ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 268 қаулысы. Қазақстан Республикасы Јділет министрлігінде 2005 жылғы 12 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3832

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту

Ескерту. Қаулының атауына өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен .

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есептi бекiту тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы ұсынылып отырған Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есептi бекiту жөнiндегi ереже бекiтiлсiн.

2. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен.

3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап мыналар өзiнiң күшiн жойды деп танылсын:
1) "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы жөнiндегi есептi бекiту ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 217 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2443 тiркелген, 2003 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" басылымында жарияланған, 17);

2) "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2443 тiркелген "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы жөнiндегi есептi бекiту ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 217 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 141 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2924 тiркелген, 2004 жылы "Қаржы Хабаршысы" журналында жарияланған, N 7(7)).

4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.

5. Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Токобаев Н.Т.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, қауымдастық нысанындағы "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiне, қауымдастық нысанындағы "Қазақстан тiзiлiм ұстаушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.

6. Агенттiктiң Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.

Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттiгi
Басқармасының
2005 жылғы 30 шiлдедегi
N 268 қаулысымен бекiтiлген

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу,
акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi
бекiту және акциялар шығарылымын жою ережесi

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Акционерлiк қоғамдар туралы" (бұдан әрi - Заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңдарына сәйкес әзiрлендi және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) акционерлiк қоғамның (бұдан әрi - қоғам) акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою жөнiндегi тәртiбiн айқындайды.
Ескерту. Кiрiспеге өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2011.02.28 № 17 (ҚР ӘМ мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

1-тарау. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу

1. Қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) еркiн нысанда жасалған өтiнiштi;
2) қоғамның құрылтай жиналысының (бiр құрылтайшының шешiмi) немесе акционерлерiнiң жиналысының (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционердiң шешiмi) жарияланған акциялар шығару туралы шешiммен бiрге хаттама көшiрмесiн;
РҚАО-ның ескертпесi!
3) тармақшаға өзгерту енгiзу көзделген - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2007.05.28 N 155 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
3) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң және статистикалық карточканың көшiрмелерiн;
4) жарғының көшiрмесiн;
5) акционерлiк қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдiстемесiмен, сондай-ақ соңғы екi қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған қаржылық есеп берумен (жаңа құрылған қоғамдарды қоспағанда), жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге құжаттар ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша есептiлiк саясаты мен қаржылық есеп беру туралы ақпарат бiрге тiгiлген осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде екi данада берiлген акциялар шығарылымының проспектiсi. Бұл ретте екi дананың әр қайсысында акционерлiк қоғам сатып алған кездегi мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi акциялар шығарылымы проспектiсi және акциялар құнын анықтау әдiстемесi бар;
6) қаржы есебiнсiз Acrobat Reader форматында электрондық тасымалдаушыда акциялар шығаралымының проспектiсi (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде);
7) құрылтайшылардың акцияларды жарғылық капиталдың (акцияларды алғашқы рет шығарған жаңадан құрылған қоғамдар үшiн) ең аз мөлшерiне сәйкес келетiн мөлшерде алдын ала төлегенiн растайтын құжаттар көшiрмелерi.
Тұрақтандыру банкi жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн, осы тармақтың 2), 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды қоспағанда, осы тармақта көрсетiлген құжаттарды ұсынады. Бұл ретте осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетiлген акциялар шығарылымының проспектiсi акциялардың құнын анықтау әдiстемесi, қаржылық есептiлiгi, есеп жүргiзу саясаты туралы ақпарат қосылмай берiледi.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2008.11.28 N 181 , 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

2. Қоғамды қайта ұйымдастыру жолымен құрған кезде Ереженiң 1-тармағының 1)-6) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардан басқа қоғам мыналарды ұсынады:
1) бiрiгу жолымен қайта құрылған жағдайда - өткiзу актiсiнiң, бiрiгу туралы шарттың және тиiстi лицензиясы бар бағалаушы дайындаған қайта құрылатын қоғамдардың мүлкiн (меншiк капиталының мөлшерiн көрсетуiмен) қайта құрылу туралы шешiм қабылдаған күнгi жағдай бойынша бағалау жөнiндегi есептiң көшiрмелерi;
2) қосылу жолымен қайта құрылған жағдайда - өткiзу актiсiнiң, қосылу туралы шарттың, тиiстi лицензиясы бар бағалаушы дайындаған қосылатын қоғамның мүлкiн (меншiк капиталының мөлшерiн көрсетуiмен) қайта құру туралы шешiм қабылдаған күнгi жағдай бойынша бағалау жөнiндегi есептiң, оған қосылу жүзеге асырылатын қоғамның аудиторлық есеппен расталған қайта құру жөнiнде шешiм қабылдау алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржы есептiлiгiнiң көшiрмелерi;
3) бөлу және бөлiп шығару жолымен қайта құрылған жағдайда - бөлу балансының, тиiстi лицензиясы бар бағалаушы дайындаған бөлу не бөлiп шығару нәтижесiнде пайда болған қоғамдардың жарияланған акциялардың төлемi ретiнде берiлетiн мүлкiн қайта құру жөнiнде шешiм қабылдаған күнгi жағдай бойынша бағалау туралы есептiң көшiрмелерi;
4) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнен өзгерту жолымен қайта құрылған жағдайда - қаржылық есептiлiктiң, өткiзу актiсiнiң, тиiстi лицензиясы бар бағалаушы дайындаған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң мүлкiндегi қатысушының (қатысушылардың) үлесiн (үлестерiн) бағалау туралы есептiң көшiрмелерi;
5) мемлекеттiк кәсiпорыннан өзгерту жолымен қайта құрылған жағдайда - қайта құру жөнiнде шешiм қабылдаған күнгi жағдай бойынша дайындаған қаржылық есептiлiктiң және өткiзу актiсiнiң және тиiстi лицензиясы бар бағалаушы дайындаған қайта құру жөнiнде шешiм қабылдаған күннiң алдыңғы күнгi жағдай бойынша мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкiн бағалау туралы есептiң (меншiктi капитал мөлшерiн көрсетуiмен) көшiрмелерi.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

3. Уәкiлеттi орган жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге ұсынған құжаттарды олар алынған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды.

4. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган:
1) осы Ереженiң 1-1-қосымшасына сай нысан бойынша қоғамға жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бередi;
2) акциялар шығарылымы проспектiсiнiң уәкiлеттi органның тiркелгенi туралы белгiсi қойылған бiр данасын қоғамға қайтарады.
Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен .

2-тарау. Акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу

5. Қоғам уәкiлеттi органға "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1)-3), 8), 9), 11), 12) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген, сондай-ақ акцияларды қоғам сатып алған кезде және «алтын акцияны» енгiзу немесе күшiн жою оның құнын анықтау әдiстемесi өзгерген және (немесе) толықтырылған жағдайда оларды тiркеу үшiн олар пайда болған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күн iшiнде (қоғамның тиiстi органдары шешiм қабылдаса) акциялар шығарылымының проспектiсiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу үшiн ұсынады.
Қоғам акциялар шығарылымының проспектiсiнде көрсетiлген мәлiметтер өзгерген жағдайда уәкiлеттi органға акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды ұсына алады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2008.11.28 N 181 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

6. Акциялар шығарылымының проспектiсiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу үшiн қоғам уәкiлеттi органға:
1) еркiн нысанда жасалған өтiнiштi;
2) акциялар шығарылымының проспектiсiне енгiзiлген, бiрiншi басшы, бас бухгалтер қол қойған және қоғам мөрiнiң таңбасымен расталған өзгерiстер мен толықтыруларды мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде екi данамен қағаз тасымалдаушыда. Бұл ретте екi дананың әрқайсысында акциялар шығарылымы проспектiсiне мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар бар;
3) қоғамның қаржы есебiсiз Acrobat Reader форматында электрондық тасымалдаушыда оған енгiзiлетiн өзгерiстермен және толықтырулармен бiрге акциялар шығаралымының проспектiсiн (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде);
4) негiзiнде акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген қоғам органының шешiмi көшiрмесiн.
Қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысының негiзiнде акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген шешiмiнiң үзiндi көшiрмесiн берген жағдайда, осы үзiндi көшiрмеде мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
қоғам атқарушы органының толық атауы және орналасқан жерi;
акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзу күнi, уақыты және жерi;
акционерлердiң жалпы жиналысында берiлген қоғамның дауыс беретiн акцияларының саны туралы мәлiметтер;
акционерлердiң жалпы жиналысының кворумы;
акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбi;
акционерлердiң жалпы жиналысында акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген негiзiндегi мәселе бойынша дауыс беру тәртiбi;
акционерлердiң жалпы жиналысы төрағасының (президиум мүшелерiнiң) және хатшысының аты-жөнi, бар болса - әкесiнiң аты;
акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiндегi акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген негiзiндегi дауыс беруге салынған әр мәселесi бойынша акционерлер дауыстарының жалпы саны;
акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген негiзiндегi мәселе бойынша акционерлердiң жалпы жиналысымен қабылданған шешiмi;
акционерлердiң жалпы жиналысымен қабылданған шешiмдер.
Жалпы жиналыста қоғамның директорлар кеңесiн сайлау (директорлар кеңесiнiң жаңа мүшесiн сайлау) жөнiндегi мәселенi қарау кезiнде қоғамның жалпы жиналысының хаттамасынан үзiндi көшiрмесiнде директорлар кеңесiнiң сайланған мүшесi қай акционердiң өкiлi және (немесе) директорлар кеңесiнiң сайланған мүшелерiнен кiм тәуелсiз директоры болатыны көрсетiледi. Егер директорлар кеңесi мүшелiгiне кандидат «Акционерлiк қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 3-тармағында көрсетiлген акционер не жеке тұлға болып табылса, онда бұл мәлiметтер де акционерлер тiзiмiн қалыптастыру күнiне акционердiң қоғамның дауыс беретiн акцияларын иелену үлесi туралы деректердi қоса алғанда қоғамның жалпы жиналысының хаттамасынан үзiндi көшiрмесiнде көрсетiледi;
5) әдiлет органының не қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органының белгiсi қойылған барлық енгiзiлген өзгерiстерi мен толықтыруларымен бiрге жарғының және заңды тұлғаны қайта тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн (қоғам атауы және (немесе) оның тұрғылықты орны өзгерген жағдайда);
6) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасын (қоғам атауы, саны және (немесе) акциялар түрi өзгерген жағдайда);
7) орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегерiп тастағанда) жалпы санының он және одан көп процентiне иелiк ететiн акционерлер туралы тiркеушi жарияланған акциялар санының және/немесе олардың түрлерiнiң өзгеруi жөнiнде шешiм қабылданған күнге берген анықтаманың түпнұсқасын;
8) тiркеушi берген акционерлiк қоғамның iрi акционерлерi туралы мәлiметтердiң өзгерген күнiнен кейiн келетiн күнгi жағдай бойынша (iрi акционерлерi туралы мәлiметтер өзгерген жағдайда) iрi акционерлерi туралы анықтаманың көшiрмесiн.
9) қоғамның жарияланған акциялары болмаған жағдайда немесе мерзiмi өткен берешектi өтеуге олар жеткiлiксiз болғанда, оларды кейiннен орналастыруымен қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару арқылы қоғамның мерзiмi өткен салық берешегiн өтеу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесiн ұсынады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2011.02.28 № 17 (ҚР ӘМ мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

7. Уәкiлеттi орган акциялар шығарылымының проспектiсiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды олар алынған күннен бастап он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды.
7-1. Уәкiлеттi орган банктiң жарияланған орналастырылмаған немесе сатып алынған акциялары болмаған не " Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңы ның (бұдан әрi – Банктер туралы Заң) 17-2-бабында көзделген жағдайларда олардың саны жетпеген кезде, банктiң жарияланған акцияларды сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде осы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкiметi қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде:
1) акциялар шығарылымы проспектiсiндегi банктiң жарияланған акциялар санының және олардың түрлерiнiң өсiру бөлiгiне өзгерiстер енгiзедi (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде 2 (екi) данада);
2) акциялар шығарылымы проспектiсiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың бiр данасын және акциялар санын, түрлерiн (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) көрсете отырып, оларды мемлекеттiк тiркеу куәлiгiнiң бiр данасын банкке бередi;
3) акцияларды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн
қоса берiп, жарияланған акциялар санын өсiру туралы тiркеушiнi және орталық депозитарийдi хабардар етедi.
Банк акцияларды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiн алған күннен бастап 5 (бес) күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi органға акцияларды мемлекеттiк тiркеу туралы осының алдында берiлген куәлiктiң
түпнұсқасын қайтарады және қоғамның қаржы есебiнсiз Acrobat Reader форматындағы электрондық тасымалдағыштағы оған енгiзiлген өзгерiстерi мен толықтырулары бар акциялар шығарылымы проспектiсiн (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) бередi.
Ескерту. 7-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2008.10.29. N 161 қаулысымен.

8. Акциялар шығарылымының проспектiсiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган қоғамға акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулардың оларды тiркеу туралы белгi қойылған бiр данасын бередi.
Заңды тұлға атауының, оның орналасқан жерiнiң, акциялар саны мен түрiнiң өзгеруi негiздерi бойынша акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайда уәкiлеттi орган акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiс пен толықтырулар данасынан басқа ауыстыру себептерiн көрсете отырып бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi ауыстырады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен .

9. <*>
Ескерту. 9-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен .

10. Жарғылық капиталы акциялар шығарылымы мемлекеттiк тiркелiмсiз жасалған, кемiнде елу мың еселенген ең төменгi есептiк көрсеткiш мөлшерiнде төленген жарғылық капиталы бар қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiн ұлттық бiрегейлендiру нөмiрiн беру туралы куәлiгiмен ауыстыру үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) еркiн нысанда жасалған өтiнiштi;
2) акционерлiк қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдiстемесiмен, сондай-ақ соңғы екi қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған қаржылық есеп берумен, жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге құжаттар ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша есептiлiк саясаты мен қаржылық есеп беру туралы ақпарат бiрге тiгiлген осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде екi данада берiлген акциялар шығарылымының проспектiсi. Бұл ретте екi дананың әр қайсысында акционерлiк қоғам сатып алған кездегi мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi акциялар шығарылымы проспектiсi және акциялар құнын анықтау әдiстемесi бар;
3) қоғамның қаржы есебiнсiз Acrobat Reader форматында электрондық тасымалдаушыда оған енгiзiлетiн өзгерiстермен және толықтырулармен бiрге акциялар шығаралымының проспектiсiн (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде);
4) ұлттық бiрегейлендiру нөмiрiн (бұдан әрi - ҰБН) беру туралы куәлiктiң (куәлiктердiң) түпнұсқасын (түпнұсқаларын);
5) акциялар шығарылымы проспектiсiне соның негiзiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген қоғам органы шешiмiнiң көшiрмесiн;
6) әдiлет органының белгiлеуiмен барлық енгiзiлген өзгерiстерi мен толықтырулары бар жарғының көшiрмесi және заңды тұлғаны қайта тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

11-12. <*>
Ескерту. 11-12-тармақтар алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен .

3-тарау. Акцияларды орналастыру қорытындылары
туралы есептi бекiту

13. Акцияларды орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi қоғам "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмде ұсынады.
Күнтiзбелiк алты ай орналастырудың есептi кезеңi болып табылады.
Акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу күнi орналастырудың бiрiншi есептi кезеңiнiң басталу күнi болып табылады.
Өткен есептi кезеңнiң аяқталу күнiнен кейiн келетiн күнi келесi есептi кезеңнiң басталу күнi болып табылады.
Акцияларды түпкiлiктi орналастыру күнi жарияланған бағалы қағаздарды қоғам акцияларын ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiнде (жеке шоттардың бiрыңғай жүйесi) немесе номиналды ұстау есебi жүйесiнде тiркелген тұлғалардың жеке шоттарына есепке алу үшiн қоғамның жеке шотынан барлық жарияланған акцияларды есептен шығару бойынша соңғы операцияны өткiзу күнi болып табылады.
Акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есептi қоғам есептiк орналастыру кезеңi аяқталған күннен бастап бiр айдың iшiнде, сондай-ақ акциялар толық орналастырылғаннан кейiнгi ай iшiнде ұсынады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2008.11.28 N 181 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.
13-1. Тұрақтандыру банкi акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есептi ұсынбайды.
Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

14. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту үшiн қоғам уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) еркiн нысанда жасалған қоғамның өтiнiшi;
2) есептi кезеңдi аяқтайтын ай соңындағы не акцияларды орналастыру аяқталған күнгi жағдай бойынша қаржы есебiмен, есептi кезеңде акциялардың төлемiн растайтын құжаттың (құжаттардың) көшiрмесiмен (көшiрмелерiмен) бiрге тiгiлген, осы Ереженiң 2-қосымшасына сай нысан бойынша жасалған қағаз тасымалдаушысында екi данамен акцияларды орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) және акцияларды орналастыру аяқталған күнгi жағдай бойынша тiркеушiнiң анықтамасының көшiрмесiмен. Бұл ретте екi дананың әр қайсысында мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп бар;
3) қоғамның қаржы есебiнсiз Acrobat Reader форматында электрондық тасымалдаушыдағы акцияларды орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi (қоғамды тарату және қайта құру жағдайларын қоспағанда).
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен , 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

15. Қоғамның акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту үшiн ұсынған құжаттары Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган:
1) осы Ереженiң 2-1-қосымшасына сай нысан бойынша есептi бекiтедi және қоғамға акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептiң бекiтiлгендiгi туралы хабарлама жiбередi;
2) есептiң бекiтiлгендiгi туралы уәкiлеттi органның белгiсi қойылған есептiң бiр данасын қоғамға қайтарады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен .

16. Акциялар шығарылымының проспектiсiне акцияларды ұсақтаумен байланысты өзгерiстер енгiзiлген жағдайда, эмитент уәкiлеттi орган бекiткен акцияларды орналастыру қорытындылары жөнiндегi есепке енгiзiлген өзгерiстердi және акцияларды орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiту туралы хабарламаның түпнұсқасын уәкiлеттi органға ұсынады.
Көрсетiлген өзгерiстер назарға алынып, уәкiлеттi орган акцияларды орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiту туралы хабарламаны алған күннен бастап он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде ауыстырады.

17. Егер орналастыру басталған не акцияларды орналастыру (акциялардың орналастырылмағаны туралы хабарландыру) қорытындылары туралы соңғы есеп ұсынылған күннен бастап алты ай iшiнде қоғам бiр де бiр акция орналастырмаса, онда ол уәкiлеттi органға:
1) осы кезеңде акцияларды орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы жазбаша хабарламаны;
2) орналастырудың алты айлық мерзiмi аяқталған күнi тiркеушi берген, орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегерiп тастағанда) жалпы санының он және одан көп процентiне иелiк ететiн акционерлер туралы анықтаманың көшiрмесiн ұсынады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2008.11.28 N 181 Қаулыcымен.

17-1. Тұрақтандыру банкi осы Ереженiң 17-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбайды.
Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

18. Есептi кезеңде акциялардың орналастыруы жүзеге асырылмағаны туралы хабарламаны қарау нәтижесi бойынша уәкiлеттi орган қоғамға осы хабарламаның назарға алынғандығы туралы хат жiбередi.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

4. Акциялар шығарылымын жою

19. Акциялар шығарылымының күшi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда жойылады.

20. Акциялар шығарылымын жою үшiн қоғам "Бағалы қағаздар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 30-бабы 2-тармақшасында аталған құжаттарды уәкiлеттi органға ұсынады. Акциялар шығарылымын жою туралы өтiнiште тiркеушiнiң атауы, қоғам тiркеушiсiмен жасалған бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiнiң жүйесiн жүргiзу шартының күнi мен нөмiрi туралы мәлiметтер болады.
Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен .

21. Сот не атқарушы өндiрiс органдары соттың жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тану немесе заңды күшiне енген қоғамды мәжбүрлеп тарату туралы шешiмiн таныған жағдайда акциялар шығарылымының күшi осы шешiмнiң негiзiнде жойылады.
"Бағалы қағаздар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгенге дейiн қоғам акцияларының эмиссиясы болмай қалды деп танылған жағдайда осы эмиссияның күшi қоғам акцияларының эмиссиясы болмай қалды деп тану туралы шешiмнiң негiзiнде жойылады.
Көрсетiлген жағдайларда қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (куәлiктердiң) және (немесе) ҰБН беру туралы куәлiктiң (куәлiктердiң), акциялар шығарылымының проспектiсiнiң түпнұсқаларын (егер осының алдында уәкiлеттi органға берiлген акциялар шығарылымы проспектiсi көзделмеген болса, онда бұл құжат ұсынылмайды) акция шығарылымының жойылғаны туралы хабарлама алған күннен бастап он күн iшiнде ұсынады.
Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

22. "Бағалы қағаздар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған құжаттар жоғалған жағдайда қоғам уәкiлеттi органға бұқаралық ақпарат құралдарында жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы жарияланған ақпараттың көшiрмесiн ұсынады.

23. Акциялар шығарылымын жою үшiн уәкiлеттi органға қоғам ұсынған құжаттар олар алынған күннен бастап он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады.

24. Акциялар шығарылымын жою үшiн ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган акциялар шығарылымын жояды және қоғамға осы Ереженiң 2-2-қосымшасына сай нысан бойынша акциялар шығарылымы жойылғандығы туралы хабарлама жiбередi.
Акциялар шығарылымы акциялар шығарылымының жойылғаны туралы куәлiкте көрсетiлген күннен бастап, бiрақ уәкiлеттi органның акциялар шығарылымын жою туралы шешiм қабылдаған күнiнен бастап он күннен аспайтын мерзiмде жойылады.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен , 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

24-1. Уәкiлеттi орган тұрақтандыру банкiнiң акциялары шығарылымының күшiн жою туралы шешiмдi уәкiлеттi органның тұрақтандыру банкiнiң қызметiн тоқтату туралы шешiмiнiң негiзiнде қабылдайды.
Ескерту. 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

5-тарау. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк
тiркеуден, акциялар шығарылымы проспектiсiне жасалған
өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу, акцияларды
орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден және
акциялар шығарылымын жоюдан бас тарту

25. Уәкiлеттi орган бас тарту себептерiн көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарында белгiленген жағдайларда жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден, акциялар шығарылымы проспектiсiне жасалған өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден және акциялар шығарылымын жоюдан бас тартады.

26. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден, акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуден, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден және акциялар шығарылымын жоюдан бас тартылған жағдайда қоғам уәкiлеттi органның ескертулерiн жояды және бас тарту алған күннен бастап екi ай iшiнде уәкiлеттi органға екiншi рет пысықталған құжаттарды тапсырады.
Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден бас тартқан жағдайда эмитент уәкiлеттi органға пысықталған есептi бас тартуды алған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде қайтадан ұсынады.
Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою үшiн құжаттарды қайтадан ұсынған кезде қарау мерзiмi қайтадан есептеледi.

6-тарау. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк
тiркеу, акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер
мен толықтыруларды тiркеу, акцияларды орналастыру
қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар
шығарылымын жою үшiн ұсынылған құжаттардың
мазмұны және ресiмдеу

27. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымының проспектiсiне (жарияланған акциялардың саны көбейген не түрi өзгерген жағдайда) өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою үшiн уәкiлеттi органға қоғам ұсынған (тұрақтандыру банкiн қоспағанда) өтiнiш және құжаттар өтiнiште (iлеспе хат) осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзiлiмiн ұстаушының мемлекетте осы қоғам акцияларының бар (жоқ) екенi туралы мөртабанының таңбасы болса, қарау үшiн қабылданады.
Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

28. Акциялар шығарылымының проспектiсi (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) акционерлiк қоғамы акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдiстемесiмен, қаржы есебiнiң көшiрмелерiмен, аудиторлық (аудиторлық) есептiң (есептердiң) көшiрмелерiмен және есеп саясаты жөнiндегi ақпаратпен бiрге тiгiледi, тiгiлген және нөмiрленген парақтардың саны туралы жазба жасалатын қағаз пломбамен бекiтiледi және қоғам мөрiнiң таңбасы қойылады.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымына дейiнгi кезеңде аяқталған қаржы жылы үшiн аудит жасалған қаржы есебi болмаған жағдайда қоғам уәкiлеттi органға соңғы аяқталған жылдың алдындағы екi жыл үшiн аудит жасалған қаржы есебiн ұсынады (аяқталған қаржы жылы үшiн аудит жасалған қаржы есебiн қоғам акционерлердiң жалпы жиналысы аудит жасалған жылдық қаржы есебiн бекiткен күннен бастап бiр ай iшiнде ұсынады).
Акциялар шығарылымының проспектiсiндегi мәлiметтер, акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды тапсыру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша көрсетiлетiн қоғамның қаржылық жай-күйi туралы ақпаратты (осы Ереженiң 1-қосымшасының 4 және 5-бөлiмдерiнде көрсетiлетiн) қоспағанда, уәкiлеттi органға құжаттарды тапсыру күнiнiң алдындағы айдың соңғы күнiне келтiрiледi.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен , өзгерту енгiзiлдi - 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

29. Қаржы ұйымдарын қоса алғанда, қоғамдар бухгалтерлiк баланстан, кiрiстер мен шығыстар туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен және меншiк капиталындағы өзгерiстер туралы есептен тұратын қаржылық есептi ұсынады. Жылдық қаржылық есепке түсiндiрме жазба қоса берiледi.

30. Қосымша (түзетiлген) құжаттар уәкiлеттi органға iлеспе хатпен ұсынылады. Iлеспе хатта уәкiлеттi органның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден, акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуден, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден және акциялар шығарылымын жоюдан бас тарту туралы хаттың шығыс нөмiрi мен күнi, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың тiзбесi көрсетiледi.

31. Егер осы Ережеде көшiрмелер бiрiншi басшының, бас бухгалтердiң қолымен және қоғам мөрiнiң таңбасымен бекiтiлген ұсыну белгiленбесе, қоғам құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады. Бұл ретте жарғы көшiрмесi нотариалды түрде куәландырылған болуы тиiс.
Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2008.11.28 N 181 Қаулыcымен.

32. Құжаттарда парақтар көп болған кезде әрбiр парақ расталады не құжат тiгiледi және тiгiстiң түйiнiне және параққа жартылай желiмделген қағаз пломбамен бекiтiледi. Бiрiншi басшының, бас бухгалтердiң қолдары және мөр таңбасы қағаз пломбаға жартылай, құжаттың парағына жартылай қойылуы тиiс.

33. Құжаттарда түсiнiксiз түзетулер, сызып тастаулар, тазалаулар, түзетiлген жерлер, қосымша жазулар (қосымша басулар) жасауға жол берiлмейдi. Түзету жасалған кезде сызып тасталған сөз анық оқылуы тиiс. Әрбiр түзету (толықтыру) түсiндiрiлуi тиiс, мысалы: "түзетiлген ... дұрыс", "қосымша жазылған...дұрыс", "сызып тасталған ...оқылмасын" деп берiлуi тиiс, құжатқа қол қойған тұлғалар растауы және қоғамның мөрiнiң таңбасымен расталуы тиiс.

7-тарау. Қорытынды ережелер

34. Уәкiлеттi орган бес жұмыс күнi iшiнде Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, қоғамның жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың тiзiлiмiн ұстаушыға осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша:
1) жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу;
2) акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу;
3) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту;
4) акциялар шығарылымын жою туралы хабарлама жiбередi.

35. Уәкiлеттi орган акциялар шығарылымының проспектiсi, сондай-ақ акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп шеңберiнде ұсынылған ақпаратты өзiнiң ресми Web-сайтында орналастыру арқылы не мүдделi тұлғалардың сұратуы бойынша ашып көрсетедi. Осы Ережеге сәйкес қоғамның уәкiлеттi органға электронды және қағаз тасымалдаушысында ұсынған құжаттардың мазмұны бiрдей болуы тиiс.

36. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою кезiнде уәкiлеттi орган берген құжаттардың түпнұсқалары жоғалған жағдайда қоғам баспасөз басылымдарында жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы ақпарат жариялау шартымен дубликат беру үшiн өтiнiш жасауға құқылы.

36-1. Акциялар шығарылымы проспектiсiнiң, акциялар шығарылымы проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулардың, акцияларды орналастыру қорытындысы бойынша есептiң түпнұсқалары жоғалған жағдайда қоғам аталған құжаттардың көшiрмелерiн беру туралы уәкiлеттi органға өтiнiш жасайды.
Ескерту. 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

37. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

Жарияланған акциялар шығарылымын
мемлекеттiк тiркеу, акцияларды
орналастыру қорытындылары туралы
есептi бекiту және акциялар
шығарылымын жою ережесiне
1-қосымша

Акциялар шығарылымының проспектiсi

Акциялар шығарылымының проспектiсiнiң мәтiнi акционерлiк қоғамның қаржы жағдайы мен қызметi туралы ақпараттан тұрады.

1. Акциялар шығарылымының проспектiсiнiң бiрiншi бетiнiң парағында:
1) құжаттың атауы: "Акциялар шығарылымының проспектiсi";
2) қоғамның толық және қысқартылған атауы;
3) Онда: "Уәкiлеттi органның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу проспектiсiнде жазылған акцияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да бiр ұсынымдар ұсынуды бiлдiредi. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы құжаттағы ақпараттың шынайылығына жауап бермейдi. Акциялар шығарылымының проспектiсi Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келуi үшiн ғана қаралды. Акционерлiк қоғамның лауазымды тұлғасы осы проспектiдегi ақпараттың шынайылығына жауап бередi және онда ұсынылған барлық ақпараттың дұрыстығын және қоғамға және оның орналастыратын акцияларына қатысты инвесторларды шатастырмайтындығын растайды" деген жазба болады.
Акциялар шығарылымы проспектiсiнiң мәтiнi:

1. Акционерлiк қоғам туралы жалпы мәлiметтер

2. Акционерлiк қоғамның атауы.
Осы тармақта акционерлiк қоғамның толық және қысқартылған атауы көрсетiлуi қажет.
Егер акционерлiк қоғамның жарғысында оның шет тiлiнде толық және қысқарған атауы көзделген болса, онда осындай атауды қосымша көрсету керек.
Акционерлiк қоғамның атауы өзгерген жағдайда оның бұрынғы толық және қысқарған атаулары, сондай-ақ оның өзгерген күнi көрсетiледi.
Егер акционерлiк қоғам заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) қайта ұйымдасуы нәтижесiнде құрылған болса, онда қайта ұйымдасқан заңды тұлға және акционерлiк қоғамға қатысты құқықтық иеленушiлiк туралы мәлiмет көрсетiлуге тиiс.

3. Акционерлiк қоғамды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiмет.
Осы тармақта акционерлiк қоғамды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) күнi және куәлiгiнiң нөмiрi, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi (қайта тiркеудi) жүзеге асырған органның атауы көрсетiлуi қажет.

РҚАО-ның ескертпесi!
4-тармақты алып тастау көзделген - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2007.05.28 N 155 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
4. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi.

5. Акционерлiк қоғамның орналасқан жерi, байланыс телефоны мен факстың нөмiрi, электронды почтаның мекен-жайы туралы ақпарат.

6. Акционерлiк қоғамның банктiк деректемелерi.

7. Акционерлiк қоғам қызметiнiң түрлерi.

8. Акционерлiк қоғамға немесе олар шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтинг агенттiктерi және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтинг агенттiктерi берген рейтингтердiң болуы туралы мәлiмет. Қаржылық агенттiң мәртебесi берiлгендiгi туралы мәлiмет.

9. Акционерлiк қоғамның барлық филиалдары мен өкiлеттiктерiнiң атауы, тiркелген күнi, орналасқан жерi және почталық мекен-жайлары.

10. Акционерлiк қоғамның соңғы аяқталған үш қаржы жылдың қаржылық есебiне аудиттi жүзеге асыратын (жүзеге асырған) аудиторлық ұйымдардың, олардың тиiстi коллегияларға (қауымдастықтарға, палаталарға) тиiстiлiгiн көрсете отырып, толық ресми атауын көрсету (аудитордың аты-жөнi, бар болса - әкесiнiң аты).
Тиiстi коллегияларға (қауымдастықтарға, палаталарға) тиiстiлiгiн көрсете отырып, соңғы аяқталған үш қаржы жыл iшiнде тиiстi қызмет көрсету шарттары жасалған заң және қаржы мәселелерi жөнiндегi консультанттардың толық ресми атауы.
Егер жоғарыда аталған тұлғалармен шарттардың бұзылуы орын алған жағдайда, тараптардың қайсысы бастамашы болғаны жөнiндегi ақпаратты көрсете отырып, шарттың бұзылу себептерi туралы ақпаратты ұсыну қажет.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

11. Қоғам корпоративтiк басқару кодексiн қабылдаған күнi (егер оның қабылдануы қоғам жарғысында көзделген жағдайда).
11-1. Акцияларды қоғам сатып алған кезде акциялар құнын анықтау әдiстемесiн акционерлердiң жалпы жиналысы немесе құрылтай жиналысы бекiткен күн.
Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2008.11.28 N 181 Қаулыcымен.

2. Қоғамның органдары және құрылтайшылары (акционерлерi)

12. Акционерлiк қоғамның директорлар кеңесi.
Осы тармақта:
1) қоғамның директорлар кеңесi төрағасының және мүшелерiнiң аты-жөнi, бар болса - әкесiнiң аты, туған жылы (тәуелсiз директорды (-ларды) көрсете отырып);
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалардың хронологиялық тәртiппен берiлген соңғы үш жылда және қазiргi уақытта атқаратын лауазымы, оның iшiнде қоса атқаратын қызметi және олардың қызметтерiне кiрiсу күнi;
3) директорлар кеңесi мүшелерiне тиесiлi дауыс беретiн акцияларының қоғамның дауыс беретiн акцияларының жалпы санына пайыздық ара қатынасы;
4) еншiлес және тәуелдi ұйымдардың директорлар кеңесi мүшелерiне тиесiлi акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесiнiң) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталдағы үлесiнiң) жалпы санымен проценттiк ара қатынасы;
5) соңғы екi жыл iшiндегi директорлар кеңесi құрамының өзгеруi және көрсетiлген өзгерiстердiң себептерi.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

12-1. Қоғамның директорлар кеңесiнiң комитеттерi (болған жағдайда).
Осы тармақта қоғамның директорлар кеңесi комитетiнiң (комитеттерiнiң) атауы (атаулары), оның (олардың) құзыретi көрсетiлуi тиiс.
Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

12-2. Тұрақтандыру банкi банктi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын уәкiлеттi тұлғаны (уәкiлеттi тұлғаларды) көрсетедi.
Ескерту. 12-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

12-3. Iшкi аудит қызметi (егер ол бар болса).
Осы тармақта:
1) акционерлiк қоғамының iшкi аудит қызметi басшысының аты-жөнi, бар болса - әкесiнiң аты, туған жылы не iшкi аудит қызметi әр қызметкерлерiнiң аты-жөнi, бар болса - әкесiнiң аты, туған жылы;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалардың өкiлеттiктерiн көрсете отырып хронологиялық тәртiппен соңғы үш жылда және қазiргi уақытта атқаратын лауазымы, оның iшiнде қоса атқаратын қызметi және олардың қызметтерiне кiрiсу күнi көрсетiлу тиiс.
Ескерту. 12-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

13. Акционерлiк қоғамның алқалы (жеке дара) атқарушы органы.
Осы тармақта:
1) акционерлiк қоғамның жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөнi, бар болса - әкесiнiң аты не акционерлiк қоғамның алқалы атқару органының әрбiр мүшесiнiң, оның iшiнде басқарма төрағасының аты-жөнi, бар болса - әкесiнiң аты;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалардың өкiлеттiктерiн көрсете отырып хронологиялық тәртiппен соңғы үш жылда және қазiргi уақытта атқаратын лауазымы, оның iшiнде қоса атқаратын қызметi және олардың қызметтерiне кiрiсу күнi;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларға тиесiлi дауыс беретiн акциялардың қоғамның дауыс беретiн акциялардың жалпы санына пайыздық ара қатынасы.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

14. Қоғамның осы проспектiсiнiң 12 және 13-тармақтарында көрсетiлген тұлғаларға соңғы қаржы жылында берiлген және төленген сыйақы мен жалақының, сондай-ақ жеңiлдiктердiң жалпы сомасы.
Егер, акционерлiк қоғам акциялар шығару туралы шешiм қабылданған күнге дейiн үш және одан да көп айда құрылған жағдайда, сыйақының (ақшалай, бағалы қағаздармен немесе қандай да бiр басқа нысанда) және соңғы үш айда осы Қосымшаның 12 және 13-тармақтарында көрсетiлген тұлғалардың (тұлғалардың тобы ретiнде) акционерлiк қоғамнан алған жалақысының жалпы мөлшерiн көрсету қажет.

15. Акционерлiк қоғамның ұйымдық құрылымы.
Осы тармақта:
1) акционерлiк қоғамның құрылымдық бөлiмшелерi;
2) акционерлiк қоғам қызметкерлерiнiң, оның iшiнде акционерлiк қоғам филиалдары мен өкiлеттiктерi қызметкерлерiнiң жалпы саны;
3) акционерлiк қоғамның акцияларын иеленетiн акционерлiк қоғамның қызметкерлерiнiң жалпы саны және олардың процентпен орналастырылған акциялардың жалпы санындағы жиынтық үлесi;
4) акционерлiк қоғам бөлiмшелерiнiң басшылары туралы мәлiмет (аты-жөнi, бар болса - әкесiнiң аты, туған жылы);
5) филиалдар мен өкiлдiктердiң басшылары туралы мәлiмет (аты-жөнi, бар болса - әкесiнiң аты, туған жылы).

16. Акционерлiк қоғамның құрылтайшылары (акционерлерi).
Осы тармақта құрылтайшы (құрылтайшылар) алдын ала төлеген акциялар санын және түрiн (түрлерiн) немесе қоғамның орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызын иеленетiн акционерлерге тиесiлi дауыс беретiн акциялардың пайыздық ара қатынасын көрсету қажет, егер акционер заңды тұлға болса осы заңды тұлғаның iрi акционерлерi туралы мәлiметтердi де көрсету тиiс.
Мәлiметтерде жеке тұлға - акционердiң немесе құрылтайшының аты-жөнi, болса әкесiнiң аты, туған жылы және заңды тұлға - акционердiң немесе құрылтайшының толық атауы, орналасқан жерi, қоғамның орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызын иелене бастаған күнi болуы тиiс.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

17. Қоғам iрi акционерi болып табылатын не ұйымның жарғылық капиталында он және одан да көп пайызымен үлесi бар ұйымдар туралы мәлiметтер.
Мәлiметтерде заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жерi, қоғамға, ұйымның орналастырылған акцияларының жалпы санына акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесi) пайыздық ара қатынасы, қызмет түрi, қоғамның iрi акционер бола бастаған не ұйымның жарғылық капиталында он және одан да көп пайызы үлесiмен иелене бастаған күнi және бiрiншi басшысы туралы ақпарат болуға тиiс.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

18. Қоғам қатынасатын өнеркәсiптiк, банктiк, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.
Осы тармақта көрсетiлген ұйымдардың толық және қысқартылған атауы, орналасқан жерi көрсетiлуi тиiс.

19. Акционерлiк қоғамның басқа аффилиирленген тұлғалары туралы мәлiмет.
Осы тармақта осы Қосымшаның 12-18-тармақтарында көрсетiлмеген, бiрақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес акционерлiк қоғамның аффилиирленген тұлғалары болып табылатын барлық тұлғалар туралы мәлiметтердi оларды аффилиирленген тұлғаларға жатқызу үшiн негiздердi көрсете отырып аффилиирленгендiгi туындай бастаған күнiн көрсету қажет.
Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2006.03.25 N 73, 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

20. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларымен жасалатын мәмiлелер.
Осы тармақта осы шешiмдi қабылдаған қоғамның органын көрсете отырып қоғамның аффилиирленген тұлғаларымен жасалған мәмiлелер туралы ақпаратты; мәмiленiң жасалған күнi; мәмiленiң тараптары болып табылатын заңды тұлғаның атауын және/немесе жеке тұлғаның аты-жөнiн, бар болса - әкесiнiң атын; мәмiле сомасын және мәнiн көрсету қажет.

3. Акционерлiк қоғам қызметiнiң сипаты

21. Акционерлiк қоғам қызметiнiң негiзгi түрлерiнiң қысқаша сипаты, акционерлiк қоғамдарға бәсекелес болып табылатын ұйымдар туралы мәлiметтер.

22. Акционерлiк қоғам қызметiнiң негiзгi түрлерi бойынша сату (жұмыс, қызмет көрсету) кiрiстiлiгiне оң және терiс әсер ететiн факторлар.

23. Қоғамның қолындағы лицензиялар (патенттер) және олардың қолдану кезеңi, зерттеулер мен әзiрлеуге, оның iшiнде қоғам демейтiн зерттеу әзiрлеулерiне шығатын шығындар туралы ақпарат.

24. Соңғы екi жыл немесе акционерлiк қоғам нақты жұмыс iстейтiн кезең iшiнде сатылған өнiмдердiң (орындалған жұмыстың, қызмет көрсетудiң) көлемi.
Соңғы екi жыл iшiндегi немесе акционерлiк қоғамның нақты жұмыс iстеп отырған кезеңi iшiндегi шығарылған өнiмдерiнiң (орындалған жұмыс, қызмет) көлемiнiң өзгеруiн талдау (Мысалы, соңғы екi жыл iшiнде өнiмдердi шығару 1 %-ке өстi, ол - 30 миллион теңге).

25. Өз өнiмдерiн (жұмыстар, қызмет) сатуды ұйымдастырудағы қоғамның қызметi.
Осы тармақта қоғамның тауарларын (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) жеткiзушiлерi мен тұтынушылары туралы мәлiметтердi, олар шығаратын немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) жалпы құнының бес және одан астам процентiн құрайтын көлемде көрсету қажет.

26. Акционерлiк қоғамның қызметiне әсер ететiн факторлар:
1) қызметтiң маусымдық сипаты бар түрлерi, олардың акционерлiк қоғамның жалпы кiрiсiндегi үлесi;
2) акционерлiк қоғамға жеткiзiлетiн (көрсетiлетiн) шикiзаттағы (жұмыстардағы, қызмет көрсетулердегi) импорттың үлесi және сатылатын өнiмнiң жалпы көлемiндегi экспорттағы акционерлiк қоғам сататын өнiмнiң (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) үлесi;
3) сот процестерiндегi акционерлiк қоғамның қатысуы туралы мәлiмет. Оның қатысуымен сот процестерi мәнiнiң сипаттамасын ұсыну қажет, оның нәтижелерi бойынша акционерлiк қоғамның қызметi тоқтатылуы немесе өзгеруi, одан ақшалай және өзге мiндеттемелер өндiрiлiп алынуы мүмкiн;
4) акционерлiк қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына соңғы жыл iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және (немесе) сот салған барлық әкiмшiлiк жазалар туралы мәлiметтер;
5) тәуекел факторлары.
Тәуекелдердiң мынадай толық талдауын ұсыну қажет:
бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында немесе биржадан тыс рынокта акциялардың бағасына, сондай-ақ рынокта өнiм құнының өзгеруiне, қоғамның акцияларының құнына әсер ететiн;
инфляцияға, құнсыздануға және банктiк проценттердiң ставкасына байланысты;
шығарылатын өнiмнiң бәсекелiк қабiлетiне байланысты;
елдегi саяси ахуалдың өзгеруiне және заңдардың өзгеруiне байланысты;
әлеуметтiк факторларға байланысты.

4. Қоғамның қаржылық жай-күйi

27. Инвестициялар.
Басқа ұйымдардың капиталына ұзақ мерзiмдi инвестициялар, сатып алынған күнiн көрсете отырып, бағалы қағаздар портфелiнiң құрылымы туралы мәлiметтер, басқа инвестициялар ашылып көрсетiледi.
Қоғамның инвестициялық портфельдi басқару, басқа ұйымдардың атауы мен орналасқан жерiн көрсете отырып, олардың капиталына қатысуы жөнiндегi стратегияның қысқаша сипаттамасын келтiру қажет.

28. Дебиторлық берешек.
Осы тармақта:
1) акционерлiк қоғамның алдында ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi қоғам активтерiнiң баланстық құнының бес және одан астам процентi мөлшерiнде дебиторлық берешегi бар ұйымдардың атауы және олардың орналасқан жерi;
2) дебиторлық берешектi өтеу мерзiмдерi жөнiндегi ақпарат;
3) жақын арадағы он екi ай iшiнде өтелетiн сомалар тоқсанға бөлiнедi, қалған сомалар жылдарға бөлiнiп көрсетiледi.

29. Активтер.
Осы тармақта құны қоғам активтерiнiң баланстық құнының бес және одан астам пайызын құрайтын қоғам мүлкiнiң сипатын көрсету қажет. Сондай-ақ эмитент мiндеттемелерiнiң қамтамасыз етуi болып табылатын және де әр активтiң құны және тиiстi шарттардың қолданысы аяқталған күнi көрсетiлген сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген эмитент активтерi туралы мәлiметтер көрсетiлу тиiс.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

30. Қоғамның жарғылық және меншiктi капиталы туралы мәлiметтер.

31. Заемдар.
Осы тармақта қолданыстағы облигацияларды, банктiк заемдарды және кредиттiк желiлердi шығару туралы ақпарат ашылады. Заемдар туралы ақпарат мiндеттемелердiң валюта бөлiгiнде және оларды орындау мерзiмдерi бойынша баяндалады. Валюта түрлерi бойынша жылдық өлшемде орташа проценттiк ставка, жақын арадағы он екi ай iшiнде өтелетiн сомалар тоқсанға бөлiнедi, қалған сомалар жылдарға бөлiнiп көрсетiледi.

32. Қоғамның негiзгi қызметiн жүзеге асыруға байланысты кредиторлық берешекте (жеткiзушiлер алдындағы берешек, алынған аванстар):
1) қоғамның алдында қоғамның баланс активтерi құнының бес және одан астам процентi мөлшерiнде берешегi бар ұйымдардың атауы және орналасқан жерi және берешек сомасы көрсетiледi;
2) кредиторлық берешектердi өтеу мерзiмдерi бойынша; жақын арадағы он екi ай iшiнде өтелетiн сомалар тоқсанға бөлiнедi, қалған сомалар жылдарға бөлiнiп көрсетiледi.

5. Қаржылық ұйымдардың қаржылық жағдайы

33. Банкаралық заемдар (банктер толтырады).
Осы тармақта банкаралық заемдар рыногындағы акционерлiк қоғамдар позицияларының сипатын көрсету қажет.

34. Салымдар (банктер толтырады).
Осы тармақта депозиттiк базаны сипаттау қажет, оның iшiнде:
1) заңды және жеке тұлғалардың салымдары бөлiгiнде және мерзiмдi салымдар мен талап ету бойынша салымдар бөлiгiндегi салымдардың өсу динамикасы;
2) тартылған салымдардың валюта бөлiгiндегi салымдар бойынша орташа сыйақылар;
3) заңды және жеке тұлғалардың салымдары бойынша бөлек салымдардың уақытша құрылымы (кредиторлық берешектердi өтеу мерзiмдерi жақын арадағы он екi ай iшiнде өтелетiн сомалар тоқсанға, қалған сомалар жылдарға бөлiнiп көрсетiледi);
4) соңғы үш жыл iшiндегi валюта түрлерi бойынша салымдар бойынша бөлек дебет және кредит айналымдары.

35. Шет мемлекет заңдарына сәйкес облигациялардың қолданылып жүрген шығарылым құрылымының сипаттамасы (орналастырылған, өтелген және сатып алынған облигациялар саны, есептелген купондар, сондай-ақ соңғы үш жылдағы (мерзiмiнен бұрын өтелген) облигациялар туралы мәлiметтер).

36. Акционерлiк қоғам активтерiнiң бес процентiнен асатын қолданылып жүрген халықаралық заемдарының (сомасы, өтеу кестесi, сыйақы мөлшерi) шарттары туралы және соңғы үш жылдағы оның активтерiнiң бес процентiнен асатын тартылған және орындалған халықаралық заемдар туралы мәлiмет.

37. Акционерлiк қоғамдағы басқа ұйымдардан алынған, олардың атауы, мекен-жайы, кредит сомасы, сыйақы сомасы, өтелуi және мақсатты пайдаланылуы көрсетiлген ашық кредиттiк желiлер туралы мәлiмет.

38. Қаржы нәтижелерiн талдау.
Осы тармақта соңғы екi жылдағы аса маңызды қаржы көрсеткiштерiне талдау келтiрiледi: сатылған өнiмдердiң (көрсетiлген жұмыстар, қызметтер) көлемi, таза кiрiс, проценттiк және процентсiз кiрiстер мен шығыстар. Аталған көрсеткiштердiң таяудағы жылдағы орындалуы туралы болжам ұсынылады.

39. Соңғы екi жылдағы кiрiстер мен шығыстардың құрылымы.

40. Акционерлiк қоғамның пiкiрi бойынша аса маңызды болып табылатын және қоғам қызметiн сипаттайтын қаржы коэффициенттерiнiң есебi.

41. Акциялар шығарылымының проспектiсiнiң күнiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген пруденциалдық нормативтер мен орындалуы мiндеттi басқа нормалар мен лимиттердiң маңызы.

42. Қоғамның акция шығару туралы шешiмi қабылданғанға дейiнгi соңғы алты ай iшiнде берiлген кепiлдiктердiң көлемi мен саны.

43. Бұрын берiлген кепiлдiктер, сот талаптары нәтижесiнде пайда болуы мүмкiн акционерлiк қоғамның ықтимал мiндеттемелерiне қатысты өзге де ақпарат.

6. Бағалы қағаздардың шығарылымдары туралы мәлiметтер
(акциялар шығарылымы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шiлдедегi Заңы қабылданғанға дейiн тiркелген қоғамдар үшiн)

Ескерту. 6-тараудың атауына өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2006.03.25 N 73 қаулысымен .

44. Барлық тiркелген бағалы қағаздар шығарылымдарына қатысты:
1) бағалы қағаздардың әрбiр шығарылымының жалпы саны, түрi және әрбiр шығарылымдағы бағалы қағаздың номиналдық құны, шығарылым нысаны, сондай-ақ бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған орган, бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу нөмiрi және бағалы қағаздарды тiркеу күнi. Акциялар шығарылымы жойылған жағдайда - жойылған күнi және осы шешiмдi қабылдаудың себебi;
2) алынып тасталды ;
3) бағалы қағаздарды орналастыру күнiнiң басталуы және аяқталуы;
4) Аукциондар немесе жазылымдар өткiзу шарттары мен тәртiбi туралы iшкi құжаттарды қабылдау күнi;
5) қоғамның бағалы қағаздар ұстаушыларының алдында өз мiндеттемелерiн орындамауы, облигациялар бойынша сыйақыларды төлемеуi (төлемдi кешiктiруi), жай және артықшылықты акциялар бойынша төлемеуi (төлемдi кешiктiруi), орындалмаған мiндеттемелердiң мөлшерi және оларды орындаудың мерзiмi өткен күнi туралы ақпаратты әрбiр жыл және акциялар түрi бөлiгiнде орындауды көрсетудi қоса алғандағы фактiлер туралы мәлiметтер. Дивидендтердi есептеу және төлеу бойынша берешектер болған жағдайда қоғамның аталған берешектi өтеу үшiн қабылдаған шараларын көрсету;
6) бағалы қағаздарды орналастыру немесе айналысқа жiберу уақытша тоқтатылған немесе бағалы қағаздар шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайларда осы шешiмдi қабылдаған мемлекеттiк орган шешiм қабылданған күндi және оның негiздемесiн көрсетуi тиiс;
7) облигациялар бойынша төлемдердiң өтеу күнi және жалпы мөлшерi облигацияларды орналастыру нәтижесiнде тартылған ақша сомасын көрсете отырып көрсетiледi;
8) бiр акцияға (жай, артықшылықты) есептелген және төленген дивидендтiң сомасы және соңғы екi қаржы жылының iшiндегi әрбiр жыл үшiн әрбiр акция түрi үшiн дивидендтiң жалпы сомасы;
9) сауда-саттық ұйымдастырушыларының атауын қоса алғанда, қоғамның бағалы қағаздарымен сауданы ұйымдастыратын және ұйымдастырмайтын рыноктарында орналасқан бағалы қағаздар санын көрсеткендегi бағалы қағаздармен сауда жасалатын негiзгi рыноктар.
Ескерту: 44-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 , 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

44-1. Егер қоғамның акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста болған жағдайда, жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшiн, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екi жыл үшiн, акциялар шығарылымының проспектiсi шыққан күннен бастап соңғы алты ай үшiн акциялардың ең жоғары және ең төмен нарықтық бағасы туралы мәлiметтердi көрсету қажет.
Акциялардың баланстық құнының тарихы туралы ақпаратта жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшiн, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екi жыл үшiн, акцияларды орналастыру аяқталған күнге дейiн соңғы алты ай үшiн (айдың 1-шi күнiне) акциялардың баланстық құны туралы мәлiметтер болуы тиiс.
Ескерту. 44-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2006.03.25 N 73 , 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

7. Жарияланған акцияларды шығару туралы мәлiмет

45. Акциялар туралы мәлiмет:
1) жарияланған акциялардың саны, түрлерi;
2) құрылтайшылар арасында орналастырылған (орналастырылатын) акциялардың саны, түрлерi;
3) құрылтайшылар төлейтiн бiр акцияның нақты құны;
4) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтiң кепiлдiк берiлген мөлшерi.
Ескерту. 45-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

45-1. Тұрақтандыру банкiнiң жарияланған акцияларының саны, түрлерi, номиналдық құны туралы мәлiметтер (тұрақтандыру банкi толтырады).
Ескерту. 45-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

46. Қоғамның айырбасталатын бағалы қағаздары.
Айырбасталатын акциялар шығарған жағдайда осындай айырбастың тәртiбi мен шарты көрсетiледi.

47. Төлем жасаушы агент туралы мәлiмет.
Төлем жасаушы агенттiң атауын толық және қысқарған түрде беру, оның орналасқан жерiн, байланыс телефонын, төлем жасаушы агентпен жасалған шарттың күнi және нөмiрiн беру.

48. Акционерлiк қоғамның тiркеушiсi туралы мәлiмет.
Тiркеушiнiң толық және қысқартылған атауы, оның орналасқан жерi, байланыс телефоны, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының тiзiлiмiн жүргiзу бойынша қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензиясы (нөмiрi, берiлген күнi, лицензияны берген орган) туралы деректердi көрсетедi.

8. Қосымша ережелер

49. <*>
Ескерту. 49-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2008.11.28 N 181 Қаулысымен.

50. Инвесторларға арналған ақпарат.
Инвесторлардың қоғам жарғысының және акция шығару проспектiсiнiң көшiрмесiмен, осы құжаттарға енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар, сондай-ақ қоғам қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдарының атауы туралы мәлiметтермен танысуға болатын орын туралы ақпарат қоғам жарғысына сәйкес көрсетiледi.
Ескерту. 50-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2008.11.28 N 181, 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулыларымен.

51. Акцияларды шығару проспектiсiне бiрiншi басшы, бас бухгалтер, қол қояды және қоғамның мөрiмен куәландырылады.
Тұрақтандыру банкiнiң акциялар шығарылымының проспектiсiне уәкiлеттi органның шешiмiне сәйкес тұрақтандыру банкiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiк берiлген тұлға қол қояды және қоғамның мөрiмен расталады.
Уәкiлеттi органның банктiң акциялар шығарылымы проспектiсiне Банктер туралы Заң ның 17-2-бабы негiзiнде жарияланған акциялардың саны өскен жағдайларындағы енгiзген өзгерiстерi мен толықтыруларына
уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы не оның орынбасары қол қояды және ол мөрмен расталады.
Ескерту. 51-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2008.10.29 N 161, 2011.02.28 № 17 (ҚР ӘМ мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

52. Тұрақтандыру банкi акциялар шығарылымы проспектiсiнiң 8, 9, 10, 11-1, 12, 12-1, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 24, 25, 26, 27, 30, 38, 39, 40, 41, 42, 44, 44-1, 45, 46, 47-тармақтарын толтырмайды.
Ескерту. 52-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2009.08.05. N 178 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Жарияланған акциялар шығарылымын
мемлекеттiк тiркеу, акцияларды
орналастыру қорытындылары туралы
есептi бекiту және акциялар
шығарылымын жою ережесiне
1-1-қосымша

Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының
2006.03.25 N 73 ; өзгерту енгiзiлдi - 2009.04.29 N 89 (қолданысқа
енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы
куәлiк

"____" __________ 200__ жыл Алматы қаласы N ____

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттiгi ___________________________________тiркеген
(заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктi
берген органның атауы, берiлген күнi, айы, жылы және нөмiрi)
____________________________________________ акционерлiк қоғамның
(заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке
сай қоғамның атауы мен мекен-жайы)
жарияланған акцияларының шығаралымын мемлекеттiк тiркеуге алды.

Шығарылым ___________________________________ акцияларға бөлiнген
(акциялардың саны цифрмен және жазбаша, акциялар түрi)
әрi оларға _________________ ұлттық бiрегейлендiру нөмiрi берiлген.

Шығарылым _________________ нөмiрмен эмиссиялық бағалы қағаздардың
Мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлдi.

Шығарылым туралы қосымша ақпарат:
___________________________________________________________________.

Куәлiкке қол қойған адамның фамилиясы, аты, әкесiнiң аты және
лауазымы, қолы, мөрi.

Жарияланған акциялар шығарылымын
мемлекеттiк тiркеу, акцияларды
орналастыру қорытындылары туралы
есептi бекiту және акциялар
шығарылымын жою ережесiне
2-қосымша

Акцияларды орналастыру қорытындылары бойынша
ЕСЕП

1. Қоғамның атауы және оның орналасқан жерi.

1-1. Қоғамның мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтер.
Осы тармақта қоғамның мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнiң күнi және нөмiрi, сондай-ақ оның мемлекеттiк тiркеуiн (қайта тiркеуiн) жүзеге асырған органның атауы көрсетiлуi тиiс.
Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

2. Жарияланған акциялар шығарылымының мемлекеттiк тiркелген (жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң ауыстырылған) күнi және шығарылымды мемлекеттiк тiркеу нөмiрi.

3. Қаржылық есептiң деректерiне сай қоғамның жарғылық және меншiктi капиталы туралы мәлiметтер.

4. Қоғам акцияларды орналастыру инвесторлардың шектеусiз аясының ортасы туралы хабарламаларды орналастырған бұқаралық ақпарат құралдарының атауы және осы хабарламалар шыққан күнi көрсетiледi.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

4-1. Қоғам өзiнiң акционерлерiне олардың қоғамның акцияларын артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын акцияларды сатып алу ұсынысын қоғамның жарғысында көрсетiлген мына тәсiлдердiң бiреуiмен жеткiзгенi туралы ақпарат:
1) хабарламаны беру күнiн көрсете отырып жеке жазбаша хабарлама жiберу арқылы;
2) көрсетiлген ұсынысты бұқаралық ақпарат құралдарының атауын және жарияланған күнiн көрсетуiмен бұқаралық ақпараттар құралдарында жариялау арқылы.
Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

5. Акциялар туралы мәлiметтер:
1) жарияланған акциялардың жалпы саны, оның iшiнде:
жай акциялар ____________________________;
артықшылықты акциялар ____________________;
2) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтiң кепiлдiк берiлген мөлшерi;
3) егер акциялар айырбасталған болса, айырбастау тәртiбiн және айырбасталған акциялардың санын көрсету қажет.

6. Аукциондарды немесе жазылуды өткiзу шарттары мен тәртiбi туралы iшкi құжаттың қабылданған және бекiтiлген күнi туралы мәлiметтер және осы тәртiпке қойылатын негiзгi талаптар.

7. Егер қоғамның акциялары қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген болса, олардың енгiзiлген күнiн көрсету қажет.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

8. Акцияларды орналастыру туралы мәлiметтер:
1) акцияларды орналастырудың есептi кезеңiнiң басталу күнi және орналастырудың есептi кезеңiнiң аяқталу күнi;
2) акцияларды орналастырудың осының алдындағы әрбiр есептi аралық үшiн орналастыру кезеңiн, орналастырылған акциялар санын және оларды жеке төлеу сомасын, сондай-ақ акцияларды орналастырмау туралы ақпарат жөнiнде мәлiмет қабылдау күнiн көрсете отырып, осының алдындағы есептi (есептердi) бекiту күнi;
3) қоғамның директорлар кеңесiнiң (Банктер туралы Заңның 17-2-бабы негiзiнде жарияланған акциялар санын өсiру жағдайын қоспағанда) акциялардың есептi кезеңдегi орналастырылу санын және олардың орналасу бағасын белгiлеу туралы шешiм қабылдаған күнi;
3-1) Банктер туралы Заң ның 17-2-бабы негiзiнде банктiң жарияланған акцияларын сатып алу туралы Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң шешiмiн қабылдаған күн;
4) есептi кезеңде орналастырылған акциялардың және олардың түрлерi бөлiгiнде орналастырылмаған акциялардың саны;
5) бiр жай және артықшылықты акцияны сатып алу бағасын, акцияларды сатып алу туралы шешiм қабылданған күнiн, сондай-ақ қоғам орналастырылған акцияларды (сатып алудың әрбiр түрi бойынша жеке) сатып алуға шеккен шығыстарын көрсете отырып қоғамның бастамасы және/немесе акционерлердiң талабы бойынша есептi кезеңнiң аяқталу күнiне сатып алынған акциялардың саны.
Қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдiстемесiн акционерлердiң жалпы жиналысы немесе құрылтай жиналысы бекiткен күнi.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2008.10.29. N 161, 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

9. Акцияларды орналастыру (сату) тәсiлдерi акцияларды орналастыру есептi кезеңiнде:
1) ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықтарында жазылу арқылы:
құрылтайшылар (жаңадан құрылған қоғамдар үшiн) арасында акциялардың түрiн, санын, акциялардың номиналдық құнын және төлем сомасын көрсету арқылы;
туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттiң аумағында орналастыру арқылы (туынды бағалы қағаздардың атауын, туынды бағалы қағаздарды орналастыру арқылы орналастырылған акциялар санын, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында сатып алуға ұсынылған акциялар санын, туынды бағалы қағаздардың орналастырылуы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған мемлекеттiң атауын көрсетуiмен);
акциялардың түрiн, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып артықшылықпен сатып алу құқығы бойынша;
акциялардың түрiн, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып талаптарды есепке алу арқылы эмитент кредиторлары арасында;
акциялардың түрiн, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып өзге инвесторлар арасында орналастыру арқылы;
2) аукцион арқылы:
акциялардың түрiн, санын, жалпы ақы төлеу сомасын, алғашқы және соңғы сауда-саттықтарды өткiзу күнiн көрсете отырып ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында, есептi кезеңде бiр акцияны сауда-саттықта орналастырудың ең аз және ең жоғары бағасы, есептi кезеңдегi бiр жай және артықшылықты акцияның нарықтық құны (егер ол есептелген болса) көрсетiледi;
аукционды өткiзу күнiн, акциялардың түрiн, санын және ақы төлеудiң жалпы сомасын көрсете отырып ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

10. Акциялардың санын және төлем сомасын көрсете отырып оларға ақы төлеу тәсiлi:
1) ақшалай (құрылтайшылардың (инвесторлардың) акцияларды төлеуiн растайтын төлем құжатының (төлем құжаттарының) деректемелерi, төлем сомасы және төлеушiнiң атауы көрсетiлуi тиiс);
2) бағалы қағаздармен (бағалы қағаздар эмитентiнiң атауын, оның мекен-жайын, бағалы қағаздардың ұлттық бiрдейлендiру нөмiрiн және олардың санын, бағалау актiсiн кiм дайындағанын, оның жасалған күнiн және бағалау сомасын көрсету қажет);
3) зияткерлiк қызметтiң нәтижесiне құқығымен (зияткерлiк меншiктi бағалау актiсiн кiм дайындағанын, оның жасалған күнiн, бағалау сомасын, зияткерлiк меншiктi қабылдау - өткiзу актiсi туралы мәлiметтердi көрсету қажет);
4) кредитор алдында берешектi өтеу шарты бойынша (кредитордың қай органы акцияларды төлеу есебiнен берешектi өтеу туралы шешiм қабылдағаны және бұл шешiмнiң қабылданған күнi, берешектi салыстырып тексеру актiсi, талап ету құқығын бағалау актiсiн кiм дайындағанын, оны жасаған күнiн, бағалау сомасын көрсету қажет);
5) қоғамның таза кiрiсiн бөлу есебiнен (тиiстi шешiм қабылданған акционерлердiң жиналысы өткен күнiн, акцияларға ақы төлеуге жұмсалған кiрiс сомасын, бюджетке төлеген салық сомасын көрсету қажет);
6) басқа да мүлiктiк құқықтармен (бағалау актiсiн кiм дайындағанын, оның жасалған күнiн, бағалау сомасын, мүлiктi қабылдау - өткiзу актiсiн көрсету қажет);
7) өзге де тәсiлмен.
Қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген құжаттардың деректемелерiн көрсету қажет.
Акциялар төлеуiне мүлiктiк құқықтарды және өзге мүлiктi енгiзген жағдайда тиiстi лицензиясы бар бағалаушының осы мүлiктiң бағалауы туралы есептiң күнi осы мүлiктi акциялар төлеуiне енгiзген күнге дейiн алты айдан кешiктiрмей көрсетiлуi тиiс.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

10-1. Қоғам акциялары шығарылымының андеррайтерлерi (эмиссиялық консорциумдар) туралы ақпарат.
Осы тармақта:
1) бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысының атауы, андеррайтердiң қызметiн көрсетуге қоғам жасаған шарттың күнi және нөмiрi туралы, сондай-ақ эмиссиялық консорциумның қатысушылары туралы;
1-1) андеррайтердiң акцияларды орналастыру тәсiлi туралы;
2) андеррайтерлерге немесе орналастырудың басқа қатысушыларына, өкiлдерге орналастырудың жалпы көлемiнен пайыздық көрсетiлiмде және орналастырылатын әрбiр акцияға төленген (төленетiн) комиссиялық сыйақылар туралы, сондай-ақ шығыстар туралы басқа мәлiметтер;
3) шығаруға, орналастыруға және листингке енгiзуге шығатын шығындардың негiзгi санаттары туралы. Көрсетiлген шығындарды эмитенттiң өзi төлемеген жағдайда, оларды төлейтiн тұлғаны көрсету қажет;
4) андеррайтерлердi тартпастан және орналастырудың болашақ жоспарынсыз есептi кезеңде орналастырылған акциялардың саны туралы ақпаратты көрсету қажет.
Ескерту. 10-1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен , 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

11. Опциондарды орындау бағасы туралы мәлiметтер.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен .

11-1. Акциялардың нарықтық және баланстық құнының тарихы туралы ақпарат.
Егер қоғамның акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста болған жағдайда, жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшiн, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екi жыл үшiн, акциялар шығарылымының проспектiсi шыққан күннен бастап соңғы алты ай үшiн акциялардың ең жоғары және ең төмен нарықтық бағасы туралы мәлiметтердi көрсету қажет.
Акциялардың баланстық құнының тарихы туралы ақпаратта жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшiн, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екi жыл үшiн, акцияларды орналастыру кезеңi аяқталғанға дейiн соңғы алты ай үшiн (айдың 1-шi күнiне) акциялардың баланстық құны туралы мәлiметтер болуы тиiс.
Акциялардың баланстық құны мына формула бойынша есептеледi
БСК= СК , мұнда
А
АБҚ – акциялардың баланстық құны;
СК – қоғамның меншiктi капиталының мөлшерi;
А – қоғамның орналастырылған акцияларының саны (қоғам сатып алған акцияларды шегерiп).
Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 , 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

12. Дивидендтердi төлеу туралы мәлiметтер:
1) тиiстi шешiм қабылданған акционерлердiң жалпы жиналысы хаттамасының деректемелерiне сiлтеме жасап, аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша жай және артықшылықты акциялар бойынша есептелген және төленген дивидендтердiң жалпы сомасын (есептелген және бюджетке төленген салық сомасын) көрсете отырып, дивидендтер төленген акционерлердiң санын көрсете отырып дивидендтердi соңғы төлеу күнi;
1-1) қоғамның хабарламаны жариялау күнiн көрсете отырып, дивидендтерге төлем жасау туралы хабарламасын орналастырған бұқаралық ақпарат құралының атауы;
2) бiр жай және артықшылықты акцияға есептелген және төленген дивидендтердiң мөлшерi, сондай-ақ аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша бiр жай және артықшылықты акцияға келген таза табыстың мөлшерi;
3) дивидендтердi уақытында төлемеу бойынша берешек орын алған жағдайда, оның пайда болу себептерiн және акцияларды орналастыру кезеңiнiң аяқталу күнiне берешек сомасын көрсету қажет, бұл ретте акционерлер алдында берешектi өтеу бойынша қоғам қандай шаралар қолданғанын көрсетедi.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2008.11.28 N 181 Қаулысымен.

13. Қоғамның тiркеушiсi туралы мәлiметтер:
1) акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушiнiң атауы және орналасқан жерi;
2) қоғам акцияларын ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу туралы шарттың күнi және нөмiрi.

14. Акцияларды орналастыру кезеңiнiң аяқталу күнiне iрi акционерлерi туралы туралы мәлiметтер. Осы мәлiметтер тiркеушi дәл сондай күнге берген анықтама негiзiнде толтырылады, ол анықтама есептiң ажырамас бөлiгi болып табылады:

Заңды тұлға - акционер-
лердiң толық
атауы немесе
жеке тұлға -
акционер-
лердiң аты-жөнi,
болса әкесi-
нiң аты

Жеке тұлға -
акционердiң
жеке басын
куәландыра-
тын құжаттың
атауы мен
деректемеле-
рi немесе
заңды тұлға -
акционердi
мемлекеттiк
тiркеу (қайта
тiркеу) нөмi-
рi мен күнi

Акцияның
түрiн көр-
сете отырып,
акционерге
тиесiлi
акциялардың
жалпы саны

Акция түрiн
көрсете
отырып
акционерге
тиесiлi
акциялардың
орналасты-
рылған
акциялардың
жалпы саны-
на процент-
тiк арақа-
тынасы

Акционер-
ге тиесi-
лi акция-
лардың
дауыс
берушi
акциялар-
дың жалпы
санына
процент-
тiк ара-
қатынасы






Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 73 қаулысымен , 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

15. Егер орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде акциялары номиналды ұстауында болып отырған, акцияларды орналастыру кезеңiнiң аяқталу күнiне қоғамның орналастырылған (қоғам сатып алған акцияларды шегерiп тастағанда) акцияларының он және одан да көп процентiн иеленетiн акционерлер туралы мәлiметтер болмаса, номиналды ұстаушылардың атауы және олардың номиналды ұстауындағы қоғам акцияларының саны туралы мәлiметтер.

16. Есепке бiрiншi басшы, бас бухгалтер қол қояды және акционерлiк қоғамның мөрiмен куәландырылады. Есептiң әрбiр данасы қаржы есептiлiкпен, осы Қосымшаның 10-тармағына сәйкес акцияларды орналастыру есептi кезеңiнде акциялардың төлеуiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiмен және тiркеушi берген анықтаманың түпнұсқасымен тiгiледi және тiгiстiң ұшына және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен бекiтiледi. Мөрдiң таңбасы қағаз пломбаға, iшiнара құжаттың парағына соғылады және бiрiншi басшының қолымен куәландырылады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

Жарияланған акциялар шығарылымын
мемлекеттiк тiркеу, акцияларды
орналастыру қорытындылары туралы
есептi бекiту және акциялар
шығарылымын жою ережесiне
2-1-қосымша

Ескерту. 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының
2006.03.25 N 73 ; өзгерту енгiзiлдi - 2009.04.29 N 89 (қолданысқа
енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi
бекiту жөнiндегi Хабарлама

"____" __________ 200__ жыл Алматы қаласы N ____

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттiгi "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес_____________________________
_________________________________________________________ тiркеген
(заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктi
___________________________________________________________________
берген органның атауы, берiлген күнi, айы, жылы және нөмiрi)
____________________________________________ акционерлiк қоғамның
(заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке
__________________________________________________________________
сай қоғамның атауы мен мекен-жайы)
акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiттi.

Шығарылым _________________ нөмiрмен эмиссиялық бағалы қағаздардың
Мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлдi.

Шығарылым ___________________________________ акцияларға бөлiнген
(акциялардың саны цифрмен және жазбаша, акциялар түрi)

________________________________________________ жағдай бойынша
(акцияларды орналастырудың аяқталған күнi, айы, жылы)

орналастырылған акциялар ___________________________________________

орналастырылмаған акциялар__________________________________________

Жарғылық капитал _______________ теңге мөлшерiнде қалыптастырылды.
(сомасы цифрмен және жазбаша)

Хабарламаға қол қойған адамның фамилиясы, аты, әкесiнiң аты және
лауазымы, қолы, мөрi.

Жарияланған акциялар шығарылымын
мемлекеттiк тiркеу, акцияларды
орналастыру қорытындылары туралы
есептi бекiту және акциялар
шығарылымын жою ережесiне
2-2-қосымша

Ескерту. 2-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының
2006.03.25 N 73 , өзгерту енгiзiлдi - 2007.04.30 N 109 (мемлекеттiк
тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа
енгiзiледi); 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн
2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

Акциялар шығарылымын жою туралы куәлiк

"____" __________ 200__ жыл Алматы қаласы N ____

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттiгi ___________________________________________
_________________________________________________________ тiркеген
(заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктi
___________________________________________________________________
берген органның атауы, берiлген күнi, айы, жылы және нөмiрi)
____________________________________________ акционерлiк қоғамның
(заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке
___________________________________________________________________
сай қоғамның атауы мен мекен-жайы)
акциялар шығарылымын жойды.

Шығарылым _________________ нөмiрмен эмиссиялық бағалы қағаздардың
Мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлдi.

Шығарылым ___________________________________ акцияларға бөлiнген
(акциялардың саны цифрмен және жазбаша, акциялар түрi)

Шығарылым _________________________________ байланысты жойылды.
(жою себебi)

Акциялар шығарылымы _______________________ бастап жойылды
Күнi (күнi/айы/жылы)
деп есептелсiн.

Куәлiкке қол қойған адамның фамилиясы, аты, әкесiнiң аты және
лауазымы, қолы, мөрi.

Жарияланған акциялар шығарылымын
мемлекеттiк тiркеу, акцияларды
орналастыру қорытындылары туралы
есептi бекiту және акциялар
шығарылымын жою ережесiне
3-қосымша

Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық
капиталына мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың
тiзiлiмiн ұстаушының мөртабандары таңбаларының
үлгiлерi

МЕМЛЕКЕТТIҢ ҚАТЫСУЫМЕН

Республикалық бөлiмше

20__ жылғы "____" _______________

N ____________________

Оператор: __________________

МЕМЛЕКЕТТIҢ ҚАТЫСУЫМЕН

ХХ филиалы

20__ жылғы "____" _______________

N ____________________

Оператор: __________________

МЕМЛЕКЕТТIҢ ҚАТЫСУЫНСЫЗ

Республикалық бөлiмше

20__ жылғы "____" _______________

N ____________________

Оператор: ___________________

МЕМЛЕКЕТТIҢ ҚАТЫСУЫНСЫЗ

ХХ филиалы

20__ жылғы "____" _______________

N ____________________

Оператор: __________________

Жарияланған акциялар шығарылымын
мемлекеттiк тiркеу, акцияларды
орналастыру қорытындылары туралы
есептi бекiту және акциялар
шығарылымын жою ережесiне
4-қосымша

РҚАО-ның ескертуi!
2012.01.01 бастап 4-қосымшаға өзгерту қарастырылған - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2010.03.29 № 50 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттiгi Басқармасының 2007.04.30. N 109 (мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық
капиталына мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың
тiзiлiмiн ұстаушыға
ХАБАРЛАМА

Уәкiлеттi орган (уәкiлеттi органның атауы)
мыналар туралы (жөнiнде) хабарлайды (қажеттiсiнiң астын сызу керек):
жарияланған акциялар шығарылымын (акциялар шығарылымының
проспектiсiне өзгерiстер) мемлекеттiк тiркеу;
жарияланған акциялар шығарылымын (жарияланған акциялар санының көбеюiне не түрiнiң өзгеруiне байланысты акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер) мемлекеттiк тiркеуден бас тарту;
акциялар шығарылымын жою;
акциялар шығарылымын жоюдан бас тарту;
акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту;
акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден
бас тарту;
қоғамның _____ жылғы "____" _______________ N _____ (өтiнiштiң
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталға
мемлекеттiң қатысуымен заңды тұлғалардың тiзiлiмiн ұстаушының
мөртабанына сәйкес реттiк нөмiрi) өтiнiшi негiзiнде:

Атауы:

(Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес)

Мемлекеттiк тiркеудiң (қайта тiркеудiң) негiзгi деректерi

(Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес)

Күнi (кк/аа/жж)

Нөмiрi

КҰЖЖ коды
















Мемлекеттiк тiркеудiң (қайта тiркеудiң) басқа да деректерi

(Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес)

Орналасқан жерi:


Бастапқы мемлекеттiк тiркелген күнi (кк/аа/жж)







Бiрiншi басшы:


(лауазымы және аты-жөнi)


Тiркеушi туралы деректер

Атауы:


Орналасқан жерi:


Шарттың күнi және нөмiрi

















Акцияларды орналастыру туралы мәлiметтер
(оның iшiнде акциялар шығарылымын жою кезiнде)

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы хат)

Күнi (кк/аа/жж)

Нөмiрi








Жай акциялар туралы деректер

(Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкке, өтiнiшке сәйкес)

ҰБН

Саны

Сомасы (теңге)




Артықшылықты акциялар туралы деректер

(Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкке, өтiнiшке сәйкес)

ҰБН

Саны

Сомасы (теңге)




Шығарылымның Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiндегi нөмiрi









Акциялар шығарылымын жою туралы мәлiметтер

Акциялар шығарылымын жою туралы (акциялар шығарылымын жоюдан бас тарту туралы) хат

Күнi (кк/аа/жж)

Нөмiрi








Жою негiзi:


Қоғамды тарату



Қоғамды қайта ұйымдастыру



Басқасы (көрсету керек)

Жай акциялар туралы деректер

(Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкке, өтiнiшке сәйкес)

ҰБН

Саны

Сомасы





Артықшылықты акциялар туралы деректер

(Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкке, өтiнiшке сәйкес)

ҰБН

Саны

Сомасы











Шығарылымның Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiндегi нөмiрi












Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп
(бекiтiлген немесе бекiтуден бас тартылған)
жөнiндегi мәлiметтер

Есептiң бекiтiлгендiгi туралы (есептi бекiтуден бас тарту туралы) хат

Күнi (кк/аа/жж)

Нөмiрi








Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы деректер

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы мәлiметтер (жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы Куәлiгiне, өтiнiшке сәйкес)

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы Куәлiгiнiң күнi (жарияланған акциялар санының көбеюiне және (не) түрiнiң өзгеруiне байланысты акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер)

Бағалы қағаздар мемлекеттiк тiзiлiмiндегi шығарылымның нөмiрi

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк берiлген күн







Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нөмiрi

Шығарылымның Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiндегi нөмiрi

Акцияларды орналастыру туралы деректер

(акциялар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есепке сәйкес)

Акцияларды орналастыру басталған күн (кк/аа/жж)







Акцияларды орналастыру кезеңiнiң аяқталған күнi (кк/аа/жж)







Орналастырылған акциялардың жалпы сомасы

Бiр акцияны орналастыру бағасы

Орналастырылған акциялардың саны














Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina