Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 21 қарашадағы N 565 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде 2007 жылғы 3 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5025 болып енгізілді.
Білім туралы құжаттарды ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қолданушылардың назарына!!! Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында БЎЙЫРАМЫН: 1. Білім туралы құжаттарды ресімдеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқаулық). 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Јділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Министрдің міндетін атқарушы
|