Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 21 наурыздағы N 65-ө Өкімі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 17 қыркүйектегi N 274-ө өкiмiне толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы
"Халықаралық транзиттiк дәлiздерде жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi iс-шаралардың 2004-2008 жылдарға арналған жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 17 қыркүйектегi N 274-ө өкiмiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Халықаралық транзиттік дәлiздерде жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi iс-шаралардың 2004-2008 жылдарға арналған жоспарында: реттiк нөмiрi 8-жолда: 4-баған ", ТЖМ, АБА" деген аббревиатуралармен толықтырылсын; 5-баған мынадай редакцияда жазылсын: "2007 жылғы III тоқсан"; ескертулерде "ҚОҚМ - Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi;" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "ТЖМ - Төтенше жағдайлар министрлігі; АБА - Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi;". Премьер-Министр
|