ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Инструкции  »  Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Инструкции

  Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем шарттарына заңдық сараптама жүргізу жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Јділет министрінің 2010 жылғы 27 мамырдағы № 171 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы
Јділет министрінің
2010 жылғы 27 мамырдағы
№ 171 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем шарттарына заңдық сараптама жүргізу жөніндегі нұсқаулық

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем шарттарына заңдық сараптама жүргізу рәсімін және Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарына сәйкес берілетін заем берудің талаптары болып табылатын Қазақстан Республикасы Јділет министрлігі беретін заңдық бағаның (legal opinion) дайындалу мен беру бойынша талаптарын нақтылайды.
2. Заңдық бағаны (legal opinion) дайындау мен беру талаптары заңдық сараптама нәтижесі негізінде жүзеге асырылады.
3. Заңдық сараптама Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
4. Қазақстан Республикасының өкілетті мемлекеттік органының жазбаша өтімі заңдық сараптаманы жүргізу, сондай-ақ заңдық сараптаманы дайындау мен беру нәтижесі негізінде дайындау мен беруге негіз болып табылады.
5. Заңдық баға (legal opinion) оны беру туралы өтінім тіркелген күннен бастап бір ай мерзімде жасалады.
6. Заңдық баға (legal opinion) дайындау кезінде заем алушы мемлекеттен заңдық баға (legal opinion) алу мен заем беру талаптары бөлігінде Заем берушінің талаптары қарастырылады.
7. Заңдық сараптама мынадай құжаттар негізінде жасалады:
шет тілінен мемлекеттік және/немесе орыс тіліне аудармасын қосқанда, заем туралы ратификацияланған Қазақстан Республикасы халықаралық шартының Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі куәландырған көшірмесі және/немесе Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем туралы шарттарының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі куәландырған көшірмесі;
мемлекеттік кепіл мен оның шет тілінен мемлекеттік және/немесе орыс тіліне аудармасының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі куәландырған көшірмелері;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепіл негізінде жасалатын заем туралы шартқа түзетулердің (толықтырулар мен өзгерістер), егер ондай орын алған болса, және олардың шет тілінен мемлекеттік және/немесе орыс тіліндегі аудармасының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі куәландырған көшірмесі;
бағалы қағаздар эмиссиясы туралы мәліметтер;
Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттары және заем немесе мемлекеттік кепілдік туралы келісімге (шартқа), соның ішінде кредит беруші ұйымның ішкі шарттарымен шектелмей сілтеме жасалған құжаттардың көшірмесі.
8. Қарыз алушыға мемлекеттік кепілдіктер бойынша қарыз беру кезінде заңдық сараптама жүргізуде мүдделі органдар мен ұйымдардан осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген құжаттардан өзге мынадай қосымша құжаттар сұратылады:
бұрын мемлекеттік кепілдікпен алынған, төлеу мерзімдері басталған мемлекеттік емес заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөнінде берешегінің, сондай-ақ кредит берушілер алдында мерзімі өткен өзге де берешегінің жоқтығын растайтын;
жобаның жалпы құнын жаппайтын ұсынылып отырған инвестициялық жобаны қосымша қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді растайтын құжаттар.
9. Осы Нұсқаулықтың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттардың болмауы Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем туралы шартқа заңдық сараптама дайындаудан бас тартуға негіз болып табылады.
10. Заңдық сараптама жүргізу қорытындысы бойынша қол қойылған күннен бастап күшіне енетін заңдық баға (legal opinion) дайындалады.
11. Заңдық бағаның заем немесе мемлекеттік кепілдік туралы немесе халықаралық капитал рыноктарында орналасқан мемлекеттік бағалы қағаздардың айналымы тоқтатылған сәттен бастап шарттың қолданылу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем шарттарына түзетулер (толықтырулар немесе өзгертулер) немесе көрсетілген мемлекеттік бағалы қағаз айналымының шарттары өзгерген жағдайда заңды күші жойылады.
12. Заңдық баға (legal opinion) Қазақстан Республикасы Јділет министрлігінің ресми бланкісінде ресімделетін хат түрінде жасалады және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік заемдары мен мемлекеттік кепілдіктерінің заңдық қорытындысын қамтиды.
13. Заңдық баға (legal opinion) мемлекеттік және/немесе орыс, сондай-ақ ағылшын тілдерінде ресімделеді.
14. Заңдық бағаға (legal opinion) Қазақстан Республикасының Јділет министрі не оның міндетін атқаратын адам қол қояды.
15. Заңдық баға (legal opinion) тиісті заем беретін және мүдделі органдар немесе ұйым ұсынатын халықаралық қаржы ұйымдарына қабылданған заңдық баға нысаны негізінде дайындалады.
16. Заңдық бағаның бірінші парағында құжаттың атауы, оның нөмірі, ресімделген күні, кредит берушінің деректемелері және бірнеше парақта болуы мүмкін қорытындының мәтіні қамтылады.
Заңдық бағаның соңғы бетінде Јділет министрінің не оның міндетін атқаратын адамның қолы болады және гербтік мөр қойылады.
17. Заңдық қорытындыда:
егер қорытынды мемлекеттік заемға қатысты берілетін болса, заем туралы шарттың атауы және күні;
егер қорытынды мемлекеттік кепілдікке қатысты берілетін болса, мемлекеттік кепілдіктің атауы, нөмірі және күні;
халықаралық капитал рыноктарында орналасқан мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналым мерзімі;
заем немесе мемлекеттік кепілдік туралы шартта ескерілген жалпы сома, мемлекеттік кепілдік қолданылатын басқа да кепілдік міндеттемелер;
соларға сәйкес мемлекеттік заем тарту немесе мемлекеттік кепілдік беру туралы шешім қабылданған нормативтік құқықтық актілер (сәйкесінше норманы көрсету, актінің нөмірі, қабылданған күні және аты) және өзге де шешімдер;
мемлекеттік заемды тарту және мемлекеттік кепілдік беру бойынша сәйкесінше халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдердің аяқталуы туралы растау;
Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын сәйкесінше шарт бойынша қарыз алушының немесе кепілгердің өкілеттіктері, олардың Заңды нақтылығы және орындау міндеттілігі туралы қорытынды қамтылуы тиіс.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina