ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 543-IV Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Ескертпесi!
Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж, № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12- 13, 111, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни қызмет және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
167-бапта:
бiрiншi, екiншi, жетiншi, сегiзiншi және тоғызыншы бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiлерге тиесiлiгiн айқындайтын сипаттамаларды көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының конкурстық не аукциондық құжаттамаға қойылатын талаптарын бұзу, -
лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Конкурстық не аукциондық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға конкурстық не аукциондық құжаттамаға енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн уақтылы жiбермеу, сол сияқты нақтыланған конкурстық не аукциондық құжаттаманы уақтылы жарияламау, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«7. Конкурстық не аукциондық комиссияның заңсыз шешiм қабылдауына негiз болған сараптама комиссиясының көрiнеу жалған сараптамалық қорытынды шығаруы не сарапшының көрiнеу жалған сараптамалық қорытынды жасауы, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Мынадай:
өнiм берушiлер өздерiмен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған;
жеңiмпаздар деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушiлер мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайларда, тапсырыс берушiнiң әлеуеттi өнiм берушiлердi, өнiм берушiлердi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнуден жалтаруы, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының өнiм берушiнi таңдауды және онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтiн нормаларын қолданбай мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру, -
лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
ескертуде:
екiншi, алтыншы және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«бiрiншi бөлiкте – мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты тұлғаларды және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттаманы әзiрлеуге тiкелей қатысатын тұлғаларды;»;
«алтыншы бөлiкте – конкурстық не аукциондық комиссияның мүшелерiн;»;
«сегiзiншi және тоғызыншы бөлiктерде – тапсырыс берушiнiң басшысын және (немесе) оның мiндетiн атқаратын тұлғаны түсiну керек.».

2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, № 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат, №. 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12-13, 111, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi органдардың мемлекеттiк және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi құзыретiнiң аражiгiн ажырату және бюджет процесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
465-баптың 2-тармағы 8) тармақшадағы «аукциондардан сатылатын мүлiк (мүлiктiк құқықтар) құнынан алым алынбайды.» деген сөздер «аукциондардан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өткiзiлетiн аукциондардан сатылатын мүлiк (мүлiктiк құқықтар) құнынан алым алынбайды.».

3. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi огандардың мемлекеттiк және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi құзыретiнiң аражiгiн ажырату және бюджет процесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
«1) аукцион адымы – аукцион нысанасының бағасы төмендетiлетiн ақшалай аралық
2) аукциондық комиссия – осы Заңда көзделген аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзу рәсiмiн орындау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
3) аукциондық құжаттама – аукционға қатысуға өтiнiмдi дайындау үшiн әлеуеттi өнiм берушiге берiлетiн құжаттама, онда аукционға қатысуға өтiнiмге қойылатын талаптар, аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң шарттары мен тәртiбi қамтылады;
4) әлеуеттi өнiм берушi – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн;
5) әлеуеттi өнiм берушiнiң үлестес тұлғасы – аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
6) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер – бiрдей болмаса да, белгiлi бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөлiктерден тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;
7) дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары – дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы тiкелей не жанама түрде тиесiлi болатын заңды тұлғалар. Жанама тиесiлiлiк әрбiр келесi үлестес тұлғаға өзге заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызының тиесiлi болатынын бiлдiредi;
8) демпингтiк баға – конкурсқа қатысушының жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған бағасы, ол мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында ұқсас жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда көрiнеу төмен баға болып табылады;
9) жергiлiктi қамту – мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауға жұмысқа тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегiне ақы төлеу құнының осы шарт бойынша еңбекке ақы төлеудiң жалпы қорындағы және (немесе) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу немесе толық өндiру критерийлерiне сәйкес тауарда (тауарларда) белгiленген қазақстандық шығарылым үлесi (үлестерi) құнының мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнындағы пайыздық қамтылуы;
10) жұмыстар – шикiзат кен орындарының құрылысымен, жайластырылумен байланысты, заттық нәтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге қызмет;
11) жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлер – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар және (немесе) жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасының жергiлiктi еңбек ресурстарының кемiнде тоқсан бес пайызын пайдаланатын, Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын заңды тұлғалар;
12) конкурстық комиссия – осы Заңда көзделген конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу рәсiмдерiн орындау үшiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
13) конкурстық құжаттама – конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң шарттары мен тәртiбi қамтылатын, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi әзiрлеу үшiн әлеуеттi өнiм берушiге табыс етiлетiн құжаттама;
14) көрсетiлетiн қызметтер – тапсырыс берушiнiң қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған заттық нәтижесi жоқ қызмет;
15) Қазақстан Республикасының резиденттерi – шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттiң заңнамасына сәйкес берiлген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегiнен тыс жерлерде мемлекеттiк қызметте жүрген азаматтары;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдiктер және азаматтығы жоқ тұлғалар;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және оның шегiнен тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi;
Қазақстан Республикасының өз шегiнен тыс жерлердегi дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкiлдiктерi;
16) қаулы – бақылау нәтижелерiн растайтын және ол жолданған мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң барлық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi шешiмдерi бар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалған сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау органы қабылдаған акт;
17) мемлекеттiк кәсiпорындардың үлестес тұлғалары – еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар;
18) мемлекеттiк сатып алу – жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша не кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтемдi қызмет көрсету шарттары бойынша, мемлекеттiк тапсырманы орындау шеңберiнде сатып алынатын қызметтердi, сондай-ақ жарналар (салымдар) енгiзудi, оның iшiнде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар (салымдар) енгiзудi қоспағанда, осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын, тапсырыс берушiнiң жұмыс iстеуiн, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не жарғылық қызметiн орындауын қамтамасыз ету үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi тапсырыс берушiлердiң ақылы негiзде сатып алуы;
19) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы – электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулерiне қол жеткiзудiң бiрыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;
20) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мемлекеттiк сатып алу жүйесiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
21) мемлекеттiк сатып алу жүйесi – мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiнiң және олардың мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыру процесiнде бiртұтастық және өзара байланыс арқылы айқындалатын қатынастарының жиынтығы;
22) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерi – мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
23) мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызмет – мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды орындау, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу саласында мамандар даярлау және (немесе) олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтер көрсету, мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерiне консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсету;
24) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт – осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тапсырыс берушi мен өнiм берушi арасында тапсырыс берушiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларын не жарғылық қызметiн атқару үшiн тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
25) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы – мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға не өзiн құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететiн құрылымдық бөлiмше;
26) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу рәсiмi – әлеуеттi өнiм берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, тиiстi комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйектi iс-шаралар кешенi;
27) отандық кәсiпкерлер – Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушiлер;
28) отандық тауар өндiрушiлер – Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және:
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес толығымен Қазақстан Республикасында өндiрiлген тауарлар;
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жеткiлiктi қайта өңдеу критерийлерiне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткiлiктi қайта өңделген тауарлар өндiретiн әлеуеттi өнiм берушiлер (бұдан әрi – отандық тауар өндiрушiлер) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
29) өнiм берушi – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның келiсiмшарт жасаушы агентi ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда өнiм берушi болуы мүмкiн;
30) сараптама комиссиясы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн әзiрлеуге қатысу үшiн және (немесе) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiгiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшiн тартылатын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
31) сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзiндiк ерекшелiгiн әзiрлеуге қатысу үшiн және (немесе) әлеуеттi өнiм берушi ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық өзiндiк ерекшелiгiне сәйкестiгiне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшiн тартылатын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы айқындаған жеке тұлға;
32) тапсырыс берушiлер – ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;
33) тауарлар – нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiленген нәтижелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар;
34) ұсыну – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшiн бақылау объектiлерiне жiберiлетiн уәкiлеттi органның, мемлекеттiк қаржылық бақылау органының орындауға мiндеттi актiсi;
35) шартты баға – конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердiң салыстырмалы мәнiн қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезiнде ғана пайдаланылатын баға;
36) электрондық аукцион (бұдан әрi – аукцион) – тапсырыс берушi сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер аукциондық құжаттамаға сәйкес келетiн және оларға баға төмендетiлген кезде айқындалған ең төмен бағаны ұсынған әлеуеттi өнiм берушi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн кездегi электрондық мемлекеттiк сатып алу тәсiлi;
37) электрондық құжат – өзiндегi ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берiлген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
38) электрондық мемлекеттiк сатып алу – ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу;
39) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.»;

2) 4-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «арналған республикалық бюджет туралы заңда» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «үлестерiнiң» деген сөз «(жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң)» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткiзгiштердегi мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастырылған ақпаратты беру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;»;
11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) рейтингтiк агенттiктер көрсететiн қызметтердi, егер жеке тұлға кредиттiк (банктiк) ұйымды өзi анықтаса, алушылардың (жеке тұлғалардың) шоттарына жалақыны есептегенi үшiн қызметтер көрсету бөлiгiнде, сондай-ақ жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражаты бойынша операциялар бөлiгiнде қаржылық қызмет көрсетулердi сатып алу;
12) зағип және көзi нашар көретiн азаматтар үшiн мамандандырылған кiтапханалардың қызмет көрсетулерiн сатып алу;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша сатып алу;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) жеке тұлғалар үшiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына байланысты көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу (егер жеке тұлға бiлiм беру ұйымын өзi таңдаған жағдайда);»;
21-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«21-2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшiн дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу;»;
27) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«27) мемлекеттiк монополия субъектiсiнен мемлекеттiк монополияға жатқызылған қызмет бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
28) еңсерiлмейтiн күштiң туындауы салдарынан, оның iшiнде төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және (немесе) жою үшiн, электр энергетикасы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, темiржол, әуе, автомобиль, теңiз көлiгi объектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбыржолдарындағы, газ құбыржолдарындағы аварияларды жою үшiн және жедел медициналық араласу қажеттiлiгi үшiн, сондай-ақ коммуникациялардың, тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердiң және материалдардың тасымал жолында тез арада қалпына келтiрудi талап ететiн сынуы, iстен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;»;
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«31) мемлекеттiк органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы мемлекетке тиесiлi, тиiстi өкiлеттiктерi, қызмет түрлерi, мiндеттерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген акционерлiк қоғамдардан және шаруашылық серiктестiктерден сатып алуы;»;
мынадай мазмұндағы 31-1) және 33-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«31-1) мемлекеттiк органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өзi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк туралы заңнамасына сәйкес осындай мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты олардың Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген қызмет түрлерi бойынша басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардан сатып алуы;»;
«33-1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң және өзге де күзетiлетiн тұлғалардың қызметiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентiне және өзге де күзетiлетiн тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған мемлекеттiк резиденцияларды, автокөлiк құралдарын және әуе кемелерiн ұстау, оларға қызмет көрсету және олардың жұмыс iстеуi үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң және өзге де күзетiлетiн тұлғалардың қатысуымен iс-шаралар өткiзу үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;»;
42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«42) қылмыстық-атқару жүйесi органдарының түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алуы. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелерi мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;»;
48) тармақшадағы «(үлестерiнiң)» деген сөз «(жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң)» деген сөздермен ауыстырылсын;
53) және 55) тармақшалардағы «(қатысу үлестерiнiң)» деген сөздер – «(жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 60), 61), 62), 63) және 64) тармақшалармен толықтырылсын:
«60) егер мұндай бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң құндық мәндегi жылдық көлемi тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспаса, бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
61) зообаққа, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, мұражайға, көрмеге және спорттық iс-шараға баруға тапсырыс орналастыру;
62) тиiстi авторлардың күрделi құрылыс объектiлерiнiң жобалау құжаттамасын әзiрлеудi авторлық қадағалау, күрделi құрылыс объектiлерiнiң құрылысын, олардың реконструкциясы мен күрделi жөндеуiн авторлық қадағалау жөнiндегi қызмет көрсетулерiн сатып алу;
63) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұра объектiсiн (тарих және мәдениет ескерткiшiн) сақтау жөнiндегi жұмыстардың жүргiзiлуiне техникалық және авторлық қадағалау жүргiзу бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
64) театрдың сахналық көрсетiлiмдердi және көпшiлiк алдында өнер туындыларын орындауды жүзеге асыру үшiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының 5), 6), 9-1), 13), 21), 21-1), 21-2), 33-1), 37), 38) 48), 53), 55) және 64) тармақшаларының ережелерi мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.»;

3) 5-бапта:
4, 5, 6 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, уәкiлеттi органға мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдаланбай табыс етiлетiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған таратылуы шектеулi қызметтiк ақпаратты қамтитын мәлiметтердi қоспағанда, жылдық жоспарды мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруға мiндеттi.
5. Тапсырыс берушiлер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы.
Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, уәкiлеттi органға мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдаланбай табыс етiлетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған таратылуы шектеулi қызметтiк ақпаратты қамтитын мәлiметтердi қоспағанда, енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруға мiндеттi.
6. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) 32) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына енгiзiлуге жатпайды.»;
«8. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28) 32) және 33-1) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды қоспағанда, жылдық мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жоспарында (жылдық мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға жол берiлмейдi.»;
9-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Тапсырыс берушiнiң үздiксiз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында ол ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында пайдаланылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемiнен аспайтын көлемде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша күнделiктi немесе апта сайынғы тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын келесi жылдың бiрiншi тоқсанына ұзартуға құқылы.»;
10-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi бюджеттi нақтылау (түзету) кезiнде болған, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушiнiң бюджетiне (бизнес-жоспарына, кiрiстер мен шығыстар сметасына) мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында (мемлекеттiк сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу қажеттiгiн жоққа шығаратын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.»;

4) 6-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi басшысының мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынастары бар болса;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң басшысы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын, мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген жеке тұлға болса;
3-2) мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнiң басшысы болса;»;

5) 7-бапта:
4-тармақтың үшiншi бөлiгiндегi «(үлестерiнiң)» деген сөз «(жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелерi аукцион тәсiлiмен жүзеге асырылатын электрондық мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.»;

6) 8-бапта:
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әлеуеттi өнiм берушiнiң биржаның ресми листингiне енгiзiлгендiгi туралы қор биржасының үзiндi көшiрмесiн беру арқылы растауға құқылы.»;
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде конкурсқа қатысуға өтiнiммен бiрге не аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде аукционға қатысуға өтiнiммен бiрге растауға құқылы. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толығымен орындау үшiн конкурстық не аукциондық құжаттамада белгiленген мерзiмге әлеуеттi өнiм берушi ұсынады;»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген бiлiктiлiк талаптары осы Заңның 4-бабының 1-тармағында, 30, 31-баптарында, 32-бабының 4) тармақшасында және 36-бабында көзделген мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.»;

7) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«11-бап. Мемлекеттiк сатып алу саласында қалыптастырылатын
тiзiлiмдер

1. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк сатып алу саласында мынадай:
1) тапсырыс берушiлердiң
2) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың
3) мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың бiрыңғай республикалық тiзiлiмдерiн (бұдан әрi – тiзiлiмдер) қалыптастыруды және жүргiзудi жүзеге асырады.
2. Тапсырыс берушiлердiң тiзiлiмi өздерiнiң жұмыс iстеуiн, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не жарғылық қызметтi орындауын қамтамасыз ету үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi заңды тұлғалардың тiзбесiн бiлдiредi.
3. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзiлiмi тапсырыс берушiлер тиiстi қаржы жылында жасасқан, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың нысанасы, сандық және құндық көрсеткiштерi туралы, тараптардың шарттық мiндеттемелерiн орындауының нәтижелерi туралы мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзбесiн бiлдiредi.
Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың жеке тiзiлiмiне енгiзiледi, оны жүргiзудiң тәртiбiн уәкiлеттi орган мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша айқындайды. Мұндай мәлiметтерге қол жеткiзу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 23) және 32) тармақшаларында көзделген мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерi бойынша жасалған шарттар туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзiлiмiне енгiзiлуге жатпайды.
4. Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмi:
1) бiлiктiлiк талаптары бойынша дәйексiз ақпарат табыс еткен әлеуеттi өнiм берушiлердiң
2) осы Заңның 6-бабы талаптарының бұзылуына жол берген әлеуеттi өнiм берушiлердiң
3) жеңiмпаздар деп айқындалған, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған әлеуеттi өнiм берушiлердiң
4) мемлекеттiк сатып алу туралы өздерiмен жасасқан шарттар бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған не тиiстi түрде орындамаған өнiм берушiлердiң тiзбесiн бiлдiредi.
Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмi заңды күшiне енген соттар шешiмдерiнiң негiзiнде қалыптастырылады.
Осы тармақта көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлер немесе өнiм берушiлер соттың оларды мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап жиырма төрт ай бойы мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жiберiлмейдi. Осы Заңның 38-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiмен жасалуы мүмкiн.
Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар тiзiлiмiнде қамтылған мәлiметтер осы тармақтың үшiншi бөлiгiнде белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап, бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей аталған тiзiлiмнен шығарып тасталады.
Әлеуеттi өнiм берушiнi немесе өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзу туралы шешiмге олардың сот тәртiбiмен шағымдануына болады.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, тапсырыс берушi әлеуеттi өнiм берушiнiң немесе өнiм берушiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактiсi туралы өзiне белгiлi болған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей, мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi немесе өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге мiндеттi.
5. Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, тiзiлiмдерде қамтылған мәлiметтер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырылады және олар төлем алынбастан танысу үшiн мүдделi тұлғаларға қолжетiмдi болуға тиiс.»;

8) 12-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) аукциондарда;»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген тәсiлмен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған тәртiппен электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.
5. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәсiлмен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған тәртiппен электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы жүргiзiледi.»;
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген тәсiлдермен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған тәртiппен электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.
7. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген тәсiлдермен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған тәртiппен электрондық мемлекеттiк сатып алу арқылы жүргiзiледi.
Көрсетiлген талап осы Заңның 41 және 42-баптарына сәйкес конкурс тәсiлiмен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алуға қолданылмайды.»;

9) 13-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Заңның нормаларын қолдану үшiн қажеттi қор биржаларының тiзбесiн бекiтедi, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 6-тармағында көзделген құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгiлейдi;»;
5) тармақшадағы «(үлестерiнiң)» деген сөз «(жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша алып тасталсын;
14) тармақшадағы «тәртiбiн» деген сөз «қағидаларын» деген сөзбен ауыстырылсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бiрлестiктерi құрған, тауарлар өндiретiн, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететiн ұйымдардың тiзбесiн, олар өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi, сондай-ақ олардан осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбi мен олардың көлемiн айқындайды;»;
22) және 23) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 24-1), 24-2) және 24-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-1) аукцион тәсiлiмен жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi;
24-2) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi;
24-3) конкурстың қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енгенге дейiнгi кезеңге тапсырыс берушiлер бiр көзден сатып алатын күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiтедi.»;

10) 15-баптың 2-тармағында:
1) тармақша «конкурстық комиссия,» деген сөздерден кейiн «аукциондық комиссия,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «конкурсқа қатысушы,» деген сөздерден кейiн «аукционға қатысушы,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша алып тасталсын;

11) 17-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Конкурстық құжаттаманы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған үлгiлiк конкурстық құжаттаманың негiзiнде немесе электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған конкурстық құжаттаманың электрондық нысаны негiзiнде қазақ және орыс тiлдерiнде әзiрлейдi.»;
өзгерiстiң мемлекеттiк тiлдегi мәтiнге қатысы жоқ
4-тармақта:
1) тармақшаның үшiншi абзацы алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге арналған шығыстарды;»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың талаптары конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.»;
6-тармақтың үшiншi бөлiгi алып тасталсын;

12) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«18-бап. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге
асыру туралы хабарлама

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурсқа қатысуға өтiнiмдер табыс етуiнiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын:
1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн, сондай-ақ бекiтiлген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға;
2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға;
3) тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында хронологиялық тәртiппен конкурстық құжаттаманы алған тұлғаның орналасқан жерi, почталық және электрондық мекен-жайлары туралы мәлiметтердi, сондай-ақ ол туралы басқа да мәлiметтердi көрсете отырып, бекiтiлген конкурстық құжаттаманы табыс ету фактiсiн тiркеудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурсқа қатысуға өтiнiмдер табыс етуiнiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн бұрын конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға мiндеттi.
Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асырған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он бес күн бұрын осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға мiндеттi.
Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асырған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он күн бұрын, мемлекеттiк сатып алу веб-порталында конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтiнiн жариялауға мiндеттi.»;

13) 19-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы қағаз жеткiзгiште (бұдан әрi – конкурстық құжаттаманың көшiрмесi) не бекiтiлген конкурстық құжаттаманы осы Заңның 18-бабының 3) тармақшасында белгiленген талаптарды ескере отырып, тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялау арқылы мүдделi тұлғаларға ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алу өткiзiлген жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бекiтiлген конкурстық құжаттаманы мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялау арқылы конкурстық құжаттаманы мүдделi тұлғаларға ұсынады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн табыс еткен тұлғалар туралы мәлiметтердi, сол сияқты тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсынан не мемлекеттiк сатып алу веб-порталынан бекiтiлген конкурстық құжаттаманы алған тұлғалар туралы мәлiметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына енгiзуге тиiс.
Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға тiлек бiлдiрген, мемлекеттiк сатып алу веб-порталынан конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн алған тұлғалар туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде тiркеледi.»;

14) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«20-бап. Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру

1. Тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген немесе мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде тiркелген тұлғалар осы Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес, бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей, ал конкурс тәсiлiмен өткiзiлетiн электрондық мемлекеттiк сатып алу бойынша кемiнде күнтiзбелiк он күн бұрын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауалмен жүгiнуге құқылы. Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауал конкурстық құжаттамада көрсетiлген тәсiлдермен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға жiберiлуге тиiс.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы сауалды алған күннен бастап - үш жұмыс күнi iшiнде, ал конкурс тәсiлiмен өткiзiлетiн электрондық мемлекеттiк сатып алу бойынша екi жұмыс күнi iшiнде оған жауап қайтаруға және сауалдың кiмнен келiп түскенiн көрсетпестен:
1) осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiрудi жiберуге;
2) конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға;
3) конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзген жағдайда конкурстық құжаттаманы алған әлеуеттi өнiм берушiлердi автоматты түрде хабардар ете отырып, мемлекеттiк сатып алу веб-порталында конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру мәтiнiн жариялауға мiндеттi.
2. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы күнi өткенге дейiн – күнтiзбелiк бес күн мерзiмiнен кешiктiрмей, ал электрондық мемлекеттiк сатып алу бойынша күнтiзбелiк үш күн мерзiмiнен кешiктiрмей өз бастамасы бойынша немесе осы Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес өздерi туралы мәлiметтер тiркеу журналына енгiзiлген не мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде тiркелген тұлғалардың сауалына жауап ретiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы Заңның 17-бабының 6-тармағында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
1) енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға өтемсiз негiзде жiберуге;
2) енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға;
3) конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзген жағдайда, енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн осы Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде тiркелген тұлғаларға мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы жiберуге мiндеттi.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмi кемiнде күнтiзбелiк он күн мерзiмiне ұзартылуға тиiс.
3. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғалардың уәкiлеттi өкiлдерiмен конкурстық құжаттамада көрсетiлген белгiлi бiр жерде және тиiстi уақытта кездесу өткiзуге құқылы. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мүдделi тұлғалармен аталған кездесу өткiзiлген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, олардың дереккөздерiн көрсетпей, ұсынылған конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауалдар, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптар қамтылуға тиiстi хаттаманы ресiмдейдi және оған қол қояды.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы хаттама ресiмделген және оған қол қойылған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
1) конкурстық комиссияға, сондай-ақ осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға аталған хаттаманың көшiрмесiн жiберуге;
2) көрсетiлген хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға мiндеттi.
Осы тармақтың талаптары конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.»;

15) 21-баптың 2-тармағында:
3) тармақшадағы «9» деген цифр «10» деген цифрмен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурсқа қатысуға өтiнiмде қамтылуға тиiстi мәлiметтер, сондай-ақ құжаттар мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында немесе электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалады.»;

16) 22-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi табыс етудiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген соңғы мерзiмi өткенге дейiн оны мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға – мөр басылған конвертте, ал конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанында табыс етедi.»;
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмi:
1) әлеуеттi өнiм берушi бұрын осы конкурсқа қатысуға өтiнiм берген;
2) конкурсқа қатысуға өтiнiм мемлекеттiк сатып алу веб-порталына осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi өткеннен кейiн келiп түскен;
3) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, оны мемлекеттiк сатып алу веб-порталының автоматты түрде қабылдамауына жатады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға әлеуеттi өнiм берушiлер берген өтiнiмдер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында көзделген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi электрондық тiркеу журналында автоматты түрде тiркеледi.»;
3-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi табыс етудiң не конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге, сол сияқты оны керi қайтарып алуға жол берiлмейдi.»;

17) 23-баптың 6-тармағындағы «(үлестерiнiң)» деген сөз «(жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң)» деген сөздермен ауыстырылсын;

18) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:

«23-1-бап. Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып
алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету

1. Әлеуеттi өнiм берушi конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi:
1) өзiн конкурсқа қатысушы деп таныған жағдайда, өзiнiң конкурстық баға ұсынысын белгiленген мерзiмде беретiнiнiң, ал кейiннен оны керi қайтарып алмайтынының
2) өзiн конкурстың жеңiмпазы деп анықтаған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасатындығының
3) конкурстық құжаттамада белгiленген мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасатындығының, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) оны енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды уақтылы және тиiстi түрде орындайтындығының кепiлi ретiнде енгiзедi.
2. Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған тәртiппен тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген соманың бiр пайызы мөлшерiнде енгiзiледi.
3. Әлеуеттi өнiм берушi конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiреуiн:
1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiктi ақшалай жарнаны;
2) банктiк кепiлдiктi таңдауға құқылы.
Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн әлеуеттi өнiм берушiнiң енгiзiлген кепiлдiктi ақшалай жарнасына тұтастай не оның бiр бөлiгiне талап ету құқығының үшiншi тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын iс-қимылдар жасауына жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, осы баптың 5 және 6-тармақтарында аталған iс-әрекеттердi қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушi енгiзген кепiлдiктi ақшалай жарнаны пайдалануына жол берiлмейдi.
4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған кезде:
1) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуеттi өнiм берушi белгiленген мерзiмде өзiнiң конкурстық баға ұсынысын бермеген не керi қайтарып алған;
2) конкурс жеңiмпазы деп анықталған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
3) конкурс жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмi туралы талаптарды орындамаған не тиiстi түрде, оның iшiнде уақтылы орындамаған жағдайларда, конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi әлеуеттi өнiм берушiге қайтармайды.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бiрi туындаған кезде, конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету сомасы тиiстi бюджеттiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, мемлекеттiк кәсiпорынның, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кiрiсiне есептеледi.
6. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуеттi өнiм берушiге ол енгiзген конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарады:
1) осы әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн керi қайтарып алған жағдайда;
2) конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды;
3) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай конкурс жеңiмпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және конкурс жеңiмпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген жағдайда.»;

19) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:

«24-1-бап. Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып
алуға қатысуға өтiнiмдердi ашу

1. Конкурстық комиссияның хатшысына конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдердi ашуға рұқсатты конкурстық құжаттамада мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен өтiнiмдердi түпкiлiктi табыс етудiң күнi мен уақыты келген кезде мемлекеттiк сатып алу веб-порталы автоматты түрде бередi.
2. Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысу өтiнiмдерiн ашу хаттамасын ашылған күнi конкурстық комиссияның хатшысы мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялайды. Бұл ретте мемлекеттiк сатып алу веб-порталы конкурстық комиссия мүшелерiне, осы Заңның 22-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлерге конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдердi ашу хаттамасын жариялау туралы хабарламаны автоматты түрде жiбередi.»;

20) 25-бапта:
3-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн әлеуеттi өнiм берушiлерден олардың өтiнiмдерiне байланысты материалдар мен түсiндiрмелердi жазбаша нысанда, ал конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алу жүргiзiлген жағдайда жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға;
2) конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында қажеттi ақпаратты тиiстi жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттiк органдардан жазбаша нысанда, ал конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алу жүргiзiлген жағдайда жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.»;
4-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңда және мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында немесе электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған негiздер бойынша оның және (немесе) оның қосалқы мердiгерiнiң не бiрлескен орындаушысының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейтiндiгi айқындалса;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Заңда және мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында немесе электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалған негiздер бойынша оның конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң конкурстық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сәйкес келмейтiндiгi айқындалса, конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурсқа қатысуына рұқсат беру (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешiм қабылданған күннен бастап – екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алу өткiзген жағдайда шешiм қабылданған күнi қол қояды.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманың көшiрмесiн табыс ету не оны осы Заңның 22-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлердiң мекенжайына жiберу;
2) қол қойылған хаттаманың мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында орналастыру арқылы конкурстық комиссияның қабылдаған шешiмi туралы мүдделi тұлғаларды хабардар етуге мiндеттi.
Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу кезiнде конкурстық комиссияның хатшысы рұқсат беру туралы шешiм қабылданған күнi осы Заңның 22-бабының 2-тармағында көзделген тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге электрондық почта бойынша автоматты түрде хабарлама бере отырып, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялайды.»;

21) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:

«26-1-бап. Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып
алуды жүзеге асыру кезiнде конкурстық баға
ұсыныстарын бағалау және салыстыру

1. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалауды және салыстыруды конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетiлген күнi және уақытта жүргiзедi.
2. Конкурсқа қатысуға рұқсат берiлген (конкурсқа қатысушы деп танылған) әлеуеттi өнiм берушi рұқсат беру туралы хаттама жарияланған кезден бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу веб-порталына конкурстық баға ұсыныстарын беруге тиiс.
3. Конкурсқа қатысушылар берген конкурстық баға ұсыныстары туралы мәлiметтер конкурстық баға ұсыныстарын тiркеудiң электрондық журналына автоматты түрде енгiзiледi.
4. Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысы мынадай жағдайларда мемлекеттiк сатып алу веб-порталының одан автоматты түрде бас тартуына жатады:
1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтiк болып табылған жағдайда. Демпингтiк бағаны есептеу тәртiбi электрондық мемлекеттiк сатып алу қағидаларында анықталады;
2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан асып түскен жағдайда;
3) конкурсқа қатысушы бұрын осы конкурс бойынша баға ұсынысын берген жағдайда;
4) конкурстық баға ұсынысы осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiмнен кеш келiп түскен жағдайда.
5. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгiленген күнi және уақытта мемлекеттiк сатып алу веб-порталы бас тартылмаған конкурстық баға ұсыныстарын оларға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетiлген тиiстi салыстырмалы критерийлер мәнiн қолдану арқылы автоматты түрде бағалайды және конкурсқа әрбiр қатысушының шартты бағасын есептейдi.
Мемлекеттiк сатып алу веб-порталы конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын автоматты түрде салыстырады және ең төменгi шартты баға негiзiнде конкурс жеңiмпазын айқындайды.
Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде отандық тауар өндiрушi, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушi жеңiмпаз деп танылады. Отандық тауар өндiрушiлердiң, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлердiң конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде, конкурстың нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығында мол жұмыс тәжiрибесi бар отандық тауар өндiрушi, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлер жеңiмпаз деп танылады.»;

22) 27-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзудi қоспағанда, конкурстық комиссия конкурс жеңiмпазы анықталған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi, оған конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Конкурс тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алу өткiзiлген кезде конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттама автоматты түрде жасалады және барлық конкурстық комиссия мүшелерiне және конкурстық баға ұсыныстарын тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге электрондық почта арқылы хабарлама бере отырып, мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жарияланады.».

23) 30 және 31-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«30-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк
сатып алуды жүзеге асырудың негiздерi

1. Егер осындай бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң құндық мәндегi жылдық көлемi тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң төрт мың еселенген мөлшерiнен аспаса, бiртектi тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргiзiледi, бұл ретте баға шешушi шарт болып табылады.
2. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бiрнеше түрлерiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi олардың бiртектi түрлерi бойынша және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.
Осы тармақта көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жеңiмпазын айқындау әрбiр лот бойынша жүзеге асырылады.
3. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiн қолдану мақсатында бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық көлемiн қаржылық жыл iшiнде олардың бiрiнiң мөлшерi осы баптың 1-тармағында көзделгеннен кем болатын бөлiкке бөлшектеуге жол берiлмейдi.

31-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк
сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу

1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу веб-порталында мынадай:
1) мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi туралы ақпаратты;
2) сатып алынатын тауарлардың (техникалық шарттарын көрсете отырып), жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң қысқаша сипаттамасын;
3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орнын;
4) тауарды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн;
5) әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын табыс етудi бастау және аяқтау мерзiмi туралы ақпаратты;
6) елеулi талаптарын, оның iшiнде техникалық шарттарын көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасын қазақ және орыс тiлдерiнде орналастыруға мiндеттi.
Осы тармақта көзделген, орналастырылатын ақпаратта мемлекеттiк сатып алуды мынадай:
1) негiзгi (орнатылған) жабдықтарды толық жасақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшiн;
2) тауарды лизингке беру жөнiндегi қызмет көрсетулердi берушiнi айқындау үшiн және лизингтiң нысанасын егжей-тегжейлi сипаттау қажеттiгi туындағанда жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгiлерiне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, тауардың шығарылған жерiнiң атауына және өндiрушiнiң атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға арналған сiлтемелердiң болуына жол берiлмейдi.
2. Әлеуеттi өнiм берушi электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында көзделген мәлiметтердi қамтитын бiр ғана баға ұсынысын табыс етуге құқылы, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
Әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысын беруi оның мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасында көзделген елеулi талаптарды сақтай отырып, тауарды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiргенiнiң нысаны болып табылады.
3. Баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын автоматты түрде ашуды және шығаруды жүргiзедi.
Ең төмен баға ұсынысын берген әлеуеттi өнiм берушi жеңiмпаз деп танылады.
Егер ең төмен баға ұсынысын бiрнеше әлеуеттi өнiм берушiлер берген жағдайда, өзiнiң баға ұсынысы басқа әлеуеттi өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуеттi өнiм берушi жеңiмпаз деп танылады. Мемлекеттiк сатып алу веб-порталы баға ұсыныстарын салыстыруды автоматты түрде жүргiзедi.
4. Осы Заңның 39-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мен әлеуеттi өнiм берушiнiң арасында мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы не мемлекеттiк сатып алу веб-порталын қолданбай, өзге тәсiлдермен оның баға ұсынысына қатысты келiссөздер жүргiзiлуiне жол берiлмейдi.
5. Егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi iшiнде әлеуеттi өнiм берушiлердiң екiден аз баға ұсынысы табыс етiлген болса, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттiк сатып алуды өтпедi деп таниды және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен қайтадан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады.
6. Әлеуеттi өнiм берушiнiң баға ұсынысы:
1) егер ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан асып түскен;
2) егер әлеуеттi өнiм берушi бұрын осы лотқа баға ұсынысын берген;
3) осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1) 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, мемлекеттiк сатып алу веб-порталының одан автоматты түрде бас тартуына жатады.
Өзге негiздер бойынша баға ұсыныстарынан бас тартуға жол берiлмейдi.
7. Егер баға ұсыныстары осы баптың 6-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк сатып алудың веб-порталында автоматты түрде қабылданбағаннан кейiн әлеуеттi өнiм берушiлердiң екiден аз баға ұсынысы қалған болса, онда мұндай мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылады және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
8. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары оларды шығарғаннан кейiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде жарияланады.
9. Тапсырыс берушi баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы бекiтiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және оны ең төмен баға ұсынысын берген әлеуеттi өнiм берушiге жiбередi. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасына ең төмен баға ұсынысын берген әлеуеттi өнiм берушi не осы баптың 3-тармағының үшiншi бөлiгiне сәйкес жеңiмпаз деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi қол қоюға және ол мемлекеттiк сатып алу туралы қол қойылған шарт жобасын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы берген күннен бастап жетi жұмыс күнiнiң iшiнде тапсырыс берушiге табыс етiлуге тиiс.
Осы Заңның 39-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасының елеулi талаптарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
Жеңiмпаз деп айқындалған және мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуеттi өнiм берушi осы Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тiзiлiмiне енгiзiледi.
10. Егер жеңiмпаз деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi қол қойылған мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс берушiге белгiленген мерзiмде бермесе, тапсырыс берушi:
1) мемлекеттiк сатып алу туралы шартты – осындай баға ұсынысын ұсынған әлеуеттi өнiм берушiмен, ал мұндай әлеуеттi өнiм берушi болмаған кезде баға ұсынысы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуеттi өнiм берушi ұсынған бағадан кейiн ең төмен болып табылатын әлеуеттi өнiм берушiмен жасасуға;
2) баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен қайтадан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.»;

24) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«32-бап. Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды
жүзеге асыру негiздерi

Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер:
1) қандай да бiр өнiм берушiден тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған мемлекеттiк кәсiпорында, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғада және олармен үлестес заңды тұлғада қолда бар тауарлармен, жабдықтармен, технологиямен, жұмыстармен немесе көрсетiлетiн қызметтермен бiрiздендiру, стандарттау немесе үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнiм берушiден басқа да сатып алуды жүргiзу қажеттiгi туындаса;
2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылса, жүргiзiлуi мүмкiн. Осы ереже конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;
3) егер осындай мемлекеттiк сатып алу тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк сатып алуды өткiзу, бiрақ екi айдан аспайтын мерзiм iшiндегi қажеттiлiгiн қамтамасыз етуге қажеттi осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу көлемiнен аспайтын көлемде, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша, жылдың бiрiншi айы iшiнде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындысын шығарғанға және мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енгенге дейiнгi кезеңге күнделiктi және (немесе) апта сайынғы қажеттiлiктi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруға қажеттiлiк болса;
4) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 31-бабының 5 және (немесе) 7-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса;
5) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 35-6-бабының 10-тармағында, 35-7-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 6-тармағында көзделген шаралар мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса, сондай-ақ, егер аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 35-9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негiз бойынша өтпедi деп танылса, жүргiзiлуi мүмкiн.»;

25) 33-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы өзгерiстiң мемлекеттiк тiлдегi мәтiнге қатысы жоқ
9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, осы Заңның 8-бабында көзделген жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарының тiзбесi, сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушiнiң қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiнiн растау үшiн табыс етуге тиiс құжаттарының тiзбесi;
10) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң қойылған бiлiктiлiк талаптарына өзiнiң сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген ақпаратты табыс ету орны мен мерзiмi қамтылуға тиiс.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң және ол жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерi (бiрлескен орындаушысы) ретiнде тартуды көздейтiн тұлғалардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарын;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушi табыс еткен құжаттарды олардың бiлiктiлiк талаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында не электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан қарайды.»;

26) 34-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негiзiнде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы;»;
4) тармақшадағы өзгерiстiң мемлекеттiк тiлдегi мәтiнге қатысы жоқ

27) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Аукцион тәсiлiмен және тауар биржалары арқылы мемлекеттiк сатып алу»;

28) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«35-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге
асыру

1. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу нақты уақыт режимiнде мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады, оның өткiзiлуiн электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор қамтамасыз етедi.
2. Аукцион бiр лотқа өткiзiледi, бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша, құндық мәндегi жылдық көлемi тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген төрт мың еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер аукционның нысанасы болып табылады.
3. Аукционға қатысуға өтiнiмдердi қарастыру қорытындысы бойынша айқындалған, аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетiн және аукциондық комиссия аукционға қатысушы деп таныған әлеуеттi өнiм берушiлер аукционға қатысады.»;

29) мынадай мазмұндағы 35-1, 35-2, 35-3, 35-4, 35-5, 35-6, 35-7, 35-8 және 35-9-баптармен толықтырылсын:

«35-1-бап. Аукциондық құжаттама

1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған аукциондық құжаттаманың электрондық нысаны негiзiнде қазақ және орыс тiлдерiнде қалыптастырады.
2. Аукциондық құжаттамада осы Заңның 8-бабында белгiленген жалпы бiлiктiлiк талаптарынан басқа мынадай мәлiметтер қамтылады:
1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;
2) белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшелiктердi қоса алғанда, ал қажет болғанда нормативтiк-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сипаты мен талап етiлетiн техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;
3) өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi;
4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орны;
5) тауарды берудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына кепiлдiк беру;
6) төлем шарттары және елеулi талаптарын көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы;
7) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сәйкес аукционға қатысуға өтiнiмдер, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалатын және табыс етiлетiн тiлге қойылатын талаптар;
8) аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзудiң талаптары мен оның мөлшерi;
9) әлеуеттi өнiм берушiнiң аукционға қатысуға өз өтiнiмiн берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн оны өзгерту немесе керi қайтарып алу құқығын көрсету;
10) аукционға қатысуға өтiнiмдi табыс ету тәртiбi және аукционға қатысуға өтiнiмнiң талап етiлетiн қолданыс мерзiмi;
11) әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукциондық құжаттаманың мазмұнын түсiндiру туралы сауалдарды ұсыну тәртiбi;
12) аукционға қатысуға өтiнiмдердi табыс ету мерзiмi аяқталатын күн мен уақыт;
13) аукционға қатысуға өтiнiмдердi ашу, қарау, аукционның бастапқы (ең жоғары) бағасын төмендету рәсiмдерiнiң сипаты;
14) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзудiң талаптары, түрлерi, көлемi және тәсiлi;
15) аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген сома туралы мәлiметтер;
16) аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген соманы төмендету шамасы (ақшалай мәндегi аукцион адымы);
17) аукционға қатысуға өтiнiмдердi қарау мерзiмi аяқталатын күн;
18) аукцион өткiзiлетiн күн мен уақыт.
Аукциондық құжаттамада әлеуеттi өнiм берушiлерге аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың шарттары туралы барынша толық ақпарат алуға мүмкiндiк беретiн басқа да қосымша мәлiметтер қамтылуы мүмкiн.
3. Мемлекеттiк сатып алуды негiзгi (орнатылған) жабдықтарды толық жасақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшiн жүзеге асыруды қоспағанда, аукциондық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгiлерiне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, тауардың шығарылған жерiнiң атауына және өндiрушiнiң атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға арналған сiлтемелердiң болуына жол берiлмейдi.
4. Аукциондық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам не оның мiндетiн атқаратын адам бекiтедi.
5. Әлеуеттi өнiм берушiлерге аукциондық құжаттаманы ұсыну, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру тәртiбi осы Заңда және электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалады.
6. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы күнi аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк бес күн мерзiмнен кешiктiрмей өз бастамасы бойынша немесе тұлғалардың аукциондық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауалына жауап ретiнде аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Бұл ретте аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алу нысанасын өзгертуге жол берiлмейдi. Аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
1) енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн өздерi туралы мәлiметтер аукциондық құжаттама алған адамдарды тiркеу журналына енгiзiлген тұлғаларға өтемсiз негiзде жiберуге;
2) енгiзiлген өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған аукциондық құжаттаманы мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға мiндеттi.
Аукциондық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген жағдайда, аукционға қатысу өтiнiмдерiн табыс етудiң соңғы мерзiмi кемiнде күнтiзбелiк жетi күн мерзiмге ұзартылуға тиiс.

35-2-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге
асыру туралы хабарлама

1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етуiнiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн бұрын аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруға мiндеттi.
2. Егер аукцион тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген сома тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма мың еселенген мөлшерiнен аспаса, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтiнiн әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етуiнiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк жетi күн бұрын мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастыруға мiндеттi.

35-3-бап. Аукционға қатысуға өтiнiм

1. Аукционға қатысуға өтiнiм әлеуеттi өнiм берушiнiң аукциондық құжаттамада белгiленген талаптарға және шарттарға сәйкес тауарларды берудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiм бiлдiргенiнiң нысаны болып табылады.
2. Аукционға қатысуға өтiнiм әлеуеттi өнiм берушiнiң:
1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзушылықтың болмағандығы туралы;
2) өзi мен тапсырыс берушiнiң не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының арасында осы Заңмен тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы;
3) осы Заңның 37-бабының 10-тармағында көрсетiлген фактiлер анықталған жағдайда, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бұзуға келiсiм беруi туралы растауын қамтуға тиiс.
Аукционға қатысуға өтiнiмде қамтылуға тиiс мәлiметтер, сондай-ақ құжаттар электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында айқындалады.
3. Аукционға қатысуға өтiнiмнiң қолданыс мерзiмi аукциондық құжаттамада белгiленген, талап етiлетiн мерзiмге сәйкес келуге тиiс.

35-4-бап. Аукционға қатысуға өтiнiмдi табыс ету

1. Аукционға қатысуға тiлек бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға табыс ететiн аукционға қатысуға өтiнiм мемлекеттiк сатып алу веб-порталында электрондық құжат түрiнде қалыптастырылады және аукциондық құжаттамада тiзбеленген қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерiн және (немесе) электрондық құжаттарды қамтитын екi бөлiктен тұрады.
2. Аукционға қатысуға өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгi:
1) тауарды мемлекеттiк сатып алу кезiнде, қажет болған жағдайда нормативтiк-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын тауардың сипаты мен ұсынылатын техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын (тауар таңбасын, қызмет көрсету белгiсiн, фирмалық атауын, тауар шығарылған жердiң атауын және өндiрушiнiң атауын көрсете отырып, сондай-ақ егер аукциондық құжаттама сатып алынатын тауардың эскиздерiн, суреттерiн, сызбаларын, фотосуреттерi мен өзге де бейнелерiн беру туралы талапты көздеген жағдайда, онда аукционға қатысуға өтiнiмде осындай ақпарат қамтылуға тиiс);
2) жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi мемлекеттiк сатып алу кезiнде әлеуеттi өнiм берушiнiң аукциондық құжаттамада көзделген талаптарға сәйкес жұмысты орындауға, қызметтi көрсетуге келiсiмiн;
3) аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының банктiк шотында не мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер болып табылатын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотта орналастырылатын кепiлдiктi ақшалай жарна түрiнде енгiзген жағдайда, кепiлдiктi ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшiрмесiн қамтуға тиiс.
Аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi банктiк кепiлдiк түрiнде енгiзген кезде оның түпнұсқасы электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында көзделген тәртiппен, аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы мерзiмiне дейiн мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға берiледi.
3. Аукционға қатысуға өтiнiмнiң екiншi бөлiгi әлеуеттi өнiм берушiнiң және ол тартатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) осы Заңның 8-бабында көзделген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды қамтуға тиiс.
Аукционға қатысуға өтiнiмдi оларды табыс етудiң аукциондық құжаттамада көрсетiлген соңғы мерзiмi өткеннен кейiн табыс етуге жол берiлмейдi.
4. Аукционға қатысуға өтiнiмдердi белгiленген мерзiм өткенге дейiн табыс еткен әлеуеттi өнiм берушiлер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында хронологиялық тәртiппен тiркеледi.
5. Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысуға өтiнiмдердi табыс ету мерзiмi аяқталатын кезден кешiктiрмей:
1) аукционға қатысуға енгiзiлген өтiнiмдi өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
2) аукционға қатысуға өтiнiмнiң өзi енгiзген қамтамасыз етiлуiн қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң аукционға қатысуға өтiнiмiн керi қайтарып алуға құқылы.
Аукционға қатысуға өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге, сол сияқты аукционға қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алуға жол берiлмейдi.
6. Әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтередi. Тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, аукциондық комиссия, сараптамалық комиссия, сарапшы, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператор аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындыларына қарамастан, мұндай шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi мойнына алмайды.

35-5-бап. Аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету

1. Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi, өзiнiң:
1) аукционға қатысуға өтiнiмiн мұндай өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн керi қайтарып алмайтынының не оны өзгертпейтiнiнiң және (немесе) толықтырмайтынының
2) өзiн аукционның жеңiмпазы деп айқындаған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасатындығының және аукциондық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзетiнiнiң кепiлi ретiнде енгiзедi.
2. Аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында белгiленген тәртiппен, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн аукционға бөлiнген соманың бiр пайызы мөлшерiнде енгiзiледi.
3. Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысу өтiнiмiн қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiреуiн:
1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушылар үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiктi ақшалай жарнаны;
2) банктiк кепiлдiктi таңдауға құқылы.
Аукционға қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн әлеуеттi өнiм берушiнiң енгiзiлген кепiлдiктi ақшалай жарнасына тұтастай не оның бiр бөлiгiне талап ету құқығының үшiншi тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын iс-қимылдар жасауына жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, осы баптың 5 және 6-тармақтарында аталған iс-әрекеттердi қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушi енгiзген кепiлдiктi ақшалай жарнаны пайдалануына жол берiлмейдi.
4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған кезде:
1) аукцион жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
2) аукционның жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасаса отырып, аукциондық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не тиiстi түрде, оның iшiнде уақтылы орындамаған;
3) аукционды өткiзу басталғаннан кейiн отыз минут iшiнде аукционның ешбiр қатысушысы өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы ұсыныс бермеген жағдайларда, аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтармайды. Мұндай жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукционның барлық қатысушыларына қайтармайды.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бiрi туындаған кезде аукционға қатысу өтiнiмiн қамтамасыз ету сомасы тиiстi бюджеттiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, мемлекеттiк кәсiпорынның, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кiрiсiне есептеледi.
6. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуеттi өнiм берушiге ол енгiзген аукционға қатысу өтiнiмiн қамтамасыз етудi қайтарады:
1) осы әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң аукционға қатысуға өтiнiмiн аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған жағдайда;
2) аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды;
3) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Аталған жағдай аукцион жеңiмпазы деп айқындалған аукционға қатысушыға қолданылмайды;
4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және аукцион жеңiмпазы аукциондық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген бiрi туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлеуеттi өнiм берушiге ол енгiзген аукционға қатысу өтiнiмiн қамтамасыз етудi жағдайда.

35-6-бап. Аукционға қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi
бөлiктерiн ашу және қарау, аукционға қатысуға рұқсат
беру

1. Аукциондық комиссияның хатшысына аукционда қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi бөлiгiн ашуға рұқсатты аукциондық құжаттамада мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен аукционға қатысуға өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмiнiң күнi мен уақыт келген кезде мемлекеттiк сатып алу веб-порталы автоматты түрде бередi.
2. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi бөлiгi ашылатын күнi мемлекеттiк сатып алу веб-порталы аукциондық комиссияның мүшелерiне, әлеуеттi өнiм берушiлерге электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында көзделген, аукционға қатысуға өтiнiмдердi тiркеудiң электрондық журналына енгiзiлгенi туралы автоматты түрде хабарлама таратады.
3. Аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындау және оларды аукционға қатысушы деп тану мақсатында аукциондық комиссия аукционға қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi бөлiгiн қарауды жүзеге асырады.
4. Аукциондық комиссия аукционға қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi бөлiгiн қарайды және аукционға қатысуға өтiнiмдер табыс етудiң мерзiмi аяқталатын күннен және уақыттан бастап күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрмей әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуына рұқсат беру туралы шешiмдi қабылдайды.
5. Егер аукционға қатысуға екеуден аз өтiнiм берiлсе, аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылады.
6. Қажет болған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын, аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкес келуiне қатысты сараптамалық қорытынды әзiрлеу үшiн сараптама комиссиясын құруға не сарапшыны айқындауға құқылы.
Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыда тиiстi бейiндегi мамандар болмаған жағдайда, ол сатып алынатын тауарға, жұмысқа, көрсетiлетiн қызметке мамандығы сәйкес келетiн мемлекеттiк қызметшiлердi не өзге мамандарды сарапшылар ретiнде жұмысқа тартады. Мемлекеттiк қызметшiлер сарапшылар ретiнде өтемсiз негiзде тартылады, ал өзге мамандар тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы да, өтемсiз де негiзде тартылады.
Аукциондық комиссия шешiм қабылдаған кезде сарапшылардың дауыс беру құқығы болмайды.
Ақылы негiзде сарапшылар ретiнде тартылатын адамдарды таңдау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
7. Аукциондық комиссия аукционға қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi бөлiгiн, егер онда ұсынылған өтiнiмдердiң бiрiншi бөлiгiнiң мәнiн қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса да, оны аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келедi деп қарайды.
8. Әлеуеттi өнiм берушi, егер:
1) оның аукционға қатысу өтiнiмiнiң бiрiншi бөлiгi аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмейдi деп айқындалса;
2) аукционға қатысу өтiнiмiн қамтамасыз етудi енгiзбесе, аукционға қатысуға жiберiлмейдi (аукционға қатысушы деп танылмайды).
9. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан аукциондық комиссияның барлық мүшелерi, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы аукционға қатысуға әлеуеттi өнiм берушiлерге рұқсат беру (аукционға қатысушылар деп тану) туралы шешiм қабылданған күнi қол қояды.
Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы аукциондық комиссияның хатшысы рұқсат беру туралы шешiм қабылданған күнi электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында көзделген, аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға өтiнiмдердi тiркеудiң электрондық журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге электрондық почта арқылы автоматты түрде хабарлай отырып, мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялайды.
10. Аукциондық комиссия екеуден аз әлеуеттi өнiм берушiнi аукционның қатысушысы деп таныған жағдайда аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылады.
11. Аукциондық комиссияның аукционға қатысуға рұқсат беру туралы шешiмiне осы Заңның 45-бабында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.

35-7-бап. Аукционды өткiзу

1. Аукцион мемлекеттiк сатып алу веб-порталында, аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жүзеге асырылатыны туралы хабарламада көрсетiлген күнi және мерзiмде өткiзiледi.
Аукционды өткiзу күнi аукционға қатысуға өтiнiмдердi қарау мерзiмi аяқталатын күннен бастап екi жұмыс күнi өткеннен кейiнгi келесi жұмыс күнi болып табылады.
2. Аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлер аукционға қатысады.
3. Аукцион өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен жүргiзiледi.
Аукцион адымы өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген соманың жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейiнгiнi құрайды.
4. Аукционды өткiзу кезiнде аукционға қатысушылар өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы ұсыныстар бередi, ол баға туралы ағымдағы ең төменгi ұсынысты аукцион адымы шегiндегi шамаға төмендетудi көздейдi.
5. Аукционды өткiзу кезiнде аукционның кез келген қатысушысы ағымдағы ең төмен ұсыныс болмаған жағдайда, аукцион адымына қарамастан, өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан төмендетiлген, өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы.
6. Егер аукционның осы қатысушысы өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты берген болса, аукционға қатысушының аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы осындай ұсыныстан төмен болатын, өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы ұсыныс беруге құқығы жоқ.
7. Аукционға қатысушылардың өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткiзу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы соңғы ұсыныс келiп түскеннен кейiнгi он минутты құрайды. Егер көрсетiлген уақыт iшiнде өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң неғұрлым төмен бағасы туралы бiр де бiр ұсыныс келiп түспесе, аукцион аяқталады.
8. Егер өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң аукционның басқа бiр қатысушысы ұсынған бағасына тең бағасы ұсынылса, аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы басқа ұсыныстарға қарағанда бұрынырақ келiп түскен ұсыныс үздiк болып танылады.
9. Егер аукционды өткiзу басталғаннан кейiнгi отыз минут iшiнде аукционға қатысушылардың бiр де бiреуi өткiзiлетiн аукционның нысанасы болып табылатын тауардың, жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, осы баптың 4-тармағына сәйкес, аукцион өтпедi деп танылады.
10. Аукционды өткiзудiң нәтижелерi туралы хаттама аукционды өткiзу аяқталған күнi автоматты түрде қалыптастырылады және мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырылады.

35-8-бап. Аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi
бөлiктерiн қарау

1. Аукциондық комиссияға аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуға өтiнiмдерiнiң екiншi бөлiгiн қарауға рұқсатты мемлекеттiк сатып алу веб-порталы аукцион аяқталған және аукцион қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күнi автоматты түрде бередi.
2. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде қарайды және аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукциондық құжаттамада белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi немесе сәйкес еместiгi туралы шешiм қабылдайды.
3. Аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн қарау кезiнде аукциондық комиссия:
1) аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн қарауды жеңiлдету үшiн аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерден материалдар мен түсiндiрмелердi жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға;
2) аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiнде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында қажеттi ақпаратты тиiстi жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттiк органдардан жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.
Аукционға қатысу өтiнiмiн аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiруге орай аукционға қатысу өтiнiмiн жеткiлiксiз құжаттармен толықтыру, аукционға қатысу өтiнiмiнде ұсынылған құжаттарды ауыстыру, тиiстi түрде ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiру тұрғысынан аукциондық комиссияның сауал жiберуiне және өзге де iс-қимылдарына жол берiлмейдi.
Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн, егер онда ұсынылған өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiнiң мәнiн қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса, аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келедi деп қарайды.
4. Әлеуеттi өнiм берушi осы Заңда және электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қағидаларында көзделген жағдайларда бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп танылады.
5. Аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн қарау нәтижелерi бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлер қатарынан аукцион жеңiмпазын айқындайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада белгiленген бiлiктiлiк талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлер қатарынан мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткерлердi айқындайды не осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайда аукционды өтпедi деп таниды.
6. Егер аукционға қатысушы деп танылған және баға туралы ұсыныс берген бiр де бiр әлеуеттi өнiм берушi аукциондық құжаттамада белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмесе, аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылады.
7. Аукционның қорытындылары туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы және қатысып отырған барлық мүшелерi, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы аукционның қорытындылары туралы шешiм қабылданған күнi қол қояды.
Аукциондық комиссияның хатшысы аукцион қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күнi оны қалыптастырады және мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырады.
8. Тапсырыс берушi аукцион қорытындылары туралы хаттама бекiтiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және оны аукцион жеңiмпазына жiбередi.
9. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасына аукцион жеңiмпазы не осы баптың 10 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер өзiне тапсырыс берушi қол қойған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасы табыс етiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қол қоюға тиiс.
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасының елеулi талаптарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған аукцион жеңiмпазы осы Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушылары тiзiлiмiне енгiзiледi.
10. Егер аукцион жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса, тапсырыс берушi өзiнiң баға туралы ұсынысы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған аукцион жеңiмпазының баға туралы ұсынысынан кейiн ең төмен болып табылатын мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткермен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға құқылы.
11. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер мемлекеттiк сатып алу туралы қол қойылған шартты осы баптың 9-тармағында көзделген, белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, тапсырыс берушi өзiнiң баға туралы ұсынысы мемлекеттiк сатып алу туралы қол қойылған шартты табыс етпеген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткердiң баға туралы ұсынысынан кейiн ең төмен болып табылатын, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткермен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға құқылы.
Аукцион жеңiмпазын қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу туралы қол қойылған шартты осы баптың 9-тармағында белгiленген мерзiмде табыс етпеген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткерлер, осы Заңда көзделген мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушылары тiзiлiмiне енгiзiлмейдi.
12. Аукциондық комиссияның шешiмiне осы Заңның 45-бабында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.

35-9-бап. Аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өтпедi
деп танудың негiздерi мен салдарлары

1. Аукцион:
1) егер аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға екеуден аз өтiнiм берiлген жағдайда;
2) осы Заңның 35-6-бабының 10-тармағында, 35-7-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда;
3) егер аукцион жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса және тапсырыс берушi осы Заңның 35-8-бабының 10 және 11-тармақтарында көзделген құқықты пайдаланбаса, өтпедi деп танылады.
2. Егер аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылған болса, тапсырыс берушi:
1) аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткiзу туралы;
2) аукциондық құжаттаманы өзгерту және аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткiзу туралы;
3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды бiр көзден алу тәсiлiмен жүзеге асыру туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдауға құқылы.»;

30) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«36-бап. Тауарларды тауар биржалары арқылы мемлекеттiк
сатып алуды жүзеге асыру

1. Тауарларды тауар биржалары арқылы мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес биржалық тауарлар тiзбесi бойынша жүзеге асырылады.
2. Егер, биржалық тауарлар тiзбесiне енгiзiлген тауарларды мемлекеттiк сатып алудың жылдық көлемi биржалық тауарлар тiзбесiнде көзделген партияның ең аз мөлшерiнен аспаған жағдайда, тапсырыс берушi тауарларды мемлекеттiк сатып алудың өзге тәсiлiн таңдауға құқылы.»;

31) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«37-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу

1. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған үлгiлiк шартқа сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуеттi өнiм берушiге жiбередi.
Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс берушi конкурс жеңiмпазына қорытындылар туралы хаттаманың бiр данасын және конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын жiбередi.
2. Қазақстан Республикасының резидентi емеспен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартты, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресiмдеуге жол берiледi.
3. Осы Заңның 31-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 9-тармағында көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмiн қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мерзiмi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуеттi өнiм берушiге жiберген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
4. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта осы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны не тиiсiнше орындалмағаны үшiн тұрақсыздық төлемi, сондай-ақ тапсырыс берушiнiң мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың толық сомасынан тұрақсыздық төлемiн өндiрiп алуды қамтамасыз етуi жөнiндегi мiндетi көзделуге тиiс.
5. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың қағидаларында көзделген жағдайларда өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзуге мiндеттi.
Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi өзiмен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша өз мiндеттемелерiн уақтылы, толық және тиiстi түрде орындайтынына кепiлдiк ретiнде енгiзедi.
Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
1) тапсырыс берушiнiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушiлер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiктi ақшалай жарнаны;
2) банктiк кепiлдiктi таңдауға құқылы.
Шарт бойынша мiндеттемелерi толық орындалғанға дейiн өнiм берушiнiң енгiзiлген кепiлдiктi ақшалай жарнасына тұтастай не оның бiр бөлiгiнде талап ету құқығының үшiншi тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын iс-қимылдар жасауына жол берiлмейдi.
Тапсырыс берушiнiң өнiм берушi енгiзген кепiлдiктi ақшалай жарнаны осы Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу туралы талап тауар биржалары арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнiм берушiлерге, сондай-ақ оны осы Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда берген өнiм берушiлерге қолданылмайды.
6. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер және оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар:
1) жобалау-сметалық құжаттамада оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарда) аяқтау мерзiмi көзделген жұмыстарды;
2) дайындаудың технологиялық мерзiмiнiң ұзақтығы оларды келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) беруге негiз болатын активтер мен басқа да тауарларды;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайда бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасаса алады. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс;
4) бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге көрсетiлетiн қызметтердi;
5) тиiстi бюджетте, даму жоспарында (бизнес-жоспарда), қаржыландыру жоспарында белгiленген, орындалу (көрсетiлу, берiлу) мерзiмi орындау ұзақтығына байланысты келесi (кейiнгi) қаржы жылына (жылдарына) белгiленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған жағдайда бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкiн. Мемлекеттiк сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс.
7. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгiленген, басқару органы немесе аталған тұлғалардың жоғары органы бекiткен келесi (кейiнгi) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзiмiмен iс-шараларды орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы ұзақ мерзiмдi шарт жасасуы мүмкiн.
8. Жылдық қаржы есептiлiгiнiң аудитi бойынша көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзiмге жасалуы мүмкiн.
9. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда, бәсекелестiк негiзде өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнiм берушiлермен ғана қолданысы бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға жол берiледi.
10. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта мынадай:
1) осы Заңның 6-бабында көзделген шектеулердi бұзу;
2) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әлеуеттi өнiм берушiге осы Заңда көзделмеген көмек көрсету фактiлерiнiң бiрi анықталған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылуға тиiс.
11. Отандық тауар өндiрушiлермен және жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi отандық берушiлермен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шартта тауарларды бергенi, жұмыстарды орындағаны не қызметтердi көрсеткенi үшiн алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы талап қамтылуға тиiс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзiмi осы шарт бойынша мiндеттемелер орындалған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
12. Тапсырыс берушi және өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн толық орындаған жағдайда аталған шарт орындалды деп есептеледi.
13. Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған не тиiстi түрде орындамаған жағдайда тапсырыс берушi қаржы жылы бiткеннен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей, тиiстi бюджеттiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, мемлекеттiк кәсiпорынның, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның немесе олармен үлестес заңды тұлғалардың кiрiсiне тұрақсыздық төлемiн өндiрiп алу бойынша шаралар қабылдауға мiндеттi.»;

32) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттiк сатып алудың жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, тапсырыс берушi:
1) ол енгiзген конкурсқа не аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады және мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға терiс пиғылды қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнедi;
2) мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарудан келтiрiлген шығындарды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.»;

33) 39-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да жағдайлардың өзгермеу талабымен өзгерiстер енгiзуге мынадай өзара байланысты талаптар сақталған жағдайда:»;
2) тармақшадағы «өнiм берушiнi таңдауға негiз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтiн талабы жағдайында» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге берiлетiн бағаны және тиiсiнше шарттың сомасын азайту бөлiгiнде тараптардың өзара келiсуi бойынша;»;
2) тармақшадағы «бюджет және өзге де» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасының өзгеруiнен туындаған аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау шартының сомасын азайту немесе ұлғайту бөлiгiнде;»;
мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) аяқталу мерзiмi келесi (кейiнгi) жылдағы (жылдардағы) жұмыстарды орындау туралы шарттың сомасын азайту бөлiгiнде;
7) мемлекеттiк бюджет есебiнен жылдар бойынша қаржыландыру жасалынған шарт сомасының өзгермеуi немесе сметалық жұмыстардың азаюы шартымен өзгерген жағдайда және кейiннен мемлекеттiк сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиiстi өзгерiстер енгiзiлген жағдайда, жұмыстарды орындау туралы шарттың орындалу мерзiмiн өзгерту бөлiгiнде;
8) тапсырыс берушiнiң және (немесе) өнiм берушiнiң лауазымды адамына қатысты шартты орындаумен байланысты қылмыстық iс қозғалған жағдайда, жұмыстар бойынша шарттың орындалу мерзiмiн өзгерту бөлiгiнде жол берiледi.»;

34) 40-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелуге жататын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс берушi оны жасағаннан кейiн не өнiм берушi конкурстық құжаттамада не аукциондық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.»;

35) 41-баптың 3-тармағында:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) өздерi туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияны құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған, таратылуы шектелген қызметтiк ақпаратты құрайтын мәлiметтердi;»;
8) тармақшадағы «қызметтердi;» деген сөз «қызметтердi сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 9) тармақша алып тасталсын;

36) 42-баптың 1-тармағындағы «(үлестерiнiң)» деген сөз «(жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң)» деген сөздермен ауыстырылсын;

37) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«45-бап. Тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды
ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының,
мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператордың
iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау

Әлеуеттi өнiм берушi тапсырыс берушiнiң, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператордың iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне), егер олардың iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) әлеуеттi өнiм берушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзса, шағым жасауға құқылы. Тапсырыс берушiнiң:
1) мемлекеттiк сатып алу тәсiлiн таңдау туралы;
2) осы Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес өзi қабылдаған мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешiмi мемлекеттiк бақылау органдарына шағымдануға жатпайды.»;

38) 47-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«47-1-бап. Өтпелi ережелер

Осы Заңның 12-бабы 6-тармағының ережесi 2012 жылғы 1 шiлдеге дейiн қолданылады.».

2-бап. Осы Заң, 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 2) тармақшасының отыз алтыншы және отыз жетiншi абзацтарын, 8) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina