Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 22 мамырдағы N 135-ө Өкімі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2006 жылғы 5 мамырдағы N 119-ө өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi Қ.К.Тоқаевты Женева (Швейцария Конфедерациясы), Вена (Австрия Республикасы) және Берлин (Германия Федеративтiк Республикасы) қалаларына iссапарға жiберу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2006 жылғы 5 мамырдағы N 119-ө өкiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: тақырыптағы "Вена (Австрия Республикасы)" деген сөздер "Шанхай (Қытай Халық Республикасы)" деген сөздермен ауыстырылсын; кiрiспедегi "2006 жылғы 16 мамырда Вена қаласында (Австрия Республикасы) Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫЎ) Тұрақты кеңесiнде сөз сөйлеу" деген сөздер "2006 жылғы 14-15 мамырда Шанхай қаласында (Қытай Халық Республикасы) Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы iстер министрлерi кеңесiнiң мәжiлiсiне қатысу" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы "2006 жылғы 8-15 мамыр кезеңiне Женева қаласына (Швейцария Конфедерациясы), 2006 жылғы 15-18 мамыр кезеңiне Вена қаласына (Австрия Республикасы) және 2006 жылғы 18-20 мамыр" деген сөздер "2006 жылғы 8-14 мамыр кезеңiне Женева қаласына (Швейцария Конфедерациясы), 2006 жылғы 14-17 мамыр кезеңiне Шанхай қаласына (Қытай Халық Республикасы) және 2006 жылғы 17-20 мамыр" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы "Вена" деген сөз "Майндағы Франкфурт - Шанхай - Майндағы Франкфурт" деген сөздермен ауыстырылсын. Премьер-Министр
|