Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 26 қаңтардағы N 21-ө Өкімі
Қазақстан Республикасының делегациясын Мадрид қаласына (Испания Корольдігі) іссапарға жіберу туралы
Дүниежүзілік туристік ұйымның басшылығымен кездесу өткізу мақсатында: 1. Қосымшаға сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы Мадрид қаласына (Испания Корольдігі) іссапарға жіберілсін; 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі: Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетовке және Јлішер Хабибұллаұлы Пірметовке 2008 жылғы 28-31 қаңтар кезеңінде қонақ үйде тұруға, тәуліктік шығыстарға, сондай-ақ Астана - Майндағы Франкфурт - Мадрид - Майндағы Франкфурт - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша; Елена Владимировна Журинаға 28 қаңтар - 1 ақпан кезеңінде қонақ үйде тұруға, тәуліктік шығыстарға, сондай-ақ Астана - Майндағы Франкфурт - Мадрид - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. Премьер-Министр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 26 қаңтардағы N 21-ө өкіміне қосымша Мадрид қаласына (Испания Корольдігі) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы Досмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Темірхан Мыңайдарұлы Туризм және спорт министрі Пірметов - Қазақстан Республикасы Туризм және Јлішер Хабибұллаұлы спорт министрлігінің аппарат басшысы Журина - Қазақстан Республикасы Туризм және Елена Владимировна спорт министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры
|