ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 548-IV Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Ескертпесi!
Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53- құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская равда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористiк және экстремистiк қызметке қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) бүкiл мәтiн бойынша «жануарлар немесе өсiмдiктер», «жануарлар мен өсiмдiктер» деген сөздер «өсiмдiктер немесе жануарлар» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) мазмұнында 290-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«290-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен және (немесе) олардың бөлiктерiмен және дериваттарымен, сондай-ақ алып қойылуына тыйым салынған өсiмдiктермен және жануарлармен және (немесе) олардың бөлiктерiмен және дериваттарымен заңсыз iс-әрекеттер»;

3) 183-баптың екiншi бөлiгiнiң г) тармағы алып тасталсын;

4) 288-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
б) тармағындағы «құстар мен аңдарды» деген сөздер «жануарларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
в) тармағы алып тасталсын;
«не онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктегi «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын;

5) 290-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«290-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және
құрып кету қаупi төнген түрлерiмен және (немесе)
олардың бөлiктерiмен және дериваттарымен, сондай-ақ
алып қойылуына тыйым салынған өсiмдiктермен және
жануарлармен және (немесе) олардың бөлiктерiмен және
дериваттарымен заңсыз iс-әрекеттер

Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн және (немесе) олардың бөлiктерi мен дериваттарын, сондай-ақ пайдаланылуына тыйым салынған өсiмдiктер мен жануарларды және (немесе) олардың бөлiктерi мен дериваттарын заңсыз алу, сатып алу, сақтау, өткiзу, әкелу, әкету, салып жiберу, тасымалдау, сол сияқты жою немесе олар мекендейтiн жерлердi жою, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;

6) 291-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
«Барлық топтағы ормандарда» деген сөздер «Орман қорында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiкте орыс тiлiндегi мәтiнге қатысты түзету енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi.

2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар, № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни қызмет және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) мазмұнында 296-баптың тақырыбындағы «жануарлар мен өсiмдiктердi» деген сөздер «өсiмдiктер мен жануарларды» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 283-баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiндегi «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын;

3) 296-баптағы «жануарлар мен өсiмдiктердi» деген сөздер «өсiмдiктер мен жануарларды» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 298-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнiң екiншi абзацындағы «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын;

5) 298-1-баптың үшiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы «Балықты бас саға құрылыстарына түсiп кетуден қорғау үшiн арнайы қондырғылар салмай» деген сөздер «Балық қорғау құрылғысын орнатпай» деген сөздермен ауыстырылсын.

3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат, № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат):

1) мазмұнында 129-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«129-бап. Мемлекеттiк орман қоры жерiн ауыл шаруашылығы мақсаттары және құрылыс объектiлерi үшiн жер пайдалануға беру»;

2) 12-баптың 38) тармақшасындағы «шаруашылығы» деген сөз «және балық шаруашылықтары» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 13-баптың 6) тармақшасы «тiзбесiн» деген сөзден кейiн «, сондай-ақ орман қорының жерлерiн орман шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидаларын» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 26-баптың 1-тармағы «сауықтыру» деген сөзден кейiн «, рекреациялық» деген сөзбен толықтырылсын;

5) 41-баптың 4-тармағындағы «шөп шабу және мал жаю» деген сөздер «шөп шабу, мал жаю, сондай-ақ омарталар орналастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 43-баптың 7-тармағының үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскелерiн беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретiне кiретiн жағдайларда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi жерге орналастыру iсiн шешiм жобасымен бiрге жоғары тұрған органға шешiм қабылдау үшiн енгiзедi.»;

7) 48-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) жекеше орман өсiру үшiн;»;

8) 49-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң шегiндегi жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатын өзгертудi ауданның (оның әкiмшiлiк бағынысына берiлген аумақтарға ие облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң ұсынысы бойынша жүзеге асырады.»;

9) 90-бап «жол,» деген сөзден кейiн «жаңартылатын энергия көздерiн – күн мен жел энергиясын пайдалану жөнiндегi объектiлердi,» деген сөздермен толықтырылсын;

10) 107-баптың 3-тармағында:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) орман қорының жерi;»;
8) тармақшадағы «қаладағы ормандар» деген сөздер «opмaн парктерi» деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 122-баптың 3-тармағында орыс тiлiндегi мәтiнге қатысты түзету енгiзiлдi, қазақ тiлiндегi мәтiнi өзгермейдi;

12) 123-баптың 1-тармағы «ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасына,» деген сөздерден кейiн «оның iшiнде олардың шекарасында орналасқан меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жерлерiне,» деген сөздермен толықтырылсын;

13) 126-бапта орыс тiлiндегi мәтiнге қатысты түзету енгiзiлдi, қазақ тiлiндегi мәтiнi өзгермейдi;

14) 128-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жекеше орман қорының жерлерiне осы Кодекске сәйкес жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға орман өсiру үшiн нысаналы мақсатпен жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген:
1) қолдан өсiрiлген екпелер;
2) табиғи, тұқымдық және (немесе) вегетативтiк жолмен өскен екпелер;
3) жекеше орман питомниктерi;
4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер;
5) агроорман-мелиорациялық екпелер;
6) жеке меншiктегi шаруашылық автомобиль жолдарын бөлу жолақтарындағы қорғаныштық екпелер отырғызылған жерлер жатады.»;

15) 129-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«129-бап. Ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн және құрылыс
объектiлерiн салу үшiн жер пайдалануға мемлекеттiк
орман қорының жерлерiн беру»;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры жерiнде орман пайдаланушыларға құрылыс объектiлерi үшiн учаскелер беру Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;

16) 134-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде су қорғау аймақтары мен су объектiлерiнiң жағалаулары бойынша белдеулер үшiн жер учаскелерi берiлмейдi.»;

17) 135-бап «пайдалануға» деген сөзден кейiн «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк орман қорының жерi құрамына кiретiн су объектiлерiн қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

18) 136-1-бапта:
1-тармақтағы «Су қорының» деген сөздер «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк орман қоры жерiнiң құрамына кiретiн су объектiлерiн қоспағанда, су қорының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi «Су қорының» деген сөздер «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк орман қоры жерiнiң құрамына кiретiн су объектiлерiн қоспағанда, су қорының» деген сөздермен ауыстырылсын;

19) 138-бап «ауыл шаруашылығының,» деген сөздерден кейiн «жекеше орман өсiрудiң,» деген сөздермен толықтырылсын;

20) 155-бапта:
2-тармақтағы «Орналасқан» деген сөз «Осы баптың 3-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, орналасқан» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Шоқ ормандар алып жатқан есептiк орам шекаралары шегiндегi жер учаскелерiне есептiк орамға кадастрлық нөмiр берiле отырып, бiр сәйкестендiру құжаты дайындалады және берiледi.».

4. 2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат, № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат):

1) бүкiл мәтiн бойынша:
«(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекет қажеттiктерi үшiн», «мемлекет қажетiне», «мемлекет қажетi үшiн» деген сөздер «мемлекет мұқтажы үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мәдени-сауықтыру, рекреациялық» деген сөздер «сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне», «Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiнде», «Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актiсiне» деген сөздер тиiсiнше «Қазақстан Республикасының Жер кодексiне», «Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«облыстық атқарушы орган», «облыстық өкiлдi органдардың», «облыстық атқарушы органдар», «облыстық атқарушы органның», «Облыстық атқарушы органның», «облыстың жергiлiктi атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстық өкiлдi органның» және «облыстық атқарушы органның ұсынуы бойынша облыстық өкiлдi орган» деген сөздер тиiсiнше «облыстың жергiлiктi атқарушы органы», «облыстың жергiлiктi атқарушы органымен», «облыстың жергiлiктi өкiлдi органының», «облыстың жергiлiктi атқарушы органдары», «облыстың жергiлiктi атқарушы органының», «Облыстың жергiлiктi атқарушы органының», «облыстың жергiлiктi атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың жергiлiктi өкiлдi органының» және «облыстың жергiлiктi атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың жергiлiктi өкiлдi органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен», «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен» деген сөздер «бюджет қаражаты есебiнен», «Бюджет қаражаты есебiнен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» деген сөздер «жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) мазмұнында:
2-бөлiмнiң тақырыбындағы «және бақылау» деген сөздер «, бақылау және қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«11-1-бап. Орман қорын күзетудi, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiрудi қамтамасыз ету жүйесi»;
13 және 18-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi»;
«18-бап. Орман мекемесiнiң негiзгi қызметi»;
мынадай мазмұндағы 18-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«18-1-бап. Орман қорын күзетудi, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiрудi қамтамасыз ету саласындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң түрлерi»;
4-тараудың тақырыбы «бақылау» деген сөзден кейiн «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
19, 20 және 21-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау
20-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман инспекциясы
21-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк орман инспекциясының лауазымды тұлғаларының құқықтары мен мiндеттерi»;
82-баптың тақырыбындағы «Қала ормандары мен орманды саябақтарда» деген сөздер «Қала ормандарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 102-1 және 102-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«102-1-бап. Ағаш және бұта тұқымдастарының отырғызу материалдарын және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелердi өсiру үшiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану
102-2-бап. Орман ресурстары ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қорының жерлерiнде объектiлер салу»;
мынадай мазмұндағы 18-1-тараудың тақырыбымен толықтырылсын:
«18-1-тарау. Жекеше орман өсiрудi мемлекеттiк қолдау»;
мынадай мазмұндағы 112-1, 112-2 және 112-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«112-1-бап. Жекеше орман өсiрудiң мемлекеттiк қолдауға жататын бағыттары
112-2-бап. Жекеше орман өсiрудi мемлекеттiк қолдау субъектiлерi
112-3-бап. Жекеше орман өсiрудi мемлекеттiк қолдау және оны жүзеге асыру мерзiмдерi»;

3) 3-баптың 6) тармақшасындағы «мен бақылау» деген сөздер «, бақылау және қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агроорман-мелиорациялық екпе – ауыл шаруашылығы үшiн қолайсыз табиғи факторлардың әсерiн азайтуға мүмкiндiк беретiн қорғаныштық орман екпесi;
2) ағаш және бұта тұқымдыларының селекциясы (орман селекциясы) – шаруашылық және өзге де құндылығы бар орман тұқымдыларының түрлерi мен сорттарын табиғи популяция арқылы iрiктеу немесе қолдан өсiру жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
3) ағашы кесiлген жер – екпе ағашы кесiп алынған, ал орманның жаңа түптерi әлi көтерiле қоймаған орман алаңы;
4) ағаштың заңсыз кесiлуi – Қазақстан Республикасының орман қорында ағаштар мен бұталарды, оның iшiнде табиғи, антропогендiк және техногендiк факторлардың салдарынан зақымданған және жойылған ағаштар мен бұталарды: ағаш кесу билетiнсiз; ағаш кесу билетi бойынша мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу қағидаларын бұзып, ағаш кесу билетiнде белгiленген мерзiмдердi сақтамай кесу; есептi кеспеағаш аймағынан асып түсетiн мөлшерде кесу;
5) алаңқай жерлер – ағашы жоқ, бiрақ орман өсiмдiктерiнiң элементтерi сақталған орман алаңы;
6) аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу – орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, iрiктеп санитариялық мақсатта ағаш кесу, құндылығы төмен орман екпелерiн, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларынан айырылған екпелердi қайта жаңғыртуға байланысты кесу, жекелеген талшыбықтарды кесу;
7) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер – өнеркәсiптiк, энергетикалық, тағамдық және өзге де мақсаттар үшiн қолдан өсiрiлетiн екпелер;
8) артықшылығы бар ағаш – дәл сондай орман өсiру жағдайларында өзiмен қатар өсiп тұрған, өзiмен бiр жастағы және бiрдей фенологиялық нысандағы айналасындағы ағаштардан бiр немесе бiрнеше шаруашылық жағынан құндылық белгiлерi мен қасиеттерi бойынша айтарлықтай асып түсетiн ағаш;
9) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаттары – артықшылығы бар ағаштардың гендiк қорын сақтау және тұқым қуалау қасиеттерiн зерттеу мақсатында олардың вегетативтiк тұқымдарын пайдалану арқылы өсiрiлген екпелер;
10) артықшылығы бар екпе – орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайларында өнiмдiлiгi жоғары және тұрақты екпе;
11) аса құнды орман алқаптары – тұқымдық құрамы бойынша сирек кездесетiн және эндемиктiк тұқымдар бар бiрегей орман; өнiмдiлiгi мен гендiк сапасы бойынша бiрегей ормандар; күрделi табиғи жағдайларда маңызды қорғаныштық функциялар орындайтын ормандар;
12) аэрофототүсiрiлiм – жер иелiктерiнiң шекарасын картаға түсiру, анықтау; қоршаған ортаны зерттеу мен оның мониторингi үшiн аэрофотосуреттердi пайдалану мақсатында аэрофотоаппараттың көмегiмен әуе кемелерiнен және басқа да ұшу аппараттарынан аумақты фотосуретке түсiру;
13) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу - сүрек дайындау үшiн толысқан және қураған сүрекдiңдердi кесу;
14) биологиялық әралуандық - белгiлi бiр аумаққа тән өсiмдiктер мен жануарлар организмдерiнiң жиынтығы;
15) биоценоз - белгiлi бiр, салыстырмалы түрде бiртектi жер учаскесiн немесе су айдыны учаскесiн мекендейтiн және өзара қарым-қатынастағы өсiмдiктердiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң жиынтығы;
16) гендiк қор - дарақтардың бiр тобы гендерiнiң (популяциялардың, популяциялар тобының немесе түрлердiң) олардың белгiлi бiр ұшырасу жиiлiгiмен сипатталатын шектегi жиынтығы;
17) географиялық дақылдар - жаңа жағдайларда сынақтан өткiзу мақсатымен бiрнеше экотиптердiң (климатиптердiң) неғұрлым тән популяцияларының тұқымдық ұрығынан арнаулы әдiстемелер бойынша өсiрiлетiн тәжiрибелiк дақылдар;
18) дериват – туынды өсiмдiк және одан немесе оның туындысынан жасалған өнiм;
19) зияндылықтың экономикалық шегi - орман ресурстарына келтiрiлген залал құны бойынша осы зиянкестермен күресуге жұмсалатын шығыннан артып кететiн орман зиянкестерiнiң тығыздығы;
20) кемiстiгi бар екпе - орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайлары үшiн шығымдылығы төмен және сапасы нашар екпе;
21) кеспеағаш аймағы - ағаш кесудiң барлық түрлерi үшiн бөлiнген немесе ағаштары кесiлу сатысындағы орман учаскесi;
22) кеспеағаш аймағын бөлу - шекараны нақтылы және кеспеағаштарды таксациялай отырып айқындау, кесуге жатқызылған ағаштарға белгi соғу, кеспеағаш аймағында есепке алынған сүректердi заттай және ақшалай бағалау жөнiндегi iс-шаралар;
23) кеспеағаш аймағынан тыс қоқыс - кеспеағаш аймағынан тыс жерде жатқан және өнеркәсiптiк мақсаттарда дайындалмайтын ағаштың (дiңдердiң және бұтақтардың) табиғи құлап, үзiлiп түсуi;
24) кесу жасы - сүрекдiңдердiң толыса бастаған санатынан толысқан санатына өтуден басталатын және басты пайдалану мақсатында кесуге болатын жасы;
25) кесiлмеген ағаш – кесуге арналған, бiрақ ағаш кесу билетiнде көзделген мерзiмде кесiлмеген орман ағаштары немесе учаскелерi;
26) қала ормандары – қалалық елдi мекеннiң шекарасында өсетiн және мемлекеттiк орман қоры құрамына енетiн, негiзiнен санитариялық-гигиеналық және рекреациялық функцияларды орындайтын табиғи және (немесе) қолдан өсiрiлген екпелер;
27) қалыпты екпе – орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайында өнiмдiлiгi жоғары және орташа, сапасы жақсы және орташа екпе;
28) қосалқы сүрек ресурстары (материалдары) (бұдан әрi - қосалқы сүрек ресурстары) – ағаштар мен бұталардың қабықтары, бұтақтары, томарлары, тамырлары, жапырақтары, бүршiктерi;
29) мемлекеттiк орман қоры алқабы – орман орналастыру кезiнде орман қорын мемлекеттiк есепке алу, арнайы картаға түсiру және орман шаруашылығы iс-шараларын жоспарлау мақсатында мемлекеттiк орман қоры құрамында бөлiнетiн жер учаскелерi;
30) мемлекеттiк орман қорының санаты – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бөлiнген мемлекеттiк орман қорының ерекше қорғалатын, су сақтау, санитариялық-гигиеналық, рекреациялық, ғылыми немесе өзге де арнайы мақсаттағы, аумағында орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдаланудың ерекше режимi белгiленген бiр бөлiгi;
31) мемлекеттiк орман орналастыру ұйымы – қызметi орман ресурстарын есепке алуды, орман қорын аумақтық орналастыруды, ормандардың мемлекеттiк мониторингiн, орман шаруашылығын жүргiзудi жоспарлауды және орман пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның қарауында болатын республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын;
32) орман – ағаш пен бұта өсiмдiктерiнiң және тiрi табиғаттың басқа да компоненттерiнiң жиынтығы негiзiнде белгiлi бiр аумақта қалыптасатын, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк мәнi бар табиғи кешен;
33) орман аурулары – қоршаған ортаның қолайсыз факторларынан немесе ауру өсiмдiктерден сау өсiмдiктерге берiлетiн организмдерден туындайтын және өсiмдiктер құрылысының өзгеруiне немесе олардың құрып кетуiне әкеп соқтыратын патологиялық процестер;
34) орман дақылдары – орманның ағаш және бұта тұқымдыларынан қолдан өсiрiлген екпелер;
35) орман дақылдарының қоры – орман көмкермеген жерлер (ағашы кесiлген орындар, өртеңдер, алаңқайлар, селдiр ормандар) және ормандануы орманды қолдан өсiру арқылы ғана мүмкiн болатын ормансыз жерлер;
36) орман зиянкестерi – орман екпелерiн зақымдайтын организмдер;
37) орман иелену – орман шаруашылығын жүргiзу және орман пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуi үшiн мемлекеттiк орман иеленушiлерге Қазақстан Республикасының Үкiметi беретiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн иелену және пайдалану құқығы, сондай-ақ жекеше орман иеленушiлерге осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлетiн жекеше орман қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы;
38) орман иеленушiлер – мемлекеттiк орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттiк ұйымдар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жекеше орман қоры учаскесi меншiгiнде болатын жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар;
39) орман қарау аймағы – орманшылық аумағын күзету үшiн бiр орманшыға бекiтiлiп берiлетiн, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен айқындалатын орманшылық аумағының бiр бөлiгi;
40) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылау – орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңнамасы белгiлеген талаптарға тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң сәйкес келуi нысанасына оларды тексеру және бақылау жөнiндегi қызметi, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша жедел араласпай-ақ құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкiн;
41) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы мемлекеттiк қадағалау – орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның тексерiлетiн субъектiлердiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және бақылау жөнiндегi қызметi, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша құқық шектеу сипатындағы шаралар, оның iшiнде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкiн;
42) орман қорын пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген орман пайдалану, сондай-ақ орман қоры аумағындағы жердi, суды және кең таралған пайдалы қазбаларды шаруашылық және өзге де мақсаттарда пайдалану құқығы;
43) орман қорын түгендеу – орман қорының жекелеген учаскелерiнiң сандық және сапалық көрсеткiштерiн сипаттау, картаға түсiру және анықтау жөнiндегi жұмыстар кешенi;
44) орман орамы – орман шаруашылығын жүргiзудi ұйымдастыру үшiн қызмет ететiн жергiлiктi жерде орман жолдарымен, табиғи шептермен (өзен жағалаулары, тау жоталары, жолдар және басқалар) шектелген орман қоры аумағының бiр бөлiгi;
45) орман өрт сөндiру станциясы – орман өрттерiнiң алдын алу және оларды уақтылы жою жөнiндегi шаралардың жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн өртке қарсы қызмет пен техниканы орналастыруға арналған мемлекеттiк орман иеленушiнiң объектiсi;
46) орман өсiру – бұрын орман болмаған аумақтарда ағаш екпелерiн қолдан отырғызу және өсiру;
47) орман пайдалану – орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн пайдалану жөнiндегi заңдық және экономикалық жағынан регламенттелген қызмет;
48) орман пайдаланушы – осы Кодексте белгiленген тәртiппен уақытша орман пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға;
49) орман питомнигi – орман қоры аумағының ағаш және бұта тұқымдас екпе материалдарды өсiруге арналған учаскесi;
50) орман соқпағы – орман орамдарының шекараларын белгiлеу немесе өзге мақсаттар үшiн ағаш және бұта өсiмдiктерiнен тазартылып жасалған белдеу;
51) орман телiмi – бастапқы орман шаруашылығы есептiк бiрлiгi болып табылатын, орман орамы аумағының таксациялау сипаттамалары, топырақ-типологиялық жағдайлары және шаруашылық маңызы бойынша бiртектi бөлiгi;
52) орман тұқымы плантациясы – берiлген тұқым қуалаушылық қасиеттерi және себу сапасы жоғары сорттық, элиталық немесе будан тұқымдарын жүйелi түрде (ұзақ уақыт бойы) алуға арналған артықшылығы бар ағаштардың тұқымды, немесе вегетативтiк ұрпағы болып табылатын өсiмдiктердiң арнаулы генетикалық схема бойынша отырғызылып, қолдан өсiрiлген екпесi;
53) орман тұқым шаруашылығы – тұқым қуалаушылық қасиеттерi құнды және себу сапасы жоғары тұқым алуға бағытталған орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану, олардың сапасы мен шығу тегiне бақылау жасау жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
54) орман шаруашылығы – орман қорын күзету және қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөнiндегi iс-шараларды қамтитын орман қорын зерттеу және оның есебiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын экономика саласы;
55) орман шаруашылығын жобалау – орман өсiмдiктерi, агроорман-мелиорациялық, өртке қарсы iс-шараларды, орман және аңшылық шаруашылығы объектiлерiн салуды жобалау жөнiндегi жұмыстардың кешенi;
56) орман шаруашылығы жолдары – орман шаруашылығы, өртке қарсы мақсаты бар, орман шаруашылығын жүргiзу және орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн орманды аумақтардың қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн орман шаруашылығы объектiлерi;
57) орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – орман мекемесi) – мемлекеттiк орман қорын күзету және қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған мекеме;
58) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) – орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласында басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
59) орман шаруашылығы iс-шаралары – орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiнде орман орналастыру материалдары негiзiнде жүргiзiлетiн ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенi;
60) орман шеберiнiң учаскесi – орманшылық аумағының құрамында екi және одан да көп орман қарау аймағы бар бiр орман шеберiне бекiтiлген және орман шаруашылығы iс-шараларын орындауға арналған бiр бөлiгi;
61) ормандағы өрт қаупi бар маусым – климат және ауа райы факторларын негiзге алып, орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган, облыстық атқарушы орган айқындайтын, орман өртi шығу қаупi болуы мүмкiн күнтiзбелiк жылдың бiр бөлiгi;
62) ормандану – ағаш өспеген алқаптарда орманды қолдан өсiру немесе орманның табиғи түрде өсуi;
63) ормандарды күзету – орман өртiнiң алдын алу және орман өртiне, ағаштың заңсыз кесiлуiне және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын басқа да бұзушылықтарға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар жиынтығы;
64) орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу – жоғары өнiмдi және төзiмдi екпелердi қалыптастыру мақсатында екпелердiң арасынан өспей қалған немесе ағаштардың басты тұқымдарының өсуiне кедергi келтiретiн ағаштарды жою жолымен жүзеге асырылатын орманды мерзiмдiк күтiп-баптау;
65) орманның қайта түлеуi – сүрекдiңдер арасында, сондай-ақ ағашы кесiлген, өрт шалған және бұрын орман болған басқа да алаңдарда орманның жаңа түптерiнiң пайда болуының табиғи процесi;
66) орманды қорғау – орманды орман зиянкестерiнен, ауруларынан және табиғи, антропогендiк және техногендiк сипаттағы қолайсыз факторлар әсерiнен қорғау жөнiнде жер үстiндегi және авиациялық әдiстермен жүзеге асырылатын iс-шаралар жиынтығы;
67) орманды молықтыру – орман ағаштарын отырғызуға немесе орманды күтiп-баптау және оны сауықтыру жөнiндегi шараларды қоса алғанда, бұрынғы орманды алаңдарды табиғи түрде қайта жаңғыртуға ықпал ететiн шаралар жүргiзу;
68) орманды (кеспеағаш аймағын) таксациялау – орман ресурстарының, соның iшiнде кесу көзделетiн екпе ағаштардың сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау, есепке алу, бағалау жөнiндегi iс-шаралар;
69) орманды өңiр – қандай да бiр аумақта орман басқан жерлердiң оның жалпы алаңына орман өскен жердiң арақатынасы арқылы анықталып, пайызбен белгiленетiн дәрежесi;
70) орманның аса қауiптi зиянкестерi – жаппай көбейiп, таралатын, сөйтiп ормандарға зияндылықтың экономикалық шегiнен асып кететiн залал келтiретiн зиянкес организмдер;
71) орманның генетикалық резерваты – өсiмдiктер түрi, түр тармағы популяциясының генетикалық-селекциялық тұрғыдан құнды бөлiгi бар орман учаскесi;
72) орманның жинақталмаған ағаштары – қолдан өсiрiлген (себiлген немесе отырғызылған), бiрақ орманды алқаптарға көшiрiлмеген ағаштар;
73) орманның санитариялық жай-күйi – қоқыстанған, солып қалған және қураған ағаштардың болуы, зиянкестер санының және орман аурулары таралуының қарқыны, орманның жай-күйiне керi әсер ететiн басқа да жағымсыз факторлар туралы мәлiметтердi қамтитын орман жай-күйiнiң сипаттамасы;
74) орманшылық – орман иеленушiнiң өз шекарасында орналасқан, орман шаруашылығы iс-шараларын жоспарлау мен орындауға, орман пайдалану көлемiн есептеуге арналған құрылымдық бөлiмшесi;
75) өртең – екпе ағашын өрт жойып жiберген, ал жаңа түптерi әлi көтерiле қоймаған орман алқабы;
76) өскiн – орман жапырақтары астында немесе ағашы кесiлген жерде қалып қойған, көтерiлiп өсуге немесе аналық сүрекдiңдердi алмастыруға жарамды ағаш өсiмдiктерiнiң жас шыбықтары;
77) санитариялық мақсатта ағаш кесу – орманның санитариялық жай-күйiн жақсарту мақсатында жүргiзiлетiн ағаш кесу (iшiнара, жаппай), оның барысында жекелеген ауру, зақымданған, солып қалған және қураған ағаштар кесiледi;
78) селдiреу – жуандығы 0,1 - 0,2 мөлшерiндегi жасы бiрiншi және екiншi сыныптағы шыбықтарды қоспағанда, табиғи түрде қалыптасқан сүрекдiңдер;
79) сөл алу – ағаштардың дiңдерiнен шайыр, сөл алу үшiн оларды көктеп-өсу кезеңiнде қолдан зақымдау;
80) сүрекдiң – орман екпелерiнiң негiзгi компонентi болып табылатын ағаштар жиынтығы;
81) тез өсетiн ағаш және бұта тұқымдылары – өнеркәсiптiк және энергетикалық мақсаттарда арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер құру үшiн өсiрудiң қарқынды агротехникасы қолданылатын ағаш және бұта тұқымдылар;
82) тексеру кезеңi – орман шаруашылығын жүргiзу үшiн орман орналастыру жобасы немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақты басқару жоспары әзiрленетiн мерзiм;
83) тұрақты орман тұқым базасы – тұқым қуалаушылық қасиетi құнды және себу сапасы жоғары тұқым алу үшiн Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қорында аумағы жағынан бөлiнген, селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлер жиынтығы;
84) тұрақты орман тұқымы учаскесi – осы орман өсiру жағдайларында ұзақ уақыт бойы тұқым алуға арналған артықшылығы бар екпелерде, тұқым плантацияларында артықшылығы бар ағаштардан дайындалған тұқымдардан өсiрiлген, егiлген немесе отырғызылған көшеттерден жасалған жоғары өнiмдi табиғи түрдегi немесе орман дақылдары екпелерiнiң қалыптасқан учаскелерi;
85) усадьба – ағаш өспеген алқаптарға жататын, орман шаруашылығын жүргiзумен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуiмен байланысты тұрғын үйге арналған және кiсi тұрмайтын қора-жайлар орналасқан жер учаскелерiн бiлдiретiн мемлекеттiк орман қоры алқаптарының түрi;
86) шайыр – қылқан жапырақты ағаштар зақымданған кезде бөлiнетiн қоймалжың зат;
87) шоқ ормандар – орманды дала аймағында шағын учаскелер (0,1-ден 30 гектарға дейiн) болып өсетiн табиғи ормандар.»;

5) 6-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға орман өсiру үшiн нысаналы мақсатпен берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен жасалған:
1) қолдан өсiрiлген екпелер;
2) табиғи тұқымдық және (немесе) вегетативтiк жолмен пайда болған екпелер;
3) жекеше орман питомниктерi;
4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер;
5) агроорман-мелиорациялық екпелер;
6) жеке меншiктегi шаруашылық автомобиль жолдарына бөлiнген белдеулердегi қорғаныштық екпелер жатады.
5-тармақтың 2) тармақшасындағы «қала ормандары мен орманды саябақтарды» деген сөздер «қала ормандарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жекеше орман қоры жерлерiне Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға орман өсiру үшiн нысаналы мақсатпен берiлген:
1) қолдан өсiрiлген екпелер;
2) табиғи тұқымдық және (немесе) вегетативтiк жолмен пайда болған екпелер;
3) жекеше орман питомниктерi;
4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер;
5) агроорман-мелиорациялық екпелер;
6) жеке меншiктегi шаруашылық автомобиль жолдарына бөлiнген белдеулердегi қорғаныштық екпелер орналасқан жерлер жатады.»;

7) 2-бөлiмнiң тақырыбындағы «және бақылау» деген сөздер «, бақылау және қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 11-баптағы «аумақтық органдары» деген сөздер «аумақтық бөлiмшелерi» деген сөздермен ауыстырылсын:

9) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:

«11-1-бап. Орман қорын күзетудi, қорғауды, пайдалануды,
ормандарды молықтыруды және орман өсiрудi қамтамасыз
ету жүйесi

Орман қорын күзетудi, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiрудi қамтамасыз ету жүйесiне:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
2) аумақтық бөлiмшелерi бар ведомствосын қоса алғанда, уәкiлеттi орган;
3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы қызметтi жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк органдар;
4) жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару органдары;
5) орман мекемелерi мен табиғат қорғау ұйымдары;
6) мемлекеттiк орман орналастыру ұйымдары;
7) орман қорын күзетудi, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiрудi қамтамасыз ету саласындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар;
8) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы ғылыми ұйымдар;
9) орман иеленушiлер мен орман пайдаланушылар;
10) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мақсатында құрылған қоғамдық бiрлестiктер кiредi.»;

10) 12-бапта:
7) тармақшада:
«су қоймалары» деген сөздерден кейiн «, каналдар» деген сөзбен толықтырылсын;
«тәртiбiн айқындайды» деген сөздер «қағидаларын бекiтедi» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргiзу қағидаларын бекiтедi;»;
9) тармақша алып тасталсын;
10) тармақшадағы «жинау» деген сөз «алып қою» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақшада «қорғау,» деген сөзден кейiн «орман қорын пайдалану,» деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман инспекциясы мен мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдарын айырым белгiлерi бар нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудiң заттай нормаларын бекiтедi;»;
мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2), 17-3), 17-4), 17-5), 17-6), 17-7), 17-8), 17-9), 17-10), 17-11), 17-12), 17-13), 17-14), 17-15), 17-16), 17-17), 17-18) және 17-19) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-1) ормандарды молықтыру және орман өсiру қағидаларын бекiтедi;
17-2) көшет материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсiру үшiн мемлекеттiк орман қорының учаскелерiн пайдалану қағидаларын бекiтедi;
17-3) карантиндiк түрлердi қоспағанда, орманның аса қауiптi зиянкестерi мен ауруларының тiзбесiн және оларға қарсы күрес тәртiбiн бекiтедi;
17-4) ағаш кесу билетi мен орман билетiнiң нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидатын бекiтедi;
17-5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесiлген орындарды куәландыру қағидаларын бекiтедi;
17-6) мемлекеттiк орман қорында таңбалар қолдану қағидаларын бекiтедi;
17-7) орман қорының аумағында өрттен келтiрiлген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын бекiтедi;
17-8) мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк, спорттық және басқа да iс-шаралар өткiзетiн орындардағы өрт сөндiру құралдарының тиесiлiк нормаларын бекiтедi;
17-9) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын аумақтық бөлiмшелерде мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiтедi;
17-10) тез өсетiн ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсiруге, жекеше орман питомниктерiн құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеу қағидаларын бекiтедi;
17-11) орман қорын күзету және қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын бекiтедi;
17-12) орман қорын мемлекеттiк есепке алуды; мемлекеттiк орман кадастрын; ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу қағидаларын бекiтедi;
17-13) мемлекеттiк орман иеленушiнiң орман өрт сөндiру станциясы туралы ережесiн бекiтедi;
17-14) дериваттар тiзбесiн бекiтедi;
17-15) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде орман пайдаланушыларға құрылыс объектiлерiн салуға учаскелер беру және осы учаскелердi осындай объектiлер салуға пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекiтедi;
17-16) орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын бекiтедi;
17-17) орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесiлуiнен келтiрiлген залалды есепке алу және анықтау қағидаларын бекiтедi;
17-18) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөнiндегi қағидаларын бекiтедi;
17-19) мемлекеттiк орман күзетi туралы ереженi бекiтедi;»;

11) 13-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң
құзыретi»;
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) мемлекеттiк орман саясатын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар тұжырымдайды және оны iске асырады;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) орман қорын күзетудi, қорғауды, ормандарды молықтыруды және орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, өзiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;»;
5) тармақшада «тексерулер арқылы мемлекеттiк бақылау жасауды» деген сөздер «тексерулер арқылы мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
6), 7), 8) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi есептiк кеспеағаш аймағын және ағаштың кесiлетiн жасын әзiрлеу мен бекiтудi қамтамасыз етедi;
7) өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiндегi тендерлердiң материалдарын, сондай-ақ тендер жеңiмпазымен жасалатын шарттардың жобаларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен, аумақтық бөлiмшелермен және өзге де мемлекеттiк органдармен келiседi;
8) мемлекеттiк орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман кадастрын, ормандардың және орман орналастырудың мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу қағидаларын әзiрлейдi және оларды жүргiзудi қамтамасыз етедi;»;
«11) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлiмшесi басшысының, сондай-ақ орман мекемелерi мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйi, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерi бойынша есебiн тыңдайды;»;
14) тармақшада «облыстық атқарушы орган өкiлiнiң» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары өкiлдерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) мынадай: мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерiн есептеу; орман қоры аумағында өрттен келтiрiлген залалды есепке алу және анықтау бойынша; орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесiлуiнен келтiрiлген залалды есепке алу және анықтау бойынша әдiстемелiк нұсқаулар әзiрлейдi және бекiтедi;»;
мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 18-3), 18-4), 18-5), 18-6), 18-7) 18-8), 18-9), 18-10), 18-11), 18-12), 18-13), 18-14), 18-15), 18-16), 18-17), 18-18), 18-19), 18-20), 18-21), 18-22), 18-23), 18-24), 18-25), 18-26), 18-27), 18-28), 18-29), 18-30), 18-31), 18-32), 18-33), 18-34), 18-35), 18-36), 18-37) және 18-38) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлiмшелерiнiң, сондай-ақ орман мекемелерi мен табиғат қорғау ұйымдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерi бойынша қызметiн үйлестiредi;
18-2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөнiндегi қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады;
18-3) орман орналастыру жобаларын бекiтедi;
18-4) өсiмдiктер дүниесiнiң объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санатқа жатқызылған өсiмдiктер түрлерiн Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi және рұқсаттар бередi;
18-5) мемлекеттiк орман қоры аумағында ағаш кесудiң жыл сайынғы көлемдерiн қалыптастырады және бекiтедi;
18-6) орман тұқымдарын аудандастыруды әзiрлейдi және бекiтедi;
18-7) орман шаруашылығы саласында ынталандыру қағидаларын және құрметтi атақтар, омырауға тағатын белгiлер мен құрмет грамоталарын беру тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;
18-8) орман қорын күзету мен қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын әзiрлейдi;
18-9) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуi қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
18-10) орман ағаштарын, питомниктердi, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзiлген және мемлекеттiк орман қорында табиғи өсiрiлуге қалдырылған алқаптарды түгендеудi жүргiзу тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;
18-11) орман орналастыруды жүргiзу нұсқаулығын әзiрлейдi және бекiтедi;
18-12) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде орман пайдаланушыларға құрылыс объектiлерiн салуға учаскелер беру және осы учаскелердi осындай объектiлер салу үшiн пайдалануға рұқсат беру қағидаларын әзiрлейдi;
18-13) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары, жанама орман пайдалану үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде орман пайдаланушыларға құрылыс объектiлерiн салуға учаскелер бередi және осы учаскелердi осындай объектiлер салу үшiн пайдалануға рұқсат бередi;
18-14) дериваттардың тiзбесiн әзiрлейдi;
18-15) Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген өсiмдiктердi алып қою көлемi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi;
18-16) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман инспекциясы мен мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдарын айырым белгiлерi бар нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудiң заттай нормаларын әзiрлейдi;
18-17) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман инспекциясы мен мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдарының айырым белгiлерi бар нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн және оны киiп жүру тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;
18-18) орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау және пайдалану, олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын әзiрлейдi;
18-19) мемлекеттiк орман қорын санаттарға бөлу бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi;
18-20) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректi түбiрiмен босату және ағаш кесу қағидаларын әзiрлейдi;
18-21) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектiлерi жағалауындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнiң енiн белгiлеу қағидаларын әзiрлейдi;
18-22) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтiрiлген залалдың мөлшерiн есептеуге арналған базалық мөлшерлемелер әзiрлейдi;
18-23) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру бойынша нормалар мен нормативтер әзiрлейдi;
18-24) мемлекеттiк орман қоры аумағында шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, жанама орман пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;
18-25) ормандарды молықтыру және орман өсiру қағидаларын әзiрлейдi;
18-26) отырғызылатын материалдарды және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелердi өсiру үшiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;
18-27) карантиндiк түрлердi қоспағанда, орманның аса қауiптi зиянкестерi мен ауруларының тiзбесiн және оларға қарсы күрес тәртiбiн әзiрлейдi;
18-28) ағаш кесу билетi мен орман билетiнiң нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидатын әзiрлейдi;
18-29) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесiлген жерлердi куәландыру қағидаларын әзiрлейдi;
18-30) мемлекеттiк орман қорында таңбалар қолдану қағидаларын әзiрлейдi;
18-31) орман қоры аумағында өрттер келтiретiн залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын әзiрлейдi;
18-32) орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесiлуiнен келтiрiлген залалды есепке алу мен анықтау қағидаларын әзiрлейдi;
18-33) мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк, спорттық және басқа да iс-шаралар өткiзетiн орындарда өрт сөндiру құралдарының тиесiлiк нормаларын әзiрлейдi;
18-34) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын аумақтық бөлiмшелерде мемлекеттiк тiркеу қағидаларын әзiрлейдi;
18-35) тез өсетiн ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсiруге, жекеше орман питомниктерiн құруға және дамытуға жұмсалған шығындарды өтеу қағидаларын әзiрлейдi;
18-36) мемлекеттiк орман иеленушiнiң орман өрт сөндiру станциясы туралы ережесiн әзiрлейдi;
18-37) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөнiндегi қағидаларды әзiрлейдi;
18-38) мемлекеттiк орман күзетi туралы ереженi әзiрлейдi;»;
2-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi – аумақтық бөлiмшелер):»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) мемлекеттiк орман саясатын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар тұжырымдауға және оны iске асыруға қатысады;»;
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығы iс-шаралары орындалуының сапасына және олардың орман орналастыру жобаларына сәйкестiгiне мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асырады;»;
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) облыстың жергiлiктi атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлiмшесi басшысының, сондай-ақ орман мекемелерi мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйi, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерi жөнiндегi есебiн қарайды;»;
мынадай мазмұндағы 9), 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) мыналарға:
орман қорындағы сандық және сапалық өзгерiстерге, оның санитариялық жай-күйiне;
мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртiбiне және ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарттарының сақталуына;
ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарының, орман өрттерiнiң алдын алу жөнiндегi, оларды уақтылы байқауды және жоюды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына, сондай-ақ өртеңдер алқаптарын есепке алудың дәлме-дәлдiгiне және мемлекеттiк орман қорына өрттен келтiрiлген залалды анықтауға, орман өрттерiнiң салдарларын жою жөнiнде қолданылған шаралардың уақтылығына;
ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының алдын алу жөнiнде қолданылған шаралардың уақтылығына, осы ошақтарды, табиғи және антропогендiк сипаттағы қолайсыз әсерлерден екпелердiң әлсiреуiн және қурап-солып қалуын есепке алу мен болжаудың дәлме-дәлдiгiне;
кеспеағаштардың бөлiнуiне;
мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректi түбiрiмен босату мен ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында күзет режимдерiнiң сақталуына;
мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарының аудандастырылуына, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуына, питомниктер шаруашылығының жүргiзiлуiне;
орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуына және осы жерлердiң қорғалуына;
құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндiру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуына мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;
10) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланғаны үшiн олар әзiрлеген төлемақы мөлшерлемелерiнiң жобаларын келiседi (сүректi түбiрiмен босату үшiн мөлшерлемелердi қоспағанда);
11) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi тендерлердiң материалдарына және шарттардың талаптарына тексерудi жүзеге асырады және уәкiлеттi органға қорытынды ұсынады;
12) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады.»;

12) 14-бапта:
2) тармақшадағы «аумақтық органдармен» деген сөздер «аумақтық бөлiмшелермен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
«қорғалуы,» деген сөзден кейiн «пайдаланылуы,» деген сөзбен толықтырылсын;
«, орман өсiру және орман пайдалану» деген сөздер «және орман өсiру» деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 15-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) мемлекеттiк орман саясатын қалыптастыру және оны iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдауға қатысады;»;
3) тармақшадағы «әзiрлеп,» деген сөз «әзiрлейдi, бекiтедi және» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша «шаруа» деген сөзден кейiн «және фермер» деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшадағы «тоқтата тұру туралы» деген сөздер «шектеу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерiн (сүректi түбiрiмен босату үшiн мөлшерлемелердi қоспағанда) жобаларын әзiрлейдi;»;

14) 18-бапта:
тақырыбы және бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Орман мекемесiнiң негiзгi қызметi
Орман мекемесi:»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мемлекеттiк орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман кадастрын, ормандардың, орман орналастырудың мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу жөнiндегi жұмыстарға қатысады;»;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) өзiне орман иелену құқығымен берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн күзету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады.»;

15) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:

«18-1-бап. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың орман
қорын күзетудi, қорғауды, пайдалануды, ормандарды
молықтыруды және орман өсiрудi қамтамасыз ету
саласындағы қызметiнiң түрлерi

Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар орман қорын күзетудi, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiрудi қамтамасыз ету саласында:
1) мемлекеттiк орман қоры аумағында орман орналастыруды;
2) орман қорын күзету мен қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстарды;
3) ормандарды молықтыруды және орман өсiрудi;
4) өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн қолдан өсiрудi;
5) орман шаруашылығын жобалауды жүзеге асырады.»;

16) 4-тараудың тақырыбы «бақылау» деген сөзден кейiн «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;

17) 19-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру және орман өсiру саласындағы мемлекеттiк
бақылау және қадағалау»;
1-тармақта:
«Орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуына және орман өсiруге мемлекеттiк бақылау» деген сөздер «Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тiлiндегi мәтiнге қатысты түзету енгiзiлдi, қазақ тiлiндегi мәтiн өзгермейдi;
«, оның iшiнде ормандарды күзету, қорғау мен молықтыру» деген сөздер «, оның iшiнде ормандарды күзету, қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсiру,» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi, өзге мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
3. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау тексерулер және байқаулар арқылы жүзеге асырылады.
Тексерулер мен байқаулар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.»;

18) 20-бапта:
тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман
инспекциясы
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман инспекциясы орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру, жануарлар дүниесi мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдарынан тұрады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Уәкiлеттi орган ведомствосының басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк орман инспекторы болып табылады.»;
2-тармақта:
«Уәкiлеттi орган» деген сөздерден кейiн «ведомствосы» деген сөзбен толықтырылсын;
«ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және» деген сөздер «орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру, жануарлар дүниесi мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«Уәкiлеттi органның» деген сөздер «Уәкiлеттi орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және» деген сөздер «орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру, жануарлар дүниесi мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және» деген сөздер «орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру, жануарлар дүниесi мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «Аумақтық органдардың» деген сөздер «Ведомствоның аумақтық бөлiмшелерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
6, 7 және 8-тармақтарда:
«Аумақтық органдар», «Аумақтық органдардың» деген сөздер тиiсiнше «Ведомствоның аумақтық бөлiмшелерi», «Ведомствоның аумақтық бөлiмшелерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және» деген сөздер «орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру, жануарлар дүниесi мен» деген сөздермен ауыстырылсын;

19) 21-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк орман инспекциясы
лауазымды адамдарының құқықтары мен мiндеттерi»;
1-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк орман инспекциясы лауазымды адамдарының:»;
2) тармақша алып тасталсын;
3-1) тармақшада:
«осы Кодекстiң» деген сөздер «осы Кодекстi» деген сөздермен, «қаулыларының талаптарын» деген сөздер «қаулыларын» деген сөзбен ауыстырылсын;
«оны пайдалану» деген сөздер «пайдалану» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-2) тармақшаның екiншi абзацындағы «оны пайдалану» деген сөздер «пайдалану» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзу, ал қажет болған жағдайларда құқық қорғау органдарына оларды қылмыстық жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн материалдар беру құқығы берiледi.» деген сөздер «заңнамасын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамасын бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзу, құқық қорғау органдарына iс-жүргiзу шешiмдерiн қабылдау үшiн қылмыстық жауаптылықты көздейтiн бұзушылықтар туралы хабарлау;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) заңсыз қолға түсiрiлген орман ресурстарын, көлiк құралдарын және құқық бұзушылықтарды жасау құралдары болып табылатын өзге де заттарды алып қою, сот шешiмi шығарылғанға дейiн олардың сақталуын қамтамасыз ету құқығы бар.»;
2-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк орман инспекциясының лауазымды адамдары:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртiбiн және ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарттарының сақталуын;»;
4) тармақшада:
«зиянкестер мен аурулардан» деген сөздер «орман зиянкестерi мен ауруларынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
«су басудан, қоқыстанудан, ақаба сулар мен шаруашылық әсерiнiң басқа да түрлерiнен» деген сөздер «табиғи, антропогендiк және техногендiк сипаттағы қолайсыз әсерлерден» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «сүректi» деген сөз «мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректi» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) кеспеағаш аймағын бөлiп берудi;»;
6) тармақшадағы «режимдердiң» деген сөз «күзет режимдерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарының аудандастырылуының, орман тұқымдарының дайындалуының, өңделуiнiң, сақталуының және пайдаланылуының орындалуын, питомник шаруашылығының жүргiзiлуiн;»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк орман инспекциясының лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi.
4. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк орман инспекциясының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айырым белгiлерi бар (погонсыз) нысанды киiммен және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.
Айырым белгiлерi бар (погонсыз) нысанды киiм киiп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тiзбесiн, айырым белгiлерi бар (погонсыз) нысанды киiм үлгiлерiн киiп жүру тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.»;

20) 22-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Орман иелену құқығы жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi орган беретiн тұрақты жер пайдалану құқығы актiсiмен куәландырылады.»;

21) 24-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) нәтижесiнде өтiмдi қоқыс (жел, дауыл құлатқан ағаштар) пайда болған табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, оны жинауға жеке және заңды тұлғаларды шарт негiзiнде тарту;»;
3) тармақшадағы «органдармен» деген сөз «бөлiмшелермен» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақша «өздерi» деген сөзден кейiн «өсiрген және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;

22) 25-баптың 4) тармақшасы «өздерi» деген сөзден кейiн «өсiрген және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;

23) 26-бап мынадай мазмұндағы 6-2), 6-3) және 7) тармақшадағы «тiркеудi жүргiзуге мiндеттi.» деген сөздер «тiркеудi;» деген сөзбен ауыстырылып, 8), 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-2) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесiлген жерлерге куәландыру жүргiзуге;
6-3) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен мемлекеттiк орман қорында таңбаларды қолдану қағидаларына сәйкес ағаштарды, сыпталған ағаштарды, сортименттердi және түбiрлердi таңбалауды жүзеге асыруға;»;
«8) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану мен олардың сапасын бақылау қағидаларын сақтауға;
9) уәкiлеттi орган бекiткен орман тұқымдарын аудандастыруды сақтауға;
10) орман орналастыру жобасына және (немесе) ормандарды өртке қарсы орналастыру жобасына сәйкес орман өрт сөндiру станцияларын құруға және олардың қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен мемлекеттiк орман иеленушiнiң орман өрт сөндiру станциясы туралы ережесiне сәйкес қамтамасыз етуге;
11) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган бекiткен мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу қағидаларына сәйкес мектеп орманшылығының жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесуге мiндеттi.»;

24) 31-бапта:
1-тармақтағы «қарауында мемлекеттiк орман қоры учаскелерi бар уәкiлеттi орган немесе облыстық атқарушы орган» деген сөздер «мемлекеттiк орман иеленушi» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Сүрек дайындау үшiн орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға бекiту жөнiндегi тендерге қатысуға мынадай талаптарға сай келетiн жеке және заңды тұлғалар жiберiледi:
1) меншiк құқығында материалдық-техникалық базаның: мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу қағидаларында белгiленген кеспеағаш жұмыстарын жүргiзу кезiнде ағаш кесудiң белгiленген жыл сайынғы көлемiнiң және орман шаруашылығы-экология талаптарының орындалуын қамтамасыз ететiн сүрек құлатуға, сүйретуге, тиеуге және тасып әкетуге арналған техника мен жабдықтардың болуы;
2) ормандардағы өрт қауiпсiздiгi қағидаларында көзделген өрт жабдықтары мен өрт сөндiру құралдарының болуы;
3) мамандығы бойынша (ағаш дайындау, орман iсi инженерi, ағаш өңдеу, орман шаруашылығы) жоғары кәсiптiк бiлiмi немесе тиiстi орта кәсiптiк бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi бар жауапты орындаушы – инженер-техник қызметкердiң болуы;
4) ағаш құлату, бұтақ шабу, сүрек сүйреу, тиеу және тасып әкету жұмыстарын жүргiзуге машықтанған персоналдың болуы;
5) еңбектi қорғауға және қауiпсiздiк техникасына жауапты маманның болуы;
6) iс-шараларды қаржыландыру көздерi көрсетiлген сүрек дайындау мен өңдеудi ұйымдастыру жөнiндегi перспективалық үш жылдық жоспардың болуы.»;

25) 32-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) орман телiмдерi мен орман орамдарының нөмiрлерi көрсетiлiп, орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң орман орналастырудың картографиялық материалдарынан алынған көшiрме түрiндегi шекаралары;»
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) орман ресурстарын игеру және ұтымды пайдалану, тендер жеңiмпазының конкурстық өтiнiмiнде көрсетiлген ормандарды күзету, қорғау және молықтыру, орман ресурстарын өңдеу жөнiндегi iс-шараларды инвестициялау;»;

26) 33-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты жазбаша нысанда жасалады және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қағидаларға сәйкес аумақтық бөлiмшелерде мемлекеттiк тiркеуге жатады.»;

27) 36-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ағаш кесу билетiн беруге мыналар негiз болып табылады:
1) мемлекеттiк орман иеленушiлер үшiн – уәкiлеттi орган бекiткен мемлекеттiк орман қоры аумағында ағаш кесудiң жыл сайынғы көлемi;
2) орман пайдаланушылар үшiн – уәкiлеттi орган бекiткен мемлекеттiк орман қоры аумағында ағаш кесудiң жыл сайынғы көлемi және ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты.
3. Ағаш кесу билетi орман пайдаланушы мен орман иеленушiге сүрек, кесiлген ағаш қалдықтарын (ұшар басынан алынған отын), шайыр, ағаш шырындарын және қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға және кеспеағаш аймағынан ағаштар, сыпталған ағаштар немесе сортименттер (қабығы алынбаған iске жарамды және отындық) түрiнде тасып әкетуге құқық беретiн құжат болып табылады.»;

28) 37-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «өтем алуға құқығы бар.» деген сөздер «өтем алуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүрек дайындау үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк орман иеленушiмен келiсiм бойынша орман питомниктерi мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелердi орналастыруға құқығы бар.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын жүзеге асыруы кезiнде өздерiнiң мiндеттерiн тиiстi дәрежеде орындаған орман пайдаланушылар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында өзгеше белгiленбесе, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн басқа тұлғалардың алдында басқа да тең жағдайларда жаңа мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын жасауға басымдық құқыққа ие болады.»;

29) 38-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттiк орман қорының өздерiне орман пайдалану үшiн бөлiнiп берiлген учаскелерiнде өрт қауiпсiздiгi қағидаларын сақтауға, өз қаражаты есебiнен орман өрттерiнiң алдын алу iс-шараларын жүргiзуге; орман өртi туындаған жағдайда ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында көзделген шекарада оны сөндiрудi жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қорының басқа да учаскелерiнде орман өрттерiн сөндiруге қатысуға;»;
6) тармақша «белгiленген мерзiмдерде» деген сөздерден кейiн «өз қаражаты есебiнен» деген сөздермен толықтырылсын;
9) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) кеспеағаш аймағын кесiлген ағаштардың қалдықтарынан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу қағидаларына сәйкес тазартуға;»;
«12) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кескен кезде орманның қайта түлеуiн қоса алғанда, орман орналастыру жобасына сәйкес ағашы кесiлген алаңның екi еселенген мөлшерiне тең алаңда ағаш отырғызуды жүзеге асыруға;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) мемлекеттiк орман иеленушiде: орман дақылдары қоры; орман пайдаланушыға мемлекеттiк орман қоры аумағында қосымша учаске беру мүмкiндiгi болмаған жағдайларда жергiлiктi бюджетке орман көмкерген алқапқа ауыстырғанға дейiн орман дақылдарын отырғызу мен өсiру құнының мөлшерiнде төлемақы енгiзуге мiндеттi. Орман дақылдарын отырғызу мен өсiру үшiн төлемақы орман иеленушi әзiрлеген технологиялық-есеп картасымен айқындалады;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде орман иеленушiге орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрестi ұйымдастыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ оған мемлекеттiк орман қорының орман пайдалану үшiн бөлiп берiлген учаскелерiнде орман зиянкестерi мен ауруларының пайда болуы туралы оған уақытылы хабарлауға;»
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) орман пайлалануға берiлген учаскелерде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарына сәйкес орман қорының жер учаскелерiн қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге;»;
18) тармақша алып тасталсын;
20) тармақшада:
«, орман пайдалану төлемақысының мөлшерiн анықтау» деген сөздер алып тасталсын;
«аумақтық органдарына» деген сөздер «аумақтық бөлiмшелерiне» деген сөздермен ауыстырылсын;

30) 39-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «тоқтатыла тұруы мүмкiн» деген сөздер «тоқтатыла тұрады» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «шектелуi мүмкiн» деген сөздер «шектеледi» деген сөзбен ауыстырылсын;

31) 40-баптың 1-тармағының 6) тармақшасында «немесе орман пайдаланудың төлемақысын» деген сөздер «немесе төлемақыны» деген сөздермен ауыстырылсын;

32) 42-баптың 1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болу тәртiбi мен шарттары мемлекеттiк орман қорының санатымен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрiмен, аумақтың абаттану деңгейiмен және орман пайдаланудың түрiмен айқындалады.
2. Жеке тұлғалардың, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санатына жатқызылған өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн қоспағанда, демалыс өткiзу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық iс-шараларға қатысу, жабайы өскен жемiстердi, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын өз мұқтажы үшiн жинау мақсатында мемлекеттiк орман қоры аумағында тегiн рұқсаттама құжаттарынсыз болуға құқығы бар.
3. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында жабайы өскен жемiстердi, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын өз мұқтажы үшiн жинауына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi органының шешiмiмен бекiтiлген нормалар шегiнде рұқсат етiледi.»;

33) 44-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «мен орманды саябақтар» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтың 3) тармақшасы «қызметiнiң режимi - » деген сөздерден кейiн «жапырақты сүрекдiңдердi қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

34) 47-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi есептiк кеспеағаш аймағын мемлекеттiк орман иеленушiнiң орман орналастыру жобасының құрамында уәкiлеттi орган бекiтедi.»;

35) 49-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде «аумақтық орган» деген сөздер «аумақтық бөлiмше» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Аумақтық органның» деген сөздер «Аумақтық бөлiмшенiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

36) 55-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгiнде:
1) тармақшадағы «шаруашылық iшiнде ұйымдастырылуын анықтау» деген сөздер «шаруашылықiшiлiк ұйымдастырылуын айқындау, оның iшiнде орманшылықтарға, орман шеберiнiң учаскелерiне және орман қарау аймағына бөлу» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) артықшылығы бар, қалыпты және кемiстiгi бар екпелердi қоса алғанда, орман екпелерiн селекциялық тұрғыдан бағалау;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жанама орман пайдалану мен қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының мұқтаждары, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану, оның iшiнде сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру мөлшерiн айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) орман шаруашылығын жүргiзуге кешендi баға беру кезiнде өткен тексеру кезеңi iшiнде орман қоры аумағында өрттен және ағаштың заңсыз кесiлуiнен келтiрiлген залалды айқындау;»;
2-тармақтағы «ормандарды түгендеуге» деген сөздер «оны түгендеуге» деген сөздермен ауыстырылсын;

37) 56-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орман орналастыру Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен мемлекеттiк орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргiзу қағидаларына және уәкiлеттi орган бекiткен нұсқаулыққа сәйкес бiрыңғай жүйе бойынша орындалады.»;
2-тармақ «ұйымдары» деген сөзден кейiн «аэрофототүсiрiлiмi мен ғарыш түсiрiлiмiнiң материалдарын қолдана отырып» деген сөздермен толықтырылсын;

38) 57-баптың 1-тармағы «баға берiледi,» деген сөздерден кейiн «орман шаруашылығы iс-шаралары жоспарланады және» деген сөздермен толықтырылсын;

39) 58-баптың 1-тармағындағы «оған ведомостволық бағыныстағы ұйымдар өз функцияларын жүзеге асыру кезiнде» деген сөздер «мемлекеттiк орман орналастыру ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;

40) 59-бапта:
2-тармақ «уәкiлеттi органмен» деген сөздер «уәкiлеттi мемлекеттiк органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Орман қорын мемлекеттiк есепке алуды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қағидаларға сәйкес мемлекеттiк орман орналастыру ұйымы жүргiзедi.»;

41) 60-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттiк орман кадастрын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қағидаларға сәйкес мемлекеттiк орман орналастыру ұйымы жүргiзедi.»;
2-тармақтағы «орман пайдаланудың» деген сөздер «ормандарды пайдаланудың» деген сөздермен ауыстырылсын;

42) 61-бапта:
«және ормандарды молықтыру, орман қорын пайдалану,» деген сөздер «мен пайдалану және ормандарды молықтыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қағидаларға сәйкес мемлекеттiк орман орналастыру ұйымы жүргiзедi.»;

43) 62-баптың 4) тармақшасы «түбiрiмен босату» деген сөздерден кейiн «, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу» деген сөздермен толықтырылсын;

44) 63-баптың 1-тармағындағы «аумақтық органдары» деген сөздер «аумақтық бөлiмшелерi» деген сөздермен ауыстырылсын;

45) 64-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орман шаруашылығы объектiлерiнде мемлекеттiк өрт қадағалау өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi облыстың уәкiлеттi органымен және (немесе) жергiлiктi атқарушы органымен жасалған келiсiмiмен регламенттеледi.»;

46) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«65-бап. Орман қорын күзету және қорғау жөнiндегi авиациялық
жұмыстар

1. Орман қорын күзету және қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстарды орман қорын күзету және қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстарды жүргiзу саласында маманданған ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
2. Ормандарды өрттерден күзету және қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстарды орындау үшiн орман қорын күзету және қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстарды жүргiзу саласында маманданған ұйымдар мемлекеттiк метеорологиялық қызметтiң қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi ауа райы болжамдарымен қамтамасыз етiледi.»;

47) 66-баптың 1-тармағындағы «қатыса алады» деген сөздер «қатысуға құқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;

48) 67-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Карантиндiк түрлердi қоспағанда, орманның аса қауiптi зиянкестерi мен ауруларының тiзбесiн және олармен күресу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.»;

49) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«68-бап. Жеке тұлғалар мен қоғамдық бiрлестiктердiң орман қорын
күзетудi, қорғауды, пайдалануды, ормандарды
молықтыруды және орман өсiрудi қамтамасыз етуге
қатысуы

Жеке тұлғалар мен қоғамдық бiрлестiктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орман қорын күзетудi, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiрудi қамтамасыз етуге қатысады.
Халық орман қорын күзетуге, қорғауға, пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман өсiруге жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы қатысады. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдар орман қорын күзетуге, қорғауға, пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман өсiруге байланысты жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына жәрдем көрсетедi.
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мақсатында құрылған қоғамдық бiрлестiктер ормандардың биологиялық әр алуандығын, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн, мәдени және табиғи мұраны сақтау, орман ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, мектеп орманшылықтарын дамыту, қоғамдық өрт сөндiру бiрлестiктерiн құру жөнiндегi өздерiнiң қызметiн және орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы басқа да қызметтi орман мекемесiмен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.»;

50) 69-баптың 5-тармағы «тәртiппен» деген сөзден кейiн «айырым белгiлерi бар» деген сөздермен толықтырылсын;

51) 73-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Мемлекеттiк орман қорында орман дақылдарын, питомниктердi, орманның табиғи қалпына келуiне жәрдемдесу шаралары жүргiзiлген және табиғи өсуге қалдырылған алаңдарды түгендеу уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен жүзеге асырылады.»;

52) 75-баптың 2-тармағында «ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның» деген сөздер «ғылым саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның» деген сөздермен ауыстырылсын;

53) 77-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Орман тұқымы плантациялары мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен және осы салада маманданған жобалау-iздестiру немесе ғылыми ұйымдар әзiрлеген жобалар бойынша құрылады.
Тұрақты орман тұқымы учаскелерi осы салада маманданған жобалау-iздестiру және ғылыми ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес қалыптасады.»;

54) 78-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «дақылдары жатады.» деген сөздер «дақылдары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) орман генетикалық резерваттары жатады.»;

55) 80-бапта:
3-тармақтағы «орман тұқымдарының егу сапасын,» деген сөздер «орман тұқымдарына сараптама жасауды» деген сөздермен және «сәйкестiгiн айқындауды» деген сөздер «сәйкестiгi туралы құжаттар берудi» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ алып тасталсын;

56) 81-бапта «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарына» деген сөздер «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;

57) 82-бапта:
тақырыбындағы «Қала ормандары мен орманды саябақтарда» деген сөздер «Қала ормандарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
«мен орманды саябақтар» деген сөздер алып тасталсын;
«мәдени-сауықтыру және спорт шараларын» деген сөздер «сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк, спорттық және басқа да шараларды» деген сөздермен ауыстырылсын;

58) 83-баптағы «Мемлекеттiк шекара туралы заңдарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

59) 84-бапта:
1-тармақтағы «Кодекстiң талаптарына сәйкес» деген сөздер «Кодекске сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «аумақтық органдары» деген сөздер «аумақтық бөлiмшелерi» деген сөздермен ауыстырылсын;

60) 88-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «пайдалану түрлерi жүзеге асырылуы мүмкiн.» деген сөздер «пайдалану;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелердi өсiру үшiн пайдалану түрлерi жүзеге асырылуы мүмкiн.»;

61) 92-бапта:
2-тармақтағы «өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттiк орман қорының мынадай:
1) шектеулi шаруашылық қызметi аймақтарында «мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақ ормандары» және «мемлекеттiк өңiрлiк табиғи саябақ ормандары»;
2) «жапырақты сүрекдiңдердi қоспағанда, «өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi»;
3) шектеулi шаруашылық қызметi аймағындағы «мемлекеттiк қорық аймақтары ормандары» санаттарында шектеулi шаруашылық қызметi режимi белгiленедi.
Мемлекеттiк орман қорының «өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi» санатында шаруашылық қызмет Қазақстан Республикасының орман және су заңнамаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»;

62) 93-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде:
«су жайылған жерлердегi өскiндерiнен жаңарып шығатын жапырақты сүрекдiңдерiнде» деген сөздер «жапырақты сүрекдiңдерiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«су қоймалары» деген сөздерден кейiн «, каналдар» деген сөзбен толықтырылсын;

63) 94-бапта:
2-тармақтағы «санитарлық» деген сөз «iрiктеп санитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «сүрек дайындау көлемi» деген сөздерден кейiн «жаппай санитариялық мақсатта ағаш кесу жөнiндегi,» деген сөздермен толықтырылсын;

64) мынадай мазмұндағы 102-1 және 102-2-баптармен толықтырылсын:

«102-1-бап. Мемлекеттiк орман қорының учаскелерiн ағаш және
бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы
мақсаттағы плантациялық екпелер өсiру үшiн
пайдалану

1. Мемлекеттiк орман қорының учаскелерi ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсiру үшiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға шарт талаптарымен берiледi.
2. Арнайы мақсаттағы плантациялық екпелердi өсiру үшiн мемлекеттiк орман қорының тек ормансыз жерлерге жататын учаскелерi бөлiнедi.

102-2-бап. Орман ресурстары ұзақ мерзiмдi орман
пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қорының
жерлерiнде объектiлер салу

1. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшiн орман ресурстары ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қорының жерлерiнде объектiлер салу уәкiлеттi орган берген рұқсаттың негiзiнде және уәкiлеттi органмен келiсiлген эскизге (эскиздiк жобаға) сәйкес әзiрленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша жүзеге асырылады.
2. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының қолданылу мерзiмi өткеннен соң орман пайдаланушының шарттың қолданылу мерзiмiн ұзартуға артықшылықты құқығы бар.
3. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшiн орман ресурстары ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қорының жерлерiнде құрылыс объектiлерiн пайдалану құқығының ауысу мәселелерi ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында айқындалады.
4. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалану құқығының ауысуына қарамастан, орман пайдаланушы құрылыс объектiлерiн уәкiлеттi органның жазбаша хабарламасына сәйкес басқа тұлғаға беру не шартта өзгеше белгiленген жағдайларды қоспағанда, осы учаскенi қалпына келтiру жөнiнде iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.
5. Жер учаскелерiндегi құрылыс объектiлерiн бөлшектеудi және сыртқа шығаруды орман пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауiпсiз тәсiлмен жүзеге асыруға тиiс.»;

65) 103-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде «пайдалану» деген сөз «орман пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;

66) 106-бапта:
1) тармақшада «заң» деген сөз «заңнамалық» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «жолымен жүзеге асырылады.» деген сөздер «және жекеше орман өсiрудi дамытуды мемлекеттiк қолдау;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) тез өсетiн ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсiруге, жекеше орман питомниктерiн құру мен дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу жолымен жүзеге асырылады.»;

67) 108-баптың 2-тармағындағы «ормандарды күзету, қорғау,» деген сөздер «орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

68) 110-бапта:
8) тармақшада:
екiншi абзацтағы «аурулардан» деген сөз «орман ауруларынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«орман шаруашылығын жобалау;»;
8) тармақшадағы «iс-шараларды қаржыландыру жүзеге асырылады.» деген сөздер «iс-шараларды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) тез өсетiн ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсiруге, жекеше орман питомниктерiн құру мен дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеудi қаржыландыру жүзеге асырылады.»;

69) 112-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi абзацта мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi.
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аралық мақсатта пайдалану үшiн және өзге де мақсаттарда ағаш кесу және басқа да, оның iшiнде халықты отынмен қамтамасыз ету үшiн ағаш кесу кезiнде алынған сүректi өңдеуден алынған тауарлар мен өнiмдердi, сондай-ақ жанама орман пайдалану өнiмдерiн өткiзу және сүрек өңдеу жөнiнде қызметтер көрсету;»;
мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) орман мекемелерiнiң аумақтары шегiнде халыққа жүк тасымалдау жөнiнде көлiк қызметтерiн көрсету;
4) орман пайдаланушымен жасалған шартқа сәйкес сүрек дайындау үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыруды жүзеге асыру есебiнен қаражаты болуына құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерiнен табыс алу мақсатында орман мекемелерi мемлекеттiк сатып алу конкурстарына қатысуға құқылы.»;

70) мынадай мазмұндағы жаңа 18-1-тараумен толықтырылсын:
«18-1-тарау. Жекеше орман өсiрудi мемлекеттiк қолдау

112-1-бап. Жекеше орман өсiрудiң мемлекеттiк қолдауға
жататын бағыттары

1. Жекеше орман өсiрудi мемлекеттiк қолдау мынадай бағыттар бойынша жүргiзiледi:
1) өнеркәсiптiк және энергетикалық мақсаттарда, тез өсетiн ағаш және бұта тұқымдыларын плантациялық өсiру;
2) орман питомниктерiн құру және дамыту.
2. Жекеше орман өсiрудi мемлекеттiк қолдау меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жерлерiнде де, мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде де жүзеге асырылады.

112-2-бап. Жекеше орман өсiрудi мемлекеттiк қолдау субъектiлерi

Тез өсетiн ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсiру, жекеше орман питомниктерiн құру мен дамыту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары және мемлекеттiк емес заңды тұлғалары жекеше орман өсiрудi мемлекеттiк қолдау субъектiлерi болып табылады.

112-3-бап. Жекеше орман өсiрудi мемлекеттiк қолдау
және оны жүзеге асыру мерзiмдерi

1. Жекеше орман өсiрудi мемлекеттiк қолдау:
1) өнеркәсiптiк және энергетикалық мақсаттарда, тез өсетiн ағаш және бұта тұқымдылары плантацияларын отырғызу мен өсiруге жұмсалатын шығыстарды өтеу (елу пайызға дейiн);
2) жекеше орман питомниктерiн құру және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу (елу пайызға дейiн) арқылы жүзеге асырылады.
2. Жекеше орман өсiрудi мемлекеттiк қолдау мынадай мерзiмдерден аспай жүзеге асырылады:
1) өнеркәсiптiк және энергетикалық мақсаттарда, тез өсетiн ағаш және бұта тұқымдыларын плантациялық өсiру – он-он бес жыл;
2) жекеше орман питомниктерiн құру мен дамыту – бес-он жыл.»;

71) 114 және 116-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«114-бап. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын
бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.»;

«116-бап. Орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн
жойғаны немесе зақымдағаны үшiн жауаптылық

Осы Кодекстiң 6-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлгеннен басқа, орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн заңсыз жою немесе зақымдау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.».

5. 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Су кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

1) бүкiл мәтiн бойынша «жануарлар мен өсiмдiктер» деген сөздер «өсiмдiктер мен жануарлар» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) мазмұны мынадай мазмұндағы 19-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«19-1-бап. Мемлекеттiк орман қорының су объектiлерi»;

3) 11-баптың 3-тармағының 5) тармақшасындағы «су объектiлерi болып бөлiнедi.» деген сөздер «су объектiлерi;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) мемлекеттiк орман қорының су объектiлерi болып бөлiнедi.»;

4) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:

«19-1-бап. Мемлекеттiк орман қорының су объектiлерi

1. Мемлекеттiк орман қорының су объектiлерiн құру тәртiбi, күзету режимi, сондай-ақ олардағы қызмет шарттары Қазақстан Республикасының су және орман заңнамасында белгiленедi.
2. Су объектiлерiне iргелес мемлекеттiк орман қоры аумақтарын күзету режимi Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес су объектiлерiн санитариялық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде сақтап тұруды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болдырмау үшiн белгiленедi.
3. Мемлекеттiк орман қорының су объектiлерiн пайдалануға беру осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.»;

5) 37-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтер құнын субсидиялау тәртiбiн әзiрлейдi;»;

6) 37-1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша, ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен елдi мекендер шегiнде ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау тәртiбiн әзiрлейдi;».;

7) 116-бапта:
1-тармақтағы «Су объектiлерi» деген сөздер «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерi мен мемлекеттiк орман қоры құрамына кiретiн су объектiлерiн қоспағанда, су объектiлерi» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын.

6. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат, 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) бүкiл мәтiн бойынша «жануарлар мен өсiмдiктер», «жануарлар мен өсiмдiктердi» деген сөздер тиiсiнше «өсiмдiктер мен жануарлар», «өсiмдiктер мен жануарларды» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 239-баптың 9-тармағының бiрiншi абзацы «су айдындарының» деген сөздерден кейiн «және (немесе) учаскелерiнiң» деген сөздермен толықтырылсын.

7. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi органдардың мемлекеттiк және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi құзыретiнiң аражiгiн ажырату және бюджет процесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 503-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) ағаш және бұта тұқымдылары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелердiң егiлетiн материалын өсiру үшiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттiк орман иеленушiлер: жергiлiктi атқарушы органдардың орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерi; орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерi мен мемлекеттiк ұйымдары; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның табиғат қорғау мекемелерi; көлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның және автомобиль жолдары саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк ұйымдары ведомстволық бағыныстылығына сәйкес тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушiлер мен салық салу объектiлерi туралы мәлiметтер бередi.»;

2) 534-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы «төнген» деген сөзден кейiн «өсiмдiктер,» деген сөзбен толықтырылсын;

3) 540-баптың 3) тармақшасы «төнген» деген сөзден кейiн «өсiмдiктер,» деген сөзбен толықтырылсын;

4) 547-баптың 2-тармағының 9) тармақшасы «төнген» деген сөзден кейiн «өсiмдiктер,» деген сөзбен толықтырылсын.

8. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):

1) 1-бап мынадай мазмұндағы 36-1) және 44-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«36-1) көгалдандыру екпелерi – елдi мекендердiң шекараларында ортақ пайдаланылатын жерлерде орналасқан орманды саябақтар, саябақтар, скверлер, бульварлар, желiлiк екпелер, үй жанындағы екпелер, көгалдар, гүлзарлар;»;
«44-1) орманды саябақ – табиғи орманның барлық элементтерi бар орнықты табиғи кешен қалыптастыру үшiн iс-шаралар жүргiзудi қажет ететiн, елдi мекен шекарасындағы ортақ пайдаланылатын жерлерде орналасқан табиғи және (немесе) қолдан өсiрiлетiн екпе;»;

2) 68-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; қосалқы орман пайдалану үшiн орман ресурстары өзiне ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген мемлекеттiк орман қорының жерлерiнде, сондай-ақ туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтар мен мемлекеттiк табиғи резерваттардың ұзақ мерзiмдi пайдалануға берiлген учаскелерiнде объектiлер салуды жүзеге асыру ниетi бар тапсырыс берушi Қазақстан Республикасының орман заңнамасына және Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жер учаскесiн құрылыс салу үшiн пайдалануға рұқсат алады.»;
5-тармақтың бiрiншi бөлiгi «шешiмi» деген сөзден кейiн «, сондай-ақ орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты» деген сөздермен толықтырылсын.

9. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экологиялық мәселелер бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) бүкiл мәтiн бойынша «мемлекеттiк бақылауды» және «мемлекеттiк бақылау» деген сөздерден кейiн тиiсiнше «және қадағалауды» және «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) акваөсiру – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жасанды өсiмiн молайту және өсiру;
2) аншлаг – аңшылық шаруашылықтардың, өсiмдi молайту учаскелерi мен тыныштық аймақтарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң атауы мен шекараларын, сондай-ақ аңшылыққа және балық аулауға тыйым салынған мерзiмдер мен орындарды көрсететiн маңдайша жазу;
3) аңшы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аң аулауға құқық алған жеке тұлға;
4) аңшы куәлiгi – жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын белгiленген нысандағы құжат;
5) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қоры – жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi;
6) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап (бұдан әрi - аңшылық минимумы) – оқыту бағдарламасының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлiгiн беру үшiн бiлу мiндеттi шарт болып табылатын аң аулау кезiндегi қауiпсiздiк техникасының мәселелерiн қарастыратын арнайы қысқаша курсы;
7) аңшылық иттердiң ұлттық тұқымы – Қазақстан Республикасының аумағында халықтық селекциялық әдiспен алынған және әдетте әуесқойлық (спорттық) аңшылықта қолданылатын тазы, төбет тұқымы;
8) аңшылық олжа – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мекендеу ортасынан алынған жануар (балық ресурстары мен басқа да су жануарларлынан басқа), олардың бөлiктерi мен дериваттары;
9) аңшылық шаруашылығы – аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану, жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасын сақтау, оларды қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi шаруашылық қызметтiң түрi;
10) аңшылық шаруашылығының санаты – аңшылық шаруашылықтарына шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру негiзiнде берiлетiн, аңшылық алқаптары өнiмдiлiгiнiң, күзет және өсiмiн молайту iс-шаралары сипатының белгiлерi бойынша аңшылық шаруашылықтарының жiктемелiк бөлiну бiрлiгi;
11) аңшылық шаруашылығы субъектiсi – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аңшылық шаруашылығын жүргiзетiн жеке немесе заңды тұлға;
12) аңшылық шаруашылығының iшкi регламентi – жеке тұлғаның аңшылық шаруашылығы аумағында аң аулауды жүргiзу тәртiбiн белгiлейтiн, жануарларды ұстап алу нормасын, көрсетiлетiн қызметтердiң баға прейскурантын қамтитын құжат;
13) аушы жыртқыш құс – аңшылықта пайдаланылатын бүркiт, сұңқар және қаршыға;
14) балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;
15) балық аулаушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әуесқойлық (спорттық) балық аулау құқығын алған жеке тұлға;
16) балық аулау олжасы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мекендеу ортасынан алынған балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектiсi, олардың бөлiктерi мен дериваттары;
17) балықтардың көбею кезеңi – белгiлi бiр балық түрiнiң уылдырық шашатын уақыт кезеңi;
18) балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама – уәкiлеттi орган белгiлеген, балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде ауланған балық ресурстары мен басқа да су жануарларының шығу тегiн растайтын құжат;
19) балықтарды қорғау құрылғысы – балық ресурстары мен басқа да су жануарларының су жинайтын және гидротехникалық құрылыстарға түсуiн болдырмауға арналған құрылғы;
20) балықтардың қырылуы – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесiнiң гидрохимиялық және өзге де режимiнiң бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы;
21) балықтың қырылу қаупi бар су айдыны және (немесе) учаскесi – балық шаруашылығының балық әлсiн-әлсiн қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесi;
22) балықтардың өрiс аударуы - балықтардың бiр мекендеу ортасынан екiншi ортаға жаппай ауысуы;
23) балық өсiру – акваөсiрудiң кәсiпкерлiк қызмет мақсатында балықтардың өсiмiн жасанды молайту және өсiру жөнiндегi бағыты;
24) балық ресурстары және басқа да су жануарлары – сулы ортада мекендейтiн барлық жануарлардың жалпы жиынтығы;
25) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттiк басқарудың бассейндiк принципi (бұдан әрi - бассейндiк принцип) – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiне қарамастан қолданатын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсiмiн молайту мен өрiс аудару ерекшелiктерi ескерiлген, балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi балық ресурстарын және басқа да су жануарларын басқарудың бiртұтас жүйесi;
26) балық шаруашылығы – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсiмiн молайтумен, акваөсiрумен, балық өсiрумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткiзумен байланысты шаруашылық қызмет түрi;
27) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiн паспорттау – балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп бергенге дейiн жүргiзiлетiн, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң шекараларын, олардың алаңын, жай-күйiн, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының түрлiк құрамын белгiлеу жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
28) балық шаруашылығы субъектiсi – қызметiнiң негiзгi бағыты балық шаруашылығын жүргiзу болып табылатын жеке және заңды тұлға;
29) балық шаруашылығын ұйымдастыру – балық өсiру-мелиорациялық, қорғау және өсiмiн молайту iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру, абаттандыру, балық шаруашылығын жүргiзу жоспарына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп бергеннен кейiн пайдаланушы жүргiзетiн, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсiпшiлiк қорын ғылыми зерттеудi ұйымдастыру және оның деректерiн нақтылау;
30) балықшы – бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде өзiнiң еңбек мiндеттемелерiне қарай балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектiсiнiң қызметкерi;
31) балықшы куәлiгi – жеке тұлғаның балықшы функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын, балық шаруашылығы субъектiсi берген, белгiленген нысандағы құжат;
32) биологиялық негiздеме – жануарлар дүниесiн пайдалануға, жануарлар дүниесi объектiлерiнiң жол берiлетiн аулау мөлшерiн анықтауға, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабiлеттi қызметке арналған ғылыми негiзделген қорытынды;
33) дериват – жануардың туынды түрi мен одан және оның туынды түрiнен өндiрiлген өнiм;
34) аң-құс өсiру – аң аулау объектiсi болып табылатын жануарларды аңшылық шаруашылық субъектiлерiнiң өсiруi;
35) жануарлар – құрғақта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркiндiк жағдайында болатын жабайы жануарлар (сүтқоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекендiлер, балықтар, моллюскалар, жәндiктер және тағы басқалары);
36) жануардың бөлiгi (бұдан әрi – бөлiк) – жануардың түрiн танып бiлуге мүмкiндiк беретiн оның денесiнiң бiр бөлiгi;
37) жануарларды будандастыру – шаруашылықта пайдалы озық белгiлерi немесе қасиеттерi бар дара нұсқаларды алу мақсатында жануарлардың алуан түрлерiнiң немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру;
38) жануарлар дүниесi – Қазақстан Республикасының аумағын тұрақты немесе уақытша мекендейтiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы қайраңының және айрықша экономикалық аймағының табиғи ресурстарына жататын жануарлар жиынтығы;
39) жануарлар дүниесi объектiлерiн алу – табиғи еркiндiк жағдайында мекендейтiн жануарларды, олардың бөлiктерi мен дериваттарын мекендеу ортасынан жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаттың негiзiнде алу (ұстап алу, аулау, атып алу, жинау, соғып алу);
40) жануарлар дүниесi объектiлерiн жасанды өсiру – жануарлар түрлерiн ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда ұстау және өсiру;
41) жануарлар дүниесiн қорғау – жануарлар дүниесiн, олар мекендейтiн ортаны және биологиялық сан алуандықты сақтауға, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану мен өсiмiн молайтуға бағытталған қызмет, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
42) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы басшылықты және мемлекеттiк саясатты iске асыруды, сондай-ақ өз өкiлеттiктерi шегiнде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
43) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның тексерiлетiн субъектiлердi олардың қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгiне тексеру және қадағалау жөнiндегi қызметi, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша шұғыл ден қоюсыз құқықты шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкiн;
44) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк қадағалау – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның тексерiлетiн субъектiлердiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және қадағалау жөнiндегi қызметi, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша құқықты шектеу сипатындағы, оның iшiнде шұғыл ден қою шаралары қолданылуы мүмкiн;
45) жануарлар дүниесiн орнықты пайдалану – жануарлар дүниесi объектiлерiн жануарлар дүниесiнiң түрлiк сан алуандығының таусылуына әкеп соқпайтын және оның өсiмiн молайту мен қазiргi және келешек ұрпақтың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру қабiлетiн сақтап қалатын тәсiлдер арқылы пайдалану;
46) жануарлар дүниесiн пайдалану – жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын және пайдалы қасиеттерiн мекендеу ортасынан айырып немесе айырмай пайдалану;
47) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат – жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесiн пайдалануға, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң ұстап алынған объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде аңшылық және балық аулау олжаларын әкетуге және өткiзуге құқық беретiн, белгiленген нысандағы құжат;
48) жануарлар дүниесiн пайдаланушылар – осы Заңға сәйкес жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы берiлген жеке және заңды тұлғалар;
49) жануарлар дүниесi үшiн болмай қоймайтын зиян – жануарлар дүниесiне немесе оның мекендеу ортасына табиғи-климаттық және антропогендiк әсер ету салдарынан пайда болатын факторлардың қолайсыз әсерiнен келтiрiлген және (немесе) келтiрiлетiн, алдын алу шараларымен болдырмау мүмкiн емес қалдықты зиян;
50) жануарлар дүниесiнiң биологиялық сан алуандығы – жануарлар дүниесi объектiлерiнiң бiр түр шеңберiндегi, түрлер арасындағы сан алуандығы және экологиялық жүйелердiң сан алуандығы;
51) жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасы – жануарлар дүниесiнiң объектiлерi табиғи еркiндiк жағдайында мекендейтiн табиғи орта;
52) жануарлар дүниесiнiң мекендеу ортасын қорғау – табиғи еркiндiк жағдайында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң орнықты тiршiлiк ету және өсiмiн молайту шарттарын сақтауға немесе қалпына келтiруге бағытталған қызмет;
53) жануарлар дүниесi объектiсi – жануарлардың дара нұсқасы немесе популяциясы;
54) жануарларды интродукциялау – жануарлар түрлерi дара нұсқаларының ареалдардан (таралу аясынан) тысқары, бұл түрлер бұрын мекендемеген, олар үшiн жаңа орындарға әдейi тарату немесе олардың кездейсоқ таралуы;
55) жануарларды реинтродукциялау – жануарлар түрлерi дара нұсқаларын бұрынғы мекендеу орталарына әдейi ауыстыру;
56) жануарлар түрлерiнiң өсiмiн молайту – жануарлар түрлерiнiң табиғи жағдайларда табиғи көбеюi және оларды жасанды өсiру;
57) жерсiндiру – жануарлар дүниесi объектiлерiн олар бұрын мекендемеген немесе өз маңызын жоғалтқан мекендеу орындарындағы тiршiлiк ету жағдайларына бейiмдеу;
58) жолдама – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарға және (немесе) балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерiне жануарлар дүниесi объектiлерiн ұстап алу мақсатында бару үшiн жеке тұлғаға берiлетiн құжат (бiржолғы немесе маусымдық);
59) зоологиялық коллекция – жануарлар дүниесi объектiлерi тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервiленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөлiктерiнiң, оның iшiнде зоопарктердiң, зообақтардың, цирктердiң, зоологиялық питомниктердiң, аквариумдердiң, океанариумдердiң жабайы жануарлардың ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және эстетикалық құндылығы бар жинағы;
60) ихтиофауна – қандай да бiр су айдынындағы немесе оның бөлiгiндегi балықтар және дөңгелекауыздылар түрлерiнiң жиынтығы;
61) кәсiпшiлiк қор – дербес кәсiпшiлiк маңызы бар популяция немесе уақыт жағынан орнықты, оның кеңiстiктегi оқшауланған бөлiгi;
62) кездейсоқ ауланым – рұқсаттарда көрсетiлмеген балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерiнiң дара нұсқалары және (немесе) белгiленген кәсiпшiлiк мөлшерден кiшiрек балық түсетiн ауланымның бiр бөлiгi;
63) криоконсервiленген жыныс клеткалары – жануарлардың жыныс клеткаларының (гаметаларының), эмбриондары мен әртүрлi тiндерiнiң оларды одан әрi ұрпақ алу, геномдар бөлiп шығару мақсатында немесе басқа да ғылыми зерттеулер үшiн пайдалану мүмкiндiгiн беретiн төмен температуралық жағдайда және өзге де консервациялау нысанында тұрған үлгiлерi;
64) қорықшы – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғауды жүзеге асыратын қорықшылық қызметтiң арнайы уәкiлеттiк берiлген тұлғасы;
65) қорықшы куәлiгi – қорықшының құқықтарын куәландыратын, белгiленген нысандағы құжат;
66) қорықшылық қызмет – аңшылық және балық шаруашылығы субъектiлерiнiң бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi;
67) қыстау шұңқыры – қысқы кезеңде балықтардың су айдыны түбiнiң шұңқырларында жаппай жинақталатын орны;
68) өзен (теңiз, көл) бассейнi – су айрықтарымен шектелген, олардан су өзенге (теңiзге, көлге) ағып келетiн жерүстi бетiнiң және топырақтың қалың қабатының бөлiгi;
69) рекреациалық балық аулау аймағы – әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен айқындайтын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесiнiң және оған iргелес жағалау белдеуiнiң учаскесi;
70) сервитут – аңшылық және балық шаруашылықтарының мұқтаждары үшiн бөгде бiреудiң жер учаскесi мен су объектiсiн, оның iшiнде бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесiн шектеулi түрде мақсатты пайдалану құқығы;
71) су айдындарына балық жiберу – өз өсiмiн өзi молайтатын популяцияларды жасау, бағалы, сирек кездесетiн және құрып бара жатқан балықтардың түрлерiн сақтау және (немесе) тауарлық өнiм алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелерiне балық өсiру материалы мен балықтарды жiберу;
72) су объектiлерiн балық шаруашылық мелиорациялау – су айдындарының балық өнiмдiлiгiн сақтауға және арттыруға, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған iс-шаралар кешенi;
73) сүзу – жағалау аймағында, сол сияқты ашық су кеңiстiгiнде де балық аулау мақсатында сүзетiн аулау құралдарымен (жылымдармен) су айдындары акваториясының белгiлi бiр бөлiгiн сүзу жолымен жүзеге асырылатын кешендi процесс;
74) тыныштық аймағы – жануарлар дүниесiн сақтау немесе қалпына келтiру үшiн ерекше маңызы бар, шаруашылықiшiлiк аңшылықты ұйымдастыру қызметi айқындайтын, оның шеңберiнде (тұрақты немесе уақытша) шаруашылық қызметтiң жекелеген түрлерi мен нысандарына тыйым салынған немесе регламенттелген аумақ
75) уәкiлеттi органның мамандандырылған ұйымдары (бұдан әрi – мамандандырылған ұйымдар) – жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк мекемелер мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар;
76) уылдырық шашу – балықтардың жетiлген уылдырықты шашу процесi және оның кейiннен ұрықтануы;
77) уылдырық шашатын орын – балықтардың уылдырық шашатын орны;
78) ұйық (ұйықтық учаске) – су айдынының және оған iргелес жағалау белдеуiнiң шектеулi су акваториясы бар, өзеннiң және өзге де ағынды су айдынының кәсiпшiлiк балық аулау мұқтажына арналып, бейiмделген учаскесi;
79) шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру – аңшылық алқаптарды бекiтiп бергенге дейiн жүргiзiлетiн, аңшылық шаруашылықтарының шекаралары мен санаттарын белгiлеу, алаңын есептеу, жануарлар дүниесi мен олар мекендейтiн ортаның жай-күйiн айқындау;
80) шаруашылықiшiлiк аңшылықты ұйымдастыру – аңшылық алқаптарын түгендеу, сапасын бағалау, олардың табиғи және экономикалық жағдайларын зерттеу, жануарларды есепке алу, олардың негiзiнде аңшылық шаруашылығын жүргiзу жоспары әзiрленетiн биотехникалық және пайдалану iс-шараларын жобалау жөнiндегi iс-шаралар кешенi.»;

3) 6-баптың 3) тармақшасы «жануарлар дүниесiнiң» деген сөздердiң алдынан «бекiре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алу, оларды сатып алу, өңдеу және олардың уылдырығын және мемлекеттiк монополияға жатқызылған өнiмнiң басқа түрлерiн экспорттау жөнiндегi қызметтi қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 6-1-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мамандандырылған ұйымдар;»;
6) тармақша алып тасталсын;
8) тармақшадағы «субъектiлерi кiредi.» деген сөздер «субъектiлерi;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) аңшылардың және аңшылық шаруашылық субъектiлерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектiлерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi кiредi.»;

5) 8-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң халықаралық саудасы туралы конвенция бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн әкiмшiлiк орган мен ғылыми ұйымды айқындайды;»;
6-2) тармақша «түрлерiн» деген сөзден кейiн «, олардың бөлiктерiн немесе дериваттарын» деген сөздермен толықтырылсын;
6-3) тармақша «интродукциялау» деген сөзден кейiн «, реинтродукциялау» деген сөзбен толықтырылсын;
7) және 7-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою лимиттерiн бекiтедi;
7-1) жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою квоталарын бөлу қағидасын бекiтедi;»;
12) тармақша алып тасталсын;
14-2) тармақшадағы «тәртiбiн айқындайды» деген сөздер «қағидасын бекiтедi» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-1) тармақша «интродукциялау» деген сөзден кейiн «, реинтродукциялау» деген сөзбен толықтырылсын;
17-1) тармақша «түрлерiн» деген сөзден кейiн «, олардың бөлiктерiн және дериваттарын» деген сөздермен толықтырылсын;
17-2) тармақшадағы «жануарлар дүниесiн» деген сөздер «жануарлар дүниесi объектiлерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) тармақшадағы «жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi» деген сөздер «жүргiзу қағидасын бекiтедi» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 24-5), 24-6), 24-7), 24-8), 24-9), 24-10), 24-11), 24-12) және 24-13) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-5) жануарларды ерiксiз және жартылай ерiктi жағдайларда ұстау қағидасын бекiтедi;
24-6) аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидасын бекiтедi;
24-7) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың және жануарлар дүниесiн қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтiк қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтiк қаруды қолдану қағидасын бекiтедi;
24-8) жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидасын бекiтедi;
24-9) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектiлерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiн аккредиттеу қағидасын бекiтедi;
24-10) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды өткiзу қағидасын бекiтедi;
24-11) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсiрудi дамыту үшiн пайдалану қағидасын бекiтедi;
24-12) әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидасын бекiтедi;
24-13) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн ерекше құнды объектiлерге жатқызу, олардың шекараларын белгiлеу қағидасын бекiтедi;»;

6) 9-баптың 1 тармағында:
4) және 6) тармақшалардағы «бекiтедi» деген сөз «әзiрлейдi және бекiтедi» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша «айқындаудың» деген сөзден кейiн «, сондай-ақ балық ресурстарына келтiрiлетiн және келтiрiлген зиянның, оның iшiнде шаруашылық қызметi нәтижесiнде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерiн есептеу» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерi республикалық қауымдастықтарының, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң қатысуымен, бекiтiлген лимиттер негiзiнде жануарлар дүниесiн алу квоталарын бөледi;»;
12) тармақшадағы «айқындайды» деген сөз «әзiрлейдi және бекiтедi» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша алып тасталсын;
16) тармақшадағы «айқындайды» деген сөз «әзiрлейдi және бекiтедi» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) тармақшадағы «бекiтедi» деген сөз «әзiрлейдi және бекiтедi» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) тармақшадағы «белгiлейдi» деген сөз «әзiрлейдi және бекiтедi» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) және 24) тармақшалар алып тасталсын;
25) тармақшадағы «бекiтедi» деген сөз «әзiрлейдi және бекiтедi» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзудi ұйымдастырады;»;
27) тармақша «интродукциялау» деген сөзден кейiн «, реинтродукциялау және будандастыру» деген сөздермен толықтырылсын;
29) және 33) тармақшалардағы «айқындайды» деген сөздер «әзiрлейдi және бекiтедi» деген сөздермен ауыстырылсын;
34) тармақшадағы «ғылыми ұсынымдар негiзiнде» деген сөздер алып тасталсын;
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«35) жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидасын әзiрлейдi;»;
36) тармақшадағы «бекiтедi» деген сөз «әзiрлейдi және бекiтедi» деген сөздермен ауыстырылсын;
38) тармақша «интродукциялау» деген сөзден кейiн «, реинтродукциялау және будандастыру» деген сөздермен толықтырылсын;
43) тармақшадағы «жануарлар дүниесiн» деген сөздер «жануарлар дүниесi объектiлерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«44) аншлагтарының үлгiлерiн және аңшылық шаруашылықтар, өсiмiн молайту учаскелерi мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң шекараларын, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшiн тыйым салынған мерзiмдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсiпшiлiк журналдың) нысанын әзiрлейдi және бекiтедi;»;
47) тармақша «интродукциялау» деген сөзден кейiн «, реинтродукциялау» деген сөзбен толықтырылсын;
48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«48) жерсiндiруге рұқсат бередi;»;
мынадай мазмұндағы 51-1), 51-2), 51-3), 51-4), 51-5), 51-6), 51-7), 51-8), 51-9), 51-10), 51-11), 51-12), 51-13), 51-14), 51-15), 51-16), 51-17), 51-18), 51-19), 51-20), 51-21), 51-22), 51-23), 51-24), 51-25), 51-26), 51-27), 51-28), 51-29), 51-30), 51-31), 51-32), 51-33), 51-34), 51-35), 51-36), 51-37) және 51-38) тармақшалармен толықтырылсын:
«51-1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында құрметтi атақтар, төс белгiлерiн және құрмет грамоталарын беру қағидасын әзiрлейдi және бекiтедi;
51-2) қорықшының төс белгiсiнiң және айыру белгiсi бар арнайы киiмiнiң нысанын әзiрлейдi және бекiтедi;
51-3) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөнiндегi қағиданы әзiрлейдi және бекiтедi;
51-4) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықiшiлiк аңшылықты ұйымдастыру жөнiндегi қағиданы әзiрлейдi және бекiтедi;
51-5) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерiн есепке алуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлейдi және бекiтедi;
51-6) аңшылық минимумды әзiрлейдi және бекiтедi;
51-7) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектiлерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi республикалық қауымдастығының аңшылық минимумды жүргiзу қағидасын әзiрлейдi;
51-8) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектiлерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектiлерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiн аккредиттеу ережесiн әзiрлейдi, оларды аккредиттеудi жүргiзедi;
51-9) аңшы куәлiгiн беру жөнiндегi есептiлiктiң нысанын белгiлейдi;
51-10) Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң халықаралық саудасы туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлерi енгiзiлген жануарларды жасанды өсiрудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкiмшiлiк органда тiркеу қағидасын әзiрлейдi және бекiтедi;
51-11) су қоймаларына балық жiберу, балықтардың жаңа түрлерiн жерсiндiру, су объектiлерiн балық шаруашылық мелиорациялау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу қағидасын әзiрлейдi және бекiтедi;
51-12) Қазақстан Республикасының Үкiметiне сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын алу жөнiндегi ұсынысты енгiзедi;
51-13) жануарлар дүниесi объектiлерiн алу лимиттерiн әзiрлейдi;
51-14) жануарлар дүниесi объектiлерiн алу квоталарын бөлу қағидасын әзiрлейдi;
51-15) халықаралық, республикалық және жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң тiзбесiн әзiрлейдi;
51-16) су қоймаларын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидасын әзiрлейдi;
51-17) аңшылық, балық аулау қағидасын әзiрлейдi;
51-18) аңшылық шаруашылығын жүргiзу қағидасын және балық шаруашылығын жүргiзу қағидасын әзiрлейдi;
51-19) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерлерiн әзiрлейдi;
51-20) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн әзiрлейдi және оларды басқа санаттарға ауыстырады;
51-21) мемлекеттiк монополия субъектiсi болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорынның табиғи мекендеу ортасынан алынған бекiре тұқымдас балықтарды, олардың уылдырығын өткiзу қағидасын әзiрлейдi;
51-22) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидасын әзiрлейдi;
51-23) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргiзуге, сондай-ақ жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алуға рұқсаттар беру қағидасын әзiрлейдi;
51-24) жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ереженi әзiрлейдi;
51-25) жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгiлеу қағидасын әзiрлейдi;
51-26) жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидасын әзiрлейдi;
51-27) зоологиялық коллекцияларды жасау және мемлекеттiк есепке алу қағидасын әзiрлейдi;
51-28) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiндегi конкурсты өткiзу қағидасын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзiрлейдi;
51-29) аңшылық пен балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың бағалы түрлерiнiң тiзбесiн әзiрлейдi;
51-30) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды тұлғаларының, ондай-ақ мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын, айыру белгiлерi бар (погондарсыз) нысандық киiмдi киюге құқығы бар қызметкерлерiнiң тiзбесiн әзiрлейдi;
51-31) жануарларды ерiксiз және жартылай ерiктi жағдайларда ұстау қағидасын әзiрлейдi;
51-32) шетелдiктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасу қағидасын әзiрлейдi және бекiтедi;
51-33) аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды және тiркеудi жүргiзу қағидасын әзiрлейдi;
51-34) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтiк қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтiк қаруды қолдану қағидасын әзiрлейдi;
51-35) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсiрудi дамыту үшiн пайдалану қағидасын әзiрлейдi;
51-36) әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидасын әзiрлейдi;
51-37) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн ерекше құнды объектiлер қатарына жатқызу, олардың шекараларын белгiлеу қағидасын әзiрлейдi;
51-38) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын әзiрлейдi және бекiтедi;».

7) 10-баптың 2-тармағында:
3) тармақшадағы «тоғандарының» деген сөз «айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша «бекiтiп беру» деген сөздерден кейiн «мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жануарларға ауырып қалған, бекiтiлiп берiлмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде олардың қырылу қаупi төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады;»;

8) 11-бапта:
тақырыбының мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;
мәтiнiндегi «жануарлар дүниесi түрлерiнiң» деген сөздер «жануарлар түрлерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;»;

9) 11-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бекiре тұқымдас балықтар кездейсоқ ауланған жағдайда тiршiлiк етуге қабiлеттi дара нұсқалары – табиғи мекендеу ортасына жiберiлуге, ал тiршiлiк етуге қабiлетсiз (өлi) дара нұсқалары өтеусiз негiзде мемлекеттiк монополия субъектiсiне тапсырылуға тиiс.»;»;

10) 12-бапта:
2-тармақтың 5) тармақшасында:
«жануарларды» деген сөз «жануарлар түрлерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
«оның iшiнде» деген сөздерден кейiн «бағалы,» деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақтағы «мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларын» деген сөздер «бағдарламалық құжаттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 13-бапта:
3) тармақша «жануарлардың» деген сөзден кейiн «бағалы,» деген сөзбен толықтырылсын;
8) тармақшадағы «жануарларды» деген сөз «жануарлар түрлерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 14-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы «алу» деген сөздiң алдынан «жануарлар дүниесi объектiлерiн» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
2) тармақшадағы «органның келiсiмi бойынша» деген сөздер «органның келiсiмiнсiз» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «, олардың жұмыртқаларын» деген сөздер «және олардың дериваттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша «мерзiмнен тыс» деген сөздерден кейiн «, сондай-ақ тыныштық аймақтарында» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) жануарлар дүниесi объектiлерiн жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды қолдана отырып (дала кемiргiштерiн (саршұнақтарды, сұр егеуқұйрықтарды, атжалмандарды) құрту кезiнде, сондай-ақ жануарлардың жаппай құтыру iндетi және басқа аурулары болған жағдайларда уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесiмен келiсiм бойынша улы химикаттарды қолдануды қоспағанда) аулауға;»;
11) тармақша «интродукциялау» деген сөзден кейiн «, реинтродукциялау» деген сөзбен толықтырылсын;

13) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«15-бап. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi
төнген түрлерiн қорғау

1. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiледi.
2. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғауды мемлекет жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
3. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, оның iшiнде олардың дериваттарын алуға айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша:
1) арнайы жасалған жағдайларда өсiру және кейiннен мекендеу ортасына жiберу;
2) аңшылықтың ұлттық түрлерiн дамыту;
3) ғылыми зерттеулер;
4) селекциялау үшiн жол берiледi.
4. Мыналарға:
1) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң қырылуына;
2) осы баптың 3-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi санының азаюына немесе мекендеу ортасын бұзуға әкеп соғатын iс-әрекеттерге жол берiлмейдi.
5. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын бағып-қағу, тасымалдау, сату, сатуға қою және сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.»;

14) 17-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Шаруашылық және осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген өзге де қызметтi жүзеге асыратын субъектiлер:
1) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша техникалық-экономикалық негiздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу кезiнде осы Заңның 12-бабы 2-тармағының 2) және 5) тармақшалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға арналған қаражатты көздеуге;
2) уәкiлеттi орган бекiткен әдiстемеге сәйкес, балық ресурстарына келтiрiлетiн және келтiрiлген, оның iшiнде болмай қоймайтын зиянды өтеудiң орнын толтыруға мiндеттi.»;

15) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:

«18-1-бап. Балық шаруашылығының ерекше құнды су айдындары
және (немесе) учаскелерi

1. Балық шаруашылығы үшiн ерекше құнды маңызы бар, оларда шаруашылық және өзге де қызметтiң реттелетiн режимi белгiленетiн су объектiлерi немесе олардың бөлiктерi, iргелес жағалау аумағымен шектеулi акваториялар (серуендеу орындары, қыстау шұңқырлары, уылдырық шашатын және жануарлар түрлерiнiң табиғи жағдайларда табиғи жолмен көбею орындары) балық шаруашылығының ерекше құнды су айдындары және (немесе) учаскелерi болып табылады.
2. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн ерекше құндыларға жатқызу, олардың шекараларын белгiлеу қағидасын Қазақстан Республикасының Үкiметi биологиялық сан алуандық негiзiнде бекiтедi.»;

16) 19-бапта:
тақырыбындағы «Жануарлар дүниесi объектiлерiн» деген сөздер «Жануарлар түрлерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «Жануарлар дүниесi объектiлерiн» деген сөздер «Жануарлар түрлерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жануарлар түрлерiн, оның iшiнде бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн сақтау және санын арттыру;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру;»;
4) тармақшадағы «жануарлар дүниесi объектiлерiн» деген сөздер «жануарлар түрлерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн сақтау және олардың санын көбейту мақсатында оларды кейiннен мекендеу ортасына шығара отырып, жасанды түрде өсiру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.»;
3-1-тармақтағы «сондай-ақ сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санатқа жатқызылған,» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтағы «Жануарлар дүниесi объектiлерiн» деген сөздер «Жануарлар түрлерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;

17) 20-бапта:
тақырыбындағы «Жануарларды интродукциялау мен будандастыру» деген сөздер «Жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «жануарларды интродукциялау мен будандастыруға» деген сөздер «жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«интродукциялау» деген сөзден кейiн «, реинтродукциялау» деген сөзбен толықтырылсын;
«будандастыруға» деген сөзден кейiн «, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге» деген сөздермен толықтырылсын;

18) 20-1-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«20-1-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын
жерсiндiру
1. Балықтарды және басқа да су жануарларын жерсiндiру мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негiздеменiң негiзiнде берiлген уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жүргiзiледi.»;

19) 22-бапта:
1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алу және оның кадастры, шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн паспорттау мақсатында жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Жануарлар дүниесiн ғылыми-зерттеу мақсаттарда пайдалану жылдың кез-келген уақытында және уәкiлеттi орган жануарлар дүниесiн пайдалануға берген рұқсаттар негiзiнде рұқсат етiлген аң аулау құралдарымен жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесi объектiлерiн ғылыми-зерттеулер үшiн алып қою квотасын уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою лимитi шегiндегi ғылыми-зерттеулер бағдарламаларына сәйкес бекiтедi.»;

20) 23-баптың 2-тармағындағы «заңдарының» және 5-тармағындағы «заңдары», «заңдарының» деген сөздер тиiсiнше «заңнамасының», «заңнамасы», «заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылып, 5-тармағындағы «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» деген сөздер «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласы» деген сөздермен ауыстырылсын;

21) 24-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жануарлар түрлерiнiң өсiмiн молайту мақсаттарында пайдалану.»;

22) 25-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiнде:
«негiзiнде» деген сөзден кейiн «құрамына уәкiлеттi органның, облыстың жергiлiктi атқарушы органының, ғылыми ұйымдардың және аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастықтарының, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерi енгiзiлетiн» деген сөздермен толықтырылсын;
«биологиялық-экономикалық тексерудiң» деген сөздер «шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастырудың және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн паспорттаудың» деген сөздермен ауыстырылсын;

23) 26-бапта:
1-2-тармақтың төртiншi абзацындағы «бас тартылуы мүмкiн» деген сөздер «бас тартылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
«1-3. Аулаған жерi туралы анықтаманы балықтардың және басқа да су жануарларының ауланған жерi бойынша өтiнiш берушi жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алуға ұсыным жасаған кезде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi өтiнiш түскен сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде бередi.
Жасанды жағдайларда өсiрiлген балықтар мен басқа да су жануарлары үшiн аулаған жерi туралы анықтама жасанды өсiрiлгендiгiн растайтын құжаттар ұсынған кезде берiледi.
Аулаған жерi туралы анықтама жазуға жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қоюдың белгiленген лимитi және жасанды өсiрумен айналысатын ұйымның жобалық қуаты шегiнде рұқсат етiледi.»;

24) 27-бапта:
1-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның iшiнде аң аулау және балық аулау олжаларын және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға;»;
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшадағы «жасасуға құқығы бар.» деген сөздер «жасасуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) белгiленген сервитутқа сәйкес аңшылық және балық шаруашылықтарының мұқтаждарына арналған уақытша құрылыстар салуға;
7) аң-құсты өсiрудi жүзеге асыруға құқығы бар.»;
2-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жануарлар дүниесiнiң пайдаланылған объектiлерiнiң санын жыл сайын есепке алуды жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептiлiктi табыс етуге;»;
8) тармақша «және олардың санының азаюына жол бермеуге» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) шаруашылықiшiлiк аңшылықты ұйымдастыруға және балық шаруашылығын ұйымдастыруға сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шараларды жүргiзуге;»;
11) тармақшаның төртiншi абзацындағы «аулауды – жеке адамдарға сервитут беруге;» деген сөздер «балық аулауды – жеке адамдарға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
«әуесқойлық (спорттық) аң аулауды – жеке адамдарға сервитут беруге;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) аншлагтар орнатуға;»;
17) тармақшадағы «алуға мiндеттi.» деген сөздер «алуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18), 19), 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
«18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормаларға және қағидаларға сәйкес қорықшыларды қызметтiк қару-жарақпен, көлiк, байланыс құралдарымен, айырым белгiлерi бар арнайы киiммен, қорықшының төс белгiсiмен, қорықшының куәлiгiмен қамтамасыз етуге;
19) өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға;
20) жеке адамдарға олардың ауызша және жазбаша өтiнiштерi бойынша әуесқойлық (спорттық) аң аулауға және әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруге;
21) аңшылық шаруашылығының iшкi регламентiн бекiтуге мiндеттi.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға;»;

25) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«29-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн лимиттер мен
квоталар

1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою лимитi - жануарлар дүниесi объектiлерiн олардың табиғи өсiмi мен саны сақталатын жағдайда алып қоюдың жол берiлетiн шектi көлемi.
Жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою лимитi олардың өткен жылдағы санының есеп материалдары, жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның мониторингi, ғылыми зерттеулер негiзiнде дайындалған биологиялық негiздемеге сәйкес белгiленедi және оны мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
Бiрнеше мемлекеттердiң аумақтары бойымен өрiс аударатын немесе мемлекетаралық маңызы бар су айдындарын мекендейтiн жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою лимитi халықаралық шарттардың негiзiнде, ал олар болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады.
Жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою лимитi ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап келесi жылдың 15 ақпанына дейiнгi кезеңге белгiленедi.
2. Жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою квотасы – уәкiлеттi орган аңшылық және балық шаруашылықтары субъектiлерi үшiн аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiн қатыстыра отырып белгiлеген жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою лимитiнiң бөлiгi.
Балықтың жаппай қырылуына қарсы iс-шара ретiнде жүзеге асырылатын мелиорациялық аулау жолымен алып қойылған балықтың көлемi, балық аулаудың жалпы лимитiне кiрмейдi.»;

26) 32-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгi «қыран құстары» деген сөздер «аушы жыртқыш құстары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасы «аң аулау» деген сөздерден кейiн «, оның iшiнде ұлттық аң аулау» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Ұлттық аң аулау - аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттердiң ұлттық тұқымдарын пайдалана отырып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн аулау.»;

27) 33-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «иттер мен қыран» деген сөздер «аңшылық иттер мен аушы жыртқыш» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«аңшылық шаруашылығы субъектiсiмен» деген сөздер «аңшылардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастығымен және аңшылық шаруашылығы субъектiлерiмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«рұқсат алуының» деген сөздерден кейiн «, сондай-ақ iшкi iстер органдарынан аңшылық атыс қаруын және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсатының» деген сөздермен толықтырылсын;

28) мынадай мазмұндағы 33-1-баппен толықтырылсын:

«33-1-бап. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерi
қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық
қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық
шаруашылығы субъектiлерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi

1. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерi жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүддесiн қорғау үшiн құрылады.
2. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерi коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерi өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) құруға құқылы.
Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектiлерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен тiркеуге жатады. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектiлерiнiң қоғамдық бiрлестiктерiн тiркеудi уәкiлеттi орган олардың берген өтiнiштерi мен олардың жеке қаражаты есебiнен жүргiзедi.
Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектiлерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
3. Аңшылар және аңшылық шаруашылығының субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастығы:
1) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң аңшылық шаруашылығын, аңшылық ит өсiрудi, аң-құстарды өсiрудi дамыту жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi;
2) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң мүддесiн мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттiк емес және халықаралық ұйымдарда бiлдiрудi;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;
4) жануарлар дүниесi объектiлерiнiң мониторингiне және есебiн алуға қатысуды;
5) жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою квоталарын бөлуге қатысуды;
6) аң аулауда пайдаланылатын аушы жыртқыш құстардың есебiн және тiркеуiн жүргiзудi;
7) өз филиалдары мен өкiлдiктерi арқылы аңшы куәлiктерiн берудi, уәкiлеттi органға белгiленген нысан бойынша берiлген аңшы куәлiктерi туралы есептiлiктi ұсынуды;
8) аңшылық минимумына оқыту жүргiзудi;
9) аңшылық шаруашылығының субъектiлерi ұсынатын жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы деректердiң есебiн жүргiзудi және оларды уәкiлеттi органға берудi;
10) жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайтуды ұйымдастыруды;
11) аңшылық алқаптарды бекiтiп беру жөнiндегi конкурстық комиссияларға қатысуды;
12) шетелдiктермен Қазақстан Республикасының аумағында аң аулауды ұйымдастыру шарттарын жасасуды;
13) аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттердi пайдалана отырып, аң аулаудың ұлттық түрлерiн дамытуды ұйымдастыруды;
14) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтi жүзеге асырады.
Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастығы берген аңшылық минимумын тапсырғаны туралы құжат аңшы куәлiгiн беруге негiз болып табылады.
4. Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектiлер қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастығы мынадай қызмет түрлерiн:
1) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң балық шаруашылығын, акваөсiрудi, жануарлар түрлерiнiң өсiмiн молайтуды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды дамыту жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi;
2) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң мүддесiн мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттiк емес және халықаралық ұйымдарда бiлдiрудi;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;
4) жануарлар дүниесi объектiлерiнiң мониторингiне және есебiн алуға қатысуды;
5) жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою квоталарын бөлуге қатысуды;
6) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiндегi конкурстық комиссияларға қатысуы;
7) балық шаруашылығын дамытуға бөлiнетiн субсидияларды бөлуге қатысуы;
8) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде балық ресурстары және басқа да су жануарларының жаппай ауыруы, олардың қырылу қаупi, балықтардың қырылу қаупi жағдайларында, сондай-ақ жас балықтарды құтқаруды ұйымдастыруға көмектесуге қатысуды;
9) шетелдiктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыру шарттарын жасасуды;
10) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметтi жүзеге асырады.»;

29) 34-баптың 4-тармағының екiншi және үшiншi бөлiктерi алып тасталсын;

30) 37-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

31) 38-бапта:
2-тармақта:
«және тиiстi сервитуттар белгiлеу» деген сөздер «, тиiстi сервитуттар мен аңшылық шаруашылығының санаттарын белгiлеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мен биологиялық-экономикалық зерттеу» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақта:
3) тармақшасындағы «иттердi және қыран» деген сөздер «аушы жыртқыш» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшасындағы «жағдайларында аң аулауға тыйым салынады.» деген сөздер «жағдайларында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30) және 31) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) егiн орағы аяқталғанға дейiн ауыл шаруашылығы дақылдары егiлген жерлерде;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлерiне жол берiлетiн аумақты қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;
14) өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, ондатраға атыс қаруын қолданып;
15) аңшылық иттердi құтқару үшiн iндердi қазуды қоспағанда, жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдап;
16) өзен құндызы тұрғызған бөгеттi бұзып;
17) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (жануарлар дүниесi объектiлерiн қозғалтпауға және егуге байланысты ғылыми-зерттеу және профилактикалық жұмыстарды жүргiзу үшiн садақтар мен арбалеттердi пайдаланудан басқа);
18) сауыт бұзатын, өртегiш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолданып;
19) тегiс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған ойық жиналмалы (қосалқыларды) ұңғыны қолданып;
20) бос жерлердi, су бетiндегi өсiмдiктердi жағумен, басқа да өсiмдiктердi түбiрiмен қопарып және жойып;
21) өздiгiнен атылатын қаруларды, қысқыштарды, қаусырмаларды, қапсырмаларды, кескiштердi қолданып; тұзақтар құрып, аулау орларын қазып; адам байқамайтын айқындаушы белгiлерiнсiз iрi қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, iлмектердi, найзаларды, құс желiмiн орнату жолымен, түтiн салып, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап шығарып, қоңыр аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезiнде қақпанды қолданып, қоршауға алып, тағамен аулап;
22) торларды қолданып; су құю арқылы iннен шығарып (уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау, будандастыру немесе ерiксiз ұстау үшiн оларды аулауды қоспағанда);
23) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды қолданып, уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесiмен келiсiм бойынша тышқан тектес кемiргiштердi (саршұнақтарды, сұр егеу құйрықтарды, аламандарды) жойған кезде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа аурулары жағдайында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда;
24) жануарлардың рұқсатта көрсетiлген санынан тыс;
25) рұқсатта көрсетiлмеген басқа жануарлар түрлерiн;
26) аңшылық шаруашылығы субъектiсiнiң жолдамасынсыз;
27) аулап алу объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiне, басқа елдерден әкелiнген жыртқыш қыран құстарды пайдалана отырып;
28) еркекүйрекке көктемгi аң аулау кезiнде елiктiрушi үйрексiз немесе тұлыпсыз;
29) тұяқты жануарларды және қоңыр аюды аулау кезiнде қорықшының немесе жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ерiп жүруiнсiз;
30) әуесқойлық (спорттық) мақсатта суырға калибрi бес бүтiн оннан алты миллиметрлiк бүйiрден (сақиналы) тұтандырғыш патронды ойықты қару қолданып;
31) тыныштық сақтау аймақтарында және өсiмiн молайту учаскелерiнде аң аулауға тыйым салынады.»;

32) 39-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, өсiру және көбейту үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн не олардың қорларының өсiмiн молайту үшiн маңызы бар су айдындары не олардың бөлiктерi (өзендер және оларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, сулы-батпақты алқаптар, су қоймалары, тоғандар және басқа да iшкi су айдындары, аумақтық сулар), сондай-ақ теңiз сулары.
Заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кiретiн су айдындарында балық аулау «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.»;
4-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «су тоғандарында» деген сөздер «су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «жүруiне тыйым салынады.» деген сөздер «жүруiне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) санитариялық күзет аймақтары мен акваториялар шегiнде жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсатсыз және балық аулау қағидаларында көзделген құжаттарды ресiмдеусiз жеке және заңды тұлғалардың балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сатып алуына және өткiзуiне тыйым салынады.»;
5-тармақта:
9) тармақшадағы «уәкiлеттi органның рұқсатынсыз балық аулаудың жаңа түрлерi мен тәсiлдерiн қолданумен, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды, сондай-ақ атыс қаруын пайдаланумен;»;

33) 40-бапта:
1-тармақта:
екiншi бөлiгiндегi «және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың» деген сөздер «, ғылыми ұйымдардың және аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiгiнде:
«шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен паспорттау, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын биологиялық-экономикалық тексеру» деген сөздер «бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен паспорттау» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
«Пайдаланушы аңшылық алқаптарын бекiтiп беруге конкурсқа қатысқан кезде қабылдаған мiндеттемелер аңшылық және балық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарттың мiндеттi талаптары болып табылады.»;
бесiншi бөлiгi «сәйкес келген» деген сөздерден кейiн «, шарттық мiндеттемелердi орындаған» деген сөздермен толықтырылып, «және уәкiлеттi органның ұсынымынсыз» деген сөздер «, уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бұрын ұйымдастырылған аңшылық және балық шаруашылықтары шекараларындағы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi алдыңғы шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастырудың және балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерiн паспорттаудың материалдары негiзiнде қайта бекiтiлiп берiледi.»;

34) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«43-бап. Мамандандырылған ұйымдар

Қазақстан Республикасының Үкiметi жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды жүзеге асыру үшiн мамандандырылған ұйымдар құрады.»;

35) мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын:

«43-1-бап. Жануарлар түрлерiнiң өсiмiн молайту

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар түрлерiнiң өсiмiн молайтуды мамандандырылған ұйымдар, сондай-ақ биологиялық негiздеме, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және уәкiлеттi органның рұқсаты негiзiнде жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.»;

36) 8-тараудың тақырыбы «Жануарлар» деген сөзден кейiн «түрлерiнiң» деген сөзбен толықтырылсын;

37) 44-баптың тақырыбындағы «Жануарлар» деген сөзден кейiн «түрлерiнiң» деген сөзбен толықтырылсын және бiрiншi абзацындағы «Жануарлардың» деген сөз «Жануарлар түрлерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

38) 45-баптың тақырыбы мен бiрiншi абзацындағы «Жануарлар дүниесi объектiлерiнiң» деген сөздер «Жануарлар дүниесi түрлерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

39) 46-баптың тақырыбы мен мәтiнiндегi «Жануарлардың» деген сөз «Жануарлар түрлерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

40) 50-баптың 2) тармақшасындағы «жануарлар дүниесi объектiлерiн» деген сөздер «жануарлар түрлерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;

41) 52-бапта:
1-тармақта:
7-2) тармақшадағы «балық» деген сөздiң алдынан «аңшылық алқаптары мен» деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшадағы «қызметтiк атыс қаруын» деген сөздер «қызметтiк қаруды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 7) тармақшадағы «интродукциялауды» деген сөзден кейiн «, реинтродукциялауды» деген сөзбен толықтырылсын;

42) 53-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының үшiншi абзацындағы «қызметке» деген сөз «шаруашылық қызметке» деген сөздермен ауыстырылсын;

43) 55-бапта:
1-тармақтағы «мемлекеттiк мекемелердiң» деген сөздер «мамандандырылған ұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 6) тармақшасындағы «атыс қаруын» деген сөздер «қызметтiк қару» деген сөздермен ауыстырылсын;

44) 56-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қорықшының:
1) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес кейiннен оларды жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға, уәкiлеттi органға не сотқа мiндеттi түрде беру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға;
2) қызметтiк қаруды алып жүруге және айырым белгiлерi бар арнаулы киiм киюге;
3) жеке және заңды тұлғалардың аң аулауға және балық аулауға құқық беретiн құжаттарын тексеруге;
4) аң аулау қағидаларын бұзғаны үшiн атыс қаруын кейiннен iшкi iстер органдарына мiндеттi түрде беру үшiн алып қоюға;
5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған аулау құралдарын, заңсыз аулап алынған аң аулау және балық аулау өнiмдерiн, тыйым салынған аулауға арналған қару түрлерiн кейiннен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторға беру үшiн алып қоюға құқығы бар.
3. Қорықшы:
1) бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жануарлар дүниесiн қорғауды қамтамасыз етуге;
2) аң аулау және балық аулау қағидаларын, аңшылық шаруашылығының iшкi регламентiн, өрт қауiпсiздiгi қағидаларын, сондай-ақ тыныштық аймақтарында жануарлар дүниесiн пайдалануға қойылған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтардың жолын кесуге;
3) жеке және заңды тұлғалардан жануарлардың қырылуына және олар мекендеу ортасының бұзылуына әкеп соқтыратын әрекеттердi тоқтатуды талап етуге;
4) жануарлар дүниесi объектiлерiнiң мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын және шоғырлану орындарын сақтау жөнiнде шаралар қолдануға;
5) жануарлар дүниесiне ұқыпты және iзгiлiктi қарау насихатын жүргiзуге;
6) жануарлар ауырған және дүлей зiлзала кезiнде қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарлар дүниесi объектiлерiне көмек көрсету жөнiнде шаралар қолдануға;
7) аншлагтардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.».

10. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 13, 114-құжат):

1) бүкiл мәтiн бойынша:
«облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкiлдi органдары», «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атқарушы органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi және атқарушы органдарының», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары» және «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы» деген сөздер тиiсiнше «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары» және «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жануарлар мен өсiмдiктердiң» және «жануарлар мен өсiмдiктер» деген сөздер тиiсiнше «өсiмдiктер мен жануарлардың» және «өсiмдiктер мен жануарлар» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) биологиялық ресурстар – экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары, организмдерi немесе олардың бөлiктерi, таралымдары немесе кез-келген басқа биотикалық құрамдас бөлiктерi;
2) бөрене тiлу – ағаш кесетiн жабдықта бөрененi тақтайларға және (немесе) басқа да ағаш өнiмдерiне тiлу;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақ – ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер учаскелерi, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi – өздерiндегi барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендерiнiң репрезентативтiк өкiлдiгiн қамтамасыз ететiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әртүрлi санаттары мен түрлерiнiң жиынтығы;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету (бұдан әрi - күзету) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, өрттiң алдын алу, анықтау және жою үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау (бұдан әрi - қорғау) – судың қолайсыз әсерiн жою, өсiмдiктердi зиянкестер мен аурулардан қорғау, жануарлар санын реттеу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi мәнiне тексеру және қадағалау жөнiндегi қызметi, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкiн;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк қадағалау – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның тексерiлетiн субъектiлердiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және қадағалау жөнiндегi қызметi, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша құқық шектеу, оның iшiнде жедел ден қою сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкiн;
9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару, бақылау және қадағалау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймағы – жер қорғаудың және пайдаланудың белгiленген режимi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ учаскесi;
11) ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтарға бөлу – мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн қорғау мен пайдаланудың оңтайлы режимiн белгiлеу мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтарға бөлу;
12) жаратылыстану-ғылыми негiздеме – мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-iздестiру) ұйымдары жүргiзетiн ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекараларын өзгертудiң орындылығын ғылыми бағалау;
13) интродукция – өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн олар мекендейтiн орта шегiнен тыс жерлерге әдейi көшiру немесе кездейсоқ көшiру;
14) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры – табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру, туризм және рекреация нысанасы ретiнде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң жиынтығы;
15) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi – ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафттық объектiлер мен олардың кешендерi, мемлекеттiк орман қорының ерекше бағалы екпелерi, сулы-батпақты алқаптар, негiзгi орнитологиялық аумақтар, бiрегей табиғи су объектiлерi немесе олардың учаскелерi, өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерi, өсiмдiктер дүниесiнiң бiрегей жеке-дара объектiлерi;
16) рекреациялық жүктеме – есепке алу кезеңiнде немесе уақыт бiрлiгiнде демалыс түрiнiң жиынтық уақытын ескере отырып, жер ауданы бiрлiгiне шаққандағы демалушылардың бiр мезгiлдегi саны;
17) Табиғат жылнамасы – мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер ғылыми бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiнiң жай-күйiне бiрыңғай әдiстеме бойынша жүзеге асыратын жүйелi байқаулар мәлiметтерiнiң жиынтығы;
18) табиғи кешендер – ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектiлерiнiң жиынтығы;
19) табиғи кешендердi орнықты пайдалану – табиғи кешендердiң биологиялық ресурстарын ұзақ мерзiмдi перспективада биологиялық саналуандықтың сарқылуына әкеп соқпайтын жолмен және қарқынмен пайдалану;
20) табиғат қорғау ұйымдары – мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер (бұдан әрi - табиғат қорғау мекемелерi) және мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар, мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
21) техникалық-экономикалық негiздеме – мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-iздестiру) ұйымдары жүргiзетiн ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекараларын өзгертудiң орындылығын экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк бағалау;
22) экологиялық дәлiз – тiрi табиғат объектiлерiнiң табиғи қоныс аударуын (таралуын) қамтамасыз ету және биологиялық саналуандықты сақтау үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiмен жалғастыратын, қорғалатын жер және су объектiлерi учаскелерiн бiлдiретiн экологиялық желiнiң бiр бөлiгi;
23) экологиялық желi – өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге түрлерiмен экологиялық дәлiздер арқылы байланысқан және өңiрдiң табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктерiн ескере отырып ұйымдастырылған әртүрлi санаттар мен түрлердегi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кешенi.»;

3) 3-баптың 2) тармақшасындағы «мен бақылау» деген сөздер «, бақылау және қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 2-тараудың тақырыбындағы «және бақылау» деген сөздер «, бақылау және қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 6-бапта:
2) тармақша «уәкiлеттi» деген сөздiң алдынан «аумақтық бөлiмшелерi бар ведомствосын қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) және 5) тармақшалардағы «заңнамалық» деген сөз «заңдарымен» деген сөзбен ауыстырылсын;

6) 7-бапта:
бiрiншi абзацындағы «ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн алып қоюға шешiм қабылдау;»;
4) тармақшада:
бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру және туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануға берiлген мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер учаскелерiн құрылыс объектiлерiн салуға пайдалануға рұқсат беру қағидаларын;»
жетiншi абзац алып тасталсын;
оныншы абзац «республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен мемлекеттiк» деген сөздер «республикалық және жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттiк» деген сөздермен, «тәртiбiн бекiту» деген сөздер «тәртiбiн;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бiрiншi, он екiншi және он үшiншi абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын жүргiзу қағидаларын;
осы Заңның 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда жергiлiктi халықтың мұқтаждары үшiн рұқсат етiлген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын;
өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту;»;
5) тармақшадағы «сатып алу арқылы» деген сөздер «мемлекет мұқтажы үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-2) тармақшадағы «республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен мемлекеттiк» деген сөздер «республикалық және жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттiк» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:
«6-3) өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiн алып қою туралы шешiм қабылдау;»;

7) 8-бапта:
тақырып «Уәкiлеттi органның» деген сөздерден кейiн «және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшадағы «үйлестiру» деген сөз «салааралық үйлестiру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша «тiзбесiн» деген сөзден кейiн «әзiрлеу және» деген сөздермен толықтырылсын;
4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) республикалық және жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймақтарын тарату тәртiбiн әзiрлеу және олардың аумақтарын кiшiрейту жөнiнде ұсыныстар енгiзу;»;
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiнде жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi келiсу;
5-2) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдарды таратуды және олардың аумағын кiшiрейтудi келiсу;
5-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген өсiмдiктердiң санатына жатқызылған түрлерiн Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру;»;
6) тармақшада:
үшiншi абзацта:
«құрудың немесе кеңейтудiң» деген сөздер «құру және кеңейту жөнiндегi» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әзiрлеу» деген сөзден кейiн «, сондай-ақ техникалық-экономикалық негiздеменi түзету» деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi және бесiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi;
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн түзету жобаларын;»;
алтыншы және жетiншi абзацтар алып тасталсын;
сегiзiншi абзацта «мекемесiнiң рәмiздерiн» деген сөздерден кейiн «(эмблемасы мен туын)» деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi және он екiншi абзацтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он үшiншi және он төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
«өзiнiң қарауындағы табиғат қорғау мекемелерiнiң ережелерiн;
заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кiретiн су объектiлерiнде балық аулау көлемдерiн бекiту;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) мыналарды:
республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзiрлеу және тiркеу (қайта тiркеу) қағидаларын;
табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзiрлеу қағидаларын;
жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларын;
осы Заңның 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын балықтың қырылуының алдын алу жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу қағидаларын;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметтi атақтар, төс белгiлерiн және құрмет грамоталарын беру тәртiбiн;
өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген өсiмдiктердiң санатына жатқызылған түрлерiн Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру тәртiбiн;
табиғат қорғау мекемелерiнде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу қағидаларын;
ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялардың құрамын және ережесiн әзiрлеу және бекiту;»;
9) тармақшада:
«негiздемелердiң» деген сөз «негiздемелер жобаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«аумақтарды» деген сөзден кейiн «, экологиялық дәлiздердi» деген сөздермен, «ұйымдастыру» деген сөзден кейiн «және бекiту» деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақшадағы «ғылыми-зерттеу жұмыстарын» деген сөздер «ғылыми қызметтi» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2) және 14-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде туристiк және рекреациялық қызметтердi жүзеге асыру мен мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң туристiк және рекреациялық қызметтердi жүзеге асыру үшiн пайдалануға берiлген учаскелерiн құрылыс объектiлерiн салуға пайдалануға рұқсат беру қағидаларын әзiрлеу;
14-2) өздерiне туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануға берiлген мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң учаскелерiн құрылыс объектiлерiн салуға пайдалануға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру;
14-3) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негiздеме негiзiнде заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектiлерiнде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеулiк аулауды, молайту мақсатындағы аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру;»;
15) тармақша «бақылауды» деген сөзден кейiн «және қадағалауды» деген сөздермен толықтырылсын;
16) тармақша «нысандық киiм» деген сөздердiң алдынан «айырым белгiлерi бар» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2), 16-3), 16-4), 16-5), 16-6), 16-7) және 16-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн әзiрлеу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзу;
16-2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн әзiрлеу;
16-3) республикалық маңызы бар табиғаттың мемлекеттiк ескерткiштерi аумағының шекарасын және қорғау режимi түрiн бекiту жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу;
16-4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың биоалуандылығын сақтауға және дамытуға гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, үкiметтiк емес ұйымдар мен қорлар тiзбесiн бекiту жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу;
16-5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын келiсу;
16-6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiн қордағы жерлерге ауыстыру тәртiбiн әзiрлеу;
16-7) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалды аймақтандыруды түзету жобаларын келiсу;
16-8) сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн әзiрлеу;»;
17) тармақша «Қазақстан Республикасының» деген сөздердiң алдынан «өз құзыретi шегiнде» деген сөздермен толықтырылып, «экологиялық дәлiздердiң аумақтарын қозғайтын» деген сөздер алып тасталсын;
18) тармақша «ынтымақтастықты» деген сөзден кейiн «және халықаралық шарттарды iске асыруды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Аумақтық бөлiмшелер өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзырет шегiнде жүзеге асырады.»;

8) 9-бапта:
2) тармақшадағы «негiздемелердi» деген сөз «негiздемелердiң жобаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
«бекiтедi» деген сөздiң алдынан «әзiрлейдi және» деген сөздермен толықтырылсын;
«тiркелуiн» деген сөзден кейiн «(қайта тiркелуiн)» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша «ерекше» деген сөздiң алдынан «өздерiнiң қарауындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша алып тасталсын;

9) 10-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.»;
2-тармақта:
9) тармақшада:
«бекiтедi» деген сөз «әзiрлейдi және бекiтедi» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тiркеуге» деген сөзден кейiн «(қайта тiркеуге)» деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақша «бақылауды» деген сөзден кейiн «және қадағалауды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«15) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдарды таратады және олардың аумақтарын кiшiрейтедi;
16) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.»;

10) 11-бапта:
тақырып және 1-тармақ «бақылау» деген сөзден кейiн «және қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.»;

11) 12-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «саласындағы мәселелер» деген сөздер «мәселелерi» деген сөзбен ауыстырылсын;

12) 13-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы «жүйесiн» деген сөздiң алдынан «және экологиялық желiлер» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «айқындайтын» деген сөзден кейiн «биоалуандылықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға» деген сөздермен толықтырылсын;

13) 14-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды «республикалық маңызы бар» санатынан «жергiлiктi маңызы бар» санатына ауыстыруға жол берiлмейдi.»;

14) 17-баптың 2-тармағындағы «Мемлекеттiк қорық аймақтары мен мемлекеттiк табиғи қаумалдар» деген сөздер «Республикалық және жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк қорық аймақтары мен мемлекеттiк табиғи қаумалдар» деген сөздермен ауыстырылсын;

15) 18-баптың 1-тармағы «айналасында» деген сөзден кейiн «және олардың шекараларында орналасқан жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жерлерiнде» деген сөздермен толықтырылсын;

16) 19-баптың тақырыбы және 2-тармағы «рәмiздерi», «рәмiздерiн» деген сөздерден кейiн тиiсiнше «(эмблемасы мен туы)», «(эмблемасы мен туын)» деген сөздермен толықтырылсын;

17) 20-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «оң қорытындысы болған жағдайда» деген сөздер «оң қорытындысын алған» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте «әзiрлеудi» деген сөзден кейiн «, сондай-ақ оларды түзетудi» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бiрiншi абзацындағы «(бұдан әрi - жаратылыстану-ғылыми негiздеме)» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «(бұдан әрi – техникалық-экономикалық негiздеме)» деген сөздер алып тасталсын;
1) тармақшадағы «сатып алынатын» деген сөздер «мәжбүрлеп иелiктен шығарылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша «аумақты» деген сөздiң алдынан «ерекше қорғалатын табиғи» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық органдарымен» деген сөздер алып тасталсын;

18) 22-баптың 6-тармағындағы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерi» деген сөздер «Табиғи кешендер» деген сөздермен ауыстырылсын;

19) 23-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар осы Заңда көзделген тәртiппен және шарттарда ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттар үшiн пайдаланылуы мүмкiн.»;

20) 24-бапта:
1-тармақтағы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту бағдарламаларына және бекiтiлген» деген сөздер «Бекiтiлген» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың екiншi бөлiгiндегi «, сондай-ақ олар жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалануға берiлуi мүмкiн» деген сөздер алып тасталсын;

21) 25-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзiрлеу және тiркеу (қайта тiркеу) қағидаларын уәкiлеттi орган бекiтедi.»;

22) мынадай мазмұндағы 32-1-баппен толықтырылсын:

«32-1-бап. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы

1. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы Қазақстан Республикасының аумағында сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнiң жай-күйi, оларды зерттеу, қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану жөнiндегi қажеттi шаралар туралы мәлiметтер жиынтығын қамтитын, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген өсiмдiктер мен жануарлар түрлерi тiзбелерiнiң суреттермен безендiрiлген басылымы болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы сонымен бiр мезгiлде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк кадастрының құрамдас бөлiгi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына Қазақстан Республикасының аумағында құрлықта, суда, атмосферада және топырақта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын жүргiзу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының континентальдық қайраңы мен айрықша экономикалық аймағында табиғи еркiндiк жағдайында тұрақты немесе уақытша мекендейтiн, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген өсiмдiктер (биiк және аласа) мен жануарлардың (омыртқалылар және омыртқасыздар) түрлерi (кiшi түрлерi, таралымдары) енгiзiледi.
3. Саны және орнықты тiршiлiк ету жағдайлары табиғи еркiндiк жағдайында олардың өсiмiн молайтуға және генетикалық қорын сақтауға қатер төнудi болдырмайтын шекке дейiн қалпына келтiрiлген өсiмдiктер мен жануарлар түрлерi (кiшi түрлерi, таралымдары) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын жүргiзу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабынан шығарылуға жатады.
4. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын жүргiзудi бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Қызыл кiтапқа енгiзiлген сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген өсiмдiктер мен жануарлардың суреттермен безендiрiлген тiзбелерi ресми жарияланады, сондай-ақ уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылады.
5. Мыналар:
1) арнайы жасалған жағдайларда көбейту;
2) ғылыми зерттеулер;
3) селекция үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген өсiмдiктер түрлерiн алып қою жүзеге асырылады.
6. Өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген санатына жатқызылған өсiмдiктер түрлерiн Қазақстан Республикасына әкелу және одан тысқары жерлерге әкету уәкiлеттi орган берген рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.
7. Өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзу және одан шығару жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау үшiн құрамы мен ережесiн уәкiлеттi орган бекiтетiн ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялар құрылады.»;

23) 33-бапта:
1-тармақтың 11) тармақшасы «нысанды киiм» деген сөздердiң алдынан «айырым белгiлерi бар» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «нысанды киiм» деген сөздердiң алдынан «айырым белгiлерi бар» деген сөздермен толықтырылсын;

24) 35-бапта:
1) тармақша «бағдарламаларын,» деген сөздерден кейiн «табиғат қорғау мекемелерiн басқару жоспарларын,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «аймағының» деген сөзден кейiн «жер бөлудiң жерге орналастыру жобасын жасау және» деген сөздермен толықтырылсын;

25) 38-баптың 1-тармағында:
1) тармақшаның бiрiншi абзацындағы «ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың» деген сөздер алып тасталсын, «табиғи кешендерiн» деген сөздер «табиғи кешендердi» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
төртiншi абзац «(шектеулi мал жаю, марал шаруашылығы, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемiстер мен жидектердi әуесқойлық жинау)» деген сөздермен толықтырылсын;
бесiншi абзацта «елдi» деген сөздiң алдынан «ормандарды молайту және» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«шектеулi шаруашылық қызмет тауарларын өткiзуден, орман дақылдарын, қорғаныштық және көгалдандыру екпелерiн отырғызудан түсетiн табыстар;»;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«орман тұқымдарын жинаудан (қайта өңдеуден);»;
3) тармақшадағы «ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәмiздерiн» деген сөздер «рәмiздердi (эмблема мен туды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «қайырымалдықтары есебiнен құралады.» деген сөздер «қайырымалдықтары;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) гранттардан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларларының қаражатынан;
7) осы Заңның 82-бабына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға және мемлекеттiк табиғи-қорықтық қор объектiлерiне залал келтiрген жеке және заңды тұлғалардан түсетiн түсiмдер есебiнен құралады.»;

26) 40-бапта:
1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) орман қорғау iс-шараларын жүзеге асыру үшiн қажет санитариялық мақсатта ағаш кесудi қоспағанда, өсiмдiк қабатының бұзылуына әкеп соғатын орман пайдаланудың барлық түрлерiне, оның iшiнде тағамдық, дәрiлiк және техникалық өсiмдiктер, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын, шөп шабуға, мал жаюға және өсiмдiктер дүниесiн пайдаланудың басқа да түрлерiне;»;
4-тармақтағы «Қорықтың аумағында» және «қорық аумағы» деген сөздер тиiсiнше «Мемлекеттiк табиғи қорық аумағында» және «мемлекеттiк табиғи қорық аумағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

27) 41-бапта:
1-тармақ «әзiрлеу жолымен» деген сөздерден кейiн «уәкiлеттi орган бекiткен қағидаларға сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «ғылыми зерттеулерден» деген сөздер «ғылыми қызметтен» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта «сирек және жоғалып бара жатқан түрлерiн» деген сөздер «сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнгендерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;

28) 42-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «қорықтардың» деген сөздiң алдынан «мемлекеттiк табиғи» деген сөздермен толықтырылсын;

29) 43-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Марқакөл мемлекеттiк табиғи қорығының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негiздеменiң негiзiнде арнайы бөлiнген учаскелерде, осы қорықтың күзету аймағында тұратын жергiлiктi халықтың мұқтажы үшiн әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жол берiледi.»;

30) 45-баптың 4-тармағының екiншi бөлiгi «тамашалау алаңдарын» деген сөздерден кейiн «, жағажайлар, қайық станцияларын, суда жүзетiн көлiк түрлерi мен жағажай керек-жарағын жалға беру пункттерiн» деген сөздермен толықтырылсын;

31) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«46-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде туристiк және
рекреациялық қызметтi жүзеге асыру

1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде туристiк және рекреациялық қызметтi өздерiнде туроператор қызметiне лицензия болған кезде тiкелей мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. Туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң учаскелерi 5 жылға дейiнгi мерзiмге қысқа мерзiмдi пайдалануға және 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi пайдалануға берiледi. Аталған мақсаттар үшiн осы учаскелердi беру, сондай-ақ оларды құрылыс объектiлерi үшiн пайдалануға рұқсаттар беру мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануға берiлген, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң учаскелерiн құрылыс объектiлерiне пайдалануға рұқсат беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн учаскелер мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарына сәйкес және қазiргi инфрақұрылымымен де, жаңа инфрақұрылым құру үшiн де туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық қызмет аймақтарында ғана берiледi.»;

32) мынадай мазмұндағы 46-1-баппен толықтырылсын:

«46-1-бап. Туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру
үшiн пайдалануға берiлген мемлекеттiк ұлттық табиғи
парктер учаскелерiндегi объектiлер құрылысы

1. Туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануға берiлген мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер учаскелерiндегi объектiлер құрылысы уәкiлеттi органның рұқсаты негiзiнде және уәкiлеттi органмен келiсiлген сызбаға (сызбалық жобаға) сәйкес әзiрленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша жүргiзiледi.
2. Туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануға берiлген мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер учаскелерiн құрылыс объектiлерiне пайдалануға рұқсатты уәкiлеттi орган бередi.
3. Жеке немесе заңды тұлғалардың өзiне туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануға берiлген учаскенi пайдалану шартының қолданылу мерзiмi өткен соң шарттың қолданылу мерзiмiн ұзартуға артықшылықты құқығы бар.
4. Туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануға берiлген учаскенi және ондағы құрылыс объектiлерiн пайдалану құқығының ауысу мәселелерi туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру шартында айқындалады.
5. Уәкiлеттi органның жазбаша хабардар етуiне сәйкес құрылыс объектiлерi басқа тұлғаға берiлген не шартта өзгеше белгiленген жағдайларды қоспағанда, туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн ұзақ мерзiмдi пайдалануға берiлген жер учаскесiн пайдалану құқығының ауысуына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға жүктелетiн учаскенi мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сақталуы мен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн жай-күйге келтiру мiндетi сақталады.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн қауiпсiз тәсiлмен учаскелердегi объектiлердi бөлшектеп, сыртқа шығаруға мiндеттi.»;

33) 47-бапта:
1-тармақта:
7) тармақшадағы «мен балық аулау» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8), 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
9) мелиорациялық аулау;
10) ғылыми-зерттеу мақсатында аулау;
11) өсiмiн молайту мақсатында аулау.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Әуесқойлық (спорттық) балық аулау, мелиорациялық балық аулау, ғылыми-зерттеу мақсатында аулау, өсiмiн молайту мақсатында аулау заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектiлерiне берiлген уәкiлеттi органның тиiстi рұқсаттары бойынша мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негiздеменiң негiзiнде жүзеге асырылады.»;

34) 52-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) әуесқойлық (спорттық) аңшылық
10) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
11) мелиорациялық аулау;
12) ғылыми-зерттеулiк аулау;
13) өсiмiн молайту мақсатында аулау.»;

35) 53-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) мемлекеттiк табиғи резерваттарда жүзеге асыратын мұндай қызметтi қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың бөрене кесетiн құрылғыларды пайдалану жөнiндегi қызметiне тыйым салынады.»;

36) 65-баптың 4-тармағында:
«табиғат ескерткiштерi» деген сөздердiң алдынан «республикалық маңызы бар» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Мемлекеттiк табиғи қорықтарды, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердi, мемлекеттiк табиғи резерваттарды құру немесе кеңейту кезiнде жергiлiктi маңызы бар табиғат ескерткiштер жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тiзбесiнен шығарылады және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аталған түрлерiн құру мен кеңейтудiң техникалық-экономикалық негiздемелерi болған жағдайда, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тiзбесiне енгiзiледi.»;

37) 66-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарында осы салада мамандандырылған ұйым әзiрлеген жобаларға сәйкес оларды сақтау мен қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралар жүргiзiледi.»;

38) 67-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) гидрогеологиялық – жерасты суларының бiрегей көздерiн сақтау үшiн.»;

39) 68-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Мемлекеттiк табиғи қаумалдардың шекаралары меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiнiң шекаралары бойынша немесе табиғи географиялық шептер бойынша айқындалады және жергiлiктi жерлерде арнайы белгiлермен белгiленедi.»;

40) 78-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, оның iшiнде олардың дириваттарын алып қоюға:
1) арнайы жасалған жағдайларда өсiру және кейiннен мекендеу ортасына жiберу;
2) аң аулаудың ұлттық түрлерiн дамыту;
3) ғылыми зерттеулер;
4) селекция үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша айрықша жағдайларда жол берiледi.»;

41) 81-бапта:
1-тармақ «Экологиялық дәлiздер» деген сөздерден кейiн «барлық санаттағы жер учаскелерiнде оларды жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алып қоймай,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Экологиялық дәлiздер режимiнiң ерекшелiктерi ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында айқындалады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Экологиялық дәлiз құру туралы шешiмдi жаратылыстану-ғылыми негiздеме негiзiнде уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қабылдайды.
Экологиялық дәлiздердiң шекаралары табиғи географиялық шептер бойынша белгiленедi және жергiлiктi жерлерде арнайы белгiлермен белгiленедi.
Экологиялық дәлiздердi қорғау мен басқаруды табиғат қорғау мекемелерi жүзеге асырады. Экологиялық дәлiздер уәкiлеттi органның шешiмдерiмен табиғат қорғау мекемелерiне бекiтiп берiлетiн болады.».

11. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 15, 120-құжат):

1) 12-баптың 3-тармағының 8) тармақшасындағы «оны пайдалану» деген сөздер «пайдалану» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) аталған Заңға қосымшада:
1-тармақтың 22) тармақшасындағы «оларды пайдалану» деген сөздер «, пайдалану» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта 13) тармақшадағы «қызметiне жүзеге асырылады.» деген сөздер «қызметiне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласында;
15) орман қорын сақтау, қорғау, пайдалану, ормандарды молайту және орман өсiру саласында;
16) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында жүзеге асырылады.».

2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 4-тармағы 60) тармақшасын, 64) тармақшасының екiншi, үшiншi және төртiншi абзацтарын; 7-тармағы 1) тармақшасының үшiншi абзацын, 2), 3) және 4) тармақшаларын; 9-тармағы 4) тармақшасының алтыншы абзацын, 5) тармақшасының жиырмасыншы және жиырма бiрiншi абзацтарын, 6) тармақшасының үшiншi, отыз алтыншы және отыз жетiншi абзацтарын, 14) тармақшасының төртiншi абзацын, 22) тармақшасының екiншi абзацын, 27) тармақшасының төртiншi абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2. Осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 9) тармақшасының оныншы абзацы орман шаруашылығын жобалау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар бөлiгiнде өз қолданысын 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатады.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina