ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Инструкции  »  Сот-наркологиялық сараптамалар өндiру жөнiндегi...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Инструкции

  Сот-наркологиялық сараптамалар өндiру жөнiндегi нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 12 наурыздағы № 165 бұйрығымен бекiтiлдi

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
2010 жылғы 12 наурыздағы
№ 165 бұйрығымен бекiтiлдi

Сот-наркологиялық сараптамалар өндiру жөнiндегi нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы нұсқаулық «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының кодексiне, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуальдық, Азаматтық процессуалды кодексiне, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының кодексiне, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» (бұдан әрi - Заң) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасындағы сот-наркологиялық сараптаманы ұйымдастыру негiздерiн, өндiрiс тәртiбiн анықтайды.
2. Осы нұсқаулықты мына ұғымдар пайдаланылады:
1) сот-наркологиялық сараптама органдары - денсаулық сақтау мемлекеттiк басқармасының жергiлiктi органдарының мамандандырылған наркологиялық медициналық ұйымдары, олардың мiндетiне Заңнамамен белгiлеген тәртiптен сот-наркологиялық сараптаманы өндiру жатқызылады;
2) сот-наркологиялық сараптамасы органының басшысы - сот-наркологиялық сараптама органының сот-сараптамалық қызметiне басшылық жүргiзушi тұлға (наркологиялық ұйымның бiрiншi басшысы);
3) сот-наркологиялық сарапшы – Қылмыстық процестi жүргiзушi орган (тұлға), сот немесе заңнама белгiлеген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды тұлға) сот-наркологиялық сараптаманы өндiрудi тапсырған заң талаптарына сәйкес келетiн тұлға;
4) сот-наркологиялық сараптама – қылмыстық, азаматтық iстер материалдарын, наркология саласындағы арнайы бiлiмдер негiзiнде жүргiзiлетiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi оны шешу үшiн маңызы бар жағдайларды белгiлеу мақсатында зерттеу.
3. Сот-наркологиялық сараптаманың негiзгi мiндеттерi:
1) азаматтық iстер бойынша - арнайы бiлiмдер негiзiнде сот-наркологиялық сарапшылары жүргiзетiн, азаматтық iс үшiн маңызы бар объектiлердi зерттеу;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша - арнайы бiлiмдер негiзiнде сот-наркологиялық сарапшылары жүргiзетiн, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер үшiн маңызы бар объектiлердi зерттеу;
3) қылмыстық iстер бойынша – арнайы бiлiмдер негiзiнде сот-наркологиялық сарапшылары жүргiзетiн, қылмыстық iс үшiн маңызы бар объектiлердi зерттеу;
4. Сот-наркологиялық сараптама органы басшысының медициналық сипаттағы мәжбүрлiк шараларды қолдану үшiн сот-наркологиялық сараптама жүргiзу кезiнде осы нұсқаулыққа 1-қосымшада көзделген психоактивтi заттарға тәуелдiлiктi емдеу түрiндегi медициналық сипаттағы мәжбүрлi шараларын қолдану үшiн мүлдем қолдануға болмайтын денсаулық күйiн анықтау үшiн басқа бейiндi дәрiгерлердi тартуға құқығы бар.
5. Сот-наркологиялық сараптамалар саны жылына 1000-нан асатын болса, сот-наркологиялық сарапшының және медициналық тiркеушiнiң бiр лауазымы қосымша енгiзiледi.

2-тарау. Сот-наркологиялық сараптама жүргiзу

6. Сот-наркологиялық сараптама жүргiзуге негiзi болып қылмыстық iстi жүргiзушi органның, Қазақстан Республикасы заңнамасы белгiлеген тәртiппен шығарылған қылмыстық, азаматтық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс сараптамасын өндiрушi органның (лауазымды тұлғаның), соттың сот-наркологиялық сараптаманы тағайындауы туралы қаулысы, анықтамасы қызмет етедi.
7. Сот-наркологиялық сараптаманы өндiру кезiнде қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк iстердiң материалдары сот-наркологиялық сараптама органының жайларында орнатылған сигнал берумен жабдықталған сейфтерде сақталады.
8. Сот-наркологиялық сараптаманы өндiру кезiнде сот-наркологиялық сарапшылары осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес тiркеу журналын толтырады, оған сот-наркологиялық сараптамадан өткен тұлға және сараптама қорытындылары туралы мәлiметтер енгiзiледi.
9. Медициналық құжаттама, сарапшылардың қорытындылары, сот-наркологиялық сараптаманы өндiрудi тiркеу журналдары, сот-наркологиялық сарапшылары қызметi туралы есептер, сот-тергеу органдарымен хат алмасу сараптама кезiнде ерекше iс жүргiзу қызметiне бөлiнiп шығады.
10. Тұтқындағы тұлғаларға қатысты сот-наркологиялық сараптама көрсетiлген тұлғалардың болған орындарында жүргiзiледi (тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы). Қажеттi жай және сот-наркологиялық сарапшылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi изолятор әкiмдiгi жүзеге асырады.
11. Қорытынды беру мүмкiн еместiгi туралы сот-наркологиялық сарапшылардың қорытындысы немесе хабарламасы сот сараптамасын тағайындаған органға (тұлғаға) олар дайындалғаннан кейiн үш күн iшiнде жiберiледi (берiледi).
12. Сот-наркологиялық сарапшысын амбулаториялық жағдайларда жүргiзiледi және одан көп бар болса, мәжбүрлеп емдеуге кеңес берiлмейдi.
13. Сот-наркологиялық сараптаманы жүргiзу үдерiсiнде психикалық аурулардың бар болуы туралы мәлiметтер анықталған кезде, сот-наркологиялық сарапшы қойылған сұраққа жауап берумен қатар сот-психиатриялық сараптаманы өндiру туралы қорытындыда көрсетуi және ұсыныс беруi тиiс.

3-тарау. Сот-наркологиялық сараптама қызметiнiң субъектiлерi

14. Сот-наркологиялық сараптама қызметiнiң субъектiлерiне: сот-наркологиялық сараптама органының басшысы, жетекшi сарапшы, сот-наркологиялық сарапшы жатады.
15. Сот-наркологиялық сараптаманы өндiрудi оңтайландыру үшiн сот-наркологиялық сараптама органының басшысы әрбiр комиссиялық сараптама мүшелерiнiң арасындағы функциональды мiндеттерiн шектеудi жүргiзедi.

4-тарау. Сот-наркологиялық сараптаманы өндiру мерзiмi

16. Сот-наркологиялық сараптаманы өндiру мерзiмi барлық қажеттi iс материалдары және тексеру объектiлерiмен сот-наркологиялық сараптаманы тағайындау туралы қаулыны, анықтаманы өндiруге қабылдаған күннен бастап есептеледi. Сот-наркологиялық сараптаманы өндiру мерзiмi отыз тәулiктен аспауы тиiс.
17. Жеңiлдетiлген сотқа дейiнгi өндiрiс бойынша iстi жүргiзу кезiнде қорытынды беру мерзiмi сот-наркологиялық сараптаманы өндiру үшiн қажеттi объектiнi берудiң жеткiлiктiлiгi жағдайында үш күннен аспауы тиiс.
Жеңiлдетiлген сотқа дейiнгi өндiрiс iстерi бойынша, ғылым және сараптама практикасының жағдайы сот-наркологиялық сарапшылардың алдына қойылған сұрақтарға жауап беруiн мүмкiндiк бермесе, бiр тәулiк iшiнде көрсетiлген мерзiмде қорытынды беру мүмкiн еместiгi туралы дәлелденген хабар берiледi.
18. Сот-наркологиялық сараптаманы өндiрудi тоқтата тұру осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес сот-наркологиялық сараптаманы өндiру мерзiмiн тоқтата тұру туралы сараптама тағайындаған органға хабар жiберуi арқылы жүргiзiледi.
19. Сот-наркологиялық сарапшы қорытынды беруге қажеттi қосымша материалдарды беру қажеттiлгi жағдайында, сот-наркологиялық сарапшылары жетi тәулiктен аспаған уақыт iшiнде қосымша материалдар беру туралы жазбаша өтiнiш жолдайды, ал жеңiлдетiлген сотқа дейiнгi өндiрiс iстерi бойынша – сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған органға (тұлғаға) осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысанда екi тәулiктен аспайтын уақыт iшiнде жiберiледi.
20. Күрделi жағдайларда (сот-наркологиялық сараптамаға жiберiлген тұлғаға қатысты тексерудiң клиникалық, зертханалық, аспаптық әдiстерi мәлiметтерiнде қайшылықтар анықталған кезде) стационарлық жағдайларда комиссиялық немесе кешендiк сот-наркологиялық сараптама жүргiзiледi.

5-тарау. Сарапшы қорытындысының құрылымы және мазмұны

21. Тексерулер нәтижелерi бойынша сот-наркологиялық сарапшылары осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысанда жазбаша қорытынды дайындайды, өздерiнiң жеке қолдарымен және жеке мөрлерiмен куәландырады. Сот-наркологиялық сараптаманы сот-наркологиялық сараптама органы өндiрген жағдайда сот-наркологиялық сарапшылардың қолы көрсетiлген органның мөрiмен расталады.
22. Қорытындыда мыналар көрсетiлуi тиiс: оны ресiмдеу күнi, сот-наркологиялық сараптаманы өндiру мерзiмi және орны; сот-наркологиялық сараптаманы өндiру негiзi; сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған орган (тұлға) туралы млiметтер; сот-наркологиялық сараптама органы және сот-наркологиялық сараптаманы өндiру тапсырылған сот-наркологиялық сарапшылар туралы мәлiметтер тапсырылған (тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi, сарапшалақ мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтiлi, ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, атқаратын қызметi); бiле тұра жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы туралы ескертiлгенi жөнiнде сот-наркологиялық сарапшының (сарапшылардың) қолымен куәландырылған белгi; сот-психиатриялық сарапшының (сарапшылардың) шешуiне қойылған сұрақтар; пайдаланылған әдiстемелер көрсетiлген тексерулердiң мазмұны және нәтижелерi; жүргiзiлген тексерулер нәтижелерiн бағалау, сот-наркологиялық сарапшылардың алдына қойылған сұрақтары бойынша қорытындыны негiздеу және тұжырымдау;
23. Сарапшылардың қорытындысы мыналарға негiзделуi тиiс:
1) клиникалық зерттеу үдерiсiнде алынған мәлiметтерг;:
2) сот-наркологиялық сараптамаға жатқызылатын тұлға туралы сипаттау мәлiметтерi бар iс материалдарындағы мәлiметтерге (iстiң бетi көрсетiле отырып); қажеттi материалдар: бұрынғы сотталғандығы туралы талап қағаздары, қылмыстық жауапкершiлiкке тарту бойынша бұрынғы үкiмдердiң көшiрмелерi, учаскелiк инспекторлардың, туысқандар мiнездемелерi;
3) психиатриялық, наркологиялық ұйымдардан алынған медициналық құжаттарға;
4) зерттеудiң аспаптық және зертханалық әдiстерiнiң нәтижелерiне.
24. Анамнездiк мәлiметтер ауру дамуының негiзгi кезеңдерiне сәйкес өткен шақтан қазiргi шаққа хронологиялық жүйелiлiкте жиналуы тиiс.
25. Анамнездiк мәлiметтерде мыналар болуы тиiс:
1) ерте даму туралы мәлiметтер;
2) тұқым қуалаушы психикалық, наркологиялық қиыншылықтар және бұзылыстар туралы мәлiметтер;
3) алған бiлiмi туралы мәлiметер;
4) еңбек жолы, әскери қызметi туралы мәлiметтер;
5) ауырғанға дейiнгi тұлғалық ерекшелiктерiн және ауырған кезiнде пайда болған сипаттық өзгерiстердi анықтау;
6) бастан кешiрген соматикалық аурулар, жарақаттар және олардың салдарларын анықтау;
7) әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы туралы мәлiметтер;
8) отбасылық жағдайы туралы мәлiметтер;
9) өзгертiлген реактивтiлiк (пайдалану түрiнiң, төзiмдiлiктiң өзгеруi, дозасы асып кеткенде қорғаныс реакциясының жоғалуы және масаю түрiнiң өзгеруi) синдромының, психикалық тәуелдiлiк синдромы және тәни тәуелдiлiк синдромының қалыптасуын көрсете отырып, үлкен наркологиялық синдромның қалыптасуы туралы мәлiметтерi енуге тиiстi ауру анамнезi. Психоактивтi заттарды соңғы қабылдау ұзақтығы және болдырмау күйлерi көрсетiледi. Психотикалық бұзылыстардың, құрысу талмаларының пайда болуы жүйелiлiгi байқалады. Бұрын жүргiзiлген емдеу және оның нәтижелерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
26. Жалпы қарауға мыналар кiруi тиiс:
1) әр түрлi зақымдану iздерiн анықтау, оның iшiнде, көктамыр, бұлшық ет инъекцияларының iздерi, «соқпақтар» (орналасу орны, түсi, пайда болған уақыты), өздiк тiлiктер (олардың пайда болған уақыты ескерiлiп), татуировкалардың ерекшелiктерi, егер олар бар болса;
2) бастан кешiрген жарақаттардан кейiнгi тыртықтарды табу үшiн бастың жүндi бөлiгiн қарау;
3) сiлемейлi ауыз қуысын қарау (тыртықтар, эпиталмалар салдары ретiндегi тiстүйi iздерiнiң болуы).
27. Анамнездегi талап етiлген шағымдар және соматикалық аурулардың болуын ескере отырып, органдар және жүйелер бойынша соматикалық күйiн зерттеу құрамына мыналар кiруi тиiс:
1) тыныс алу органдарының перкуссиясы және оларды аускультациялық түрде тексеру;
2) жүрек-тамыр жүйесiн тексеру (аускультация, артериялық қысымды, тамыр соғуы жиiлiгiн өлшеу);
3) ас қорыту органдарын тексеру (iштi пальпациялау, егер ол бар болса бауыр ұлғаюын анықтау).
28. Неврологиялық күйдi тексеру кезiнде мыналар анықталуы тиiс:
1) бас сүйек-ми нервiлерi функцияларының бұзылуы.
2) сiңiр және периосттық рефлекстер, олардың өзгерулерi, патологиялық рефлекстердiң болуы, еркiн қозғалыстардың мөлшерi, параличтердiң, қол-аяқ парездерiнiң болуы;
3) экстрапирамидалық бұзылыстар (гипокинез, гиперкинез көрiнiсi, бұлшықеттер тонусының бұзылуы, әр түрлi гиперкинездердiң болуы, дiрiл, миоклониялар);
4) мишық патологиясы және қозғалыс жұмысын басқарудың бұзылуы, сөйлеу әрекетiнiң бұзылуы, жазудың, нистагмның өзгеруi;
5) сезiмталдық және оның бұзылуы;
6) вегетативтiк нерв жүйесi функциясының бұзылуы.
29. Сот-наркологиялық сараптама жүргiзетiн тұлғаның психикалық күй бағалануы емес, суреттелуi тиiс. Бұл суреттелуде жалпылама анықтамалар және стандартты тұжырымдамалар болмауы тиiс. Белгiлi бiр симптомды немесе синдромды суреттей отырып, суреттеудi сот-наркологиялық сараптамаға жiберiлген тұлғаның сыртқы әлпетi және мiнез құлқын суреттеуден бастау керек. Суреттеуге сана күйi, аффекттiк, ерiк, психомоторлық бұзылыстар, түйсiк, ойлау, зерде, зейiн, жад бұзылыстары жатады. Бұл ретте сұрау белсендi, жоспарлы және мақсатты түрде жүргiзiлуi тиiс. Психопатологиялық симптомдарды суреттеу бытыраңқы және кездейсоқ түрде емес, бiр-бiрiмен өзара байланыста және жүйелi түрде жүргiзiлуi тиiс.
Түйсiк және сандырақ күйзелiстерiнiң бұзылуы қысқаша түрде, ауру күйзелiстерiнiң нақтылығын қалай дәлелдейтiнi көрсетiле отырып, баяндау қажет. Пароксизмалы бұзылыстарды суреттеудi (құрысу, құрысусыз талмалар) еске алу және куәлардың мәлiметтерi бойынша, олардың пайда болуы және психоактивтi заттарды қабылдауды тоқтату арасындағы уақыттағы байланысты қадағалай отырып, жүргiзу керек. Психикалық статусты тексеру оның сот-наркологиялық сараптамаға қатынасын және өз халiн бағалауын анықтаумен аяқтау қажет.
30. Сот-наркологиялық сараптаманы өндiру барысында қажеттiкке қарай зертханалық (организмнiң биологиялық ортасын тексеру (зәр, қан) психоактивтi заттардың болуына, жалпы қан анализi, жалпы зәр анализi, қан микрореакциясы және басқалар) және аспаптық (iшперде қуысы ағзаларына ультрадыбыстық тексерулер, бас миының компьютерлiк томографиясы және басқалар) әдiстерi қолданылады.
31. Соңғы жылы кеуденiң рентгенологиялық тексерулерiнiң мәлiметтерi мiндеттi болып табылады.
32. Жүргiзiлген сот-наркологиялық сараптамаға нәтижелерi бойынша сот-наркологиялық сарапшылар қорытындыларының негiздеулерiмен жүргiзiлген тексерулер нәтижелерiне бағалау жүргiзiледi.
33. Қорытындыларда сот-наркологиялық сарапшының (лардың) алдына қойылған сұрақтарға жауап болуы тиiс, сондай-ақ сараптама тексеруi барысында анықталған қосымша жауаптар болуы мүмкiн.

6-тарау. Қорытындыны беру мүмкiн еместiгi туралы хабардың құрылымы мен мазмұны

34. Қорытындыны беру мүмкiн еместiгi туралы хабарлама осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес рәсiмделедi және мыналар көрсетiлуi тиiс: оның ресiмделу күнi, сот-наркологиялық сараптаманы жүргiзу мерзiмдерi; сараптаманы өндiру негiздерi; сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған тұлға туралы мәлiметтер; сот-наркологиялық сараптама органы және (немесе) сот-наркологиялық сарапшы (сарапшылар) туралы мәлiметтер, оларға сараптаманы өндiру тапсырылған (тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтiлi, ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, атқаратын қызметi); бiле тұра жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы туралы ескертiлгенi жөнiнде сот-наркологиялық сарапшының (сарапшылардың) қолымен куәландырылған белгi; сот-наркологиялық сарапшының (сарапшылардың) шешуiне қойылған сұрақтар; зерттеу объектiлерi; сот сарапшысының (сарапшыларының) алдына қойылған сұрақтарға жауап беру мүмкiн еместiгiнiң негiзделуi;

Сот-наркологиялық
сараптаманы өндiру
жөнiндегi Нұсқаулыққа
1-қосымша

Нысан

Сот-наркологиялық
сараптаманы өндiрудi тiркеу
Журналы
(бұдан әрi - СНС)

Т.А.Ә

Жынысы

Туған жылы

СНС жүргiзу туралы қаулыны кiм бердi және қашан берiлдi

СНС өткiзiлген күн

1

2

3

4

5

6

*

Журналдың жалғасы

Диагноз

Қорытынды

Медициналық сипаттағы ұсынылатын шаралар

Қорытынды берiлген күн

Қорытынды кiмге берiлдi

Ескерту

7

8

9

10

11

12

Сот-наркологиялық
сараптаманы өндiру
бойынша Нұсқаулыққа
2-қосымша

Нысан

_________________________________________________________________
(Сот-наркологиялық сараптама органының атауы)

Сот-наркологиялық сараптама өндiру мерзiмiн тоқтата тұру туралы хабарлама

____________________________________________________________Хабарлама кiмге жiберiлетiнiн, сараптаманы тағайындаған орган (тұлға)

20 ___ж. «___» _______________

Сот-наркологиялық сараптаманы жүргiзу мерзiмi: 20__ж. «__»_________-дан 20___ж. «___» _________-ға дейiн.
Сот-наркологиялық сараптаманы тоқтата тұру мерзiмi: 20__ж. «__»_________-дан 20___ж. «___» _________-ға дейiн.
Сот-наркологиялық сараптама тағайындалған тұлға
___________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы)

ҚР ҚК- бабымен айыпталған немесе куә, жәбiрленушi, талапкер, жауапкер; 20 __ж.«____»____________ қаулыға (анықтамаға) сәйкес ____________________________________________________ туралы сұрақ шешiлуi тиiс тұлға болып табылушы.

Сараптама өндiру мерзiмiн тоқтата тұру себептерi:
_____________________________________________________________
___________________________________________________________________

Сот-наркологиялық сараптама
органының басшысы ____________________________
Басшының қолы

Сот-наркологиялық сараптама
Органының мөрi

Сот-наркологиялық
сараптаманы өндiру
бойынша Нұсқаулыққа
3-қосымша

Нысан

________________________________________________________________
(Сот-наркологиялық сараптама органының атауы)

Сот-наркологиялық сараптама қорытындысын беру үшiн қажеттi қосымша материалдарды беру туралы қолдау хат

___________________________________________________________Хабарлама кiмге жiберiлетiнiн, сараптаманы тағайындаған орган (тұлға)

20 ___ж. «___» ____________

Сот-наркологиялық сараптама өндiру мерзiмi:
20 ___ж. «____» _______ -дан 20 ___ж. «____» ______ -ға дейiн
Сот-наркологиялық сараптама тағайындалған тұлға
___________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы)

Күдiктi, ҚР ҚК- бабымен айыпталған немесе куә, жәбiрленушi, талапкер, жауапкер; 20 __ж.«____»____________ қаулыға (анықтамаға) сәйкес _____________________________________________ туралы сұрақ
шешiлуi тиiс тұлға болып табылушы.
Осы сұранышқа қысқаша негiздеулермен сот-наркологиялық сарапшылардың қорытындыны беруi үшiн қажеттi қосымша материалдардың тiзбесi:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Сот-наркологиялық сараптама
органының басшысы ___________________
Басшының қолы

Сот-наркологиялық сараптама
органының мөрi

Сот-наркологиялық
сараптаманы өндiру
бойынша Нұсқаулыққа
4-қосымша

Нысан

_________________________________________________________________

ОКУД бойынша нысан коды _______
ОКПО бойынша ұйым коды ________

_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(Сот-наркологиялық сараптама органының атауы)

Сарапшының қорытындысы №_____

1. Ресiмдеу күнi _________________
2. Сараптаманы өндiру мерзiмi және орны _________________________
3. Тегi, аты, әкесiнiң аты ______________________________________
4. Жасы _________________________________________________________
5. Мекенжайы ____________________________________________________
(сараптаманы тағайындаған органның немесе тұлғаның қаулысына (анықтамаға) сәйкес ______бабы бойынша айыпталатын немесе куә, жәбiрленушi, талапкер, жауапкер; арнайы медициналық ұйымға мәжбүрлi емдеуге жiберу; медициналық сипаттағы мәжбүрлiк шаралар қолдану; әрекетке қабiлеттiлiгi; кәмелетке толмаған адамды наркологиялық ұйымға тиiстi ем қабылдауға жiберу туралы сұрақ қойылып отырған адамның мекенжайы).
6. Алғашқы, қайталанған, қосымша сараптама (сызылсын); соңғы екi жағдайда сараптама қашан және кiм өткiзгенi, сарапшылардың қорытындылары көрсетiледi _______________________________________
_________________________________________________________________
7. Сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған орган туралы мәлiметтер
_________________________________________________________________
8. Сараптама рұқсат беруге қойылатын сұрақтар:
1) ______________________________________________________________
_________________________________________________________________
2) ______________________________________________________________
3) ______________________________________________________________
4) ______________________________________________________________
9. Сот-наркологиялық сараптама органы туралы мәлiметтер_________________________________________________________________
10. Сарапшылар туралы мәлiметтер:
_________________________________________________________________
(Т.А.Ә, бiлiмi, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтiлi, ғылыми дәрежесi мен атағы, лауазымы)
9. Қорытынды беруден бас тартуы немесе бiле тұра жалған қорытынды бергенi үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң 352-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы туралы ескертiлгенi туралы
_________________________________________________________________
(сарапшылардың қолы)
10. Сараптама кезiнде шешiлуге жатқызылатын және «Қорытындының» басқа тараулары мына парақтарда жазылады.
11. Сот-наркологиялық сараптама кезiнде қатысқан процеске қатысушылар туралы мәлiметтер ________________________________________________
__________________________________________________________________
12. Процеске қатысушылардың түсiндiруi мәлiметтерi _______________
__________________________________________________________________
13. Iс материалдарын тексеру _____________________________________
__________________________________________________________________
14. Медициналық құжаттарды тексеру (наркологиялық және психиатриялық ұйымдардың мәлiметтерi) __________________________________________
__________________________________________________________________
15. Анамнездiк мәлiметтер (оның iшiнде медициналық құжаттардан)
__________________________________________________________________
16. Осы тексеру кезiнде мыналар анықталды
1) Жалпы қарау: __________________________________________________ __________________________________________________________________
2) Соматикалық күй _______________________________________________
3) Неврологиялық күй _____________________________________________
__________________________________________________________________
4) Психикалық күй ________________________________________________
5) Зертханалық және аспаптық тексерулердiң мәлiметтерi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
6) Рентгенологиялық тексерулердiң мәлiметтерi
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
17. Жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерiн бағалау
__________________________________________________________________ 18. Қойылған сұрақтар бойынша қорытындыларды негiздеу және тұжырымдау __________________________________________________________________ __________________________________________________________________

Сот-наркологиялық сарапшының (лардың) қол(дар)ы:
Сот-наркологиялық сараптама органының мөрi

Сот-наркологиялық
сараптаманы өндiру
бойынша Нұсқаулыққа
5-қосымша

Нысан

Сот-наркологиялық сараптаманың қорытындысын беру мүмкiн еместiгi туралы хабарлама

1. Ресiмдеу күнi ________________________________________________
2. Сараптаманы өндiру мерзiмi және орны _________________________
3. Тегi, аты, әкесiнiң аты ______________________________________
4. Жасы _________________________________________________________
5. Мекенжайы ____________________________________________________
(сараптаманы тағайындаған органның немесе тұлғаның қаулысына (анықтамаға) сәйкес________бабы бойынша айыпталатын немесе куә, жәбiрленушi, талапкер, жауапкер; наркологиялық көмек көрсетушi медициналық ұйымға мәжбүрлi емдеуге жiберу; медициналық сипаттағы мәжбүрлiк шаралар қолдану; әрекетке қабiлеттiлiгi; кәмелетке толмаған адамды наркологиялық ұйымға тиiстi ем қабылдауға жiберу туралы сұрақ қойылып отырған адамның мекенжайы).
7. Сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған орган туралы мәлiметтер _________________________________________________________
8. Сараптама шешуiне қойылатын сұрақтар:
1) ______________________________________________________________
_________________________________________________________________
2) ______________________________________________________________
_________________________________________________________________
3) ______________________________________________________________
4) ______________________________________________________________
9. Сот-наркологиялық сараптама органы туралы мәлiметтер_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
10. Сарапшылар туралы мәлiметтер: _______________________________
_________________________________________________________________
(Т.А.Ә, бiлiмi, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтiлi, ғылыми дәрежесi мен атағы, лауазымы)
9. Қорытынды беруден бас тартуы немесе бiле тұра жалған қорытынды бергенi үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң 352-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы туралы ескертiлгенi туралы __________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(сарапшылардың қолы)
10. Сараптама кезiнде шешiлуге жатқызылатын және «Қорытындының» басқа тараулары мына _______ парақтарда жазылады.
11. Сот-наркологиялық сарапшының (лар)дың алдына қойылған сұрақтарға жауап беру мүмкiн еместiгiн негiздеу
_________________________________

Сот-наркологиялық сарапшының (лардың) қол(дар)ы:
Сот-наркологиялық сараптама органының мөрi


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina