ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы

Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия мынадай құрамда құрылсын:

Имашев – Қазақстан Республикасының Әдiлет
Берiк Мәжитұлы министрi, төраға

Баймолдина – Қазақстан Республикасы Әдiлет
Зауреш Хамитқызы министрiнiң орынбасары, төрағаның
орынбасары

Уақпаев Марат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасы Парламентi
Сенатының Аппараты Құқықтық
сараптама бөлiмiнiң меңгерушiсi
(келiсiм бойынша)

Әбдiров – Қазақстан Республикасының
Нұрлан Мәжитұлы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты
(келiсiм бойынша)

Ақылбай - Қазақстан Республикасының
Серiк Байсейiтұлы Парламентi Сенатының депутаты
(келiсiм бойынша)

Күреңбеков - Қазақстан Республикасының Iшкi
Амантай Жанкенұлы iстер вице-министрi

Бөлтiрiков - Қазақстан Республикасының
Руслан Ескендiрұлы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi

Бөрiбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Асқар Исмайылұлы вице-министрi

Дәленов - Қазақстан Республикасының
Руслан Ерболатұлы Қаржы вице-министрi

Сәрсенов – Қазақстан Республикасының Көлiк
Сәкен Сейiтжаппарұлы және коммуникация вице-министрi

Ескендiров - Қазақстан Республикасының
Абай Мұқашұлы Экономикалық даму және сауда
вице-министрi

Нұрымбетов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Бiржан Бидайбекұлы халықты әлеуметтiк қорғау
вице-министрi

Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович жағдайлар вице-министрi

Төлеушин - Қазақстан Республикасының
Қаныш Аманбайұлы Индустрия және жаңа технологиялар
вице-министрi

Байжүнiсов – Қазақстан Республикасының
Ерiк Әбенұлы Денсаулық сақтау вице-министрi

Әбдiрәсiлов - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Болатбек Серiкбайұлы ғылым министрлiгiнiң жауапты хатшысы

Айдапкелов - Қазақстан Республикасының
Нұрболат Серғалиұлы Статистика агенттiгiнiң жауапты
хатшысы

Аман - Қазақстан Республикасы Ауыл
Евгений Иосифович шаруашылығы министрлiгiнiң жауапты
хатшысы

Сафинов - Қазақстан Республикасы Мұнай және
Қанатбек Бейсенбекұлы газ министрлiгiнiң жауапты хатшысы

Әмiрин - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Ғұсман Кәрiмұлы қауiпсiздiк комитетi төрағасының
орынбасары (келiсiм бойынша)

Досмұхамбетова – Қазақстан Республикасы Табиғи
Балжан Ибатқызы монополияларды реттеу агенттiгi
төрағасының орынбасары

Тихонюк – Қазақстан Республикасы Құрылыс
Николай Петрович және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық iстерi агенттiгi
төрағасының орынбасары

Громов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Сергей Николаевич министрiнiң орынбасары

Меркель - Қазақстан Республикасы Бас
Иоган Давидович прокурорының бiрiншi орынбасары
(келiсiм бойынша)

Мәтiшев – Қазақстан Республикасы
Әлиақпар Болатұлы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi
төрағасының орынбасары

Тәжияқов Бейсенғали - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Шамғалиұлы Банк төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)

Үкiбаев - Қазақстан Республикасы
Ермек Елеуханұлы Республикалық ұланы
Қолбасшысының бiрiншi
орынбасары (келiсiм бойынша)

Байжанов - Қазақстан Республикасы "Сырбар"
Ғабит Жақыпбайұлы сыртқы барлау қызметi директорының
бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша)

Бәшiмов Марат Советұлы - Еуропалық құқық сараптау
институтының директоры, Қазақстан
Республикасы Президентiнiң
жанындағы Мемлекеттiк басқару
академиясының профессоры,
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң жанындағы Адам
құқықтары жөнiндегi комиссияның
сарапшысы

Бұсұрманов - «Қазақстан Республикасының Заң
Жұмабек Дүйсешұлы шығару институты» мемлекеттiк
мекемесiнiң директоры, заң
ғылымдарының докторы, Заң
ғылымдары академиясының академигi

Вагапов - "Нұр Отан" халықтық демократиялық
Данияр Валерьевич партиясының Орталық аппараты
басшысының орынбасары - заң
басқармасының бастығы
(келiсiм бойынша)

Жиреншин Қазбек Әбусағитұлы - "Қазақ гуманитарлық заң
университетi" акционерлiк қоғамы
конституциялық құқық және
мемлекеттiк басқару кафедрасының
меңгерушiсi, заң ғылымдарының
докторы, профессор (келiсiм
бойынша)

Калюжный Вячеслав Афанасьевич - Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық
орталық басшысы (келiсiм бойынша)

Қуанғанова - Қазақстан кәсiпкерлерi форумы
Гүлнәр Шаймұратқызы атқарушы директорының орынбасары
(келiсiм бойынша)

Мырзахметов – «Атамекен» одағы» Қазақстанның
Абылай Исабекұлы ұлттық экономикалық палатасы»
заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң
Басқарма төрағасы (келiсiм
бойынша)

Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң
2001.04.02
N 430, 2001.09.27 N 1256, 2002.02.20 N 231, 2002.04.03
N 397, 2003.06.10 N 547, 2002.04.03 N 397, 2003.08.12 N 802,
2003.11.25 N
1175, 2004.04.08 N 389, 2004.11.23 N 1227, 2004.12.21
N
1352, 2005.04.28 N 398, 2005.05.23 N 493, 2005.09.22 N 941,
2005.12.30 N
1327, 2006.03.15 N 172, 2006.09.07 N 846, 2007.03.20
N
217, 2007.10.05 N 905, 2008.04.07 N 323, 2008.06.16 N 587,
2008.12.24
N 1248, 2009.05.15. N 728, 2009.10.29 N 1707, 2010.06.23
N 632, 2010.12.27 N 1420, 2011.05.30 N 600, 2011.12.21 N 1575, 2012.03.29 N 369 Қаулыларымен.

2. Қоса берiлiп отырған:
1) Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже;
2) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2003.08.21. N 840 Қаулысымен.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2003.08.21. N 840 Қаулысымен.

3. Ағымдағы және перспективадағы заң жобалау жұмыстары жобаларының орындалуына жалпы бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн.

4. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар әр айдың 25-шi күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Парламентiнде өтуi туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстарының орындалу барысы туралы есептi ұсынсын.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.03.15. N 172 Қаулысымен.

5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың заң жобалау қызметiнiң барысын ай сайын қорытсын, шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстары жоспарларының орындалу барысы туралы ақпаратты дайындасын және есептi айдан кейiнгi айдың бiрi күнiне қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiберсiн;
уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерiн бұзушылықтары туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне жедел хабарласын және анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiндегi шараларды ұсынсын.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.03.15. N 172 Қаулысымен.

6. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Yкiметтiң Парламентке енгiзген заң жобаларының мәтiндерiне заңның тұжырымдамасымен, оның құқықтық мазмұнын өзгертумен байланысты және мемлекеттiк кiрiстердi азайтуды немесе мемлекеттiк шығыстарды ұлғайтуды көздейтiн өзгерiстер мен толықтыруларды Yкiметпен келiспей енгiзудi болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi Регламентiнiң 79-тармағының талаптарын қатаң орындауды қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2002.12.10. N 1300, 2007.03.20. N 217 Қаулыларымен.

7. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Парламенттегi Өкiлдiгi Премьер-Министрдi, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысын Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзетiн заң жобаларының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қызметiне қатысы бар Қазақстан Республикасының Парламентi қарайтын басқа да мәселелердiң өту процесi туралы тұрақты хабардар етсiн.

8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 11 қыркүйектегi
N 1376 қаулысымен
бекiтiлген

Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi
ведомствоаралық комиссия туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

2. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты Республиканың қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды жасаудан тұрады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2002.06.24. N 690 Қаулысымен.

3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссияның мiндеттерi

4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының заң жобалау қызметiн талдау;
Президенттiң тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдауларын, Конституциялық Кеңестiң нормативтiк қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, Үкiмет бекiтетiн мемлекеттiк бағдарламалар мен бағдарламаларды, мемлекеттiк бағдарламаларды, Үкiметтiң шешiмдерiн iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарларын, нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингi нәтижелерiн, сондай-ақ Премьер-Министрдiң шешiмдерiн, заң жобасы республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе кiрiстерiн азайтуды көздеген жағдайда республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалы жоспарларын қалыптастыру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу;
заң жобалау қызметiнiң басым бағыттары туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзу;
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Парламентiнде заң жобаларының әзiрленуi және жүруi процесiнде туындайтын келiспеушiлiктердi реттеу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
мемлекеттiк органның өтiнiшi бойынша мерзiмдердi ауыстыру және тиiстi жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәселелердi қарау;
Үкiметтiң Парламент Мәжiлiсiнен заң жобаларын қайтарып алу мәселелерi бойынша ұсынымдарды алдын-ала әзiрлеу;
Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң жобалары Үкiметке түскен күнiнен бастап 15 күндiк мерзiмде оларды он не өзге бағалау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатымен қарау;
Үкiметтiң мемлекеттiк және өзге де бағдарламаларының, тұжырымдамаларының, iс-шараларының жобалары нормаларын заң жобалаумен қамтамасыз ету бөлiгiнде келiсу;
әзiрлеушiлер дайындаған заң жобаларын жобалар сараптамасын орындау мақсатында Үкiметке берудiң ағымдағы жедел мерзiмдерiн айқындау;
заң кесiмдерiмен реттелiп қойған қатынастар бойынша заң жобаларының тұжырымдамаларын және заң жобаларын әзiрлеу туралы ұсыныстарды алдын ала қарау;
заң жобаларын ғылыми, криминологиялық және өзге де сараптамаға жiберу туралы, сондай-ақ заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми құқықтық сараптамаға жiберу туралы ұсынымдар әзiрлеу.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және оны жүйелеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
заңнаманы кодтау жөнiндегi жұмыстың басым бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына енгiзу;
кодталған және топтастырылған кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2001.09.27 N 1256, 2002.06.24 N 690, 2002.12.10 N 1300, 2003.08.21 N 840, 2007.03.20 N 217, 2009.12.25 N 2206, 2011.12.21 N 1575 Қаулыларымен.

3. Комиссияның негiзгi құқықтары

5. Комиссияның өз мiндеттерiне сәйкес:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-әрекет жасауға;
2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсынымдар жасауға және ұсыныстар енгiзуге;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды мемлекеттiк және басқа да ұйымдардан сұратуға және алуға;
4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар және ұйымдардың өкiлдерiн Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
5) уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сарапшылық және жұмыс топтарын ұйымдастыруға құқылы.

4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

6. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарына төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2006.03.15. N 172 Қаулысымен.

7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсынымдарын әзiрлеудi оның мүшелерi сайлайтын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

8. Комиссия хатшысы:
1) Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар әзiрлейдi, Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды;
2) Комиссия мүшелерiнiң және оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.

9. Комиссияның отырыстары күнтiзбелiк жылғы айдың үшiншi дүйсенбiсiнде, қажет болған кезде, Комиссияның төрағасы белгiлейтiн өзге де күндерде де өткiзiледi.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2006.03.15. N 172, өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.10.29 N 1707 Қаулыларымен.
10. Отырыстың күн тәртiбiн, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссияның Төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келiсiмi бойынша анықтайды және нақтылайды.
10-1. Комиссияның әрбiр отырысына Алматы қаласында орналасқан, олардан уәкiлеттiк берiлген тұлғалар қатысатын мемлекеттiк органдарды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың заң қызметтерiнiң басшылары мiндеттi түрде қатысуы тиiс.
Ескерту. Ереже 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.25 N 2206 Қаулысымен.
11. Комиссияның шешiмi оның мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады, Комиссияға төрағалық етушi мен оның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.03.15. N 172 Қаулысымен.

12. Комиссияның мүшелерi шешiм қабылдау кезiнде тең дауыстарға ие болады. Дауыстар тең түскен жағдайда төрағалық етушi дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.03.15. N 172 Қаулысымен.

13. Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарды Комиссияның атынан Комиссия құрамының кемiнде жартысының ауызша немесе жазбаша келiсiмi бойынша Комиссияның Төрағасы немесе хатшысы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына енгiзедi.

14. Комиссияның құзыретiне қатысты қажеттi материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, жоғары оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар және жоғары бiлiктi мамандар тартылуы мүмкiн.

15. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Комиссияның жұмысшы органы болып табылады.
15-1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне Комиссия отырысында қарау үшiн ұсынылған заң жобаларының тұжырымдамалары дереу барлық Комиссия мүшелерiне және мүдделi мемлекеттiк органдарға жiберiледi.
Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi басшылығының тапсырмаларымен келiп түскен шұғыл мәселелердi қоспағанда, Комиссия мүшелерi және мүдделi мемлекеттiк органдар бiр апта мерзiмде өз ескертулерi мен ұсыныстары болған жағдайда Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне ұсынады.
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Комиссия мүшелерi және мүдделi мемлекеттiк органдардың ескертулерi мен ұсыныстары ескерiле отырып пысықталған заң жобаларының тұжырымдамаларын Комиссия отырысына шығарады. Комиссия мүшелерiнiң, мүдделi мемлекеттiк органдардың ескертулерi мен ұсыныстарымен тұжырымдаманы әзiрлеушi орган келiспеген жағдайда, тиiстi ескертулер мен ұсыныстар Комиссия отырысында талқылауға жатады.
Комиссия мүшелерiне материалдарды жiберу Комиссия отырысы басталғанға дейiн күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тарау 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.21 N 1575 Қаулыларымен.

16. Комиссияның отырысы, егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, заңды деп саналады. Комиссия мүшелерiнiң отырысқа қатысу жөнiндегi өз өкiлеттiктерiн басқа адамдарға беруге құқығы жоқ.
Ескерту. 4-тарау 16-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2006.03.15. N 172 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 11 қыркүйектегi
N 1376 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесi

Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2003.08.21. N 840 Қаулысымен.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina