Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 628 Қаулысы
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.27 N 1613 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы және "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.27 N 1613 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. 2) темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн. Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.27 N 1613 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. 2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 сәуiрдегi N 352 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1) 3-тармақтағы»"15," деген сандар алынып тасталсын; 2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларда 15-тармақ алынып тасталсын. 3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын: 1) "Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 3 маусымдағы N 618 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 24, 301-құжат); 2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы N 662 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулардың 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 27, 341-құжат). 4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күн мерзiм өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы»25»шiлдедегi N 628 қаулысымен бекiтiлген Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.27 N 1613 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы»25 шiлдедегi N 628 қаулысымен бекiтiлген Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары Темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын көздейдi: 1) "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 7-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтай отырып, темекi өнiмдерiн өндiрушi әзiрлеген және толтырған өндiрiс паспортының 2) техникалық регламенттердiң және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың 3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетiн жабдықтардың және өлшем құралдарының 4) темекi өнiмдерiн өндiрудi технологиялық бақылау жөнiндегi зертхананың 5) темекi өнiмдерiн, өндiрiстiң қосалқы өнiмдерiн, шикiзатты, қосымша материалдарды және ыдыстарды сақтау шарттары нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес келетiн қойма үй-жайлардың 6) барлық тауар белгiлерiнiң дәл және толық атауларын көрсете отырып, өндiрiлетiн өнiмдер тiзбесiнiң 7) темекi өнiмдерiн өндiру үшiн қажеттi меншiк құқығында немесе өзге де құқықтарда өтiнiш берушiге тиесiлi өндiруге және сақтауға арналған ғимараттар мен үй-жайлардың 8) санитарлық-гигиеналық нормалар мен техника қауiпсiздiгi ережелерiнiң талаптарына сәйкес жұмыс iстейтiндердiң еңбек жағдайларын қамтамасыз ететiн арнайы киiмдердiң және басқа да қорғаныш құралдардың.