Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 3 желтоқсандағы N 602 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде 2007 жылғы 24 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5055 болып енгізілді.
Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы Қолданушылардың назарына!!! Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес БЎЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі; 2) Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру ережесі бекітілсін. 2. Мынадай: 1) "Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 қарашадағы N 945 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3269); 2) "Экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 11 сәуірдегі N 229 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3620); 3) "Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 қарашадағы N 945 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 446 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4386 тіркелген) күші жойылсын. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Министр Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 3 желтоқсандағы N 602 бұйрығымен бекітілген Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі Код Мамандықтардың топтары және мамандықтардың атауы Оқытудың сырттай нысанында жоғары білім беру мамандықтары (бакалавриат) 1. Өнер 050406 Режиссура 050407 Актерлық өнер 050408 Эстрадалық өнер 050409 Хореография 050410 Сценография 050411 Композиция 050412 Операторлық өнер 050413 Сурет салу 050414 Графика 050415 Мүсіндеу 050416 Өнертану 050417 Декоративтік 050421 Дизайн 2. Техникалық ғылымдар және технологиялар 050718 Электр энергетикасы (жалпы орта білім беру базасында) 050719 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар (жалпы орта білім беру базасында) 050732 Стандарттау, сертификаттау және метрология (жалпы орта білім беру базасында) 3. Ауыл шаруашылығы ғылымдары 050806 Агроинженерия 4. Қызмет көрсету 050903 Жерге орналастыру 050907 Кадастр 5. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) 051101 Мейіркештік іс 051102 Қоғамдық денсаулық сақтау 051103 Фармация 051301 Жалпы медицина 051302 Стоматология 6. Ветеринария 051201 Ветеринарлық медицина 051202 Ветеринарлық санитария Оқытудың кешкі нысанында жоғары білім беру мамандықтары (бакалавриат) 1. Өнер 050402 Аспаптық орындау 050403 Вокалдық орындау 050405 Дирижерлеу 050406 Режиссура 050407 Актерлық өнер 050408 Эстрадалық өнер 050409 Хореография 050410 Сценография 050411 Композиция 050412 Операторлық өнер 050413 Сурет салу 050414 Графика 050415 Мүсіндеу 050416 Өнертану 050417 Декоративтік өнер 050421 Дизайн 2. Техникалық ғылымдар және технологиялар 050718 Электр энергетикасы (жалпы орта білім беру базасында) 050719 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар (жалпы орта білім беру) 050732 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар (жалпы орта білім беру) 050732 Стандарттау, сертификаттау және метрология (жалпы орта білім беру базасында) 3. Ауыл шаруашылығы ғылымдары 050806 Агроинженерия 4. Қызмет көрсету 050903 Жерге орналастыру 050907 Кадастр 5. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) 051101 Мейіркештік іс 051102 Қоғамдық денсаулық сақтау 051103 Фармация 051301 Жалпы медицина 051302 Стоматология 6. Ветеринария 051201 Ветеринарлық медицина 051202 Ветеринарлық санитария Оқытудың экстернат нысанында жоғары білім беру мамандықтары (бакалавриат) 1. Білім 050105 Дефектология 050106 Музыкалық білім 050109 Математика 050110 Физика 050111 Информатика 050112 Химия 050113 Биология 050116 География 050119 Шет тілі: екі шет тілі 2. Гуманитарлық ғылымдар 050208 Археология және этнология 3. Өнер 050402 Аспаптық орындау 050403 Вокалдық өнер 050405 Дирижерлеу 050406 Режиссура 050407 Актерлық өнер 050408 Эстрадалық өнер 050409 Хореография 050410 Сценография 050411 050412 050413 Композиция Операторлық өнер Сурет салу 050414 Графика 050415 Мүсіндеу 050416 Өнертану 050417 Декоративтік өнер 050420 Сәулет 050421 Дизайн 050422 Баспа ісі 4. Жаратылыстану ғылымдары 050601 Математика 050603 Механика 050604 Физика 050605 Ядерлық физика 050606 Химия 050607 Биология 050608 Экология 050609 География 050610 Гидрометеорология 050611 Астрономия 5. Техникалық ғылымдар және технологиялар 050701 Биотехнология 050702 Автоматтандыру және басқару 050704 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 050706 Математика және компьютерлік моделдеу 050707 Тау-кен ісі 050708 Мұнай-газ ісі 050709 Металлургия 050710 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы 050711 Геодезия және картография 050712 Машина құрастыру 050713 Көлік, көлік техникасы және технологиясы 050714 Авиациялық техника және технологиялар 050715 Теңіз техникасы мен технологиясы 050716 Приборлар жасау 050717 Жылу энергетикасы 050718 Электр энергетикасы (жалпы орта білім беру базасында) 050719 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар (жалпы орта білім беру базасында) 050720 Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы 050721 Органикалық заттардың химиялық технологиясы 050722 Полиграфия 050723 Техникалық физика 050724 Техникалық машиналар және жабдықтар 050725 Ағаш өңдеу технологиясы 050726 Жеңіл және тоқу өнеркәсібі тауарлары мен заттары технологиясы 050727 Тағамдық заттар технологиясы 050728 Өңдеу өндірістері технологиясы 050729 Құрылыс 050730 Құрылыс материалдарын, заттарын және конструкцияла- рын өндіру 050731 Қоршаған ортаны қорғау және өмір сүру қауіпсіздігі 050732 Стандарттау, сертификаттау және метрология (жалпы орта білім беру базасында) 6. Ауыл шаруашылығы ғылымдары 050801 Агрономия 050802 Зоотехния 050804 Балық шаруашылығы 050806 Агроинженерия 050807 Орман шаруашылық ісі 050808 Топырақтану және агрохимия 7. Қызмет көрсету 050903 Жерге орналастыру 050907 Кадастр 8. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) 051101 Мейіркештік іс 051102 Қоғамдық денсаулық сақтау 051103 Фармация 051301 Жалпы медицина 051302 Стоматология 9. Ветеринария 051201 Ветеринарлық медицина 051202 Ветеринарлық санитария Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 3 желтоқсандағы N 602 бұйрығымен бекітілген
Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру ережесі 1. Осы Ереже жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Ереже). 2. Экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі. 3. Экстернат нысанында оқуға мүмкіндігі шектеулі білім алушылар, денсаулық жағдайына байланысты ұзақ мерзім бойы білім беру ұйымдарына бара алмайтын мүгедектер қабылданады. Сонымен қатар білім беру ұйымының мынадай білім алушылары алдыңғы оқу кезеңіндегі үлгерімі "жақсы" немесе "өте жақсы" деген бағадан төмен болмаған жағдайда экстернат нысанында оқуға ауысуы мүмкін: 1) шетелде оқитын күндізгі нысандағы білім алушылар бір жылдық мерзімге дейін, Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" стипендиясының иегерлерінен басқалар; 2) ұзақ қызметтік іссапарда жүрген сырттай оқитын білім алушылар бір жылдық мерзімге дейін; 3) ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар мен конкурстардың қатысушылары мен жеңімпаздары. 4. Экстернат нысанында жоғары білiм алуға тiлек бiлдiрген бiлiм алушылар білiм беру ұйымы басшысының атына өтініш бередi. Кәмелетке толмағандар - ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша. 5. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылар және мүгедектер экстернат нысанында оқуға қабылданған кезде өтінішіне қоса тиісті дәрігерлік-консультациялық комиссияның тұжырымын береді. 6. Шетелде оқу оқитын күндізгі нысандағы білім алушылар, экстернат нысанында оқуға ауысқанда, өтінішіне қоса шетелге іссапарға жіберілгені туралы бұйрықтың көшірмесін және жұмыс істейтін орнынан қолдау хат береді. 7. Ўзақ қызметтік іссапарда жүрген сырттай оқитын білім алушылар, экстернат нысанында оқуға ауысқанда, өтінішіне қоса іссапар туралы бұйрығының көшірмесі мен жұмыс істейтін орнынан қолдау хат береді. 8. Кейбір білім алушылар, экстернат нысанында оқуға құрылымдық бөлімшелер басшысының берген дәлелді қорытындысы бойынша ғана ауыса алады. Ол үшін білім алушының барлық оқу мерзіміндегі үлгерімі "жақсы" және "өте жақсы" деген бағадан төмен болмауы тиіс. 9. Білiм алушының (ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің) экстернат нысанында оқуға қабылдануы немесе ауысуы туралы өтініші он күндік мерзімде бiлiм беру ұйымның ғылыми кеңесiнiң отырысында қаралады. Қарау қорытындылары бойынша тиісті шешім қабылданады. Мәселе дұрыс шешілген жағдайда, білім алушының экстернат нысанында оқуға қабылдануы немесе ауысуы туралы құжаттары білім алушының жеке өтініші немесе ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші, анықтамалары және уәждемелік растайтын құжаттар, білім беру ұйымының мөрмен расталған кеңесінің шешімі білім беру саласындағы үәкілетті органға жіберіледі. Білім беру саласындағы уәкілетті орган білім алушылардың құжаттарын екі апта мерзімде қарайды. Қараудың қорытындылары бойынша білім алушыға экстернат нысанында оқуға рұқсат беру немесе бермеу туралы шешім қабылданады. Экстернат нысанында оқуға білім алушыға келісім бермеудің негізі осы Ереженің 3 тармағында көрсетілген талаптардың орындалмауы болып табылады. Білім беру саласындағы уәкілетті органнан білім алушыны экстернат нысанында оқуға ауыстыруға рұқсат алынғаннан кейін, білім беру ұйымының басшысы тиісті бұйрық шығарады.
|