ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 75 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде 2006 жылғы 21 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4201

Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі есептің нысанын бекіту туралы

"Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 3-тармағына және»"Бағалы қағаздар рыногы туралы"» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі есептің нысаны бекітілсін.
2. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есеп екі данада қағаз тасымалдауышта (мемлекеттік және орыс тілінде) және Acrobat Reader форматындағы электрондық тасымалдауышта (инвестициялық пай қорының пайларының меншік иелері туралы мәліметтерсіз) пайларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау туралы өтінішпен бірге ұсынылады. Агентство раскрывает информацию, представленную в рамках отчетов об итогах их размещения паев, на своем официальном web-сайте либо по запросу заинтересованных лиц.
РҚАО-ның ескертуі: 2-тармақтың екінші сөйлемінің мемлекеттік тілде аудармасы болмағандықтан мәтін ресми тілде беріліп отыр.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 287 қаулысымен.
3. Егер инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары жөніндегі соңғы есеп ұсынылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін инвестициялық пай қорының пайлары орналастырылмаса, басқарушы компания Агенттікке осы қаулының 2-қосымшасына сай нысанда инвестициялық пай қорының пайларын орналастырмау туралы хабарламаны ұсынады.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне,»"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы"»заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
6. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

Төраға

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2006 жылғы 25 наурыздағы
N 75 қаулысына 1-қосымша

Ескерту: 1-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 287 қаулысымен.

Инвестициялық пай қорының пайларын
орналастыру қорытындылары жөніндегі
ЕСЕП

1. Инвестициялық пай қорының атауы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Инвестициялық пай қорының пайлары шығарылымының мемлекеттік тіркелген күні мен нөмірі___________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Басқарушы компанияның атауы және оның орналасқан жері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның нөмірі мен алынған күні____________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Кастодианның атауы және оның орналасқан жері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
6. Кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі
мен алынған күні ___________________________________________________
____________________________________________________________________
7. Тіркеушінің атауы және оның орналасқан жері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу қызметін
жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі мен алынған күні
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9. Пайларды бастапқы орналастыру туралы мәліметтер:
1) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастырылуының
басталған және аяқталған күні*
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Егер инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда, осы тармақта уәкілетті органның инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзімін ұзарту туралы хатының күні мен нөмірі көрсетіледі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезінде инвестициялық пай қоры пайының номиналдық құны
____________________________________________________________________
3) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастырудың аяқталу күнгі жағдай бойынша орналастырылған инвестициялық пай қоры пайларының саны
___________________________________________________________________
10. Есепті кезеңнің аяқталу күніне инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру туралы мәліметтер:
1) есепті кезеңде орналастырылған инвестициялық пай қоры пайларының саны ______________________________________________________________
___________________________________________________________________
1-1) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру кезеңінің басталу және аяқталу күні__________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
2) бұрынғы орналастырылған пайларды ескере отырып, есепті кезеңде
орналастырылған инвестициялық пай қоры пайларының жиынтық саны
____________ ______________________________________________________
___________________________________________________________________
3) есепті кезеңде инвестициялық пай қорының пайларын төлеуге түскен, есепті кезеңде орналастырылған пайларды төлеуге ақшаның түскендігі туралы кастодиан анықтамасымен расталған ақша сомасы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
11. Есепті кезеңде басқарушы компаниядан пайларды сатып алған, әрбір меншік иесі бөлігінде инвестициялық пай қоры пайларының меншік иелері туралы мәліметтер:

Заңды тұлға-
меншік иеле. рінің толық
атауы немесе
жеке тұлға-
меншік иеле.
рінің фамилиясы, аты, болса
әкесінің аты

Жеке тұлғаның
- пайдың мен.
шік иесінің
жеке басын
куәландыратын құжаттың атауы және дерек.
темелері, заңды
тұлға-меншік
иесін
мемлекеттік
тіркеу (қайта
тіркеу) күні

Меншік
иесінің
сатып алу күні және сатып алу күніне пай
құны

Есепті
кезеңде
пайларды
орналастыру кезінде
меншік иесі сатып
алған ин.
вестиция.
лық пай
қоры пай.
ларының
жалпы саны

Пай төлеміне
келіп түскен ақша сомасы

12. Есепке инвестициялық пай қорының активтерін басқаруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің басшысы, басқарушы компанияның бас бухгалтері не олардың орнындағы адамдар қол қояды және ол басқарушы компанияның мөрімен бекітіледі. Есептің әрбір данасы есепті кезеңнің аяқталған күнінде жасалған, орналастырылған пайлардың есебі бойынша инвестициялық пай қорының жеке шотынан тіркеуші үзіндісінің және есепті кезеңде орналастырылған пайларды төлеуге ақшаның түскендігін растау туралы кастодиан анықтамасының көшірмесімен бірге тігіледі және жіптің түйініне әрі ішінара параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөр ішінара қағаз пломбаға, ішінара құжат парағына қойылуы тиіс.
___________________________________________________________
* орналастырудың есепті кезеңі:
- бастапқы орналастыру кезінде:
орналастыру басталған күннен бастап үш ай (осы мерзім уәкілетті органның рұқсаты негізінде ұзартылған жағдайда - рұқсатта көрсетілген мерзімге);
инвестициялық пай қорының пайларын одан әрі орналастыру кезінде:
- әрбір алты айдың қорытындылары бойынша ("Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес).

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2006 жылғы 25 наурыздағы
N 75 қаулысына 2-қосымша

"___________________________________________"
(инвестициялық пай қорының атауы)

Инвестициялық пай қорының пайларын
орналастырмау туралы хабарлама

200_ж "____"_________ бастап (есепті кезеңнің басталған күні)
200_ж. "____"_________ дейінгі кезеңде (есепті кезеңнің аяқталған күні) басқарушы компания _________________________________________
__________________________________________________________________
(басқарушы компанияның атауы)
инвестициялық пай қорының пайларын орналастырмады. Есепті кезеңнің аяқталу күніне инвестициялық пай қорының айналыстағы пайларының саны,________________________________________________________
Орналастырылған пайларды есепке алу үшін инвестициялық пай қорының жеке шотынан есепті кезеңнің аяқталу күніне, инвестициялық пай қорының тіркеушісі берген үзінді жазбаның көшірмесі осы Хабарламаның ажырамас бөлігі болып табылады.
Хабарламаға инвестициялық пай қорының активтерін басқаруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің басшысы, басқарушы компанияның бас бухгалтері не олардың орнындағы адамдар қол қояды және ол инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының мөрімен бекітіледі.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina