ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Инструкции  »  Iшкi iстер органдарының профилактикалық есебiнде...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Инструкции

  Iшкi iстер органдарының профилактикалық есебiнде тұрған адамдарға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2010 жылғы 16 тамыздағы № 356 бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрiнiң
2010 жылғы 16 тамыздағы
№ 356 бұйрығымен
бекiтiлген

Iшкi iстер органдарының профилактикалық есебiнде тұрған адамдарға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

1. Iшкi iстер органдарының профилактикалық есебiнде тұрған адамдарға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi осы нұсқаулық (бұдан әрi – Нұсқаулық) қорғау нұсқамасы шығарылған немесе бос уақытын шектеу және мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу туралы шешiм қабылданған адамдарды профилактикалық есепке алуды жүргiзу мен бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
2. Iшкi iстер органдары:
1) қорғау нұсқамасы шығарылған;
2) бос уақытын шектеу және мiнез-құлқына ерекше талаптар қою туралы шешiм қабылданған адамдарды профилактикалық есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады.
3) Профилактикалық есеп профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын адамды есепке алуды қамтиды.
4) Қорғау нұсқамасы шығарылған адам оған қорғау нұсқамасы ұсынылған сәттен бастап профилактикалық есепке алынады. Қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзiмi оны құқық бұзушыға ұсынған сәттен бастап есептеледi және 10 тәулiктi құрайды.
5) Бос уақытына шектеу және мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу туралы шешiм қабылданған адам iшкi iстер органдарына соттың қаулысы келiп түскен күннен бастап үш тәулiк iшiнде профилактикалық есепке қойылады. Құқық бұзушының бос уақытына шектеулер және мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеудiң әрекет ету мерзiмiн сот айқындайды.
6) Қорғау нұсқамасы шығарылған немесе бос уақытына шектеу және мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу туралы сот шешiм қабылдаған адамды профилактикалық есепке қою үшiн учаскелiк полиция инспекторы немесе кәмелетке толмағандар iстер жөнiндегi учаскелiк полиция инспекторы (бұдан әрi – учаскелiк полиция инспекторы) құқық бұзушылық фактiлерiн растайтын қажеттi құжаттарды қоса отырып, дәлелдi баянат жазады, оны iшкi iстер органының бастығы немесе оның орынбасары қарайды.
7) Профилактикалық бақылау профилактикалық есепте тұрған адамның белгiленген шектеулердi сақтауы мен жүктелген мiндеттердi орындауын жүйелi түрде бақылауды қамтиды.
8) Профилактикалық бақылау профилактикалық есеп әрекет еткен мерзiмiнде жүзеге асырылады.

2. Профилактикалық есептi жүргiзу мен бақылау тәртiбi

9. Iшкi iстер органының әрбiр қызметкерi тұрмыстық зорлық-зомбылықты не болмаса оны жасауға оқталуды тiкелей анықтаған, сондай-ақ зорлық-зомбылық фактiлерi туралы жеке, заңды тұлғалардан, мемлекеттiк органдардан және жергiлiктi атқарушы органдардан арыздар мен хабарламалар келiп түскен жағдайда не болмаса олар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған кезде тұрмыстық зорлық-зомбылықты жасаған немесе оны жасау қаупi бар адамды (бұдан әрi – тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам) қорғау нұсқамасын шығару үшiн iшкi iстер органына жеткiзедi.
10. Қорғау нұсқамасы осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда iшкi iстер органының бастығы не болмаса оның орынбасары ақыл-есi дұрыс, он алты жасқа толған оны жасаған адамға қатысты толтырылады.
11. Iшкi iстер органының бастығы немесе оның орынбасары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға қатысты шектеулердi белгiлеген кезде жәбiрленушiнiң, учаскелiк инспектордың пiкiрiн, құқық бұзушының жеке басын, оның жеке мiнез-құлық ерекшелiктерiн, жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығын және тұрмыстық зорлық-зомбылықты қайта жасауға ықпал етуi мүмкiн басқа да факторларды ескередi.
12. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам қорғау нұсқамасының түпнұсқасына қол қою арқылы танысады (қорғау нұсқамасының түпнұсқасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, ол туралы жазылады). Содан кейiн түпнұсқадан үш көшiрме түсiрiледi. Көшiрменiң бiрiншi және екiншi данасы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға және жәбiрленушiге тұпнұсқаға қол қою арқылы табыс етiледi. Көшiрменiң үшiншi данасы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға оны ұсынған сәттен бастап жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға жолданады. Қорғау нұсқамасының түпнұсқасы осы ережеге 2-қосымшаға сәйкес профилактикалық iске тiгiледi.
13. Жәбiрленушiге құқық бұзушы қорғау нұсқамасын бұзған жағдайда оның құқытары мен құқықтық салдары түсiндiрiледi.
14. Жәбiрленушiнiң арызы бар болған жағдайда қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзiмi iшкi iстер органы бастығының не болмаса оның орынбасарының қолдауымен прокурордың санкциясы арқылы мiндеттi түрде үш тәулiк iшiнде жәбiрленушiге және тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға жазбаша түрде хабарлау арқылы отыз тәулiкке ұзартылуы мүмкiн.
Ол үшiн:
1) еркiн түрде жасалған және онда қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiшi бар жәбiрленушiнiң өтiнiшi;
2) қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзiмiн ұзартуды санкциялау туралы iшкi iстер органы бастығының не болмаса оның орынбасарының қолдаухаты;
3) қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзiмiн 30 тәулiкке дейiн ұзарту туралы прокурордың санкциясы талап етiледi.
15. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 79-1, 79-5, 111-1, 112, 332, 355-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау барысында iшкi iстер органының бастығы қажет болған жағдайда мынадай:
iздестiруге, қудалауға, жәбiрленушiмен кездесуге, ауызша немесе телефон арқылы сөйлесуге және онымен басқа да тәсiлдер арқылы байланыс жасауға;
атыс және қарудың басқа да түрлерiн сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға шектеулердi толық көлемде немесе жеке көрсете отырып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу туралы сотқа қолдаухат енгiзедi.
Iшкi iстер органының бастығы соттың алдында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға iшкi iстер органына айына бiрден төрт ретке дейiн келiп тұруын мiндеттеу туралы ұсыныс жасай алады.
16. Кәмелетке толмағанның бос уақытын шектеу және мiнез-құлқына ерекше талаптар қою белгiлi орындарға баруға, механикалық көлiк құралдарын басқаруға байланысты белгiлi бос уақыт нысандарын пайдалануға, тәулiктiң белгiлi бiр уақытында тұрғын үй-жайдан шығуға, арнайы мемлекеттiк органдардың немесе кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның рұқсатынсыз өзге де орындарға шығуына тыйым салуды көздеуi мүмкiн.
Кәмелетке толмағандарға бiлiм беру ұйымдарына оралу, оқуын жалғастыру немесе аяқтау не болмаса арнайы мемлекеттiк органдар немесе кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның көмегiмен жұмысқа орналасу талаптары қойылуы мүмкiн. Осы тiзбе толық болып есептелмейдi.
17. Профилактикалық есепте тұрған адамға белгiленген шектеулердi сақтауды және жүктелген мiндеттердi орындауды бақылау мақсатында учаскелiк полиция инспектор тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексерудi жүзеге асырады.
18. Тексерiс жиiлiгi:
1) қорғау нұсқамасы шығарылған адамды кемiнде екi күнде бiр рет;
2) бос уақытын шектеу және ерекше талаптар белгiлеу туралы шешiм қабылданғандарға кемiнде аптасына бiр рет тексерудi құрайды.
19. Мыналар:
1) қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзiмiнiң аяқталуы;
2) құқық бұзушының мiнез-құлқына сот белгiлеген ерекше талаптардың орындалу мерзiмiнiң аяқталуы;
3) маскүнемдiктен және нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеуге жiберу;
4) қылмыстық жазаға сотталу;
5) есепте тұрған адамның қаладан, ауданнан тыс жерге тұрақты тұруға шығуы;
6) адамның 18 жасқа жетуi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа мән-жайлардың туындауы қорғау нұсқамасы шығарылған не болмаса бос уақыты шектелген және ерекше талаптар белгiленген адамдарды профилактикалық есептен шығару негiздерi болып табылады.

Iшкi iстер органдарының профилактикалық
есебiнде тұрған адамдарға профилактикалық
бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi нұсқаулыққа
1-қосымша

Нысан

ҚОРҒАУ НҰСҚАМАСЫ

__сағат __минут 20___жылғы «___»_________
_____________________________________________________________________
(облыс, қала, аудан, ауылдық округ)
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабын басшылыққа ала отырып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында азамат(ша)________________________________
(жәбiрленушiнiң Т.А.Ә.)
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында
азамат(ша) __________________________________________________________
(құқық бұзушының Т.А.Ә.)
Туған жылы, күнi, айы________________________________________________
Мекен-жайы___________________________________________________________
азамат(ша)____________________________________________________қатысты
(Т.А.Ә.)
мынадай: оның еркiне қарамастан, iздестiру, қудалау, бару, ауызша, телефон арқылы сөйлесу және оған өзге де тәсiлдермен байланысу, сондай-ақ қасақана құқыққа қарсы (әрекет немесе әрекетсiздiк), денсаулыққа зиян келтiретiн немесе дене күшiн және (немесе) психикалық залал келтiретiн әрекеттер жасауға тыйым салынады.

Азамат _________________________________________
(құқық бұзушының Т.А.Ә.)
отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласында құқық бұзушылық жасауы қорғау нұсқамасын енгiзу үшiн негiз болып табылады, атап айтқанда:____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылықтың уақыты, орны, фабуласы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________

Осы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзу Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 355-1-бабында көзделетiн жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Қорғау нұсқамасы 10 тәулiк мерзiмге шығарылады.

Қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзiмi ол азамат_______________
_____________________________________________________________________ (құқық бұзушының Т.А.Ә.)
тапсырылған сәттен басталады.

Қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзiмi жеткiлiктi негiздер болған жағдайда прокурордың санкциясы және жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша 30 тәулiкке ұзартылуы мүмкiн.
Осы қорғау нұсқамасына Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетiлген тәртiппен шағымдануға болады.

IIО бастығы (орынбасары)________ ____________________________________
(қолы) (IIО бастығының (орынбасарының)
Т.А.Ә.)
М.О.

Артқы жағында басылады.

Алғаны туралы қолхат:

Қорғау нұсқамасының көшiрмесiн алдым, қорғау нұсқамасын бұзған жағдайдағы құқықтармен және құқықтық салдарымен таныстым:
______________________________________________
(құқық бұзушының қолы және Т.А.Ә.)

20___ жылғы «____»_____________
___________________________________
(жәбiрленушiнiң қолы және Т.А.Ә.)

20___ жылғы «____»_____________

Осы қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзiмiн 20__жылғы «__»________ дейiн ұзартуға САНКЦИЯ БЕРЕМIН

М. О. ____________________прокуроры
(қала, аудан)
________________________________________
(қала, аудан прокурорының қолы, Т.А.Ә.)
20____жылғы «____»______________________

Осы қорғау нұсқамасының әрекет ету мерзiмi ұзартылғаны туралы хабарлама 20___жылғы «____»_______ шығыс №___________________ азамат(ша) ____________________________________ жолданды.
(құқық бұзушының Т.А.Ә.)

Iшкi iстер органдарының профилактикалық
есебiнде тұрған адамдарға профилактикалық
бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi нұсқаулыққа
2-қосымша

Нысан

№ _______профилактикалық iс

___________________________________
(iшкi iстер органының атауы)

20____ жылғы «____» ________ басталды
20____ жылғы «____» ________ аяқталды

Жалпы жинақтау iсi мұқабасының iшкi жағына басылады

Жинақтау iсiндегi құжаттардың тiзбесi

1. Iстегi құжаттардың тiзiмдемесi
2. Профилактикалық есепке қою туралы баянат
3. Есепке қою негiздемесiн растайтын материалдар (сот қаулысының, қорғау нұсқамасының көшiрмелерi)
4. Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi
5. Сипаттайтын материалдар
6. Адамдарды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту, оларды денсаулық сақтау органдарының наркологиялық, психоневрологиялық мекемелерiне орналастыру туралы қаулылардың көшiрмелерi
7. Бiрiктiрiлген деректер банкiнiң есебi мен «Информ сервис» АIЖ есептерi бойынша сұрау салулар


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina