ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 15...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 15 ақпандағы № 556-IV Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне пробация қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 15, 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ғарыш қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 63-баптың 5-1-бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Сот шартты түрде соттауды тағайындағанда пробациялық бақылауды белгiлейдi және сотталған адамға белгiлi бiр мiндеттердi орындауды: шартты түрде сотталған адамның жүрiс-тұрысын бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған мемлекеттiк органға хабарламай тұрақты тұрғылықты жерiн, жұмыс, оқу орнын өзгертпеудi, белгiлi бiр орындарға бармауды, маскүнемдiктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, венерологиялық аурудан немесе АИТВ/ЖИТС-тен емделу курсынан өтудi, отбасына материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктейдi. Сот шартты түрде сотталған адамға оның түзелуiне ықпал ететiн өзге де мiндеттердi жүктей алады.»;

2) 64-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер шартты түрде сотталған адам өзiне сол үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған, қоғамдық тәртiп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға қол сұғатын және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаса, электрондық бақылау құралдарын қасақана зақымдаса (бүлдiрсе), сондай-ақ дәлелсiз себептермен тiркелуге келмеген, шартты түрде сотталған адамның жүрiс-тұрысына бақылауды жүзеге асыратын органның рұқсатынсыз тұрғылықты жерiн ауыстырған жағдайда, сондай-ақ сотталған адамға сот жүктеген мiндеттердi орындамаған жағдайда, сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген органның ұсынымы бойынша сынақ мерзiмiн ұзартып, күшейтiлген, бiрақ бiр жылдан аспайтын пробациялық бақылау белгiлей алады.
3. Шартты түрде сотталған адам осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген құқық бұзушылықтарды сынақ мерзiмi iшiнде қайталап жасаған, сондай-ақ заңды талапқа бағынбаған, сол сияқты шартты түрде сотталған адамның жүрiс-тұрысына бақылауды жүзеге асыратын орган қызметкерлерiн қорлаған не оларға қатысты зорлық-зомбылық iс-әрекеттерiн жасаймын деп қорқытқан жағдайда не егер шартты түрде сотталған адам бақылаудан жасырынса, сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген органның ұсынымы бойынша шартты түрде соттаудың күшiн жою және сот үкiмiмен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы шығарады.».

2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 11-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 15, 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ғарыш қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
380-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) және 5) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жасағанына кiнәлi деп танылған әрбiр қылмысы үшiн сотталушыға тағайындалған жазаның түрi мен мөлшерi, сондай-ақ алдыңғы үкiм бойынша шартты сотталудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы шешiм және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 58, 60-баптарының негiзiнде өтеуге жататын түпкiлiктi жаза түрi көрсетiлуге тиiс.
Сот жаза шарасы ретiнде бас бостандығынан айыруды тағайындаған кезде үкiмде сотталған адамның жазасын өтеуге тиiс мекеменiң түрi мен режимiн көрсетедi, ал сотталған адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалар тағайындаған кезде, үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн он күн мерзiмде оның қылмыстық-атқару инспекциясына есепке қою үшiн келу мiндеттiлiгiн белгiлейдi;
5) шартты түрде соттаған кезде сынақ мерзiмiнiң ұзақтығы мен сотталған адамға жүктелетiн мiндеттер көрсетiлуге тиiс, бұл ретте сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 64-бабында көзделген жауапкершiлiктi түсiндiредi;».

3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат):

1) мазмұнында:
7-1-баптың мынадай мазмұндағы тақырыбымен толықтырылсын:
«7-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiндегi пробация»;
181, 182, 183-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«181-бап. Шартты түрде сотталған әскери қызметшiлердiң жүрiс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру тәртiбi
182-бап. Шартты түрде сотталған адамдардың жүрiс-тұрысына пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету тәртiбi
183-бап. Сынақ мерзiмiнiң және пробациялық бақылаудың есептелуi»;

2) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

«7-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiндегi пробация

Қылмыстық-атқару жүйесiндегi пробация – сынақ мерзiмi мен пробация бақылауында болған кезеңде әрбiр шартты түрде сотталған адамның жаңа қылмыс жасауының алдын алу мақсатымен, олардың жүрiс-тұрысын одан әрi түзету үшiн қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметi оларға қатысты жеке әзiрлейтiн және iске асыратын әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы шаралар кешенi.»;

3) 14-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Шартты түрде сотталған адамдар, олардың жүрiс-тұрысын одан әрi түзету және олардың жаңа қылмыс жасауының алдын алу мақсатымен әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсететiн қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң пробациялық бақылауында болады. Шартты түрде сотталған әскери қызметшiлерге бақылауды әскери бөлiмдердiң командованиесi жүзеге асырады.»;

4) 77-баптың 6-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Түзеу мекемесiне iргелес жатқан аумақтың шекарасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары оның әкiмшiлiгiмен келiсiм бойынша белгiлейдi.
Түзеу мекемесiне iргелес аумақтағы жердi пайдалану режимiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары оның әкiмшiлiгiмен келiсiм бойынша белгiлейдi.»;

5) 181, 182, 183, 184-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«181-бап. Шартты түрде сотталған әскери қызметшiлердiң
жүрiс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру тәртiбi

1. Сынақ мерзiмi iшiнде шартты түрде сотталған әскери қызметшiлердiң жүрiс-тұрысына бақылауды олардың әскери бөлiмдерiнiң командованиесi жүзеге асырады.
2. Шартты түрде сотталғандар әскери бөлiмдердiң командованиесiне өзiнiң жүрiс-тұрысы туралы есеп беруге, сот жүктеген мiндеттердi орындауға, айына екi рет тiркелу үшiн келуге мiндеттi. Дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда шартты түрде сотталған адам мәжбүрлеп келтiрiлуi мүмкiн.

182-бап. Шартты түрде сотталған адамдардың жүрiс-тұрысын
пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға
әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету тәртiбi

1. Пробациялық бақылау – бұл сынақ мерзiмi кезеңiнде әлеуметтiк-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсете отырып, шартты түрде сотталғандарға сот жүктеген мiндеттердiң орындалуына және олардың жүрiс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң жұмысы.
2. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметi пробациялық бақылауда тұрған шартты түрде сотталған адамды есепке қойған кезде:
1) сотталған адамның денсаулық жағдайын, бiлiм деңгейiн және еңбекпен қамтылғандығын, тұрғылықты жерiнiң бар-жоғын анықтай отырып, жеке басын зерделейдi, сондай-ақ әлеуметтiк-құқықтық көмектiң көлемiн айқындау үшiн қажеттi өзге де мәлiметтердi анықтайды;
2) әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртiбiн түсiндiредi, сондай-ақ тiркелу үшiн қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметiне келу күндерiн белгiлейдi;
3) сот жүктеген мiндеттердi орындау тәртiбiн, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапқа тарту тәртiбiн түсiндiредi.
Қылмыстық атқару инспекциясының пробация қызметiнiң жұмысын ұйымдастыру қылмыстық-атқару қызметi саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Шартты түрде сотталған адамның жеке басын және тiршiлiк жағдайын зерделеу нәтижесi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметi әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетудiң жеке бағдарламасын жасайды.
4. Бiлiм алуға, мамандық меңгеруге, жұмысқа орналасуға, сондай-ақ құқықтық көмекпен қамтамасыз етуге жәрдем беру шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетудiң негiзгi бағыттары болып табылады.
5. Жеке әзiрленген бағдарламаға сәйкес шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетудi жүзеге асыру кезiнде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметiне жергiлiктi атқарушы органдар, үкiметтiк емес және өзге де ұйымдар жәрдем бередi.
6. Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
7. Шартты түрде сотталған адамға қосымша жаза ретiнде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, қылмыстық-атқару инспекциясы осы Кодекстiң 24-29-баптарында көзделген iс-шараларды толық көлемде жүзеге асырады.
8. Шартты түрде сотталған адамдар қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң алдында өзiнiң жүрiс-тұрысы туралы есеп беруге, сот жүктеген мiндеттердi орындауға, тiркелу үшiн қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметiне айына екi рет, ал күшейтiлген пробациялық бақылау кезiнде төрт рет, сондай-ақ шақыру бойынша келуге мiндеттi. Дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда шартты түрде сотталған адам мәжбүрлеп келтiрiлуi мүмкiн.
9. Тиiстi пробациялық бақылауды қамтамасыз ету және сотталған адамдардың орналасқан жерi туралы ақпарат алу үшiн қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi түрлерiн айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң пробациялық бақылауды жүзеге асыру кезiнде оларды қолдану тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметi саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.
10. Шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметi оның орналасқан жерi мен жалтару себептерiн анықтау бойынша алғашқы iс-шараларды жүргiзедi.

183-бап. Сынақ мерзiмiнiң және пробациялық бақылау мерзiмiнiң
есептелуi

1. Сынақ мерзiмi және пробациялық бақылау мерзiмi сот үкiмi заңды күшiне енген кезден бастап есептеледi.
2. Сынақ мерзiмi бiткен соң шартты түрде сотталған адамның жүрiс-тұрысына пробациялық бақылау тоқтатылады және ол қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнен шығарылады.
3. Сотталған адамды мiндеттi әскери қызметке шақырған жағдайда жергiлiктi әскери басқару органына үкiмнiң көшiрмесi, ал қажет болған жағдайларда қызмет өткеретiн орны бойынша шартты түрде сотталған адамның жүрiс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру үшiн талап етiлетiн өзге де құжаттар жiберiледi. Әскери бөлiмнiң командованиесi он күн мерзiмде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметiне шартты түрде сотталған адамды есепке қойғаны, қызмет аяқталған соң – оның әскери бөлiмнен кеткенi туралы хабарлауға мiндеттi.
4. Сынақ мерзiмiнiң өтуi соттың шартты түрде сотталған адамды iздестiрудi жариялау туралы қаулысы шыққан кезден бастап тоқтатылады және сот шешiмi бойынша қайта басталады.

184-бап. Шартты түрде сотталған адамдардың жауапкершiлiгi

1. Шартты түрде сотталған адам өзiне сол үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған, қоғамдық тәртiп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға қол сұғатын және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған, электрондық бақылау құралдарын қасақана зақымдаған (бүлдiрген), дәлелсiз себептермен тiркелуге келмеген, сотталушыға сот жүктеген мiндеттердi орындамаған, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң рұқсатынсыз тұрғылықты жерiн ауыстырған жағдайда, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметi сынақ мерзiмiн ұзарту және күшейтiлген пробациялық бақылау белгiлеу, бiрақ бiр жылдан аспайтын уақытқа белгiлеу туралы сотқа ұсыным енгiзедi, сондай-ақ шартты түрде соттаудың күшiн жою мүмкiндiгi туралы жазбаша нысанда ескерту шығарады.
2. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметi жеткiлiктi негiздер болған жағдайда сотқа сынақ мерзiмiн ұзарту және бiр жылға дейiн күшейтiлген пробациялық бақылау белгiлеу туралы ұсыным жiбередi.
3. Шартты түрде сотталған адам осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бұзушылықтарды сынақ мерзiмi iшiнде қайталап жасаған, заңды талапқа бағынбаған, сол сияқты шартты түрде сотталған адамның жүрiс-тұрысына бақылауды жүзеге асыратын орган қызметкерлерiн қорлаған не оларға қатысты зорлық-зомбылық iс-әрекеттерiн жасаймын деп қорқытқан жағдайда не егер сотталған адам бақылаудан жасырынса, сотқа шартты түрде соттаудың күшiн жою және сот үкiмiмен тағайындалған жазаны орындау туралы ұсыным жiберiледi.
4. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметiне тiркелу үшiн келмеген кезден бастап он бес күннен астам уақыт iшiнде орналасқан жерi анықталмаған шартты түрде сотталған адам бақылаудан жасырынған адам деп танылады.
5. Шартты түрде сотталған адам электрондық бақылау құралдарын зақымдаған (бүлдiрген) жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметi тиiстi акт жасайды.
Электрондық бақылау құралдарын қасақана зақымдаған (бүлдiрген) жағдайда сотталған адамдар заңда белгiленген тәртiппен материалдық жауапқа тартылады.».

4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 3, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; 2011 жылғы 15, 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ғарыш қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 367-бапта:
бiрiншi бөлiктегi «Қылмыстық-атқару жүйесi» деген сөздер «1. Қылмыстық-атқару жүйесi» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.»;

2) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасындағы «336-бап (1-1 және үшiншi бөлiктерi)» деген сөздер «336-бап» деген сөздермен ауыстырылсын.

5. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ғарыш қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
121-бапта:
2-тармақта:
7) тармақшадағы «аумағы жатады.» деген сөздер «аумағы;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiне iргелес жатқан аумақ жатады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетiлген аймақтағы жер учаскелерi жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнен, жер пайдаланушылардан алынбайды.»;
4-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «Аталған» деген сөз «Осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетiлген аймақтарды қоспағанда, аталған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетiлген аймақтардың шекаралары мен жерлердi пайдалану режимi осы Кодекске және Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң негiзгi қоршауынан кемiнде елу метр қашықтықта белгiленедi.».

6. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ғарыш қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
156-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«8-2) әскери, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қызметтiк мiндеттерiн басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда, құқық қорғау органдарында (кеден органдарын қоспағанда) атқаруына байланысты алатын төлемдердiң барлық түрлерi;».

7. «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 12, 111-құжат):

1) 2-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мемлекеттiк және өзге объектiлердi, жеке тұлғаларды күзету, қамауға алынған және сотталған адамдарды алып жүру, кепiлге алынған адамдарды босатуға қатысу;»;

2) 5-2-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«құрылымында пробация қызметтерi жұмыс iстейтiн қылмыстық-атқару инспекциялары;».

8. «Күзет қызметi туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«9-бап. Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет
бөлiмшелерiнiң күзет қызметiн жүзеге асыру
ерекшелiктерi

1. Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi мемлекеттiк мекеме болып табылады және Заңның 1-1-бабының 1-тармағында көрсетiлген объектiлердi ғана күзетудi жүзеге асырады.
2. Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын Тiзбеге енгiзiлген жеке тұлғаларға шарттық негiзде күзет қызметтерiн көрсетедi.».

9. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат):

1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеп, мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;
16-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету саласындағы өзге де өкiлеттiктердi атқарады;»;

2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-2) және 14-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-2) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеп, мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;
14-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету саласындағы өзге де өкiлеттiктердi атқарады;»;

3) 35-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;».

10. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 жылғы 14 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 5-баптың 2-тармағының он төртiншi абзацындағы «адамдар жатады.» деген сөздер «адамдар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бесiншi абзацпен толықтырылсын:
«қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар жатады.»;

2) 7-баптың 5-5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-5) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу;».

11. «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат):
18-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жiберуге тыйым салынған және шектеу қойылған бұйымдар мен заттарды почта арқылы жiберуге кiнәлi почта байланысы қызметiн пайдаланушылар, егер осылай жiберудiң салдары қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жауаптылықта болады.».

12. «Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 6, 8-құжат):
5-бап мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) өздерiнiң есебiнде тұрған адамдарға әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету кезiнде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметiне жәрдемдесу;».

13. «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
6-бапта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;»;
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде болу негiздерi бойынша өмiрлiк қиын жағдайда деп танылуы мүмкiн.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina