Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі N 107-ө Өкімі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2005 жылғы 17 қазандағы N 294-ө өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы
"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2005 жылғы 17 қазандағы N 294-ө өкiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген өкiммен бекiтiлген "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесiнде: "Орындалу мерзiмi" деген 4-бағанда: реттiк нөмiрi 1, 2, 8-жолдардағы "2006 жылғы наурыз" деген сөздер "2006 жылғы қыркүйек" деген сөздермен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 3-жолдағы "2006 жылғы наурыз" деген сөздер "2006 жылғы қараша" деген сөздермен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 5-жолдағы "2006 жылғы наурыз" деген сөздер "2006 жылғы мамыр" деген сөздермен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 10-жол алынып тасталсын. Премьер-Министр
|