Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 31 қаңтар N 544
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 және 2000 жылғы 4 ақпандағы N 331 Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы Қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 U990029_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат): жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада: "Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараты" деген жолдағы "241" деген сан "292" деген санмен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі 76" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі 31"; "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясы 33" деген жол алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 4 ақпандағы N 331 U000331_ Жарлығына: 1-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Мамандар: Қасымбеков Б.А. Багарова Ж.А.
|