ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 553 Қаулысы
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының ережесi мен құрамын бекiту туралы

Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.19 № 492 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi – Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.19 № 492 Қаулысымен.

2. Қоса берiлiп отырған Ведомствоаралық комиссия туралы ереже
бекiтiлсiн.

3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 30 маусымдағы
N 553 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық
қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестiру

жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының

құрамы

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.19 № 492 Қаулысымен.

Мәсiмов - Қазақстан Республикасының
Кәрiм Қажымқанұлы Премьер-Министрi, төраға

Қошанов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Ерлан Жақанұлы Министрi Кеңсесiнiң Басшысы,
төрағаның орынбасары

Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Көлiк
Асқар Қуанышұлы және коммуникация министрi,
төрағаның орынбасары

Елеусiзова - Қазақстан Республикасы Көлiк және
Құралай Болатқызы коммуникация министрлiгi Ақпараттық
технологиялар саласындағы
мемлекеттiк саясат департаментiнiң
директоры, хатшы

Жақыпов - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Мiрболат Қабиұлы Әкiмшiлiгi Жалпы бөлiмiнiң
меңгерушiсi (келiсiм бойынша)

Биғари - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Рүстем Айдарбекұлы Әкiмшiлiгi Ақпараттандыру және
ақпараттық ресурстарды қорғау бөлiмi
меңгерушiсiнiң орынбасары (келiсiм
бойынша)

Әбiқаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нұртай Әбiқайұлы қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы
(келiсiм бойынша)

Жанқұлиев - Қазақстан Республикасының "Сырбар"
Аманжол Қазбекұлы сыртқы бақылау қызметiнiң директоры
(келiсiм бойынша)

Байменов - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
Әлихан Мұхамедияұлы қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы
(келiсiм бойынша)

Жәмiшев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрi

Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының
Бақытжан Тұрсынұлы Бiлiм және ғылым министрi

Имашев Қазақстан Республикасының Әдiлет
Берiк Мәжитұлы министрi

Смайылов - Қазақстан Республикасы Статистика
Әлихан Асханұлы агенттiгiнiң төрағасы

Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы және жаңа технологиялар министрi

Шәженова - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Дина Мэлсқызы даму және сауда министрлiгiнiң
жауапты хатшысы

Жасұзақов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Сәкен Әдiлханұлы министрiнiң бiрiншi орынбасары –
Штабтар бастықтары комитетiнiң
төрағасы

Айтпаева - Қазақстан Республикасы Бас
Сәуле Мұханбедианқызы прокуратурасы Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу комитетiнiң
төрайымы (келiсiм бойынша)

Ахметжанов - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Марат Мұратұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттiгi (қаржы
полициясы) төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)

Оразқұлов - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Қанат Орынтайұлы Күзет қызметi бастығының орынбасары
(келiсiм бойынша)

Баядiлов - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк
Ерғали Мұхамеджанұлы Кеңесi хатшылығының сектор
меңгерушiсi (келiсiм бойынша)

Толымбеков - Қазақстан Республикасы
Манат Исенұлы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Мемлекеттiк құпияларды қорғау
бөлiмiнiң меңгерушiсi

Айтаев - Қазақстан Республикасы
Ренат Құрметжанұлы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Индустриялық-инновациялық даму
бөлiмiнiң меңгерушiсi

Нұрбеков - Қазақстан Республикасы Президентi Iс
Ержанбек Ормаханұлы басқармасының аппарат басшысы
(келiсiм бойынша)

Дүйсебаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Әбiлсейiт Оразаханұлы қауiпсiздiк комитетiнiң Арнайы
ақпараттық қызметiнiң директоры
(келiсiм бойынша)

Измайлов - "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық
Нұрлан Тельманұлы холдингi" акционерлiк қоғамының
Басқарма төрағасы (келiсiм бойынша)

Есмамбетов - Қазақстан Республикасы Көлiк және
Ерлан Қожабергенұлы коммуникация министрлiгi
"Телекоммуникация саласындағы
техникалық сүйемелдеу және талдау
орталығы" шаруашылық жүргiзу
құқығындағы республикалық мемлекеттiк
кәсiпорнының директоры

Әбiлдин - "Kazsatnet" ұлттық компаниясы"
Қанат Жанатұлы акционерлiк қоғамының Басқарма
төрағасы (келiсiм бойынша)

Еңсебаев - "Ұлттық ақпараттық технологиялар"
Руслан Сәтбекұлы акционерлiк қоғамының Басқарма
төрағасы (келiсiм бойынша)

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 30 маусымдағы
N 553 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы
ереже

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.19 № 492 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi – Комиссия) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 14 қарашадағы № 174 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы ақпараттық қауiпсiздiгiнiң 2016 жылға дейiнгi тұжырымдамасын iске асыру мақсатында құрылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.19 № 492 Қаулысымен.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссия қызметiнiң мақсаты

3. Комиссия қызметiнiң мақсаттары:
1) мемлекеттiк құпияларды қорғау саласын қоспағанда, Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" ұлттық ақпарат инфрақұрылымын қалыптастыру, ақпараттандыру және мемлекеттiк мекемелердiң ақпараттық қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi ережелерiн әзiрлеу;
2) мемлекеттiк қаражат (оның iшiнде қарыздар) есебiнен қаржыландырылатын, мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандырудың жоспарлары мен бағдарламалары жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың негiзгi ережелерiн әзiрлеу;
3) "ақпараттық қоғамды" және мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыру үдерiстерiн қалыптастыру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру;
4) «электрондық үкiмет» ақпараттық ресурстарының қорғалғандығын талдау болып табылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.07.12 № 787, 2012.04.19 № 492 Қаулыларымен.

3. Негiзгi мiндеттерi

4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға»"ақпараттық қоғам" жағдайында жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн нормативтiк құқықтық және әдiснамалық база жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
2) мемлекеттiк органдардың электрондық қызметтерiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
3) деректердi электрондық беру мен алмасудың қазақстандық стандарттары, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық индустрияның дамуын ынталандыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
4) "электрондық үкiмет" қызметтерiне қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету, "ақпараттық теңсiздiктi" жою жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бiлiм деңгейiн арттыру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу;
5) "электрондық үкiмет" инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру және мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру жөнiндегi жұмысты үйлестiру;
6) Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн»"электрондық үкiметтi" қалыптастыру және»"ақпараттық қоғамды" дамыту проблемалары жөнiнде материалдар мен ұсынымдар даярлау;
7) ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк тiлде жұмыс iстеуi үдерiстерiн үйлестiру;
8) ақпараттық қауiпсiздiктi және мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
9) ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы қатынастарды реттеудiң құқықтық, әкiмшiлiк, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу;
10) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру жөнiнде ұсынымдарды әзiрлеу;
11) ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметi мен өзара iс-қимылын үйлестiру мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
12) ақпараттық жүйелердi, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдарды (бұйымдарды), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын лицензиялау, техникалық реттеу, оның iшiнде олардың сәйкестiгiн растау мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
13) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды, қорғау жөнiндегi жұмыстардың жай-күйiне талдау жасау, оның негiзiнде ақпаратты қорғаудың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
14) ақпараттық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп-қатерге қарсы iс-қимылға бағытталған халықаралық уағдаластықтарды iске асыру мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
15) мемлекеттiк бюджет есебiнен жүзеге асырылатын ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жоспарлары мен мақсатты бағдарламаларын iске асыру кезеңдерiн талдау, оның негiзiнде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
16) мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру жоспарлары мен бағдарламаларын және оларды iске асыру тұжырымдамаларын қарау болып табылады.
Комиссия жүктелген мiндеттерге сәйкес:
1) "электрондық үкiметтi" қалыптастыру, мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыру мен "ақпараттық қоғамды" дамыту жөнiндегi ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi;
2) мүдделi мемлекеттiк мекемелермен келiсiм бойынша "ақпараттық қоғамды" қалыптастыру мен мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыру саласындағы басымдықтарды әзiрлейдi;
3) "электрондық үкiметтi" қалыптастыру жөнiндегi жұмысты және мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыру үдерiстерiн үйлестiредi;
4) мемлекеттiк мекемелерде "электрондық үкiметтiң" базалық құрамдастарын, сондай-ақ ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердi құру, енгiзу, сүйемелдеу және пайдалану үдерiсiн ұйымдастыру жөнiндегi және ақпараттандыру саласында қолданудан босаған активтердi одан әрi пайдалану бойынша ұсыныстарды қарайды және енгiзедi;
5) Қазақстан Республикасын ақпараттандырудың бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру мәселелерiн шешкен кезде Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiң мүдделерiн қорғау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
6) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар мен Комиссияға енгiзiлген өзге де ұйымдардан өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты сұратады және алады;
7) "электрондық үкiметтi" қалыптастыру мен мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн бюджет қаражатын, директивалық кредиттердi және басқа да мемлекеттiк қаржыландыру көздерiн (оның iшiнде қарыздар) пайдалану жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
8) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық ресурстарын қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың басшыларын тыңдайды;
9) Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпараттық ресурстарды қорғаудың ұлттық жүйесiн дамыту мен жетiлдiру, ақпарат саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен қоғам мүдделерiн қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу мәселелерi және ақпаратты қорғаудың отандық аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарын шығару мен техникалық сүйемелдеудi қамтамасыз ету үшiн ғылыми-техникалық базаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
10) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарды анықтау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
11) мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың басшыларын тыңдайды;
12) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру және өзара iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзедi;
13) ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың бағыттары бойынша ғылыми, эксперименталдық және өндiрiстiк базаны дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын қарайды;
14) ақпараттық технологияларды енгiзу және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы жоспарлар мен бағдарламалардың iске асырылуы барысы туралы мемлекеттiк органдардың басшыларын тыңдайды;
15) елiмiзде ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге ықпал ететiн шарттарды жасауға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және ғылыми-техникалық сипаттағы шараларды жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
16) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ақпараттық қауiпсiздiк жүйелерiн дамытуға және сүйемелдеуге байланысты кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарын жоспарлау жөнiндегi ұсынысын қарайды және осы мәселе жөнiнде Республикалық бюджеттiк комиссияға ұсынымдық сипатта қорытындылар бередi;
17) ақпараттық қауiпсiздiк саласында кадрлар даярлау жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды қарайды;
18) мемлекеттiк органдардың ақпараттандыру жоспарларын және бағдарламаларын және оларды iске асыру тұжырымдамаларын iске асыруға ақша қаражаты бөлiнуiнiң мақсатқа сай болуы туралы ұсынымдар әзiрлейдi;
19) ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оның iшiнде электронды түрде мемлекеттiк қызмет көрсетулер кезiнде мемлекеттiк органдардың жұмыс үдерiстерiн оңтайландыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлейдi.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.07.12 № 787, 2012.04.19 № 492 Қаулыларымен.

4. Комиссияның құқықтары

5. Комиссия өз құзыретiнiң шегiнде өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн:
1) өз құзыретiнiң шегiнде ақпараттандыруды жүзеге асыратын және қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылын ұйымдастыру, үйлестiру және жетiлдiру үшiн қажеттi шешiмдер қабылдауға;
2) заңнаманың талаптарына сәйкес өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық актiлер шығару, оларды өзгерту немесе олардың күшiн жою жөнiндегi ұсыныстарды қарауға және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзуге;
3) сараптамалар жүргiзу және консультациялар беру үшiн мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан тиiстi бейiндегi мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
4) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан ақпарат сұратуға және алуға;
5) өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсынымдар әзiрлеуге және ұсыныстар енгiзуге құқылы.

5. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

6. Ведомствоаралық комиссияны төраға басқарады.
Комиссияның құрамына, сондай-ақ төрағаның екi орынбасары, Комиссия мүшелерi кiредi.

7. Комиссия төрағасы оның жұмысын ұйымдастырады және осы Ережеде Комиссияға жүктелген мiндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшiн дербес жауап бередi.

8. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келiсiлгеннен кейiн отырысқа дейiн кемiнде 10 күн бұрын Комиссияның әр мүшесiне жеткiзiледi.

9. Комиссия өзiнiң отырыстарын жарты жылда бiр рет отырыстардың бекiтiлген жоспарына сәйкес өткiзедi.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.19 № 492 Қаулысымен.

10. Комиссияның хатшысы Комиссия отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және отырыстар өткiзiлгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi.

11. Комиссияның шешiмдерi оның мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға берген дауыс шешушi мәнге ие.

12. Комиссияның шешiмдерi оның отырыстарының хаттамаларымен ресiмделедi. Хаттамаларға Комиссия төрағасы мен мүшелерi қол қояды.

13. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне жүктеледi.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.19 № 492 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 30 маусымдағы
N 553 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзбесi

1. "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерiн қалыптастыру мен дамыту жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 50, 473-құжат).

2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 2 наурыздағы N 187 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 7, 53-құжат).

3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 қыркүйектегi N 1389 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 46, 428-құжат).

4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 қыркүйектегi N 1458 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 48, 445-құжат).

5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1870 қаулысы.

6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 наурыздағы N 454 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 17, 177-құжат).

7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 қаңтардағы N 122 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 3, 33-құжат).

8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 сәуiрдегi N 498 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 14, 175-құжат).

9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 желтоқсандағы N 1697 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 48, 577-құжат).

10.«"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 ақпандағы N 227 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 56-құжат).

11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 5 наурыздағы N 274 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 9, 66-құжат).

12. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 20 маусымдағы N 685 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 19, 206-құжат).

13. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қазандағы N 1119 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 34, 370-құжат).

14. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 наурыздағы N 299 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 14, 145-құжат).

15.«"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 шiлдедегi N 748 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 30, 301-құжат).

16. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 118 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 4, 65-құжат).

17. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 684 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 27, 353-құжат).

18. "Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 шiлдедегi N 751 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 27, 353-құжат).

19. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 19 мамырдағы N 478 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 21, 256-құжат).

20. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 30 қарашадағы N 1176 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 44, 587-құжат).

«21. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 сәуiрдегi N 311 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 14, 135-құжат).

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina