ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Постановления  »  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Постановления

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 115 Қаулысы

Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенiн мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсiбi кешенiнiң мәселелерi жөнiндегi комиссия құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсiбi кешенiнiң мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2008 жылғы 7 ақпандағы
N 115 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсiбi кешенiнiң
мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы

Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.18 N 483 Қаулысымен.

Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Серiк Нығметұлы бiрiншi орынбасары, төраға

Жақсыбеков - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Әдiлбек Рыскелдiұлы министрi, төрағаның орынбасары

Елемесов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Омархан Көптiлеуұлы министрлiгi Әскери-техникалық саясат
департаментi бастығының лауазымын
уақытша атқарушы, хатшы

Қасымов - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы министрi

Божко - Қазақстан Республикасының Төтенше
Владимир Карпович жағдайлар министрi

Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы жаңа технологиялар министрi

Имашев - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi
Берiк Мәжитұлы

Сағынтаев - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Бақытжан Әбдiрұлы даму және сауда министрi

Жәмiшев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
Болат Бидахметұлы

Жылқайдаров - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы
Нұрлан Базаргелдiұлы қолбасшысының орынбасары (келiсiм бойынша)

Оразқұлов - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет
Қанат Орынтайұлы қызметi бастығының орынбасары (келiсiм
бойынша)

Мырзалиев - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
Нұржан Кершайызұлы комитетi төрағасының орынбасары -
Қазақстан Республикасының Ұлттық
қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң
директоры (келiсiм бойынша)

Шөкеев - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Өмiрзақ Естайұлы акционерлiк қоғамының Басқарма төрағасы
(келiсiм бойынша)

Смағұлов - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы»
Болат Советұлы акционерлiк қоғамының Басқарма төрағасы –
президентi (келiсiм бойынша)

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2008 жылғы 7 ақпандағы
N 115 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсiбi кешенiнiң
мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсiбi кешенiнiң мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) әскери-техникалық және әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелерiн қоса алғанда, әскери-техникалық саясатты iске асыруға және Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенiн (бұдан әрi - ҚӨК) дамытудың негiзгi бағыттарына қатысты қорғанысты қамтамасыз ету мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.06.17 N 930 Қаулысымен.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын, екi жақты және көп жақты мемлекетаралық келiсiмдердi, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi

3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының өзiндiк, сондай-ақ сыртқы саяси, экономикалық және әскери мүдделерiн негiзге ала отырып, қорғанысты қамтамасыз ету мүддесiнде Қазақстан Республикасының әскери-техникалық саясатын iске асыру, ҚӨК-тi дамыту және оны мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, оның iшiнде: әскери-техникалық қамтамасыз ету, ҚӨК-тi, ғылым мен технологияны дамыту саласындағы тұжырымдамаларды, бағдарламалар мен жоспарларды қарау;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын, бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру, шет мемлекеттермен әскери-техникалық және әскери-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, әскери мақсаттағы өнiмдердi экспорттық жеткiзудi арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.05.24 N 565 Қаулысымен.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.06.17 N 930, 2010.05.20 № 455, 2011.05.24 N 565 Қаулыларымен.

3. Комиссияның негiзгi функциялары

4. Комиссияның негiзгi функциялары:
1) ҚӨК-тi дамытуда мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын жетiлдiру, әзiрлеу және iске асыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
2) Қазақстан Республикасының ҚӨК қызметiн реттейтiн заңнамасын жетiлдiру және халықаралық әскери-техникалық және әскери-экономикалық ынтымақтастық пен бұл саладағы мемлекеттiк реттеудiң басқа да мiндеттерiн шешу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау;
3) мемлекеттiк органдар мен ҚӨК ұйымдарының қорғанысты қамтамасыз ету мүддесiнде орындалатын мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын, бағдарламалар мен жоспарларды қалыптастыру жөнiндегi iс-қимылдарының келiсiмдi болуын қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау;
4) республикалық бюджет бағдарламалары бөлiнiсiнде әскери және қосарлы мақсаттағы өнiмдердi қаржыландыру көлемдерi мен олардың номенклатурасы бойынша мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың қазiргi заманғы үлгiлерiн жасауға байланысты ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және технологиялық жұмыстар мен инновациялық жобаларға мемлекеттiк тапсырыс берушiлердiң бюджеттiк өтiнiмдерiнiң жобалары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
5) қорғанысты және бағдарламалардың жобаларын, мемлекеттiк қорғаныс тапсырысының негiзгi көрсеткiштерiн қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру көлемдерi бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
6) қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы әзiрлеуге, сатып алуға, жөндеуге, жаңғыртуға және кәдеге жаратуға жұмсалатын шығыстарды, қорғанысты қамтамасыз ету мүддесiнде орындалатын бағдарламаларды қаржыландыру жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау;
7) Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзудiң алдында мемлекеттiк қорғаныс тапсырысының жобасы бойынша ұсыныстар тұжырымдау және оның орындалу қорытындыларын қарау;
8) қорғанысты, құқықтық тәртiптi және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мүддесiнде қару-жарақ, әскери және арнайы техника жасау және шығару, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.06.17 N 930 Қаулысымен.
5. Комиссияның:
1) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң және Сенатының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы сотының, Бас прокуратурасының аппараттарымен, орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасауға;
2) қару-жарақ, әскери және арнайы техника жасауға, өндiруге, жөндеуге, жаңғыртуға және кәдеге жаратуға, осы саладағы бағдарламалар мен жоспарларды орындауға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ Комиссияның құзыретiне кiретiн басқа да мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн, ҚӨК ұйымдарының басшыларын тыңдауға;
3) мемлекеттiк органдардан, сондай-ақ ҚӨК ұйымдарынан Комиссияға жүктелген мiндеттердi шешу үшiн қажеттi ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
4) қажет болған кезде Комиссияның құзыретiне жататын жекелеген мәселелердi қарау және олар бойынша ұсыныстар дайындау үшiн жұмыс топтарын құруға құқығы бар.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2009.06.17 N 930 Қаулысымен.

4. Комиссия қызметiн қамтамасыз ету

6. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, комиссия отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiн iске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстарды заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiруге және Комиссия әзiрлейтiн шешiмдер үшiн дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
7. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.20 № 455 Қаулысымен.
8. Комиссия жұмысы Комиссия төрағасы бекiткен жоспарлар бойынша жүзеге асырылады.
9. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткiзгеннен кейiн хаттама ресiмдейдi. Хатшы Комиссия мүшесi болып табылмайды.
10. Комиссияның шешiмi ашық дауыспен қабылданады және оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және Комиссияның есеп хатында қоса тiркелуi тиiс.
Комиссия отырыстарын өткiзу нәтижелерi бойынша, оның барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын хаттама жасалады.
11. Комиссия өз қызметiн заңнамада көзделген негiздер бойынша тоқтатады.

Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina