырысына қатысуға және кредиторлар комитетiнiң шешiмдерiне сотқа шағымдануға құқығы бар.»;

10) мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
«2-1 тарау. Жеделдетiлген оңалту рәсiмi

14-1-бап. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану

1. Жеделдетiлген оңалту рәсiмi борышкер мынадай шарттарға сәйкес келген:
1) борышкерге қатысты банкроттық туралы немесе оңалту туралы iс қозғалмаған;
2) борышкер коммерциялық ұйым болып табылған;
3) борышкер төлемге қабiлетсiз не таяу он екi ай iшiнде ақшалай мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған кезде оларды орындауға қабiлетсiз болған кезде қолданылады.
2. Өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауапты болатын азаматтардың талаптарын қоспағанда, борышкерге қатысты жеделдетiлген оңалту рәсiмi еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген тұлғаларға еңбекақы және өтемақылар төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектердi төлеу бойынша, жалақыдан ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналарын, авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу бойынша, сондай-ақ салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша бiртектi кредиторлар тобы (топтары) алдындағы мiндеттемелер бойынша енгiзiлуi мүмкiн.
3. Мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қатысты жеделдетiлген оңалту рәсiмi осындай шараларды қолдану талаптарына сәйкес кез келген бiртектi кредиторлар тобының (топтарының) мiндеттемелерi бойынша енгiзiлуi мүмкiн.
4. Жеделдетiлген оңалту туралы iске қатысушы тұлғалар:
1) борышкер;
2) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына (топтарына) кiретiн кредиторлар болып табылады.
5. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiнде сот:
1) жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолданады және тоқтатады;
2) мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкердiң жоспарын қоспағанда, оңалту жоспарын бекiтедi;
3) мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкердiң жоспарын қоспағанда, оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiтедi;
4) борышкер жауапкер ретiнде әрекет ететiн мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iстердi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдайды;
5) жеделдетiлген оңалту рәсiмiне қатысушылар арасындағы дауларды шешедi;
6) қорытынды есептi бекiтедi.

14-2-бап. Борышкердiң жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану
туралы өтiнiшi

1. Төлемге қабiлеттiлiктi қалпына келтiру, төлемге қабiлетсiздiктiң басталуының алдын алу мүмкiндiгi бар болған кезде борышкер жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы сот органына жүгiнуге құқылы.
2. Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша нысанда берiледi. Оған борышкер басшысы не құрылтай құжаттарына сәйкес оны алмастыратын тұлға қол қояды.
3. Борышкердiң өтiнiшi:
1) өтiнiш берiлетiн соттың атауын;
2) кредиторлық берешек сомасы туралы мәлiметтердi;
3) кредиторлардың оңалту жоспарын мақұлдағаны туралы ақпаратты;
4) алдағы төлемдердi уақтылы өтеу мүмкiн еместiгiнiң себептерiн қоса алғанда, кредиторлар талаптарын қанағаттандыру мүмкiн еместiгiнiң негiздемесiн;
5) борышкерде бар мүлiк, оның iшiнде кепiл ауыртпалығы салынған, жалдауда және (немесе) лизингте тұрған мүлiк, банк шоттарындағы ақшалай қаражат туралы мәлiметтердi, шоттардың нөмiрлерiн және банктердiң тұрған жерiн, дебиторлық берешек сомасы туралы мәлiметтердi;
6) борышкердiң орындалу мерзiмi басталмаған мiндеттемелерi туралы мәлiметтердi;
7) шешiмдердi қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты кредиторлар алдында ашуы туралы борышкердiң жазбаша мiндеттемесiн;
8) оңалту жоспарына енгiзiлмеген бiртектi кредиторлардың топтарына жататын кредиторлардың кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнде тиесiлi төлемдердi алатыны және ұсынылған оңалту жоспары олардың құқықтарын өзгертпейтiнi және қозғамайтыны туралы борышкердiң мiндеттемесiн;
9) қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесiн қамтуға тиiс.
Борышкердiң өтiнiшiнде, егер борышкер олар сотта iстi қарау үшiн қажет деп есептесе, өзге де мәлiметтер көрсетiлуi мүмкiн.
Осы тармақтың 4), 5), 6), 8) тармақшаларының талаптары мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.
4. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiне бастамашылық ету жөнiндегi шығыстар борышкердiң қаражаты есебiнен жабылады.
5. Борышкердiң жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне:
1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленгенiн;
2) берешектiң бар-жоғын не оның басталғанын, сондай-ақ борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға қабiлетсiздiгiн растайтын басқа да құжаттар;
3) борышкердiң өтiнiшi негiзделген өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса берiледi.
Мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкер осындай шаралар қатысушысының мәртебесiн растайтын құжатты қосымша түрде табыс етедi.
Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.
6. Борышкердiң өтiнiшiне:
1) оңалту жоспары;
2) берешектiң сомасы, оның түзiлген күнi көрсетiлген және бiртектi кредиторлардың топтары бойынша бөлiнген кредиторлар тiзбесi;
3) отырыстың хаттамасы және (немесе) талаптарының сомасы оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлардың әрбiр тобы (топтары) талаптарының жалпы сомасының елу пайызынан астамын құрайтын кредиторлардың оңалту жоспарын мақұлдағаны туралы жазбаша растауы;
4) борышкерге қойылған талап арыздарды соттардың iс жүргiзуге қабылдағаны туралы, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығарылуға қойылған талаптар туралы мәлiметтер;
5) егер кредиторлар оңалту жоспарын қарау және келiсу кезеңiнде кредиторлар органын құрған болса, осындай орган мүшелерiнiң тiзiмi;
6) құрылтай құжаттарының көшiрмелерi де қоса берiледi.
Осы тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларының талаптары мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.
7. Борышкердiң өтiнiшiне қоса берiлетiн барлық құжаттарға өтiнiш берген тұлға қол қояды және олар мөрмен куәландырылады.
8. Борышкердiң жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiн, егер:
1) борышкер осы Заңның 14-1-бабында белгiленген шарттарға сәйкес келмеген;
2) өтiнiш осы бапта белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, сот қарамай қайтарады.

14-3-бап. Кредиторлардың жеделдетiлген оңалту рәсiмiне қатысуы

1. Бiртектi кредиторлардың бүкiл тобының (топтарының) мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында жеделдетiлген оңалту рәсiмiне қатысатын кредиторлардың жиналысы шақырылады.
2. Кредиторлардың алғашқы жиналысы соттың жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiмi шығарылған сәттен бастап бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде өткiзiлуге тиiс.
3. Мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге жеделдетiлген оңалту рәсiмi қолданылған жағдайда, борышкердiң жоғарыда аталған шаралар шеңберiнде қалыптастырылған кредиторлар органына кредиторлар жиналысының және комитетiнiң осы Заңда белгiленген өкiлеттiктерi қолданылады.
4. Кредиторлардың жиналыстарын, кредиторлар комитетiнiң отырыстарын өткiзу, кредиторларды хабардар ету жөнiндегi шығыстар борышкердiң қаражаты есебiнен жабылады.
5. Кредиторлардың жиналысына қатысу құқығы кредиторларға, борышкерге, борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға) немесе олардың өкiлдерiне тиесiлi.
6. Кредиторлар жиналысын ұйымдастыруды және өткiзудi борышкердiң немесе оны басқару органдарының тұрған жерi бойынша борышкер жүзеге асырады.
7. Осы Заңның мақсаттары үшiн кредиторларға, сондай-ақ кредиторлардың жиналысына қатысу құқығына ие өзге де тұлғаларға кредиторлар жиналысы өткiзiлетiнi туралы хабардың кредиторлар жиналысы өткiзiлетiн күнге дейiн жетi жұмыс күнi бұрын пошта арқылы тапсырыс хатпен жiберiлуi тиiсiнше хабардар ету болып танылады. Егер кредиторлар саны елуден астам болған жағдайда, кредиторлар жиналысы өткiзiлетiнi туралы хабардың Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкер тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түрде жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында кредиторлар жиналысы өткiзiлетiн күнге дейiн жетi жұмыс күнi бұрын қазақ және орыс тiлдерiнде жариялануы тиiсiнше хабардар ету болып танылады.
Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктен тыс жерде орналасқан кредитор үшiн кредиторға хабардың кредиторлар жиналысы өткiзiлетiн күнге дейiн жетi жұмыс күнi бұрын пошта арқылы тапсырыс хатпен жiберiлуi тиiсiнше хабардар ету болып танылады.
Тұрақты немесе көбiнесе тұратын жерi немесе тұрған жерi бойынша жеке хабардар ету үшiн қажет мәлiметтердi анықтау мүмкiн болмаған кезде не мұндай хабардар етудi мүмкiн емес ететiн өзге мән-жайлар болған кезде кредиторлар жиналысының өткiзiлетiнi туралы мәлiметтердi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген тәртiппен жариялау осындай тұлғаларды тиiсiнше хабардар ету болып танылады.
Борышкерде интернет-ресурс бар болған кезде, кредиторлар жиналысының өткiзiлетiнi туралы хабарламаны кредиторлар жиналысы өткiзуге дейiн жетi жұмыс күнi бұрын аталған интернет-ресурста жариялау мiндеттi болып табылады.
Кредиторлар жиналысының өткiзiлетiнi туралы хабарламада мынадай мәлiметтер:
1) борышкердiң атауы, тұрған жерi және оның мекенжайы;
2) кредиторлар жиналысының өткiзiлетiн күнi, уақыты және орны;
3) кредиторлар жиналысының күн тәртiбi;
4) кредиторлар жиналысының қарауына жататын материалдармен танысу тәртiбi қамтылуға тиiс.
8. Кредиторлар жиналысының қатысушысы немесе оның сенiмдi адамы жиналысқа тiкелей қатысуы мүмкiн болмаған жағдайда, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сырттай дауыс беруге құқылы.
Кредиторлар жиналысының қатысушысы сырттай дауыс беру тәсiлiн таңдаған жағдайда, ол жиналыс өткiзуге дейiн бес жұмыс күнi бұрын бұл туралы борышкерге хабарлауға тиiс.
Борышкер жиналыс өткiзуге дейiн үш жұмыс күнi бұрын күн тәртiбiне қатысты материалдарды кредиторлар жиналысының осындай қатысушысына танысу үшiн жiберуге немесе табыс етуге мiндеттi.
9. Кредиторлар жиналысына қатысатын кредиторлар өз талаптарының жиналысқа қатысушы кредиторлар талаптарының жалпы сомасына қатысты барабар мөлшерiнде дауысқа ие болады.
Мiндеттемелердi орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны үшiн қолданылуға жататын тұрақсыздық төлемi (айыппұлдар, өсiмпұлдар), төлемнiң мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн пайыздар, қолдан шығарылған пайда түрiндегi шығындар, сондай-ақ өзге де мүлiктiк және (немесе) қаржылық санкциялар кредиторлардың жиналысында дауыстар санын анықтау мақсаты үшiн есепке алынбайды.
10. Кредиторлар жиналысы оған оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлардың әрбiр тобының жалпы дауыс санының кемiнде жетпiс бес пайызын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда құқықты. Кредиторлардың қайтадан шақырылған жиналысы, кредиторлар жиналысының өткiзiлу уақыты мен орны туралы кредиторлар тиiсiнше хабардар етiлген жағдайда, оған оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлардың әрбiр тобының жалпы дауыс санының жартысынан астамына ие кредиторлар қатысқан жағдайда құқықты.
11. Кредиторлар жиналысының шешiмдерi кредиторлар жиналысына қатысатын кредиторлардың жалпы дауыс санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
12. Кредиторлар жиналысының хаттамасы екi данада жасалады, оның бiреуi сотқа, екiншiсi кредиторлар комитетiне берiледi.
Кредиторлар жиналысының хаттамасына:
жиналысқа қатысушылар өкiлдерiнiң өкiлеттiктерiн растайтын құжаттардың
жиналысқа қатысушыларға танысу және (немесе) бекiту үшiн ұсынылған материалдардың
кредиторлар жиналысының өткiзiлу күнi мен орны туралы кредиторлардың тиiсiнше хабардар етiлгенiн айғақтайтын дәлелдемелер болып табылатын құжаттардың
борышкердiң қалауы бойынша өзге құжаттардың көшiрмелерi қоса тiркелуге тиiс.
13. Кредиторлар жиналысының ерекше құзыретiне:
1) кредиторлар комитетiнiң санын айқындау, құрамын қалыптастыру және бекiту;
2) кредиторлар комитетiнiң құрамына өзгерiстер енгiзу;
3) оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтыруларды келiсу;
4) кредиторлар комитетi мүшелерiнiң жеделдетiлген оңалту рәсiмiн жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты кредиторлардың назарына жеткiзу тәртiбiн айқындау;
5) оңалту жоспарында көзделмеген, кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелердi келiсу;
6) жеделдетiлген оңалту рәсiмiн ұзартуды келiсу;
7) қорытынды есептi келiсу;
8) осы Заңда көзделген өзге де өкiлеттiктер жатады.
14. Кредиторлар жиналысының құзыретiне кiретiн, осы баптың 13-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау кезiнде сырттай дауыс беруге жол берiлмейдi.
15. Кредиторлар комитетiнiң отырысы, оны өткiзу және шешiмдердi қабылдау осы Заңның 14-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

14-4-бап. Оңалту жоспары

1. Оңалту жоспары борышкердiң төлемге қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру (оңалту шаралары), орындау мерзiмi басталмаған мiндеттемелердi өтеу мүмкiн еместiгiне байланысты төлемге қабiлетсiздiктiң туындауын болғызбау бойынша нақты iс-шараларды және жеделдетiлген оңалту рәсiмiне қатысатын бiртектi кредиторлар топтары алдындағы берешектi өтеу және (немесе) алдағы төлемдер кестесiн қамтуға тиiс.
Оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар кредиторлар жиналысының келiсiмiмен енгiзiледi және оларды сот бекiтедi.
2. Оңалту шаралары санацияны, сауда-саттық жүргiзу арқылы мүлiк (активтер) сатуды, борышкердiң талап ету құқықтарын басқаға берудi, негiзгi борыш сомасының бiр бөлiгiн есептен шығаруды, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды, борыштарды акцияларға айырбастауды, бiтiмгершiлiк келiсiмiн жасасуды және басқаларды қоса алғанда, борышкердiң төлемге қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған кез келген ұйымдастырушылық-шаруашылық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де iс-шараларды қамтуы мүмкiн.
3. Егер оңалту жоспары ақшалай қаражат көзi ретiнде кредиттер (микрокредиттер) алуды қамтыған, сондай-ақ мемлекеттiк қолдау шараларын көздеген жағдайда, оңалту жоспарына кредит (микрокредит) алуға арналған шарт не қаржылық ұйымның оң шешiмi не мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы мәртебесiн алғандығын растайтын құжат қоса тiркеледi.

14-5-бап. Жеделдетiлген оңалту туралы iс бойынша iс жүргiзудi
қозғау және оның салдары

1. Сот осы Заңның 14-2-бабында белгiленген талаптарға сай келетiн, жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiштi алып, өтiнiш келiп түскеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей iстi қозғау туралы ұйғарым шығарады.
2. Жеделдетiлген оңалту туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалған сәттен бастап:
1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына мүлiктi кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс пайдалануға және өткiзуге тыйым салынады;
2) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына кiретiн кредиторлардың, сондай-ақ борышкер мүлкiнiң меншiк иелерiнiң (олар уәкiлеттiк берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкiне қатысты талап арыздары бойынша соттардың, аралық соттардың бұрын қабылданған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
3) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына кiретiн кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iс қозғауға жол берiлмейдi;
4) борышкер мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы мәртебесiн алған жағдайда, кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iс қозғауға жол берiлмейдi;
5) борышкер оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобының әрбiр кредиторына iс бойынша iс жүргiзудiң қозғалғаны туралы хабарламаны бес жұмыс күнi iшiнде жiберуге мiндеттi;
6) кредиторлар хабарламада көрсетiлген кредиторлық берешек сомасымен келiспеген жағдайда, жеделдетiлген оңалту туралы iстi қарайтын сотқа хабарлама алған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарсылық жiберуге құқылы;
7) жеделдетiлген оңалту рәсiмiне тартылған кредиторлардың талаптары бойынша, оның iшiнде даусыз (акцептiсiз) тәртiппен қанағаттандыруға жататын талаптар бойынша борышкердiң банктiк шоттарынан ақшаны өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкер мүлкiне өндiрiп алуды қолдануға жол берiлмейдi.
3. Борышкердiң кредиторларға жiберетiн хабарламасында:
1) жеделдетiлген оңалту туралы iстiң қозғалғаны туралы ақпарат;
2) жеделдетiлген оңалту туралы iс қозғау туралы ұйғарым шығарған соттың атауы және оның тұрған жерi;
3) жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшке қоса тiркелген құжаттарда көрсетiлген кредитор талаптарының сомасы, сондай-ақ жеделдетiлген оңалту рәсiмiне қатысатын бiртектi кредиторлар тобы (топтары) талаптарының жалпы сомасы;
4) көрсетiлген кредиторлық берешек сомасымен келiспеген жағдайда, кредитордың хабарламаны алған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде сотқа қарсылық бере алатыны туралы ақпарат қамтылуға тиiс.
4. Борышкер жеделдетiлген оңалту рәсiмi туралы iс бойынша iс қозғалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде хабарландырулардың көшiрмелерiн, хабарламалардың түпнұсқаларын оларды кредиторлардың алғанын, не кредитордың тұрған жерi бойынша болмауы себептi оларды тапсыру мүмкiн болмағанын растаумен бiрге, сотқа табыс етуге тиiс.

14-6-бап. Iстiң сотта қаралуы

1. Жеделдетiлген оңалту туралы iстi сот талқылауына дайындау кезiнде сот Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген iс-әрекеттерден басқа, жеделдетiлген оңалту рәсiмiне тартылған кредиторларды және прокурорды iстiң сотта қаралатын уақыты мен орны туралы хабардар етедi.
2. Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ ол қозғалғаннан кейiнгi он бес күннен кешiктiрiлмей, жеделдетiлген оңалту туралы iс сот талқылауына тағайындалуға тиiс, бұл туралы сот ұйғарым шығарады.
Сот жеделдетiлген оңалту туралы iстi iс қозғалған күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде қарауға тиiс.
3. Жеделдетiлген оңалту туралы iстi алдын ала дайындау мерзiмi iс қозғалған сәттен бастап он бес күннен аспауға тиiс.
4. Сот мынадай шарттар орындалған:
1) сот талқылауы барысында борышкер төлемге қабiлетсiздiгiн не орындау мерзiмi таяу он екi айда басталатын ақшалай мiндеттемелердi орындаудың мүмкiн еместiгiн дәлелдеген;
2) борышкер iс бойынша iс жүргiзудiң қозғалғандығы туралы кредиторларды хабардар ету бойынша талаптарды толық көлемде орындаған;
3) жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдануға келiсiм бермеген кредиторлардың мүлiктiк мүдделерi оңалту жоспарында ескерiлген;
4) оңалту жоспарын мақұлдаған кредиторлардың талаптары бiртектi кредиторлардың тиiстi тобы (топтары) талаптарының жалпы сомасының елу пайызынан астамын құраған кезде жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы сот шешiмiн шығарады.
Осы тармақтың 1), 4) тармақшаларының талаптары мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.
5. Сот шешiмi:
1) борышкердiң атауын, оның тұрған жерiн, банктiк шоттары туралы мәлiметтердi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн), басшының тегiн, атын, әкесiнiң атын, телефонның байланыс нөмiрiн;
2) жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы нұсқауды;
3) мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану жағдайларын қоспағанда, оңалту жоспарын бекiту туралы нұсқауды;
4) жеделдетiлген оңалту рәсiмiнiң мерзiмi туралы мәлiметтердi;
5) оңалту жоспарына енгiзiлген кредиторлар тiзбесiн;
6) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобы (топтары) талаптарының сомасын;
7) жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолданудың осы Заңда көзделген салдарларының басталғаны туралы нұсқауды;
8) борышкердiң оңалту жоспарын орындау нәтижелерi бойынша қорытынды есептi беруi туралы нұсқауды қамтуға тиiс.
6. Сот мынадай:
1) сот талқылауы барысында борышкер төлемге қабiлетсiздiгiн және (немесе) алдағы төлемдердi уақтылы өтеу мүмкiндiгi жоқтығын растамаған;
2) борышкер осы Заңның 14-5-бабы 4-тармағының талаптарын орындамаған және борышкер кредиторды оның тұрған жерi бойынша болмауы себептi хабардар етудiң мүмкiн болмағанын дәлелдемеген;
3) кредиторларға жiберiлген iс бойынша iстi қозғау туралы хабарламалар осы Заңның 14-5-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
4) жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдануға келiсiм бермеген кредиторлардың мүлiктiк мүдделерi оңалту жоспарында ескерiлмеген;
5) оңалту жоспарына келiсiм берген бiртектi кредиторлар тобына жатпайтын кредиторлардың құқықтарын оңалту жоспары өзгерткен және қозғаған;
6) борышкер ұсынған құжаттар оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлардың әрбiр тобы талаптарының жалпы сомасының елу пайызынан астамын бiлдiретiн кредиторлардың оңалту жоспарын мақұлдағанын растамаған жағдайларда, жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолданудан бас тартады.
Осы тармақтың 5), 6) тармақшаларының талаптары мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын борышкерге қолданылмайды.
7. Сот талқылауы барысында осы баптың 6-тармағында көрсетiлген мән-жайлар анықталмаған жағдайларда, сот жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм шығарады.

14-7-бап. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiнiң мерзiмi

Жеделдетiлген оңалту рәсiмiнiң жүзеге асырылу ұзақтығы екi жылдан аспауға тиiс. Сот борышкердiң өтiнiшi бойынша рәсiмнiң жүзеге асырылу мерзiмiн кредиторлар жиналысының келiсiмiмен алты айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.
Борышкерге мемлекеттiк қолдау шаралары қолданылған жағдайда, сот рәсiм мерзiмiн бекiтiлген оңалту жоспарына сәйкес белгiлейдi.

14-8-бап. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану және оңалту
жоспарын бекiту салдарлары

1. Сот жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм шығарған және оңалту жоспарын бекiткен сәттен бастап мынадай салдарлар басталады:
1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына кредиторлар жиналысының немесе борышкерге мемлекеттiк қолдау шараларын қолдану кезiнде құрылған кредиторлардың өзге органдарының келiсiмiнсiз, оңалту жоспарында көзделгендердi қоспағанда, мүлiктi кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс пайдалануға және өткiзуге тыйым салынады;
2) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына кiретiн кредиторлардың, сондай-ақ борышкер мүлкiнiң меншiк иелерiнiң (ол уәкiлеттiк берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкiне қатысты талап арыздары бойынша соттардың, аралық соттардың бұрын қабылданған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
3) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына кiретiн кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iс қозғауға жол берiлмейдi;
4) борышкерге мемлекеттiк қолдау шаралары қолданылған жағдайда, кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iс қозғауға жол берiлмейдi.
2. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiнiң мерзiмi iшiнде борышкер әр айдың 15-iнен кешiктiрмей өткен айдағы қаржылық жағдайы, кәдiмгi коммерциялық операциялар барысында жүргiзiлген мәмiлелер туралы ақпаратты кредиторлар комитетi мүшелерiнiң назарына жеткiзуге, кредиторлар комитетiнiң талабы бойынша кез келген ақпаратты ұсынуға мiндеттi.
3. Оңалту жоспарына қосылған кредиторлармен есеп айырысу оңалту жоспарында көзделген өтеу кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiне тартылмаған, қалған кредиторлармен есеп айырысу кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнде жүзеге асырылады.

14-9-бап. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiн тоқтату

1. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiн:
1) кредиторлар жиналысымен келiсiлген қорытынды есеп табыс етiлген;
2) егер мерзiмдi ұзарту үшiн негiз болмаса, жеделдетiлген оңалту рәсiмiнiң мерзiмi өткен;
3) оңалту жоспарын орындау кезiнде, сондай-ақ осы Заң нормаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда кредиторлар жиналысының шешiмi негiзiнде жиналыс уәкiлеттiк берген тұлғаның өтiнiшi бойынша;
4) оған қатысты борышкер өтеу кестесiн үш айдан астам мерзiм iшiнде орындамаған кредитордың өтiнiшi бойынша;
5) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына жатпайтын кредитордың не талаптары жеделдетiлген оңалту рәсiмiн өткiзу кезеңiнде туындаған кредитордың өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iс қозғалған жағдайларда;
6) оңалту жоспары құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған және (немесе) ескермеген, оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына жататын кредитордың өтiнiшi бойынша сот тоқтатады.
2. Жеделдетiлген оңалту рәсiмi тоқтатылған сәттен бастап осы Заңның 14-8-бабында белгiленген шектеулер алып тасталады, кредиторлар өз құқықтарын iске асыруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.»;

11) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Банкроттық немесе оңалту туралы iстердi сот тәртiбiмен қарау»;

12) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«15-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы iс қозғау тәртiбi

1. Банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу сотта осы Заңның 4-бабында көзделген негiздер болған кезде – борышкердiң, кредитордың (кредиторлардың), осы Заңның 26-бабында көзделген жағдайларда – прокурордың, осы Заңның 53-бабында көзделген жағдайда оңалтушы басқарушының өтiнiшi негiзiнде қозғалады.
2. Борышкердi банкрот деп тану туралы кредитордың өтiнiшiн сотқа беру құқығына салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерге қатысты салық және өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк орган, сондай-ақ азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер жөнiндегi кредиторлар – жеке және заңды тұлғалар ие болады.
3. Оңалту туралы iс бойынша iс жүргiзу осы Заңның 4-бабында көзделген негiздер бар болған кезде борышкердiң өтiнiшi негiзiнде сотта қозғалады.
Борышкердiң банкроттық туралы iс қозғалғандығы туралы сот ұйғарымының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн мерзiм iшiнде оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiштi сотқа жолдауға да құқығы бар.
4. Сот борышкердi банкрот деп тану туралы немесе оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiштi iс жүргiзуге қабылдау туралы ұйғарым шығарған сәттен бастап банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалды деп есептеледi.
5. Банкрот деп тану туралы борышкер, оңалтушы басқарушы берген өтiнiш соттың тиiстi шешiмiнсiз керi қайтарып алынбайды. Осы Заңның 53-бабында көзделген негiздер бойынша өтiнiш берiлген жағдайларды қоспағанда, кредитордың (кредиторлардың), прокурордың өтiнiшiн ол (олар) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн қайтарып алуы мүмкiн.»;

13) 16-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы iске қатысушы
тұлғалар»;
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мыналар банкроттық немесе оңалту туралы iске қатысушы тұлғалар бола алады:»;

14) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Борышкердiң өтiнiшi:
1) өтiнiш берiлетiн соттың атауын;
2) кредиторлар талаптарын қанағаттандыру мүмкiн еместiгiнiң негiздемесiн;
3) борышкерде бар мүлiк, оның iшiнде кепiл ауыртпалығы салынған, жалдауда және лизингте тұрған мүлiк, банк шоттарындағы ақша туралы мәлiметтердi; шоттардың нөмiрлерiн және банктердiң тұрған жерiн, дебиторлардың тұрған жерi мен берешек сомасы көрсетiлген тiзбесiн;
4) борышкердiң орындалу мерзiмi басталмаған мiндеттемелерi туралы мәлiметтердi;
5) борышкер қызметiнiң табиғи монополия саласына қатысы туралы немесе осы борышкердiң тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылатыны туралы ақпаратты;
6) қоса берiлетiн құжаттар тiзбесiн қамтуға тиiс.
Борышкердiң өтiнiшiнде, егер банкроттық немесе оңалту туралы iстi қарауға қажет болса өзге де мәлiметтер, сондай-ақ өтiнiш берушiде бар қолдаухаттар көрсетiлуi мүмкiн.
Борышкер уәкiлеттi органға өтiнiштiң және оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмелерiн жiберуге мiндеттi.»;

15) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«19-бап. Борышкердiң өтiнiшiне қоса берiлетiн құжаттар

1. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:
1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленгенiн;
2) берешектiң бар-жоғын, сондай-ақ борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға қабiлетсiздiгiн;
3) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге мән-жайларды растайтын құжаттар қоса берiледi.
2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:
1) борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болған, меншiк иесiнiң немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың), заңды тұлға органдарының шешiмi;
2) соңғы үш жылдағы және өтiнiш берген кезге қаржылық есептiлiк, көрсетiлген кезең үшiн борышкердiң барлық мiндеттемелерi бойынша салықтық есептiлiк, тиiстi берешектiң сомасы мен түзiлу күнiн көрсете отырып, барлық кредиторлар мен дебиторлардың тiзбесi (салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi, жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, толық атауы, заңды мекенжайы);
3) борышкер еңбек ұжымының (қызметкерлерiнiң) банкроттық туралы iске қатысу үшiн өкiлi жасырын дауыс беру арқылы сайланған жиналысының (конференциясының) хаттамасы;
4) құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;
5) егер борышкер табиғи монополия субъектiсi болып табылған жағдайда, табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның ол борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi жөнiндегi жазбаша хабарламасын алған кезден бастап он күн iшiнде беретiн қорытындысы;
6) егер борышкер тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылған жағдайда, монополияға қарсы органның ол борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi жөнiндегi жазбаша хабарламасын алған кезден бастап он күн iшiнде беретiн қорытындысы;
7) егер борышкерге қатысты сырттай байқау рәсiмi жүргiзiлсе, сырттай байқау әкiмшiсiнiң қорытындысы;
8) борышкерге қойылған, соттар iс жүргiзуге қабылдаған талап арыздар туралы, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәлiметтер де қоса берiледi.
3. Оңалту рәсiмiн тоқтату және борышкердi банкрот деп тану туралы оңалтушы басқарушының өтiнiшi, осы баптың 2-тармағының 1), 3) және 7) тармақшаларында көзделгендердi қоспағанда, осы баптың 1, 2-тармақтарында көзделген мәлiметтер мен құжаттарды қамтуға тиiс.
4. Борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне:
1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленгенiн;
2) берешектiң бар-жоғын, сондай-ақ борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға қабiлетсiздiгiн не ақшалай мiндеттемелердi орындау мерзiмi таяу он екi айда басталған кезде оған оларды орындайтын күйде болмайтын төлемге қабiлетсiздiк қатерiнiң төнгенiн;
3) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса берiледi.
5. Борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне:
1) борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болған, борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң (ол уәкiлеттiлiк берген органның), құрылтайшылардың (қатысушылардың), заңды тұлға органдарының шешiмi;
2) соңғы үш жылдағы қаржылық есептiлiк, тиiстi берешектiң сомалары мен түзiлген күнiн көрсете отырып, барлық кредиторлар мен дебиторлардың тiзбесi (салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, толық атауы, заңды мекенжайы), сондай-ақ өтiнiш берiлген кездегi активтер, мiндеттемелер мен меншiктi капитал туралы мәлiметтердi қамтитын қаржылық жағдай туралы мәлiметтер;
3) борышкерге қойылған, соттар iс жүргiзуге қабылдаған талап арыздар туралы, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәлiметтер;
4) егер борышкерге қатысты сырттай байқау рәсiмi енгiзiлген жағдайда, сырттай байқау әкiмшiсiнiң төлемге қабiлеттiктi қалпына келтiру мүмкiндiгi туралы қорытындысы;
5) құрылтай құжаттарының көшiрмелерi қоса берiледi.»;

16) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Борышкердiң банкрот деп тану немесе оңалту рәсiмiн қолдану туралы, осы Заңның 18 және 19-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiн өтiнiшпен сотқа жүгiнуi өтiнiштi қарамай қайтаруға негiз болып табылады.»;

17) 27 және 28-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«27-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс
жүргiзудi қозғау

1. Борышкердi банкрот деп тану немесе оңалту рәсiмiн қолдану туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келетiн өтiнiштi ала отырып, сот өтiнiш келiп түскеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей iс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
2. Iс қозғау туралы ұйғарым мүлiкке құқықты тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк және өзге де органдардың осы Заңның 28-бабының 1-тармағында көзделген шектеулердi қолдану туралы мiндетiн қамтуға тиiс.
3. Сот iс қозғау туралы сот ұйғарымының көшiрмелерiн борышкерге, өтiнiш берушiге, уәкiлеттi органға, мүлiкке құқықтарды тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк және өзге де органдарға, жеке сот орындаушыларының өңiрлiк алқасына және борышкердiң тұрған жерi бойынша аумақтық атқарушылық iс жүргiзу органына жiбередi.

28-бап. Банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс қозғаудың
салдарлары

1. Банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс қозғалған сәттен бастап:
1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына мүлiктi кәдiмгi коммерциялық операциялардан тыс пайдалануға және өткiзуге тыйым салынады;
2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауапты болатын азаматтарға төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың, салық органдарының, сондай-ақ меншiк иелерiнiң (құрылтайшылардың, қатысушылардың) немесе борышкер органдарының борышкер мүлкiне қатысты бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
3) кредиторлардың борышкерге қоятын кез келген талаптары осы Заңда көзделген банкроттық немесе оңалту рәсiмдерi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн;
4) кредиторлардың, салық органы мен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органның талаптары, оның iшiнде даусыз (акцептiсiз) тәртiппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша борышкердiң банк шоттарынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкердiң мүлкiне өндiрiп алуды қолдануға жол берiлмейдi;
5) борышкердiң акцияларын, мүлкiндегi үлестердi иелiктен шығаруға тыйым салынады.
2. Сот Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында банкроттық немесе оңалту туралы iс бойынша iс қозғалғандығы жөнiндегi хабарландыруды қазақ және орыс тiлдерiнде жетi күн iшiнде жариялауға мiндеттi.
Хабарландыруды жариялау борышкердi банкрот деп тану немесе оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiш берген тұлғаның қаражаты есебiнен жүзеге асырылады, ол осы Заңның 40-бабында белгiленген тәртiппен өтелуге жатады.»;

18) мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:

«29-1-бап. Банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi
тоқтата тұру және қайта бастау

1. Сот борышкердiң банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу шеңберiнде оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiн алып, өтiнiш келiп түскеннен кейiнгi бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады.
2. Соттың банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы ұйғарымының көшiрмелерiн сот борышкерге, өтiнiш иесiне, уәкiлеттi органға, жеке сот орындаушыларының өңiрлiк алқасына және борышкердiң тұрған жерi бойынша аумақтық атқарушылық iс жүргiзу органына жiбередi.
3. Сот банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi мынадай:
1) сот оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiштi қараусыз қалдырған;
2) оңалту рәсiмiн қолданудан бас тарту туралы шешiм шығарылған;
3) осы Заңның 53-бабында көзделген негiздер бойынша оңалту рәсiмiн тоқтатқан жағдайларда қайта бастайды.
4. Банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу соттың ұйғарымымен қайта басталады.»;

19) 34 және 35-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«34-бап. Сот талқылауы

1. Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ iс қозғалған соң бiр айдан кешiктiрiлмей, банкроттық туралы iс сот талқылауына тағайындалуға тиiс, бұл туралы сот ұйғарым шығарады.
Банкроттық туралы iс қозғалған күннен бастап екi айдан аспайтын мерзiмде банкроттық туралы iс сот отырысында қаралуға тиiс.
2. Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ iс қозғалған соң он бес күннен кешiктiрiлмей, оңалту туралы iс сот талқылауына тағайындалуға тиiс, бұл туралы сот ұйғарым шығарады.
Оңалту туралы iс қозғалған күннен бiр айдан аспайтын мерзiмде оңалту туралы iс сот отырысында қаралуға тиiс.

35-бап. Соттың банкроттық немесе оңалту туралы iс
бойынша қаулылары

1. Сот банкроттық немесе оңалту туралы iстi сот отырысында қарап, мынадай сот актiлерiнiң бiрiн қабылдай алады:
1) борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiм;
2) борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм;
3) оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм;
4) оңалту рәсiмiн қолданудан бас тарту туралы шешiм;
5) iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым.
2. Соттың осы баптың 1-тармағында көзделген шешiмдерi мен ұйғарымдары, осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.»;

20) 36-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «бергенде;» деген сөз «бергенде шығарылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 4), 5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

21) мынадай мазмұндағы 37-1-баппен толықтырылсын:

«37-1-бап. Оңалту туралы iс бойынша шешiм

1. Борышкер сот талқылауы барысында өзiнiң төлемге қабiлетсiздiгiн немесе ақшалай мiндеттемелердi орындау мерзiмi таяу он екi айда басталған кезде борышкердiң оларды орындайтын күйде болмайтын төлемге қабiлетсiздiк қатерi төнгенiн дәлелдеген жағдайда, сот оңалту рәсiмiн қолдану туралы соттың шешiмiн шығарады.
2. Соттың борышкерге оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiмiнде:
1) оңалту рәсiмiн қолдану туралы;
2) борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы ұйғарым заңды күшiне енген күннен бастап он күн мерзiмде оңалту рәсiмiн қолдану туралы және кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi туралы жарияланымды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде орналастыруы туралы;
3) борышкердiң оңалту рәсiмi қолданылған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзiмде кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыруы және оны уәкiлеттi органға бекiтуге беруi туралы;
4) борышкердiң оңалту рәсiмi қолданылған кезден бастап төрт айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде кредиторлар жиналысы мақұлдаған борышкердi оңалту жоспарын ұсынуы туралы;
5) оңалту рәсiмiн қолданудың осы Заңда көзделген салдарының басталғаны туралы нұсқау қамтылуға тиiс.
3. Оңалту рәсiмiн қолдану туралы жарияланымда:
1) оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiмдi шығарған соттың атауы;
2) борышкердiң атауы және тұрған жерi;
3) кредиторларға жарияланым күнiнен бастап екi ай мерзiмде өздерiнiң борышкерге бар талаптарын қою қажеттiгi туралы үндеу қамтылуға тиiс.
4. Егер борышкер сот талқылауы барысында өзiнiң төлемге қабiлетсiздiгiн не ақшалай мiндеттемелердi орындау мерзiмi таяу арадағы он екi айда басталған кезде оларды орындауға мүмкiндiгi жоқ екендiгiн дәлелдемеген жағдайда, сот оңалту рәсiмiн қолданудан бас тартады.
Соттың оңалту рәсiмiн қолданудан бас тарту туралы шешiмiнде кредитордың борышкерден оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiш беру нәтижесiнде келтiрiлген залалдарының орнын толтыруды талап ету құқығына нұсқау қамтылуға тиiс.»;

22) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«39-бап. Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым

1. Банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi сот Қазақстан Республикасының iс жүргiзу заңнамасында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiш керi қайтарып алынған жағдайда (осы Заңның 15-бабының 5-тармағы) тоқтатады.
2. Оңалту рәсiмiн қолдану туралы iс бойынша iс жүргiзудi сот Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ:
1) оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiш керi қайтарып алынған;
2) оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшке қоса берiлген құжаттарда қамтылған дәйексiз мәлiметтер ұсынылу фактiлерi анықталған жағдайларда тоқтатады.»;

23) 40-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Борышкердi банкрот деп тану, оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм қабылданған кезде әкiмшiлiк шығыстар борышкердiң мүлкiне жатқызылады және осы мүлiктiң есебiнен кезектен тыс өтеледi. Оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатына қол жеткiзiлуiне байланысты iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым шығарылған кезде сот және әкiмшiлiк шығыстары осы тәртiппен өтеледi.»;

24) 41-2-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«41-2-бап. Сырттай байқау рәсiмiнде кредиторлар комитетiн
қалыптастыру»;
4-тармақ алып тасталсын;

25) 42 және 43-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«42-бап. Оңалту рәсiмiн қолдану

Оңалту рәсiмi сот тәртiбiмен тек коммерциялық ұйымдарға қатысты қолданылады.

43-бап. Оңалту рәсiмiне қатысушылар

Сот, кредиторлар, борышкер, борышкер мүлкiнiң меншiк иесi (ол уәкiлеттiк берген орган), құрылтайшылар (қатысушылар), оңалтушы басқарушы, уәкiлеттi орган және басқа да мүдделi тұлғалар оңалту рәсiмiне қатысушылар болып табылады.»;

26) мынадай мазмұндағы 43-1 және 43-2-баптармен толықтырылсын:

«43-1-бап. Соттың оңалту рәсiмiндегi өкiлеттiгi

Сот оңалту рәсiмiнде:
1) оңалту рәсiмiн қолданады, тоқтата тұрады және тоқтатады;
2) оңалту жоспарын бекiтедi;
3) оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiтедi;
4) борышкер жауапкер ретiнде әрекет ететiн мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iстi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдайды;
5) кредиторлар жиналысының шешiмi негiзiнде борышкер мүлкi меншiк иесiнде (ол уәкiлеттiк берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) борышкер мүлкiн және iстерiн басқару құқығын сақтап қалады немесе уәкiлеттi органға оңалтушы басқарушыны тағайындауды тапсырады;
6) оңалту рәсiмiне қатысушылар арасындағы дауларды шешедi.

43-2-бап. Оңалту рәсiмiн қолданудың салдарлары

1. Сот оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм шығарған сәттен бастап мынадай салдарлар басталады:
1) мүлiкпен кәдiмгi коммерциялық операциялардың шеңберiнен тыс мәмiлелер жасасуға тыйым салынады;
2) борышкер берешегiнiң барлық түрлерi бойынша тұрақсыздық төлемiн (өсiмпұлдарды, айыппұлдарды), сондай-ақ алынған кредиттер бойынша сыйақыларды есептеу тоқтатылады;
3) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, төлеу мерзiмi оңалту рәсiмiн қолданғаннан кейiн басталған, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауапты болатын азаматтарға төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың, салық органдарының, сондай-ақ борышкер мүлкiнiң меншiк иелерiнiң (олар уәкiлеттiк берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкiне қатысты қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
4) оңалту рәсiмi қолданылған салықтық кезеңнен кейiнгi салықтық кезеңдердегi салықтық есептiлiкке сәйкес салық төлеушi есептеген, салықтық тексерулердiң нәтижелерi бойынша салық қызметi органы есепке жазған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер төленедi.
2. Оңалту жоспары бекiтiлгеннен кейiн:
1) оңалту жоспарында көзделгендердi қоспағанда, мүлiкпен кәдiмгi коммерциялық операциялардың шеңберiнен тыс мәмiлелер кредиторлар жиналысының келiсiмiмен жасалады;
2) кредиторлық берешектi өтеу кестесi оңалту жоспарына сәйкес орындалмаған жағдайда, кредиторлық берешектi өтеудiң оңалту жоспарында көрсетiлген күнiнен немесе кезеңiнен кейiнгi күннен бастап осы Заңның 28-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгiленген шектеулер алынады.»;

27) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«44-бап. Оңалту жоспары және оны бекiту тәртiбi

1. Оңалту жоспары борышкердiң төлемге қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру жөнiндегi нақты iс-шараларды (оңалту шараларын) және осы Заңның 47-бабының 2-тармағында көрсетiлген кредиторлар алдындағы берешектi өтеу кестесiн қамтуға тиiс.
Табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерi болып табылатын не республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер етуге қабiлеттi ұйымдардың оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар тиiстi орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тиiстi аумақтық органымен, ал қала негiзiн құраушы кәсiпорындар бойынша - тиiстi облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiмен келiсiлуге тиiс.
Оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар кредиторлар жиналысының келiсiмiмен енгiзiледi және оларды сот бекiтедi.
2. Оңалту жоспарын борышкер оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм заңды күшiне енген күннен бастап үш ай iшiнде кредиторлармен бiрге әзiрлеуге тиiс.
3. Оңалту жоспарын iске асыру мерзiмi бес жылдан аспауға тиiс.
4. Оңалту шараларына санацияны, сауда-саттық жүргiзу жолымен мүлiктi (активтердi) сатуды, борышкердiң талап ету құқықтарын басқаға берудi, борыштың бiр бөлiгiн кешiрудi, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды, борыштарды акцияларға айырбастауды, бiтiмгершiлiк келiсiмiн жасасуды және басқаларды қоса алғанда, борышкердiң төлемге қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған кез келген ұйымдастырушылық-шаруашылық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де iс-шаралар кiруi мүмкiн.
5. Егер оңалту жоспары ақшалай қаражат көзi ретiнде кредиттер (микрокредиттер) алуды қамтыса, оңалту жоспарына кредит (микрокредит) алу шарты қоса тiркеледi.
6. Оңалту жоспары кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн кредиторлар жиналысына келiсу үшiн берiлуге тиiс.
7. Табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерi болып табылатын не республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер етуге қабiлеттi ұйымдардың оңалту жоспары тиiстi орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тиiстi аумақтық органымен, ал қала негiзiн құраушы кәсiпорындар бойынша - тиiстi облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiмен келiсiлуге тиiс.
Ұсынылған оңалту жоспары он жұмыс күнi iшiнде қарастырылады.
8. Борышкер оңалту жоспарын кредиторлар жиналысында мақұлдағаннан кейiн осы Заңның 37-1-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей сотқа ұсынуға мiндеттi.
9. Кредиторлар жиналысымен келiсiлген оңалту жоспары ол ұсынылған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сот ұйғарымымен бекiтiледi.
10. Сот осы Заңда белгiленген талаптардың бұзылғандығы анықталған жағдайларда, оңалту жоспарын бекiтуден бас тартуға құқылы.
11. Соттың оңалту жоспарын бекiту туралы ұйғарымы:
1) оңалту жоспарын бекiту туралы;
2) оңалту рәсiмiн аяқтау және қорытынды есеп беру мерзiмдерi туралы;
3) уәкiлеттi органның оңалтушы басқарушыны тағайындауы туралы немесе басқару құқығының борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнде, қатысушыларда (акционерлерде) сақталғандығы туралы нұсқауларды қамтуға тиiс.»;

28) 45-бап алып тасталсын;

29) мынадай мазмұндағы 45-1-баппен толықтырылсын:

«45-1-бап. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру

1. Борышкер оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм заңды күшiне енген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде борышкерге оңалту рәсiмiнiң қолданылуы туралы және кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi туралы жарияланымды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде орналастырады.
Борышкердiң интернет-ресурсы бар болған жағдайда, борышкерге оңалту рәсiмiнiң қолданылуы және кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi туралы хабарламаны аталған интернет-ресурста жариялау мiндеттi болып табылады.
2. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптарын мәлiмдеу және қарау осы Заңның 71–72-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Борышкер оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм заңды күшiне енген күннен бастап үш айдан кешiктiрмей кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн және оларды қарау нәтижелерiн бекiту үшiн уәкiлеттi органға беруге мiндеттi.
4. Борышкер ұсынған кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган кредиторлар талаптарының тiзiлiмi ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей бекiтедi.
5. Уәкiлеттi орган осы Заңның 71–72-баптарының талаптарын бұза отыра жасалған кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн бес жұмыс күнi iшiнде жойылуға жататын қайтару себептерiн көрсете отырып, ол ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей пысықтауға қайтарады.»;

30) 46-бап алып тасталсын;

31) мынадай мазмұндағы 46-1-баппен толықтырылсын:

«46-1-бап. Кредиторлар жиналысы

1. Барлық кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар жиналысы шақырылады.
2. Кредиторлар жиналысына қатысу құқығы кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне енгiзiлген кредиторларға (олардың өкiлдерiне), борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiлiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға), уәкiлеттi органға тиесiлi.
3. Кредиторлар жиналысын ұйымдастыру, өткiзу және оның шешiмдер қабылдауы осы Заңның 14-3-бабының 6–11-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
4. Кредиторлар жиналысының хаттамасы екi данада жасалады, оның бiрi оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм қабылдаған сотқа, екiншiсi кредиторлар комитетiне берiледi.
Кредиторлар жиналысының хаттамасына:
1) кредиторлар жиналысын өткiзу күнiндегi кредиторлар талаптары тiзiлiмiнiң
2) жиналысқа қатысушылар өкiлдерiнiң өкiлеттiктерiн растайтын құжаттардың
3) жиналысқа қатысушыларға танысу және (немесе) бекiту үшiн ұсынылған материалдардың
4) кредиторлар жиналысын өткiзу күнi мен орны туралы кредиторларды тиiстi түрде хабардар еткенi туралы айғақтайтын дәлелдемелер болып табылатын құжаттардың
5) борышкердiң қалауы бойынша өзге де құжаттардың көшiрмелерi қоса берiлуге тиiс.
5. Кредиторлар жиналысының айрықша құзыретiне:
1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнде (ол уәкiлеттiк берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) оңалту жоспарын бекiткен сәттен бастап борышкер мүлкiн және iстерiн басқару құқығын сақтау немесе оның күшiн жою туралы шешiм қабылдау;
2) кредиторлар комитетi құрамының санын айқындау, құрамын қалыптастыру және бекiту;
3) кредиторлар комитетiнiң құрамына өзгерiстер енгiзу;
4) оңалту жоспарын келiсу;
5) оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтыруларды келiсу;
6) оңалту рәсiмiн ұзартуды келiсу;
7) кредиторлар комитетi мүшелерiнiң оңалту рәсiмiн жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты кредиторлар назарына жеткiзуiнiң тәртiбi мен мерзiмiн айқындау;
8) өзге мәмiлелердi кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс жасалатындардың санатына жатқызу;
9) оңалту жоспарында көзделмеген, кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелердi келiсу;
10) борышкердiң өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешегiнiң сомасын бекiту;
11) оңалтушы басқарушының кандидатурасын таңдау;
12) оңалтушы басқарушының негiзгi сыйақы сомасын және оны төлеу тәртiбiн айқындау;
13) борышкер мүлкiн және iстерiн басқару құқығы борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнде (ол уәкiлеттiк берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақталған жағдайда, борышкердi басқару органдары мүшелерiнiң ақшалай сыйақысының сомасын анықтау;
14) оңалтушы басқарушының (борышкердiң) қорытынды есебiн келiсу;
15) осы Заңда көзделген өзге де өкiлеттiктер жатады.
6. Кредиторлар жиналысының құзыретiне кiретiн, осы баптың 5-тармағының 1), 4), 5), 6) және 11) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау кезiнде сырттай дауыс беруге жол берiлмейдi.»;

32) 47, 48, 49 және 50-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«47-бап. Кредиторлармен есеп айырысу

1. Оңалту рәсiмiн қолданған кезден бастап:
1) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды қоспағанда, жалақыдан және (немесе) өзге де кiрiстен ұсталған алименттердi төлеу жөнiндегi талаптар, сондай-ақ өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн борышкер жауапты болатын азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;
2) төлеу мерзiмi оңалту рәсiмi қолданылғаннан кейiн басталған, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жатқан адамдармен өтемақылар және еңбекақы төлеу бойынша, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар төлеу бойынша және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу бойынша есеп айырысу жүргiзiледi;
3) кредиторлардың мiндеттемелерден, оның iшiнде оңалтушы басқарушы (борышкер) жасасқан мәмiлелерден туындаған, орындалу мерзiмi оңалту рәсiмiн жүзеге асыру кезеңiнде басталатын талаптары қанағаттандырылады.
2. Борышкердiң кредиторлар алдындағы берешектерi бойынша басқа да барлық есеп айырысулар, оның iшiнде өндiрiп алынуы атқару парақтары бойынша немесе даусыз (акцептiсiз) тәртiппен жүргiзiлетiн берешектер осы Заңның 75 және 76-баптарында белгiленген кезектiлiк пен есеп айырысу қағидалары сақтала отырып, оңалту жоспарына сәйкес кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн жүзеге асырылады.
Өткен салық кезеңдерi және оңалту рәсiмi қолданылған салық кезеңi үшiн салық есептiлiгiне сәйкес салық төлеушi есептеген, салықтық тексерулер нәтижелерi бойынша салық қызметi органы есепке жазған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша мiндеттемелер туындаған кезде кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне, сондай-ақ оңалту жоспарына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi.
3. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптарын мәлiмдеуi мен оларды қарау осы Заңның 71-72-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн бекiту осы Заңның 45-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Кредиторлардың оңалту рәсiмi қолданылғанға дейiн туындаған талаптарын қанағаттандыру, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн жүргiзiледi.
5. Кепiлдi кредитор:
1) өзiнiң заңды мүдделерiне қауiп төндiретiн, осы Заңды бұзушылық анықталған;
2) өзiнiң алдындағы берешектi өтеу кестесi бұзылған;
3) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiк құнының өз мүдделерiне қысым жасауға әкеп соқтыратындай төмендеуi;
4) егер өзiнiң алдындағы мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын мүлiк борышкер-кәсiпорынның қызметiн жалғастыру үшiн немесе оңалту жоспарын iске асыру үшiн талап етiлмесе, өзiнiң алдындағы мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын борышкер мүлкiне өндiрiп алуды қолдану туралы сотқа жүгiнуге құқылы.

48-бап. Оңалтушы басқарушы

Осы Заңда белгiленген жағдайларда оңалтушы басқарушыны оңалту жоспарын бекiту туралы сот ұйғарымы күшiне енгеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi орган тағайындайды.

49-бап. Оңалтушы басқарушыға сыйақы төлеу

1. Оңалтушы басқарушыға сыйақы борышкердiң мүлкiнен төленедi және әкiмшiлiк шығыстарына жатқызылады. Негiзгi сыйақының мөлшерi мен сомасын және оны төлеу тәртiбiн кредиторлар жиналысы осы баптың талаптарына сәйкес айқындайды.
2. Оңалтушы басқарушыға төленетiн сыйақы:
1) оның өз мiндеттерiн атқарған барлық кезеңi үшiн төленетiн, ай сайынғы сомасы елу айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс ағымдағы төлемдердi;
2) оңалту рәсiмiнiң мақсаттарына қол жеткiзу мiндеттi жағдайда, оңалтушы басқарушыға кредиторлар төлеуi мүмкiн қосымша төлемдердi қамтиды.
Қосымша сыйақының мөлшерi:
бiрiншi, екiншi кезектегi кредитор талаптарын өтеуге бағытталған қаражаттың екi пайызына дейiн;
үшiншi және бесiншi кезектегi кредитор талаптарын өтеуге бағытталған қаражаттың бес пайызына дейiн құрауы мүмкiн.
Кредитор қосымша сыйақыны төлеу туралы кредитордың келiсiмiн оның мөлшерiн көрсете отырып, жазбаша түрде кемiнде екi данада шығарады, оның бiреуiн оңалтушы басқарушы мұндай шешiмдi кредитор қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға жiбередi.
3. Борышкердiң мүлкiн және iстерiн басқару құқығы борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнде (ол уәкiлеттiк берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақталған, оңалтушы басқарушының өкiлеттiктерi борышкердiң басшысына жүктелген жағдайларда, осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген ағымдағы төлемдердiң ең көп сомасын шектеу борышкердiң басшысына қолданылмайды, осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген қосымша төлемдер жүргiзiлмейдi.

50-бап. Оңалту рәсiмiнiң мерзiмi

Сот оңалту рәсiмiн жүргiзу мерзiмiн оңалту жоспарына сәйкес белгiлейдi. Сот оңалтушы басқарушының қолдаухаты бойынша кредиторлар жиналысының келiсiмiмен осы мерзiмдi ұзартуға құқылы, бiрақ ол алты айдан аспауға тиiс.
Табиғи монополия субъектiлерi немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерi болып табылатын не республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер етуге қабiлеттi ұйымдар үшiн сот оңалту рәсiмiнiң мерзiмiн екi жылға дейiн ұзартуға құқылы.
Ұйым мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы мәртебесiн алған жағдайда, сот оңалтушы басқарушының өтiнiшi бойынша, кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен оңалту рәсiмiн жүргiзудi тоқтата тұруға құқылы.»;

33) мынадай мазмұндағы 50-1-баппен толықтырылсын:

«50-1-бап. Мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы үшiн
оңалту рәсiмiн тоқтата тұру және қайта бастау

1. Оңалту рәсiмiн тоқтата тұру туралы өтiнiштi сот ол түскен күннен бастап он жұмыс күнiнен кеш емес мерзiмде қарауға тиiс.
Оңалту рәсiмiн тоқтата тұру үшiн борышкердiң мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы мәртебесiн алуы және кредиторлар комитетiнiң шешiмi негiз болып табылады.
2. Сот оңалту рәсiмiн тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарған сәттен бастап, мынадай салдарлар басталады:
1) оңалтушы басқарушы борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетiледi және басқару борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға) өтедi;
2) осы Заңның 43-2-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрады;
3) ұйымды оңалту жоспарының орындалуы тоқтатыла тұрады;
4) кредиторлардың талаптарын өтеу мемлекеттiк қолдау шаралары шеңберiнде қабылданған оңалту жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
3. Кредиторлар комитетi оңалту рәсiмiн қайта бастау туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну туралы шешiм қабылдауға құқылы. Осындай өтiнiшпен кредиторлар комитетi уәкiлеттiк берген тұлға жүгiнедi.
Оңалту рәсiмiн қайта бастау туралы сот ұйғарымы күшiне енген күннен бастап, осы баптың 2-тармағының қолданысы тоқтатылады.»;

34) 51, 53 және 54-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«51-бап. Оңалтушы басқарушының өкiлеттiктерi

1. Оңалтушы басқарушы:
1) борышкердiң мүлкiн басқаруға қабылдайды және оған осы Заңда белгiленген шекте билiк етедi;
2) борышкердiң мүлкiне қатысты тиiстi құқықтарға ие болады және оның барлық органдары үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мiндеттердi атқарады;
3) өзiн уәкiлеттi орган тағайындаған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкерге оңалту рәсiмiн қолдану туралы және кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi туралы жарияланымды қазақ және орыс тiлдерiнде орналастырады;
4) оңалту жоспарын орындауды ұйымдастырады;
5) оңалту рәсiмiне кредиторлар жиналысымен келiсiлген өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы сотқа қолдаухат жiбередi;
6) кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
7) кредиторлар комитетiнiң барлық мүшелерiне осы Заңның 12-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiмдерде өткiзiлетiн комитеттiң бiрiншi отырысының өтетiн күнi мен орны туралы хабарлайды;
8) осы Заңның 14-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде кредиторлар комитетiнiң мүшелерiне хабарлама жiбередi;
9) осы Заңның 14-3-бабының 7-тармағында белгiленген iс-әрекеттердi жасайды, сондай-ақ кредиторлар жиналысының сырттай дауыс берудi таңдаған қатысушыларына осы Заңның 14-3-бабының 8-тармағында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде материалдарды жiбередi;
10) ұйымдардан, мемлекеттiк органдардан және олардың лауазымды адамдарынан борышкер туралы ақпаратты сұратады және алады;
11) банкроттық туралы заңнамамен реттелетiн қатынастарға ақпараттық жүйенi қолдана отырып қатысуға құқылы;
12) оңалту рәсiмiн тоқтата тұру туралы сотқа жүгiнедi;
13) осы Заңда көзделген өзге де өкiлеттiктердi орындайды.
2. Кредиторлар жиналысының шешiмiне сәйкес оңалтушы басқарушы:
1) кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелер жасасады;
2) борышкердiң тұтынуға, оның iшiнде борышкер қызметкерлерiне еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға әкеп соғатын шешiмдер қабылдайды;
3) оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа жүгiнедi;
4) осы Заңда белгiленген жағдайларда, оңалту рәсiмiн тоқтату және борышкердi банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнедi.
Осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында белгiленген қағидалар оңалту жоспарында көзделген, борышкердiң мүлкiне билiк ету жөнiндегi мәмiлелерге қолданылмайды.
3. Оңалтушы басқарушы өткен айдағы қаржылық жағдайы, кәдiмгi коммерциялық операциялар барысында жасалған мәмiлелер туралы ақпаратты әр айдың 15-iнен кешiктiрмей кредиторлар комитетi мүшелерiнiң назарына жеткiзуге, кредиторлар комитетiнiң талабы бойынша кез келген ақпаратты ұсынуға мiндеттi.
Оңалтушы басқарушы өзiнiң қызметiн жүзеге асыру барысы туралы толық ақпаратты борышкердiң кез келген кредиторына оның жазбаша сұрауы негiзiнде беруге мiндеттi.
4. Егер борышкердiң оңалту рәсiмi қолданылғаннан кейiн туындаған ақшалай мiндеттемелерiнiң жалпы сомасы оңалту рәсiмi қолданылған кездегi кредиттiк берешектiң жалпы сомасының жиырма пайызынан асып кетсе, оңалтушы басқарушы борышкердiң жаңа ақшалай мiндеттемелерiн туғызатын мәмiлелердi кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен ғана жасаса алады.
5. Оңалтушы басқарушы осы Заңның 6-бабында көрсетiлген мән-жайлар кезiнде борышкер жасасқан мәмiлелердi анықтайды және оларды сот тәртiбiмен жарамсыз деп тану не мүлiктi қайтару туралы талаптар қояды.»;

«53-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтату

1. Оңалтушы басқарушы:
1) егер борышкерге қатысты оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жеткiзiлсе;
2) егер ол бұл мақсатқа қол жеткiзу мүмкiн еместiгiне көз жеткiзсе, кредиторлар жиналысының шешiмi бойынша борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнедi.
Оңалтушы басқарушының өтiнiшiне оңалтушы басқарушының қорытынды есебi қоса берiледi.
Мемлекеттiк қолдау шаралары шеңберiнде бекiтiлген оңалту жоспары орындалған жағдайда, мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен жүгiнедi.
2. Борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтушы басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өз мүдделерiне залал келтiредi деп есептейтiн борышкер мүлкiнiң меншiк иесi (ол уәкiлеттiк берген орган) оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа жүгiне алады.
3. Кредиторлар жиналысының өткiзiлуi туралы тиiстi түрде хабардар етiлмеген жағдайда, талап сомасы кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне енгiзiлген талаптардың жалпы сомасының кемiнде он пайызын құрайтын кредитордың оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа жүгiнуге құқығы бар.
4. Кредитор (кредиторлар):
1) борышкердiң кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн, оңалту жоспарын құру жөнiндегi iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өзiнiң мүлiктiк мүдделерiне залал келтiретiнiн растайтын негiздер болған кезде;
2) кредиторлық берешектi өтеу кестесi үш айдан астам орындалмаған кезде;
3) оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшке қоса берiлген құжаттарда қамтылған дәйексiз мәлiметтердi ұсыну фактiлерi анықталған кезде;
4) борышкердi оңалту жоспарын iске асыру не оңалтушы басқарушының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) өзiнiң мүлiктiк мүдделерiне залал келтiретiнiн растайтын негiздер болған кезде оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуi мүмкiн.
5. Сотқа осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген негiздер бойынша оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiш берiлген кезде өтiнiш берушi тұлға борышкердi банкрот деп тану туралы талапты өтiнiште көрсетуге мiндеттi.
Осы тармақтың талаптары орындалмаған жағдайда сот оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiштi қараусыз қалдырады.
6. Кредиторлар жиналысы оңалту рәсiмiн келiсуден бас тартқан не борышкер осы Заңның 37-1-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында белгiленген мерзiмде оңалту жоспарын ұсынбаған жағдайларда, сот оңалту рәсiмiн тоқтатады.

54-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтату салдарлары

Осы Заңның 53-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген негiздер бойынша оңалту рәсiмi тоқтатылған және банкроттық туралы iс қозғалған (қайта басталған) жағдайда:
1) осы Заңның 43-2-бабында көзделген салдарлар сақталады;
2) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарылғанға және конкурстық басқарушы тағайындалғанға дейiн борышкер мүлкiн және iстерiн басқару құқығы оңалту рәсiмiнде басқаруды жүзеге асырған тұлғада сақталады.»;

35) 70-бапта:
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) осы Заңның 14-бабының 2-тармағында көзделген хабарламаны жiбередi.
Комитеттiң бiрiншi отырысы осы Заңның 12-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiмдерде өткiзiледi;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) iс-шараларын жоспарын қоса алғанда, кредиторлар комитетiмен жасасқан келiсiмнiң талаптарын орындайды;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кредиторлардың талаптарын өтеу мақсатында банкроттың мүлiктерiн (активтерiн) сату жоспарын кредиторлар комитетiнiң бекiтуiне ұсынады және оны өткiзудi жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 6-2), 6-3) және 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-2) алдыңғы айдағы конкурстық iс жүргiзу рәсiмiн жүзеге асыру барысы туралы толық ақпаратты әр айдың 15-iнен кешiктiрмей кредиторлар комитетiне табыс етедi;
6-3) борышкердiң кез келген кредиторына оның жазбаша сұратуы негiзiнде өз қызметiн жүзеге асыру барысы туралы толық ақпаратты ұсынады;»;
«9-3) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiмнiң күшi жойылған кезде, өзi шеттетiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде борышкердiң құрылтай, қаржылық және оның мүлкiне құқық белгiлейтiн құжаттарын қоса алғанда, барлық құжаттарын, борышкердiң барлық мүлкiн (активтерiн), сондай-ақ борышкердiң мөрiн жаңадан тағайындалған конкурстық басқарушыға немесе борышкердiң басшысына беруге мiндеттi;»;

36) 73-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Конкурстық басқарушы ұсынған, банкроттық туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетiн кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган кредиторлар талаптарының тiзiлiмi ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде бекiтедi.
Кредиторлар талаптарының ұсынылған тiзiлiмi банкроттық туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкiлеттi орган бес жұмыс күнi iшiнде жойылуға жататын қайтару себептерiн көрсете отырып, ол ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнi мерзiмiнен кешiктiрмей пысықтауға қайтарады.»;

37) 84-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Борышкердiң талап ету құқықтарын қоса алғанда, мүлкiн сатуды конкурстық басқарушы кредиторлар комитетi бекiткен мүлiктi сату жоспарына сәйкес сауда-саттық жүргiзу жолымен жүзеге асырады.».

5. «Аралық соттар туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 24, 151-құжат; 2009 ж., № 9-10, 47-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат):
7-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың, кәмелетке толмаған адамдардың, заңда белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдардың, аралық келiсiмге қатысушылар болып табылмайтын адамдардың мүдделерiн қозғайтын даулар, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер нарығында үстем жағдайға ие субъектiлердiң көрсетiлетiн қызметтердi ұсынуы, жұмыстарды орындауы, тауарларды өндiруi туралы шарттардан туындаған, сондай-ақ банкроттық немесе оңалту туралы iстер жөнiндегi даулар аралық соттардың ведомстволық қарауына жатпайды.».

6. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат, №7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат):
8-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары өздерiне қатысты оңалту рәсiмi өткiзiлiп жатқан әлеуеттi өнiм берушiлерге, сондай-ақ жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану мiндеттi болатын, мемлекеттiк қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды.».

7. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат):
48-2-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте салық берешегiн өтеудi кейiнге қалдыру мүлiктi кепiлге қоймай және (немесе) банктiң кепiлдiгiнсiз Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдаған күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзiмге бiр рет, осы тармақта көзделген шешiм шығарылған күнi:
«Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының екiншi бағытының
Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бағдарламасының қатысушылары болып табылатын салық төлеушiлерге берiледi.».

8. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат):
42-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) борышкер болып табылатын заңды тұлға қайта құрылған немесе заңда белгiленген тәртiппен жеделдетiлген оңалту рәсiмi, оңалту рәсiмi, банкроттық туралы iс жүргiзудi қозғау жөнiнде шешiм қабылданған;».

9. «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат):
192-баптың 6-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе банкроттық, оңалту немесе жеделдетiлген оңалту рәсiмi туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалған жағдайларда, стратегиялық объектiлердiң меншiк иелерi (құқық иеленушiлерi) стратегиялық объектiге өндiрiп алуды жүргiзу туралы хабарлама алған кезден бастап немесе соттың банкроттық, оңалту туралы немесе жеделдетiлген оңалту рәсiмi бойынша iс қозғау туралы ұйғарымының көшiрмесiн алған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органды стратегиялық объектiге өндiрiп алудың жүргiзiлуi немесе банкроттық, оңалту немесе жеделдетiлген оңалту рәсiмi туралы iс бойынша iс жүргiзудiң қозғалуы туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Хабарлау жөнiндегi мiндеттердi сақтамау осы Заңның 195-бабында көзделген салдарларға әкелiп соғады.».

10. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 12, 111-құжат):
12-тармақтың 1) тармақшасында:
үшiншi, төртiншi және бесiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Оңалту рәсiмiн және конкурстық iс жүргiзудi жүзеге асыру мақсатына қол жеткiзу үшiн оларды жүргiзу кезеңiнде төлемге қабiлетсiз және дәрменсiз борышкердiң барлық органдары оны басқарудан шеттетiледi және борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер оңалтушы не конкурстық басқарушыға (таратушыға) берiледi.
Оңалтушы және конкурстық басқарушылар (таратушы) борышкердi басқарудың бiрден-бiр органы ретiнде әрекет етедi және өз өкiлеттiктерiн борышкердiң тұрған жерi бойынша жүзеге асыруға мiндеттi.
Осы тармақтың ережелерi осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.»;
алтыншы абзац алып тасталсын;
тоғызыншы және қырық бесiншi абзацтардағы «осы бабының 2-тармағында» деген сөздер «9-1-бабының 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
қырық тоғызыншы абзацтағы «осы баптың 2-тармағында» деген сөздер «осы Заңның 9-1-бабының 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап. Осы Заң, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina