ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Ақпарттандыру және...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Ақпарттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2008 жылғы 18 қаңтардағы N 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде 2008 жылғы 5 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5127 болып енгізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

"Јкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында БЎЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.

2. Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі аумақтық басқармалар осы бұйрықпен танысуды ұйымдастырып және оның сөзсіз орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (Ј.Е. Баймұратов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Јділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуіне жолдасын және мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары А.Д. Бишиғаевқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі төрағасының
2008 жылғы 18 қаңтардағы
N 2 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік қызмет көрсету
СТАНДАРТЫ
"Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті
құрылғыларды тіркеу"

1. Жалпы ережелер

1. Бұл стандарт ақпараттандыру және байланыс жөніндегі аумақтық басқармаларға радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру тәртібін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) белгілейді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының "Байланыс туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитет төрағасының 2003 жылғы 11 наурыздағы N 13-п бұйрығымен (бұдан әрі - бұйрық) бекітілген Байланыс саласындағы рұқсат құжаттарын ресімдеу және радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу ережесі негізінде жүзеге асырылады, N 2234 мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық акті реестрінде тіркелінген.

3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің ақпараттандыру және байланыс жөніндегі аумақтық басқармалары - құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық басқармалары) мемлекеттік қызмет көрсетеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру болып табылады.

5. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына, мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға (бұдан әрі - өтініш берушілер) мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

6. Аумақтық басқарма өтініш берушінің құжаттарын алғаннан кейін үш жұмыс күннің ішінде оның құжаттарын қарайды.

7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 қаулысымен бекітілген радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде ұсынылады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің веб-сайтында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және аумақтық басқармалардың бөлмелерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

9. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тұтынушылар радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды (бұдан әрі - РЭҚ (ЖЖҚ)) пайдалану орны бойынша тиісті аумақтық басқармаға:
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
2) радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың тиісті түріне арналған сауалнаманы көрсетеді.

10. Аумақтық басқарма РЭҚ-қа (ЖЖҚ) арналған сауалнамаларды толтырудың жинақылығы мен дұрыстығын тексереді.

11. РЭҚ-қа (ЖЖҚ) арналған сауалнамаларды толтыру жинақты немесе дұрыс болмағанда аумақтық басқарма тіркеуден бас тартады. Құжаттарды қайта тапсырған жағдайда, оларды қарау мерзімі жаңартылады.

12. Тіркеу рәсім аяқталғаннан кейін аумақтық басқарма белгіленген нысандағы РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін дайындайды және белгіленген нысандағы РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеудің журналын толтырады.

13. РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік өтініш беруші РЭҚ пен ЖЖҚ мемлекеттік тіркеуі үшін ақы төлегенін растайтын құжатын көрсеткеннен кейін беріледі.

3. Жұмыстың қағидаттары

15. Аумақтық басқармалар қызметі адамның конституциялық құқығын сақтауға, жүктелген қызметтерін атқару кезіндегі заңдылыққа негізделеді және әдептілік, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және жасырындылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

16. Аумақтық басқармалар жұмысының нәтижелері осы стандартқа қоса беріліп отырған 1-қосымшаға сәйкес сапа мен қол жеткізу көрсеткіштерімен өлшенеді.

5. Шағымдану тәртібі

17. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасы бойынша наразылық болған жағдайда Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі басшыларының, аумақтық басқармалар бастығының атына шағым беріледі.

18. Шағымдар жазбаша түрде пошта не Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, аумақтық басқармалардың кеңсесі арқылы тікелей жұмыс күндері қабылданады.

19. Қабылданған шағым аумақтық басқармалардың кіріс хат-хабарлар есебі журналында немесе Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеледі және бір ай мерзім ішінде қаралады.

20. Шағымды қарау нәтижелері шағым берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

6. Байланысу ақпараты

21. Аумақтық басқарманың жұмыс және бастығының қабылдау кестесі аумақтық басқармасының жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Аумақтық басқармасының байланыс телефондары және мекенжайы Қазақстан Республикасы Ақпарттандыру және байланыс агенттігінің веб-сайтында орналастырылған (2-қосымша).

22. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жағалау, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, тел: 8 (7172) 74-09-09, факс: 8 (7172) 502-888.

Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 1 қосымша
"Радиоэлектронды құралдар
мен жоғары жиілікті
құрылғыларды тіркеу"

Сапа мен қолжетімділік көрсеткішінің мәні

Сапа мен қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсет-
кіштің
нормативті
мәні

Өткен
жылғы
көрсет-
кіштің
мақсатты
мәні

Есепті
жылғы
көрсет-
кіштер
мақсатты
мәні

1

2

3

4

1 Уақытылығы

1.1. % (үлес) құжаттарды тапсырған
кезеңнен бастап қызмет көрсетудің
уақытылық жағдайы

99

99

99

2. Сапа

2.1. % (үлес) қызмет көрсету сапасы
үдерісіне қанағаттанған тұтынушылар

85

85

85

2.2. % (үлес) лауазымды адам рәсім-
деген құжаттар үдерісі (атқарылған
есептеу, есептесулер және т.б.)

100

100

100

3. Қол жетімділік

3.1. % (үлес) қызмет көрсету жүйе-
сінде сапа және ақпаратқа қанағат-
танған тұтынушылар

85

85

85

3.2. % (үлес) алғаш рет құжат тап-
сырғандағы тұтынушылардың құжаттар-
ды дұрыс толтыру үдерісі

70

70

70

4. Шағым беру үрдісі

4.1. % (үлес) осы қызмет түріне қызмет көрсетілген тұтынушылар саны-
ның негізді шағымдарының үдерісі

15

15

15

4.2. % (үлес) белгіленген уақытында
қаралған және қанағаттандырылған
негізді шағымдар үдерісі

100

100

100

4.3. % (үлес) тұтынушылардың бар
тәртіппен шағымданғандарының қана-
ғаттанғандары

60

60

60

4.4. % (үлес) тұтынушылардың, шағым-
дарды қарау мезгіліне қанағаттанған-
дары

60

60

60

5. Сыпайылық

5.1. % (үлес) тұтынушылардың, қызмет
көрсетушілердің сыпайылығына қана-
ғаттанғандары

75

75

75

Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 2 қосымша
"Радиоэлектронды құралдар
мен жоғары жиілікті
құрылғыларды тіркеу"

N
р/н

Басқарма атаулары

Заңды мекен-жайы

Байланыс телефондары

1.

Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша
Ақпараттандыру және
байланыс басқармасы

010000, Астана қ.
Республика
даңғылы, 13

8(7172)
216936

2.

Алматы қаласы және
Алматы облысы бойынша
Ақпараттандыру және
байланыс басқармасы

050000, Алматы қ.
Жұмалиев, 108
каб. 410

8(3272)
680880, 681010 факс, 709268

3.

Ақтөбе облысы бойынша
Ақпараттандыру және
байланыс басқармасы

030000, Ақтөбе қ.
Јбілхайырхан
даңғылы, 62

8(7132)
520340,
факс: 520372

4.

Атырау облысы бойынша
Ақпараттандыру және
байланыс басқармасы

060000, Атырау қ.
Пушкин көшесі
201 бөлме 221

8(7122) 270024 ф,
271615

5.

Қарағанды облысы
бойынша Ақпараттандыру
және байланыс басқармасы

100000,
Қарағанды қ.
Ермеков көшесі
73/А оф. 302

8(7212)
437010 ф,
437024

6.

Павлодар облысы
бойынша Ақпараттандыру
және байланыс
басқармасы

140000,
Павлодар қаласы,
Ак.Сәтпаев көшесі,
50

8(7182)
323549,
327280 ф.
540338

7.

Қостанай облысы
бойынша Ақпараттандыру
және байланыс басқармасы

110000, Қостанай қал., Темірбаев
көшесі, 14, 58-59
пәтер

8(7142) 535185 ф, 535074, 503026

8.

Қызылорда облысы
бойынша Ақпараттандыру
және байланыс басқар-
масы

120000,
Қызылорда қаласы,
Қазантаев көшесі, 8 үй, 3 пәтер

8(72422)
70953 ф,
78853 ф,
77548

9.

Жамбыл облысы бойынша
Ақпараттандыру және
байланыс басқармасы

080000, Тараз қ.
Қазыбек би
көшесі, 138

8(7262) 450960 ф
434224

10.

Маңғыстау облысы
бойынша Ақпараттандыру
және байланыс басқар-
масы

130000, Ақтау қ.
9 мөлтек ауд. 18
үй, 91-92 пәтер

8(7292) 313344,
429911 ф.

11.

Батыс-Қазақстан облысы
бойынша Ақпараттандыру
және байланыс басқар-
масы

090000, Орал қал.
Дзержинск көшесі,
100, 4-қабат 4 каб.

8(7112) 503877 ф,
244974, 513865

12.

Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша
Ақпараттандыру және
байланыс басқармасы

160000,
Шымкент қ.
Тәукехан даңғылы,
35

8(7252)
510100,
534952, 211391

13.

Солтүстік-Қазақстан
облысы бойынша
Ақпараттандыру және
байланыс басқармасы

150000, Петропавл қ., Интернационал
көшесі, 55

8(7152) 490080 ф,
461194

14.

Шығыс-Қазақстан облысы
бойынша Ақпараттандыру
және байланыс басқар-
масы

070000, Өскемен қ. Карл Либкнехт көшесі, 19

8(7232) 269105,
252784 ф.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina