ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 454 Қаулысы
Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi, бiрақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасының " Нотариат туралы " 1997 жылғы 14 шiлдедегi, " Адвокаттық қызмет туралы " 1997 жылғы 5 желтоқсандағы және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1. Қоса берiлiп отырған:
Eскертпесi!
1) тармақша алып тасталу көзделген - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi, бiрақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес) Қаулысымен.

1) Адвокаттық қызметтi лицензиялау ережесi;

2) адвокаттық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары;
Ескертпесi!
3) тармақша алып тасталу көзделген - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi, бiрақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес) Қаулысымен.

3) Нотариаттық қызметтi лицензиялау ережесi;

4) нотариаттық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.

2. Мыналардың:
1) "Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 27 ақпандағы N 254 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 60-құжат);

2) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағының

3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi N 1235 және 2002 жылғы 27 ақпандағы N 254 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 7 мамырдағы N 518 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 21, 269-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы ресми жариялануға тиiс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 2 маусымдағы
N 454 қаулысымен
бекiтiлген

Адвокаттық қызметтi лицензиялау ережесi

Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi, бiрақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 2 маусымдағы
N 454 қаулысымен
бекiтiлген

Адвокаттық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары

1. Адвокаттық қызметтi жүзеге асыру үшiн жеке тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) жоғары заң бiлiмiнiң болуы;
3) кемiнде бес жыл адвокаттық қызмет стажы бар адвокатта алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмде тағылымдамадан өту;
4) аттестациялық әдiлет комиссиясында аттестаттаудан өту;
5) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәлiметтердiң болмауы;
6) соттылығының болмауы.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi, бiрақ 2012.01.30 ерте емес) Қаулысымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.29 N 365 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

2. Осы адвокаттық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген бiлiктiлiк талабы «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша судья өкiлеттiктерiн тоқтатқан адамдарға қолданылмайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.29 N 365 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

3. Осы адвокаттық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген бiлiктiлiк талабы мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының Жоғары Соты Кеңесiнiң жанындағы Бiлiктiлiк комиссиясында бiлiктiлiк емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестiрiлген соттың жалпы отырысының оң пiкiрiн алған адамдарға;
2) «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша судья өкiлеттiктерiн тоқтатқан адамдарға;
3) терiс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеушi лауазымында кемiнде он жыл жұмыс өтiлi болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдарға қолданылмайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.29 N 365 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

4. Алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi, бiрақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 2 маусымдағы
N 454 қаулысымен
бекiтiлген

Нотариаттық қызметтi лицензиялау ережесi

Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi, бiрақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 2 маусымдағы
N 454 қаулысымен
бекiтiлген

Нотариаттық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптар

1. Нотариаттық қызметтi жүзеге асыру үшiн жеке тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) жоғары заң бiлiмiнiң болуы;
3) кемiнде бiр жыл мерзiммен нотариуста тағылымдамадан өту;
4) аттестациялық әдiлет комиссиясында аттестаттаудан өту;
5) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәлiметтердiң болмауы;
6) соттылығының болмауы;
7) жиырма бес жасқа толуы;
8) заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс өтiлiнiң болуы.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi, бiрақ 2012.01.30 ерте емес) Қаулысымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.29 N 365 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

2. Осы нотариаттық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген бiлiктiлiк талабы терiс себептермен қызметiнен босатылғандарды қоспағанда, мемлекеттiк нотариус болып қызмет атқарған жұмыс өтiлi бар адамдарға қолданылмайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.29 N 365 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

3. Осы нотариаттық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген бiлiктiлiк талабы мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет бiлiктiлiк алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңесiнiң жанындағы Бiлiктiлiк комиссиясында бiлiктiлiк емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз мiндеттерiн орындау кезiнде терiс қылықтары мен заңдылықты бұзғаны үшiн судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс iстеген адамдарға;
2) мемлекеттiк нотариустарға қолданылмайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.29 N 365 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

4. Алып тасталу көзделген - ҚР Үкiметiнiң 2011.11.16 № 1346 (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi, бiрақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес) Қаулысымен.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina