ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Приказы

  Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 2 тамыздағы N 244-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде 2007 жылғы 27 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4897 болып енгізілді.

Јр түрлі сыныпты полигондарда орналастырылатын қалдықтар тізімдемесін бекіту туралы

Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

Қазақстан Республикасының 9 қаңтар 2007 жылғы Экологиялық Кодекстің 17-бабы 25) тармақшасына сәйкес БЎЙЫРАМЫН:
Осы тіркелген Јр түрлі сыныпты полигондарда орналастырылатын қалдықтар тізімдемесі бекітілсін.

2. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған соң, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің м.а.

Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 2 тамыздағы N 244-Ө
бұйрығымен бекітілді

Јртүрлі сыныпты полигондарда орналастыруға арналған
қалдықтар тізімдемесі

Осы қалдықтар тізімдемелері Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 299-бабына сәйкес жасақталған және әртүрлі сыныпты полигондарда орналастыруға арналған қалдықтарды айқындайды.

1. Жалпы ережелер

1. Құрамы мен қасиетіне байланысты қалдықтар келесі сыныпты полигондарда орналастырыла алады:
1) 1-сынып - қауіпті қалдықтарды орналастыруға арналған полигон;
2) 2-сынып - қауіпті емес қалдықтарды орналастыруға арналған полигон;
3) 3-сынып - инертті қалдықтар орналастыруға арналған полигон.

2. Қауіпті қалдықтарды қауіпті емес және инертті қалдықтардың полигондарына орналастыруға тиым салынады.

3. Қалдықтарды белгілі бір сыныпты полигонда қабылдау өлшемдері:
1) қоршаған ортаны (әсіресе жер асты және жер беті суларын) және халықтың денсаулығын қорғау;
2) қалдықтарды полигон шегінде қалыпты жағдайға келтіру процестерін қамтамасыз ету;
3) қабылданатын қалдықтардың сапалы құрамы;
4) қабылданатын қалдықтар санына және олардың органикалық компоненттерінің биологиялық бұзылу икемділігіне қойылатын талаптар мен шектеулер;
5) аса қауіпті компоненттердің санына қорғаныс өлшемдеріне сәйкес қойылатын шектеулер;
6) қалдықтар мен құралатын сүзінділердің экоуыттылық қасиеттері.

4. Қалдықты белгілі тізімге жатқызу табиғат пайдаланушымен дербес немесе қоршаған ортаны қорғау саласында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындауға лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып, жүргізіледі.

5. Полигондарда мынадай қалдықтарды көмуге қабылдауға тиым салынады:
1) сұйық қалдықтарды;
2) полигон жағдайында жарылатын, коррозиялы, тұзданатын, өрт қаупі жоғары немесе өрт қаупі бар қауіпті қалдықтарды;
3) сумен реакцияға түсетін қалдықтарды;
4) медициналық немесе ветеринариялық мекемелердің жұқпалы болып табылатын қалдықтарын;
5) тұтас пайдаланылған шиналарды, оларды рекультивациялау кезінде қалыптастырушы материал ретінде қолдануды қоспағанда;
6) жойылмайтын органикалық ластаушыларды құрайтын қалдықтарды;
7) пестицидтерді;
8) қабылдау өлшемдерін қанағаттандырмайтын қалдықтарды.

2. 1-сыныпты полигондарда орналастырылатын қалдықтар (қауіпті қалдықтар орналастырылатын полигондар)

6. 1-сыныпты полигондарда құрамында өздігінен немесе басқа заттармен байланысқа түскенде қоршаған орта мен адам денсаулығына тікелей немесе ықтимал қауіп төндіруші, қауіпті қасиеттерге ие зиянды заттары бар қауіпті заттарды орналастырады. Аталған қалдықтар олардың қауіптілік деңгейіне сәйкес қалдықтардың Қызыл, Янтарь немесе Жасыл тізімдеріне жатады.

7. Қауіпті қалдықтардың тізімін құру 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жүргізіледі. 1-қосымшада тізімделген қалдықтар 2-қосымшада тізімделген компоненттердің және 3-қосымшада берілген қасиеттердің кем дегенде біріне ие болуы тиіс.

8. 1-сыныпты полигонда орналастырылуы мүмкін аса көп таратылған уытты қалдықтар (іріктеме)

N
р/т

Қалдық және ол түзілетін өндіріс атауы

Сыртқы түрі және консистенция

Аса уытты компоненттері

1

2

3

4

1

Шайыркеспелтек - перхлоркөміртек
өндірісінің қалдығы

Паста тәріздес

Гексахлорбензол

2

Химикометаллургиялық
өндірістегі торий
концентратның қалдығы

Қатты

Торий

3

Хлорорганикалық қыш-
қылдар өндірісіндегі
4X3-57 кеуекфорлар
құрамдас қалдық

Қатты

Хлорорганикалық
қосылыстар

4

Гальваникалық өндір-
істегі құрамында бестіккүкіртті фос-
форы бар шаң

Қатты

Бестіккүкіртті фосфор

5

Каустикалық сода өн-
дірісіндегі графит-
тегі сынап қалдығы

Қатты

Сынап

6

Гранозан өндірісін-
дегі белсендірілген
көмірдегі сынап

Қатты

Сынап

7

Поливинилхлоридті
үлдір мен пластикат-
тар өндірісіндегі
қорғасын, сурьма,
кадмий қосылыстары-
ның қоспасы

Қатты

Қорғасын, сурьма,
кадмий қосылыстары

8

Арнайы газ қоспалары
өндірісіндегі арсин
мен фосфин қоспасы
бар сорбент

Қатты

Арсин, фосфин

9

Шамдарды өңдеуден
қалған шыны

Қатты

Сынап

10

Коксохимиялық өндір-
істегі таскөмір
реустері

Қатты

Бенз(а)пирен

11

Торирленген воль-
фрамамнан жасалған
бұйымдар өндірісін-
дегі құрамында торий
бар қоқыр

Қатты

Торий

12

Күкірт қышқылды
өндірістегі селен-
сынапты қоқыр

Қатты

Сынап, селен

13

Никелдеу процесінде
түзілетін қоқыр

Паста

Никель

14

Мұнай-химия өндіріс-
індегі қышқыл гудрон

Шайыр тәріз-
дес масса

Күкірт қышқылы,
мұнай өнімі

15

Этиленді сутексіз-
дендіруден пайда
болған катализатор

Қатты
түйіршіктер

Хром оксидтері

16

Бутадиен өндірісінен
пайда болған катали-
затор

Қатты түйіршіктер

Никель оксиді

17

Мыс өндірісінің
мышьяк кегі

Қатты зат

Мышьяк қосылысы

18

Қалайы өндірісінің
мышьяк-кальцийлі кегі

Қатты

Мышьяк

19

Броморганикалық син-
тездің шайыр кеспел-
тегі

Паста

Броморганикалық
қосылыстар

20

Фталий ангидриді
өндірісінің шайыр
кеспелтегі

Қатты зат

Фталий ангидриді

21

Синтетикалық желім
өндірісінің қалдығы

Паста

Трикрезилфосфат,
канифоль,
поливинилхлорид

22

Аммиак өндірісіндегі
моноэтаноламин айда-
масының кубтік қалды-
ғы

Шайыр тәріздес
зат

Моноэтаноламин

23

Органикалық бояғыштар
өндірісінің қалдығы

Паста

Анилин туындасы,
пиридин

24

Дифениламин негізін-
дегі бояулар өндір-
ісінің шайырлы қал-
дығы

Паста

Мырыш, дифениламин

25

Метанол өндірісінің
шайыркеспелтегі

Шайыр тәріздес

Дихлорценолдар

26

Хлорид конденсациясы
жүйесінің қалдықтары

Қатты және
паста тәріздес

Титан, ванадий
тотықтары

27

Қорғасын өндірісін-
дегі арсенатты-
кальций қалдықтары

Қатты

Арсенат

28

Бромсутекті қышқыл
өндірісіндегі фтор-
органикалық қосылыс-
тар қалдығы

Қоқыр

Фторорганикалық
қосылыстар

29

Трихлорэтилен өндір-
ісінің қалдықтары

Қоқыр

Трихлорэтилен

30

Перхлорэтилен өндір-
ісінің қалдығы

Қоқыр

Перхлорэтилен

31

Хлорпарафин өндірісі-
нің қалдығы

Сілікпе тәріздес

Хлорпарафиндер

32

Фосфорорганикалық
коплексондар өндір-
ісіндегі фосфордың
органикалық қосылыс-
тарының қалдығы

Эмульсия

Фосфорорганика-
лық қосылыстар

33

Реактивтер өндірісін-
дегі кадмий, никель,
қорғасын, ванадий,
хром, қалайы, йод, мыс тұздарының қалды-
ғы

Қатты

Кадмий, қорға-
сын, хром тұздары

34

Этилбензиламин өнді-
рісінің қалдығы

Паста тәріздес

Дибензиламин

35

Магний, титан, вана-
дий шаңы - сирек
металдар өндірісінің
қалдығы

Қатты

Ванадий

36

Қорғасын-мырыш өнді-
рісінің мышьяк-сурьма
шаңы

Қатты

Сурьма, мышьяк

37

Коксохимиялық өнді-
рістің бензолды ре-
тификациялау цехының
сульфатты бөлімінің
қышқыл шайырлары

Қатты

Шайырлар

38

Фустар - тақта тасты
өңдеу қалдықтары

Шайыр тәріздес

Фенол

39

Қорғасын-мырыш өндір-
ісінің мышьяк-сурьма
қожы

Қатты

Сурьма, мышьяк

40

Маргенец қос тотығы-
ның электролиттік
өндірісіндегі марга-
нец қоқырлары

Паста тәріздес

Маргенец қос тотығы

41

Пайдаланылған
катализатор

Қатты

Ванадий

42

Никель өндірісінің
қалдығы, қорғасын-
мырыш кегі

Қатты

Мырыш, қорғасын,
никель, мыс

43

Пайдаланылған
катализатор
(кез-келген
өндірістің)

Қатты

Хром тотығы

44

Фосфор өндірісіндегі
газды тазартқыш
қалдығы

Суспензия

Фосфор

45

Нитрил акрил қышқылы
өндірісінің қалдығы

Паста тәріз-
дес масса

Никель, мыс,
кобальт тұздары

46

ТС концентраты өнді-
рісінің қалдығы

Қатты

Сурьма

47

Бояулар және көмір
қоспасындағы шайыр-
кеспелтектер

Қатты

Бояулар

48

Құрамында мыс бар
құйма - титан өнді-
рісінің қалдығы

Қатты

Мыс

49

Вольфрам шикізатын
күйдіру тозаңы

Қатты

Мышьяк

50

Диметилфор-мамидті
жаңғырту қалдығы,
шайыркеспелтек

Тұтқыр масса

Диметилформамид

51

Сурьманың фтор тұз-
дарымен қоспасы -
хладон өндірісінің
қалдықтары

Пульпа

Сурьма, фтор

52

Дифенилоксидтің
фифенилмен қоспасы -
лакталған үлдір өндірісінің қалдығы

Қатты

Дифенилоксид,
дифенил

53

Мастика өндірісінің
қалдығы

Паста тәріздес

Асбест, майлар,
битум

54

Фторлы тұздар өнді-
рісінің фтор-газдар-
ды бейтараптандыру
қоқырлары

Паста тәріздес

Фторлы тұздар

55

Бейтараптандырудан
қалған түсті метал-
дар гидрототығының
қоқыры

Шлам

Мыс, мырыш, хром, никель

56

Болат өндірісінің
фосфатты қождары

Қатты

Фосфор, ванадий

57

Темір балқыту өнді-
рісінің қождары

Қатты

Хром, марганец

58

Эмульсия және май-
лау-салқындату сұй-
ықтықтарының жаңғыр-
ту қалдықтары

Қоқыр

Эфирлі-экстра-
гирленетін
заттар

59

Кремнегель - фтор
тұздары өндірісінің
қалдығы

Паста тәріздес

Фторлы тұздар

60

Темір купоросы-титан
қос тотығы өндірісі-
нің қалдығы

Паста тәріздес

Темір сульфаты

61

Пайдаланылған
катализаторлар

Қатты

Ванадий тотығы

62

Темір мышьякті кек

Қатты

Мышьяк

63

Пайдаланылған
катализаторлар

Қатты

Кобальт, мырыш,
никель қосынды-
лары

64

Жартылай өткізгіш
өндірісінің өңдеу
материалдары

Қатты

Сынап, қорғасын

65

Гальваникалық өндір-
істің тазарту құрыл-
ғыларының шөгінділері

Паста тәріздес

Түсті ауыр
металдар
тотықтырғышы

66

Тақта тас өңдеудің
коксозолды қалдығы

Қатты

Фенол

67

Жартылай өткізгіш
өндірісінің қалдығы

Қатты

Сынап, қорғасын

68

Жартылай өткізгіш
өндірісінің ағынды
суларын зарарсыздан-
дыру қалдықтары

Паста тәріздес

Хром, ванадий

69

Прокат өндірісінің
қабыршақтары

Қатты

Темір тотығы

70

Фасонды-құю цехтары-
ның қалдығы

Қатты

71

Асбес өңдеу шаңы

Шаң

Асбест

72

Титан өндірісінің
хлоридті балқымасы

Паста тәріздес

Хром, марганец

73

Титан өндірісінің
пайдаланылған балқы-
масы

Қатты

Ванадий тотығы

74

Асбест қоспасы бар
жыныс шаңы

Шаң

Асбест шаңы

75

Капролактам өндірісі-
нің сілтілік ағынды-
лары

Шайыр тәріздес

Натрий адинаттары

76

Изопрен өндірісінің
катализаторлық қоқыры

Паста тәріздес

Хром тотығы

77

Құрамында фосфор бар
ағынды суларды тазар-
тудың әкті қоқыры

Суспензия

Фосфор

78

Жылумен өңделген фос-
фор қышқылын тазарту
қоқыры

Паста тәріздес

Фосфор

79

Бейтараптандыру
станциясының қоқыры

Паста тәріздес

Фосфор, фтор

80

Мышьякті қоқыр

Паста тәріздес

Мышьяк, фосфор

81

Байыту фабрикаларының
қоқырлары мен қалдық-
тары

Суспензия

Кобальт, мырыш, мыс

82

Қара металлургия
кәсіпорындарының шаң
және газ тазарту
қондырғыларының құра-
мында темір бар
қоқырлары мен шаңдары

Қоқыр

83

Металлургиялық
өндіріс қождары

Қатты


3. 2-сыныпты полигонда орналастыруға арналған қалдықтар
(қауіпті емес қалдықтарды орналастыруға арналған полигондар)

9. 2-сыныпты полигондарда қауіпті емес қалдықтарды - қауіпті
және инерттілерге жатпайтын қалдықтар орналастырады.

10. 2-сыныпты полигонда орналастыруға арналған қауіпті емес
қалдықтар

N р/т

Қалдық атауы

1

Муниципальдық қалдықтар

2

Қауіпті емес қалдықтарға арналған полигондарда
орналастыру белгілеріне жауап беретін кез-келген
басқа текті қауіпсіз қалдықтар

3

Тұрақты, реактивті емес қалдықтар (мысалы,
қатайтылған, шыныланған)


4. 3-сыныпты полигондарда орналастыруға арналған қалдықтар
(инертті қалдықтарды орналастыруға арналған полигондар)

11. 3-сыныпты полигонда инертті қалдықтар-қоршаған орта мен
адам денсаулығына жағымсыз әсер етпейтін және айтарлықтай
физикалық, химиялық немесе биологиялық түрленбейтін қалдықтар
орналастырылады.

12. 3-сыныпты полигонда орналастырылуы мүмкін аса көп
таратылған инертті қалдықтар (іріктеме)

N
р/т

Қалдық атауы

1

Алюминий силикатты қоқыр СБ-Г-43-6

2

Бентонит қалдықтары

3

Кальций карбиді өндірісінде пайдаланылған графит

4

В6 витамині өндірісінің құрамында гипсі бар
қалдықтары

5

Қайнағыш-әк, әктас, сөнген соң қалған қоқыр

6

Химиялық тұндырылған қатты қалдықтардың борлары

7

Өңделген брикеттер түріндегі алюминий тотығы
(АlСl3 өндірісінде)

8

Кремний тотығы (ПВХ және АlСl3өндірісінде)

9

Паратит - қалдығы

10

Натрий сульфаты тұздарының балқымасы

11

Силикагель (уытты емес газдарды сусыздандыру
адсорберлері)

12

Өндіріс силикагелі пресс-фильтрлерінің қоқырлары
(құрамында балшық пен кремнезем бар)

13

Түйіршікті сода қоқыры

14

Сода-цемент өндірісінің CaSO4 түріндегі дистиляция
қалдықтары

15

Құрамында ауыр металлдары жоқ пішіндік
стерженьдік қоспалар

16

Химиялық суды тазарту және суды жұмсарту қоқырлары

17

Лакты эпоксидті шайырлар өндірісінің ағынды
суларының хлорид натрийлік шөгінділері

18

Стандартты емес хлорлы әк

19

Шифер өндірісінің қатты қалдықтары

20

Көмір, торф, тақта тас немесе тұрмыстық қалдықта
жұмыс істейтін ЖЭО, қазандықтардың қождары

21

Ажарлау материалдары


Јртүрлі сыныпты полигондарда
орналастыруға арналған қалдықтар
тізімдемесіне
1-қосымша

Құрамында 2-қосымшада тізімделген компоненттердің
кез келгені бар және 3-қосымшада тізімделген қасиеттердің
кез келгеніне ие қалдықтар қауіпті болады

1) фармацевтикалық, медициналық және ветеринарлық химиялық қосылыстар;
2) ағаш консервациясы кезінде қолданылатын заттар;
3) биоцидтер және фито-фармацевтикалық субстанциялар;
4) еріткіштер ретінде қолданылатын заттардың шөгінділері;
5) құрамында цианидтері бар тұздар;
6) мұнай өнімдерін айдау, дистиляция немесе кез келген пиролитикалық процесстен соң алынатын шайырлы заттар (мысалы, куб қалдықтары);
7) сия, бояулар, пигменттер, бояулар, лактар;
8) шайырлар, латекс, пластификаторлар, желімдер;
9) адамға және/немесе қоршаған ортаға әсері белгісіз, зертханалық тәжірибелерде алынған белгісіз (жаңа) химиялық заттар (мысалы, зертханалық шөгінді);
10) фотоүлдірді өңдеуге арналған химикаттар;
11) полихлоридті дибензо-п-диоксиндер тобының кез келген затымен ластанған кез келген материалдар;
12) сабын, май немесе өсімдік немесе жануар текті балауыз;
13) еріткіштер ретінде пайдаланылмайтын галогендірілмеген органикалық субстанциялар;
14) құрамында металл немесе металл қосылыстары жоқ органикалық емес субстанциялар;
15) күл және/немесе қождар;
16) топырақ, құм, балшық, соның ішінде жер қазу жұмыстары нәтижесінде пайда болған;
17) құрамында цианидтер жоқ тұздар;
18) металл үгіндісі мен шаңы;
19) пайдаланылған каталитикалық материалдар;
20) қоршаған ортаны ластау деңгейін төмендету жөніндегі іс-шаралар нәтижесінде пайда болған қалдықтар (мысалы, фильтрлармен жиналатын шаң);
21) декарбонизация қалдығы;
22) ион ауысу колоннасы қалдығы;
23) бактарды және/немесе құрал-жабдықтарды тазалаудан қалған қалдық;
24) ластанған құрал-жабдық;
25) 2-қосымшада тізімделген компоненттердің кем дегенде біреуімен ластанған контейнерлер (мысалы, орам, газ баллондары);
26) аккумуляторлар және батарейкалар;
27) өсімдік майлары;
28) 3-қосымшада тізімделген кез келген қасиеттерге ие, тұрмыстық қалдықтарды селективті іріктеу кезінде пайда болған материалдар;
29) Құрамында 2-қосымшада тізімделген кез келген компоненттері
бар және 3-қосымшада тізімделген қасиеттерге ие кез келген қалдықтар тізімі.

Јртүрлі сыныпты полигондарда
орналастыруға арналған қалдықтар
тізімдемесіне
2-қосымша

3-қосымшада тізімделген қасиеттерге ие болған жағдайда,
қалдықтарды қауіпті заттарға айналдыратын компоненттері

1) бериллий, бериллийдің қосындысы;
2) алты валентті хромның қосындылары;
3) кобальттің қосындылары;
4) никельдің қосындылары;
5) мыстың қосындылары;
6) мырыштың қосындылары;
7) мышьяк, мышьяктың қосындылары;
8) селен, селеннің қосындылары;
9) күміс қосындылары;
10) кадмий, кадмийдің қосындылары;
11) қалайы қосындылары;
12) сурьма, сурьманың қосындылары;
13) теллур, теллурдің қосындылары;
14) барий сульфатын қоспағанда, барий қосындылары;
15) сынап, сынаптың қосындылары;
16) таллий, таллийдің қосындылары;
17) қорғасын, қорғасынның қосындылары;
18) органикалық емес сульфидтер;
19) фторлы кальцийді қоспағанда, фтордың органикалық емес қосындылары;
20) органикалық емес цианидтер;
21) келесі сілтілік металлдар: литий, натрий, калий, кальций, магний қарапайы түрде;
22) қышқылдардың құрғақ қалдықтары;
23) негізгі ерітінділердің құрғақ қалдықтары;
24) фосфор: минералды фосфаттарды қоспағанда, фосфор қосындылары;
25) карбонильді металлдар;
26) тотықтар;
27) хлораттар;
28) перхлораттар;
29) азидтер;
30) полихлоридті бифенилдер және/немесе терфенилдер;
31) биоцидтер мен фито-фармацевтикалық субстанциялар;
32) креозот;
33) изоцианаттар, тиоцианаттар;
34) органикалық цианидтер (мысалы, нитрилдер);
35) фенолдар, фенол қосындылары;
36) инертті полимерлі материалдар мен осы қосымшада аталған басқа заттарды қоспағанда, органогалогенді қосындылар;
37) ароматты қосындылар, полициклді және гетероциклді органикалық қосындылар;
38) алифатикалық аминдер;
39) ароматты аминдер;
40) эфирлер;
41) күкірттің органикалық қосындылары;
42) полихлорлы дибензофуран тобының кез келген заттары;
43) полихлорлы дибензо-п-диоксин тобының кез келген заттары;
44) осы қосымшаның басқа тармақтарында аталмаған көмірсутекті және олардың оттекті, азотты және/немесе күкіртті қосындылары.

Јртүрлі сыныпты полигондарда
орналастыруға арналған қалдықтар
тізімдемесіне
3-қосымша

Заттарды қауіптіге айналдыратын қасиеттері

1) "Тітіркендіруші": терімен немесе шырышты қабықпен қысқа, ұзақ мерзімді немесе көп мәртелік жанасуы нәтижесінде қабынуға әкелетін препараттар мен субстанциялардың расталмаған коррозиялары.
2) "Зиянды": ағза ішіне немесе теріге түскенде денсаулықтың шектелген қатеріне әкелуі мүмкін препараттар мен субстанциялар;
3) "Уытты": адам ағзасына немесе теріге түскен жағдайда күрделі, жедел немесе созылмалы ауруға, тіпті қаза болуына әкелуі мүмкін субстанциялар мен препараттар (соның ішінде жоғары уытты субстанциялар мен препараттар);
4) "Канцерогенді": ағзаға немесе теріге түскен жағдайда рак ауруына әкелуі мүмкін немесе осы ауруға шалдығу қатерін жоғарылатуы мүмкін субстанциялар;
5) "Тератогенді": ағзаға немесе теріге түскен жағдайда тұқым қуалайтын кемтарлыққа әкелуі мүмкін немесе олардың қатерін жоғарылатуы мүмкін субстанциялар мен препараттар;
6) "Мутагенді": ағзаға немесе теріге түскен жағдайда тұқым қуалайтын генетикалық кемістіктерге әкелуі мүмкін немесе олардың қатерін жоғарылатуы мүмкін субстанциялар мен препараттар;
7) Оларды жойған соң, өзінен жоғарыда аталған қасиеттердің кез-келгеніне ие басқа бір субстанцияларды бөлуге қабілетті субстанциялар мен препараттар (мысалы, фильтраттар);
8) "Экоуытты": кем дегенде қоршаған орта элементіне дереу немесе кейінірек қауіп төндіретін немесе төндіруі мүмкін субстанциялар мен препараттар.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina