ГЛАВНАЯ »  Страхование  »  Страховое законодательство  »  Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Страховое законодательство

  Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 234-IV Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жалған кәсiпкерлiктiң жолын кесу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 45-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiнде:
«ұйымын,» деген сөзден кейiн «Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорын,» деген сөздермен толықтырылсын;
«қайта құру» деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен толықтырылсын;
«сақтандыру қызметi» деген сөздер «сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры» деген сөздермен ауыстырылсын;
«заңнамада» деген сөз «заңнамасында» деген сөзбен ауыстырылсын;

2) 49-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiнде:
«(қайта сақтандыру) ұйымын,» деген сөздерден кейiн «Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорын,» деген сөздермен толықтырылсын;
«тарату,» деген сөз «тарату Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сақтандыру қызметi» деген сөздер «сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры» деген сөздермен ауыстырылсын;
«заңнамада» деген сөз «заңнамасында» деген сөзбен ауыстырылсын.

2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат):
1) 825-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандырушы сақтандыру ережелерiн сақтандырудың әрбiр түрi бойынша әзiрлейдi және олар осы баптың талаптарына сәйкес келуге тиiс.»;
4-тармақтағы екiншi сөйлем алып тасталсын;
5-тармақ алып тасталсын;

2) 826-бапта:
1-тармақтың 13) тармақшасы «салық төлеушiнiң» деген сөздердiң алдынан «сақтандыру шартында сақтандырылушы (пайда алушы) көрсетiлген жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiс талаптардың толық еместiгi үшiн сақтандырушы жауапты болады.»;

3) 828-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) егер сақтандыру шарты сақтанушыға сақтандырудың ерiктi түрлерi бойынша сақтандыру полисiн бере отырып қосылу шарты нысанында жасалған болса, сақтанушыны сақтандыру ережелерiмен таныстыруға және ережелердiң көшiрмесiн беруге;»;

4) 841-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «күшiне енгiзiлген реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.» деген сөздер «күшiне енген;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен беретiн сақтандыру полисiне енгiзiлген талаптар мен мәлiметтер өзгертiлген реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.».

3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат, № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар, № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 13 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бағалау қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне босқындар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаматтардың жеке өмiрiне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi одан әрi күшейту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жалған кәсiпкерлiктiң жолын кесу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бiлiктi заң көмегiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 173-бапта:
тақырыптағы және мәтiндегi «Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарда», «сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарға», «сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарды», «сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдардың», «заңдарда», «заң» деген сөздер тиiсiнше «Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында», «Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасына», «Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын», «Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасының», «Қазақстан Республикасының заңнамасында», «Қазақстан Республикасы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi» деген сөздер «елу айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1-бөлiктiң екiншi абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi» деген сөздер «елу айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi» деген сөздер «төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлiкпен толықтырылсын:
«2-1. Актуарийдiң Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы шектеулi ықпал ету шараларын уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындамауы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi» деген сөздер «бес жүз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-1-бөлiкте:
бiрiншi абзацтағы «заңнамалық актiсiн» деген сөздер «заңнамасын» деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы «айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан екi жүзге дейiнгi» деген сөздер «екi жүз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-2-бөлiкпен толықтырылсын:
«4-2. Актуарийдiң Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұза отырып, өз қызметiн жүзеге асыруы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
он бесiншi бөлiкте:
бiрiншi абзацтағы «қорға» деген сөз «ұйымға» деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы «айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде», «жүзден екi жүз елуге дейiнгi» деген сөздер тиiсiнше «елу», «екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы он жетiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«17. Өзара сақтандыру қоғамының уәкiлеттi органды Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының, оқшауландырылған бөлiмшесiнiң орналасқан жерiнiң өзгеруi туралы дер кезiнде хабардар етпеуi -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2) 175-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде», «екi жүзден бес жүзге дейiнгi» деген сөздер тиiсiнше «елу», «бес жүз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы «айлық есептiк көрсеткiштiң үштен жетiге дейiнгi мөлшерiнде», «елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде», «екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде» және «бес жүзден мыңға дейiнгi» деген сөздер тиiсiнше «жиырма», «бiр жүз», «төрт жүз» және «бiр мың айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 548-баптың үшiншi бөлiгiндегi «айып мөлшерi он» деген сөздер «айыппұл мөлшерi жиырма» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 550-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«550-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары

1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң 87, 87-1, 89-94, 175 (екiншi бөлiгiнде, жұмыс берушiлер жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты), 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 399-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
мемлекеттiк еңбек инспекторлары;
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларына қатысты – Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамдары құқылы.»;

5) 567-1-баптың бiрiншi бөлiгiндегi «175-бабында» деген сөздер «173 (1-1, 4-1-бөлiктерiнде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсiмдiк шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлiгiнде), 175» деген сөздермен ауыстырылып, «көзделген» деген сөздiң алдынан «баптарында» деген сөзбен толықтырылсын.

4. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi одан әрi күшейту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 23-баптың 2-тармағында:
14) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«14) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;»;
«21) қызметкердiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге;»;

2) 317-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;»;

3) 323-баптың 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына хабарлайды.».

5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 1, 2 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 2 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы жүз тоқсан жетiншi абзацпен толықтырылсын:
«161-1-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң салықты есептеу, ұстау және төлеу ерекшелiктерi»;
390-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«390-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудiң және салық бойынша есептiлiктi табыс етудiң ерекшелiктерi»;

2) 19-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы «объектiлер туралы ақпарат қамтылған» деген сөздерден кейiн «бухгалтерлiк және салық есептерiн автоматтандыруға арналған» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 37-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Таратудың салық есептiлiгi таратылатын заңды тұлға төлеушi және (немесе) салық агентi болып табылатын салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргiзу туралы салықтық өтiнiш табыс етiлген салық кезеңiнiң басынан бастап осындай өтiнiш табыс етiлген күнге дейiнгi кезең үшiн жасалады.
Егер кезектi салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмi таратудың салық есептiлiгiн табыс еткеннен кейiн басталса, осындай кезектi салық есептiлiгiн табыс ету таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күнге дейiн жүргiзiледi.»;

4) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Таратудың салық есептiлiгi заңды тұлғаның қызметi тоқтатылатын құрылымдық бөлiмшесi дербес төлеушi болып танылған салықтың, төлемақының түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылданған салық кезеңiнiң басынан бастап қызметтi тоқтату туралы салықтық өтiнiш табыс етiлген күнге дейiнгi кезең үшiн жасалады.
Егер кезектi салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмi таратудың салық есептiлiгiн табыс еткеннен кейiн басталса, осындай кезектi салық есептiлiгiн табыс ету таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күнге дейiн жүргiзiледi.»;

5) 39-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемелерiн орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледi.
1-2. Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегiн өтеуге қатысу үлесiн белгiлеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;

6) 40-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Таратудың салық есептiлiгi қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға төлеушi және (немесе) салық агентi болып табылатын салықтың, бюджетке төленетiн басқа мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргiзу туралы салықтық өтiнiш табыс етiлген салық кезеңiнiң басынан бастап осындай өтiнiш табыс етiлген күнге дейiнгi кезең үшiн жасалады.
Егер кезектi салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмi таратудың салық есептiлiгiн табыс еткеннен кейiн басталса, осындай кезектi салық есептiлiгiн табыс ету таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күнге дейiн жүргiзiледi.»;
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
«6-1. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемелерiн орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледi.
6-2. Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегiн өтеуге қатысу үлесiн белгiлеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;

7) 43-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Патент, оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкер қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған жағдайда орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:
1) қызметiн тоқтату туралы салықтық өтiнiштi;
2) таратудың салық есептiлiгiн;
3) дара кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктi немесе ол жоғалған немесе бүлiнген кезде қағаз жеткiзгiштегi түсiндiрменi;
4) дара кәсiпкердiң қызметiн тоқтату туралы ақпараттың мерзiмдi баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты табыс етедi.
Осы бап қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын және осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген мерзiм iшiнде не дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген кезден бастап патент және (немесе) оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн үздiксiз пайдаланатын дара кәсiпкерлерге қолданылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық органы барлық мәлiметтердi алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей камералдық бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi, оның нәтижелерi бойынша осы Кодексте белгiленген тәртiппен қорытынды жасалады. Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелерi, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар көрсетiледi. Анықталған бұзушылықтар туралы деректер көрсетiлген қорытындының негiзiнде камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама салық төлеушiге осы Кодекстiң 84-тарауында белгiленген тәртiппен жiберiледi.
Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеушi осы Кодекстiң 587-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) камералдық бақылау нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою;»;

8) 60-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) осы Кодекстiң 120-бабы 2-тармағының ережелерiн ескере отырып, тiркелген активтердiң әрбiр кiшi тобы, тобы бойынша амортизация нормалары;
10) қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылатын резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi осы Кодекске сәйкес шот-фактураларды жазып берген жағдайда - шот-фактураны жазып беретiн құрылымдық бөлiмшелер бойынша:
осындай құрылымдық бөлiмшелердi сәйкестендiру үшiн шот-фактураларды нөмiрлегенде пайдаланылатын осындай құрылымдық бөлiмшелердiң әрқайсысының коды;
шот-фактураларды жазып берген кезде оларды нөмiрлегенде пайдаланылатын цифрлардың ең жоғарғы саны.»;

9) 65-баптың 1-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ережелерiнде салық режимiнiң тұрақтылығы тiкелей көзделген, өнiмдi бөлу туралы келiсiм (келiсiмшарт) немесе Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;»;
5) тармақшадағы «осы тармақта» деген сөздер «осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 68-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы «қабылдау» деген сөзден кейiн «және өңдеу» деген сөздермен толықтырылсын;

11) 69-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«69-бап. Салық есептiлiгiн керi қайтарып алу тәртiбi

1. Салық төлеушi (салық агентi) осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген салық есептiлiгiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тiркелу есебiнiң орны бойынша салық органына және (немесе) уәкiлеттi салық органына табыс етедi.
Салық есептiлiгi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) көрсетiлген салықтық өтiнiшi негiзiнде, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайда салық қызметi органының салық есептiлiгiн қабылдау және өңдеу жүйесiнен керi қайтарып алуына жатады.
Осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасының негiзiнде табыс етiлетiн салық есептiлiгiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiшпен бiр мезгiлде салық төлеушi (салық агентi) осы Кодекстiң 68-бабының 2-тармағына сәйкес салық есептiлiгiн табыс етуге мiндеттi.
Салықтық өтiнiште көрсетiлген салық кезеңi үшiн табыс етiлген салық есептiлiгiн керi қайтарып алу мынадай әдiстердiң бiрiмен:
1) салық есептiлiгiн қабылдау және өңдеу жүйесiнiң орталық торабынан керi қайтарылатын салық есептiлiгi жойылатын жою әдiсiмен;
2) бұрын табыс етiлген салық есептiлiгiне салық төлеушi (салық агентi) мәлiмдеген өзгерiстер және (немесе) түзетулер енгiзiлетiн өзгерту әдiсiмен жүргiзiледi.
2. Жою әдiсiмен мынадай:
1) салық төлеушi осы Кодекстiң 37, 38, 40-43-баптарына сәйкес салықтық тексерудi жүргiзу басталғанға дейiн қызметiн қайта бастау туралы шешiм қабылдаған жағдайда таратудың салық есептiлiгiн;
2) осы Кодекстiң 68-бабы 2-тармағының талаптарын бұза отырып, салық төлеушi табыс еткен салық есептiлiгiн;
3) осы Кодекске сәйкес осындай салық есептiлiгiн табыс ету жөнiндегi мiндеттемесi жоқ салық төлеушi табыс еткен салық есептiлiгiн;
4) осы Кодекстiң 584-бабының 5-тармағына сәйкес табыс етiлмеген деп есептелетiн салық есептiлiгiн керi қайтарып алу жүргiзiледi.
Салық есептiлiгiн жою әдiсiмен керi қайтарып алу кезiнде тiркелу есебiнiң орны бойынша салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоттарында керi қайтарылатын салық есептiлiгi бойынша салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдардың есептелген (азайтылған) сомасына түзету жасауды жүзеге асырады.
Салық төлеушi (салық агентi) осы баптың 4-тармағында көрсетiлген хабарламаны орындамаған кезде салық органы салық есептiлiгiн керi қайтарып алуды салықтық өтiнiшсiз жою әдiсiмен жүргiзедi. Керi қайтарып алу мұндай хабарламаны орындау үшiн көзделген мерзiм аяқталған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
3. Өзгерту әдiсiмен мынадай:
1) валютаның коды көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың нөмiрi және (немесе) күнi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;
3) резидент мәртебесi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген салық есептiлiгiн;
4) салық төлеушi осы Кодекстiң 37, 38, 40-43-баптарына сәйкес салықтық тексеру жүргiзiлгеннен кейiн қызметiн қайта бастау туралы шешiм қабылдаған жағдайда таратудың салық есептiлiгiн керi қайтару жүргiзiледi.
Салық есептiлiгiн өзгерту әдiсiмен керi қайтарып алу кезiнде тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоттарында керi қайтарылатын салық есептiлiгi бойынша салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдардың есептелген (азайтылған) сомасына түзету жасауды жүзеге асырады.
4. Егер салық өлеушi (салық агентi) осы баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген салық есептiлiгiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етпесе, салық органы салық төлеушiге (салық агентiне) осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген хабарламаны белгiленген мерзiмде жiбередi. Хабарлама осы Кодекстiң 608-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмде орындалуға жатады.
5. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мынадай:
1) тексеру жүргiзуге арналған нұсқамада көрсетiлген салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша кешендi және тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезеңiнде - тексерiлетiн салық кезеңiнiң
2) шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметiнiң жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарған шешiмiне шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде - шағым жасалатын салық кезеңiнiң қате берiлген салық есептiлiгiн керi қайтарып алуына жол берiлмейдi.
6. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiш берiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық есептiлiгiн керi қайтарып алуды жүргiзуге және салық төлеушiге (салық агентiне) уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша салық есептiлiгiн керi қайтарып алу туралы хабарлама жiберуге мiндеттi.»;

12) 70-баптың 5-тармағының 1) тармақшасы «жүргiзу кезеңiнде» деген сөздерден кейiн «(ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып)» деген сөздермен толықтырылсын;

13) 73-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Егер кезектi салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмi салықтық өтiнiштi табыс еткеннен кейiн басталса, онда осындай кезектi салық есептiлiгiн табыс ету салықтық өтiнiштi табыс еткен күнге дейiн жүргiзiледi.»;
2-тармақ «салық органы» деген сөздерден кейiн «уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

14) 74-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
«Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру мерзiмi, оны ұзарту ескерiле отырып, осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген мерзiмнен аспауға тиiс.»;

15) 76-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы «қабылдау» деген сөзден кейiн «және өңдеу» деген сөздермен толықтырылсын;

16) 78-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лизинг нысаналары лизинг шарты бұзылған (лизинг шарты бойынша мiндеттемелер тоқтатылған) күннен кешiктiрiлмей мынадай:»;

17) 88-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыс сомасы салық төлеушiнiң бастапқы құжаттарына сәйкес:
осы баптың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда есептен шығарылған;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда тарату балансын бекiткен күнi төленуге жататын мiндеттемелердiң сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең болады.»;

18) 96-бапта:
бiрiншi бөлiктегi «Салық» деген сөз «Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, салық» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте:
«Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, өтеусiз» деген сөздер «Өтеусiз» деген сөзбен ауыстырылсын;
«талаптарына сәйкес» деген сөздерден кейiн «бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

19) 97-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «тұлғалар» деген сөз «тараптар» деген сөзбен ауыстырылсын;

20) 102-баптың 2-тармағындағы «, өкiлдiк шығыстардың сомасы есептелмей,» деген сөздер алып тасталсын;

21) 106-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы «тұлғалардың» деген сөз «тараптардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы «тұлғалардың» деген сөз «тараптардың» деген сөзбен ауыстырылсын;

22) 107-баптың 2-тармағындағы «шартты депозиттiк арнайы» деген сөздер «арнайы депозиттiк» деген сөздермен ауыстырылсын;

23) 120-баптың 2-тармағындағы «шектi» деген сөз «осы тармақта белгiленген» деген сөздермен ауыстырылсын;

24) 122-баптың 2-тармағында:
бiрiншi бөлiк «көрсетiлгендерiн» деген сөзден кейiн «сондай-ақ амортизацияға жатпайтын активтердiң бастапқы құнын осы Кодекстiң 87-бабының 3-тармағына сәйкес ұлғайтатын келесi шығыстарды» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктiң 2) тармақшасындағы «шегерiмге жол берiледi» деген сөздер «осы тармақтың ережелерi қолданылады» деген сөздермен ауыстырылсын;

25) 133-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасын қолдану мақсатында салық салынатын табысты азайту сомасын айқындау кезiнде:
мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзуден туындайтын залалдар сомасына азайтылады;
агенттiк облигацияларды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар агенттiк облигацияларды өткiзуден туындайтын залалдар сомасына азайтылады.
Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасын қолдану мақсатында салық салынатын табысты азайту сомасын айқындау кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылмайтын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкiн құрайтын заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын және қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылмайтын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкiн құрайтын заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын және қатысу үлестерiн өткiзуден туындайтын залалдар сомасына азайтылады.
Осы баптың 2-тармағының 7) тармақшасын қолдану мақсатында салық салынатын табысты азайту сомасын айқындау кезiнде өткiзу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар өткiзу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзуден туындайтын залалдар сомасына азайтылады.»;

26) 134-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Коммерциялық емес ұйымның мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кiру жарналары және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық және демеушiлiк көмек, өтеусiз алынған мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдық түрiндегi табысы, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген шарттар сақталған жағдайда, салық салуға жатпайды.
Осы тармақтың мақсаты үшiн:
ортақ мүлiктi күтiп-ұстау және пайдалану бойынша ортақ шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң мiндеттi төлемдерi;
тұтастай үйдi қажеттi пайдалануға мiндеттi және қамтамасыз ету қатарына жатпайтын, үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерiне олардың келiсiмiмен жүктелген қосымша шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң төлемдерi;
үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi мiндеттi төлемдер мерзiмiн өткiзiп алған кезде ортақ шығыстар шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде есептелген өсiмпұл кондоминиумға қатысушылардың жарналары болып танылады.
Кондоминиумға қатысушылар жарналарының мөлшерi және оларды енгiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң кооперативi мүшелерiнiң жалпы жиналысында бекiтiледi.»;

27) 137-бапта:
2-тармақта:
бiрiншi бөлiк «өзгеше белгiленбесе,» деген сөздерден кейiн «осы баптың 3, 4, 4-1 және 4-2-тармақтарында көрсетiлген бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде алынған құн өсiмiнен түсетiн табыстарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктегi «он жылға дейiнгi мерзiмге алға» деген сөздер «, қоса алғанда келесi он жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзуден туындайтын залалдар мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыс есебiнен өтеледi.
4-2. Агенттiк облигацияларды өткiзуден туындайтын залалдар агенттiк облигацияларды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыс есебiнен өтеледi.»;
5-тармақтағы «3 және 4-тармақтарында» деген сөздер «3, 4, 4-1 және 4-2-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «он жылға дейiнгi мерзiмге алға» деген сөздер «, қоса алғанда келесi он жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;

28) 141-бапта:
2-тармақта:
3) тармақшасындағы «кезеңi iшiнде корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептемеуге және төлемеуге құқылы» деген сөздер «кезеңi iшiнде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Кодекстiң 134-бабы 1-тармағының және 135-баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарына сай келетiн салық төлеушiлер корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептемейдi және төлемейдi, оның iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөнiндегi декларацияны тапсырғанға дейiнгi және кейiнгi кезеңдерi үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейдi.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөнiндегi декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге жататын, осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есептi салық кезеңiнiң бiрiншi тоқсаны iшiнде теңдей үлестермен төленедi.
Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөнiндегi декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге жататын, осы баптың 6 және 7-тармақтарына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есептi салық кезеңiнiң екiншi, үшiншi, төртiншi тоқсандары iшiнде теңдей үлестермен төленедi.
Осы баптың 8-тармағына сәйкес жүргiзiлетiн корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң түзетiлген сомасы корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi төлеу мерзiмi басталмаған есептi салық кезеңiнiң айларына тең бөлiнедi.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Егер салық төлеушi алдыңғы салық кезеңiнде корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептемесе, алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөнiндегi декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы ағымдағы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығының болжамды сомасы негiзге алына отырып есептеледi.»;
7-тармақтағы «Алдыңғы» деген сөз «Корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептеу және төлеу бойынша осы бапта көзделген мiндеттiлiк қолданылатын, алдыңғы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Салық төлеушiлер есептi салық кезеңi iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейiнгi кезең үшiн төлеуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабын қоспағанда, корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабын табыс етуге құқылы. Бұл ретте, алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн төлеуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабы есептi салық кезеңiндегi табыстың болжамды сомасын негiзге ала отырып жасалады және корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi төлеу мерзiмi басталмаған есептi салық кезеңiнiң айлары үшiн табыс етiледi.»;
10-тармақ алып тасталсын;

29) 142-баптың 2-тармағында:
«ағымдағы» деген сөз «әр» деген сөзбен ауыстырылсын;
«ай сайын» деген сөздер «әрбiр ай үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;

30) 143-баптың 1-тармағында:
2) тармақшадағы «резидент еместердiң осы Кодекстiң 192-бабына сәйкес айқындалатын, мұндай резиденттердiң» деген сөздер «осы тармақтың 2-1) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда, резидент еместердiң осы Кодекстiң 192-бабына сәйкес айқындалатын, осындай резидент еместердiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетiлген, резидент еместiң филиалына, өкiлдiгiне немесе тұрақты мекемесiне төленетiн табыстар;»;

31) 147-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Резидент еместердiң осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 1)–8), 10)–29) тармақшаларында айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысты емес табыстарына, сондай-ақ осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетiлген табыстарға осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.»;

32) 155-баптың 3-тармағында:
4) тармақшаның бiрiншi абзацы «қызметтiк» деген сөзден кейiн «, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегi өтемақылар;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде және тәртiппен жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегi өтемақылар;»;
7) тармақшадағы «қызметкер жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан (не көшкен)» деген сөздер «қызметкер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге көшкен» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде» деген сөздер «мұндай жұмыстың әрбiр тәулiгi үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi еселенген мөлшерiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) сақтандырудың мiндеттi түрiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес жұмыс берушiмен жасалған, қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;»;
19) тармақшадағы «бiр жыл және одан да ұзақ уақыт меншiк құқығында» деген сөздер «меншiк құқығында бiр жыл және меншiк құқығын тiркеген күннен бастап одан да ұзақ уақыт» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақшадағы «кезiнен» деген сөз «күнiнен» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
«28) заңды тұлғалардан және дара кәсiпкерлерден алынған, оның iшiнде қызметкердiң өз жұмыс берушiсiнен алған кредиттердi (қарыздарды, микрокредиттердi) пайдаланғаны үшiн сыйақыны үнемдеуден түсетiн материалдық пайда.»;

33) 156-бапта:
1-тармақта:
24) тармақшада:
бiрiншi және екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, оның бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберген кезде осы қызметкердiң қызметтiк iссапарын ресiмдемей жасалған жұмыс берушiнiң шығыстары:
оқытуға, оның бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстары мөлшерiнде;»;
үшiншi абзацта орыс тiлiндегi мәтiнге түзету енгiзiлдi, қазақ тiлiндегi мәтiн өзгермейдi;
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, бiлiктiлiктi арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн қайтуға жұмсалған нақты шығыстары жатады;»;
жетiншi абзацта орыс тiлiндегi мәтiнге түзету енгiзiлдi, қазақ тiлiндегi мәтiн өзгермейдi;
мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатында басқа жерге жiберген кезде жұмыс берушiнiң осы қызметкердi оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау үшiн төлеуге нақты жұмсаған шығыстары;»;
35) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген табыстар:
жеке тұлғаның осы бапта белгiленген шектерде осындай түзетудiң сомасын көрсете отырып, салық салуға жататын табыстарға түзетулердi қолдануға өтiнiшiнiң
растайтын құжаттар көшiрмелерiнiң негiзiнде салық салуға жататын табыстардан алып тасталады.»;

34) мынадай мазмұндағы 161-1-баппен толықтырылсын:
«161-1-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң салықты есептеу, ұстау
және төлеу ерекшелiктерi

1. Мемлекеттiк органның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) аумақтық органдары өздерiне бағынысты мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң табыстары бойынша салық агенттерi ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздерiне бағынысты мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң табыстары бойынша салық агенттерi ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Бұл ретте, осы бапта белгiленген тәртiппен салық агенттерi деп танылған мемлекеттiк мекемелер осы Кодекстiң 12-бөлiмiнiң мақсаты үшiн әлеуметтiк салық төлеушiлер деп танылады.
Салықты төлеу салық агентiнiң орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджеттерде жүргiзiледi.
2. Салық агентi жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеудi осы Кодекстiң 161, 163-167-баптарында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзедi.
3. Салық агентi жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөнiндегi декларацияны осы Кодекстiң 162-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде табыс етедi.»;

35) 162-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Құрылымдық бөлiмшелерi бар салық агенттерi бөлiмшенiң орналасқан жерiндегi салық органына жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөнiндегi декларацияға құрылымдық бөлiмше бойынша жеке табыс салығының және әлеуметтiк салықтың сомасын есептеу жөнiндегi қосымшаны табыс етедi.»;

36) 163-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын;

37) 168-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;

38) 180-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшадағы «он екi айдан» деген сөздер «меншiк құқығы тiркелген күннен бастап бiр жылдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) меншiк құқығы тiркелген күннен бастап бiр жылдан аз уақыт меншiк құқығында болған, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген объектiлер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, саяжай құрылысы, гараж салу үшiн берiлген жер учаскелерiн және (немесе) жер үлестерiн;»;
3) тармақшадағы «он екi айдан» деген сөздер «бiр жылдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «он екi айдан» деген сөздер «меншiк құқығы тiркелген күннен бастап бiр жылдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы баптың 5-тармағында көрсетiлген өткiзiлген мүлiктiң нарықтық құны болмаған жағдайда:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген мүлiк үшiн – мүлiктi өткiзу құны мен мүлiктiк бағалау құны арасындағы оң айырма құнның өсiмi болып табылады. Бұл ретте, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган өткiзiлген мүлiкке меншiк құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына қарай мүлiк салығын есептеу үшiн айқындаған құн бағалау құны болып табылады;
2) осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген мүлiк үшiн – осындай мүлiктi өткiзу құны құнның өсiмi болып табылады.»;

39) 236-баптың 2-тармағы 4) тармақшасы төртiншi бөлiгiнiң он бiрiншi абзацы «контейнерлердi» деген сөзден кейiн «жалға және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;

40) 237-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Бұрын экспорт режимiнде әкетiлген тауарларды керi импорт режимiнде әкелген жағдайда:
1) кезең-кезеңдiк немесе уақытша декларациялау рәсiмiн қолданбастан, тауарды экспорт режимiнде әкеткен кезде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын өткiзу пунктiнде iс жүзiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасын кесiп өткен күн;
2) кезең-кезеңдiк немесе уақытша декларациялау рәсiмiн қолдана отырып, тауарларды экспорт режимiнде әкеткен кезде кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiлерi бар толық жүктiң кедендiк декларациясы ресiмделген күн тауарларды өткiзу бойынша айналым жасалған күн болып табылады.»;

41) 238-бап мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
«18. Бұрын экспорт режимiнде тауарды әкетудi жүзеге асырған салық төлеушiнiң осы тауарды керi импорт режимiнде әкелген кезде салық салынатын айналымының мөлшерi қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияда тауарды экспортқа өткiзу бойынша айналым көрсетiлген осы тауар құнының негiзiнде экспортты ресiмдеген кезде қолданылған өлшем бiрлiгiнде әкелiнген тауар көлемiне барабар айқындалады.»;

42) 239-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бұрын экспорт режимiнде әкетiлген тауарды керi импорт режимiнде әкелудi қоспағанда, тауар толық немесе iшiнара қайтарылған;»;

43) 256-баптың 2-тармағы 8) тармақшасының үшiншi абзацы «сәйкестендiру нөмiрi» деген сөздерден кейiн «және қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қойылғаны туралы куәлiктiң нөмiрi» деген сөздермен толықтырылсын;

44) 263-бапта:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Бұрын жазып берiлген шот-фактураға тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнi және (немесе) сатып алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу қажет болған жағдайда, оларды берушi қателердi түзету мақсатында бұрын жазып берiлген шот-фактураның күшiн жояды және ол мынадай талаптарға:
1) бұрынғы нөмiрлерi мен жазып берiлген күнi көрсетiле отырып, осы Кодекстiң 263-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкестiгiне;
2) шот-фактурада бұрын жазып берiлген шот-фактураны түзету күнiнiң көрсетiлуiне;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушының түзетiлген шот-фактураны алғаны туралы мынадай растаулардың бiрiнiң болуына:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушының мұндай шот-фактураны осы баптың 8-тармағына сәйкес қол қоюымен және мөрiмен куәландырылуының болуына;
мұндай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнiң тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушының мекенжайына тапсырыс хатпен жiберуiне және оны алғаны туралы хабарламаның болуына сәйкес келуге тиiс түзетiлген шот-фактура жазып бередi.
Осы Кодекстiң 265-бабында көзделген жағдайларда, осы тармақтың ережесi қолданылмайды.
Осы тармақты қолдану мақсатында бұрын жазып берiлген шот-фактурадағы:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнiң және (немесе) сатып алушының сәйкестендiру нөмiрiн;
берушiнiң қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қойылғаны туралы куәлiктiң нөмiрiн өзгерту және (немесе) толықтыру тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнi және (немесе) сатып алушыны ауыстыру болып танылмайды.»;
15-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура жазып беру мынадай жағдайларда:»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Кодекстiң 276-бабының 1-тармағында аталған адамдарға тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткiзу жағдайларын қоспағанда, халыққа тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi қолма-қол есеп айырысу арқылы өткiзген жағдайда сатып алушыға бақылау-кассалық машинаның чегi берiлген;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Осы баптың 15-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiге шот-фактура жазып беру туралы талаппен өтiнiш бiлдiруге құқылы, ал оларды берушi осы баптың ережелерiн ескере отырып, бұл талапты орындауға мiндеттi.
Бұл ретте шот-фактура жазып беру:
1) осы баптың 15-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда – өткiзу бойынша айналым жасалған күнi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткiзген жерi бойынша;
2) осы баптың 15-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн бес күннен кешiктiрiлмей, көрсетiлетiн қызметтердi берушiнiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асырылады. Егер көрсетiлетiн қызметтердi алушы осы тармақшада көрсетiлген мерзiмде шот-фактура жазып беру туралы талаппен өтiнiш бiлдiрмеген болса, онда ол көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн көрсетiлетiн қызметтердi берушiге осы талаппен өтiнiш бiлдiруге құқылы. Бұл ретте, көрсетiлетiн қызметтердi берушi шот-фактураны жазып беру күнiмен бiрге айналым жасалған күнi қолданыста болған ставка бойынша есептелген салықты көрсете отырып, өткiзу бойынша айналымның жасалған күнiн көрсетедi.
Тауарларды экспорт режимiнде әкеткен жағдайда шот-фактура өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.»;

45) 281-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «643» деген цифрлар «653» деген цифрлармен ауыстырылсын;

46) 286-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiндегi «643» деген цифрлар «653» деген цифрлармен ауыстырылсын;

47) 293-баптың 1-тармағындағы «салық салу объектiсiнiң» деген сөздер «ол төленетiн объектiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

48) 300-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«300-бап. Төлеушiлер

Мыналар:
1) осы Кодекстiң 308-бабының 2-тармағында көрсетiлген келiсiмшарттар шеңберiнде өндiрiлген шикi мұнай, газ конденсаты көлемiн экспорттайтын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикi мұнайды, газ конденсатын;
2) көмiрдi экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушiлер болып табылады.»;

49) 307-баптың 4-тармағындағы «осы бөлiмде белгiленген салықтар мен арнаулы төлемдер» деген сөздер «пайдалы қазбаларды өндiру салығы» деген сөздермен ауыстырылсын;

50) 313-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«313-бап. Төлеушiлер

Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартты жасасқан жеке және заңды тұлғалар;
2) жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңiмпазы болған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын алған жеке немесе заңды тұлға қол қойылатын бонус төлеушiлер болып табылады.»;

51) 314-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының үшiншi абзацындағы «өндiруге» деген сөз «барлауға» деген сөзбен ауыстырылсын;

52) 327-баптың 2-тармағында:
«күннен бастап, ал» деген сөздерден кейiн «2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құпиялылық туралы тиiстi келiсiм жасалмаған» деген сөздермен толықтырылсын;
«қосымша келiсiм» деген сөздер «құпиялылық туралы келiсiм» деген сөздермен ауыстырылсын;

53) 328, 329 және 355-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«328-бап. Төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi

1. Тиiстi келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдi жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiнгi өндiру кезеңiнiң басынан бастап мынадай тәртiппен төлейдi:
1) егер тиiстi келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнiң жалпы мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда құпиялылық туралы келiсiм жасалған күнi белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, онда тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдi жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiрудi бастаған жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей төлейдi.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн өндiруге кiрiскен, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша:
егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджетке өтелмеген тарихи шығындардың сомасы 2009 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, онда тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдi 2010 жылғы 10 сәуiрден кешiктiрмей төлейдi;
2) егер тиiстi келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнiң жалпы мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда құпиялылық туралы келiсiм жасалған күнi белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асып түсетiн соманы құраса, онда тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдi жер қойнауын пайдаланушы экономикалық сараптама жүргiзу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлген кесте бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда құпиялылық туралы келiсiм жасалған күнi белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшерiнен кем емес баламалы сомада теңдей үлеспен, бiрақ он жылдан аспайтын уақытта тоқсан сайын төлейдi.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн өндiруге кiрiскен, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша:
егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджетке өтелмеген тарихи шығындардың сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылға арналып белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асып түсетiн соманы құраса, онда тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдi жер қойнауын пайдаланушы экономикалық сараптама жүргiзу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлген кесте бойынша республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылға арналып белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшерiнен кем емес баламалы сомада теңдей үлеспен, бiрақ он жылдан аспайтын уақытта тоқсан сайын төлейдi.
2. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге арналған келiсiмшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем төленбейдi.

329-бап. Салық декларациясы

1. Егер тиiстi келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнiң жалпы мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда құпиялылық туралы келiсiм жасалған күнi белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн өндiруге кiрiскен, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша:
2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджетке өтелмеген тарихи шығындардың сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылға арналып белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына 2010 жылғы 31 наурыздан кешiктiрмей табыс етедi.
2. Егер тиiстi келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнiң жалпы мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда құпиялылық туралы келiсiм жасалған күнi белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асып түсетiн соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрмей тоқсан сайын табыс етедi.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн өндiруге кiрiскен, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша:
егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджетке қайтарылмаған тарихи шығындардың сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылға арналып белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асып түсетiн соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-нен кешiктiрмей тоқсан сайын табыс етедi.»;

«355-бап. Төлеушiлер

1. Мыналар:
1) дара кәсiпкерлер;
2) жекеше нотариустар, адвокаттар;
3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.
2. Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк салық төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша әлеуметтiк салықты дербес төлеушiлер болып танылған құрылымдық бөлiмшелер осы Кодекстiң 19-тарауының мақсаттары үшiн жеке табыс салығы жөнiндегi салық агенттерi болып танылады.
3. Мемлекеттiк органның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) аумақтық органдары өздерiне бағынысты мемлекеттiк мекемелер үшiн төленуге жататын әлеуметтiк салықты төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздерiне бағынысты мемлекеттiк мекемелер үшiн әлеуметтiк салықты төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Осы бапта белгiленген тәртiппен әлеуметтiк салық төлеушiлер деп танылған мемлекеттiк мекемелер осы Кодекстiң 19-тарауының мақсаттары үшiн жеке табыс салығы бойынша салық агенттерi болып танылады.»;

54) 360-баптың 1-тармағындағы «есептi тоқсаннан» деген сөздер «салық кезеңiнен» деген сөздермен ауыстырылсын;

55) 361-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«361-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң әлеуметтiк салықты есептеу
ерекшелiктерi

1. Мемлекеттiк мекемелер есептi айға есептеген әлеуметтiк салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi бойынша төленген әлеуметтiк жәрдемақы сомасына азайтылады.
2. Есептi айда осы баптың 1-тармағында көрсетiлген әлеуметтiк жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен жағдайда, асып түскен сома келесi айға ауыстырылады.
3. Төлеушi осы Кодекстiң 355-бабында айқындалған мемлекеттiк мекемелер бойынша төленуге жататын әлеуметтiк салық сомасын есептеудi осы Кодекстiң 359 және 360-баптарында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзедi.
4. Төлеушi жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық жөнiндегi декларацияны осы Кодекстiң 364-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде табыс етедi.»;

56) 364-бапта:
1-тармақтағы «Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, төлеушiлер» деген сөздер «Төлеушiлер» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер құрылымдық бөлiмшенiң орналасқан жерiндегi салық органына құрылымдық бөлiмше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияға құрылымдық бөлiмше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың сомасын есептеу жөнiндегi қосымшаны табыс етедi.»;

57) 365-бапта:
3-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, мыналар:»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасында аталған тұлғалар пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушiлер болып табылады.»;

58) 368-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке тұлғалар сатып алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасын көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың бiрiншi күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi немесе меншiк құқығы тоқтатылған айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептейдi.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Заңды тұлғалар салық кезеңiнiң басында меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған көлiк құралдары бойынша, сондай-ақ салық кезеңiнiң басынан бастап салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде мұндай құқықтар туындаған және (немесе) тоқтатылған көлiк құралдары бойынша ағымдағы төлемдердi:
1) көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы салық кезеңiнiң басынан бастап салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде туындаған және салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiн тоқтатылмаған жағдайда – көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бiрiншi күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы мөлшерiнде;
2) салық кезеңiнiң басынан бастап салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы:
тоқтатылған жағдайда – салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы мөлшерiнде;
туындаған және тоқтатылған жағдайда – көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бiрiншi күнiнен бастап мұндай көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы мөлшерiнде;
3) қалған жағдайларда – жылдық салық сомасы мөлшерiнде есептейдi. Бұл ретте, салық кезеңiнiң 1 шiлдесiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезеңде көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған жағдайда, декларацияда салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы көрсетiледi.
Заңды тұлғалар салық кезеңiнiң 1 шiлдесiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезеңде меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған көлiк құралдары бойынша ағымдағы төлемдердi есептемейдi және ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын табыс етпейдi. Бұл ретте, декларацияда осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында белгiленген тәртiппен есептелген салық сомасы көрсетiледi.»;

59) 369-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеудi ағымдағы төлемдердi енгiзу арқылы салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi.»;
2-тармақтағы «Алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрған көлiк» деген сөздер «Көлiк» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан иелiктен шығару құқығымен көлiк құралын басқаруға арналған сенiмхат негiзiнде сенiм бiлдiрiлген болып табылатын жеке тұлғаның салық кезеңi үшiн көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.»;

60) 373-бапта:
3-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Ардақты ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар:
тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;
үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;
6) жеке тұратын зейнеткерлер:
тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;
үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;»;
4-тармақта:
«3)-7)» деген цифрлар «2)-7)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«пайдалануға» деген сөзден кейiн «, сенiмгерлiкпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;

61) 389-баптың 5 және 6-тармақтарының екiншi бөлiктерi:
«3-тармағының» деген сөздерден кейiн «2),» деген цифрмен толықтырылсын;
«пайдалануға» деген сөзден кейiн «, сенiмгерлiкпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;

62) 390 және 391-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«390-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудiң
және салық есептiлiгiн табыс етудiң ерекшелiктерi

1. Бiрнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi үшiн жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеушi бойынша жеке есептеледi.
2. Осы Кодекстiң 373-бабы 3-тармағының 2), 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдiң бiр бөлiгiн не ғимараттың бiр бөлiгiн пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, ғимараттардың жалпы алаңындағы пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiлген үйдiң бiр бөлiгi не ғимараттың бiр бөлiгi алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады.
3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне осы Кодекстiң 381-бабында белгiленген салықтың базалық ставкалары бойынша есептелуге жатады.
4. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырмайтын жеке тұлғалар, оның iшiнде жекеше нотариустар, адвокаттар, осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жер учаскелерiн қоспағанда, меншiк құқығындағы тұрғын үй емес үй-жайлары орналасқан жер учаскелерi бойынша патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер үшiн осы бөлiмде белгiленген тәртiппен жер салығын есептейдi, төлейдi және жер салығы бойынша салық есептiлiгiн табыс етедi.
Осы тармақтың ережелерi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырмайтын жеке тұлғалардың салық базасы осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес айқындалатын тұрғын үй емес үй-жайлары орналасқан жер учаскелерiне қолданылмайды.

391-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi және төлеу
мерзiмдерi

1. Жеке тұлғалар (осы тармақтың екiншi бөлiгiнде аталған тұлғаларды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып, 1 тамыздан кешiктiрмей жүргiзедi.
Осы тармақтың ережелерi:
дара кәсiпкерлерге;
салық базасы осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес айқындалатын тұрғын үй емес үй-жайлар орналасқан жер учаскелерiн қоспағанда, меншiк құқығындағы тұрғын үй емес үй-жайлары орналасқан жер учаскелерi бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырмайтын жеке тұлғаларға, оның iшiнде жекеше нотариустарға, адвокаттарға қолданылмайды.
2. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне құқықтар берiлген жағдайда, салық сомасы осы Кодекстiң 389-бабы 8-тармағының ережелерi ескерiле отырып есептеледi.
3. Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын бюджетке ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.
4. Салық мiндеттемелерi ағымдағы жылдың 1 қазанынан кейiн туындаған кезде, салық сомасын төлеу салық салу объектiсiне меншiк құқығы мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн отыз жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
5. Дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
6. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi. Бұл ретте, жер салығы салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей төленуге жатады.»;

63) 393-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушiлер (патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмдерде табыс етедi.
Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын және декларацияны табыс етпейдi.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережелерi дара кәсiпкерлерге (патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғаларға қолданылады.»;
4-тармақ:
«3-тармағының» деген сөздерден кейiн «2),» деген цифрмен толықтырылсын;
«пайдалануға» деген сөзден кейiн «, сенiмгерлiкпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;

64) 394-баптың 4-тармағында:
бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, мыналар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:»;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың 2)-4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушiлер болып табылады.»;

65) 397-бапта:
2-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт талаптарында салық салу объектiлерiн демонтаждау және жою жөнiндегi мiндеттемелердi орындау көзделген болса, онда халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған осындай мiндеттемелердi бағалау салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кiрмейдi.»;
3-тармақта:
«3) тармақшаcында» деген сөздер «2)-4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«пайдалануға» деген сөзден кейiн «, сенiмгерлiкпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;

66) 398-баптың 4-тармағы «пайдалануға» деген сөзден кейiн «, сенiмгерлiкпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;

67) 399-баптың 5-тармағында:
«3) тармақшаcында» деген сөздер «2)-4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«пайдалануға» деген сөзден кейiн «, сенiмгерлiкпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;

68) 401-баптың 2-тармағында:
«3) тармақшаcында» деген сөздер «2)-4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«пайдалануға» деген сөзден кейiн «, сенiмгерлiкпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;

69) 402-баптың 1 және 2-тармақтарының үшiншi бөлiктерiнде:
«3) тармақшаcында» деген сөздер «2)-4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«пайдалануға» деген сөзден кейiн «, сенiмгерлiкпен басқаруға» деген сөздермен толықтырылсын;

70) 407-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«407-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу

Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырмайтын жеке тұлғалар, оның iшiнде жекеше нотариустар, адвокаттар (осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлгендердi қоспағанда) меншiк құқығындағы тұрғын үй емес үй-жайлары бойынша осы Кодекстiң 398-бабының 2-тармағында белгiленген ставкаларды қолдана отырып, патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер үшiн осы Кодекстiң 57-тарауында белгiленген мүлiк салығын тәртiппен есептейдi, төлейдi және осы салық бойынша салық есептiлiгiн табыс етедi.
Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлгендердi қоспағанда, мұндай тұрғын үй емес үй-жайлар бойынша салық базасы осы Кодекстiң 397-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
Осы баптың ережелерi салық базасы осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес айқындалатын тұрғын үй емес үй-жайлар бойынша жеке тұлғаларға қолданылмайды.»;

71) 428-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Арнаулы салық режимi мынадай қызмет түрлерiне:
1) акцизделетiн өнiмдi өндiруге;
2) акцизделетiн өнiмдi сақтауға және көтерме саудада өткiзуге;
3) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн – бензиндi, дизель отынын және мазутты өткiзуге;
4) лотереяларды (мемлекеттiк (ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастыруға және өткiзуге;
5) жер қойнауын пайдалануға;
6) шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға;
7) түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге;
8) консультациялық қызметтер көрсетуге;
9) бухгалтерлiк есеп және аудит саласындағы қызметке;
10) қаржы және сақтандыру қызметiне қолданылмайды.»;

72) 484-баптың 5-тармағындағы «15» деген цифрлар «25» деген цифрлармен ауыстырылсын;

73) 528-баптың 1-тармағындағы «плакаттар, стендiлер, жарық берушi табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрiнде», «сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiнде» деген сөздер алып тасталсын;

74) 530-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгiндегi «екi есе» деген сөздер «екi еседен асырмай» деген сөздермен ауыстырылсын;

75) 562-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын, осы Кодекстiң 189-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының резидентi мәртебесiн иеленген резидент емес жеке тұлға мұндай мәртебенi иеленген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салық төлеушi ретiнде тiркелуге тиiс. Салық төлеушi ретiнде тiркелу үшiн мұндай жеке тұлға өзi болатын (тұрғылықты) жердегi салық органына осы баптың 2-тармағында белгiленген құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерiн қоса бере отырып, тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiшiн бередi.»;

76) 581-баптың 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы он бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
«өз өкiлеттiктерiн орындаған кезеңде мемлекеттiк қызметтi атқаратын адамның және осы кезеңде оның жұбайының (зайыбының);»;

77) 584-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Кодекстiң 69-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес керi қайтарып алынған салық есептiлiгiн қабылдаған күн осы Кодекстiң 69-бабының 1-тармағына сәйкес табыс етiлген салық есептiлiгiнiң табыс етiлген күнi болып табылады.»;
5-тармақта:
5) тармақша «көрсетiлмесе,» деген сөзден кейiн «немесе дұрыс көрсетiлмесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы «және оны куәландыруға» деген сөздер алып тасталсын;

78) 591-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Есепке жазылған соманы есепке алу салықтық тексерудiң аяқталған күнi көрсетiле отырып және осы Кодекстiң 93 және 94-баптарында белгiленген тәртiппен шағым беру мерзiмдерi ескерiле отырып жеке шотта жүргiзiледi.
Салық төлеушi осы Кодекстiң 608-бабының 3-тармағында көрсетiлген таратудың салықтық тексеруiнiң нәтижелерi туралы хабарламалармен келiскенi туралы өтiнiштi табыс еткен кезде, есепке жазылған сомаларын есепке алу осындай өтiнiштi табыс еткен күннен бастап салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шотында жүргiзiледi.»;

79) 596-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«596-бап. Қаулыны орындаудың мерзiмi өтуiне байланысты айыппұл
төлеу бойынша мiндеттеменiң тоқтатылуы

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қаулыны орындаудың мерзiмi өтуiне байланысты орындалуы мүмкiн емес салық салу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы бойынша айыппұл сомасын салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шотынан салық органының шешiмi негiзiнде есептен шығаруға тиiс.»;

80) 598-баптың 4-тармағындағы «оны ауыстыратын тұлғаның» деген сөздер «оны ауыстыратын адамның немесе басшы орынбасарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

81) 608-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«608-бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртiбi

1. Хабарлама салық төлеушiге (салық агентiне) өзiнiң қолын қойғызып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс.
Бұл ретте, төменде тiзбеленген тәсiлдердiң бiреуiмен жiберiлген хабарлама мынадай жағдайларда:
1) почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жiберiлгенде – салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгi қойған күннен бастап;
2) электрондық тәсiлмен жiберiлгенде – салық қызметi органы хабарламаны жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi өткен соң хабарлама салық төлеушiге (салық агентiне) тапсырылды деп есептеледi. Бұл тәсiл осы Кодекстiң 572-бабында белгiленген тәртiппен электрондық салық төлеушi ретiнде тiркелген салық төлеушiге қолданылады.
2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгiленбесе, салық органдары осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 2)-4), 7)-9) тармақшаларында көрсетiлген хабарламаларды жiберген жағдайда, салық мiндеттемесi және (немесе) мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтiк аударымдарды есептеу және төлеу бойынша мiндеттемелер салық төлеушiге (салық агентiне) хабарлама табыс етiлген күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде орындалуға жатады.
3. Салық төлеушi осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген таратудың салықтық тексеруiнiң нәтижелерi туралы хабарламалармен толық келiскен жағдайда, салық төлеушi хабарламаларда көрсетiлген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша мiндеттемелердi орындау туралы растайтын құжаттармен қоса осындай келiсу туралы өтiнiштi табыс етедi.
Бұл ретте, салық төлеушi тарату салықтық тексерудiң нәтижелерi туралы хабарламалармен келiскенi туралы өтiнiштi салық органына хабарлама тапсырылған күннен кейiнгi күннен бастап жиырма бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей табыс етедi.
4. Осы баптың 1, 2-тармақтарында белгiленген хабарламаларды тапсыру және орындау тәртiбi осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетiлген хабарламалардың көшiрмелерiне де қолданылады.
5. Салық органдары осы Кодекстiң 607-бабының 4-тармағында көрсетiлген жағдайда салық төлеушi өтiнiш жасаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мұндай салық төлеушiге осы Кодекстiң 607-бабының 2-тармағы 4), 5) тармақшаларында көрсетiлген хабарламалардың түпнұсқасын бередi.
6. Осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны салық төлеушi (салық агентi) хабарлама жiберiлген күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.»;

82) 627-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қарсы тексеру - салық қызметi органы салық төлеушiмен (салық агентiмен) операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты жүргiзетiн тексеру, салық қызметi органдары аталған салық төлеушiнi тексеру барысында пайдалану үшiн осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында оған қатысты кешендi немесе тақырыптық тексеру жүргiзедi.
Қарсы тексеру кешендi немесе тақырыптық тексеруге қатысты қосалқы тексеру болып табылады.
Тараптардың бiрi Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келiсiмдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердiң салық немесе құқық қорғау органдарының, халықаралық ұйымдардың сауал салуы бойынша жүргiзiлетiн тексеру де қарсы тексеру деп танылады;»;

83) 629-баптың 5-тармағында:
4) тармақшаның екiншi бөлiгiндегi «3)» деген цифр «5)» деген цифрмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында көзделген негiздер бойынша жүргiзiлетiн тексерудiң салықтық тексеру мерзiмiне кiрмейдi.»;

84) 632-баптың 5-тармағы «тексерудi жүргiзетiн тұлғалар» деген сөздерден кейiн «саны өзгертiлген және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;

85) 635-бапта:
6-тармақтың төртiншi бөлiгiндегi «мониторинг бойынша есептiлiк» деген сөздер «салық есептiлiгiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Салықтық тексеру аяқталған күнге:
өнiм берушiмен өзара есеп айырысулардың дұрыстығын растау үшiн қарсы тексерулер жүргiзуге сауал салуға жауаптар алынбаған;
тексерiлетiн салық төлеушiнiң өнiм берушiсi бұрын жiберiлген сауал салу бойынша қарсы тексерулер жүргiзу кезiнде анықталған бұзушылықтарды жоймаған;
бұрын жiберiлген сауал салу бойынша уәкiлеттi орган алған жауаптар негiзiнде мониторингке жататын iрi салық төлеушi бойынша қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталмаған сомалардың шегiнде қосылған құн салығын қайтару жүргiзiлмейдi.
Бұл ретте, салықтық тексеру актiсiнде қосылған құн салығын мұндай қайтармаудың негiздемесi көрсетiледi.»;

86) 667-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағымы салық қызметiнiң жоғары тұрған органына салық төлеушiге (салық агентiне) хабарламаны тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.
Бұл ретте салық төлеушi (салық агентi) шағымның көшiрмесiн салықтық тексеру жүргiзген салық органына жiберуге тиiс.
Салық қызметi органына шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:
1) өзi келу тәртiбiмен – салық қызметi органдары шағымды алған күн;
2) почтамен – почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.»;

87) 668-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымға қол қойған күнi;».

6. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат, № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат):
1) 2-1-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгiндегi «Ұлттық басқарушы» деген сөздер «Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, ұлттық басқарушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде «Ұлттық басқарушы» деген сөздер «Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, ұлттық басқарушы» деген сөздермен ауыстырылып, «лауазымды адамдары» деген сөздерден кейiн «iрi акционерi ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағы екiншi бөлiгiнiң, сондай-ақ 2-тармағының ережелерi Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасының мақсаттары үшiн ескерiлмейдi.»;

2) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Банктiң жарғылық және меншiк капиталы

1. Банктiң жарғылық капиталы, осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгiленген жағдайларды қоспағанда, акцияларды сату есебiнен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.
2. Банк акциялары орналастырылған кезде тек қана ақшамен төленуге тиiс. Бұл талап, акциялары:
1) банк кредиторлары арасында орналастырылатын және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда банк қайта құрылымдау жүргiзген кезде банктiң тиiстi кредитор алдындағы ақшалай мiндеттемесi жөнiндегi кез келген құқығын (талабын) есепке жатқызу жолымен төленетiн банктерге;
2) банктiң жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздар шығару проспектi негiзiнде бағалы қағаздарды банктiң жай акцияларына айырбастау кезiнде қолданылмайды.
3. Банктi қайта құрылымдау рәсiмi шеңберiнде бағалы қағаздарды банктiң акцияларына айырбастаған жағдайда банк акционерлерiне бағалы қағаздарды және (немесе) банктiң ақшалай мiндеттемелерiн оның акцияларына айырбастау арқылы өзiнiң акцияларын орналастырған кезде басымдықпен сатып алу құқығы берiлмейдi.
4. Жаңадан құрылған банктiң жарғылық капиталына оның акционерлерi осы банктi тiркеу кезiнде елу процент және ол тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде толық төлем жасауға тиiс.
5. Банктiң меншiк капиталын және инвестицияларын есептеу әдiстемесiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Банк мiндеттемелерiнiң сомасы оның активтерiнiң құнынан артық болған жағдайда, банктiң меншiк капиталы терiс болып табылады.
6. Банктiң меншiк капиталының терiс мөлшерi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша оның акционерлерiнiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдауға және оларды банк капиталының ұлғаюына және инвестор алған мiндеттемелердi ескере отырып оның қалыпты жұмыс iстеуiне кепiлдiк беретiн шарттармен жаңа инвесторға сатып алынған бағасымен дереу сатуға құқылы.
Уәкiлеттi органның банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы, ол банк акцияларын (акционерлердiң үлестерiн) кейiннен жаңа инвесторға сату мақсатында оларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдаған күнгi оның мiндеттемелерiнiң сомасы шегерiле отырып, банк активтерiнiң құнын негiзге ала отырып айқындалатын баға бойынша жүзеге асырылады. Уәкiлеттi орган банктiң сатып алынған акцияларын олардың сатып алынған бағасымен дереу сатады. Банктiң мәжбүрлеп сатып алынған барлық акциялары иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа инвесторға көшедi.
Банкке талаптар қойылуы мүмкiн мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған, бiрақ осы талаптар банктiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдағанға дейiн қойылмаған жағдайда, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша талаптарды қоспағанда, мұндай талаптар өтелген болып есептеледi.
Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың және оларды кейiннен инвесторларға мiндеттi түрде сатудың тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;

3) 34-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Қарыз алушының (клиенттiң) өзi және жасалатын мәмiле туралы мәлiметтердi, сондай-ақ тараптардың өз мiндеттемелерiн орындауына байланысты ақпаратты кредиттiк бюролардың деректер базасына беруiне жазбаша келiсiмiнiң болуы банктiң, ипотекалық ұйымның, номиналды ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокердiң және (немесе) дилердiң немесе агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымдарының банктiк қарыз шартын жасасудың, лизинг операцияларын, факторингтiк, форфейтингтiк операцияларды жүзеге асырудың, вексельдердi есепке алудың, банктiң кепiлдiктер, кепiлгерлiктер, аккредитивтер шығаруының мiндеттi талабы болып табылады.»;

4) 40-баптың 6-1-тармағындағы «Банктiң акционерi» деген сөздер «Осы баптың мақсаттары үшiн банктiң акционерi» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 50-баптың 4-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi «берiлген қарыздар» деген сөздер «банктiк қарыз, лизинг операцияларын, факторингтiк, форфейтингтiк операциялар, вексельдердi есепке алу, сондай-ақ банк шығарған кепiлдiктер, кепiлгерлiктер, аккредитивтер» деген сөздермен ауыстырылсын.

7. «Мемлекеттiк статистика туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 9, 91-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; 2002 ж., № 1, 3-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 143-құжат; 2007 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат):
11-бап мынадай мазмұндағы он екiншi абзацпен толықтырылсын:
«еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органына және қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының өлiм-жiтiмi (мүгедектiгi) бойынша статистикалық деректердi жыл сайын 30 сәуiрден кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.».

8. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат):
9-1-бап «мүлiк кепiлiн» деген сөздерден кейiн «, тiркелген кепiлдiң өзгерiстерiн, толықтыруларын және тоқтатылуын» деген сөздермен толықтырылсын.

9. «Сақтандыру қызметi туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат):
1) 1-бапта:
тақырыптағы және 1-тармақтағы «Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «өзге де заң актiлерiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығының қажеттi деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер мөлшерiнiң, сақтандыру сыйлықақысы ставкаларының экономикалық-математикалық есептеулерiн жүргiзуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргiзiп жатқан және жүргiзудi жоспарлап отырған сақтандыру түрлерiнiң пайдалылығы мен кiрiстiлiгiн бағалауды жүргiзетiн, уәкiлеттi органның лицензиясы бар жеке тұлға;
2) ассистанс – сақтандыру ұйымдарының, заңды тұлғалардың сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) саяхатта не тұрғылықты жерiнен алыста жүрген уақытта қиын жағдайға душар болғанда сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан оған техникалық, медициналық жәрдемдесу арқылы ақшалай және (немесе) табиғи-заттай нысанда көмек көрсетуi;
3) бақылау – бiр заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi, ол мынадай:
бiр тұлға басқа тұлғаның дауыс беретiн акцияларының елу процентiнен астамын дербес не бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп тiкелей немесе жанама иеленетiн не басқа заңды тұлғаның акцияларының елу процентiнен астамымен дербес дауыс беру мүмкiндiгi болатын;
бiр заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесi немесе басқармасы құрамының кемiнде жартысын сайлау мүмкiндiгi болатын;
бiр заңды тұлғаның қаржылық есептiлiгi аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептiлiгiне қосылатын;
бiр заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген жағдайларда өзгеше түрде басқа заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi болатын жағдайлардың бiрi болған кезде туындайды;
4) бас ұйым – басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;
5) еншiлес ұйым – өзiне қатысты басқа заңды тұлға бақылау жасайтын заңды тұлға;
6) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның iрi қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiн) иелену (олармен дауыс беру) арқылы бiрлесiп заңды тұлғаның iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi;
7) заңды тұлғаның iрi қатысушысы – заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң немесе дауыс беретiн акцияларының он немесе одан көп процентiн тiкелей немесе жанама иеленетiн (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иелiк етушi болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;
8) капиталға қомақты қатысу – дауыс беретiн акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) жиырма және одан да көп процентiн тiкелей немесе жанама, дербес немесе, бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп иелену не акциялардың жиырма және одан да көп процентiмен дауыс беру мүмкiндiгiнiң болуы;
9) қайта сақтандыру – өздерiнiң арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес бiр жағынан қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн қайта сақтандыруға беруiне және екiншi жағынан осы тәуекелдердi қайта сақтандыру ұйымының қабылдауына байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;
10) қайта сақтандыру ұйымы (қайта сақтандырушы) – уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
11) қайта сақтанушы (цедент) – өзi қабылдаған сақтандыру тәуекелдерiн қайта сақтандыруға берудi жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы;
12) мiнсiз iскерлiк бедел – кәсiпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенiн растайтын фактiлердiң болуы;
13) ортақ сақтандыру – бiр мезгiлде бiрнеше сақтандыру ұйымдарымен сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерiн қабылдап, олардың жауапкершiлiгiн өздерiнiң арасында жасалған ортақ сақтандыру шартына сәйкес бөлуге байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;
14) өздiгiнен ұстап қалу – жауаптылық көлемiнiң бiр бөлiгi, соның шегiнде сақтандырушы немесе қайта сақтанушы (цедент) сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебiнен жауапты болады;
15) пруденциялық нормативтер – уәкiлеттi орган белгiлейтiн және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтауы үшiн мiндеттi нормативтер;
16) сақтандыру агентi – берiлген өкiлеттiктерiне сәйкес бiр немесе бiрнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
17) сақтандыру брокерi – сақтанушының тапсыруы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкiлдiк ететiн немесе өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты қызмет көрсету жөнiндегi делдалдық қызметтi, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелерi бойынша консультациялық қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
18) сақтандыру ережелерi – сақтандыру ұйымының белгiлi бiр сақтандыру түрi бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын құжаты;
19) сақтандыру қызметiнiң субъектiлерi – сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары;
20) сақтандыру нарығына кәсiби қатысушылар – өз қызметiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиялары негiзiнде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокерi, актуарий;
21) сақтандыру омбудсманы – сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы өзара қатынастарды реттеудi жүзеге асыратын, өз қызметiнде тәуелсiз жеке тұлға;
22) сақтандыру портфелi – сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының, сондай-ақ олар бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) жиынтығы;
23) сақтандыру резервтерi – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша актуарий есептеулерi негiзiнде бағаланатын мiндеттемелерi;
24) сақтандыру ұйымы – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлға;
25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысының немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерiн) иелену арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрлескен iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi;
26) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы – уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының он немесе одан да көп процентiн тiкелей немесе жанама иелене алатын немесе:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының он немесе одан да көп процентiмен тiкелей немесе жанама дауыс беру;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешiмдерге шартқа орай не уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалатын тәртiппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкiндiгiне ие жеке немесе заңды тұлға (осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);
27) сатып алу сомасы – жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылу мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы.»;

3) 4-баптың 2-тармағындағы «уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы негiзiнде не» деген сөздер «уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамдарының сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты,» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 6-баптың 5-тармағындағы екiншi сөйлем алып тасталсын;

5) 9-баптың 8-тармағы алып тасталсын;

6) 10-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) сақтандыру омбудсманы;»;

7) 11-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақпен толықтырылсын:
«3-1) Сақтандыру ұйымы өзiнде iрi қатысушысы (iрi қатысушылары) болмаған кезде мазмұны мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен айқындалатын мiндеттi сақтандыру түрлерiн жүзеге асыруға құқылы емес.»;
4-тармақта:
«кепiлдiк беретiн қор», «кепiлдiк беретiн қорға» деген сөздер тиiсiнше «кепiлдiк беретiн ұйым», «кепiлдiк беретiн ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қордың» деген сөз «Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 11-1-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Сақтандыру ұйымының сақтандыру, оның iшiнде сақтандыру нарығына қатысушылармен өзара қарым-қатынастағы қызметiн жүзеге асыруына қойылатын талаптары уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.»;

9) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның лицензиясынсыз сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға тыйым салынады.»;

10) 18-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру агентiнiң сақтандыру нарығында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiгi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптары ескерiле отырып, сақтандыру ұйымының тиiстi құжаттарында айқындалады.
Сақтандыру агентi сақтандыру ұйымы уәкiлеттiк берген iс-әрекеттердi өзi жасайды және оларды жасауды өзге адамға қайта сенiм бiлдiрiп тапсыруға құқылы емес.
Сақтандыру агентiнiң өкiлеттiгi болмаған жағдайда оның сақтандыру агентi ретiндегi қызметiне жол берiлмейдi.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Сақтандырушының сақтандырудың мiндеттi түрлерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнiң талаптарына сәйкес жасалатын сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызмет көрсеткенi үшiн сақтандыру агентiне төлейтiн комиссиялық сыйақының мөлшерi:
жеке тұлға үшiн – осы шарт бойынша төленуге жататын есепке жазылған сыйлықақы мөлшерiнiң он процентiнен;
заңды тұлға үшiн – осы шарт бойынша төленуге жататын есепке жазылған сыйлықақы мөлшерiнiң он бес процентiнен аспауға тиiс.»;

11) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық
мәртебесi

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметiн осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесi заңды тұлғаның әдiлет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде мемлекеттiк тiркелуiмен және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуымен айқындалады.»;

12) 37-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезiнде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның акцияларын ұстаушылар тiзiлiмiнiң жүйесiнде ашылған сақтандыру ұйымының, егер Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiнде осы ұйымның акционерi ретiнде мiндеттi қатысуы көзделген болса, жеке шотынан үзiндi көшiрменi;»;
12) тармақшадағы «құжаттарды табыс етедi.» деген сөздер «құжаттарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы (iрi қатысушылары) бар екенiн растайтын құжатты (мiндеттi сақтандыру түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн) табыс етедi.»;
екiншi бөлiк «жазылған талаптар» деген сөздерден кейiн «, осы тармақтың 13) тармақшасын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезiнде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның акцияларын ұстаушылар тiзiлiмiнiң жүйесiнде ашылған сақтандыру ұйымының, егер Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiнде осы ұйымның акционерi ретiнде мiндеттi қатысуы көзделген болса, жеке шотынан үзiндi көшiрменi;»;
4) тармақшадағы «көшiрмесiн табыс етедi.» деген сөздер «көшiрмесiн;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы (iрi қатысушылары) бар екенiн растайтын құжатты (мiндеттi сақтандыру түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн) табыс етедi.»;

13) 40-бапта:
3-тармақтағы «екi» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Актуарий уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен бекiтiлген актуарийлердi оқытудың ең төменгi мiндеттi бағдарламасы бойынша емтихан тапсыруға мiндеттi.»;

14) 43-баптың 22) тармақшасы «белгiлейдi» деген сөзден кейiн «, сондай-ақ сақтандыру полисiнiң бiрыңғай нысанын әзiрлейдi» деген сөздермен толықтырылсын;

15) 54-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
«2-3) осы Заңның 11-бабының 3-1-тармағында белгiленген тыйым салуды бұзған;»;
2-тармақтың бiрiншi сөйлемi «шарттарын ұзартуды» деген сөздерден кейiн «және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершiлiгiнiң көлемiн арттыруды көздейтiн өзгертудi» деген сөздермен толықтырылсын;

16) 55-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
«2-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) сақтамаған;»;

17) 59-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «асырмаған жағдайда алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұра алады.» деген сөздер «асырмаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) актуарий уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен бекiтiлген актуарийлердi оқытудың ең төменгi мiндеттi бағдарламасы бойынша емтихан тапсырмаған жағдайда алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұра алады.».

10. «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат):
1) 7-баптың 2-тармағында:
бiрiншi бөлiктiң 2) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Қызметкерлер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жазатайым оқиғалардан мiндеттi түрде сақтандырылуға жатады.»;

2) 28-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеме иесi кеме экипажының мүшелерi еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындаған кезде оларды Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жазатайым оқиғалардан сақтандыруға мiндеттi.».

11. «Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат):
1) кiрiспе «шарттарын» деген сөздерден кейiн «және оның қызметiне бақылауды қамтамасыз ету принциптерiн» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агент-банк – банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, Cақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен агенттiк келiсiм негiзiнде кредиторларға кепiлдiк төлемдерiн жүзеге асыру жөнiнде қызмет көрсететiн банк немесе ұйым;
2) жәбiрленушi – өзге тұлғаның көлiк құралын пайдалануы нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына зиян келтiрiлген тұлға;
3) зиянды өтеу резервi – Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры бастапқы бiржолғы жарналар мен қосымша жарналар есебiнен қалыптастыратын, осы Заңда көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу үшiн ғана пайдаланылатын ақша сомасы;
4) кепiлдiк төлемi – «Сақтандыру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының мiндеттi сақтандыру шарты бойынша басталған сақтандыру жағдайлары бойынша Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiппен және шарттармен сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) төлейтiн ақша сомасы;
5) кредитор – мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кепiлдiк төлемiн алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы);
6) қатысу шарты – Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры мен қатысушы-сақтандыру ұйымының арасында осы Заңда белгiленген тәртiппен және шарттармен жасалған сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарты;
7) қосымша жарна – осы Заңда көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымы Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына төлейтiн, көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының бiр бөлiгi түрiндегi ақша сомасы;
8) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы – өзiне қатысты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген қатысушы-сақтандыру ұйымы;
9) меншiктi капитал – Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының оның мiндеттемелерiне азайтылған активтерi мен сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру резервi;
10) мiндеттi жарналар – осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалған тәртiппен Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына қатысушы-сақтандыру ұйымы төлейтiн, Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiнде Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына сақтандыру ұйымының мiндеттi қатысуы көзделген мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары бөлiгi түрiндегi ақша сомасы;
11) мiндеттi сақтандыру – Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына сақтандыру ұйымының мiндеттi қатысуын көздейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген мiндеттi сақтандыру түрi;
12) мiндеттi сақтандыру шарты – Қазақстан Республикасының сақтандырудың мiндеттi түрiн реттейтiн заңнамалық актiсi негiзiнде сақтанушының сақтандыру ұйымымен жасасқан шарты;
13) өтемақы төлемдерi – Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторымен жасалған мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақылары төлемiне орай қатысушы-сақтандыру ұйымына төленетiн ақша сомасы;
14) өтiнiш берушi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға не мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алуға ниет бiлдiрген сақтандыру ұйымы;
15) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесi – қатысушы-сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған осы Заңда көзделген ұйымдық-құқықтық шаралар кешенi;
16) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын сақтандыру ұйымы (қатысушы-сақтандыру ұйымы) – Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасқан және оның акционерi болып табылатын сақтандыру ұйымы;
17) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерi – осы Заңда көзделген жағдайларда өмiрiне, денсаулығына зиян келтiрiлген жәбiрленушiге және осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген адамдарға төленетiн ақша сомасы;
18) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру резервi – мiндеттi жарналар, сондай-ақ Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртiбiмен ол мәжбүрлеп таратылған сақтандыру ұйымынан алған және кепiлдiк, өтемақы төлемдерiн, сондай-ақ сақтандыру жағдайын, келтiрiлген зиян мөлшерiн анықтауға байланысты шығыстар мен кепiлдiк және өтемақы төлемдерiн және жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi жүзеге асыруға байланысты шығыстарды және (немесе) осы Заңда көзделген жағдайларда жерлеуге жұмсалған шығыстарды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын ақша есебiнен Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры қалыптастыратын ақша сомасы;
19) төтенше жарналар – осы Заңда көзделген жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымының Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына қосымша төлейтiн ақша сомасы;
20) уәкiлеттi орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
21) шартты мiндеттемелер – қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарды төлеу үшiн ол қалыптастыратын Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры алдындағы мiндеттемелерi.»;

3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының қызметiн
мемлекеттiк реттеу және бақылау

1. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының (бұдан әрi – Қор) қызметiн мемлекеттiк реттеу мен бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi орган Қорға және оның лауазымды адамдарына осы заңда көзделген тәртiппен шектеулi ықпал ету шараларын және санкцияларды қолданады.»;

4) мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-баптармен толықтырылсын:
«3-1-бап. Шектеулi ықпал ету шаралары

1. Уәкiлеттi орган Қордың Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарын анықтаған, Қордың лауазымды адамдары мен қызметкерлерiнiң заңсыз iс-әрекеттерiн және әрекетсiздiктерiн анықтаған жағдайда, сондай-ақ осы Заңмен көзделген уәкiлеттi органның өзге де талаптарын орындамаған жағдайда уәкiлеттi орган Қорға мынадай шектеулi ықпал ету шараларының бiрiн қолданады:
1) орындалуы мiндеттi жазбаша ұйғарым бередi;
2) жазбаша келiсiм жасайды.
2. Анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жоюға бағытталған орындалуы мiндеттi түзету шараларын қабылдау және анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды одан әрi болғызбау туралы Қорға нұсқау беру жазбаша ұйғарым болып табылады.
Қор жазбаша ұйғарымда белгiленген мерзiмде оны орындау жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
Уәкiлеттi органның жазбаша ұйғарымына сотта дау айту оның орындалуын тоқтатпайды.
3. Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) кемшiлiктердi жою қажеттiлiгi мен бұзушылықтарды және (немесе) кемшiлiктердi жою жөнiнде бiрiншi кезектегi шараларды бекiту туралы уәкiлеттi орган мен Қор арасында жасалатын келiсiм жазбаша келiсiм болып табылады. Жазбаша келiсiм екi тарапта болып жатқан бұзушылықтарды және (немесе) кемшiлiктердi жою үшiн оларды уәкiлеттi орган анықтаған кезден бастап екi айдан аса уақыт керек деген шешiмге келген жағдайда жасалады.
4. Уәкiлеттi орган Қорға осы бапта белгiленген шектеулi ықпал ету шараларының кез келгенiн, бұдан бұрын да оған қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан, қолдануға құқылы.
5. Осы бапта келтiрiлген шаралар, егер уәкiлеттi орган қатысушы-сақтандыру ұйымдарының және олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерiнiң бұзушылықтары, заңсыз iс-әрекеттерi немесе әрекетсiздiктерi Қордың қаржылық жай-күйiн нашарлатқан деп белгiлесе, онда қатысушы-сақтандыру ұйымдарына да қолданылуы мүмкiн.

3-2-бап. Санкциялар

Уәкiлеттi орган осы Заңның 4-бабының 8) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларды қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттету түрiндегi санкцияны Қордың басшы қызметкерiнiң лауазымына тағайындауға (сайлауға) берiлген келiсiмдi мынадай негiздердiң бiрi бойынша керi қайтарып алумен бiр мезгiлде қолданады:
1) уәкiлеттi орган қолданған шектеулi ықпал ету шараларының талаптарын бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) орындамау;
2) Қор активтерiн инвестициялау тәртiбi мен мөлшерiн бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзу;
3) кепiлдiк және өтемақы төлемдерiн, сондай-ақ жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдердi жүзеге асыру тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу;
4) уәкiлеттi органға қатарынан екi күнтiзбелiк ай iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген есептiлiктi (қаржы есептiлiгiн қоса алғанда) табыс етпеу;
5) бухгалтерлiк есепте Қордың осы Заңда көзделген қызметтi жүзеге асыруы жөнiндегi операцияларды тиiстi дәрежеде көрсетпеуiне, сондай-ақ есептiң өзге де мiндеттi нысандарын жүргiзуiне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактiлерiн бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) анықтау;
6) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген дұрыс емес мәлiметтер мен есептiлiктiң табыс етiлуiн бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) белгiлеу;
7) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың оған белгiлi болған фактiлерi туралы уәкiлеттi органды бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) хабардар етпеу;
8) өз функцияларын жүзеге асыру барысында қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметi туралы алынған мәлiметтердi үшiншi тұлғаларға (уәкiлеттi органды қоспағанда) жария ету немесе беру;
9) Қордың жүргiзiлген аудит туралы аудиторлық ұйымның есебiнде көрсетiлген бұзушылықтарды Қордың аудиторлық есептi алған күннен бастап үш ай iшiнде жоймауы.»;

5) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

1. Уәкiлеттi орган:
1) Қордың және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметiн реттейтiн, оның iшiнде кепiлдiк және өтемақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
2) барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдары үшiн сатндартты болып табылатын қатысу шартының талаптарын айқындайды;
3) Қор активтерiн инвестициялау тәртiбi мен мөлшерiн белгiлейдi;
4) Қор есептiлiгiнiң (қаржылық есептiлiктi қоспағанда) көлемiн, оны табыс ету тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;
5) Қорды ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға рұқсаттарды бередi және беруден бас тартады, сондай-ақ осындай рұқсаттарды беру тәртiбiн айқындайды;
6) Қор акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру тәртiбi мен талаптарын белгiлейдi;
7) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қорға төлеуiне жататын, Қордың директорлар кеңесi белгiлеген қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбiр күнтiзбелiк жылға арналған мiндеттi және қосымша жарналарының ставкаларын, сондай-ақ шартты мiндеттемелерiн келiседi;
8) Қордың басшы қызметкерлерiн сайлауға (тағайындауға) келiсiм бередi және оны керi қайтарып алады, сондай-ақ келiсiмдi беру және керi қайтарып алу тәртiбiн және Қордың басшы қызметкерлерiне бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi;
9) қатысушы-сақтандыру ұйымдарына шектеулi ықпал ету шараларын және санкцияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен және негiздерде қолданады;
10) Қор жарғысына енгiзiлетiн өзгерiстердi және толықтыруларды келiседi;
11) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi органның мынадай:
1) Қордың жарияланған акцияларының санын арттыру;
2) Қордың өзге де заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметiне Қорға тиесiлi барлық активтердiң он және одан да көп процентiн құрайтын сомадағы активтердiң бiр бөлiгiн немесе бiрнеше бөлiгiн беру арқылы қатысуы;
3) Қор мiндеттемелерiн оның өз капиталы мөлшерiнiң он және одан да көп процентiн құрайтын сомаға ұлғайту;
4) Қордың өзiнiң орналастырылған акцияларын сатып алуы және оларды сатып алу бағасы;
5) iрi мәмiлелердi және Қордың жасауға мүдделiлiгi бар мәмiлелердi жасасу мәселелерi бойынша акционерлердiң жалпы жиналысының және Қордың директорлар кеңесiнiң шешiмдерiне вето қою құқығы болады.
3. Акционерлердiң жалпы жиналысында және Қордың директорлар кеңесiнде қабылданатын шешiмдер осы баптың 2-тармағында вето құқығы белгiленген мәселелер бойынша уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiппен және мерзiмде уәкiлеттi органмен келiсуге жатады.
4. Қордың осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарын сақтамауы осы мәмiлелердi жарамсыз деп тануға әкеп соғады.»;

6) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Қорды құру тәртiбi және оның органдары

1. Қор акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметiн осы Заңның және құрылтай құжаттарының негiзiнде жүзеге асырады.
Қор мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезiнде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады.
2. Акционерлердiң жалпы жиналысының құзыретi осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар және коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
3. Қордың әрбiр акционерi акцияларының саны Қордың орналастырылған акциялары жалпы санының он процентiнен аспауға тиiс.
4. Қор қызметiне жалпы басшылық жасауды тоғыз адамнан тұратын директорлар кеңесi жүзеге асырады.
Қордың директорлар кеңесiнiң құрамына дауыс беру құқығы бар уәкiлеттi органның өкiлi кiредi.
5. Қордың банк шоттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде ашылады. Қордың ағымдағы қаржылық-шаруашылық және инвестициялық қызметтi жүзеге асыруы үшiн Қордың банк шоттары екiншi деңгейдегi банктерде ашылуы мүмкiн.»;

7) 6-бапта:
1) тармақшадағы «төтенше жарналарының, сондай-ақ осы Заңда көзделген қосымша жарналардың ставкаларын,» деген сөздер «қосымша жарналардың ставкаларын, сондай-ақ осы Заңда көзделген мiндеттi шартты мiндеттемелердi,» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1) тармақша алып тасталсын;

8) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Қор акцияларына қатысу тәртiбi және оларды сатып алу
талаптары

1. Өтiнiш берушi сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн осы Заңда көзделген тәртiппен Қор акцияларын сатып алуға, сондай-ақ қатысу шартын жасасуға мiндеттi.
2. Өтiнiш берушi Қордың акцияларын сатып алу және қатысу шартын жасасу үшiн Қорға нотариаттық куәландырылған мынадай құжаттарды ұсынады:
1) мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi;
2) статистикалық карточканың көшiрмесi;
3) жарғының көшiрмесi.
3. Қордың өтiнiш берушiсi акцияларды сатып алған кезден бастап ол мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияны алғанға дейiн өтiнiш берушi Қор шешiмiн айқындауға және Қорға тиесiлi акцияларға дауыс беруге құқылы емес.
4. Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымы мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру қызметiн тоқтатқан және мiндеттi сақтандыру шарттарының қолданысын тоқтатқан жағдайда, қатысушы-сақтандыру ұйымы өзiне тиесiлi акцияларды Қор акционерлерiне сату жолымен иелiктен шығаруды жүзеге асыруға мiндеттi. Акционерлер Қор акцияларын сатып алудан бас тартқан жағдайда Қор акциялардың құнын айқындау әдiстемесiне сәйкес айқындалған баға бойынша акцияларды сатып алуға мiндеттi.
5. Қатысу шартының нысаны, мазмұны және талаптары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң және осы Заңның талаптарына сәйкес келуге тиic.»;

9) 12-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Мiндеттi жарналардың ставкасын Қор жыл сайын айқындайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиядан айрылған күннен бастап қатысушы - сақтандыру ұйымының мiндеттi және төтенше жарналарын төлеу мiндеттемесi қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн тоқтатыла тұрады.
Қатысушы-сақтандыру ұйымының мiндеттi және төтенше жарналарын төлеу мiндеттемесi оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап тоқтатылады.
Осы Заңға сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымдары төлеген мiндеттi және төтенше жарналар қайтарылуға жатпайды.»;

10) 15-бапта:
2-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi «екi» деген сөз «алты» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «бес» деген сөз «жетi» деген сөзбен ауыстырылсын;

11) 17-2-бапта:
1-тармақта:
«не қатысушы-сақтандыру ұйымына» деген сөздер алып тасталсын;
«беруге құқылы» деген сөздер «бередi» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшадағы «құжаттың көшiрмесi» деген сөздер «құжат» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жәбiрленушiнiң қайтыс болуы туралы куәлiктiң нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;»;
5) тармақшадағы «құжаттың көшiрмесi» деген сөздер «құжат» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «не қатысушы-сақтандыру ұйымы» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына келтiрiлген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер мынадай мөлшерде (айлық есептiк көрсеткiшпен) жүзеге асырылады:
1) өмiрiне зиян келтiрiлген жағдайда – 250;
2) денсаулығына ауыр зиян келтiрiлген жағдайда – 150;
3) жерлеуге жұмсалатын шығыстарға – 15.»;
8-тармақтағы «төлемдердi тiкелей Қор немесе агент-банк арқылы, сондай-ақ жәбiрленушiнiң не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың банк шоттарына қолма-қол емес нысанда қатысушы-сақтандыру ұйымы жүзеге асырады» деген сөздер «төлемдер тiкелей Қор немесе агент-банк арқылы жәбiрленушiнiң не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың банк шоттарына қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
бiрiншi бөлiктiң 3) тармақшасындағы «басталған болса, бас тартуға құқылы.» деген сөздер «басталған болса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетiн табыс етпеген не дұрыс емес құжаттарды берген болса, бас тартуға құқылы.»;
екiншi бөлiктегi «жетi» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағы 4) тармақшасында көзделген функцияны жүзеге асыру үшiн Қор Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасынан ақпарат сұратады.
Ақпаратты берудiң тәртiбi, көлемi және мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң актiсiмен және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен белгiленедi.
Қор алған мәлiметтер жария етуге жатпайды.»;

12) 17-4-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қатысушы-сақтандыру ұйымы көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыруға берiлген лицензиядан айырылған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымының қосымша жарналарды төлеу мiндеттемелерi қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн тоқтатыла тұрады.
Қатысушы-сақтандыру ұйымының қосымша жарналарды төлеу жөнiндегi мiндеттемесi оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап тоқтатылады.
Қатысушы-сақтандыру ұйымдарының осы Заңға сәйкес төлеген қосымша жарналары қайтаруға жатпайды.»;

13) 18-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «және төтенше» деген сөздер «, төтенше және қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 6) тармақшасындағы «және төтенше» деген сөздер «, төтенше және қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қор Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес өздерi жүргiзетiн операцияларды есепке алуды жүзеге асырады.»;

14) 19-баптың 2-тармағы:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) осы Заңда көзделген жағдайларда өзiне тиесiлi Қор акцияларын иелiктен шығаруды жүргiзуге;»;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар қатысушы-сақтандыру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен қосымша жарналарды төлеуге мiндеттi.»;

15) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру

1. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiлерiнде көзделген Қорға сақтандыру ұйымдарының мiндеттi қатысуы жөнiндегi талаптар алып тасталған жағдайда Қор таратылуы мүмкiн.
3. Қордың таратылуы кезiнде қалыптастырылған сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру резервiнiң және зиянды өтеу резервiнiң қаражаты Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының арасында олардың Қордың осы резервтерiне қатысу үлесiне барабар мөлшерде бөлiп берiледi.
4. Қорды ерiктi түрде қайта ұйымдастыру акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша уәкiлеттi органның рұқсатымен жүзеге асырыла алады.
Осы Қор акционерлерiнiң жалпы жиналысы шешiмiнiң болуы Қорды ерiктi түрде қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiш беру үшiн негiз болып табылады.
5. Қорды ерiктi түрде қайта ұйымдастыруды жүргiзуге уәкiлеттi органның рұқсатын алу туралы өтiнiшке мына құжаттар:
1) Қор акционерлерi жалпы жиналысының оны ерiктi түрде қайта ұйымдастыру туралы шешiмi;
2) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген, Қорды ерiктi түрде қайта ұйымдастырудың ойластырылған шарттары, нысандары, тәртiбi және мерзiмдерi жазылған құжаттар қоса берiлуге тиiс.
6. Қорды ерiктi түрде қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган оны қабылданған күнiнен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс.
7. Қорды таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, уәкiлеттi орган бұл туралы дәлелдi шешiм шығарады, ол жөнiнде Қорды хабардар етедi.
8. Қайта ұйымдастырылатын Қор уәкiлеттi органның қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсатын алған күннен бастап екi апта iшiнде Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын, кемiнде екi мерзiмдi баспа басылымдарында тиiстi хабарландыру жариялауға мiндеттi.»;

16) 24-бап алып тасталсын.

12. «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 12, 84-құжат):
мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi
сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi

1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензияны алғанға дейiн оның астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.
2. Бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бiр сақтандырушыларға басқаларының алдында негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге бағытталған қызметке жол берiлмейдi.».

13. «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., 12, 89-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат):
мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi
сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi

1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензияны алғанға дейiн оның астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.
2. Бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бiр сақтандырушыларға басқаларының алдында негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге бағытталған қызметке жол берiлмейдi.».

14. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 17, 81-құжат):
8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн:
1) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасуға және көрсетiлген Қорды құру және оның қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртiппен оның акционерi болуға;
2) оның астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.».

15. «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 17, 81-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган өзi белгiлеген тәртiпке сәйкес аккредиттеген, мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) бағалау жөнiндегi бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
2) «бонус-малус» жүйесi – көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн есептеген кезде осы жүйе бойынша тиiстi сыныпты бере отырып, сақтанушының (сақтандырылушының) кiнәсiнен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай оған арттыратын немесе төмендететiн коэффициенттердi қолдану арқылы пайдаланылатын жеңiлдiктер мен үстемеақылар жүйесi;
3) жәбiрленушi – көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген, оны өтеу жөнiндегi мiндет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiк құралының иесi ретiнде сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелген тұлға;
4) жолаушы – тасымалдаушымен ауызша немесе жазбаша нысанда тасымалдау шартын жасасқан жеке тұлға;
5) кешендi шарт – сақтандыру полисiнде көрсетiлген екi және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғамен жасалатын және бiр ғана сақтандырылушы жеке тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты;
6) көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi – жеке және заңды тұлғалардың жоғары қауiптiлiк көзi ретiндегi көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген өтеу мiндетi;
7) көлiк құралын пайдалану – көлiк құралдарын жолмен жүру, сондай-ақ жайластырылып немесе ыңғайластырылып оларға iргелес салынған және көлiк құралдарының қозғалысына пайдаланылатын аумақтарда жүру үшiн пайдалану;
8) көлiк құралының иесi – көлiк құралын меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен не кез келген басқа да заңды негiзде (мүлiктiк жалдау шартымен, құзыреттi органның көлiк құралын беру туралы өкiмiне орай көлiк құралын басқаруға арналған сенiмхатпен және басқаша) иеленетiн жеке немесе заңды тұлға;
9) көлiк оқиғасы – көлiк құралын пайдалану процесiнде және оның қатысуынан туындаған оқиға, сондай-ақ көлiк құралынан ажырап кеткен бөлшектер мен ондағы жүктiң қозғалысы нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиян;
10) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
11) сақтандыру жағдайы – басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;
12) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
13) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушы сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
14) сақтандыру төлемi – сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
15) сақтандырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегiнде сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға;
16) сақтандырылушы – өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;
17) сақтанушы – сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылушы болып табылады;
18) стандартты шарт – сақтандыру полисiнде көрсетiлген көлiк құралының иесi болып табылатын жеке немесе заңды тұлғамен жасалатын және бiр немесе бiрнеше сақтандырылушы тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты;
19) тiкелей реттеу – көлiк оқиғасында жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеудi жәбiрленушiмен көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемiн жүзеге асыру тетiгi.»;

2) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мынадай көлiк құралдары:

1) iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнде тiркелген (мемлекеттiк тiркеуге жататын) жеңiл, жүк автомобильдерi, автобустар, шағын автобустар және олардың негiзiнде жасалған көлiк құралдары, мотокөлiк және олардың тiркемелерi (жартылай тiркемелерi), сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустар;
2) Қазақстан Республикасының аумағына уақытша енген (әкелiнген) көлiк құралы;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген, жасаушы ұйымдардан, жөндеу және сауда ұйымдарынан, кедендiк бақылау органдарынан тiркеу орнына өз бетiнше жүргiзiлiп әкелiнген, сондай-ақ iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшесi көлiк иесiнiң тұрғылықты жерiнiң өзгеруiне немесе меншiк құқығының өзгеруiне байланысты тiркеуден шығарған көлiк құралы иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатады.»;

3) 8-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасуға және көрсетiлген Қорды құру және оның қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртiппен оның акционерi болуға;»;
3) тармақшадағы «агенттерiнiң болуы мiндеттi» деген сөздер «агенттерiнiң болуы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi деректер базасын (бұдан әрi – деректер базасы) қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйыммен ақпарат беру және сақтандыру есептерiн алу туралы шарт жасасуға мiндеттi.»;
4-тармақ алып тасталсын;

4) 8-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1. Деректер базасы»;
1-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйым:
1) ақпарат жеткiзушiлермен ақпарат беру туралы және (немесе) сақтандыру есептерiн алушылармен сақтандыру есептерiн алу туралы шарттар жасасуға;
2) ақпарат жеткiзушiлерден сақтандыру есептерiн қалыптастыратын толық және шынайы ақпаратты талап етуге;
3) ақпарат жеткiзушi берген ақпаратты, оның дұрыс немесе толық ресiмделмеуiне, ақпарат жеткiзушiнiң, сақтандыру есебiн алушының, деректер базасы субъектiсiнiң деректерi пайдаланылатын ақпараттық жүйенiң талаптарына сәйкес келмеуiне байланысты, оны деректер базасында пайдаланбастан қайтаруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және осы Заңға сәйкес жасалған шарттарда көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
4-2. Деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйым:
1) сақтандыру есептерiн қалыптастыруды жүзеге асыруға;
2) осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiппен сақтандыру есептерiн ұсынуға;
3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру есептерiндегi ақпараттың ашылуына жол бермеуге;
4) егер алушыға берiлген сақтандыру есебiнде деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйым қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерi немесе әрекетсiздiктерi салдарынан деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйымға ақпарат жеткiзушiлер ұсынған ақпаратқа сәйкес келмейтiн ақпарат болса, көрсетiлген сәйкессiздiк анықталған кезден бастап, бес жұмыс күнi iшiнде сақтандыру есебiн алушыға және деректер базасының субъектiсiне түзетiлген сақтандыру есебiн ұсынуға мiндеттi.
Деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйым берген сақтандыру есебiнiң сәйкессiздiгi фактiсiн ақпарат жеткiзушiнiң растауы қажет болған жағдайда, сақтандыру есебiн алушыға және деректер базасының субъектiсiне түзетiлген сақтандыру есебiн ұсыну мерзiмiнiң есептелуi деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйым ақпарат жеткiзушiден тиiстi ақпаратты осы баптың 7-тармағының 7) тармақшасында белгiленген мерзiмде алған кезден бастап жүзеге асырылады;
5) деректер базасы субъектiсiнiң өтiнiшi бойынша, оған деректер базасының субъектiсi дау айтып отырған ақпаратты берген ақпарат жеткiзушi туралы мәлiметтер ұсынуға;
6) егер сақтандыру есебiн ұсыну туралы сауал салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптар бұзыла отырып жасалса, оны ұсынудан бас тартуға;
7) сақтандыру есептерiн ұсыну туралы сауал салуды есепке алу мен ұсынылған сақтандыру есептерiн есепке алуды жүргiзуге;
8) ақпарат жеткiзушiге, тиiстi негiздер болған жағдайда, қайта ресiмдеуге немесе нақтылауға жататын келiп түскен ақпаратты түзету, толықтыру туралы талаппен жүгiнуге;
9) ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға;
10) осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген ақпарат жеткiзушiлерге деректер базасының ақпараттық ресурстарын құруға қатысуда және оған қол жеткiзуде тең жағдайларды қамтамасыз етуге;
11) уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамаcында көзделген өзiнiң функцияларын iске асыру мақсатында сұратқан ақпаратты, оның iшiнде:
осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген ақпарат жеткiзушiлердiң, берiлуi осы Заңмен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен талап етiлетiн ақпаратты бермегенi, уақтылы бермегенi не толық көлемде бермегенi туралы ақпаратты;
осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген ақпарат жеткiзушiлермен осы Заңның 19-бабының талаптарын бұза отырып есептелген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерi туралы ақпаратты беруге;
12) уәкiлеттi органның деректер базасына қол жеткiзуiне жағдай жасауға;
13) субъект өтiнiш жасаған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оған деректер базасынан мiндетiне көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша мәлiметтердi деректер базасына енгiзу кiретiн сақтандырушының (ақпарат берушiнiң) сақтанушымен жасасқан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты туралы мәлiметтердiң бар екендiгi туралы ақпаратты беруге;
14) жәбiрленушiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның жазбаша өтiнiшiн алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде көлiк оқиғасына кiнәлi болып табылатын сақтанушының сақтандыру полисiнiң (сақтанушының тегi, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, көлiк құралын тiркеудiң мемлекеттiк нөмiрi, нөмiрi және берiлген күнi) бар не жоқ екендiгi туралы мәлiметтердi жазбаша түрде беруге;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында және ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерiн алу туралы шарттарда белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.»;
7-тармақтың 6) тармақшасындағы «қамтамасыз етуге мiндеттi.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) осы баптың 4-2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйымға үш жұмыс күн iшiнде ақпаратты беруге мiндеттi.»;
8-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасындағы « мемлекеттiк органдар сақтандыру есебiн алушылар болып табылады.» деген сөздер «мемлекеттiк органдар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) осы Заңда көзделген жағдайларда дауларды қараған кезде сақтандыру омбудсманы;
7) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 830-бабының 5-тармағында аталған тұлғалар сақтандыру есебiн алушылар болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын:
«10-1. Деректер базасының субъектiсi:
1) осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес өзi туралы сақтандыру есебiн алуға;
2) сақтандыру шартын жасасқан кезде осы баптың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген сақтандыру есебiн алушыдан сақтандыру есебiмен таныстыруды не осы алушының деректер базасынан алған сақтандыру есебiнiң көшiрмесiн өзiне берудi талап етуге;
3) ақпаратты жеткiзушi туралы мәлiметтердi ала отырып, сақтандыру есебiндегi ақпаратпен келiспейтiнiн мәлiмдеуге;
4) ақпаратты жеткiзушiге және деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйымға дұрыс емес ақпаратты түзету туралы талаппен жүгiнуге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
10-2. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерi осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген ақпарат жеткiзушiлердiң, олардың деректер базасын құруға және қорғауға қатысу жөнiндегi ақпарат жеткiзушiлер ретiндегi қызметiне қатысты бөлiгiнде орындауы үшiн мiндеттi.»;

5) 8-2-бапта:
тақырыпта «ұсынылатын ақпарат» деген сөздер кейiн «берiлетiн ақпарат және оны табыс ету мерзiмi» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандырушылар осы Заңда және ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерiн алу туралы шартта көзделген тәртiппен, мерзiмдерде және көлемде өздерiмен сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы (сақтандырылушы), көлiк құралы (көлiк құралдары), әрбiр жасалған сақтандыру шарты, сақтандыру сыйлықақыларының көлемi, сақтандыру жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру төлемдерiнiң сомалары (мүлiк және денсаулық жөнiндегi төлемдер бойынша) туралы ақпарат ұсынады.
Сақтандырушы деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйымға табыс ететiн сақтанушы (сақтандырылушы), көлiк құралы (көлiк құралдары) туралы мәлiметтер осы Заңның 10-бабының 5-тармағында көзделген сақтанушының өтiнiшiнде көрсетiлген сақтанушы (сақтандырылушы), көлiк құралы (көлiк құралдары) туралы мәлiметтерге сәйкес келуге тиiс.»;
3-тармақ «пайдалана отырып,» деген сөздерден кейiн «уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген мерзiмдерде» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;

6) мынадай мазмұндағы 8-3-баппен толықтырылсын:
«8-3-бап. Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерiн
алу туралы шарттың мiндеттi талаптары

Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерiн алу туралы шартта:
1) тараптардың толық атауы, олардың орналасқан жерi мен банк деректемелерi туралы мәлiметтер;
2) осы Заңға сәйкес келетiн шарттың нысанасы туралы нұсқау;
3) деректер базасын қалыптастыруға арналған ақпараттың түрлерi, көлемi, оны берудiң мерзiмдерi (кезеңдiлiгi), тәртiбi;
4) сақтандыру есептерiндегi ақпараттың түрлерi, мерзiмдерi (кезеңдiлiгi), көлемi және сақтандыру есептерiн алу тәртiбi;
5) тараптардың осы Заңға сәйкес келетiн құқықтары мен мiндеттерi;
6) деректер базасынан ақпарат беру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу тәртiбi;
7) шарттың қолданылу мерзiмi, осы Заңда көзделген жағдайларда шартты орындаудан бiржақты бас тартқан кезде оны өзгертудiң, бұзудың негiздерi мен тәртiбi, сондай-ақ, шарт бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыппұлының мөлшерi;
8) ақпарат жеткiзушiнiң деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйымға жiберiлетiн барлық ақпаратқа қатысты құпиялылық режимiн сақтау туралы мiндеттемесi;
9) деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйымның барлық алынатын ақпаратқа қатысты құпиялылық режимiн сақтау туралы мiндеттемесi;
10) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерiн алу туралы шартты бұзғаны үшiн тараптардың жауапкершiлiгi туралы талаптар болуға тиiс.
Шартты орындаудан бiржақты бас тарту сақтандыру ұйымы көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензияны ерiктi түрде қайтарған, сондай-ақ одан айрылған жағдайларда ғана мүмкiн болады. Бұл ретте, сақтандыру ұйымы қолданыстағы көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының мерзiмi аяқталғанға дейiн деректер базасына осы бапта көзделген ақпаратты беруге мiндеттi.
Осы Заңның 8-1-бабының 5-тармағында көрсетiлген ақпарат жеткiзушiлермен ақпаратты беру туралы шарт жасасқан кезде ақпараттық жүйелердi қалыптастыру және пайдалану кезiнде қолданылатын деректер базасын және көрсетiлген ақпараттық жүйелердi қорғау құралдарын құру үшiн пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудi қорғау жөнiндегi ұйымдастырушылық, техникалық шаралар мен технологиялық талаптарды бiрлесiп iске асыру мiндеттiлiгi туралы талап мiндеттi түрде енгiзiлуге жатады.»;

7) 9-баптың 3-тармағында:
бiрiншi бөлiкте:
«сақтандыру жағдайының» деген сөздер «көлiк оқиғасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк мынадай сөздермен толықтырылсын:
«, бұл ретте сақтандырушы өтiнiштi қабылдаудан бас тартуға құқылы емес»;

8) 10-бапта:
5-тармақта:
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Сақтандыру полисi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнiң талаптарына сәйкес берiледi және онда деректер базасынан алынған ақпарат, сондай-ақ бiрегей нөмiр болады.»;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшiн сақтанушының өтiнiшi негiз болып табылады. Өтiнiштiң мазмұнына қойылатын талаптар және өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi растайтын құжаттар көшiрмелерiнiң тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Сақтандыру полисiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң телнұсқасын беруге мiндеттi.
Жоғалған сақтандыру полисi телнұсқа берiлгеннен кейiн жарамсыз деп есептеледi және ол бойынша сақтандыру төлемi жүргiзiлмейдi.
Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда оның телнұсқасын ресiмдеу кезiнде iс жүргiзуге жұмсалған сақтандырушының шығынын сақтанушы (сақтандырылушы) тиiстi өтiнiш берiлген күнi Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңына сәйкес белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтейдi.»;
мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
«9. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудi жеке тұлға бiржолғы төлеммен жүргiзедi.
10. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын оларды мемлекеттiк техникалық тексерiп-қарау өткiзiлетiн жерлерде және iшкi iстер органдары жол полициясының тiркеу бөлiмшелерiнде жасауға тыйым салынады.»;

9) 11-баптың 4 және 6-тармақтары алып тасталсын;

10) 12-баптың 4 және 6-тармақтары алып тасталсын;

11) 13-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «денсаулығына және өмiрiне зиян келтiргенi үшiн өз жауапкершiлiгiн» деген сөздер «оны жазатайым оқиғалардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын осы баптың 3-тармағында көзделгеннен өзгеше мерзiмге:
1) көлiк құралын маусымдық, бiрақ кемiнде алты ай пайдаланған кезде;
2) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiнiң мәжбүрлеп таратылатын қатысушысы-сақтандыру ұйымының кредиторларымен (сақтанушыларымен);
3) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, көлiк құралының мемлекеттiк тiркелуiнiң алдындағы мерзiмге, бiрақ кемiнде күнтiзбелiк бес күнге;
4) көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кiрген жағдайда уақытша кiрген бүкiл кезеңге, бiрақ кемiнде күнтiзбелiк бес күнге жасасуға жол берiледi.»;
5-тармақ алып тасталсын;

12) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн
мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату

1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату үшiн сақтанушы (сақтанушы қайтыс болған жағдайда – оның мұрагерi (мұрагерлерi) сақтандырушыға жазбаша өтiнiш бередi.
3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату және осы сақтандырушымен жаңадан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде сақтанушының мына формула бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақысының бөлiгiн қайтарып алуға құқығы бар:
ССБ = СС*n / N, мұнда:
ССБ - сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
СС - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
n - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енген кезден бастап өтiнiш берiлген күндi қоса алғанда, оны мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезге дейiнгi мерзiм (күнмен);
N - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жасалған мерзiмi (күнмен).
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген талаптар сақталмаған кезде, сақтанушының көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтандыру сыйлықақысының бiр бөлiгiн мынадай мөлшерде қайтарып алуға құқығы бар:

Рет №

Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енген кезден бастап оны мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезге дейiн өткен мерзiм

Сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (жылдық сақтандыру сыйлықақысынан процент есебiмен)

1

2

3

1

15 күнге дейiн, қоса алғанда

15

2

16 күннен 1 айға дейiн, қоса алғанда

20

3

1 айдан 2 айға дейiн, қоса алғанда

30

4

2 айдан 3 айға дейiн, қоса алғанда

40

5

3 айдан 4 айға дейiн, қоса алғанда

50

6

4 айдан 5 айға дейiн, қоса алғанда

60

7

5 айдан 6 айға дейiн, қоса алғанда

70

8

6 айдан 7 айға дейiн, қоса алғанда

75

9

7 айдан 8 айға дейiн, қоса алғанда

80

10

8 айдан 9 айға дейiн, қоса алғанда

85

11

9 айдан 10 айға дейiн, қоса алғанда

90

12

10 айдан 11 айға дейiн, қоса алғанда

95

13

11 айдан жоғары

100

»;

13) 16-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйымнан мiндетiне сақтанушы жөнiндегi мәлiметтердi деректер базасына енгiзу кiретiн сақтандырушының сақтанушымен жасасқан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты туралы мәлiметтердiң деректер базасында бар екендiгi туралы ақпаратты сұратуға құқылы. Осы құқық сақтандырылған адамға да қолданылады;»;
3) тармақшадағы «денсаулығына және (немесе)» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын мәселелердi реттеу үшiн сақтандыру омбудсманына өтiнiш жасауға;»;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде сақтандырушыға өзi, сақтандыру полисiне енгiзiлген әрбiр сақтандырылушы, көлiк құралы (көлiк құралдары), қосарланған сақтандыру, көлiк құралдарын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кiру және осы Заңда көзделген тәртiппен сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн азайтуға берiлген құқық туралы өтiнiшке енгiзу үшiн қажеттi мәлiметтердi және өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi растайтын қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға;»;
3) тармақшаның бiрiншi сөйлемi «бұл туралы» деген сөздерден кейiн «көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «олардың талабы бойынша» деген сөздер алып тасталсын;

14) 17-баптың 2-тармағында:
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жәбiрленушiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтеткiзуге құқығы бар адамдардың жазбаша өтiнiшiн алған күнiнен бастап жұмыс күнi iшiнде сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде көлiк оқиғасына кiнәлi болып табылатын сақтанушының сақтандыру полисiнiң (сақтанушының тегi, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, көлiк құралын тiркеудiң мемлекеттiк нөмiрi, нөмiрi және берiлген күнi) бар екендiгi туралы жазбаша мәлiметтi беруге;»;
6) тармақша «мерзiмде» деген сөзден кейiн «және тәртiппен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) сақтанушы осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, жетiспейтiн құжаттар туралы оны кiдiрiссiз, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша хабардар етуге;»;

15) 18-баптың 1-тармағында:
3) тармақшадағы «денсаулығына және (немесе)» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) кез келген медициналық мекеменiң қызметiн пайдалануға;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiргенiне кiнәлi адамның сақтандырушысына осы Заңның 17-бабының 5-1) тармақшасында көзделген тәртiппен аталған адамның сақтандыру полисiнiң (сақтанушының тегi, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, көлiк құралын тiркеудiң мемлекеттiк нөмiрi, нөмiрi және берiлген күнi) бар екендiгi туралы мәлiметтердi растау жөнiнде жазбаша өтiнiш жасауға;
4-2) деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөнiндегi ұйымға сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiргенiне кiнәлi адамның сақтандыру полисiнiң (сақтанушының тегi, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, көлiк құралын тiркеудiң мемлекеттiк нөмiрi, нөмiрi және берiлген күнi) бар не жоқ екендiгi туралы мәлiметтердi беру жөнiнде жазбаша өтiнiш жасауға;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын мәселелердi реттеу үшiн сақтандыру омбудсманына өтiнiш жасауға;»;

16) 3-тарау мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. Тәуелсiз сарапшыны аккредиттеу ережесi

1. Өтiнiш берушi аккредиттеуден өту үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленген нысан бойынша өтiнiш;
2) мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензияның көшiрмесi;
3) өтiнiш берушiнi дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi - дара кәсiпкер үшiн;
4) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң және құрылтай құжаттарының көшiрмесi;
5) өтiнiш берушiнi салық органында есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесi;
6) растайтын құжаттар (мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензияның көшiрмесi) қоса берiлiп, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленген нысан бойынша мүлiктi бағалау бойынша бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар кемiнде екi қызметкердiң штатта бар екендiгi туралы мәлiметтер (заңды тұлғалар үшiн).
2. Мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиялары бар заңды тұлға қызметкерлерiнiң құрамы өзгерген кезде заңды тұлға мұндай өзгерту күнiнен бастап бiр ай мерзiмде уәкiлеттi органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жаңа қызметкерлердiң тiзiмiн ұсынады.
3. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлiк беру туралы шешiм немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзiмi өтiнiш табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
4. Аккредиттеу туралы куәлiк қолданылу мерзiмi шектелместен берiледi.
5. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптардың сақталмауы уәкiлеттi органда аккредиттеуден өту үшiн бас тартуға негiз болып табылады.
6. Уәкiлеттi орган мынадай:
1) аккредиттеуге табыс етiлген құжаттарда дұрыс емес немесе бұрмаланған деректер анықталған;
2) бағалаудың уақтылы жүргiзiлмеуiнiң және (немесе) пайда алушыға және сақтандырушыға бағалау туралы есептiң уақтылы жiберiлмеуiнiң екi және одан да көп фактiсi анықталған;
3) мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған;
4) бүлiнген мүлiктi бағалау кезiнде уәкiлеттi орган бекiткен әдiстеме сақталмаған;
5) тәуелсiз сарапшы сақтандырушыға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылса не оның лауазымды тұлғаларымен немесе осы сақтандырушының аффилиирленген тұлғалары ұйымдарының лауазымды тұлғаларымен бағыныстылық байланыста болған;
6) Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасының және осы Заңның талаптары бұзылған жағдайларда аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрады.
7. Аккредитеу туралы куәлiк мынадай:
1) мүлiктi (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) бағалау бойынша бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензияның қолданылуы тоқтатылған;
2) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, дара кәсiпкер банкрот болған;
3) аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын ерiктi түрде тоқтату туралы өтiнiш ұсынылған;
4) уәкiлеттi органның аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуы тоқтатыла тұруының себептерi жойылмаған;
5) аккредиттеу туралы куәлiк бiрнеше рет (соңғы он екi ай iшiнде екi рет) тоқтатыла тұрған жағдайларда өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
Осы баптың 5-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша тұлғада тәуелсiз сарапшының аккредиттеу туралы куәлiгiнiң қолданылуы тоқтатылған жағдайда, осы тұлға екi жыл iшiнде аккредиттеуден өту мақсатында уәкiлеттi органға жүгiнуге құқылы емес.»;

17) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi

1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде төленуге тиiс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшiн базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, оған көлiк құралының тiркелген жерiне, көлiк құралының түрiне, сақтанушының (сақтандырылушының) жасына және жүргiзу стажына, көлiк құралының пайдаланылу мерзiмiне, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтандырылған адамдардың кiнәсiнен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай («бонус-малус» жүйесi) осы баптың 3-10-тармақтарында белгiленген коэффициенттер қолданылады.
Осы Заңда көзделмеген өзге негiздер бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн азайтуға немесе ұлғайтуға жол берiлмейдi.
2. Базалық сақтандыру сыйлықақысы 1,9 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi.
3. Көлiк құралын тiркеу аумағы бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгiленедi:

Рет

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы

Көлiк құралын тiркеу аумағы бойынша коэффициент мөлшерi (астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшiн)

1

2

3

1.

Алматы облысы

1,78

2.

Оңтүстiк Қазақстан облысы

1,01

3.

Шығыс Қазақстан облысы

1,96

4.

Қостанай облысы

1,95

5.

Қарағанды облысы

1,39

6.

Солтүстiк Қазақстан облысы

1,33

7.

Ақмола облысы

1,32

8.

Павлодар облысы

1,63

9.

Жамбыл облысы

1,00

10.

Ақтөбе облысы

1,35

11.

Батыс Қазақстан облысы

1,17

12.

Қызылорда облысы

1,09

13.

Атырау облысы

2,69

14.

Маңғыстау облысы

1,15

15.

Алматы

2,96

16.

Астана

2,2

4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген облыстардағы өзге де қалалар мен елдi мекендер үшiн жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшiн 0,8 мөлшерiндегi түзету коэффициентi қосымша пайдаланылады.
5. Көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кiрген жағдайларға тiркеу аумағы бойынша 2,96 мөлшерiндегi коэффициент қолданылады.
Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларға көлiк құралын тiркеу аумағы бойынша коэффициенттер қолданылмайды.
6. Көлiк құралының түрi бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгiленедi:

Рет №

Көлiк құралының түрi

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес жiктеу

Көлiк құралының түрi бойынша коэффициент мөлшерi

1

2

3

4

1

Жеңiл автомобильдер

«В» - толық массасы 3500 кг аспайтын және жүргiзушiнiң отыратын орнынан басқа отыратын орындарының саны 8-ден аспайтын автомобильдер

2,09

2

Жолаушылар орны қоса алғанда 16-ға дейiнгi автобустар

«Д» - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргiзушi отыратын орыннан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер

3,26

3

Жолаушылар орны 16-дан артық автобустар

«Д» - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргiзушi отыратын орыннан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер

3,45

4

Жүк автомобильдерi

«С» - толық массасы 3500 кг асатын жүк автомобильдерi

3,98

5

Троллейбустар, трамвайлар

Троллейбустар, трамвайлар

2,33

6

Мотокөлiк

«А» - мотоциклдер, мотороллерлер және басқа мотокөлiк құралдары

1,00

7

Тiркемелер (жартылай тiркемелер)

«Е» - көлiк құралдарының «В», «С» немесе «Д» санаттарына жататын сүйреуiштерi бар көлiк құралдарының құрамдары

1,00

7. Жеке тұлғалар үшiн жасына және жүргiзу стажына қарай коэффициент мөлшерi мынадай мөлшерде белгiленедi:

Рет

Жасы және жүргiзу стажы

Жасына және жүргiзу стажына қарай коэффициент мөлшерi

1

2

3

1.

25 жасқа толмаған/жүргiзу стажы 2 жылдан аз

1,10

2.

25 жасқа толмаған/жүргiзу стажы 2 жылдан астам

1,05

3.

25 жас және одан үлкен/жүргiзу стажы 2 жылдан аз

1,05

4.

25 жас және одан үлкен/жүргiзу стажы 2 жылдан астам

1,00

8. Заңды тұлғалар үшiн осы баптың 7-тармағында көзделген коэффициент 1,2 мөлшерiнде белгiленедi.
9. Көлiк құралының пайдаланылу мерзiмiне қарай коэффициенттер мынадай мөлшерде белгiленедi:

Рет

Көлiк құралының пайдаланылу мерзiмi

Көлiк құралының пайдаланылу мерзiмiне қарай коэффициент мөлшерi

1

2

3

1.

7 жылға дейiн, қоса алғанда

1,00

2.

7 жылдан жоғары

1,10

10. Сақтандыру мерзiмi аяқталған соң тиiстi сынып берiле отырып, «бонус-малус» жүйесi бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгiленедi:

Сақтандыру мерзiмi басталғандағы сынып

Коэффициент мөлшерi

Сақтанушының (сақтандырылушының) кiнәсiнен болған сақтандыру жағдайларының болғаны ескерiлген, сақтандыру мерзiмiнiң аяқталуы бойынша сынып

0 сақтандыру жағдайы

1 сақтандыру жағдайы

2 сақтандыру жағдайы

3 сақтандыру жағдайы

4 және одан көп сақтандыру жағдайы

1

2

3

4

5

6

7

М сыныбы

2,45

0

М

М

М

М

0-сыныбы

2,30

1

М

М

М

М

1-сыныбы

1,55

2

М

М

М

М

2-сыныбы

1,40

3

1

М

М

М

3-сыныбы

1,00

4

1

М

М

М

4-сыныбы

0,95

5

2

1

М

М

5-сыныбы

0,90

6

3

1

М

М

6-сыныбы

0,85

7

4

2

М

М

7-сыныбы

0,80

8

4

2

М

М

8-сыныбы

0,75

9

5

2

М

М

9-сыныбы

0,70

10

5

2

1

М

10-сыныбы

0,65

11

6

3

1

М

11-сыныбы

0,60

12

6

3

1

М

12-сыныбы

0,55

13

6

3

1

М

13-сыныбы

0,50

13

7

3

1

М

Сақтанушыға (сақтандырылушыға) берiлетiн «бонус-малус» жүйесi бойынша сыныптың есебi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген тәртiппен жыл сайын жүргiзiледi.
11. Сақтанушыға (сақтандырылушыға) берiлген сынып туралы ақпараты бар, сақтандырушы деректер базасынан алған сақтандыру есебi сақтандырушының «бонус-малус» жүйесi бойынша коэффициенттердi қолдануы үшiн негiз болып табылады.
Деректер базасында сақтанушы (сақтандырылушы) туралы ақпарат болмаған жағдайда, сақтанушы көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың алдыңғы шартының түпнұсқасын берген жағдайда, сақтандырушы көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жаңа мерзiмге жасасу кезiнде осы баптың 10-тармағында келтiрiлген кестеге сәйкес төмендетiлген коэффициенттi қолданады.
Сақтандырушы бұл туралы деректер базасын қалыптастырып, жүргiзудi жүзеге асыратын ұйымды және уәкiлеттi органды көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты жасалған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабардар етуге мiндеттi.
12. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын алғаш рет жасасқан кезде сақтанушыға 3-сынып берiледi.
13. Осы баптың 10-тармағында көзделген коэффициенттер азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi осы Заңның 11 және 12-баптарының 5-тармағында көзделген жағдайларда басталған жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға қолданылмайды.
14. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты он екi айдан аз мерзiмге жасалған кезде көлiк құралының бiрлiгiне сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi мына формула бойынша есептеледi:
СС = ЖСС*n/N, мұнда:
СС - он екi айдан аз мерзiмге жасалған көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
ЖСС – жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
n - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мерзiмi (күнмен);
N – 365 күн (кiбiсе жылы 366 күн).
15. Кешендi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы көлiк құралының бiр бiрлiгi үшiн төленедi, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi сақтандыру полисiнде көрсетiлген көлiк құралдары үшiн белгiленген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерiнiң ең көп шамасына тең болып белгiленедi.
16. Стандартты шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы әр сақтандырылушы бойынша есептеледi және әр сақтандырылушы бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерiнiң ең көп шамасына тең мөлшерде сақтанушының төлеуiне жатады.»;

18) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Сақтандыру жағдайын және келтiрiлген зиянның
мөлшерiн айқындау

1. Сақтандырылушының көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлген көлiк құралдарын пайдалануы нәтижесiнде жәбiрленушi деп танылған адамдардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактici сақтандыру жағдайы деп танылады.
2. Жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi тиiстi ұйымдар берген құжаттар негiзiнде осы Заңға сәйкес айқындалады.
3. Мүлiктiң бүлiнуi кезiнде келтiрiлген зиянның мөлшерi бүлiнген мүлiктi қалпына келтiру құнының есебi негiзге алынып, мүлiктiң сақтандыру жағдайы басталғанға дейiн болған, есептелген амортизациясы (тозуы) шегерiле отырып айқындалады.
Бүлiнген мүлiктi қалпына келтiру құны сақтандыру жағдайы басталған күнгi қолданыстағы нарықтық бағалар негiзге алынып есептелiнедi.
4. Мүлiк жойылған кезде келтiрiлген зиянның мөлшерi оның сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құны негiзге алынып айқындалады.
Егер мүлiктi қалпына келтiру техникалық жағынан мүмкiн болмаса немесе экономикалық тұрғыдан негiзсiз болса ол жойылған болып есептеледi. Мүлiктi қалпына келтiру, егер бұл ретте мүлiктi қалпына келтiруге арналған шығыстар оның сақтандыру жағдайы басталған күнгi нарықтық құнының сексен процентiнен асып кетсе, экономикалық тұрғыдан негiзсiз болып есептеледi.
5. Мүлiкке келтiрiлген зиянның мөлшерiн тәуелсiз сарапшы жетi жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген нысан бойынша бағалау жүргiзуге берiлген өтiнiштiң негiзiнде бағалайды.
Көлiк құралына келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалауды тәуелсiз сарапшы бағалау стандарттарын ескере отырып, уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi белгiлеген нормативтiк құқықтық актiге сәйкес жүзеге асырады.
Бағалаудың нәтижесi сақтандырушы үшiн мiндеттi болып табылады.
6. Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбiрленушi (пайда алушы) немесе олардың өкiлдерi тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi дербес пайдалануға құқылы. Мүлiкке келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалауға жұмсалған шығындарды сақтандырушы көтередi.
Тәуелсiз сарапшының бағалау жүргiзу шартына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
Осы баптың 5-тармағында белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда тәуелсiз сарапшы өтiнiш берушiге тиiстi қаржы жылына арналып белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң елу процентi мөлшерiнде өтiп кеткен әр күн үшiн тұрақсыздық айыппұлын төлейдi.
Тәуелсiз сарапшы, егер ол осы сақтандырушыға қатысты аффилиирленген тұлға болса не оның лауазымды адамдарына немесе осы сақтандырушы ұйымдарының – аффилиирленген тұлғаларының лауазымды адамдарына бағыныстылық байланыста болса, сақтандырушының өтiнiшi бойынша бағалауды жүзеге асыруға құқылы емес.
7. Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбiрленушi (пайда алушы) немесе олардың өкiлдерi өтiнiш берген кезде сақтандырушы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген нысан бойынша бағалауды ұйымдастыруға сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбiрленушi (пайда алушы) немесе олардың өкiлдерi табыс еткен өтiнiш негiзiнде мүлiкке келтiрiлген зиян мөлшерiнiң аталған тұлғалар таңдаған тәуелсiз сарапшыда бағалануын он жұмыс күнi iшiнде өз есебiнен ұйымдастырады.
Бүлiнген мүлiктi бағалауды ұйымдастыру мынадай:
1) тәуелсiз сарапшылардың сақтандырушы берген тiзбесiне және олардың орналасқан орны, байланыс телефондары туралы ақпаратқа сәйкес пайда алушының немесе оның өкiлiнiң тәуелсiз сарапшыны таңдауы;
2) пайда алушымен және тәуелсiз сарапшымен келiсiм бойынша бағалауды жүргiзу орнын айқындау;
3) бүлiнген мүлiктi тексерiп-қарау;
4) тәуелсiз сарапшының бүлiнген мүлiкке бағалау жүргiзуi;
5) пайда алушыға танысу үшiн бағалау жөнiндегi есептi беру кезеңдерiн қамтиды.
Мүлкiне зиян келтiрiлген пайда алушы өзi немесе сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандырушыға бағалау ұйымдастыруға өтiнiш берген күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде көлiк оқиғасынан кейiн қандай жағдайда болса, сол жағдайда осы мүлiктi сақтауға және сақтандырушының бүлiнген мүлiктi тексерiп-қарауына, сондай-ақ тәуелсiз сарапшының келтiрiлген зиянға бағалау жүргiзуiне мүмкiндiк жасауға мiндеттi.
Өзгеше дәлелдеуге құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбiрленушi (пайда алушы) немесе олардың өкiлдерi үшiн бағалаудың нәтижелерi мiндеттi болып табылмайды.
Сақтандырушы пайда алушыға тиесiлi сақтандыру төлемiнен бағалау жүргiзуге жұмсалған өз шығыстарын ұстап қалуға құқылы емес.
8. Егер сақтандырушы келтiрiлген зиянды тәуелсiз сарапшының бағалауын осы баптың 7-тармағында белгiленген мерзiмде ұйымдастырмаса, онда сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбiрленушiнiң (пайда алушының) немесе олардың өкiлдерiнiң тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметтердi дербес пайдалануына және мүлiктi қалпына келтiрудi (кәдеге жаратуды) бастауына болады. Сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбiрленушiнiң (пайда алушының) немесе олардың өкiлдерiнiң тәуелсiз сарапшы көрсететiн қызметке жұмсаған шығындарын сақтандыру төлемiне қарамастан өтеуге тиiс.
9. Сақтандыру жағдайын қасақана жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемiн заңсыз алуға бағытталған өзге де алаяқтық iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.»;

19) 22-1-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Көлiк оқиғасының схемасын жасау тәртiбi мен үлгi нысандары уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.»;

20) 24-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы сегiзiншi абзацының екiншi сөйлемiнде:
«Бұл ретте сақтандыру» деген сөздер «Сақтандыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
«2» деген цифр «10» деген цифрлармен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жәбiрленушi қайтыс болған жағдайда сақтандырушы жәбiрленушiнi жерлеген адамға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жерлеу шығыстарын өтейдi.»;

21) 25-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерiн, байланыс телефондарын, банктiк деректемелерiн (қажет болғанда), сақтандыру төлемiн қолма-қол ақшамен не банктiк шотқа аударым жасау арқылы сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажеттi құжаттарды қоса тiркей отырып, алу тәртiбiн көрсетiп, жазбаша нысанда қояды.»;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi басталған тұлғаның сақтандыру полисi (оның телнұсқасы), ол болмаған жағдайда сақтандыру полисiнiң көшiрмесi не бар болған кезде көрсетiлген сақтандыру полисi бойынша (сақтандырушының атауы, сақтандыру полисiнiң нөмiрi, берiлген күнi) немесе сақтанушы туралы (сақтанушының тегi, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, көлiк құралын тiркеудiң мемлекеттiк нөмiрi) мәлiметтердiң бiрi;»;
4-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2) осы Заңның 22-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда, бағалауды ұйымдастыруға арналған өтiнiш;»;
5) тармақша «келтiрiлген зиянның» деген сөздердiң алдынан «осы Заңның 22-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда» деген сөздермен толықтырылып, «, олар болған кезде» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың үшiншi бөлiгi алып тасталсын;

22) 26-баптың 1-тармағындағы «жетi» деген сөз «он бес» деген сөзбен ауыстырылсын;

23) 26-1-баптың 1-тармағында:
«өтiнiш жасайды» деген сөздер «өтiнiшi жасауға құқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Зиян келтiрiлген мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын жәбiрленушi осы Заңда көзделген тәртiппен өз кiнәсiнен сақтандыру жағдайы туындаған адамның сақтандырушысына жүгiнедi.»;

24) 28-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «оны жүргiзу» деген сөздер «көлiк оқиғасы жасалған кезде оны жүргiзуге» деген сөздермен ауыстырылсын;

25) 29-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшадағы «сақтанушының» деген сөз «пайда алушының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
6) тармақшадағы «6-тармағының» деген сөз «7-тармағы үшiншi бөлiгiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;

26) 30-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мынадай:
1) сақтандырушылар арасында көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру мәселелерi бойынша туындайтын;
2) сақтанушы (пайда алушы) мен сақтандырушы арасында көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарынан туындайтын өзара қарым-қатынастарды реттеудi жүзеге асыратын, өз қызметiнде тәуелсiз жеке тұлға сақтандыру омбудсманы болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Өкiлдер кеңесiнiң құзыретi:
1) сақтандыру омбудсманының құрылымын және штатын (офисiн) бекiтедi;
2) сақтандыру омбудсманының қызметiн қаржыландыру тәртiбi;
3) осы Заңға сәйкес сақтандыру омбудсманының қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер.»;

27) 30-3-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi «сақтандыру омбудсманының өкiлдер кеңесiнiң құрамына кiретiн сақтандырушының» деген сөздер «дауға қатысатын тараптардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандыру омбудсманының сақтандырушылар арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы шешiмi мiндеттi болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Сақтандыру омбудсманының сақтанушы (пайда алушы) мен сақтандырушы арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы шешiмi сақтанушы (пайда алушы) оны қабылдаған жағдайда сақтандырушы үшiн мiндеттi болады.
Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманының шешiмiмен келiспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құқығын қорғау үшiн сотқа жүгiнуге құқылы. Бұл ретте сақтанушы (пайда алушы) үшiн сақтандыру омбудсманының шешiмiн орындау мiндеттi болып табылмайды.»;

28) 30-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«30-4-бап. Сақтандыру омбудсманының қызметi

1. Сақтандыру омбудсманының қызметi, оның iшiнде дауды шешу және шешiмдердi қабылдау бойынша өтiнiштердi қарау тәртiбi мен мерзiмдерi уәкiлеттi органмен келiсiлген және өкiлдер кеңесi бекiткен iшкi ережелердiң негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Жүктелген функцияларды тиiсiнше атқару мақсатында сақтандыру омбудсманының қызметi сақтандырушылардың жарналары есебiнен қаржыландырылады. Сақтандыру омбудсманы өкiлдер кеңесiмен келiсiм бойынша құрылымы мен штатын (сақтандыру омбудсманының офисiн) құруға құқылы.
3. Сақтандыру омбудсманы дауды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялықты сақтауға және оны үшiншi тұлғаларға жария етпеуге мiндеттi.
Сақтандыру омбудсманы өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған мәлiметтердi жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
4. Осы Заңның 30-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда өзара қарым-қатынастарды реттеудi сақтандыру омбудсманы тегiн жүзеге асырады.
5. Сақтандыру омбудсманы осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, өкiлдер кеңесi оның өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтатады.»;

29) мынадай мазмұндағы 32-баппен толықтырылсын:
«32-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi
сақтандырудың халықаралық жүйелерi

Трансшекаралық қозғалысқа қатысатын көлiк құралдары иелерi үшiншi тұлғаларға келтiрген зиянды өтеудi қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттiк шекара арқылы көлiк құралдары иелерiнiң жүрiп-тұру режимiн жеңiлдету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың халықаралық жүйелерiнде Қазақстан Республикасының қатысуына жол берiледi.».

16. «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; № 17, 81-құжат):
7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1-бап. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн
мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi

1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн:
1) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасуға және көрсетiлген Қорды құру және оның қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртiппен оның акционерi болуға;
2) астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.
2. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзiнiң қаржылық есептiлiгiн Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын кемiнде екi мерзiмдi баспасөз басылымында қазақ және орыс тiлдерiнде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жылдық қаржылық есептiлiктi жариялау тәртiбi туралы нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген көлемде және мерзiмдерде жыл сайын жариялап отыруға мiндеттi.
3. Сақтандырушылар туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру тәуекелдерi, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдерi жөнiндегi ақпараттық деректер базасын қалыптастыруды және жүргiзудi жүзеге асыратын ұйымды құруға қатысуға құқылы.
4. Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары уәкiлеттi органның нормативтiк-құқықтық актiлерiнде көзделген тәртiппен мiндеттi жарналарды төлеуге және шартты мiндеттемелердi қалыптастыруға мiндеттi.».

17. «Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агент – жалғыз акционерi мемлекет болып табылатын, агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық холдингтiң құрамына кiретiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған акционерлiк қоғам;
2) бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) – бағалау қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
3) егiстiң толық жойылуы – егiске қолайсыз табиғат құбылыстары әсерiнiң салдары, өнiмдi одан әрi өсiруге және жинауға жұмсалатын шығындар өнiм алудан түсетiн болжамды кiрiстен асып түсетiн жағдай;
4) егiстiң iшiнара жойылуы – егiске қолайсыз табиғат құбылыстары әсерiнiң салдары, бiр гектардан өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiрудегi бағалау кiрiсi немесе iс жүзiндегi кiрiс мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде белгiленген бiр гектарға жұмсалатын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрiн өндiру шығындары нормативiнiң мөлшерiнен кем болатын жағдай;
5) қолайсыз табиғат құбылысы – нәтижесiнде өсiмдiк шаруашылығының өнiмi жойылған немесе бүлiнген табиғат құбылысы (ұзақ мерзiмдi – құрғақшылық, үсiп кету, жылудың жетiспеуi, топырақтың шамадан артық ылғалдануы, ауаның шамадан тыс ылғалдануы, су тасқыны, су тапшылығы, аңызақ қысқа мерзiмдi – бұршақ соғу, нөсер жаңбыр, үсiк шалу, қатты жел, сел);
6) қолайсыз табиғат құбылысының фактiсi бойынша зерттеу актiсi (бұдан әрi – зерттеу актiсi) – Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша осы Заңда талаптар көзделген, егiстiң iшiнара немесе толық жойылуы мен қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерi арасындағы себеп-салдарлық байланысты растайтын құжат;
7) өнiм алудан түсетiн болжамды кiрiс – өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен егiстiң жойылған алаңдарын айқындау әдiстемесiне сәйкес комиссия айқындайтын кiрiс;
8) өсiмдiк шаруашылығы – өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрумен шұғылданатын ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлердi – жеке және заңды тұлғаларды қамтитын ауыл шаруашылығы саласының өндiрiстер кешенi;
9) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты (бұдан әрi – мiндеттi сақтандыру шарты) – осы Заңда белгiленетiн талаптар бойынша сақтандырушы мен сақтанушының арасында жасалатын шарт;
10) өсiмдiк шаруашылығындағы өзара сақтандыру қоғамы (бұдан әрi – қоғам) – өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында өз мүшелерiнiң мүлiктiк мүдделерiн өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативiнiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға;
11) өсiмдiк шаруашылығының өнiмдерi – ауыл шаруашылығы дақылдарын (дәндi, майлы дақылдар, қант қызылшасы, мақта) өңдеу процесiнде алынған өнiм;
12) өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган – өсiмдiк шаруашылығын дамыту саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган;
13) сақтандыру жағдайы – басталуына орай мiндеттi сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;
14) сақтандыру сомасы – мiндеттi сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
15) сақтандыру сыйлықақысы – сақтандырушы мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн сақтанушы сақтандырушыға төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
16) сақтандыру төлемi – сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
17) сақтандырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе өзiнiң пайдасына шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға;
18) сақтанушы – өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын және сақтандырушымен мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан тұлға;
19) франшиза – сақтандырушыны белгiлi бiр мөлшерден аспайтын зиянды өтеуден босату;
20) шығындар нормативi – өсiмдiк шаруашылығының өнiм түрi өндiрiсiнiң бiр гектарына шаққанда жекелеген технологиялық процестер, жұмыс түрлерi және шығыстар баптары бойынша теңгемен көрсетiлген шығындар.»;

2) 4-1-баптың 6) тармақшасындағы «қолайсыз табиғат құбылысы фактiсi бойынша» деген сөздер алып тасталсын;

3) 5-бапта:
2-тармақта:
6) тармақша «агенттiң» деген сөзден кейiн «қоғамның» деген сөзбен толықтырылып, «оның» деген сөз «олардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) сақтанушылардың мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және осы Заңның талаптарын сақтамауы туралы iстердi қарайды;»;
8) тармақшадағы «және агенттен» деген сөздер «, агенттен және қоғамнан» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «және агенттiң» деген сөздер «, агенттiң және қоғамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға қоғамдардың атауын және орналасқан жерiн көрсете отырып, оның тiзiлiмiн ұсынады.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы «құжаттарды» деген сөзден кейiн «өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 5-1-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;

5) 5-2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлғаның өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.»;

6) 6-бап «сақтандыру жағдайларына» деген сөздерден кейiн «зерттеу актiсiнде тiркелген» деген сөздермен толықтырылсын;

7) 7-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «ғылыми негiзделген немесе оңайлатылған агротехнология шығындарының» деген сөздер «шығындардың» деген сөзбен ауыстырылсын;

8) 8-баптың 1-тармағында:
бiрiншi бөлiктегi «артық» деген сөз «кем» деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк «мынадай» деген сөзден кейiн «ең төмен және» деген сөздермен толықтырылсын;
1)-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дәндi дақылдар (облыс топтары бойынша):

Рет

Облыстардың атауы

Сақтандыру тарифi %-пен

ең төменгi

ең жоғарғы

1.

Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан

1,78

3,48

2.

Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан

3,17

5,83

3.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан

5,21

9,15

2) майлы дақылдар (бүкiл республика бойынша) ең төмен – 2,01%, ең жоғары – 3,44%;
3) қант қызылшасы (бүкiл республика бойынша) ең төмен – 5,76%, ең жоғары – 8,39%;
4) мақта (бүкiл республика бойынша) ең төмен – 0,92%, ең жоғары – 1,33%.»;

9) 9-бапта:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Комиссия сақтандырушы мәлiмдеген егiс алаңын өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен апатқа ұшыраған егiс алаңын анықтау әдiсi бойынша зерттейдi және зерттеу нәтижелерi бойынша өсiмдiк шаруашылығындағы өнiмнiң апатқа ұшырау деңгейiн анықтайды: толық немесе iшiнара.»;
төртiншi бөлiкте:
«тиiстi зерттеу актiсiн» деген сөздер «зерттеу актiсiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(бұдан әрi - зерттеу актiсi)» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi сөйлеммен толықтырылсын:
«Комиссия мүшелерiнiң үштен екi бөлiгiнiң қолдары болған кезде зерттеу актiсi қабылданған болып есептеледi.»;
6-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын;

10) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы құжаттардың толық тiзбесiн және оларды қабылдаған күндi көрсете отырып, екi данада анықтама жасауға мiндеттi. Анықтаманың бiр данасы өтiнiш берушiге берiледi, өтiнiш берушiнiң оны алғаны туралы белгiсi бар екiншi данасы сақтандырушыда қалады.»;

11) 12-баптың 2-тармағында:
екiншi бөлiк «депозиттерге» деген сөзден кейiн «және мемлекеттiк бағалы қағаздарға» деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi бөлiктегi «депозиттерге» деген сөз «Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi депозиттерге және мемлекеттiк бағалы қағаздарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiктегi «депозиттерге» деген сөз «Қазақстанның Ұлттық Банкiндегi депозиттерге және мемлекеттiк бағалы қағаздарға» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 13-баптың 1-тармағындағы «сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi» деген сөздер «осы баптың 2-тармағында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
«сақтанушы осы Заңның 10-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, кiдiрiссiз, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей оны жетiспейтiн құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге;»;

14) 16-баптың 2-тармағының төртiншi абзацындағы «жетi» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;

15) 17-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Мазмұнына қойылатын талаптар қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленетiн сақтанушының өтiнiшi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.».

18. «Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат):
20-баптың 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ақпарат беру туралы және кредиттiк есептердi алу туралы шарттар негiзiнде өзге де тұлғалар;».

19. «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат):
мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн
мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi

1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлғаның объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.
2. Бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бiр сақтандырушыларға басқаларының алдында негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасауға бағытталған қызметке жол берiлмейдi.».

20. «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат):
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы»;

2) бүкiл мәтiн бойынша «қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн», «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының», «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн», «жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн» және «Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн» деген сөздер тиiсiнше «қызметкердi жазатайым оқиғалардан», «Қазақстан Республикасының қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы», «Қызметкердi жазатайым оқиғалардан», «қызметкердi жазатайым оқиғалардан» және «Қызметкердi жазатайым оқиғалардан» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аннуитеттiк сақтандыру шарты (бұдан әрi – аннуитет шарты) – сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде сақтандыру төлемiн пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты;
2) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы;
3) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiк – қызметкердiң белгiлi бiр бiлiктiлiктегi, көлемдегi және сападағы жұмысты атқару қабiлетi;
4) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiктен айрылу дәрежесi – қызметкердiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқару қабiлетiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын төмендеу деңгейi;
5) кәсiптiк тәуекел сыныбы – өндiрiстiк жарақаттанудың және кәсiптiк аурулардың экономикалық қызмет түрлерi бойынша қалыптасқан деңгейi;
6) қызметкердi жазатайым оқиғалардан сақтандыру – еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкердiң мүлiктiк мүдделерiн қорғау жөнiндегi қарым-қатынас кешенi;
7) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
8) сақтандыру жағдайы – осы Заңның 16-1-бабында көзделген мән-жайлар кезiнде қызметкер (қызметкерлер) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк фактордың әсер етуi нәтижесiнде ол (олар) ұшырайтын, соның салдарынан қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге, кәсiптiк ауруға не өлiмге әкеп соғатын өндiрiстiк жарақаттану, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улану болатын еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кездегi жазатайым оқиға (жазатайым оқиға);
9) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
10) сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушының сақтандырушыға, соңғысы пайда алушыға қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
11) сақтандыру төлемi – сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушының пайда алушыға сақтандыру сомасының шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
12) сақтандырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында «өмiрдi сақтандыру» саласында аннуитеттiк сақтандыру сыныбы бойынша және мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған заңды тұлға;
13) сақтанушы – қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жұмыс берушi.»;

4) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар

1. Осы Заң мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерi еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруды реттемейдi.
2. Жұмыс берушiнiң қызметкердi жазатайым оқиғалардан ерiктi түрде сақтандыру шартын жасауы оны қызметкердi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мiндетiнен босатпайды.»;

5) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде
оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру
объектiсi мен субъектiлерi

1. Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың (бұдан әрi – қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру) объектiсi зардап шеккен қызметкердiң кiнәсi болған не болмаған кезде, оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге не оның өлiмiне әкеп соғатын жазатайым оқиға нәтижесiнде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкердiң мүлiктiк мүддесi болып табылады.
2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру субъектiлерi: сақтанушы, сақтандырушы және пайда алушы болып табылады.»;

6) 6-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.»;

7) 7-бап алып тасталсын;

8) 8-баптың 2-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) осы Заңда көзделген жағдайларда, қызметкердiң немесе қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына қызметкердi жазатайым оқиғадан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы шегiнде аннуитет шартын жасасуға мiндеттi.»;

9) 9-баптың 2-тармағында:
3) тармақша «төлемдерiн» деген сөзден кейiн «және жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеудi» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «қабылданған жағдайда» деген сөздерден кейiн «, өтiнiштi және осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап, жетi жұмыс күнi iшiнде» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) осы Заңның 19-бабының 1-тармағында көзделген сақтандыру төлемдерiн уақтылы жүзеге асырмаған кезде пайда алушыға аннуитет төлемi бойынша әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн төленбеген соманың 1,5 процентi мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге мiндеттi.»;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Аннуитет сыныбы бойынша «өмiрдi сақтандыру» саласында сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушы қызметкердiң немесе осы Заңда көзделген жағдайларда қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына қызметкердi жазатайым оқиғадан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы шегiнде аннуитет шартын жасасуға мiндеттi.»;

10) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты аннуитеттiк сақтандыру сыныбы және мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс.»;

11) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының тоқтатылуы сақтандырушыны қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңiнде болған кейiннен сақтандыру жағдайлары деп танылған жазатайым оқиғалар бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттерден босатпайды.
Зардап шегушi қызметкерге кәсiптiк ауруының табылуы салдарынан кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеген жағдайда, сақтандыру төлемiн кәсiптiк ауру белгiлi болған мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңiнде қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асырады.»;

12) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру сомасы осы Заңның 19-бабына сәйкес көзделген сақтандыру төлемi (сақтандыру төлемдерi) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстар мөлшерiнiң сомасына азайтылады.»;

13) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
«16-1-бап. Сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайлары

Қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге не оның өлiмiне әкеп соққан жазатайым оқиға кезiндегi мән-жайлар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 322-бабының 2-тармағында көзделген.»;

14) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн ұлғайту

Егер сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың алдыңғы шартының қолданылуы кезеңiнде сақтанушының кiнәсiнен болса, сақтандырушы жұмыс берушiнiң қызметкерлерiнiң жалпы санына қарай үстемеақы коэффициентiн қолдану арқылы осы Заңның 17-бабына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақының мөлшерiн мынадай мөлшерлерде:
1) зардап шегушi қызметкерлер саны екiден бес процентке дейiн болғанда 1,10 мөлшерiнде;
2) зардап шегушi қызметкерлер саны алтыдан он бес процентке дейiн болғанда 1,30 мөлшерiнде;
3) зардап шегушi қызметкерлер саны он бестен және одан да көп процент болғанда 1,50 мөлшерiнде ұлғайтуға мiндеттi.
Бұл ретте, осы тармақта белгiленген шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн ұлғайту қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың алдыңғы шартының қолданылу кезеңiнде болған екi немесе одан да көп қызметкердiң қатысуымен сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) басталған кезде жүзеге асырылады.
Осы тармақта көзделген үстемеақы коэффициенттерi сақтандыру жағдайына ұшыраған персоналдың сол санаттары мен кәсiптiк тәуекел сыныбы бойынша сақтандыру тарифiне қолданылады.
Үстемеақы коэффициентiн қолдану тәртiбi қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.»;

15) 18-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгi «келтiрiлген зиян» деген сөздерден кейiн «қызметкердiң уақытша еңбекке қабiлетсiздiгiне байланысты зиянды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

16) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Зиянның мөлшерiн анықтау тәртiбi.
Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру
шарты бойынша сақтандыру төлемдерi

1. Қызметкердiң қайтыс болуына немесе оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiнiң белгiленуiне байланысты жалақыдан (кiрiстен) айрылуына қатысты зиянның мөлшерi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң талаптарына сәйкес айқындалады.
Қызметкерге бiр жылдан аспайтын мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (кiрiсiнен) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемiн сақтандырушы осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес айқындалған мөлшерде дербес жүзеге асырады.
Қызметкердiң бiр жыл және одан да көп мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (кiрiсiнен) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемi осы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитет шартына сәйкес қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзiмiне теңдей мерзiм iшiнде қызметкердiң пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде жүзеге асырылады.
Жазатайым оқиға басталған кезде қызметкердiң қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ жазатайым оқиғаның болуы салдарынан оның денсаулығының нашарлау себебi бойынша зиянды өтеу жөнiндегi сақтандыру төлемi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтету құқығы бар адамдардың пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде жүзеге асырылады.
Осы Заңмен көзделген жағдайларда пайда алушылар болып табылатын өзге де тұлғалардың сақтандыру төлемiн алуға құқығы болады.
Аннуитет шарты бойынша аннуитеттiк төлемдер есебiнiң тәртiбi қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
Өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиян үшiн белгiленген тәртiппен жауапты деп танылған заңды тұлға таратылған жағдайда, зардап шегушi қызметкермен не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адаммен Заңда көзделген тәртiппен аннуитет шарты жасалады.
2. Қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленген жағдайда, оның денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөнiндегi сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi мынадай мөлшерлерде (республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген тиiстi қаржы жылына арналған айлық есептiк көрсеткiштермен) белгiленедi:
1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi 5-тен қоса алғанда 29 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 500;
2) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi 30-дан қоса алғанда 59 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 1000;
3) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi 60-тан қоса алғанда 89 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 1500;
4) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi 90-нан қоса алғанда 100 процентке дейiн болып белгiленген кезде - 2000.
Сақтандырушы денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөнiндегi сақтандыру төлемiн жәбiрленушi қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi белгiленгенiн растайтын құжатты ұсынған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде бiр мезгiлде жүргiзедi.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу жөнiндегi сақтандыру төлемi кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн ұзарту (қайта куәландыру) кезiнде жүзеге асырылмайды.
Осы тармақта көзделген жағдайларда зардап шегушi қызметкер сақтандыру төлемiн алушы болып табылады.
3. Зардап шегушi қызметкер қайтыс болған жағдайда, оны жерлеудi жүзеге асырған тұлғаға сақтандырушы жерлеуге жұмсалған шығыстарды жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтейдi.
4. Егер осы бапта көзделген сақтандыру төлемiнiң (сақтандыру төлемдерiнiң) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшерi қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартымен белгiленген сақтандыру сомасының мөлшерiнен асып түскен жағдайда, сақтандырушыға сақтанушының есебiнен айырмасы төленедi.
5. Сақтандыру төлемiн аударуға байланысты шығыстар сақтандырушының есебiнен жүргiзiледi.»;

17) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:
«19-1-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi
сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерiн
жүзеге асырудың ерекшелiктерi

1. Сақтанушы «жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандырушымен қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, осы сақтандырушы мынадай:
1) қызметкердiң кемiнде бiр жыл мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты зиянды өтеу;
2) сақтандыру жағдайы басталған кезде қызметкердiң денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырады.
Қызметкерге бiр жыл және одан да көп мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi, сондай-ақ қызметкердiң қайтыс болуына байланысты сақтандыру аннуитет шартына сәйкес аннуитеттiк сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемiн жүзеге асырады.
«Жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандырушы осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде аннуитеттiк сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымына осы Заңға сәйкес ақша аударуды жүзеге асырады.
2. Сақтанушы аннуитеттiк сақтандыру сыныбы бойынша «өмiрдi сақтандыру» саласындағы сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемдерiн осы сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырады.»;

18) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы талаптары

1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерiн, байланыс телефондарын, банктiк деректемелерiн (қажет болғанда), сақтандыру төлемiн - қолма-қол ақшамен не банктiк шотқа аударым жасау арқылы алу тәртiбiн көрсетiп, сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға қажеттi құжаттарды қоса тiркей отырып, жазбаша нысанда қояды.
2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiктен айрылу дәрежесiн белгiлеген жағдайда:
сақтандыру шартының көшiрмесi;
жазатайым оқиға туралы акт;
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн немесе жәбiрленушi қызметкердiң жеке сәйкестендiру нөмiрiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң еңбекке қабiлеттiлiктен айрылуды белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
кәсiптiк аурудың болуын растайтын құжаттың көшiрмесi;
жұмыс берушi куәландырған, жәбiрленушi қызметкер жұмыс iстеген, бiрақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
2) қызметкер қайтыс болған жағдайда:
сақтандыру шартының көшiрмесi;
жазатайым оқиға туралы акт;
қызметкердiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;
қызметкер қайтыс болған жағдайда пайда алушының зиянды өтетуге құқығын растайтын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;
пайда алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн немесе пайда алушының жеке сәйкестендiру нөмiрiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
жұмыс берушi куәландырған, қайтыс болған қызметкер жұмыс iстеген, бiрақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
3) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталған кезде залалды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын, олар болған жағдайда, растайтын құжаттар.
Сақтандырушының сақтанушыдан не пайда алушыдан қосымша басқа құжаттарды талап етуiне жол берiлмейдi.
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтiнiш берушi табыс еткен құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көрсете отырып, екi данада анықтама жасауға мiндеттi.
Анықтаманың бiр данасы өтiнiш берушiге берiледi, өтiнiш берушiнiң оны алғаны туралы белгiсi бар екiншi данасы сақтандырушыда қалады.
Сақтанушы немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға осы баптың 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды табыс етпеген жағдайда, сақтандырушы оларды үш жұмыс күнi iшiнде жетiспейтiн құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
4. Зардап шеккен қызметкер (ал ол қайтыс болған жағдайда қызметкердiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар тұлға), сондай-aқ келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгiленген жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде пайда алушыға өтеген және сақтандыру төлемiне құқық алған сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
5. Сақтандыру төлемi пайда алушының жазбаша ресiмделген өтiнiшi немесе нотариаттық куәландырылған сенiмхаты бойынша денсаулығын қалпына келтiру жөнiнде оған қызмет көрсеткен (көрсететiн) тұлғаға тiкелей төленуi мүмкiн.
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттарды қабылдауын талап етуге құқылы емес.»;

19) 21-бап алып тасталсын;

20) 22-бап «жағдайларда» деген сөзден кейiн «, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 322-бабының 3-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде» деген сөздермен толықтырылсын;

21) 23-бапта:
1-тармақта:
«7» деген цифр «1» деген цифрмен ауыстырылсын;
«бiр жыл және одан астам мерзiмге» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аннуитет шарты осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс еткен күннен бастап, бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалады.»;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы пайда алушыға төленуге жатпайды.
5. Аннуитет шартына қойылатын талаптар және сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша iстi жүргiзуге арналған шығыстарының жол берiлетiн деңгейi қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.».

21. «Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 23, 90-құжат; 2008 ж., № 6-7, № 27-құжат):
мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Мiндеттi экологиялық сақтандыруды жүзеге асырудың
ерекшелiктерi

1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлғаның мiндеттi экологиялық сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiн астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы мiндеттi.
2. Бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бiр сақтандырушыларға басқаларының алдында негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге бағытталған қызметке жол берiлмейдi.».

22. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19 88-құжат; 2009 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 13 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бағалау қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жалған кәсiпкерлiктiң жолын кесу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;):
1) 6-баптың 4-тармағының он бiрiншi абзацындағы «қызметтi жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып таныла алмайды.» деген сөздер «қызметтi;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он екiншi абзацпен толықтырылсын:
«кредиттiк бюролардың қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып таныла алмайды.»;

2) аталған Заңға қосымшаның 15-тармағының 2) тармақшасындағы «қызметкердiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқаруы кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн» деген сөздер «қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындаған кезде оны жазатайым оқиғалардан» деген сөздермен ауыстырылсын.

23. «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 13, 84-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат):
1) 2-баптың 3-тармағында:
«Сақтандыру қызметi туралы» және «Тұтыну кооперативi туралы» Қазақстан Республикасының заңдары» деген сөздер «Тұтыну кооперативi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тiлiндегi мәтiнге өзгерiс енгiзiлдi, қазақ тiлiндегi мәтiн өзгермейдi;

2) 4-баптың 4-тармағындағы «Қызметi лицензиялануға жатпайтын қоғам» деген сөздер «Қоғам» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) 5-бапта:
тақырыптағы «қызметi лицензиялануға жатпайтын» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) қоғамның активтерiн инвестициялаудың тәртiбi мен көлемiн белгiлейдi.»;

4) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Қоғамның атауы

1. Қоғамның атауында «өзара сақтандыру қоғамы» деген сөздер болуға тиiс.
2. Егер қоғам өзара сақтандырудың бiр ғана түрiн жүзеге асыратын болса, онда оның атауында сақтандырудың осы түрi көрсетiлуге тиiс.
3. Қоғамның атауында кез келген тiлде толық не қысқартылған түрде «ұлттық», «мемлекеттiк», «орталық», «бюджеттiк», «республикалық» деген сөздер болмауға тиiс.
4. Қоғам өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн оқшауланған бөлiмшесi орналасқан жерiн өзгерткен кезде бұл туралы уәкiлеттi органға он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi.»;

5) 7-баптың тақырыбындағы «Қызметi лицензиялануға жатпайтын қоғамды» деген сөздер «Қоғамды» деген сөзбен ауыстырылсын;

6) 8-бапта:
2-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоғамның құрылтай шартында:»;
3-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;

7) 9-баптың 1-тармағындағы «екеуден» деген сөз «екi жүз елуден» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Қоғамды қайта ұйымдастыру немесе тарату

Қоғамды қайта ұйымдастыру немесе тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.»;

9) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Өзара сақтандыру қызметiн жүзеге асыру талаптары

1. Өзара сақтандыру қызметi лицензиялауға жатпайды.
2. Қоғам:
1) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру бойынша;
2) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қоспағанда, мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес.»;

10) 14-бапта:
тақырыптағы «Қызметi лицензиялануға жатпайтын қоғамның» деген сөздер «Қоғамның» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «лицензиясыз» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өзара сақтандыру жүзеге асырылатын жалпы шарттар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 825-1-бабының талаптарына сәйкес келетiн өзара сақтандыру ережесiнде айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Өзара сақтандыру ережесi қоғам мүшелiгiне кiруге тiлек бiлдiрген адамдарға таныстыру үшiн ұсынылуға тиiс.»;

11) 15-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен көзделген тәртiппен инвестициялық қызметтi;»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Қоғам осы Заңда көзделген тең құқықтарды қоғамның барлық мүшелерiне беруге мiндеттi.»;

12) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға тыйым салу

Қоғамның өзi қабылдаған сақтандыру тәуекелдерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе Қазақстан Республикасының резидентi емес қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға беруiне, сондай-ақ делдалдық қызметтi немесе қайта сақтандыруға арналған тәуекелдердi қабылдау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруына тыйым салынады.»;

13) 21-баптың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

14) 23-бапта:
2-тармақтағы «Қызметi уәкiлеттi органның лицензиялауына жатпайтын қоғам» деген сөздер «Қоғам» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;

15) 24-бапта:
тақырыптағы «Қызметi лицензиялануға жатпайтын қоғамның» деген сөздер «Қоғамның» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «қоғамның жарғысында белгiленген тәртiппен және жағдайларда» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Сақтандыру резервтерiн қалыптастыруға, оны есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.»;
3-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын.

24. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; 2009 жылғы 1, 2 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 2 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
32-баптың 5) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы «оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн» деген сөздер «оны жазатайым оқиғалардан» деген сөздермен ауыстырылсын.

25. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; 2009 жылғы 1, 2 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 2 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптағы «2010 жылғы 1 қаңтардан» деген сөздер «2010 жылғы 1 наурыздан» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 12-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «құжаттары бойынша ақпаратты қамтуы мүмкiн.» деген сөздер «құжаттары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасы бойынша ақпаратты қамтуы мүмкiн.»;

3) мынадай мазмұндағы 15-1 және 16-1-баптармен толықтырылсын:
«15-1-бап. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 137-бабы 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейiнгi салық кезеңдерiнде туындаған залалдарға қолданылады деп белгiленсiн.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi салық кезеңдерiнде туындаған залалдар 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 124-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерге ауыстырылады.
Бұл ретте, хеджирлеу операцияларының ерекшелiктерi ескерiле отырып, туынды қаржы құралдары бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi салық кезеңдерiнде туындаған залалдар келесi үш жылды қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады және туынды қаржы құралдары бойынша түсетiн табыстар есебiнен өтеледi.»;

«16-1-бап. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 143-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын қолдану мақсатында:
1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн есепке жазылған және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап төленетiн, осындай сыйақы есептелген күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмiнде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлем көзiнен салық салуға жатпайды;
2) сыйақы есептелген күнi қор биржасының ресми тiзiмiнде болмаған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы осындай сыйақы төленетiн күнi белгiленген ставка бойынша төлем көзiнен салық салуға жатады деп белгiленсiн.»;

4) 18-бап мынадай мазмұндағы төртiншi және бесiншi бөлiктермен толықтырылсын:
«Жер қойнауын пайдаланушы бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен, өндiрген минералды шикiзатты (пайдалы қазбаны) кейiннен одан әрi қайта өңдеу үшiн бiр заңды тұлға шеңберiнде құрылымдық немесе өзге де технологиялық бөлiмшеге беретiн жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша осы тармақтың бiрiншi бөлiгiне сәйкес пайдалы қазбаларды өндiруге салық ставкаларын белгiлеу мақсатында рентабельдiлiк деңгейi тұтастай заңды тұлға бойынша айқындалады.
Бұл ретте, рентабельдiлiктi есептеу үшiн заңды тұлғаның басқа жеке және (немесе) заңды тұлғадан өңдеу үшiн алынған және (немесе) сатып алынған минералды шикiзатты қайта өңдеудi қоса алғанда, минералды шикiзатты (пайдалы қазбаны) өндiруге және қайта өңдеуге тiкелей байланысты кiрiстерi мен шығындары қызметтiң өзге түрлерi бойынша кiрiстер мен шығындар ескерiлместен, бөлек салықтық есепке алудың деректерi негiзiнде есептеледi.»;
төртiншi бөлiк «бiр бөлiгiн),» деген сөздерден кейiн «пайдалы қазбаларды өндiруге салық ставкаларын белгiлеу тәртiбiн қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 22-бапта:
бiрiншi абзацтағы «2015» деген цифрлар «2012» деген цифрлармен ауыстырылсын;
1-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ережелерiнде салық режимiнiң тұрақтылығы тiкелей көзделетiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм (келiсiмшарт) немесе Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;»;
5) тармақшадағы «осы тармақта» деген сөздер «осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 23-бапта:
«2015» деген цифрлар «2012» деген цифрлармен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы бесiншi және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«қосу
өсiмдiк шаруашылығында мiндеттi сақтандыруды мемлекеттiк қолдау мақсатында қолайсыз табиғат құбылыстары нәтижесiнде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерiнiң елу процентiн өтеу түрiнде мемлекеттiк бюджеттен алуға жататын (алынған) қаражат,»;

7) 25-бапта:
10-тармақтағы «және мониторингке жататын iрi салық төлеушi бойынша қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау туралы бұрын жiберiлген сұрату салуға уәкiлеттi орган алған жауаптар негiзiнде» деген сөздер «бұрын жiберiлген сауал салу бойынша уәкiлеттi орган алған жауаптар негiзiнде мониторингке жататын iрi салық төлеушi бойынша қосылған құн салығы сомасының дұрыстығы расталмаса,» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың 2) тармақшасының бiрiншi бөлiгi «жойған кезде» деген сөздерден кейiн «немесе мониторингке жататын iрi салық төлеушi болып табылатын тексерiлетiн салық төлеушiнiң өнiм берушiсi бұрын жiберiлген сауал салу бойынша өздерiнiң өзара есеп айырысулары бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған кезде» деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақта:
екiншi бөлiктегi «13» деген цифлар «12» деген цифрлармен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiк «тексеруге жатады» деген сөздерден кейiн «және (немесе) уәкiлеттi органға iрi салық төлеушiлердiң мониторингi бойынша есептiлiктiң негiзiнде қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растауы туралы сауал жiбередi» деген сөздермен толықтырылсын;

8) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Салық төлеушiнiң жеке шотындағы есепте бар және 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салықтық құқық бұзушылықтары үшiн 2002 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салынған, сондай-ақ салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқықтарды бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жаза белгiлеу туралы қаулы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен белгiленген мерзiмiнiң өтiп кетуiне байланысты орындалуы мүмкiн емес төленбеген айыппұлдың сомасы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен салық органы шешiмiнiң негiзiнде есептен шығаруға жатқызылады деп белгiленсiн.»;

9) 48-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 2009 жылғы 1 шiлдеге дейiн 273-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының:
274-бапта көзделген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiн қолданбайтын және (немесе) нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асырмайтын салық төлеушiлер үшiн;
274-бапта көзделген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiн 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданатын және өткiзу бойынша айналымдары «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 249-бабының 1-тармағына сәйкес салықтан босатылатын объектiлер салуды жүзеге асыратын салық төлеушiлер үшiн;»;
4) тармақша мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
«77-баптың 4-тармағы 4) тармақшасының»;

10) 49-баптың 1) тармақшасында:
жиырма екiншi абзацтағы ««Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса,» деген сөздер «Осы Кодекстi 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса не осы Кодекстi 234-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн импортталғ берiлетiн мүлiк осы Кодекстiң 250-бабының 1-тармағында көрсетiлген тауарлар тiзбесiне кiрсе,» деген сөздермен ауыстырылсын;
алпыс бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бұрын импортталған тауарларды керi экспорт режимiнде әкеткеннен басқа әкелiнетiн тауарларына қатысты қолданылады.»;
алпыс төртiншi абзацтағы «еркiн айналысқа» деген сөздер «еркiн айналыс үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
алпыс алтыншы абзацтағы «6-тармағында» деген сөздер «5-1 және 6-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
алпыс жетiншi абзацтағы «тауарларды әкелу күнiнен бастап талап қоюдың өткен мерзiмiнiң» деген сөздер «тауарларды еркiн айналыс үшiн шығарған күннен бастап бес жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы алпыс сегiзiншi және алпыс тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«5-1. Әкелiнетiн тауарларға қосылған құн салығы есепке жатқызу әдiсiмен төленген тауарларды өткiзуге олар Қазақстан Республикасының аумағына еркiн айналыс үшiн шығарылған күннен бастап бес жыл өткен соң әкелiнетiн тауарларға қосылған құн салығы салынбайды.
Осы тармақтың ережесi өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждары үшiн 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзiмде әкелiнген, импорттау кезiнде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдiсiмен төленген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн өткiзген кезде де қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы жетпiс бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың ережесi өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждары үшiн 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзiмде әкелiнген, импорттау кезiнде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдiсiмен төленген тауарларды қаржы лизингiне 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейiн берген кезде де қолданылады.»;

11) мынадай мазмұндағы 52 және 53-баптармен толықтырылсын:
«52-бап. 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 249-бабының 1-тармағына сәйкес өткiзу айналымдары салықтан босатылатын объектiлердiң құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушiлерге 2009 жылғы 1 қаңтар - 30 маусым аралығындағы кезең үшiн қосылған құн салығы бойынша салықтық мiндеттемелердi орындау бөлiгiнде салықтық тексеру (қарсы тексерудi қоспағанда) жүргiзiлмейдi.
53-бап. Осы Заңның 48-бабының 1) тармақшасы үшiншi абзацының және 52-бабының ережелерi «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 260-бабының 2-1-тармағы күшiне енгенге дейiн өткiзу айналымдары «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 249-бабының 1-тармағына сәйкес салықтан босатылатын объектiлердiң құрылысы бойынша қосылған құн салығын есепке жатқызудың барабар әдiсiн қолданған қосылған құн салығын төлеушiлерге қолданылады.».

26. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 63-құжат):
2-бапта:
«Заң» деген сөзден кейiн «, алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 3-тармағының 1)–3) тармақшаларын және» деген сөздермен толықтырылсын;
«1)–16)» деген цифрлар «4)–16)» деген цифрлармен ауыстырылсын.

27. Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жеке кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 18, 84-құжат):
2-бап «Осы Заңның» деген сөздерден кейiн «2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-бабының 70-тармағының 1) тармақшасын, осы Заңның» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап.
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының үшiншi абзацын, 2) тармақшасын, 3) тармақшасын, 10-тармағын, 15-тармағы 11) тармақшасының екiншi абзацын, 20-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 3) тармақшасының бiрiншi-он төртiншi, он алтыншы абзацтарын, 4), 5), 7)–11), 13) тармақшаларын, 16) тармақшасының екiншi және он тоғызыншы абзацтарын, 17)–20) тармақшаларын, 24-тармағын;

2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 5-тармағының 3)–6), 8), 10), 12)–25), 27) тармақшаларын, 28) тармақшасының бесiншi – сегiзiншi, он бiрiншi – он үшiншi, 29), 32), 33), 35)–38), 40)–49), 54), 56), 59) тармақшаларын, 63) тармақшасының екiншi – жетiншi, 80), 83), 84) тармақшаларын, 85) тармақшасының үшiншi–сегiзiншi абзацтарын, 8-тармағын, 25-тармағының 1), 3), 4) тармақшаларын, 5) тармақшасының төртiншi–бесiншi абзацтарын, 7), 9)–11) тармақшаларын, 26-тармағын, 27-тармағын;

3) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн және 2009 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болатын 1-баптың 5-тармағының 50) – 52) тармақшаларын, 53) тармақшасының екiншi – он жетiншi абзацтарын, 74) тармақшасын;

4) 2009 жылғы 21 ақпаннан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 6-тармағының 1) және 4) тармақшаларын;

5) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 5-тармағының 1), 2), 7), 11), 26) тармақшаларын, 28) тармақшасының екiншi – төртiншi, тоғызыншы, оныншы, он төртiншi абзацтарын, 30), 31), 34), 39) тармақшаларын, 53) тармақшасының он сегiзiншi – жиырма сегiзiншi абзацтарын, 55), 57), 58), 60) – 62) тармақшаларын, 63) тармақшасының сегiзiншi – оныншы абзацтарын, 64)– 73), 75) – 79), 81), 82) тармақшаларын, 85) тармақшасының екiншi абзацын, 86), 87) тармақшаларын, 15-тармағы 8) тармақшасының төртiншi абзацын, 25-тармағының 2) тармақшасын, 5) тармақшасының екiншi, алтыншы абзацтарын, 6), 8) тармақшаларын;

6) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 20-тармағының 14) тармақшасын;

7) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 5-тармағының 9) тармақшасын, 9-тармағының 17) тармақшасын, 20-тармағы 3) тармақшасының он бесiншi абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

2. Осы Заңның 1-бабы 20-тармағының 17) тармақшасы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болады.

3. Сақтандыру ұйымдары тиiстi лицензиялары болған ретте қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарттарын 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде жасасуға құқылы.
Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде тиiстi лицензияны қайта ресiмдеуге мiндеттi.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген мерзiм өткен соң «жалпы сақтандыру» саласы бойынша қызметтi жүзеге асыратын және қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарына қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың және қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың бұрын жасалған шарттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуды қоса алғанда, оларды жасауға, өзгерiстер енгiзуге тыйым салынады.
Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың және қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың бұрын жасалған шарттары бойынша осы тармақтың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген сақтандыру ұйымы олардың қолданылу мерзiмi өткенге дейiн өзiне қабылдаған мiндеттемелердi орындауға мiндеттi.

4. Мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап он екi ай iшiнде өз қызметiн осы Заңның 9-тармағы 7) тармақшасы үшiншi абзацының талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi.

5. Мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде өз қызметiн осы Заңның 12-тармағы төртiншi абзацының, 13-тармағы төртiншi абзацының, 14-тармағы төртiншi және бесiншi абзацтарының, 15-тармағы 3) тармақшасы төртiншi абзацының, 16-тармағы бесiншi және алтыншы абзацтарының, 17-тармағы 5) тармақшасы екiншi абзацының, 19-тармағы төртiншi абзацының, 20-тармағы 6) тармақшасы екiншi абзацының, 21-тармағы төртiншi абзацының талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi.

6. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған өзара сақтандыру қоғамдары 2012 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiруге мiндеттi.
Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina