Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 8 маусымдағы N 55 Өкімі
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 4071 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 4071 өкiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: аталған өкiммен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң дербес құрамына мыналар енгізiлсiн: Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы Наталья Артемовна министрi, Орынбаев - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Ербол Тұрмаханұлы Јкiмшiлiгi Басшысының орынбасары, Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия және Владимир Сергеевич сауда министрi, Алберс Марк - "Эксон Мобил Продакшн" компаниясының президентi, Берри Билл - "КонокоФиллипс" компаниясының атқарушы вице-президентi, Джин Личун - Азия Даму Банкiнiң вице-президентi, Джоханссон Карл - "Эрнст энд Янг ТМД, Лтд" компаниясының басқарушы серiктесi, Киджима Цунао - "Митсубиси Интернешнл" корпорациясының президенті, Еуропа бойынша басқарма төрағасы; "Мәсiмов - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Кәрiм Қажымқанұлы көмекшiсi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Мәсiмов - Қазақстан Республикасы Премьер- Кәрiм Қажымқанұлы Министрiнiң орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрi"; аталған Кеңестің құрамынан Д.Гарднер, А.Ғ.Дунаев, Қ.Н.Келiмбетов, С.М.Мыңбаев, Х.Накахара, P.Тиллерсон, B.T.Чанг шығарылсын. Қазақстан Республикасының Президентi
|