Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 шілдедегі N 56-IV Конституциялық Заңы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы
1-бап. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы" 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 11, 72-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "нышандары", "нышандарының", "нышандарын", "нышандарына" деген сөздер тиісінше "рәміздері", "рәміздерінің", "рәміздерін", "рәміздеріне" деген сөздермен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
|