ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Инструкции  »  Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Инструкции

   Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 213 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 31 наурыздағы
№ 213 бұйрығымен бекітілген

Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі
нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - нұсқаулық) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабы 1-тармағының 24) тармақшасы және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 3-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы негізінде агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін (бұдан әрі - қызметкерлер) және агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек ұжымдарын (бұдан әрі – еңбек ұжымдары) көтермелеу мақсатында әзірленді.
2. Үздік қызметкерлер және еңбек ұжымдары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Алғысымен көтермеленеді.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Алғысы ведомстволық наградалар болып табылады.
4. Көтермелеуге қызметкерлерді және еңбек ұжымдарын іріктеу өлшемдері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) салаларын дамытуға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы саясатын іске асыруға елеулі үлес қосу;
2) өндіріске аграрлық ғылымның жетістіктерін енгізу, аса құнды өнер табыстарының болуы;
3) лауазымдық міндеттерді адал, үлгілі орындау, сондай-ақ, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау;
4) кәсіби қызметте жоғары жетістіктерге жету, мемлекеттік басқарудың жаңа үдемелі әдістерін енгізу.
5. Қызметкерлерді және еңбек ұжымдарын көтермелеу мереке күндерге: Қазақстан Республикасының Конституция күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, Ауыл шаруашылығы қызметкері күніне және қызметкерлердің мерейтой күндеріне орайластырылуы мүмкін.

2. Министрліктің Құрмет грамотасы

6. Министрліктің Құрмет грамотасымен адал жұмысы, кәсіби шеберлігі, саланың алдына қойылған міндеттерді орындауға қосқан жеке үлесі үшін және аталған ұжымда кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар қызметкерлер, сондай-ақ, жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін еңбек ұжымдары марапатталады.
7. Министрліктің Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешімді Министрліктің, оның ведомстволарының және аумақтық органдарының құрылымдық бөлімше басшыларының, жергілікті атқарушы органдардың, басқа да ұйымдардың ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі (бұдан әрі – Министр) қабылдайды.
Министрліктің Құрмет грамотасымен марапаттау үшін келесі мерейтой күндері белгіленеді: қызметкерлер үшін 50 және 60 жас, ал еңбек ұжымдары үшін 20 жыл және ары қарай әр он жыл сайын.
8. Министрліктің Құрмет грамотасына Министр қол қояды.

3. Министрдің Алғысы

9. Қызметкерлер мен еңбек ұжымдарына:
1) аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін;
2) Министрліктің атаулы тапсырмаларын тиісті деңгейде және адал орындағаны үшін;
3) өндіріске аграрлық ғылымның жетістіктерін енгізгені, аса құнды өнертабыстары үшін Министрдің атынан Алғыс жарияланады.
10. Алғыстың ресми мәтініне Министр қол қояды.

4. Министрліктің Құрмет грамотасымен және
Министрдің Алғысымен марапаттау

11. Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсынылған қызметкерлерге нақты сіңірген еңбегін көрсете отырып, осы нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес ұсыныс ресімделеді.
Еңбек ұжымдарын марапаттау кезінде осы нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес ұсыныс ресімделеді.
12. Министрдің алғысын жариялау үшін Министрлікке қызметкерлердің немесе еңбек ұжымдарының нақты еңбектерін сипаттай отырып, еркін нысанда қолдау хат жолданады.
13. Министрліктің қарамағындағы, сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдар қарамағындағы ұйымдар Министрлікке бірінші басшысының қолымен марапаттау туралы ұсыныс және қолдау хат жібереді.
14. Меншік нысанына қарамастан агроөнеркәсіптік кешен ұйымдары, агроөнеркәсіптік кешен саласында қызмет ететін жеке тұлғалар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жергілікті атқарушы органдарға марапаттау туралы ұсыныс және қолдау хат береді, олар облыс әкімдерінің қолымен Министрлікке жіберіледі.
15. Марапаттау туралы ұсыныстар мен қолдау хаттар Министрлікке мерекелік, мерейтой күндеріне дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жолданады.
16. Құрмет грамотасымен марапаттау және Алғыс жариялау Министрдің бұйрығымен жүргізіледі.
17. Министрліктің құрмет грамотасын тапсыру және Алғыс жариялау мерекелік жағдайда Министрлікте немесе марапатталатын қызметкер жұмыс істейтін еңбек жүзеге асырылады.
18. Қызметкерлерді және еңбек ұжымдарын көтермелеудің барлық түрлерінің есебін Министрліктің кадр қызметі жүзеге асырады.
19. Министрліктің Құрмет грамотасын және Министрдің Алғысын жоғалтып алған жағдайда, олардың телнұсқасы берілмейді.

5. Қорытынды ережелер

20. Министрліктің Құрмет грамотасымен марапаттауға және Министрдің Алғысын жариялауға тәртіптік жазаға тартылған тұлғалар жатпайды.
21. Мемлекеттік немесе ведомстволық наградамен марапатталған тұлғалар соңғы марапатталғаннан кейін үш жыл өткен соң Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсынылуы мүмкін.

Агроөнеркәсіптік кешен
қызметкерлерін көтермелеу
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша

Нысан

Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттауға
ЎСЫНЫС

1. Тегі, аты, әкесінің аты ______________________________________
2. Туылған күні _________________________________________________
3. Білімі _______________________________________________________
_________________________________________________________________
(ЖОО-ның атауы және бітірген күні)
4. Жұмыс орны, атқарып отырған қызметі __________________________
5. Жалпы еңбек өтілі, саладағы еңбек өтілі, аталған еңбек ұжымындағы еңбек өтілі _____________________________________________________
6. Тәртіптік жазаға тартылған ба? _______________________________
(қашан тартылған)
7.Мінездеме _____________________________________________________
(нақты еңбектерін көрсете отырып)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Басшының қолы

М.О.

Агроөнеркәсіптік кешен
қызметкерлерін көтермелеу
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

Нысан

Агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек
ұжымдарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттауға
ЎСЫНЫС

1. Кәсіпорынның немесе ұйымның толық атауы ______________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
2. Аталған кәсіпорынның немесе ұйымның құрылған күні ____________
3. Кәсіпорында жұмыс істейтіндердің саны _________________________
4. Кәсіпорынның немесе ұйымның соңғы 5 жылдағы негізгі көрсеткіштері
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Басшының қолы

М.О.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina