Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 435-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 30 желтоқсанда № 6715 тіркелді
2011 жылдың 1 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы Қолданушылардың назарына! Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.
«Кедейлік шегін анықтау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағын орындау үшін БЎЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы бойынша 2011 жылдың 1 тоқсанына арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 проценті мөлшерінде анықталсын. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2010 жылдың 4 тоқсанына арналған кедейшілік шегін анықтау туралы» 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 327-ө бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6514 тіркелген және «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 2 қазандағы № 402-405; «Казахстанская правда» от 05.10.2010 г., № 262 газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын. 3. Јлеуметтік көмек департаменті (К.А. Манабаева) осы бұйрықты: 1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды; 2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ј.Б. Нүсіповаға жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.