ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 452 Қаулысы

Бiлiм беру қызметiне қойылатын лицензиялау ережесi мен оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

РҚАО-ның ескертпесi!
Тақырып жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.01 N 1426 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" 2007 жылғы 27 шiлдедегi және "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
1. Қоса берiлiп отырған:
РҚАО-ның ескертпесi!
1) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.01 N 1426 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
1) Бiлiм беру қызметiн лицензиялау ережесi;
2) бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиiс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 2 маусымдағы
N 452 қаулысымен
бекiтiлген
Бiлiм беру қызметiн лицензиялау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметi ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиiс.
2. Бiлiм беру қызметiнiң мынадай кiшi түрлерi лицензиялануға тиiс:
мектепке дейiнгi тәрбие беру мен оқытудың және балаларға қосымша бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт бойынша қосымша бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметi;
мамандандырылған және арнайы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметi;
бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру, оның iшiнде кәсiптер бойынша, орта оқу орнынан кейiнгi, жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнiң, оның iшiнде мамандықтар бойынша негiзгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметi;
дiни бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметi;
халықаралық және шетелдiк заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметi.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
3. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
4. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
2. Лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi
5. Бiлiм беру ұйымдары бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензия алу үшiн лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтiнiштi;
2) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен;
3) өтiнiш берушiнiң заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
4) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
5) бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжатты;
6) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттарды.
Лицензиясы бар бiлiм беру қызметi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) өтiнiш;
2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
3) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.
Бiлiм беру ұйымдарының филиалдары лицензияға қосымшаны алу үшiн аталған құжаттармен қатар Филиал туралы ереженi және тiркеу құжаттарын ұсынады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
6. Лицензиар бiлiм беру ұйымының өтiнiшiн қарау үдерiсiнде бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi жағдайларды тексеру мақсатында сараптама жүргiзедi.
3. Лицензиядан айыру және оның қолданылуын тоқтата тұру
7. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 2 маусымдағы
N 452 қаулысымен
бекiтiлген
Бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары
РҚАО-ның ескертпесi!
1-тармақты алып тастау көзделген - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.01 N 1426 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
1. Мектепке дейiнгi тәрбие беру мен оқытудың жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын ұйымдардың қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) мектепке дейiнгi ұйымдарға тәрбиеленушiлердiң жас шамасына және санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес топтың толымдылығына сәйкес қабылдауды жүзеге асыруы;
2) жоғары және бiрiншi санаттағы тәрбиешiлердiң үлесi олардың жалпы санының 20 пайызынан кем болмауы;
3) оқу алаңының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестiгi;
4) мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының белгiленген нормативтерге сәйкес
тәрбиеленушiлердiң дене бiтiмi, зияткерлiк және жеке тұлғасының дамуы үшiн ойын материалдары мен жабдықтардың, балаларға арналған және әдiстемелiк әдебиеттiң болуы;
5) тәрбиеленушiлерге медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
6) тәрбиеленушiлерге арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
7) меншiк не шаруашылық жүргiзу, жедел басқару немесе мүлiктiк жалдау (жалға алу) құқығына тиесiлi бiлiм беру қызметiнiң сапасын қамтамасыз ететiн материалдық және материалдық емес активтердiң болуы.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз), 2009.12.05 N 2020 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
2. Бастауыш бiлiмнiң оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) оқу жоспарларының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру
стандарттарына сәйкестiгi;
2) жоғары және бiрiншi санаттағы мұғалiмдердiң үлесi олардың жалпы санының 20 пайызынан кем болмауы;
3) сыныптар толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестiгi;
4) бiлiм алушылар контингентiне шаққанда бiр бiлiм алушыға толық оқу циклiне саны кемiнде 15 бiрлiк басылымнан келетiн оқу әдебиетi қорының болуы;
5) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
6) бiлiм алушыларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
7) меншiк не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығына тиесiлi бiлiм беру қызметiнiң сапасын қамтамасыз ететiн материалдық және материалдық емес активтердiң болуы.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
3. Негiзгi орта бiлiмнiң оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) оқу жоспарларының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру
стандарттарына сәйкестiгi;
2) жоғары және бiрiншi санаттағы мұғалiмдердiң үлесi олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы;
3) сыныптар толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестiгi;
4) бiлiм алушылар контингентiне шаққанда бiр бiлiм алушыға толық оқу циклiне саны кемiнде 15 бiрлiк басылымнан келетiн оқу әдебиетi қорының болуы;
5) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
6) бiлiм алушыларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
7) меншiк не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығына тиесiлi бiлiм беру қызметiнiң сапасын қамтамасыз ететiн материалдық және материалдық емес активтердiң болуы.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
4. Жалпы орта бiлiмнiң оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының қызметiне
қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) оқу жоспарларының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру
стандарттарына сәйкестiгi;
2) жоғары және бiрiншi санаттағы мұғалiмдердiң үлесi олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы;
3) сыныптар толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестiгi;
4) бiлiм алушылар контингентiне шаққанда, бiр бiлiм алушыға толық оқу циклiне саны кемiнде 25 бiрлiк басылымнан келетiн оқу әдебиетi қорының болуы;
5) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
6) бiлiм алушыларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
7) меншiк не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығына тиесiлi бiлiм беру қызметiнiң сапасын қамтамасыз ететiн материалдық және материалдық емес активтердiң болуы.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесi!
5-тармақты алып тастау көзделген - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.01 N 1426 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
5. Балаларға арналған қосымша бiлiм беру, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт бағдарламаларын iске асыратын ұйымдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) жоғары және бiрiншi санаттағы педагогтардың үлесi олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы;
2) оқу алаңының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестiгi;
3) бiлiм алушылар контингентiне шаққанда бiр бiлiм алушыға толық оқу циклiне саны кемiнде 15 бiрлiк басылымнан келетiн оқу әдебиетi қорының болуы;
4) балалар жасы - 6 жастан 18 жасқа дейiн;
5) меншiк не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығына тиесiлi бiлiм беру қызметiнiң сапасын қамтамасыз ететiн материалдық және материалдық емес активтердiң болуы.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
6. Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) жұмыс оқу жоспарларының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкестiгi;
2) штаттағы оқытушылар үлесi олардың жалпы санының 70 пайызынан кем болмауы;
3) жоғары және бiрiншi санаттағы оқытушылар үлесi олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы;
4) топтардың толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестiгi;
5) бiлiм алушылар контингентiне шаққанда бiр бiлiм алушыға толық оқу циклiне саны кемiнде 25 бiрлiк басылымнан келетiн оқу әдебиетi қорының болуы;
6) тиiстi кәсiптер немесе мамандықтар бойынша мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi компьютерлiк сыныппен, оқу-зертханалық жабдықпен, арнайы оқу жабдығымен және техникалық оқу құралдарымен жарақтандырылуы;
7) бiлiм беру ұйымдарының практикадан өткiзу базалары ретiнде белгiленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы;
8) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
9) бiлiм алушыларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
10) меншiк не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығына тиесiлi бiлiм беру қызметiнiң сапасын қамтамасыз ететiн материалдық және материалдық емес активтердiң болуы.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
7. Орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк бағдарламаларды iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) бiлiм беру ұйымы жағдайының қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестiгi;
2) штаттағы оқытушылар үлесi олардың жалпы санының 70 пайызынан кем болмауы;
3) жоғары және бiрiншi санаттағы оқытушылар үлесi және (немесе) магистрлар, ғылым кандидаттары, докторлары, ғылыми атақтарымен олардың жалпы санының 40 пайызынан кем болмауы;
4) оқушылар құрамына шаққанда бiр бiлiм алушыға толық оқу циклiне саны кемiнде 40 бiрлiк басылымнан келетiн оқу мен оқу-әдiстемелiк әдебиетi қорының болуы;
5) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс бағдарламаларының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкестiгi;
6) компьютерлiк сыныппен, оқу-зертхана жабдығымен, арнайы оқу жабдығымен және тиiстi мамандық бойынша мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi техникалық оқу құралдарымен жарақтандырылуы;
7) бiлiм алушының бiр жылғы оқуына ең төмен шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi оқу жылына арналған орта бiлiмнен кейiн мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты бекiту жөнiндегi қаулысында көзделген шығыстар деңгейiне сәйкестiгi;
8) бiлiм беру ұйымдарының практикадан өткiзу базалары ретiнде белгiленген ұйымдармен жасалған шарттарының болуы;
9) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
10) бiлiм алушыларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
11) меншiк не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығына тиесiлi орта бiлiмнен кейiн оқу бағдарламаларын iске асыруға арналған жағдайларды қамтамасыз ететiн материалдық және материалдық емес активтердiң болуы.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
8. Бакалавр" академиялық дәрежесiн тағайындай отырып, жоғары бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыру;
2) университеттер, институттар, жоғары мектептер, жоғары училищелер үшiн ғылыми және педагогикалық қызмет жүргiзу, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау; академиялар, консерваториялар үшiн ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет жүргiзу, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау;
3) бiр оқытушыға шаққанда студенттер контингентiнiң жоғары оқу орындарының оқу-материалдық активтерiне қойылатын жалпы талаптарды белгiлейтiн мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкестiгi;
4) бiлiм беру ұйымы жағдайының қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестiгi;
5) штаттағы оқытушылар үлесi олардың жалпы санының, оның iшiнде мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартының базалық циклдерi мен бейiндi пәндерi бойынша: институттар, жоғары мектептер, жоғары училищелер үшiн 50 пайыздан кем болмауы; академиялар, консерваториялар үшiн 60 пайыздан кем болмауы; университеттер үшiн 70 пайыздан кем болмауы;
6) оқытушылар үлесi:
ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD), бейiн бойынша докторлар, ғылыми атақтары бар оқытушылар, ал өнер және мәдени бiлiм беру ұйымдары үшiн штаттағы оқытушылар санының Қазақстан Республикасының құрметтi атақтары бар оқытушылары, оның iшiнде мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартының базалық және бейiндiк пәндер бойынша оқытушылар: институттар, жоғары мектептер, жоғары училищелер үшiн 35 пайыздан кем болмауы; академиялар, консерваториялар, университеттер үшiн 45 пайыздан кем болмауы;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Iшкi iстер, Төтенше жағдайлар министрлiктерiне және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдары үшiн оқытушылар үлесi: ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD), бейiн бойынша докторлар, ғылыми атақтары бар, сондай-ақ азаматтық қорғаныс, өрт қауiпсiздiгi, төтенше жағдайлар салаларында әскери академияларды, университеттердi бiтiргенi туралы дипломы бар оқытушылар, жедел бөлiмшелерде қызметтен өткен полковник әскери атағынан төмен емес оқытушылар, штаттағы оқытушылар санынан "спорт шеберi" және одан жоғары атағы барлар, оның iшiнде мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартының базалық және бейiндiк пәндерi бойынша 35 пайыздан кем болмауы;
7) студенттердiң келтiрiлген контингентiне шаққанда толық оқу циклiне саны кемiнде 140 бiрлiк басылымнан келетiн оқу және ғылыми әдебиет қорының болуы. Бұл ретте қазақ және орыс тiлдерiндегi басылымдар оқыту тiлдерi бойынша оқушылар контингентiне бара бар болуы тиiс. Кiтапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтiк-гуманитарлық бейiндегi пәндер бойынша; соңғы 10 жылдағы жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да пәндер бойынша негiзгi оқу әдебиетi басылымдарын қамтуға тиiс. Институттар, жоғары мектептер, жоғары училищелер үшiн электрондық және магниттiк жеткiзгiштердегi оқу әдебиетiмен қамтамасыз етiлуi мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердiң 10 пайызынан кем болмауы; академиялар, консерваториялар үшiн мамандықтың оқу жоспары пәндерiнiң 15 пайызынан кем болмауы; университеттер үшiн мамандықтың оқу жоспары пәндерiнiң 20 пайызынан кем болмауы;
8) жұмыс оқу жоспарларының және жұмыс оқу бағдарламаларының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкестiгi;
9) бiлiм беру оқу бағдарламаларын iске асыру үшiн қажеттi оқу-зертханалық жабдықпен жарақтандырылуы;
10) студенттiң бiр жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгi шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi оқу жылына жоғары бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты бекiту жөнiндегi қаулысында көзделген шығыстар деңгейiне сәйкестiгi;
11) практикадан өткiзу базалары ретiнде белгiленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы;
12) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
13) бiлiм алушыларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
14) меншiк не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығына тиесiлi бiлiм беру қызметiнiң сапасын қамтамасыз ететiн материалдық және материалдық емес активтердiң болуы.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
9. "Магистр" академиялық дәрежесiн тағайындай отырып, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен;
2) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен;
3) магистранттарды даярлау мамандығының бiлiм беру ұйымдары
ғылыми зерттеулерiнiң тақырыбына сәйкестiгi;
4) тиiстi даярлау бағыттары бойынша жетекшi ғылыми, ғылыми-бiлiм беру, өндiрiстiк және ғылыми-өндiрiстiк орталықтармен ынтымақтастық туралы келiсiмнiң болуы;
5) жұмыс оқу жоспарларының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкестiгi;
6) әрбiр мамандық бойынша ғылым докторының болуы;
7) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен;
8) оқытушылар үлесi: штаттағы оқытушылар санының, оның iшiнде мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартының базалық циклдерi және бейiндi пәндерi бойынша ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD), бейiн бойынша докторлар, ғылыми атақтары бар оқытушылар мамандықтар бойынша 45 пайыздан кем болмауы;
9) тиiстi бейiндегi ғылыми дәрежесi, кемiнде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтiлi, отандық және шетелдiк басылымдарда, халықаралық конференциялардағы еңбектерiнде ғылыми жарияланымдары, магистрлiк даярлық мамандығы бойынша оқу құралдары бар жетекшi мамандардың, штаттағы оқытушылардың магистранттарға ғылыми жетекшiлiктi жүзеге асыруы;
10) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен;
11) бiлiм алу үшiн жағдайларды қамтамасыз ететiн меншiктi, не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы материалдық және материалдық емес активтердiң болуы;
12) магистранттың бiр жылғы оқуына арналған ең төменгi шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты бекiту жөнiндегi қаулысында көзделген шығыстар деңгейiне сәйкестiгi;
13) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен;
14) бiлiм беру ұйымдары жағдайының қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестiгi;
15) бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру үшiн қажеттi және қазiргi заманғы талаптарға жауап беретiн оқу-зертханалық жабдықтармен жарақтандырылуы;
16) практикадан өткiзу базалары ретiнде белгiленген ұйымдармен
жасалған шарттардың болуы;
17) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
18) бiлiм алушыларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
19) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкестiгi.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
10. Дiни оқу орындарының қызметтерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) даярлық бейiнi бойынша жоғары дiни бiлiмi бар және дiни
бiрлестiктер қоятын талаптарға сәйкес келетiн штаттағы оқытушылардың
болуы;
2) бiлiм алушылар контингентiне шаққанда бiр бiлiм алушыға толық оқу циклiне саны кемiнде 50 бiрлiк басылымнан келетiн оқу әдебиетi қорының болуы;
3) бiлiм беру үдерiсiн ұйымдастыру үшiн қажеттi меншiк,
шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы, санитарлық
ережелер мен нормалар талаптарына сәйкес келетiн материалдық-техникалық базасының болуы;
4) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
5) бiлiм алушыларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
6) осы дiни бiлiм беру мекемесiнiң жұмыс iстеу орындылығы негiздемесi бар тиiстi дiни басқарманың (орталықтың) қолдаухатының және Қазақстан Республикасының аумағында дiни конфессияны тiркеу туралы куәлiк көшiрмесiнiң болуы;
7) дiни конфессия басшылығы бекiткен даярлық бейiнi бойынша бiлiм беру бағдарламаларының (оқу жоспарларының) болуы;
8) мәлiмделген дiни бiлiм беру бағдарламаларына Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi қорытындысының болуы.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз), 2010.03.31 N 252, 2011.08.01 N 888 Қаулысымен.
11. Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру (резидентура және адъюнктура) оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) кемiнде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы, даярлық бейiнi бойынша отандық және шетелдiк басылымдарда, халықаралық конференциялардағы еңбектерiнде ғылыми жарияланымдары, оқу құралдары бар әрбiр ғылыми даярлық мамандық бойынша резидентура, адъюнктура үшiн кемiнде екi штаттық ғылым докторының болуы;
2) тиiстi ғылыми даярлық мамандықтары бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдiстемелiк, клиникалық, тәжiрибелiк және материалдық-техникалық базаның болуы;
3) бiлiм беру ұйымдары жағдайының қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестiгi;
4) резидентура, адъюнктура тыңдаушыларының жеке жоспарларына сәйкес қажеттi жабдықпен, зертханалармен, кiтапханалармен қамтамасыз етiлуi;
5) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкестiгi;
6) студенттiң бiр жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгi шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi оқу жылына арналған жоғары бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты бекiту жөнiндегi қаулысында көзделген шығыстар деңгейiне сәйкестiгi;
7) практикадан өткiзу базалары ретiнде белгiленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы;
8) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
9) бiлiм алушыларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
10) меншiк не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығына тиесiлi бiлiм беру қызметiнiң сапасын қамтамасыз ететiн материалдық және материалдық емес активтердiң болуы.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
12. Философия докторы (PhD) және бейiнi бойынша доктор: жоғары академиялық дәрежесiн тағайындай отырып, докторантура бағдарламалары бойынша жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау жөнiндегi бiлiм беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыру;
2) бiлiм беру ұйымдары жағдайының қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестiгi;
3) оқытушылар үлесi: штаттағы оқытушылар санының, оның iшiнде мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартының базалық циклдерi және бейiндi пәндерi бойынша ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD), бейiн бойынша докторлар, ғылыми атақтары бар оқытушылар мамандықтар бойынша 50 пайыздан кем болмауы; тиiстi мамандықтар бойынша философия докторы (PhD) және бейiнi бойынша доктор дәрежелерi бар шетелдiк ғалымдардың болуы;
4) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкестiгi;
5) докторантура бағдарламаларын iске асыратын жетекшi аккредиттелген шетелдiк бiлiм беру-ғылыми ұйымдармен ғылыми алмасу туралы шарттардың болуы;
6) бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру үшiн қажеттi аудиторлық қормен, компьютерлiк сыныптармен, зертханалармен, құралдармен қамтамасыз етумен, қор материалымен жарақтандырылуы;
7) бiлiм алушының бiр жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгi шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты бекiту жөнiндегi қаулысында көзделген шығыстар деңгейiне сәйкестiгi;
8) практикадан өткiзу базалары ретiнде белгiленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы;
9) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
10) бiлiм алушыларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
11) меншiк не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығына тиесiлi бiлiм беру қызметiнiң сапасын қамтамасыз ететiн материалдық және материалдық емес активтердiң болуы.
Ескерту. 12-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.05.28 N 506 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесi!
13-тармақты алып тастау көзделген - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.01 N 1426 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
13. Арнайы бiлiм беретiн бағдарламаларды iске асыратын ұйымдардың қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) арнайы және арнайы (түзеу) ұйымдарға қабылдауды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысына сай жас шамасына және топтың, сыныптың толымдылығына сәйкес жүзеге асыру;
2) жоғары және бiрiншi санаттағы тәрбиешiлер, мұғалiмдер үлесi олардың жалпы санының 20 пайызынан кем болмауы;
3) бiлiм алушылар контингентiне шаққанда бiр бiлiм алушыға толық оқу циклiне саны кемiнде 15 бiрлiк басылымнан келетiн оқу әдебиетi қорының болуы;
4) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
5) бiлiм беру ұйымы жағдайының қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестiгi;
6) мүмкiндiгi шектеулi балаларды оқытуды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарын материалдық-техникалық және оқу-әдiстемелiк жарақтандыру мен қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгi талаптардың нормативтерiне сәйкес өзiнiң меншiк құқығында бар жабдықтардың саны мен сапасы туралы өтiнiш берушiнiң мәлiметтерiмен расталатын ұсынылатын арнайы бiлiм беру қызметтерiнiң тиiстi сапасын қамтамасыз ететiн материалдық-техникалық базаның болуы;
7) оқушылар мен тәрбиеленушiлерге арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
8) меншiк не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi бiлiм беру қызметтерiнiң сапасын қамтамасыз ететiн материалдық және материалдық емес активтердiң болуы.
Ескерту. Бiлiктiлiк талаптары 13-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.05 N 2020 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 2 маусымдағы
N 452 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Бiлiм беру қызметiн лицензиялаудың ережесiн бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 20, 219-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 297 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1747 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 587-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 тамыздағы N 861 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 26, 276-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 7 желтоқсандағы N 1281 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 48, 614-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 29 қыркүйектегi N 964 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 36, 500-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 желтоқсандағы N 1253 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 48, 621-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 сәуiрдегi N 250 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 12, 115-құжат).
9.»"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 596 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 1195 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 47, 502-құжат).


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina