Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 22-ө Өкімі
Француз Республикасының Премьер-Министрі Ф.Фийонның Қазақстан Республикасына сапарын дайындау және өткізу туралы Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту, Француз Республикасының Премьер-Министрі Ф.Фийонның 2008 жылғы 7-8 ақпандағы Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша): қосымшаға сәйкес Француз Республикасы делегациясының мүшелеріне "1+10" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын; сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" және 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ўлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Француз Республикасының делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Француз Республикасы Премьер-Министрінің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын; Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін. 5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі атынан ресми қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын. 6. Астана қаласының әкімі Француз Республикасының делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, баратын орындарында бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін. 7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана қаласының әуежайында Француз Республикасының делегациясын қарсы алуға/шығарып салуға қатыссын. 8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін. Премьер-Министр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 22-ө өкіміне қосымша Француз Республикасы делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары 1. Француз Республикасы делегациясының мүшелерін Астана қаласындағы "Интерконтиненталь" қонақ үйіне "1+10" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Астана қаласындағы "Интерконтиненталь" қонақ үйіне орналастыру. 3. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау. 4. Француз Республикасы делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу. 5. Француз Республикасының делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде шай дастарханын ұйымдастыру. 6. Іс-шаралар өткізілетін орындарды гүлмен безендіру. 7. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің атынан Француз Республикасының Премьер-Министрі Ф.Фийонның құрметіне Астана қаласында ресми қабылдау ұйымдастыру. 8. Делегация мүшелеріне және бірге жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
|