ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 8 ақпандағы N 55 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде 2008 жылғы 18 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5139 болып енгізілді.

Өзін-өзі қорғау қаруларының, өзін-өзі қорғау қаруына жарақат салатын, газбен және сәулемен, дыбыспен әсер ететiн патрондардың зақымдағыш факторларының адамға әсер етуiнiң рұқсат етiлетiн нормаларын бекіту туралы

Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

"Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 1) тармақшасына сәйкес және "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысының 5-тармағын іске асыру мақсатында БЎЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:
1) жарақат салатын патрондары бар атылатын тегіс ұзын ұңғылы өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары;
2) жарақат салатын, газбен және сәулемен, дыбыспен әсер ететiн патрондары бар атылатын ұңғысыз өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары;
3) газды өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары;
4) электрлік өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары;
5) жарақат салатын патрондары бар өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары;
6) газбен әсер ететін патрондары бар өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары;
7) сәулемен, дыбыспен әсер ететін патрондары бар өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары бекітілсін.

2. Емдеу-алдын алу ісі департаменті (Исмаилов Ж.Қ.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Јділет министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Ўйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мұхамеджанов Ж.М.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр

"Келісілген"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2008 жылғы 8 ақпан

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 8 ақпандағы N 55
бұйрығымен бекітілген

Жарақат салатын патрондары бар атылатын тегіс ұзын
ұңғылы өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу
факторларының адамға әсер етуінің рұқсат
етілген нормалары

Ўңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта жарақат салатын патрондары бар атылатын тегіс ұзын ұңғылы өзін-өзі қорғау қаруынан ату адам денсаулығына орта және ауыр дәрежеде зиян келтірмеуі тиіс.
Ўңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта жарақат салатын патрондары бар атылатын тегіс ұзын ұңғылы өзін-өзі қорғау қаруынан ату адамның кемінде 30 минутқа белсенді әрекетке қабілетін жоғалтуы тиіс.
Мыналарға:
1) бір метрден аз қашықтықта атуға;
2) айқын мүгедектік белгілері бар адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға атуға;
3) жарақат салатын патрондармен бас пен мойынға көздеп атуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 8 ақпандағы N 55
бұйрығымен бекітілген

Жарақат салатын, газбен және сәулемен, дыбыспен
әсер ететiн патрондары бар атылатын ұңғысыз
өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының
адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары

Ўңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта жарақат салатын, газбен және сәулемен, дыбыспен әсер ететiн патрондары бар атылатын ұңғысыз қарудан ату адам денсаулығына орта және ауыр дәрежеде зиян келтірмеуі тиіс.
Ўңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта жарақат салатын, газбен және сәулемен, дыбыспен әсер ететiн патрондары бар атылатын ұңғысыз қарудан ату адамның кемінде 30 минутқа белсенді әрекетке қабілетін жоғалтуы тиіс.
Ўңғының ауыз кесігінің артынан 0,5 метрден аса қашықтықта газды әсер ететін патрондары бар атылатын ұңғысыз қарудан ату жас ағызғыш тітіркендіру заттары әсерінің есебінен бағытты зақымдауға әкелмеуі тиіс.
Ўңғының ауыз кесігінің артынан 0,5 метрден аса қашықтықта сәулемен, дыбыспен әсер ететін патрондары бар атылатын ұңғысыз қарудан ату жарықты сәулелендіру мен акустикалық қысымның есебінен бағытты зақымдауға әкелмеуі тиіс.
Мыналарға:
1) бір метрден аз қашықтықта атуға;
2) айқын мүгедектік белгілері бар адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға атуға;
3) жарақат салатын патрондармен бас пен мойынға көздеп атуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 8 ақпандағы N 55
бұйрығымен бекітілген

Газды өзін-өзі қорғау қаруының жарақат салу факторларының
адамға әсер етуінің рұқсат етілген нормалары

Ўңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта жарақат салатын, газбен және сәулемен, дыбыспен әсер ететiн патрондары бар газды қарудан ату адам денсаулығына орта және ауыр дәрежеде зиян келтірмеуі тиіс.
Ўңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта Жарақат салатын, газбен және сәулемен, дыбыспен әсер ететiн патрондары бар газды қарудан ату адамның кемінде 30 минутқа белсенді әрекетке қабілетін жоғалтуы тиіс.
Ўңғының ауыз кесігінің артынан 0,5 метрден аса қашықтықта газбен әсер ететін патрондары бар газды қарудан ату жас ағызғыш тітіркендіру заттары әсерінің есебінен бағытты зақымдауға әкелмеуі тиіс.
Ўңғының ауыз кесігінің артынан 0,5 метрден аса қашықтықта сәулемен, дыбыспен әсер ететін патрондары бар газды қарудан ату жарықты сәулелендіру мен акустикалық қысымның есебінен бағытты зақымдауға әкелмеуі тиіс.
0,5 метрден аса қашықтықта жас ағызғыш тітіркендіру заттарымен қамтылған механикалық бүріккіштерді, аэрозолдар мен басқа да керек-жарақтарды қолдану адамға орта және ауыр дәрежедегі дене зақымын келтірмеуі тиіс.
0,5 метрден аса қашықтықта жас ағызғыш тітіркендіру заттарымен қамтылған механикалық бүріккіштерді, аэрозолдар мен басқа да керек-жарақтарды қолдану адамның кемінде 30 минутқа белсенді әрекетке қабілетін жоғалтуы тиіс.
Мыналарға:
1) бір метрден аз қашықтықта газды қарудан атуға;
2) айқын мүгедектік белгілері бар адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға газды қарудан атуға;
3) газды қарудан жарақат салатын патрондармен бас пен мойынға көздеп атуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 8 ақпандағы N 55
бұйрығымен бекітілген

Электрлік өзін-өзі қорғау қаруының адамға зақым келтіру
факторларының рұқсат етілген әсер ету нормалары

Электрлік қару мен электр қуатын пайдалануға негізделген жарақаттайтын әсері бар өзге де заттарды қолдану электрлік разряд әсерінің есебінен адам денсаулығына орта және ауыр дәрежедегі зиян келтірмеуі тиіс.
Электрлік қару мен электр қуатын пайдалануға негізделген жарақаттайтын әсері бар өзге де заттарды қолдану адамға орта және ауыр дәрежедегі дене зақымын келтірмеуі тиіс.
Электрлік қару мен электр қуатын пайдалануға негізделген жарақаттайтын әсері бар өзге де заттарды қолдану адамның кемінде 30 минутқа белсенді әрекетке қабілетін жоғалтуы тиіс.
Бір рет әсер ету кезінде организмдегі өзгерістердің шекті рұқсат етілген деңгейі:
1) естен танбай (электрлік зақым келтірудің бірінші дәрежесі) бұлшық еттердің тырысып жиырылуы;
2) қимылдық белсенділіктің кемінде 15 минут бойы қысқаруы;
3) кемінде 30 минут бойы ритмі бұзылмай жүрек жиырылуы жиілігінің өзгеруі;
4) кемінде 30 минут бойы демалу жиілігінің өзгеруі;
5) электродтар байланысы аясындағы тері жабындарының орташа айқын зақымдар.
Мыналарға:
1) айқын мүгедектік белгілері бар адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға қолдануға тыйым салынады;
2) электрлік қаруды қолдану кезінде жүрек, бас және сәулелік тораптар аясында электродтардың байланысынан аулақ болған жөн.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 8 ақпандағы N 55
бұйрығымен бекітілген

Жарақат салатын өзін-өзі қорғау қаруының жарақат
салу факторларының адамға әсер етуінің (соққы-ауырсыну
түріндегі әсер ету) рұқсат етілген нормалары

Ўңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта эталонды өзін-өзі қорғау қаруынан ату кезінде жарақат салатын патрондардың соққы беру-ауырсыну әсерінің есебінен адам денсаулығына орта және ауыр дәрежедегі зиян келтірмеуі тиіс.
Ўңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта эталонды өзін-өзі қорғау қаруынан ату кезінде жарақат салатын патрондардың адамға орта және ауыр дәрежедегі дене зақымын келтірмеуі тиіс.
Ўңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта эталонды өзін-өзі қорғау қаруынан ату кезінде адамның кемінде 30 минутқа белсенді әрекетке қабілетін жоғалтуы тиіс.
Мыналарға:
1) бір метрден аз қашықтықта кез-келген қарудың түрінен жарақаттайтын патрондармен атуға;
2) айқын мүгедектік белгілері бар адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға кез-келген қарудың түрінен жарақаттайтын патрондармен атуға;
3) жарақат салатын патрондармен бас пен мойынға көздеп атуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 8 ақпандағы N 55
бұйрығымен бекітілген

Газбен әсер ететін патрондары бар (жас ағызғыш
тітіркендіру әсері бар түрі) өзін-өзі қорғау қаруының
жарақат салу факторларының адамға әсер етуінің рұқсат
етілген нормалары

Ўңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта эталонды өзін-өзі қорғау қаруынан ату кезінде газбен әсер ететін патрондар жас ағызғыш тітіркендіру әсерінің есебінен адам денсаулығына орта және ауыр дәрежедегі зиян келтірмеуі тиіс.
Ўңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта эталонды өзін-өзі қорғау қаруынан ату кезінде газбен әсері бар патрондар адамға орта және ауыр дәрежедегі дене зақымын келтірмеуі тиіс.
Ўңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта эталонды өзін-өзі қорғау қаруынан ату кезінде газбен әсер ететін патрондар адамның кемінде 30 минутқа белсенді әрекетке қабілетін жоғалтуы тиіс.
Ўңғының ауыз кесігінің артынан 0,5 метрден аса қашықтықта газбен әсер ететін патрондары бар газды қарудан ату жас ағызғыш тітіркендіру әсерінің есебінен бағытты зақымдауға әкелмеуі тиіс.
Мыналарға:
1) бір метрден аз қашықтықта кез-келген қарудан газды әсері бар патрондармен атуға;
2) айқын мүгедектік белгілері бар адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға кез-келген қарудан газбен әсер ететін патрондармен атуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 8 ақпандағы N 55
бұйрығымен бекітілген

Сәулемен, дыбыспен әсер ететін патрондары бар өзін-өзі
қорғау қаруының жарақат салу факторларының адамға әсер
етуінің рұқсат етілген нормалары

Ўңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта эталонды өзін-өзі қорғау қаруынан ату кезінде сәулемен, дыбыспен әсер ететін патрондар жарық сәулелену мен акустикалық қысым әсерінің есебінен адам денсаулығына орта және ауыр дәрежедегі зиян келтірмеуі тиіс.
Ўңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта эталонды өзін-өзі қорғау қаруынан ату кезінде сәулемен, дыбыспен әсер ететін патрондар адамға орта және ауыр дәрежедегі дене зақымын келтірмеуі тиіс.
Ўңғының ауыз кесігінен бір метр және одан аса қашықтықта эталонды өзін-өзі қорғау қаруынан ату кезінде сәулемен, дыбыспен әсер ететін патрондар адамның кемінде 30 минутқа белсенді әрекетке қабілетін жоғалтуы тиіс.
Ўңғының ауыз кесігінің артынан 0,5 метрден аса қашықтықта сәулемен, дыбыспен әсер ететін патрондары бар қарудан ату жарық сәулелену мен акустикалық қысым әсерінің есебінен бағытты зақымдауға әкелмеуі тиіс.
Мыналарға:
1) бір метрден аз қашықтықта кез-келген қарудан сәулемен, дыбыспен әсері бар патрондармен атуға;
2) айқын мүгедектік белгілері бар адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға кез-келген қарудан сәулемен, дыбыспен әсер ететін патрондармен атуға тыйым салынады.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina