ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Приказы  »  Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2004...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Книга МСФО_2024_2025
Книга МСФО_2024_2025
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Приказы

Страницы 1 2 3 4 5

  Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2004 жылғы 10 наурыздағы N 113-І бұйрығы. Қазақстан Республикасының Јділет министрлігінде 2004 жылғы 16 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2809

Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы

Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_________________________
2004 жылғы "__" _________

Келісілді
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
_________________________
2004 жылғы 23 сәуір

"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру және жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдауға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесі бекітілсін.
2. Автомобиль көлігі басқармасы (Ш.Қ.Маханов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Јділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі Е.Ж.Қошановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық, 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесіне 1-қосымшада көрсетілген жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерінің нысандарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрдің
міндетін атқарушы

"Жолаушыларды және багажды
автомобиль көлігімен тасымалдау
ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрінің міндетін атқарушының
2004 жылғы 10 мамырдағы
N 113-І бұйрығымен бекітілген

Жолаушыларды және багажды автомобиль
көлігімен тасымалдау ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) жолаушылардың және багаждың автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

2. Ереже Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады және барлық жеке және заңды тұлғалар үшін меншік нысандарына қарамастан міндетті болып табылады.

&1 Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар

3. Багаж түбіртегі - багаждың автомобиль тасымалы шартының жасалғанын, сондай-ақ тасымалдаушының багажды сақтауға немесе тасымалдау үшін қабылдағанын растайтын құжат.

4. Багаж орны - өлшемі кемінде 120х60х40 сантиметр (бұдан әрі - см) және салмағы 50 килограмм (бұдан әрі - кг) аспайтын багажды сақтауға және тасымалдауға арналған орын.

5. Билет - жолаушының сапарды жүзеге асыру құқығын куәландыратын және жолаушының автомобиль тасымалы шарты жасалғанын растайтын құжат (1-қосымша).

6. Борт журналы - белгіленген тәртіппен нөмірленген әрі бау өткізілген және автокөлік құралында болатын журнал, оған автокөлік құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жүргізушінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден өткені туралы белгілер қойылады (2-қосымша).

7. Маршрут - жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру барысында анықталған, белгіленген және бекітілген қозғалыс кестесімен бастапқы және соңғы пункттер арасындағы жүретін жол.
Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 319 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

8. Жаппай тасымалдау - екі немесе одан да көп көлік құралдары тобымен жүзеге асырылатын, көлік легіндегі қозғалыста, не белгіленген режиммен бағыт бойынша және соңғы пункттерде қозғалысты қосымша бақылау арқылы ұйымдастырылған тасымалдар.

9. Қауіпті учаскелер - автомобиль жолдарының, олар бойынша жүріп өту жол-көлік оқиғасына әкелудің жоғарғы қаупі бар немесе қозғалыс режимінің елеулі өзгерістеріне байланысты учаскелер.

10. Жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттері (аялдама пункті) - осы Ереженің талаптарына сәйкес жайластырылған, автокөлік құралдары жолаушыларды отырғызу және түсіру мақсатында аялдауға арналған жол маңайындағы алқап учаскесі.

11. Қозғалыс кестесі - жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдары маршрутының әрбір аялдама пункті бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мағлұматтар бар кесте.

12. Рейс - маршруттың бастапқы пунктінен соңғы пунктіне дейінгі автобустың жолы.

13. Маршрут схемасы - аялдама пункттері, олардың арасындағы қашықтықтар, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, теміржол өтпелері, көпірлер, тоннельдер және т.б.) көрсетілген маршруттың графикалық шартты бейнеленуі.

&2 Жолаушылардың және багаждың автомобиль
тасымалдарын жүзеге асырудың жалпы қағидаттары

14. Ўйымдастыру сипаты бойынша жолаушылардың және багаждың автомобиль тасымалдары тұрақты және тұрақты емес болып бөлінеді.

15. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдары тиісті мемлекеттік органдар бекіткен маршруттар бойынша автобустармен және шағын автобустармен жүзеге асырылады.
Қалалық маршруттарда жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде тасымалдауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын көлік құралдары (автобустар немесе шағын автобустар) алдын ала анықталады.

16. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы жүргізушінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден және автокөлік құралының техникалық тексеруден өткені туралы белгілер бар жол қағазының (3-қосымша) автокөлік құралында болуын қамтамасыз етеді.

17. Жолаушылардың және багаждың тұрақты емес автомобиль тасымалдары тасымалдаушылардың жеке бастамасы бойынша ұйымдастырылады және автобустарды, шағын автобустарды және осы Ереже талаптарына сәйкес келетін жеңіл автомобильдерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

18. Жолаушылардың және багаждың тұрақты емес тасымалдары бір жолғы сипаты бар тасымалдау, тапсырыс берілген автобустармен, шағын автобустармен және жеңіл автомобильдермен тасымалдау, сондай-ақ таксимен тасымалдау болып бөлінеді.

&3 Автокөлік құралдарына қойылатын талаптар

19. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық тексеруден өткен автокөлік құралдары жіберіледі.
Бұл ретте жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдары кезінде пайдаланылатын автобустардың конструкциясы мен техникалық тиісті стандарттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдары кезінде сол жақ рульдік басқаруы бар автобустар пайдаланылады.

20. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдары кезінде пайдаланылатын автобустар Экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің 2001 жылғы 22 қазандағы N 378 бұйрығымен бекітілген "Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы техникалық шарттар" туралы ҚР СТ 1040-2001 сәйкес келуі тиіс, бұл ретте:
1) қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобиль тасымалдары маршруттарында кемінде екі жолаушы есігі бар қалалық автобустарды (І класты) ғана, шағын автобустарды, сондай-ақ қалааралық автобустарды (ІІ класты) тұрақты қала маңындағы автомобиль тасымалдары маршруттарында пайдалануға рұқсат етіледі;
2) қалааралық және халықаралық тұрақты автомобиль тасымалдары маршруттарында қалааралық автобустар (ІІ класты) немесе алысқа жүретін автобустар (ІІІ класты) пайдаланылуы тиіс. Осы маршруттардың ұзақтығы 300 километр (бұдан әрі - км) дейін болса, шағын автобустарды пайдалануға рұқсат етіледі.

21. Ўзақтығы 300 км астам жолаушылардың және багаждың қалааралық және халықаралық тұрақты автомобиль тасымалдары маршруттарында пайдаланылатын автобустардың шалқаймалы арқалықтары бар жұмсақ отырғыштары болуы тиіс. Егер маршруттың ұзақтығы 500 км артық болса, онда автобустың салонында ауыстырушы жүргізушінің орны көзделуі тиіс.

22. Таулы маршруттарда ұзақтығы 500 мың километрден артық жүрісі бар немесе күрделі жөндеуден өткен автобустарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
Таулы маршруттарда пайдаланылатын автобустар тұманға қарсы алдыңғы фаралармен және артқы жүрістің қосалқы фараларымен жабдықталуы тиіс, шина бұжыртабаны суретінің биіктігі ең кемі 3,0 миллиметр (бұдан әрі - мм) болуы тиіс.

23. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдары кезінде пайдаланылатын автобустар, шағын автобустар:
1) қолданылу мерзімі өтпеген дәрілердің және медициналық құралдардың қажетті жинағы бар медициналық дәрісалғышпен (автокөліктік);
2) ылдиы бар жолда тұрған кезде еріксіз қозғалыстан сақтауға арналған тұрғызғыш құралмен (башмақтармен);
3) авариялық аялдау белгісімен;
4) ақаусыз және жұмысқа жарамды өрт сөндіру құралдарымен;
5) автобустардың, шағын автобустардың салонындағы авариялық люктерді, есіктерді, терезелерді жедел ашу және жол-көлік оқиғасы жағдайында шыныларды сындыру тәсілдері туралы ақпараттық тақтайшалармен;
6) жолаушылардың есіктер арқылы шығуы мүмкін болмаған жағдайда автобустың, шағын автобустың салонының шыныларын сындыруға арналған балғалармен жабдықталуы тиіс.

24. Жолаушылардың және багаждың автомобиль тасымалдары кезінде пайдаланылатын автобустарда, шағын автобустарда:
1) ешқандай кедергісіз ашылып және жабылатын жолаушылар салонының есіктері мен авариялық люктер. Есіктерде өткір немесе олардың бетінен алыс шығып тұрған қырлар болмауы тиіс;
2) жүргізушінің кабинасы мен жолаушы салонына жауын-шашынның түсуін толық болдырмайтын жабық күйдегі төбе, авариялық люктер және терезелер;
3) берік бекітілген тұтқалар және отырғыштар;
4) жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;
5) тегіс, шығыңқы жерлері немесе бекітілмеген бөлшектері жоқ баспалдақтары мен салонның едені. Салон еденінің қаптамасы жыртықсыз материалдан жасалуы тиіс;
6) шаңнан, кірден, бояудан және олар арқылы көруді төмендететін өзге де бұйымдардан тазартылған терезелердің мөлдір шынылары. Јрбір терезе ойығы ақпарат немесе жарнама материалдарымен 30% артық жабылмауы тиіс;
7) жылдың суық мезгілінде жылытылатын және ыстық мезгілінде желдетілетін, сайман мен қосалқы бөлшектер үйіліп жатпаған жолаушы салоны болуы тиіс.

25. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдары кезінде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустардың салондарын ылғалды жинау ауысымда кемінде екі рет және ластану шамасы бойынша жүргізіледі.

26. Жолаушылардың және багаждың қалааралық және халықаралық автомобиль тасымалдары маршруттарында пайдаланылатын автобустарда багаж бөлімшелері болуы тиіс, сондай-ақ қосалқы доңғалақпен және домкратпен қосымша жабдықталады.

27. Жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларымен (тахографтармен):
1) жолаушылардың және багаждың халықаралық автомобиль тасымалдарын;
2) жолаушылардың және багаждың қалааралық облысаралық тұрақты және тұрақты емес автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын автобустар жабдықталуы тиіс.
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес осы тармақтың 2) тармақшасы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

28. Жолаушылардың және багаждың қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобиль тасымалдары кезінде пайдаланылатын автобустардың салонында жүргізуші кабинасының (орнының) жанында:
1) тасымалдаушының толық атауы;
2) тасымалдаушының, тасымалдауды ұйымдастырушының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Жол полициясы департаментінің аумақтық басқармаларының (бұдан әрі - жол полициясы органдары) байланыс телефондарының нөмірлері;
3) маршрут схемасы мен қозғалыс кестесінің көшірмелері;
4) маршрут бойынша жол жүруге және багажды алып жүруге арналған белгіленген тариф. Қала маңындағы тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттары үшін сапар қашықтығына байланысты тарифтердің сеткасы ұсынылуы тиіс;
5) ақы төлемей жол жүргені және/немесе багаж алып жүргені үшін айыппұлдың мөлшері;
6) жолаушылардың құқықтары мен міндеттері бар ақпараттық тақта қойылуы тиіс.
Жолаушылардың және багаждың қалалық тұрақты автомобиль тасымалдарында пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустар желідегі жұмысты бақылауға арналған дауыстап сөйлейтін құрылғымен және автоматтандырылған басқару жүйесі (бұдан әрі - АБЖ) құрылғысымен (тасымалдауды ұйымдастырушының тиісті талабы болса) жабдықталуы тиіс.

29. Жолаушылардың және багаждың қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобиль тасымалдары кезінде пайдаланылатын автобустардың алдыңғы және артқы жақтарында маршрут нөмірі көрсетілген трафареттер қойылуы тиіс.
Маршруттың нөмірі ашық сары түсті фонда қара түспен жазылуы тиіс (шрифттің биіктігі ең кемі 120 мм). Жедел тасымалдауды жүзеге асырған жағдайда трафаретте маршрут нөмірінің астында қызыл түсті "Жедел" деген жазу болуы тиіс (шрифттің биіктігі ең кемі 60 мм).

30. Жолаушылардың және багаждың тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарында пайдаланылатын автобустар салонының оң жағында жолаушы есіктерінің бірі жанында бағыттың нөмірі мен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқа сипаттамасы (аралық және соңғы аялдамалардың, бағыт өтетін негізгі көшелердің, қоғамдық мәні бар орындардың) бар трафарет орнатылуы тиіс.

31. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдары маршруттарында (қалалық маршруттардан басқа) пайдаланылатын автобустардың алдыңғы, артқы және оң жақтарында жол жүру маршрутының бастапқы, негізгі аралық және соңғы пункттері көрсетілген трафареттер қойылады.
Трафареттегі жазулар мемлекеттік және орыс тілдерінде трафарет фонына қарама-қарсы түспен және әріп кемінде 60 мм биіктікпен орындалуы тиіс.

32. Алдыңғы және артқы трафареттерде тәуліктің қараңғы мезгілінде көмескі жарық болуы тиіс.

33. Балалардың ұйымдастырылған топтарының автомобиль тасымалдарына арналған автобустардың кемінде екі есігі болуы тиіс. Одан басқа, бұл автобустардың алдында және артында "Балаларды тасымалдау" деген айыру белгілері мен сары түсті жалтылдақ шамшырақ қойылуы тиіс.

34. Жолаушыларды және багажды тапсырыс берілген автобустармен, шағын автобустармен және жеңіл автомобильдермен тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдарының алдыңғы және артқы жақтарында "Тапсырыстық" деген жазуы бар трафареттер қойылуы тиіс.
Жазу қара түспен жазылуы (әріп биіктігі кемінде 120 мм) және тік төртбұрышты қоршамаға салынуы тиіс.

35. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарында пайдаланылатын автобустардың салонының алдыңғы жағында мүгедектерге, зейнеткерлерге, жүкті әйелдерге және мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушыларға арналған орындар көзделуі тиіс. Осы орындардың жанына олардың пайдаланылу мақсатын көрсететін ақпараттық тақта орнатылуы тиіс.

36. Такси төбесінде орналасқан және 500 метр (бұдан әрі - м) дейінгі қашықтықтан жақсы ажыратылатын айырымдық белгімен жабдықталуы тиіс. Айырымдық белгіде "Т" (такси) деген жазу және/немесе ерекше арнайы белбеуі болуы тиіс және тәуліктің қараңғы мезгілінде жарықтандырылуы тиіс.

37. Такси жарамды, стандарттаудың уәкілетті органдары тексерген және пломбаланған таксометрмен жарақталуы тиіс.

38. Таксидің салонында жолаушылардың көз алдында жүргізушінің фотосуреті бар, тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген визит карточкасы, сондай-ақ тасымалдаушының ресми атауы, оның мекен-жайы мен телефонының нөмірі көрсетілген ақпараттық тақта болуы тиіс.

&4 Жолаушылардың және багаждың тұрақты
автомобиль тасымалдары маршруттарын ашу
және тізілімін жүргізу

Ескерту: 4-параграф тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 319 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

39. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдары маршруттарын ашу бастамашылары ретінде Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, жеке және заңды тұлғалар шығуы мүмкін.

40. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдары маршруттарын ашу жөніндегі мәселелерді шешу үшін бастамашы маршрут схемасы мен ол бойынша қозғалыс кестесін әзірлейді және оларды:
жолаушылардың және багаждың халықаралық, қалааралық облысаралық және елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) өзара және бір облыстан тыс аудан орталықтарымен жалғастыратын тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттары бойынша - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне;
жолаушылардың және багаждың қала маңындағы, қалааралық облысішілік және елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) өзара және облыстың бір ауданынан тыс аудан орталықтарымен, сондай-ақ облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттары бойынша - жергілікті атқарушы органдарға;
жолаушылардың және багаждың қалалық тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттары бойынша - қаланың жергілікті атқарушы органдарына;
елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) өзара және облыстың бір ауданының аудан орталықтарымен жалғастыратын тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттары бойынша - ауданның жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

41. Жолаушылардың және багаждың тұрақты тасымалдары, егер:
1) автомобиль жолдарының өткізу қабілеті нақты маршруттар бойынша автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкіндік берсе;
2) автомобиль жолдарының жай-күйі және оларды жайластыру жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келсе ұйымдастырылуы мүмкін.
Ескерту: 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 319 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

42. Жолаушылардың және багаждың автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдарының маршруттық желісін қалыптастырған кезде, жергілікті атқарушы органдар кенттермен, ауылдармен (селолармен) аудан орталықтары арасындағы және аудан орталықтарымен облыс орталықтары және облыстық маңызы бар өзге де жақын қалалар арасындағы байланыс басымдылығын басшылыққа алады.
Ескерту: 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 319 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

43. Жолаушылардың және багаждың автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдарының маршруттық желісін қалыптастырған кезде, мынадай қағидаттардың орындалуы қамтамасыз етіледі:
әрбір маршрут бойынша халықтың тасымалдауға мұқтаждығын қанағаттандыру;
белгіленген нормалар бойынша автобус сыйымдылығын тиімді пайдалану;
жүру жолындағы жолаушыларға қажетті жағдайларды жасау;
жолдардың өткізу қабілетін, аялдама пункттерін және инфрақұрылымның басқа да объектілерін сақтау;
нормативтерді және автобустарды пайдалану ережесін, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтау;
жолаушылардың жол жүруге жұмсайтын уақытын төмендету;
барлық түйіндес маршруттар бойынша автобустар қозғалысының мерзімділігі;
"Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастыру ережесін, автокөлік құралдарын еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларымен (тахографтармен) жарақтандыру бойынша талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 19 қаңтарда N 16-1 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2708 нөмірмен тіркелді) жүргізушілердің еңбек режимін және шарттарын сақтау.
Ескерту: 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 319 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

44. Жолаушылардың және багаждың қалааралық облысішілік, қала маңындағы және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттарын ашу мүмкіндігін қарау кезінде, олар бойынша қозғалыстар кестелерін осы Ереженің 40-тармағында көрсетілген тиісті органдар облыстың жергілікті атқарушы органдарына келісу үшін жіберіледі.
Қалааралық облысаралық қатынастағы жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттары бойынша қозғалыс кестелерін келісу тәртібі, осы Ереженің 7-тарауының 2-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту: 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 319 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

45. Облыстың жергілікті атқарушы органдары (республикалық маңызы бар қалалар, астана) олар бойынша қозғалыс кестесін келісуден мынадай жағдайларда бас тартуы мүмкін:
облыс аумағы бойынша маршруттар қосарланған кездегі қолданылып жүрген маршруттардың қозғалыс кестесі бойынша айырмашылығы уақыт бойынша:
150 км дейінгі қосарлану ұзақтығында 1 сағаттан кем;
350 км дейінгі қосарлану ұзақтығында 2 сағаттан кем;
500 км дейінгі қосарлану ұзақтығында 3 сағаттан кем;
500 км артық қосарлану ұзақтығында 4 сағаттан кем;
елді мекендер арасындағы қашықтықтардың сәйкессіздігі қозғалыс кестесі бойынша 0,3 км артық болса.
Ескерту: 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 319 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

46. Облыстық жергілікті атқарушы органдар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) жолаушылар лектерін талдау, тұрмыстық және қызметтік жол жүруге байланысты тұрғындардың көліктік қол жетімділігін қамтамасыз ету қажеттігі негізінде, осы Ереженің 44-тармағында белгіленген нормативтерден кем уақытша аралық болған кезде жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдары маршруттарының қозғалыс кестесімен келісе алады.
Ескерту: 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 319 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

47. Жаңа маршруттарды ашу кезінде келісу жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарының мынадай иерархиясына сәйкес жүзеге асырылады:
қалааралық облысаралық;
қалааралық облысішілік;
қала маңындағы және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын.
Ескерту: 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 319 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

48. Облыстың жергілікті атқарушы органдарымен жолаушылардың және багаждың қалааралық облысішілік, қала маңындағы және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттары бойынша қозғалыс кестесі оң келісілген кезде маршрут бойынша деректер осы Ереженің 49-тармағына сәйкес тиісті тізілімге кіргізіледі.
Ескерту: 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 319 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

49. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттарын ұйымдастыру мен есепке алуды жоспарлау мақсатында:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - жолаушылардың және багаждың халықаралық, қалааралық облысаралық және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) бір облыстан тыс аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын тұрақты автомобиль тасымалдары маршруттарының;
облыстың жергілікті атқарушы органдары - жолаушылардың және багаждың қалааралық облысішілік, қала маңындағы және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) облыстың шегіндегі аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын тұрақты автомобиль тасымалдары маршруттарының;
қаланың жергілікті атқарушы органдары - жолаушылардың және багаждың қалалық тұрақты автомобиль тасымалдары маршруттарының тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.
Ескерту: 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 319 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

50. Тізілімдер маршруттардың мынадай негізгі сипаттамаларын:
жүрудің бастапқы және соңғы пункттері бойынша маршруттардың нөмірін және атауын;
тікелей және кері қайту бағыттарындағы маршруттағы пункттер бойының санын және атауын;
тікелей және кері қайту бағыттарындағы маршрут ұзақтығын;
тікелей және кері қайту бағыттарындағы маршруттағы қозғалыс жылдамдығының орташа пайдаланымдығын;
маршрутқа қызмет көрсету кезеңдері: жыл бойы, қосымша (белгілі бір күндерде немесе тәуліктің кезеңдерінде қолданылатын (қалалық маршруттарда демалыс, мерекелік күндер немесе "қауырт" сағаттар), маусымдық (алдын ала белгіленген уақыт аралығы ішінде қолданылатын (саяжай кезеңінде, демалыс аймақтары, жолаушылар легі жоғарылаған кезеңде жұмыс істеген кезде);
маршруттар бойынша қозғалыс кестесін;
жолаушылар легі және жолаушылар айналымын;
жолаушыларға және жалпы отыруға арналған орындар бойынша автобустардың маршруттағы автобустардың, шағын автобустардың класын және паспорттық сыйымдылығын (жинақтау алаңшасының сыйымдылығын ескере отырып);
маршрутта қызмет көрсету үшін резервтік жылжымалы құрамды ескере отырып автобустардың, шағын автобустардың саны қажет;
тасымалдаушы жөніндегі ақпарат (атауы, мекен-жайы, тегі, аты, әкесінің аты, тасымалдауды ұйымдастырудағы жауапты тұлғаның және бастықтың телефондарын) және оған берілген рұқсат құжаттарының қолдану кезеңін белгілейді.
Ескерту: 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 319 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

&5 Аялдама пункттерін жарақтандыруға
және орналастыруға қойылатын талаптар

51. Аялдама пункттері Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 27 тамыздағы N 342 бұйрығымен бекітілген "Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық мекендерді жоспарлау мен салу" туралы ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002 талаптарын ескере отырып және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын, оларға жолаушылардың қауіпсіз және қолайлы келуін ескере отырып орналастырылуы тиіс.

52. Јрбір аялдама пункті:
1) аялдама пунктінің атауы, өтетін маршруттардың нөмірлері, маршруттар бойынша қозғалыстың аралығы бар ақпараттық көрсеткішпен;
2) автокөлік құралдары қауіпсіз аялдауға арналған алаңшамен (бұдан әрі - аялдама алаңшасы). Аялдама алаңшалары жолай бағытта бара жатқан көлік құралдарына кедергі жасауды болдырмауы тиіс және олардың жүру бөлігінің негізгі еніне тең ені, ал ұзындығы бір уақытта аялдайтын автобустардың санына байланысты, бірақ кемінде 10 м болады.
1-б - ІІІ санатты жолдарындағы аялдама алаңшалары жүру бөлігінен бөлу жолағымен бөлінеді;
3) аялдама алаңшасының бетінен 0,2 м көтерілген және павильонға кіре берісте ауданы 10х2 м қатты төсемі бар және автобустарға кресло-арба пайдаланатын мүгедектердің өту орындарын белгілеуді ескере отырып жиектеме таспен жолдың жүретін бөлігі жағынан шектелген отырғызу алаңшасымен;
4) жолаушылардың отырғызу алаңшасына келуіне арналған жаяу жүргіншілер жолдарымен, жаяужолдармен (қатты төсемі бар жолдар);
5) жолаушыларды қолайсыз ауа райы жағдайынан қорғауға арналған павильонмен жарақталады. Павильонның ең жақын қыры аялдама алаңшасының жиегінен 3 м жақын емес орналасады.
1-а санатты жолдардағы аялдама пункттері жер жолағының шегінен тыс орналасады және жүру бөлігінен бөлінеді.

53. Елді мекендердің шегінен тыс аялдама пункттері жолдардың тура учаскелерінде немесе жоспардағы радиустері І және ІІ санатты жолдар үшін кемінде 1000 м, ІІІ санатты жолдар үшін 600 м және IҚ және Қ санатты жолдар үшін 400 м және 40% аспайтын бойлық ылдилы қисықтарда орналасады. Бұл ретте тиісті санаттардағы жолдар үшін көру нормалары қамтамасыз етіледі.
І санатты жолдардағы аялдама пункттері бір-біріне қарсы орналасады, ал ІІ-Қ санатты жолдардағы қозғалыс барысы бойынша павильондардың ең жақын қабырғаларының арасында кемінде 30 м қашықтыққа жылжытылады.

54. Жергілікті атқарушы органдар елді мекендерді көктемгі санитарлық тазарту және көркейту кезеңінде аялдама пункттерінің жыл сайынғы жеңіл жөндеуден өтуін қамтамасыз етеді.

55. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдары маршруттарының (қалалық маршруттардан басқа) аялдама пункттері әрбір елді мекенде маршрут өтетін жол бойынша, осы елді мекендердің тұрғындарына едәуір қолайлы орындарда орналасуы, мүмкіндігінше жолаушылар көп жиналатын ірі орталықтарға (темір жол вокзалдарына, әуежайларға, базарларға) жақын болуы және жолаушылардың және багаждың қалалық тұрақты автомобиль тасымалдары маршруттарының аялдама пункттерімен қосылуы тиіс.
Жүретін жол бойынша елді мекендерде автовокзал (автостанция) болған кезде, маршрут осы автовокзал (автостанция) арқылы өтуі тиіс.

&6 Тұрақты және тұрақты емес автомобиль
тасымалдарының маршруттарында жүргізушілерді рейс
алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық
тексеруді ұйымдастыру және жүргізу

56. Тасымалдаушы жүргізушілерді рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден, қызметтің осы түріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жіберілген медицина қызметкерінің (бұдан әрі - медицина қызметкері) өткізуін қамтамасыз етеді.

57. Жүргізуші рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден, рейске (ауысымға) шыққанға дейін отыз минуттан кешіктірмей жол қағазын немесе борт журналын, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты көрсету бойынша өтеді.

58. Бір күн ішінде бірнеше рейс орындау қажет кезде, рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеру бірінші рейс алдында бір рет өткізіледі.

59. Жүргізушілерді рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеру жекелеп жүргізіледі және оған:
1) сауал беру, тексерілетіннің сыртқы түрін, жүрісін, тұрысын, мінез-құлқы мен көңіл-күй әрекеттерінің барабарлығын, сөзінің байланыстылығы мен анықтығын, іс-қимылын, санасын, тері жамылғысы мен көрінетін сілекейлі жамылғыны, көз шелінің түсін, көз жанарының мөлшерін, тыныс алу ерекшеліктерін және басқаларды қарау және соған ұқсас іс-әрекеттер;
2) айтылған арыздарды, рейсаралық (ауысымаралық) тынығу мен ұйқыны байқау және қарау;
3) қан қысымын, пульстің жилігі мен сапалық сипаттамаларын өлшеу және бағалау, дене температурасын өлшеу, тамақты, тексеру, без түйіндерін, ішті қолмен басып қарау, Ромберг тұрысындағы орнықтылықты, саусақ-мұрын және басқа үйлестіру байқауларын орындау дәлдігін анықтау кіреді. Жүргізуші науқасының анамнезінде артериялық гипертония болған кезде, рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексерулердің жеке картасында жүргізушінің негізгі функционалды көрсеткіштерінің рұқсат етілген параметрлері белгіленеді.

60. Арыз, аурудың нақты белгілері мен ағзаның жұмыс істеу күйінің бұзылуы болмаған кезде, тексерілуші көлік құралдарын басқаруға жіберіледі.
Медицина қызметкері жолаушылардың және багаждың тұрақты емес тасымалдарын жүзеге асыру кезінде - борт журналының, жолаушылардың және багаждың тұрақты тасымалдарын жүзеге асыру кезінде жол қағазының тиісті бағаналарына штампы қояды. Штампыда тексеруден өткен уақыты мен медицина қызметкерінің қолы қойылады.

61. Мас күйде (ауыздан алкоголь иісінің шығуы, тұрыс орнықсыздығы, сөздің бұзылуы, саусақтардың нақты дірілі, тері беттері түсінің өзгеруі) екеніне жеткілікті негіз бар тұлғалар көлік құралдарын басқаруға жіберілмейді.
Осы қорытындымен келіспеген жағдайда, бұл тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес психактивті затты қолдану және мас күйі айғағын анықтау үшін медицина қызметкерінің еріп жүруімен медициналық куәландыру жүргізуге уәкілетті жақынырақ мемлекеттік емдеу-профилактикалық ұйымға жіберіледі.

62. Травмалар табылған және қатты ауыру (ескі аурудың күшеюі) белгілері - қан қысымының қалыпты немесе жеке рұқсат етілген параметрлерден сынап бағанасының 20 мм артық жоғарылауы, брадикардия минутына 55 соғудан кем, тахикардия минутына 85 соғудан артық (жүргізуші пульсінің жеке рұқсат етілген параметрлерін қоспағанда), артериялық гипертония, қатты инфекциялық ауру белгілері, ауыру синдромы, естен тану және денсаулық күйінің басқа бұзушылықтары байқалған кезде, жүргізушілер емдеу және уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау үшін маманға қабылдауға жіберіледі. Қажет кезде жедел медициналық жәрдем шақыру қамтамасыз етіледі.
Уақытша еңбекке жарамсыздық белгілері амбулаториялық-емханалық ұйымдар жұмыс істемейтін уақытта анықталған жағдайда, науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіледі және тексеру күнін, уақытын, болжанған диагнозды және көрсетілген медициналық көмектің мөлшерін міндетті түрде көрсетіп, маманға жолдама ресімделеді, ол дәрігердің Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес еңбекке жарамсыздық парағын беру үшін негіз болып табылады.

63. Медициналық қызметкер жүргізушілердің көлік құралдарын басқаруға жарамдылығы туралы рейс алдындағы (ауысым алдындағы) тексеру жүргізу сәтіне қорытынды береді.

64. Медициналық қызметкер тасымалдаушыны тексерулерден бас тарту жағдайлары туралы, науқастану, травмалар, психактивті зат қолдану белгілері байқалған кезде жүргізушілердің көлік құралдарын басқарудан шеттетілуі туралы дереу хабардар етеді.

2-тарау. Автовокзалдар мен автобекеттерге
қойылатын талаптар және олардың жұмыс істеу тәртібі

&1 Жалпы ережелер

65. Автовокзалдар мен автостанциялар облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) автовокзалдары мен автостанцияларын тізіліміне кіргізуі негізінде жұмыс істейді.
Автовокзалдар мен автостанциялар осы Ереженің 67-тармағының талаптарына сәйкес келген кезде Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) автовокзалдары мен автостанциялары тізілімге кіргізіледі.
Ескерту: 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 319 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

65-1. Автовокзалдар мен автостанциялардың жұмыс режимі жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылармен шарт қатынасын ескере отырып, облыстық жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) анықталады.
Ескерту: 65-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 319 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

66. Осы Ережеде автовокзалдар мен автостанциялардың мынадай негізгі функцияларды орындау тәртібі белгіленеді:
1) жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру;
2) маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс кестесін сақтауын бақылауды ұйымдастыру;
3) жолаушылардың қауіпсіз мінуі мен түсуін, багажды тиеу мен түсіруді ұйымдастыру;
4) жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін сақтау, жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексерілуін және автобустардың, шағын автобустардың техникалық жай-күйін бақылауды жүргізу бойынша шараларды қамтамасыз ету, егер тасымалдаушының осы функцияны орындауы мүмкін болмаса;
5) жолаушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету;
6) багаж бен қол жүгін сақтауды ұйымдастыру;
7) жолаушыларды сапардың басталуын күту үшін жағдаймен қамтамасыз ету;
8) қолданылып жүрген маршрут желісіндегі автовокзалдарды (автостанцияларды) автобустардағы (шағын автобустардағы) бос немесе босайтын орындардың бары туралы, сондай-ақ қозғалыс кестесіндегі өзгерістер немесе автобустардың кестеден озу (кейін қалу) уақыты, кестеде көзделмеген қосымша рейстерді алып тастау немесе енгізу, қосымша автобустарды жіберу туралы хабардар ету;
9) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары белгілейтін нысан бойынша жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың қызмет көрсету тәртібі және қозғалыс кестелерін (графиктерін) бұзулары және осы Ереженің қағидаттарын басқа да бұзушылықтары туралы ай сайын келесі айдың 5 күнінен кешіктірмей хабардар ету.
Ескерту: 66-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 319 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

67. Автовокзалдар мен автобекеттердің өз құрамында:
1) жолаушыларды отырғызуға және түсіруге, багажды тиеуге және түсіруге арналған пункт (пункттер);
2) автобустар тұратын алаң;
3) жолаушыларға арналған күту залы (залдары);
4) жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуға, соның ішінде алдын ала, арналған касса (кассалар);
5) багажды сақтау камерасы (камералары);
6) диспетчерлік пункттер;
7) жолаушыларға санитарлық-гигиеналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар;
8) жүргізушілер мен кондукторлар демалатын қызметтік үй-жайлар болуы тиіс.
Автовокзалдарда қосымша:
1) анықтама бюросы;
2) қоғамдық тамақтану пункті;
3) ана мен бала бөлмесі;
4) автобустарды тексеруге арналған пункттер;
5) қоғамдық тәртіпті сақтау пункті;
6) медициналық көмек пункті және дәріхана дүңгіршегі болуы тиіс.

68. Сақтау камерасының жұмысын ұйымдастыру кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:
1) автоматты емес сақтау камерасына багажды тапсыруға және алуға кететін уақыт шығыны барынша төмен болуы тиіс;
2) сақтауға тапсырылған багаждың сақталуы сақтау камерасы үй-жайының құрғақ және таза күйде күтіп ұсталуын, жеткілікті табиғи немесе жасанды ауа тарту желдеткіші болса, онда тұрақты бөлме температурасын ұстап тұруды қамтамасыз етуі тиіс;
3) ол арқылы багажды қабылдау және беру жүзеге асырылатын автоматты емес сақтау камерасының, операциялық терезесінің төменгі жағы еденнен 70 см биік емес, терезенің сыртқы жағынан багажды тапсыруға дайындау үшін үстел қойылып орналасуы тиіс;
4) операциялық терезенің жанында сақтау камерасының жұмыс режимі, багажды сақтауға қабылдау тәртібі мен шарттары, сақтау мерзімдері мен құны бар тақтайша ілінеді;
5) багаж жол жүру құжаттарының болуына қарамастан сақтауға қабылданады.

69. Автовокзалдарда қалааралық тасымалдау бағыттарында жұмыс істейтін автобустардың жүргізушілеріне, еңбек және демалыс режимінің шарттары бойынша оларға тұрақты тұратын жерінен басқа жерде демалуға тура келген жағдайда, демалуға (ұйқыға) арналған арнайы жабдықталған үй-жайлар берілуі тиіс.

70. Жүргізушілердің демалыс бөлмелерінде суық және ыстық суы бар душ бөлмесі, күндізгі уақытта демалысты қамтамасыз етуге арналған қараңғылаушы перделер болуы тиіс. Бөлмелерде жүргізушілердегі құнды заттарды, сатылған билеттердің ақшасын, сондай-ақ жол жүру құжаттарының (билеттердің) бланкілері мен багаж түбіртектерін сақтау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

71. Автовокзалдарда 5 жасқа дейінгі баласы бар жолаушыларға, жүкті әйелдерге және кресло-арба пайдаланатын мүгедектерге қызмет көрсетуге арналған ана мен бала бөлмесінің жұмысы ұйымдастырылады. Үй-жайлардың көлемі мен құрамы, сондай-ақ қызмет көрсететін персоналдың саны автовокзал жұмысының көлеміне сәйкес келуі тиіс.

72. Жолаушылар легі тәулігіне 1000 адамнан артық автовокзалдарда ана мен бала бөлмесі үй-жайларының құрамына:
1) гардеробы бар қабылдау бөлмесі;
2) құндақтау бөлмесі;
3) жатын бөлме;
4) тоңазытқышы мен су ысытқышы бар ас үй бөлмесі;
5) қолжуғышы, қол жууға арналған залалсыздандыру ерітіндісі, сүлгісі және бала киімін кептіруге арналған шкафы бар дәретхана бөлмесі;
6) душ бөлмесі кіреді.

73. Ана мен бала бөлмесіне балалы жолаушылар мен жүкті әйелдер қысқа уақытқа да (тамақтандыру, қайта құндақтау, автобустың жөнелтілуін күту үшін қысқа демалыс), сондай-ақ ұйықтау үшін төсектерді пайдалана отырып ұзақ болу үшін де қабылданады.

74. Автобустардың қалыпты қозғалысы кезінде балалы жолаушылардың ана мен бала бөлмесінде болуы 3 тәулікпен шектеледі.

75. Балалы жолаушылар мен жүкті әйелдерге жол жүру құжаттарын (билеттерді) ана мен бала бөлмесі бойынша кезекші арқылы, осы қызметтер үшін ақы төлемей сатып алу мүмкіндігі беріледі.

76. Автовокзалдар мен автостанциялар жолаушылардың және багаждың халықаралық, қалааралық облысаралық, қалааралық облысішілік, қала маңындағы және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын тұрақты автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларға, тасымалдаушылар мен автовокзалдардың (автостанциялардың) әкімшілігі заңнамаға және осы Ережеге сәйкес жасасатын шарттардың негізінде қызмет көрсетеді.
Бұл ретте жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларға қызмет көрсету, олар белгіленген тәртіппен тиісті маршрутта жұмыс істеуге арналған рұқсат құжаттарын ұсынған кезде ғана рұқсат етіледі.

77. Автовокзалдар мен автостанциялардың үй-жайларын ылғалды жинау күніне кемінде екі рет және ластану шамасы бойынша жүргізіледі.

&2 Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату
тәртібі, жол жүру құжаттарын (билеттерін) және
олардың құнын қайтару тәртібі және шарттары

78. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату автовокзалдар мен автостанциялардың билет кассалары арқылы, ал аралық аялдау пункттерінде билет кассалары болмаған жағдайда, автобуста, шағын автобуста отыратын бос орындар болса, сондай-ақ жолаушыларды және багажды 50 км артық қашықтыққа тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустардың толу нормасына дейін жүргізуші немесе кондуктор жүзеге асырады.

79. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату тиісті маршрутта жұмыс істеу үшін рұқсат құжаттарын берген тиісті органдар бекіткен тарифтер бойынша жүзеге асырылады.

80. Автовокзалдарда жол жүру құжаттарын (билеттерін) ағымдағы сатумен қатар алдын ала сату, сондай-ақ телекоммуникация құралдарын пайдалану және үйге жеткізіп беру арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату жүзеге асырылады.
Жол жүру құжаттарын (билеттерін) алдын ала сату, жол жүру құжаттарын (билеттерін) телекоммуникация құралдарын пайдалану арқылы сату және оларды үйге жеткізіп беру үшін белгіленген тарифке сәйкес ақы (бұдан әрі - комиссиялық алым) алынады. Комиссиялық алым түбіртекпен расталады, онда алымды өндіріп алушының атауы және түбіртектің берілген күні көрсетіледі. Жазбалар анық жасалады, ал берілген күні компостермен немесе мөртабанмен қойылады.

81. Алдын ала сату кассаларында жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату, соның ішінде телекоммуникациялар құралдарын пайдалану арқылы билет алуға тапсырысты ресімдеу және оларды үйге жеткізіп беру автобус, шағын автобус жөнелтілгенге дейін 7 тәулік бұрын басталады және бір тәулік бұрын аяқталады.

82. Ағымдағы сату кассаларында жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату автобусты, шағын автобусты жөнелту күні басталады және жөнелтілгенге дейін 5 минут бұрын аяқталады.

83. Комиссиялық алым жеңілдетілген жол жүру құқығының болуына қарамастан өндіріп алынады.

84. Комиссиялық алым кері қайтарылуға жатпайды.

85. Телекоммуникация құралдарын пайдалану арқылы сатылған жол жүру құжаттары (билеттері) алдын ала сату кассаларында сақталады және автобус, шағын автобус жөнелтілгенге дейінгі 3 сағаттан кешіктірмей талап етілуі тиіс. Телекоммуникациялар құралдарын пайдалану арқылы сатылған жол жүру құжаттары (билеттері) белгіленген мерзімде талап етілмеген жағдайда, тапсырыстар жойылады және жол жүру құжаттары (билеттер) ағымдағы сату кассаларына тапсырылады.

86. Жол жүру құжаты (билеті) жоғалған және жолаушы автобус, шағын автобус жөнелтілгенге дейін 3 сағаттан кешіктірмей автовокзалдың (автостанцияның) кассасына немесе тасымалдаушыға барған жағдайда және жолаушының жол жүру құжатын (билетін) сатып алғанын тасымалдаушы, автовокзал (автостанция) растаса, билет ақы алмай қалпына келтірілуі тиіс.

87. Жолаушы алынған жол жүру құжатын (билетін) автовокзалдың (автостанцияның) кассасына автобус жөнелтілгенге дейін қайтарған кезде, оған көзделген алымдар шегерілген төленген жол жүру құны қайтарылады.

88. Автобусқа кешіккен кезде жол жүру құжаттары (билеттері) 3 күннен кешіктірмей қайтарылуы мүмкін, бұл ретте билет құнының 50%-ына тең сома өтеледі.
Ескерту: 88-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006 жылғы 5 желтоқсандағы N 319 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

89. Қалааралық облысаралық және халықаралық қатынастағы маршруттар бойынша жүретін автобусты жөнелту кешіктірілген жағдайда, кідіру немесе кешігу жойқын күштің салдарынан орын алған жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушы автовокзалдың (автостанцияның) кассалары арқылы жолаушыға автобусты жөнелтудің әрбір кешіктірілген сағаты үшін жол жүру құнының үш пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді. Бұл ретте айыппұлдың сомасы, жолаушы сатып алған билет құнынан асуы мүмкін емес. Айыппұлдан басқа, жолаушыға, оған келтірілген шығындар өтеледі.

90. Автобусты, шағын автобусты жөнелту кешіктірілгендіктен жолаушы сапардан бас тартқан жағдайда, жөнелту пунктінде оған төленген жол жүру құны толық мөлшерде қайтарылады, сондай-ақ оған осы кідіріске байланысты келтірілген шығындар өтеледі.

91. Емдеу мекемесінің анықтамасымен немесе жазатайым оқиға туралы актімен расталған науқастану немесе жазатайым оқиға нәтижесінде жолаушы сапарды тоқтатқан кезде тасымалдаушы жолаушыға жүрілмеген қашықтықтың жол жүру құнын өтейді.

92. Жолаушыны бару пунктіне жол, климаттық немесе тасымалдаушыға байланысты емес өзге де себептер бойынша жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, жолаушыға сегіз сағат ішінде сапар тоқтаған пункттен бару пунктіне дейінгі жол жүру құны қайтарылуы тиіс. Автобусты жөнелту пунктіне қайтарған кезде жолаушыға жол жүру мен багажды алып жүрудің толық құны өтеледі.

93. Техникалық себептер бойынша маршрут бойынша автобустың қозғалысы мүмкін болмаған жағдайда, жолаушыларға сатылған билеттер осы маршруттың басқа автобусында сапарды жүзеге асыру үшін жарамды.

94. Тасымалдаушы билетте көрсетілген автобустың орнына жол жүру құны қымбаттау тұратын басқа автобусты ұсынған кезде сапар қосымша ақы алмай алынған жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша жүзеге асырылады.

95. Жолаушылардың және багаждың қалааралық және халықаралық автомобиль тасымалдары бойынша жол жүру құжаттары (билеттер) автобустың отыруға арналған орындарының санына тең мөлшерде сатылады.

&3 Жолаушыларды ақпараттық қамтамасыз ету

96. Автовокзалдарда (автостанцияларда) жолаушыларды автобустардың қозғалысы, жол жүру мен багажды алып жүру шарттары және ұсынылатын қызметтер мәселелері жөніндегі анық, жеткілікті және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған анықтамалық-ақпараттық қызметтің жұмысы ұйымдастырылады.

97. Жолаушыларды ақпараттық қамтамасыз ету көрінетін анықтаманың, дауыстап айту байланысының және ауызша анықтаманың көмегімен жүзеге асырылады.

98. Көрінетін ақпарат:
1) тәуліктің кез келген уақытында жақсы көрінуі;
2) барынша анық және толық болуы тиіс.
Бұл ретте, егер автовокзал (автостанция) тәулік бойы жұмыс істемесе, сыртында мынадай ақпарат орналастырылуы тиіс:
1) осы автовокзал (автостанция) арқылы өтетін маршруттар бойынша автобустардың қозғалыс кестесі;
2) автовокзалдың (автостанцияның) жұмыс уақыты.

99. Автобустардың қозғалыс кестесінде мынадай мәліметтер болуы тиіс:
1) маршруттың нөмірі;
2) маршруттардың атауы;
3) автобустың жөнелтілу уақыты;
4) соңғы пунктке келу уақыты;
5) осы автовокзалға (автостанцияға) келу уақыты және тұру уақыты (транзиттік рейстер үшін).

100. Кассалардың көрінетін ақпаратында мыналар болуы тиіс:
1) кассаның нөмірі;
2) кассаның мамандануы;
3) жұмыс режимі;
4) билетті кезектен тыс сатып алатын жолаушылар санаттарының заңнамада белгіленген тізбесі;
5) жолаушылардың жекелеген санаттарының жеңілдетілген жол жүру шарттары;
6) кассирдің тегі.

101. Жолаушыларды дауыстап айту байланысының көмегімен ақпараттандыру автовокзалдың хабарлау желісі арқылы ұйымдастырылады.
Дауыстап айту байланысынан болған шу деңгейі санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес келуі тиіс.

102. Дауыстап айту байланысының көмегімен берілетін ақпараттың міндетті тізбесі өзіне мынадай ақпаратты қамтиды:
1) автобустардың келу уақыты;
2) автобусқа мінудің басталатын уақыты (жөнелтуге дейін 15 минут бұрын) және автобустың жөнелтілетін уақыты (жөнелтуге дейін 5 минут бұрын);
3) қосымша рейстерді енгізу және оларға жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату;
4) транзитпен жүретін автобустардың тұратын уақытының қысқартылуы (ұлғайтылуы) туралы;
5) багажды қабылдау, сақтау және беру тәртібі;
6) жолаушыларға ұсынылатын негізгі қызметтердің тізбесі.
Жолаушыларға көрсетілетін негізгі қызметтердің тізбесі туралы ақпарат автобустардың келуі мен жөнелтілуі туралы хабарландырулардың арасындағы аралықтарда беріледі. Јрбір хабарландыру мемлекеттік және орыс тілдерінде қайталанады.

103. Жолаушыларға ауызша анықтамалардың берілуін анықтама бюросының ақпаратшысы жүзеге асырады. Анықтама бюросы:
1) жұмыс уақыты мен ақпарат берушінің тегі көрсетілген, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі, айқын көрінетін "Анықтама бюросы" деген маңдайша жазумен;
2) автобустардың осы автовокзалдан (автостанциядан) жөнелтілу, соңғы пунктке келу уақыты және барлық автобустардың осы автовокзалға (автостанцияға) келу уақыты көрсетілген автобустардың қозғалыс кестесімен;
3) осы автовокзалдың (автостанцияның) тура автобус қатынасы бар басқа облыстардың автовокзалдары мен автостанциялары бойынша автобустардың қозғалыс кестелерімен;
4) осы автовокзал (автостанция) қызмет көрсететін барлық маршруттар бойынша жол жүру мен багажды алып жүру құнының кестесімен қамтамасыз етілуі тиіс.

104. Автовокзалдың (автостанцияның) анықтама бюросы беретін анықтамалардың міндетті тізбесі:
1) осы автовокзал (автостанция) бойынша автобустардың жөнелтілу және келу уақытын;
2) осы автовокзалдан жөнелтілетін барлық автобустардың маршруттың барлық аялдау пункттеріне келу және тұру уақытын (автовокзал үшін ғана);
3) кесте бойынша рейске жөнелтілетін автобустардың үлгілері мен маркаларын;
4) облыс маршруттары бойынша, сондай-ақ осы автовокзалмен тура автобус қатынасы бар басқа облыстардың автовокзалдары мен автостанцияларының маршруттары бойынша автобустардың қозғалыс кестесін;
5) осы автовокзалда (автостанцияда) жолаушыларға ұсынылатын қызметтердің тізбесі мен құнын;
6) жол жүру және багажды алып жүру құнын;
7) автобустарда жолаушылардың жол жүру және багажды алып жүру, жол жүру құжаттарын (билеттерін) басқа рейске қайта ресімдеу ережелерін, сондай-ақ сапар шегу іске аспаған жағдайларда жол жүру мен багажды алып жүру құнын қайтару тәртібін;
8) үй-жайлардың орналасуы мен осы автовокзал (автостанция) қызметтерінің жұмыс режимін қамтиды.

&4 Жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттерін
безендіру мен күтіп ұстауға қойылатын талаптар

105. Жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттері:
1) қалқалармен;
2) тәуліктің қараңғы мезгілінде автобустарға қалыпты отыру және олардан түсуді, багажды тапсыру мен алуды, деректемелерді оқуды қамтамасыз ететін жарықпен;
3) отырғызу алаңының нөмірі белгіленген автобустарға отырғызу орындарының көрсеткіштерімен;
4) жолаушыларды хабарландыруға арналған дыбыс колонкаларымен;
5) отырғызу алаңдарын жүру бөлігінен қоршау турникеттерімен;
6) мүгедек жолаушылардың міну мен түсуіне арналған құрылғылармен;
7) қоқыс сауыттарымен жабдықталады.

106. Жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттері жиектемелермен белгіленуі және жүру бөлігі төсемінің деңгейінен кемінде 22 см асуы тиіс.

107. Автовокзал (автостанция) аумағы бойынша автобустар, шағын автобустар қозғалысының схемасын әзірлеген кезде:
1) кіру және шығу кезінде оң бұрылыстарды ғана қолдануды;
2) жақын жатқан көшелерде автобустардың айналу пунктін жабдықтауды;
3) жолаушыларды отырғызу мен түсіруге арналған отырғызу алаңына автобусты оң жағымен ғана қоюды;
4) автобусты отырғызуға берген кезде ең төменгі маневрлеуді;
5) автобустар қозғалысы желілерінің жолаушылар қозғалысы желілерімен қиылысуын болдырмауды көздеу қажет.

108. Автобустар, шағын автобустар автовокзал (автостанция) аумағы бойынша маневр жасаған кезде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттері ғана емес, автовокзалдың (автостанцияның) барлық аумағы тәуліктің қараңғы мезгілінде жеткілікті жақсы жарықтандырылуы, жаяужолдар мен жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттерін жүру бөлігінен бөлетін қоршаулар болуы қажет. Ғимараттың айналасындағы жаяужолдар 4 метрден тар болмауы тиіс.

109. Автобусты отырғызуға беру уақыты автобустардың жөнелтілу жиілігіне және отырғызу алаңдарының болуына байланысты және автовокзал (автостанция) жұмысының технологиялық процесімен белгіленеді, бірақ ол кесте бойынша рейске автобус жөнелтілгенге дейін қалааралық автобустар үшін 15 минуттан және қала маңындағы қатынастың автобустары үшін 10 минуттан кем болмауы тиіс.

&5 Багажды қабылдау, сақтау және беру тәртібі

110. Сақтау камерасының жұмыс уақыты автовокзалдың (автостанцияның) жұмыс режиміне, автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс кестесіне және жергілікті жағдайға байланысты белгіленеді. Автоматты емес сақтау камерасындағы қоймашылардың түскі үзілістері қалааралық автобустардың жиілігі ең төменгі жөнелтілу сағаттарына, кезекті автобус жөнелтілгенге дейін 15 минуттан кешіктірмей сақтау камерасын міндетті түрде ашуды ескере отырып белгіленеді.

111. Багаж сақтауға кез келген орамада, оның сыртқы нысанына қарамастан (чемодан, арқа қоржын, түйіншек, шыны ыдыс) қабылданады. Жеке заттар сақтауға орамасыз қабылдануы мүмкін. Орама бұйымдардың, оларды тасу және сөрелерде сақтау кезінде сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Багажды сақтауға қабылдау кезінде ораманың беріктігі тексеріледі және ол жарамсыз болған жағдайда, жолаушыға ақаулықты жою ұсынылады.
Өздеріне тән қасиеттері бойынша басқа жолаушылардың бұйымдарын ластауы немесе зақымдауы мүмкін бұйымдарды, сондай-ақ өртену қаупі бар, жарылғыш, улағыш, улы, өткір және күлімсі иісті заттарды сақтауға қабылдауға рұқсат етілмейді.

112. Сақтау камерасы сақтауға тапсырылған азық-түліктің өздігінен бұзылғаны үшін жауапты болмайды.

113. Багажды автоматты емес камераға тапсыру кезінде оның иесіне:
1) сақтау камерасының деректемелері;
2) күні;
3) багаж иесінің тегі, аты және әкесінің аты;
4) сақтауға қабылданған орындардың саны;
5) сақталу мерзімі;
6) багаждың көрсетілген құны (иесі қалаған кезде);
7) багажды сақтау ақысының сомасы;
8) багаж орамасының ақаулықтары (болған кезде) көрсетілген түбіртек жазып беріледі.

114. Егер багажды сақтау камерасына қабылдау кезінде ораманың ақаулықтары байқалса, онда иесі оларды не жоюға, не ақаулықтардың барын түбіртектің түбірінде өз қолымен растауға міндетті.

115. Багаж түбіртегі мен көшіру қағазы арқылы жазып берілетін оның көшірмесі тазартуларсыз және түзетулерсіз анық толтырылады. Түбіртектің көшірмесі сақтауға тапсырылған бұйымдарға бекітіледі, ал түпнұсқасы жолаушыға беріледі.

116. Сақтауға қабылданған багажды жолаушыға беруді сақтау камерасының қызметкері түбіртек бойынша жүргізеді. Беру кезінде иесі көрсеткен түбіртек пен оның көшірмесі салыстырылады, сақтау мерзімі тексеріледі және багаждың иесімен соңғы есеп айырысу жүргізіледі.

117. Багаж түбіртегі жоғалған кезде, сақтауға қабылданған багаж иесіне, оның жазбаша арызы бойынша багаждың оған тиістілігі туралы дәлелдер келтіру арқылы берілуі мүмкін. Бұл жағдайда багажды беру оның иесінің жеке басын растайтын құжаттарына сай тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген қолхат бойынша жүргізіледі.

118. Сақтау үшін ақы әрбір күнтізбелік күн үшін сақтауға қабылданған күн мен сақтау камерасынан берілетін күнді қоса алғанда, багаждың әрбір заты (орны) үшін алынады. Сақтауға бірге байланған бірнеше зат тапсырылған болса, ақы әрбір зат (орын) үшін жеке алынады.

119. Бару пунктіне багаж автомобилінде келген багажды сақтау үшін ақы багаж келген келесі күннің нөл сағатынан бастап және сақтау камерасынан берілген күнді қоса алғанда, багаждың әрбір заты (орны) үшін әрбір күнтізбелік күнге алынады. Сақтауға бірге байланған бірнеше зат тапсырылған болса, ақы әрбір зат (орын) үшін жеке алынады.

120. Багажды сақтауға тапсырған кезде жолаушы оның бағасын белгіленген комиссиялық алым төлеп көрсетуі мүмкін.
Сақтауға бірнеше затты (орынды) тапсырған кезде жолаушы әрбір өзі тапсырған заттың (орынның) немесе олардың жалпы бағасын көрсетуі мүмкін. Көрсетілген бағаның сомасы багаж түбіртегінде көрсетіледі.

121. Багаждың жетіспеуі немесе зақымдалуы байқалған кезде, багаж иесінің, тасымалдаушы өкілінің немесе сақтау камерасы қызметкерінің, автовокзал (автостанция) қызметкерінің және құқықтық қорғау органдары қызметкерінің қатысуымен екі данада акті жасалады.
Актіде багаж иесінің тегі, аты, әкесінің аты және мекен-жайы, қабылданған және берілген орындардың саны, жоғалған заттың атауы немесе оның зақымдалу сипаты, егер ол құжат жүзінде ресімделсе, көрсетілген бағаның сомасы көрсетіледі.
Актінің бір данасы багаж иесіне тапсырылады.

122. Сақтау камерасына тапсырылған бұйымдардың жоғалуы, жетіспеуі немесе зақымдалуы салдарынан болған жолаушының шығындарын, тапсырған кездегі оларды бағалау сомасының шегінде, оларды өтеу туралы талап етілген сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде сақтаушы өтеуі тиіс.

3-тарау. Автобустардың қозғалысына
диспетчерлік басшылық ету

&1 Автобустар қозғалысына диспетчерлік
басшылық етуді ұйымдастыру

123. Диспетчерлік басшылық ету қозғалысты басқару, кестенің сақталуын үздіксіз бақылау және маршруттар бойынша автобустардың үздіксіз және тұрақты қозғалысын қамтамасыз ету үшін жедел реттеу, сондай-ақ технологиялық процестегі көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалдауды үйлестіру болып саналады.

124. Диспетчерлік басшылық етуді диспетчерлік қызметтер жүзеге асырады.


Страницы 1 2 3 4 5
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2025, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina