ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Инструкции  »  Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Инструкции

   Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін беру және ақпаратын пайдалану жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 10 шілдедегі N 118-П бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын
басқару агенттігі Төрағасының
2009 жылғы 10 шілдедегі
N 118-П бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін беру және ақпаратын пайдалану жөніндегі нұсқаулық

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 158-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік құпияларды және өзге шектеуліктерді қамтымайтын мемлекеттік жер кадастрының (бұдан әрі – Кадастр) мәліметтерін беру және оның ақпаратын пайдалану тәртібін нақтылайды.
2. Кадастр мәліметтері беріледі:
1) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органымен – Қазақстан Республикасы жерінің сапасы және пайдаланылуы туралы мәліметтер:
жер санаттары бойынша;
әкімшілік-аумақтық бірліктері бойынша;
алқаптардың түрлері, олардың саны және сапасының жағдайы бойынша;
2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жер балансында болатын жерлері туралы мәліметтер:
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жерінің жалпы көлемі туралы;
жерді жер санаттары бойынша бөлу;
алқаптардың түрлері бойынша бөлу;
Кадастрда болатын жердің жағдайы және пайдаланылуы туралы мәліметтер;
3) Кадастрды жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорындар - жер-кадастрлық істерді қамтитын, жер учаскелері туралы мәліметтерді:
жер учаскелерін құқықтардың жеке және заңды тұлғаларға тиістілігі;
жер учаскелерінің орналасқан жері және олардың шекаралары;
шектес жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылары;
жер учаскелерін пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар;
жер учаскелерінің бөлінетіндігі және бөлінбейтіндігі;
жер учаскелерінің нысанды тағайындалуы;
жер учаскесіне құқықтың түрі;
өтеулі негізде берілген жер учаскесінің бағалау құны;
жерлердің сапалық жағдайы туралы (жер учаскесінің топырақ және геоботаникалық сипаттамасы, оның мелиоративтік жағдайы) және жер мониторингі мәліметтері, жер-кадастрлық, топырақ және геоботаникалық карталардан үзінді көшірмелер;
жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары.
3. Жер кадастрының мемлекеттік құпия мен өзге де шектеулерді қамтымайтын мәліметтері баршаға қолжетімді болып табылады және мүдделі жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде беріледі. Жер кадастрының мәліметтерін мемлекеттік органдарға беру ақысыз негізде осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Кадастрдың мәліметтерін жеке және заңды тұлғаларға беру үшін төлемақының мөлшеріне мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынның мәліметтерді әзірлеуге, оларды рәсімдеуге және жіберуге жұмсалған шығындары кіреді, және ол Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мекеме туралы" Заңының 26-бабына сәйкес белгіленеді.
5. Мәліметтерге сұрау салып отырған мемлекеттік органдар осы органның бірінші басшысы немесе мемлекеттік органның басшысының міндетін атқарушының қолы қойылған органның тиісті бланкідегі, жазбаша сұрау негізінде беріледі.
6. Кадастр мәліметін алуға мүдделі тұлға тиісті ұйымға өзінің реквизиттерін, сұрап отырған мәліметтердің сипаттамасын және көлемін, беру нысаны мен жеткізу тәсілін көрсете отырып жазбаша өтініш береді.
Өтінішті сенiм бiлдiрiлген тұлға берген жағдайда "сенімхат бойынша" деген жазба енгізіледі және өтінішті білдіруші тұлға туралы мәліметтермен қатар сенiм бiлдiрiлген тұлға туралы мәліметтер де көрсетіледі.
Мүдделі жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдарды қоспағанда, өтініштен басқа, Кадастрды жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынға келесі құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке тұлғалар ұсынады);
2) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесін (мемлекеттік емес заңды тұлғалар ұсынады);
3) сенімхаттың көшірмесін (сенімхат берілген тұлғалар);
4) заңнамада белгіленген жағдайларда, өкілдің өкілеттілігін куәландыратын құжаттың көшірмесін;
5) мәліметтерді беру қызметі үшін төлемақының төлегені туралы түбіртекті ұсынады.
7. Жер учаскесі туралы мәлімет алу үшін, өтініште сол жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, ал егер ол болмаған жағдайда, жер учаскесінің орналасқан орнының сипаттамасы көрсетіледі.
8. Нақты аумақтың шекараларында орналасқан бірнеше жер учаскелері туралы мәліметтерді алу үшін, өтініште аталған аумақтың сыртқы шекараларының сипаттамасы беріледі.
9. Нақты өңірдің бар жерлері және оның сапасының жағдайы туралы мәліметтер алу үшін, өтініште өңірдің атауы және сұрап отырған мәліметтердің құрамы көрсетіледі.
10. Мәліметтердің сипаты мен көлеміне байланысты ресми сұраныс кезінде өтініш:
Республиканың жер қоры бойынша - жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органға, Кадастрды жүргізетін мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорынға;
нақты жер учаскесі, бір ауданның шегіндегі жер учаскелерінің тобы, тұтас алғанда аудан бойынша – аудандық жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға, Кадастрды жүргізетін облыстық мамандандырылған кәсіпорынға, немесе оның аудандық жер-кадастрлық бөлімшесіне;
облыстық жер қоры бойынша – облыстық жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға, Кадастрды жүргізетін облыстық мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынға;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жер учаскелері, жер учаскелерінің тобы бойынша – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға, республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе облыстың кадастрды жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынға беріледі.
11. Кадастрдың мәліметтері өтініш берілген сәттен он жұмыс күні мерзіміне дейін қағаз және (немесе) электронды тасымалдағыштарда үзінді түрінде, сондай-ақ техникалық және телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдана отырып, Кадастр деректерi банкiсіне тiкелей санкцияландырылған рұқсат түрiнде берiледi.
12. Кадастрдың мәліметтерін беруден бас тартудың дәлелді себептерi көрсетiлуі және өтініш берілген сәттен он жұмыс күні мерзіміне дейін өтініш иесіне жіберілуі тиіс.
Осы Нұсқаулықтың 5 және 6-тармағында тізімделген құжаттарды бермеу (немесе толығымен бермеу) Кадастрдың мәліметтерін беруден бас тартуға негіз болып табылады.
13. Кадастрдың мәліметтерін беру туралы өтініш және осы мәліметтерді беру фактісі берілген мәліметтердің есеп кітабында тіркеледі.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina