ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Инструкции  »  Сот-психиатриялық сараптамалар өндiру жөнiндегi...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Инструкции

  Сот-психиатриялық сараптамалар өндiру жөнiндегi нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 12 наурыздағы № 164 бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрiнiң 2010 жылғы
12 наурыздағы № 164
бұйрығымен бекiтiлген

Сот-психиатриялық сараптамалар өндiру жөнiндегi нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Нұсқаулық «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының кодексiне, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуальдық, Азаматтық-процессуальдық кодекстерiне, Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне, «Қазақстан Республикасында сот-сараптамалық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасында сот-психиатриялық сараптама өндiрудiң ұйымдастыру негiздерiн айқындайды.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) сот-психиатриялық сараптама органдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми практикалық орталығы» Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын және денсаулық сақтау мемлекеттiк басқармасының мамандандырылған психиатриялық ұйымдарының жергiлiктi органы, олардың қызметiне сот-психиатриялық сараптама iсiн жүргiзу жатқызылады;
2) сот-психиатриялық сараптама органының жетекшесi - сот-психиатриялық сараптама органы сот-сараптау қызметiне басшылықты жүзеге асыратын тұлға (сот-психиатриялық сараптама органының бiрiншi басшысы);
3) сот-психиатриялық сарапшы - қылмыстық процестi жүргiзушi орган, сот немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды тұлға) сот-психиатриялық сараптаманы өндiрудi тапсырған Заң талаптарына сәйкес тұлға;
4) Сот-психиатриялық сараптама – сот-психиатриясы саласында, шешiм үшiн маңызы бар iстiң мән-жайын анықтау мақсатында арнайы ғылыми бiлiм негiзiнде жүргiзiлетiн қылмыстық, азаматтық iс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер материалдарын зерттеу;
5) Сот-психиатриялық сараптаманы комиссиямен кем дегенде екi сот-психиатриялық сарапшы жүргiзуi ал ақыл-есiнiң дұрыстығы туралы мәселесi бойынша iсiн жүргiзу үшiн кем дегенде үш сот-психиатриялық сарапшы тағайындалады.
3. Сот-психиатриялық сараптаманың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) қылмыстық iстер бойынша - қылмыстық iстер үшiн маңызы бар, арнаулы ғылыми бiлiмдерi негiзiнде, сот-психиатриялық сарапшылар жүргiзетiн объектiлердi зерттеу;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық азаматтық iстерi бойынша - әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерi бойынша маңызы бар, арнаулы ғылыми бiлiмдерi негiзiнде, сот-психиатриялық сарапшылар жүргiзетiн объектiлердi зерттеу;
3) азаматтық iстер бойынша - азаматтық iстер үшiн маңызы бар, арнаулы ғылыми бiлiмдерi негiзiнде сот-психиатриялық сарапшылар жүргiзетiн объектiлердi зерттеу.

2-тарау. Сот-психиатриялық сараптама өндiру

4. Сот-психиатриялық сараптама өндiру негiзi қылмыстық, азаматтық iс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс сараптамасын өндiрушi органның, соттың, қылмыстық процестi жүргiзушi органның сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау туралы қаулы, анықтамасы болып табылады.
5. Сот-психиатриялық сараптаманы комиссиялық түрде кемiнде екi сот-психиатриялық сарапшылары жүргiзедi, ал ақылы дұрыстығы туралы мәселе бойынша сот-психиатриялық сараптаманы өндiру үшiн кемiнде үш сот-психиатриялық сарапшылар тағайындалады.
6. Сот-психиатриялық сараптама өндiру кезiнде қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк iстер материалдары сигналдаушы дыбыспен жабдықталған, сот-психиатриялық сараптама органдары бөлмесiнде орнатылған сейфтерде сақталады.
Медициналық құжаттар, сот-психиатриялық сарапшылардың қорытындылары, сот-психиатриялық сараптамаларды тiркеу журналы, сот-психиатриялық сараптама органының сот-сарапшылық қызметi туралы есеп, сот-психиатриялық сараптама органдарындағы сот-психиатриялық сараптаманы өндiру мәселесi бойынша әртүрлi органдармен (тұлғалармен) хат алмасу ерекше iс жүргiзуге берiледi
7. Сот-психиатриялық сараптама өндiру кезiнде сот-психиатриялық сараптамасының объектiсi болып саналатын адамның психикалық көңiл-күйiне өзгерiс енгiзе алатын, үшiншi бiр адамның қатысуын болғызбау керек.
8. Сот-психиатриялық сарапшылар қорытындыны беру немесе қорытынды беру мүмкiн еместiгi туралы хабар сот сараптамасын тағайындаған органға (тұлғаға) ол әзiрленгеннен кейiн сараптама үш күн iшiнде жiберiледi.
9. Амбулаториялық сот-психиатриялық сараптама өндiру кезiнде қаулыда көрсетiлгендей сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарым егер бiр мәселе бойынша болса, сот сарапшысы қорытынды бередi, ал басқаша жағдайда қорытынды беру мүмкiндiгi жоқ екенi туралы хабарлама жiберу негiздемесi бар болса, олар бiрыңғай құжат – сот-психиатриялық сарапшы қорытындысын жазады.
10. Стационарлық сот-психиатриялық сараптама өндiру кезiнде егер қаулыда көрсетiлгендей сот сараптамасының тағайындау ұйғарымы тек бiр мәселе бойынша болса, сот сарапшысы қорытынды бередi, ал басқаша жағдайда қорытынды беру мүмкiндiгi жоқ екенi туралы хабарлама жiберу негiздемесi бар болса, ол бiрыңғай құжат - сот-психиатриялық сарапшының Қазақстан Республикасы белгiлеген Заңы бойынша уақытша психикалық бұзылудан шаққанға дейiн емдеу жүргiзу туралы ұсыныс және сарапшылар мәселесiн шешу үшiн одан кейiн сот-психиатриялық сараптама тағайындаған қорытындысын жазады.

3-тарау. Сот-психиатриялық сараптама қызметiнiң субъектiлерi

11. Сот-психиатриялық сараптама қызметiнiң субъектiлерiне сот-психиатриялық сараптама органының басшысы, жетекшi сот-психиатриялық сарапшы, сот-психиатриялық сарапшы жатады.
12. Сот-психиатриялық сараптама өндiрiсiн оңтайландыру үшiн сот-психиатриялық сараптама органының жетекшiсi әрбiр комиссиялық сараптама мүшелерiнiң барлығының арасындағы қызметтiк мiндеттерiне функциональдық шектеу жүргiзедi.

4-тарау. Сот-психиатриялық сараптама өндiрудiң мерзiмдерi және оларды есептеу тәртiбi

13. Сот-психиатриялық сараптама өндiрудiң мерзiмi сот сараптамасы органы немесе қаулыны өндiруге сот-психиатриялық сарапшы ретiнде тартылған сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын тұлға сот-психиатриялық сараптама және оның объектiлерiн тағайындау туралы ұйғарымды қабылдаған күннен бастап есептелiнедi.
14. Сот-психиатриялық сараптама өндiру мерзiмiн ұзарту сот-психиатриялық сараптама басшысының дәлелдi қолдаухаты бойынша немесе осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот-психиатриялық сараптама органның қызметкерi болып табылмайтын сот-психиатриялық сарапшы (сот-психиатриялық сарапшылар) тек мына ерекше жағдайларда жүргiзедi:
1) сот-психиатриялық сараптама тағайындалған адамның оны жүргiзу үдерiсi кезiнде психикалық және (немесе) тәни жай–күйiнiң күрт өзгеруi;
2) сот-психиатриялық сараптаманы өндiру үдерiсiнде қосымша зерделеудi талап ететiн және сот-психиатриялық сарапшылардың қорытындысына маңызды ықпал көрсетуi мүмкiн жаңа жағдайлардың пайда болуы кезiнде.
15. Сот-психиатриялық сараптаманы өндiру үшiн медициналық ұйымдарда адамдардың болу мерзiмiн ұзарту ерекшелiгiн Заң белгiлейдi.
16. Сот-психиатриялық сараптама күрделiлiгi санатын анықтау критерийлерi:
1) күрделi сараптама – сараптау мәселелерiн амбулаториялық жағдайда 20 тәулiктен аспайтын мерзiмде шешу мүмкiндiгi бар сот-психиатриялық сараптама;
2) ерекше күрделi сараптамалар – стационарлық сараптама жүргiзу үшiн түрлi мамандарды қатыстыру қажет және сот сараптамасы тағайындалған тұлға аса ауыр қылмыс санатына жататын қылмыспен айыпталса, онда сот-психиатриялық сараптаманы өндiру мерзiмi 30 тәулiктен аспауы тиiс сот-психиатриялық сараптама.
17. Сот-психиатриялық сараптама жүргiзудi тоқтата тұру сот-психиатриялық сараптаманың мерзiмiн 10 тәулiктен аспайтын уақытқа тоқтата тұру туралы хабарлама жiберу арқылы, ал жеңiлдетiлген, сотқа дейiнгi өндiрiстiк iстер бойынша үш тәулiктен артпауы Заңда қарастырылған тәртiпте, осы нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргiзiледi.
18. Сот-психиатриялық сарапшылар қорытындысын беру үшiн қажеттi қосымша материалдарды зерделеу қажеттiгi жағдайында сот-психиатриялық сарапшылар сот-психиатриялық сараптаманы тағайындаған органға (тұлғаға) жетi тәулiк iшiнде құрастырылған қосымша материалдарды ұсыну туралы жазбаша қолдаухат жiбередi, ал жеңiлдетiлген сотқа дейiнгi өндiрiстiк iстер бойынша – осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот-психиатриялық сараптаманың өндiрiсiнiң басталуынан 2 тәулiктен аспайтын уақытта.
19. Жеңiлдетiлген сотқа дейiнгi өндiру шеңберiнде амбулаториялық сот-психиатриялық сараптаманы өндiру мерзiмi сот-психиатриялық сараптау және iс материалдары, сондай-ақ сот психиатриялық сарапшылық зерттеу объектiсi тағайындалған туралы қаулы алынған кезден бастап үш тәулiктен аспауы керек.
Сот психиатриялық сарапшылар алдына қойған мәселелерге ғылым және сарапшылық практика жағдайы жауап беру мүмкiндiгi болмаса, жеңiлдетiлген сотқа дейiнгi өндiрiстiк iстер бойынша бiр тәулiк iшiнде көрсетiлген мерзiмде қорытынды беру мүмкiндiгi жоқ екенiн дәлелдейтiн хабарлама жiберiледi.

5-тарау. Сарапшы қорытындысының құрылымы және мазмұны

20. Сот-психиатриялық сарапшылар зерттеулерiнiң нәтижелерi бойынша осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша жазбаша қорытынды жасайды, оны өз қолымен куәландырады және өз мөрiн басады. Сот-психиатриялық сараптама органының сот-психиатриялық сараптаманы өндiру жағдайында сот-психиатриялық сарапшылардың қолдары көрcетiлген органның мөрiмен куәландырады.
21. Егер сот-психиатриялық сарапшылар өзара келiспеген жағдайда, олардың әрқайсысы немесе сот-психиатриялық сарапшылардың бөлiгi жеке қорытынды беретiн болса, комиссия мүшелерiнiң қалғандарының қорытындысы пiкiрiмен келiспеген сот-психиатриялық сарапшы қорытындыда оны бөлек тұжырымдама бередi.
22. Қорытындыда мыналар көрсетiлуi керек: оны рәсiмдеу күнi; сот-психиатриялық сараптаманы өндiру мерзiмi және орны; сот-психиатриялық сараптама өндiрудiң негiздемесi; сот-психиатриялық сараптама тағайындаған орган (тұлға) туралы мәлiмет; сот-психиатриялық сараптама өндiрiсi тапсырылған сот-психиатриялық сараптама және сот-психиатриялық сарапшылар органы туралы мәлiмет (аты-жөнi, әкесiнiң аты, бiлiмi, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтiлi, ғылыми дәрежесi, ғылыми атауы, лауазымы); әдейi жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауапкершiлiгi туралы олар ескертiлгенi жайлы сот-психиатриялық сарапшылар қолымен куәландырылған белгi; сот-психиатриялық сарапшылар шешуге қойылған мәселелер; пайдаланылған әдiстемелердi көрсете отырып, мазмұны мен зерттеу нәтижелерiн беру; жүргiзiлген зерттеулер нәтижесiн бағалау; сот-психиатриялық сарапшылардың алдына қойылған мәселелер бойынша негiздемелер мен тұжырымдау қорытындысы.
23. Сыртартқылық мәлiметтер бұрынғыдан бүгiнге дейiнгi жүйелiлiкте хронологиялық бiрiздiлiкте жинақталуы тиiс. Сыртартқылық сұлба мәлiметтерi сот-психиатриялық өмiр оқиғаларының туғанынан бастап сараптама өндiрiсiнiң басталғанына дейiнгi сәттердi қамтиды, оған еңбек, отбасылық, сексуалдық, некелiк, әлеуметтiк (оның iшiнде криминалдық) сыртартқы кiредi.
24. Сыртартқылық мәлiметтердi суреттеу мыналарға бағытталуы тиiс:
1) психикалық бұзылулардың пайда болуы уақыты, сот-психиатриялық сараптама өндiрiсi тағайындалған тұлға өмiрiнiң одан әрi күрделенуi немесе өмiрiнiң түрлi жақтарына олардың ықпалын бағалау редукциясын ескерiле отырып (қай кезден бастап психикалық бұзылудан (аурудан) зардап шегедi), анықтау, психикалық бұзылулар (аурулар) клиникаларының өмiр бойы динамикасында өзгеруi, олардың күрделенуi, тереңдей түсуi немесе босаңсуы, уақытша жоғалған функцияларының қалпына келуi);
2) ауруға дейiнгi тұлғалық ерекшелiктерiнiң және ауру уақыты кезiнде болған мiнездемелiк өзгерiстерге дейiн анықталуы;
3) әр түрлi тұрмыстық жағдайларға, жеке алғанда психикалық жарақаттарға жауап қайтаруы ерекшелiктерiнiң анықталуы;
4) бастан кешiрген тәни аурулардың және тағы басқа экзогендi терiс факторлардың анықталуы ғана емес (бас сүйек-ми жарақаты, жүйкеге әсер ететiн заттардың қолдануы), олардың психикалық күйлерге қандай ықпал көрсететiнiң анықталуы;
5) қиын жас кезеңдерi ерекшелiктерiнiң анықталуы (пубертат, инволюция);
6) бұрын психотропты препараттармен емдеу оқиғаларындағы терапиялық анамнездiң жиыны;
7) уақыт мерзiмiндегi психикалық күй және мiнез-құлық ерекшелiктерi туралы мәлiметтер, сот-психиатриялық сарапшылардың алдына қойылған сұрақтар шеңберiнде сот-психиатриялық сараптаманы тағайындаған мүдделi орган (тұлға).
25. Қорытынды беру үшiн маңызы бар қылмыстық, азаматтық, әкiмшiлiк iстерiнiң материалдарынан алынған мәлiметтер том нөмiрлерi және iстiң беттерiмен тура келуi тиiстi.
26. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның психикалық күйiн сипаттау кезiнде оның сырт пiшiнiне, қозғалысына, сөзiне, өзiн ұстауына назар аударылуы тиiс және мыналар көрсетiлуi тиiс:
1) сананың күйi – қоршаған ортада, уақытта, өзiнiң тұлғасында, сот-психиатриялық сараптама мақсатын түсiнуде бағдарлау дәрежесi;
2) ойлау, жад, зерде, әсерленгiштiк - ерiк саласының, көңiл-күйi, зейiнi және олардың бұзылуларының ерекшелiктерi;
3) сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның бұрынғы өткен психикалық бұзылуларға қатынасы;
4) сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның бойында бар психотриялық бұзылулар;
5) сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның iстi (қылмыстық, азаматтық, әкiмшiлiк құқықты бұзу бойынша) қозғауға себеп болған әрекеттерге және уақыт кезеңiне қатынасы;
6) өзiнiң жеке психикалық күйiне қатынасы.
27. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның психикалық күйiн баяндау кезiнде суреттеу әдiсi қолданылады. Тексерiлушi өзiнiң күйiн, күйзелiсiн анық сипаттаушы сөздер мен сөйлемшелер қолданған оқиғаларда, олар төл сөз түрiнде келтiрiлуi тиiс.
28. Сот-психиатриялық сарапшылар iс материалдарында сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның хаттары, күнделiктерi, ауыртатын бұзылуларын өзiндiк суреттеуi (өз күйiн жазбаша түрде суреттеу), көркем шығармашылық әрекеттерiнiң түрлерi, медициналық қызметкерлер құрамының күнделiктерiнен алынған мәлiметтер бар болса, қорытынды беру үшiн пайдаланады.
29. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғалардың пароксизмал күйлерiн болған жағдайдаларда патология сипатын анықтау үшiн олардың ұзақтығы, сыртқы көрiнулерi (цианоз, қосымша қозғалыстардың бар болуы) суреттеледi.
30. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаны жалпы қараудан өткiзуге мыналар кiруi тиiс:
1) әр түрлi зақымданулардың iздерiнiң анықталуы, оның iшiнде өзiндiк кесулер (олардың бұрынғылығын ескере отырып), татуировкалардың орналастырылуы және ерекшелiгi, егер бар болса;
2) бастың шашты бөлiгiн жарақаттардан кейiн алынған тыртықтарды табу үшiн қарау;
3) әр түрлi бұрынғылықтың инъекцияларының iздерiн анықтау, егер бар болса;
4) ауыздың шырышты қуысын тексеру (қалшылдаған ұстамалар салдарларынан тiстемдердiң iздерiнiң, тыртықтардың бар болуы).
31. Талап етiлген шағымдар және тәни аурулардың болуын ескере отырып органдар және жүйелер бойынша тәни күйдi зерттеу анамнезде мыналарды кiргiзуi тиiс:
1) перкуссия және тыныс алу мүшелерiн аускультациялы зерттеу;
2) жүрек-тамыр жүйесiн тексеру (аускультация, артерия қысымын өлшеу, тамыр соғу жиiлiгiн тыңдау);
3) ас қорыту мүшелерiн зерттеу (iштi қолмен басып қарау, бауырдың үлкеюiн анықтау, егер ондай болса).
32. Неврологиялық тексерулер кезiнде мыналар анықталуы керек:
1) бас сүйек-ми жүйкелерi функциясының бұзылулары.
2) сiңiр және периосттық рефлекстер, олардың өзгерiсi патологиялық рефлекстердiң бар болуы, еркiн қозғалыстардың көлемi, аяқ-қолдың салдануы және жартылай салдануларының бар болуы;
3) экстрапирамид бұзылыстары (гипокинез, гиперкинез көрiнiсi, бұлшық еттiк тонустың бұзылысы, әр түрлi гиперкинездердiң, дiрiлдеу, миоклонияның бар болуы);
4) мишық патологиясы және қозғалыс үйлестiрiлуiнiң бұзылулары, сөйлеу әрекетiнiң бұзылуы, жазуының, нистагмның өзгеруi;
5) сезгiштiк және оның бұзылуы;
6) вегетативтiк жүйке жүйесi функциясының бұзылулары.
33. Неврологиялық диагнозды дәлдеу қажеттiгi кезiнде тексеруiң қосымша әдiстерi жүргiзiледi:
1) қалшылдау дайындығы шегiн төмендетудi, эпилепсиялық белсендiлiктi, сондай-ақ бас миы және бас сүйек iшi гипертензиясының, ми қарыншасы көлемiнiң органикалық зақымдалуының жанама белгiлерiн тiркеудi констатациялауға мүмкiндiк беретiн эхо- және электроэнцефалографиялық зерттеулер;
2) мидың тамыр жүйесiнiң күйiн көрсетушi реоэнцефалографиялық зерттеулер (қанмен жабдықталудың каротид және вертебрал бассейндерiнiң арқасында);
3) окулистiң консультациясы (көз түбiнiң күйiн анықтау, бас миының тамырлық органикалық зақымдалуы белгiлерiн анықтау).
34. Жүргiзiлген сот-психиатриялық сараптамалардың нәтижелерi бойынша сот-психиатриялық сарапшылардың қорытындылары негiздемелерiмен жүргiзiлген сот-психиатриялық сараптамалық зерттеулер нәтижелерiнiң бағалауы жүргiзiледi.
35. Сот-психиатриялық сарапшылардың алдына қойылған сұрақтарға нақты жауаптары бар қорытындылар жеке тұжырымдалады.

6-тарау. Қорытындыны беру мүмкiн еместiгi туралы
Хабардың құрылымы және мазмұны

35. Қорытындыны беру мүмкiн еместiгi туралы хабарлама осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес рәсiмделуi және онда мыналар көрсетiлуi тиiс: оның ресiмделу күнi, сот-психиатриялық сараптаманы өндiру мерзiмдерi және орны; сот-психиатриялық сараптаманы өндiру негiздерi; сот-психиатриялық сараптаманы тағайындаған орган (тұлға) туралы мәлiметтер; сараптаманы өндiру тапсырылған сот-психиатриялық сараптама органы және (немесе) сот-психиатриялық сарапшы (сарапшылар) туралы мәлiметтер, (тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтiлi, ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, атқаратын қызметi); бiле тұра жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы туралы ескертiлгенi жөнiнде сот-психиатриялық сарапшының (сарапшылардың) қолымен куәландырылған белгi; сот-психиатриялық сарапшының (сарапшылардың) шешуiне қойылған сұрақтар; сот-психиатриялық сарапшысының (сарапшыларының) алдына қойылған сұрақтарға жауап беру мүмкiн еместiгiнiң негiзделуi.

Сот-психиатриялық сараптамалардың
өндiрiсi бойынша Нұсқаулыққа
1-қосымша

Нысан

__________________________________________________________________
(Сот-психиатриялық сараптама органының атауы)

Сот-психиатриялық сараптама өндiрiсiнiң мерзiмiн ұзарту туралы
өтiнiш
__________________________________________________________________ (сараптаманың, хабардың кiмге жiберiлетiнiн тағайындаған орган (тұлға)

20 ___ жылғы «___» ____________

Сот-психиатриялық сараптаманың өндiрiсiнiң мерзiмi: 20__ жылғы «___» ______ 20__ жылғы «___» _____ дейiн.

Сот-психиатриялық сараптаманың өндiрiсiнiң ұзарту мерзiмi:
20__ жылғы «___» ______ 20__ жылғы «___» ________ дейiн.

ҚР ҚК____ бабы бойынша сезiктi, айыпталушы немесе куәгер, жәбiрленушi, талапкер, жауапшы болып табылатын сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның
____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы)
әрекеттiлiкке қабiлеттiлiгi туралы сұрақты шешуге қатысты тұлғаның (асты сызылсын)
__________________________________________________________________ ____________________________________________ 20 __ жылғы «____» __
(анықтайтын) қаулыға сәйкес.

Сот-психиатриялық сараптаманың өндiрiсi мерзiмiн ұзартуының себебi болатын ерекше жағдайлар:
1) сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның өндiрiс процессiндегi психикалық күйiнiң бiрден өзгеруi:_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________ (психикалық күйдiң қысқаша сипаттамасы)
2) сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның өндiрiс процессiндегi психикалық күйiнiң бiрден өзгеруi:_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________ (тәни күйiнiң қысқаша сипаттамасы)
3) Сарапшыда сот сараптамалық өндiрiсiнiң қорытындысына маңызды ықпал жасай алатын қосымша зерттеудi талап ететiн қайта ұшыққан (дәрiгерлiк құжаттама, iстiң жағдайы) айғақтардың пайда болуы:_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________ (нақты қайта ұшыққан айғақтардың көрсетiлуi)

Сот-психиатриялық сараптамалық
органның жетекшiсi ______________________________
Басшының фамилиясы

Сот-психиатриялық сараптама
жүргiзетiн органның мөрi

Сот-психиатриялық сараптамалардың
өндiрiсi бойынша Нұсқаулыққа
2-қосымша

Нысан

__________________________________________________________________
(Сот-психиатриялық сараптама органының атауы)

Сот-психиатриялық сараптама өндiрiсiнiң мерзiмiн тоқтата тұру туралы хабар

____________________________________________________________________
(сараптаманың, хабардың кiмге жiберiлетiнiн тағайындаған орган (тұлға)

20 ___ жылғы «___» ___________

Сот-психиатриялық сараптаманың өндiрiсiнiң мерзiмi: 20__ жылғы «___» ______ 20__ жылғы «___» ______ дейiн.
Сот-психиатриялық сараптаманың өндiрiсiнiң ұзарту мерзiмi:
20__ жылғы «___» ______ 20__ жылғы «___» ________ дейiн.

ҚР ҚК____ бабы бойынша сезiктi, айыпталушы немесе куәгер, жәбiрленушi, талапкер, жауапшы болып табылатын сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның
__________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы)
әрекеттiлiкке қабiлеттiлiгi туралы сұрақты шешуге қатысты тұлғаның (асты сызылсын)
__________________________________________________________________
_______________________________________________ 20 __ жылғы «____»
(анықтайтын) қаулыға сәйкес.
Сот-психиатриялық сараптаманың өндiрiсiнiң мерзiмiн тоқтата тұру себептерi:_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Сот-психиатриялық сараптамалық
органының басшысы ______________________________
Басшының фамилиясы

Сот-психиатриялық сараптама
жүргiзетiн органның мөрi

Сот-психиатриялық сараптамалардың
өндiрiсi бойынша Нұсқаулыққа
3-қосымша

Нысан

__________________________________________________________________
(Сот-психиатриялық сараптама органының атауы)

Сот-психиатриялық сарапшылардың қорытынды
беруi үшiн қажеттi қосымша материалдарды ұсыну туралы
өтiнiш
___________________________________________________________________
(сараптаманың, хабардың кiмге жiберiлетiнiн тағайындаған орган (тұлға)

20 ___ жылғы «___» ____________
Сот-психиатриялық сараптаманың өндiрiсiнiң мерзiмi: 20__ жылғы «___» ______ 20__ жылғы «___» ________ дейiн.
Сот-психиатриялық сараптаманың өндiрiсiнiң ұзарту мерзiмi:
20__ жылғы «___» ______ 20__ жылғы «___» ________ дейiн.

ҚР ҚК____ бабы бойынша сезiктi, айыпталушы немесе куәгер, жәбiрленушi, талапкер, жауапшы болып табылатын сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның
__________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы)
әрекеттiлiкке қабiлеттiлiгi туралы сұрақты шешуге қатысты тұлғаның (асты сызылсын)
__________________________________________________________________ _______________________________________________ 20 __ жылғы «____» (анықтайтын) қаулыға сәйкес.
Сұрау салудың қысқаша дәлелдiгi бар сот-психиатриялық сарапшыларының шешiмiне қажет қосымша материалдар тiзiмi:_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Сот-психиатриялық сараптамалық
органның басшысы _____________________________
Басшының фамилиясы

Сот-психиатриялық сараптама
жүргiзетiн органның мөрi

Сот-психиатриялық сараптамалардың
өндiрiсi бойынша Нұсқаулыққа
4-қосымша

Нысан

ОКУД бойынша нысан коды _____________
ОКПО бойынша ұйым коды ______________

__________________________________________________________________
(Сот-психиатриялық сараптама органының атауы)

Сот-психиатриялық сарапшылардың қорытындысы №________

Сот-психиатриялық сараптаманың өндiрiсiнiң мерзiмi: 20__ жылғы «___» ______ 20__ жылғы «___» ______ дейiн.

Сот-психиатриялық сараптаманы жүргiзу орны ___________________________________________________________________
(заңды мекенжайы, сот-психиатриялық сараптама органының толық атауы)

ҚР ҚК____ бабы бойынша сезiктi, айыпталушы немесе куәгер, жәбiрленушi, талапкер, жауапшы болып табылатын сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның
__________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы)
әрекеттiлiкке қабiлеттiлiгi туралы сұрақты шешуге қатысты тұлғаның (асты сызылсын)
__________________________________________________________________ _______________________________________________ 20 __ жылғы «____» (анықтайтын) қаулыға сәйкес.
Сот-психиатриялық сараптаманың өндiрiсiнiң негiздерi _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ сот-психиатриялық сараптама өндiрiсi туралы қаулы (анықтама) шығарған орган (лауазымды тұлға) (орган, т.а.ә., атқаратын қызметi, шығарған күнi)_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сот-психиатриялық сарапшылардың алдына қойылған сұрақтар:
1._________________________________________________________________
2._________________________________________________________________
3._________________________________________________________________
4._________________________________________________________________

Сот-психиатриялық сараптаманы өткiзген комиссия құрамы:
Жетекшi сарапшы: - тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi, сарапшылық
мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтiлi,
ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, лауазымы;

Сараптаманың мүшелерi: - тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi, сарапшылық
мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтiлi,
ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, лауазымы;

ҚР ҚК 352-бабы бойынша бiле тұра жалған қорытынды бергенi үшiн немесе қорытынды беруден бас тартқаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы туралы ескертiлген:
_______________________ _________________________ _____________ (қол қою) (қол қою) (қол қою)

Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы ______ беттерде баяндалады.
Сот-психиатриялық сарапшылық зерттеу кезiнде қолданылған әдiстемелер __________________________________________________________________________________________________________________________________________
Зерттеулердiң мазмұны және нәтижелерi:
1) Сыртартқылық мәлiметтер;
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________2) сот-психиатриялық сарапшылық қорытынды беру үшiн қажет болатын қылмыстық, азаматтық, әкiмшiлiк iстерi материалдарынан алынған мәлiметтер;
_____________________________________________________________________
3) психикалық жағдайының сипаттамасы;
_____________________________________________________________________
4) сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның өнiмiнiң талдауы (хат, күнделiктер, өздiк сипаттамасы, көркем және шығармашылық қызметтiң нәтижелерi); _________________________________
5) жалпы тексеру және соматиялық жағдайы; ___________________________
6) неврологиялық жағдайы; ___________________________________________
_____________________________________________________________________
7) тексерудiң қосымша әдiстерi (басқа мамандардың қорытындылары, тексерудiң аспапты және зертханалық әдiстерi: _______________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(*Ескерту: стационарлық сот-психиатриялық сараптаманы өндiру кезiнде психикалық, соматиялық және неврологиялық күй олардың динамикасы ескерiле отырып, суреттелуi тиiс: түскен кезде, бөлiмшеде, сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаны сот-психиатриялық сарапшылар комиссиялық қарау мәжiлiсiнде).

Сот-психиатриялық сараптама қортындылары негiздемелерi бар сот-психиатриялық сарапшылар жүргiзген зерттеулердiң нәтижелерiне баға. _______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қорытындылар (сот-психиатриялық сарапшылардың алдында қойылған сұрақтарға нақты жауаптар):
1. ________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________
4. ________________________________________________________________

Жетекшi сарапшы:

____________
(қол қою)

Т.А.Ә.

Сараптаманың мүшелерi:

___________
(қол қою)

Т.А.Ә.

__________
(қол қою)

Т.А.Ә.

Сот-психиатриялық сараптама
жүргiзетiн органның мөрi

Сот-психиатриялық сараптамалардың
өндiрiсi бойынша Нұсқаулыққа
5-қосымша

Нысан

_________________________________________________________________
(Сот-психиатриялық сараптама органының атауы)
Сот-психиатриялық сарапшының қорытындыны беру мүмкiн еместiгi туралы Хабар
____________________________________________________________________ (сараптаманың, хабардың кiмге жiберiлетiнiн тағайындаған орган (тұлға)

20 ___ жылғы «______» ________
Сот-психиатриялық сараптаманың өндiрiсiнiң мерзiмi: 20__ жылғы «___» ______ 20__ жылғы «___» ________ дейiн.

ҚР ҚК____ бабы бойынша сезiктi, айыпталушы немесе куәгер, жәбiрленушi, талапкер, жауапшы болып табылатын сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның
__________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы)
әрекеттiлiкке қабiлеттiлiгi туралы сұрақты шешуге қатысты тұлғаның (асты сызылсын)
__________________________________________________________________
_______________________________________________ 20 __ жылғы «____» (анықтайтын) қаулыға сәйкес.

Сарапшылардың А.Т.Ә.

- тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтiлi, ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, лауазымы

ҚР ҚК 352-бабы бойынша бiле тұра жалған қорытынды бергенi үшiн немесе қорытынды беруден бас тартқаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы туралы ескертiлген:
__________________ ____________________ __________________
(қол қою) (қол қою) (қол қою)

Сараптаманың шешуiне қойылған сұрақтар:
1.
2.
3.
Сарапшылық зерттеулер үшiн ұсынылған материалдар:
1.
2.
3.

Сот-психиатриялық сарапшылардың алдында қойылған сұрақтарға жауап бере алмау туралы негiздеме:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Сот-психиатриялық сарапшылардың қолдары:

Жетекшi сарапшы: ________________ Т.А.Ә.
(қолы)

Сараптаманың мүшелерi: ________________ Т.А.Ә.
(қол қою)
________________ Т.А.Ә.
(қол қою)

Сот психиатриялық сараптаманың
органының мөрi


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina