ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Инструкции  »  Қазақстан Республикасының iшкi және...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Инструкции

  Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық авиамаршруттарындағы тұрақты рейстердiң кестелерiн бекiту жөнiндегi нұсқаулық
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрi мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздғы № 446 бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникация
министрi мiндетiн атқарушының
2010 жылғы 13 тамыздғы
№ 446 бұйрығымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық авиамаршруттарындағы тұрақты рейстердiң кестелерiн бекiту жөнiндегi нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының iшкi және халықаралық авиамаршруттарындағы тұрақты рейстердiң кестелерiн бекiту жөнiндегi нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) әуе кемелерi Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде тұрақты ұшуларды орындайтын авиакомпаниялардың тұрақты ұшуларының кестелерiн бекiту рәсiмiн нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) әуе қозғалысына қызмет көрсететiн аэронавигациялық уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны;
2) уақыт аралығы (слот) – әуежайда авиакомпания әуе кемесiнiң белгiлi бiр күнi немесе кезеңде келу немесе жөнелу операцияларын орындау үшiн бөлiнген уақыт;
3) «тарихи слот» - өткен эквиваленттiк кезеңде кестеге енгiзiлген слот;
4) тұрақты ұшу параметрлерi - әуе кемесiнiң әуежайға келу немесе жөнелу күнiн, уақытын, орындау кезеңiн, әуе кемесiнiң үлгiсi мен жолаушы сыйымдылығын қамтитын тұрақты ұшу кестесiнiң параметрлерi.
3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) бекiтуiне мыналар жатады:
1) авиамаршруттарға берiлген куәлiктер негiзiнде жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы авиакомпанияларының тұрақты ұшу кестелерi;
2) Қазақстан Республикасы жасаған әуе қатынасы туралы халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк тасымалдаушыларды тiркеу туралы қолданыстағы куәлiктерi негiзiнде жүзеге асырылатын халықаралық авиамаршруттар бойынша шетелдiк авиакомпаниялардың тұрақты ұшу кестелерi.
4. Кестенi жасау мен бекiтудiң мiндеттерi:
1) авиамаршрутқа берiлген куәлiк шарттарына немесе әуе қатынасы туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына тұрақты ұшу параметрлерiнiң сәйкестiгiн тексеру;
2) әуе кеңiстiгiнде және әуежайларда тұрақты ұшуды қауiпсiз орындау жағдайларын жоспарлау;
3) коммерциялық және техникалық қызметтi ұйымдастыру үшiн тұтынушыларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету;
4) жоспарланған ұшуларды орындау үшiн қажеттi материалдық ресурстарды есептеу болып табылады.
5. Тұрақты ұшудың кестесiн жасау, бекiту мен түзету дүниежүзiлiк үйлестiрiлген уақытта (UTC) жүзеге асырылады.

2-тарау. Тұрақты ұшу кестесiн бекiту

6. Авиакомпания тұрақты ұшу кестесiн "Жаз" және "Қыс" деп аталатын екi маусымға әзiрлейдi. Жазғы және қысқы маусымдық кестелердiң қолданылу мерзiмi Халықаралық әуе көлiгi қауымдастығы (ИАТА) белгiлеген мерзiмдерге сәйкес келедi:
"Жаз" - наурыздың соңғы жексенбiсi - қазанның соңғы сенбiсi;
"Қыс" - қазанның соңғы жексенбiсi - наурыздың соңғы сенбiсi.
7. Кестенi жасау кезiнде тұрақты ұшу параметрлерi Комитет берген авиамаршрут куәлiктерiнiң шарттарына, шетелдiк авиакомпаниялар үшiн әуе қатынасы туралы Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарт талаптарына сәйкес келуi тиiс.
8. Авиакомпания 45 күнтiзбелiк күн бұрын ұшулар орындалғанға дейiн Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) толтырылған "P" нысаны (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша) және 4 данадағы ұшулардың қайталанатын жоспарлар тiзбесi (осы Нұсқаулыққа 2-қосымша);
2) тұрақты ұшу авиамаршруты бойынша ұшып шығу және қону әуежайларымен келiсiлген слоттар.
9. Қазақстан Республикасының әуежайы авиакомпаниядан сұраныс түскеннен кейiн үш күнтiзбелiк күн iшiнде авиакомпаниялардың тұрақты рейстерiн орындау үшiн слоттарды келiседi немесе бас тартудың себептерi жөнiнде жазбаша негiздеме және баламалы слоттар туралы ұсыныс бередi. Бағыт параметрлерiнде көрсетiлген Қазақстан Республикасының әуежайы авиакомпания сұраған тарихи слоттарды басымдық тәртiбiмен растайды.
10. Комитет құжаттарды алғаннан кейiн 30 күнтiзбелiк күн iшiнде "P" нысанын қарап, бекiтедi, кейiннен оларды авиакомпанияға және әуе қозғалысына қызмет көрсететiн аэронавигациялық уәкiлеттi органға бередi.
11. Тұрақты ұшу кестесiнiң нысандарын бекiтуден бас тарту негiздерi:
1) Әуе қатынасы туралы үкiметаралық келiсiмдердiң шарттарына кестенiң сәйкес келмеуi;
2) авиакомпанияның кестенi осы Нұсқаулықта көзделген бекiтуге ұсыну мерзiмдерiн бұзушылықпен ұсынуы.
12. Авиакомпания авиамаршруттың кестесiне өзгерiстер енгiзу кезiнде Комитетке осы Нұсқаулықтың 8-тармағының 2) тармақшасын ескере отырып, ұшуға дейiн 3 күн бұрын кестенi ұсынады.

3-тарау. Қорытынды ережелер

13. Авиамаршрутқа арналған куәлiктi қайтарып алу немесе күшiн тоқтата тұру жағдайында немесе авиакомпанияның өтiнiмi бойынша Комитет авиамаршрут бойынша тұрақты ұшудың бекiтiлген кестесiнiң күшiн жояды.
14. Бұрын күшi жойылған тұрақты ұшуларды орындауды қайта жаңғырту осы Нұсқаулықтын 7 және 8-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының
iшкi және халықаралық
авиамаршруттарындағы тұрақты
рейстердiң кестелерiн бекiту
жөнiндегi нұсқаулыққа
1-қосымша

«P» нысаны

«Бекiтемiн»
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация министрлiгi
Азаматтық авиация комитетiнiң төрағасы
____________________(Т.А.Ә.)
20 __жылғы «____» ___________

_____ навигация кезеңiнде _________ авиакомпаниясының рейстердi
орындау графигi

ХААҰ коды және рейс нөмiрлерi

Орындау кезеңi

Апта күндерi

Маршруты (әуежай атауы, УТЦ уақыты)

Ескертпе

ггммдд

ггммдд

1

2

3

4

5

6

7

Коммерциялық құқығы бар учаскелер

"тоқта-овер" құқығы бар пункттер

Техникалық қону пункттерi

Құрастыру

ӘК үлгiсi

Авиакомпания басшысы
немесе ол уәкiлеттiк
еткен тұлға Т.А.Ә. МО

Қазақстан Республикасының
iшкi және халықаралық
авиамаршруттарындағы тұрақты
рейстердiң кестелерiн бекiту
жөнiндегi нұсқаулыққа
2-қосымша

Ұшудың қайталанатын жоспарларының тiзбесi (RPL)

Пайдаланушы

Адресаты(тар)

+
-

(ж.а.к.)
жарамды

(ж.а.к.) бойынша жарамды

Ұшу күндерi

ӘК таным индексi

ӘК үлгiсi және iздiң турбуленттi санаты

Әуеайлақ және ұшу уақыты

1

2

3

4

5

6

7

Ұшу әуеайлақтары

ж.а.к. күнi

Сериялық

Парақ

Қосымша деректер

Крейсер Маршруты

Әуеайлақты белгiлеу және бiткен уақыт

Ескертпе

Жылдамдық

Эшелон

Маршрут

RPL жасауға жауапты тұлғаның ___________ Т.А.Ә. МО


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina