ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 542-IV Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Ескертпесi!
Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни қызмет және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) мазмұны:
мынадай мазмұндағы жаңа: 16-1-тарау мен 219-1, 219-2, 219-3, 219-4, 219-5, 219-6, 219-7, 219-8, 219-9 және 219-10-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«16-1-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
219-1-бап. Электр желiлерiнде қуат коэффициентiнiң нормативтiк мәндерiн сақтамау және энергия тұтыну нормативтерiнен асып түсу
219-2-бап. Ақаулы жабдықты, арматураны, құбырларды жылу оқшаулаусыз пайдалану немесе энергия тұтынатын жабдықтың жұмыс режимiн бұзу
219-3-бап. Энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиiстi аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудiң автоматтандырылған жүйелерiмен жарақтандырылмаған энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа объектiлердi пайдалануға қабылдау
219-4-бап. Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерiнiң энергетикалық ресурстардың және судың тұтыну көлемiн өнiмнiң, үйлердiң, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бiрлiгiне энергия аудитi қорытындылары бойынша белгiленген шамаға дейiн мiндеттi түрде жыл сайын төмендету туралы талапты бұзуы
219-5-бап. Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерiнiң мiндеттi энергия аудитiнен өтуден жалтаруы не оны жүргiзуге кедергi келтiруi
219-6-бап. Электр қыздыру шамдарын заңсыз сату және өндiру
219-7-бап. Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерiнiң энергия менеджментi жүйесiн жасау, енгiзу және оның жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi мiндеттердi орындамауы
219-8-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасында белгiленген энергия аудитiн жүргiзу тәртiбiн, энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру сараптамасын жүргiзу тәртiбiн сақтамау
219-9-бап. Кеден одағының техникалық регламентiне сәйкес техникалық құжаттамада және заттаңбаларда энергия тиiмдiлiгiнiң сыныбы мен сипаттамасы туралы ақпарат қамтылмаған электр энергиясын тұтынатын құрылғыларды өндiру және (немесе) өткiзу
219-10-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы нұсқамасын орындамау немесе толық көлемде орындамау»;
356-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«356-бап. Мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi келтiру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау»;
32-тарау мынадай мазмұндағы жаңа 548-1-баппен толықтырылсын:
«548-1-бап. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдары»;

2) 48-баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы бөлiмнiң ерекше бөлiгiнiң баптарында көзделген жағдайларда, айыппұл мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген салық мiндеттемелерiнiң орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған сомасының, аударылмаған (уақтылы аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзыла отырып жүргiзiлген операция сомасының пайызымен, не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерiмен, не монополистiк қызметтi жүзеге асыру немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы, табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасын бұзу нәтижесiнде алынған табыс (түсiм) сомасының пайызымен не құқық бұзушылық болған кезеңде, бiрақ бiр жылдан аспайтын бекiтiлген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының пайызымен көрсетiледi.»;

3) 69-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу саласында, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамалары, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.»;

4) мынадай мазмұндағы 16-1-тараумен толықтырылсын:
«16-1-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар

219-1-бап. Электр желiлерiнде қуат коэффициентiнiң нормативтiк
мәндерiн сақтамау және энергия тұтыну
нормативтерiнен асып түсу

1. Электр желiлерiнде қуат коэффициентiнiң нормативтiк мәндерiн сақтамау, –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Энергия тұтыну нормативтерiнен асып түсу, –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға - құқық бұзушылық болған, бiрақ бiр жылдан аспайтын кезеңде бекiтiлген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнынан бес пайыз мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он бес пайыз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – құқық бұзушылық болған, бiрақ бiр жылдан аспайтын кезеңде бекiтiлген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнынан он пайыз мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз пайыз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Энергетикалық ресурстардың құны құқық бұзушылық анықталған сәттегi нарықтық баға негiзiнде айқындалады.

219-2-бап. Ақаулы жабдықты, арматураны, құбырларды жылу
оқшаулаусыз пайдалану немесе энергия тұтынатын
жабдықтың жұмыс режимiн бұзу

1. Энергетикалық ресурстарды өндiру және беру кезiнде, сондай-ақ суды беру кезiнде олардың тiкелей ысырабына әкелген ақаулы жабдықты, арматураны, құбырларды жылу оқшаулаусыз пайдалану немесе энергия тұтыну жабдығының жұмыс режимiн бұзу, –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

219-3-бап. Энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиiстi
аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудiң
автоматтандырылған жүйелерiмен жарақтандырылмаған
энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа
объектiлердi пайдалануға қабылдау

1. Энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиiстi аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудiң автоматтандырылған жүйелерiмен жарақтандырылмаған энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа объектiлердi пайдалануға қабылдау, –
объектiнi пайдалануға беру туралы актiге қол қойған лауазымды тұлғаларға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, –
объектiнi пайдалануға беру туралы актiге қол қойған лауазымды тұлғаларға – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
1. Лауазымды тұлғалар деп осы бапта мемлекеттiк қабылдау комиссиясының және (немесе) қабылдау комиссиясының төрағасы мен мүшелерiн түсiну қажет.
2. Лауазымды тұлғалар жылу тұтынуды реттеудiң автоматтандырылған жүйелерiмен жарақтандырылмаған және жылу энергиясын сағатына орта есеппен 50 кВт-тан аз тұтынатын (жылу энергиясы, жылыту, желдету, кондиционерлеу және ыстық сумен қамтамасыз ету шығыстарын қоса алғанда) жаңа объектiлердi пайдалануға беру жағдайларында осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген құқық бұзушылықтар үшiн жауапты болмайды.

219-4-бап. Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерiнiң
энергетикалық ресурстардың және судың тұтыну көлемiн
өнiмнiң, үйлердiң, құрылыстар мен ғимараттардың
алаңы бiрлiгiне энергия аудитi қорытындылары бойынша
белгiленген шамаға дейiн мiндеттi түрде жыл сайын
төмендету туралы талапты бұзуы

1. Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерiнiң энергия аудитiнен өткеннен кейiн бес жылдың iшiнде энергетикалық ресурстардың және судың тұтыну көлемiн өнiмнiң, үйлердiң, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бiрлiгiне энергия аудитi қорытындылары бойынша белгiленген шамаға дейiн мiндеттi түрде жыл сайын төмендету туралы талапты бұзуы, –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

219-5-бап. Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерiнiң
мiндеттi энергия аудитiнен өтуден жалтаруы не оны
жүргiзуге кедергi келтiруi

1. Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерiнiң мiндеттi энергия аудитiнен өтуден жалтаруы не оны жүргiзуге кедергi келтiруi, –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

219-6-бап. Электр қыздыру шамдарын заңсыз сату және өндiру

Жарық беру мақсатында ауыспалы ток тiзбектерiнде пайдаланылуы мүмкiн қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын өндiру және сату, –
жарық беру мақсатында ауыспалы ток тiзбектерiнде пайдаланылуы мүмкiн қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын тәркiлей отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

219-7-бап. Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерiнiң
энергия менеджментi жүйесiн жасау, енгiзу және
жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi мiндеттердi орындамауы

1. Энергетикалық ресурстарды жылына бiр мың бес жүз және одан көп тонна шартты отын көлемiнде тұтынатын Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерiнiң энергия менеджментi бойынша халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес энергия менеджментi жүйесiн жасау, енгiзу және жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi мiндеттердi орындамауы, –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

219-8-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және
энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасында
белгiленген энергия аудитiн жүргiзу тәртiбiн,
энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгi сараптамасын
жүргiзу тәртiбiн сақтамау

1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасында белгiленген энергия аудитiн жүргiзу тәртiбiн, энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгi сараптамасын жүргiзу тәртiбiн сақтамау, –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – аккредиттеу туралы куәлiгiнiң қолданылуын тоқтата отырып, екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – аккредиттеу туралы куәлiгiнен айыра отырып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

219-9-бап. Кеден одағының техникалық регламентiне сәйкес
техникалық құжаттамада және заттаңбаларда энергия
тиiмдiлiгiнiң сыныбы мен сипаттамасы туралы ақпарат
қамтылмаған электр энергиясын тұтынатын құрылғыларды
өндiру және (немесе) өткiзу

1. Кеден одағының техникалық регламентiне сәйкес техникалық құжаттамада және заттаңбаларда энергия тиiмдiлiгiнiң сыныбы мен сипаттамасы туралы ақпарат қамтылмаған электр энергиясын тұтынатын құрылғыларды өндiру және (немесе) өткiзу, –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – алты, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, –
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – он екi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

219-10-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және
энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасының
талаптарын бұзуды жою туралы энергия үнемдеу және
энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкiлеттi
органның нұсқамаларын орындамау немесе толық
көлемде орындамау

1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкiлеттi органның нұсқамаларын орындамау немесе толық көлемде орындамау, –
жеке тұлғаларға – он, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

5) 356-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«356-бап. Мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және
қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерiнiң
қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi келтiру,
қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды
орындамау»;
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың өз құзыретiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректердi қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi, қызмет туралы, кiрiстер туралы, энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандырылу туралы, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемi туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы, атом энергиясын пайдалану туралы ақпаратты беруден бас тарту арқылы, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптама және заңнамада көзделген басқа да iс-әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту арқылы кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не бұрыс ақпарат беру, –
жеке тұлғаларға – үшке дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш, лауазымды тұлғаларға – жиырмаға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстiң 130, 147-9, 168, 173, 216, 219, 219-10, 305, 313-баптарында, 317-баптың екiншi бөлiгiнде, 317-1, 362, 381, 474, 486, 522, 528-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынымдарды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау, –
жеке тұлғаларға – беске дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш, лауазымды тұлғалар мен дара кәсiпкерлерге он беске дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

6) 541-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80-84, 85 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 85-1 (екiншi бөлiгiнде), 85-2 (екiншi бөлiгiнде), 85-3, 86, 86-1, 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95-110-1, 124 (бiрiншi бөлiгiнде), 127, 129, 130, 136–136-2, 140 (екiншi бөлiгiнде), 141-1, 143, 143-1, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екiншi бөлiгiнде), 147-10 (екiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi, он төртiншi бөлiктерiнде), 147-11, 147-12, 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-1 (төртiншi бөлiгiнде), 155-2, 156, 157, 157-1, 158, 158-3, 158-4, 158-5, 159, 161 (бiрiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 162, 163 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi және тоғызыншы бөлiктерiнде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 165, 167-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 168-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 168-3, 175 (екiншi бөлiгiнде) (жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлiгiнде), 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 177-3, 177-4, 177-5, 179, 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 188 (екiншi бөлiгiнде), 190, 192, 194, 200, 202, 203, 213 (төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 214, 218-1 (жетiншi бөлiгiнде), 219-6, 219-8 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 222-229, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 234-1, 235 (екiншi бөлiгiнде), 237, 237-1, 246 (екiншi бөлiгiнде), 275-1, 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде) 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшiншi бөлiгiнде), 306-2, 308, 309-1 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерiнде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 309-4 (сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерiнде), 311-1 (жетiншi бөлiгiнде), 312-1, 314, 315, 316, 317 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 317-1, 317-2, 318, 319, 319-1, 320 (бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде), 321, 322 (үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 323 (екiншi бөлiгiнде), 324 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 324-1, 326, 327 (бiрiншi бөлiгiнде), 328, 330, 330-1 (екiншi бөлiгiнде), 332 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 336-2 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 342-344, 346-357, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгiнде), 357-3, 357-4, 357-5, 357-6, 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372-376, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 389-1, 390 (екiншi бөлiгiнде), 391 (екiншi бөлiгiнде), 391-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 393, 394 (екiншi бөлiгiнде), 394-1, 396 (екiншi бөлiгiнде), 400-1, 400-2, 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426-430, 433, 442, 443 (бесiншi бөлiгiнде), 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 446-1, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 461 (3-1-бөлiгiнде), 463-3 (бесiншi бөлiгiнде), 464-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 465 (екiншi бөлiгiнде), 466 (екiншi бөлiгiнде), 467, 468 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-1, 1-2 және екiншi бөлiктерiнде), 473 (үшiншi бөлiгiнде), 474-1, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екiншi бөлiгiнде), 494-1 (үшiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 512-1–512-5, 513-518, 520-537-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;

7) мынадай мазмұндағы 548-1-баппен толықтырылсын:

«548-1-бап. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау
органдары

1. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдары осы Кодекстiң 219-1, 219-2, 219-3, 219-4, 219-5, 219-7, 219-8 (бiрiншi бөлiгi), 219-10-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.»;

8) 566-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 219-9, 317 (бiрiншi бөлiгiнде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 496 (бiрiншi бөлiгiнде) – баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;

9) 568-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы және оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары құқылы.»;

10) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында:
қырық бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы органдар мен оның аумақтық органдарының (161 (төртiншi бөлiгi), 219-6, 338-1 (үшiншi, тоғызыншы, оныншы және он екiншi бөлiктерi), 317 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 317-1, 317-2, 356, 496 (екiншi бөлiгi), 501-баптар)»;
қырық екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (219-8, (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 223-225, 225-1 (электр және жылу желiлерi тораптарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 356-баптар);».

2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат, № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 53-баптың 1-тармағында:
9) тармақшаның төртiншi абзацы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру:
республикалық деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру бойынша iс-шаралар өткiзу;»;

2) 54-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру:
облыстық деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру бойынша iс-шаралар өткiзу;»;

3) 55-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру:
жергiлiктi деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру бойынша iс-шаралар өткiзу;»;

4) 56-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру:
аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейiнде энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру бойынша iс-шаралар өткiзу;».

3. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiне (Салық кодексiне) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
495-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Бұл ретте жергiлiктi өкiлдi органдар энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында келiсiм жасасқан субъектiлерге объектiлер бойынша тек қана осындай келiсiм шеңберiнде осы бапта белгiленген төлемақы мөлшерлемелерiн көтермеуге құқылы.».

4. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат, № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат):

1) 4-бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бөлiм. Көлiктегi қауiпсiздiк, энергия тиiмдiлiгi және жауапкершiлiк»;

2) 15-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлiк құралдары көлiк саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген энергия тиiмдiлiгi, адам өмiрi мен денсаулығының, қоршаған ортаның қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарға сәйкес келуге, сәйкестiктi растау саласындағы құжаты болуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.».

5. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж. № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., №15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
97-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Меншiктiң барлық нысандарындағы тұрғын жайларда коммуналдық қызмет көрсету үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бекiтiлген тарифтер бойынша алынады.
Мемлекет аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
тұрғын жайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге;
жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiнде шаралар қолданады.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшiн жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге жеткiзушi ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегi республикалық бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тұрғын үй көмегiн көрсетудiң ережелерi негiзiнде тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындайды.».

6. «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
4-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендердi, су айдындарын өнеркәсiптiк кәсiпорындардың және электр станцияларының, кәрiздiк-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндiрiлген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндiру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөнiндегi;».

7. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж; № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; №5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 27-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-9), 1-10) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-9) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру бойынша iс-шараларды тиiстi аумақтың даму бағдарламасына енгiзудi қамтамасыз етедi, энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында келiсiм жасасады, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында ақпараттық қызметтi жүзеге асырады;
1-10) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзудi қамтамасыз етедi;»;
6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) объектiлер мен кешендердiң ведомстволық бағыныстағы аумағында салынуы (реконструкциялануы, кеңейтiлуi, жаңғыртылу, күрделi жөнделуi) белгiленген объектiлерге мониторингтi жүзеге асырады;»;

2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-9), 1-10) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-9) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы iс-шараларды тиiстi ауданның, облыстық маңызы қаланың даму бағдарламасына енгiзудi қамтамасыз етедi, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында ақпараттық қызметтi жүзеге асырады;
1-10) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзудi қамтамасыз етедi;».

8. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., №21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):

1) 1-бапта:
10) және 45) тармақшалар алып тасталсын;
17) тармақшадағы «тексеру» деген сөз «бағалау» деген сөзбен ауыстырылсын;
20) тармақшадағы «объектiнiң (кешеннiң) дайындығына кешендi тексеру, технологиялық жабдықтар мен инженерлiк жүйелерге бақылаушылық сынақ жүргiзетiн» деген сөздер «құрылысы аяқталған объектiнiң дайындығын белгiлейтiн және құжаттамалық растайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 18-баптың 3) тармақшасы «және оның аумақтық бөлiмшелерi;» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 19-баптың 9-1) тармақшасындағы «, мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау» деген сөздер алып тасталсын;

4) 20-бапта:
12) тармақшадағы «республикалық маңызы бар» деген сөздер алып тасталсын;
12-1) тармақшадағы «, мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауды, лицензиялауды» және «өтiнiш иелерi мен лицензиаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растаған кезде лицензиялау ережелерiнiң, құрылыстың сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру ережелерiнiң» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жаңа 12-2) тармақшамен толықтырылсын:
«12-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн лицензиялауды жүзеге асыру;»;
14-1) тармақшадағы «, мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы, лицензиялау» деген сөздер алып тасталсын;
15) тармақшадағы «, оның iшiнде Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық және лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және жұмыстардың жүргiзiлуiн тоқтата тұру қажеттiгi туралы лицензиарға нұсқама жiберу жолымен шаралар қолдану» деген сөздер алып тасталсын;
23) тармақшадағы «республикалық маңызы бар объектiлер бойынша» деген сөздер алып тасталсын;

5) 24-баптың 1-тармағында:
10-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттiк органдарының жұмысына жәрдемдесу;»;
13) және 15) тармақшалар алып тасталсын;

6) 25-баптың 1-тармағында:
10-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттiк органдарының жұмысына жәрдемдесу;»;
15) және 17) тармақшалар алып тасталсын;

7) 27-баптың тақырыбы мен 1 және 2-тармақтарындағы «, мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау» деген сөздер алып тасталсын;

8) 31-баптың 1-тармағында:
бiрiншi абзацтағы «бақылауын» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi объектiлер құрылысына инспекция жүргiзу, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы, құрылыс iстерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн бақылау және қадағалау, осы Заңда белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырылатын жолмен;»;
2) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы «әзiрлеушiлер;» деген сөз «әзiрлеушiлер жүзеге асырады.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақша алып тасталсын;

9) 32-баптың 3-тармағындағы «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерi» деген сөздер «сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 33-бапта:
2 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс инспекциясы объектiлер құрылысының сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесiнен және аумақтық бөлiмшелерден тұрады.»;
«7. Объектiлер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымдық мiндеттерiне құрылыстарды жедел инспекциялау кiретiн басшысы, оның орынбасарлары мен штат қызметкерлерi тиiсiнше Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторының орынбасарлары және мемлекеттiк құрылыс инспекторлары болып табылады.
Объектiлер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын аумақтық бөлiмшелердiң лауазымдық мiндеттерiне құрылыстарды жедел инспекциялау кiретiн басшылары, олардың орынбасарлары мен штат қызметкерлерi тиiсiнше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары, Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторының орынбасарлары және мемлекеттiк құрылыс инспекторлары болып табылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау және әкiмшiлiк жазалар қолдану құқығы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы мен оның орынбасарларына, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторларына берiледi.»;

11) 35-баптың 1-тармағында:
1-1) тармақшадағы «республикалық маңызы бар объектiлердiң құрылысына, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын» деген сөздер «және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшадағы «жергiлiктi атқарушы органдардың» деген сөздер «оның аумақтық бөлiмшелерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 62-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сәулет жобасы ғимаратты (монументтi) жасаудың дербес жобасы ретiнде, сондай-ақ құрылысқа арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бiр бөлiгi ретiнде құрылыс жобасын немесе құрылысқа арналған өзге де құжаттаманы әзiрлеу үшiн қажеттi көлемде объектiге қойылатын әлеуметтiк, экономикалық, функционалдық, инженерлiк, техникалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, санитариялық-гигиеналық, экологиялық, сондай-ақ энергия тиiмдiлiгi және өзге де талаптар кешендi түрде ескерiлетiн сәулеттiк-көркемдiк, композициялық және көлемдiк-жоспарлау шешiмдерiн қамтуға тиiс.»;

13) 63-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құрылыс жобасында (құрылыстық жобада) құрылысқа арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының негiзгi бөлiгi ретiнде объектiнiң орналасқан жерiнiң қала құрылысы тұрғысынан негiзделуi, құрылыс жүргiзу және объектiнi пайдалануға беру үшiн қажеттi көлемде экономикалық, сәулет, көлемдiк-жоспарлау, функционалдық, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, табиғат қорғау, энергия үнемдейтiн және өзге де шешiмдердi қамтуға тиiс.»;

14) 68-баптың 11-тармағында:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзу үшiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және аумақтық бөлiмшелерiнiң рұқсаты талап етiледi.»;
1) және 2) тармақшалар алып тасталсын;

15) 73-баптың 8-тармағындағы «тексеру» деген сөз «бағалау» деген сөзбен ауыстырылсын;

16) 78-баптың 4-тармағында:
1) тармақшадағы «ауытқушылықтардың жойылуын тексеру» деген сөздер «ауытқушылықтардың орындалуын белгiлеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «тексеру» деген сөз «белгiлеу» деген сөзбен ауыстырылсын.

9. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; №13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., №15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бөлшек сауда нарығында электр және жылу энергиясын сатып алу-сату тұтынушылар энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен жасасатын шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушыларға электр энергиясын тәулiк аймақтары бойынша және (немесе) тұтынатын энергияның көлемiне (жеке тұлғалар үшiн) қарай сараланған тарифтер бойынша өткiзуден (сатудан) бас тартуға құқығы жоқ.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушыларға жылу энергиясын есепке алу аспаптарының бар болуына немесе жоқ болуына байланысты сараланған тарифтер бойынша жылу энергиясын өткiзуден бас тартуға құқығы жоқ.».

10. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
85-баптың 6-тармағы алып тасталсын.

11. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 жыл, № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат):
осы Заңға қосымшаның 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында;».

2-бап. Осы Заң:
1) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының он тоғызыншы – жиырма алтыншы абзацтарын;
2) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының жиырма жетiншi – отыз бiрiншi абзацтарын;
3) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының отыз екiншi – отыз алтыншы абзацтарын;
4) электр қыздыру шамдарын сату және өндiру үшiн әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлеу бөлiгiнде:
қуаты 100 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдары үшiн 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап;
қуаты 75 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдары үшiн 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап;
қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдары үшiн 2014 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының отыз жетiншi – отыз тоғызыншы абзацтарын;
5) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының қырқыншы – қырық төртiншi абзацтарын;
6) алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 1-тармағының 9) тармақшасын;
7) 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болатын жекешелендiрiлген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету туралы осы Заңның 1-бабының 5-тармағының 1) тармақшасының жетiншi және сегiзiншi абзацтарының ережелерiн;
8) алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 7-тармағы 1) тармақшасының бесiншi және алтыншы абзацтарын;
9) алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 8-тармағының 1) – 8), 10), 11), 14) - 16) тармақшаларын;
10) 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 8-тармағының 9) тармақшасын;
11) 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 9-тармағын;
12) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 10-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina