ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 1...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

  Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 1 шілдедегі N 51-IV Заңы

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы

Бішкекте 2007 жылғы 27 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы
бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы
келісім

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер - Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы,
БЎЎ Жарғысының мақсаттары мен принциптеріне, жалпы танылған халықаралық құқық нормаларына өзінің бейімділігін растай отырып,
2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясын, 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясын басшылыққа ала отырып,
Шанхай ынтымақтастық ұйымының (бұдан әрі - ШЫЎ) ШЫЎ кеңістігіндегі бейбітшілікке, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін ахуалдарға тиімді ден қоюды қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде қорғаныс ведомстволарының өзара келісілген іс-қимылдары жолымен күш-жігерді біріктіруге ұмтыла отырып,
осы мақсаттарда бірлескен әскери оқу-жаттығулар (бұдан әрі - оқу-жаттығулар) өткізуге, оларды дайындау мен өткізудің құқықтық және ұйымдастыру негіздерін айқындауға ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1-бап

Осы Келісімде қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

"оқу-жаттығуларға қатысушылар" - оқу-жаттығуларды басқару органының құрамына енгізілген адамдар, оқу-жаттығуларға қатысатын Тараптардың әскери және басқа да құралымдарының жеке құрамы;

"оқу-жаттығуларды басқару органы" - оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу үшін Тараптар құрған уақытша басқару органы;

"әскери құралымдар" - оқу-жаттығуларға қатысатын Тараптар қарулы күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері, басқару органдары;

"басқа да құралымдар" - Тараптардың, олардың қарулы күштерінің құрамына кірмейтін, олардың оқу-жаттығуларға қатысатын немесе оларды өткізуге жәрдемдесетін мемлекеттік билік органдарының бөлімшелері;

"әскери және басқа да құралымдардың жеке құрамы" - әскери және басқа да құралымдардың құрамына кіретін әскери қызметшілер мен азаматтық персонал, сондай-ақ оларға іссапарға жіберілген адамдар;

"жіберуші Тарап" - қабылдаушы Тараптың аумағына өзінің оқу-жаттығуларға қатысушылары мен әскери және басқа да құралымдардың жылжымалы мүлкін жіберген Тарап;

"қабылдаушы Тарап" - аумағында оқу-жаттығулар өткізілетін немесе аумағы арқылы жіберуші Тараптың оқу-жаттығуларға қатысушылары мен әскери және басқа да құралымдардың жылжымалы мүлкін транзиттеу жүзеге асырылатын Тарап;

"үшінші тарап" - жіберуші немесе қабылдаушы Тарап болып табылмайтын басқа мемлекет, оның жеке немесе заңды тұлғалары, сондай-ақ халықаралық үкіметаралық ұйымдар;

"әскери және басқа да құралымдардың уәкілетті органдары" - әскери және басқа да құралымдардың командирлері (бастықтары) және Тараптардың уәкілетті органдары тағайындайтын әскери және басқа да құралымдардың құрамынан өзге де адамдар;

"әскери және басқа да құралымдардың жылжымалы мүлкі" - оқу-жаттығулар кезеңінде әскери және басқа да құралымдарға қажетті жіберуші Тараптың меншігі болып табылатын қабылдаушы Тараптың аумағына уақытша әкелуге және пайдалануға рұқсат етілетін қару-жарақ пен әскери техника, әуе кемелері, әскери кемелер мен басқа да жүзу құралдары, арнайы құралдар, оқ-дәрілер мен елестету құралдары, азық-түлік, медициналық мүлік, сондай-ақ басқа да материалдық-техникалық мүлік пен шығыс материалдары;

"жылжымайтын мүлік" - қабылдаушы Тараптың меншігі болып табылатын, қабылдаушы Тараптың келісімімен жіберуші Тараптың әскери және басқа да құралымдарының уақытша пайдалануында болатын жер телімдері, темір жолдары, автомобиль жолдары, оқу-жаттығу орталықтары мен полигондар, әуеайлақтары, порттар, әскери-теңіз базалары мен орналасу пункттері және оларда орналастырылған құрылыстар мен ғимараттар, тұрақты байланыс құралдары, радиотехникалық және навигациялық қамтамасыз ету құралдары, сондай-ақ басқа да инфрақұрылым объектілері;

"залал" - өлім, дене жарақаты және өзге де денсаулықтың зақымдануы (мертігу), сондай-ақ мүлікті жою, бұзу немесе жоғалту;

"әскери және басқа да құралымның орналасу орны" - оқу-жаттығуларды өткізу кезеңінде жіберуші Тараптың әскери және басқа да құралымдарының уақытша орналасуы үшін қабылдаушы Тарап бөлген аумақ;

"оқу-жаттығулар ауданы" - оқу-жаттығулар өткізу үшін қабылдаушы Тарап бөлген аумақ;

"қозғалыс бағыттары" - әскери және басқа да құралымдардың, олардың жылжымалы мүлкінің қабылдаушы Тараптың аумағы бойынша әскери және басқа да құралымдардың орналасу орындарына және оқу-жаттығулар аудандарына, сондай-ақ қабылдаушы Тараптың аумағына қайту кезіндегі әуе, су және жер үсті жүру жолдары;

"құзыретті органдар" - Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес өткізу пункттерінде мемлекеттік шекарадан өтуді бақылауды жүзеге асыруға, тергеу және сот-іс жүргізу іс-қимылдарын жүргізуге, сондай-ақ карантиндік және өзге де іс-шараларды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік билік органдары;

"оқу-жаттығуларға қатысушылардың қызметтік міндеттерді орындауы" - оқу-жаттығу аудандарында, әскери және басқа да құралымдар орналасқан жерлерде, сондай-ақ қозғалыс бағыттары бойынша жүру кезінде, оқу-жаттығуларды дайындау мен өткізу кезеңінде берілген бұйрықтарға сәйкес міндеттерді орындау жөніндегі оқу-жаттығуларға қатысушылардың іс-қимылдары, мынадай жағдайларды қоспағанда:
орналасу орындарын және оқу-жаттығулар ауданын өз бетімен тастап кету;
уытты немесе есірткілік мас болу жағдайына өзін ерікті түрде келтіру;

"мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті" - халықаралық қатынастар (халықаралық ұшулар) үшін ашық темір жол, автомобиль вокзалы, станция, әуежай, әуеайлақ, теңіз, өзен порты шектерінде бөлінген аумақ, сондай-ақ шекаралық, ал қажет болған кезде өзге де бақылау түрлері және мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді, тауарлар мен жануарларды өткізу жүзеге асырылатын өзге де арнайы жабдықталған орын.

2-бап

Осы Келісімді іске асыруды Тараптардың уәкілетті органдары жүзеге асырады. Тараптар уәкілетті органдарының тізбесі депозитарийге және Тараптарға нотамен жолданады.

3-бап

1. Оқу-жаттығуларды өткізу туралы шешім Тараптардың келісімі бойынша қабылданады. Јрбір Тарап оқу-жаттығуларға өзінің қатысу дәрежесін дербес айқындауға құқылы.

2. Егер қандай да бір Тарап оқу-жаттығуларға қатыса алмайтын болса, ол бұл туралы басқа Тараптарға алдын ала хабарлайды.

3. Оқу-жаттығулардың тақырыбына байланысты оларға Тараптардың әскериден басқа құралымдары да қатыса алады.

4-бап

Оқу-жаттығуларды тікелей дайындау және өткізу үшін Тараптардың уәкілетті органдары оқу-жаттығуларды басқару органын құрады.

5-бап

1. Оқу-жаттығуларды өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін оны дайындауға байланысты мәселелерді келісу Тараптардың уәкілетті органдарының өткізетін консультациялары барысында жүзеге асырылады.

2. Тараптар уәкілетті органдарының консультациялары барысында мыналар келісіледі:

1) оқу-жаттығуларды өткізу мақсаттары, міндеттері, ниеті, пысықталатын оқу-жаттығу мәселелері;

2) оқу-жаттығуларды өткізу мерзімдері;

3) оқу-жаттығуларға тартылатын әскери және басқа да құралымдардың құрамы мен саны, олардың жылжымалы мүлкінің тізбесі;

4) әскери және басқа да құралымдардың орналасу орындары және оқу-жаттығулар аудандары;

5) әскери және басқа да құралымдардың орналасу орындарын күзету тәртібі;

6) оқу-жаттығуларды дайындау жөніндегі бірлескен іс-шаралар және оларды өткізу мерзімдері;

7) оқу-жаттығуларды басқару органының орны мен жұмысын ұйымдастыру тәртібі;

8) оқу-жаттығу аудандарында әскери және басқа да құралымдарды шоғырландыру тәртібі;

9) мемлекеттік шекара арқылы өту пункттері және жіберуші Тараптың әскери және басқа да құралымдарының олардан өту уақыты;

10) қабылдаушы Тараптың аумағы бойынша және оқу-жаттығулар аудандарындағы жіберуші Тараптың әскери және басқа да құралымдардың қозғалыс (транзит) бағыттары, тәртібі мен шарттары;

11) жіберуші Тараптың әскери және басқа да құралымдарына қажетті жылжымайтын мүлікті, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етуді, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетуді беру көлемі, тәртібі мен шарттары, сондай-ақ ақылы және өтеусіз негізде оған қызмет көрсетуді ұсынуға байланысты мәселелер;

12) оқу-жаттығуларға басқа мемлекеттерден бақылаушыларды шақыру мәселелері;

13) бұқаралық ақпарат құралдарында оқу-жаттығуларды жариялау мәселелері;

14) оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу барысында ақпаратты қорғау мен басқарудың құпиялылығын қамтамасыз ету мәселелері;

15) оқу-жаттығуларды дайындау және өткізуге қатысты басқа да мәселелер.

3. Консультациялар қорытындысы Тараптардың уәкілетті органдарының өкілдері қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.

6-бап

Қабылдаушы Тарап оқу-жаттығуларды дайындау кезінде және өткізу барысында:
жіберуші Тараптың оқу-жаттығуларға қатысушыларына және жылжымалы мүлкіне қатысты кез келген құқыққа қарсы іс-қимылдардың алдын алу және оны болдырмау жөнінде;
жіберуші Тараптың әскери және басқа құралымдарының, оның жылжымалы мүлкінің қозғалу бағыты бойынша кедергісіз жылжуы үшін жағдай жасау жөнінде қажетті шараларды қабылдайды.

7-бап

Жіберуші Тарап оқу-жаттығуларды дайындау кезінде және өткізу барысында мыналарға бағытталған қажетті шараларды қабылдайды:
қабылдаушы Тараптың мемлекеттік егемендігін, заңнамасын және дәстүрлерін құрметтеуді, қабылдаушы Тараптың ішкі ісіне араласпауды және жіберуші Тараптың оқу-жаттығуға қатысушыларының оның аумағында саяси қызметке қатыспауын қамтамасыз ету;
жіберуші Тараптың оқу-жаттығуларға қатысушыларын қабылдаушы Тараптың аумағындағы қолданыстағы мінез-құлық ережелерін әзірлеуге, нормаларымен және дәстүрлерімен таныстыру;
қабылдаушы Тараптың пайдаланылатын жылжымалы мүлкінің, табиғи ресурстарының, мәдени және тарихи объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
оқу-жаттығуларға қатысушылар мен жылжымалы мүлкінің тек қабылдаушы Тараппен келісілген оқу-жаттығу аудандарының шегінде және қозғалыс бағыттары бойынша жылжуын жүзеге асыру;
әскери және басқа да құралымдардың оқу-жаттығу аудандарында, орналасу орындарында және қабылдаушы Тараптың аумағы бойынша қозғалыс бағыттарында қабылдаушы Тараптың экологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтау.

8-бап

1. Тараптар оқу-жаттығуларға қатысушыларды медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен жүзеге асыру, оның ішінде емдеу-алдын алу және санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу мәселелері бойынша бір-біріне жәрдемдеседі.

2. Жіберуші Тараптың оқу-жаттығуларға қатысушылары қабылдаушы Тараптың аумағында болған кезде оларға медициналық көмек көрсетуді:

1) жоспарлы медициналық көмек көрсету кезінде өз қаражаты есебінен жіберуші Тарап;

2) жедел белгілері бойынша білікті және мамандандырылған көмекті қоса алғанда, медициналық көмек көрсету кезінде қабылдаушы Тарап өтеусіз негізде жүзеге асырады.

9-бап

1. Қабылдаушы Тарап жіберуші Тараптың әскери және басқа да құралымдарына оның сұранысы бойынша Тараптардың уәкілетті органдары консультацияларының нәтижелері бойынша хаттамаларда айқындалатын шарттармен темір жол, автомобиль, теңіз, өзен және әуе көлігін, жылжымайтын мүлікті, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетуді, басқа да қажетті қызметті ұсынады.

2. Егер Тараптар өзге туралы уағдаласпаса, Тараптар осы Келісімді орындау барысында туындайтын шығыстарды дербес көтереді.

10-бап

1. Қабылдаушы Тарап көлік құралдарын жүргізуге емтихан өткізусіз және алымдарды төлеусіз жіберуші Тараптың ұлттық жүргізуші куәлігін жарамды деп таниды. Оқу-жаттығуларға қатысатын автокөлік құралдарының жүргізушілерінде өздерімен бірге ұлттық жүргізуші куәлігі болуға тиіс.

2. Қабылдаушы Тарап жіберуші Тараптың әскери және басқа да құралымдарын көлік құралдарын міндетті сақтандырудан босатады.

3. Қабылдаушы Тараптың аумағында қауіпті, ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру тиісті Тараптар қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға және қабылдаушы Тараптың заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

11-бап

1. Јскери тасымалдарды әуе көлігімен ұйымдастыру Тараптардың халықаралық әуе тасымалдарын ұйымдастыру мәселелерімен айналысатын құзыретті органдарының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

2. Јуе кемелерінің ұшулары халықаралық әуе маршруттары (трассалары, сызықтары) бойынша, сондай-ақ қабылдаушы Тараппен келісілетін аймақтарда (аудандарда) орындалады.

3. Жіберуші Тараптың оқу-жаттығуларға қатысатын немесе оқу-жаттығулар мақсатында әскери тасымалдарды жүзеге асыратын әуе кемелерін қабылдаушы Тараптың әскери және азаматтық әуеайлақтарында әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету және күзету Тараптардың уәкілетті органдарының консультацияларының қорытындылары бойынша хаттамаларда белгіленген шарттармен жүзеге асырылады.

4. Јуе кемелерінің халықаралық трассалардағы (сызықтардағы) ұшуларын ұйымдастыруды Тараптардың ақпараттық ұшу аймақтарына сәйкес Тараптардың әрқайсысының әуе көлігіндегі басқару органдары жүзеге асырады.

5. Осы Келісімді іске асыру мақсатында мемлекетаралық тасымалдарды орындайтын әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі әуе кеңістіктерінде ұшулар жүзеге асырылатын Тараптың заңнамасына және Тараптар қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес қамтамасыз етіледі.

6. Төтенше жағдайлар (табиғи апаттар, ұшудың қолайсыз метеорологиялық жағдайы, әуе кемесі бортындағы ақаулар және т.б.) туындаған кезде Тараптардың әрқайсысының әуе қозғалысын басқару органдары әуе кемелеріне көмек көрсетеді, оның ішінде апатты қону үшін қосалқы әуеайлақтарды ұсынады. Јуе кемелерінің ұшуларын іздеу-құтқаруды қамтамасыз ету Тараптардың күшімен және қаражатымен өтеусіз негізде ұйымдастырылады.

12-бап

1. Жіберуші Тараптың әскери корабльдер мен қосалқы кемелерінің қабылдаушы Тараптың аумақтық теңізіне, ішкі сулары мен ішкі су жолдарына кіруі Тараптар қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға және қабылдаушы Тараптың заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Қабылдаушы Тараптың жіберуші Тараптың әскери корабльдері мен қосалқы кемелеріне лоцмандық жол көрсетуді, буксирлерді, порттық қызметтерді ұсынуы Тараптардың құзыретті органдары арасындағы келісім бойынша жүзеге асырылады.

3. Төтенше жағдайлар (табиғи апаттар, ұшудың қолайсыз метеорологиялық жағдайы, әуе кораблінің немесе қосалқы кеменің бортындағы ақау және т.б.) туындаған кезде Тараптардың әрқайсысының теңіз (өзен) қозғалысын басқару органдары тиісті Тараптардың өтініші бойынша әскери корабльдер мен қосалқы кемелерге көмек көрсетеді. Іздеу-құтқаруды қамтамасыз ету Тараптардың күшімен және қаражатымен өтеусіз негізде ұйымдастырылады.

13-бап

Жіберуші Тараптың әскери және басқа да құралымдарына қабылдаушы Тараптың келісімімен өтеусіз негізде меншікті телекоммуникация жүйелерін, қажет кезінде байланыс кабельдерін төсеу, қабылдау жеткізу қондырғыларын орнатуды қоса, оның ішінде қажетті радиожиілікті пайдалануға рұқсат беріледі. Қабылдаушы Тараптың келісімімен жіберуші Тараптың әскери және басқа да құралымдары қабылдаушы Тараптың телефондық, телеграфтық, факсимильді жергілікті байланыс желілеріне өтеусіз негізде немесе барынша жеңілдік берілген тариф бойынша қосылуы мүмкін.

14-бап

Жіберуші Тараптың оқу-жаттығуларға қатысушыларына қабылдаушы Тараптың аумағында оқу-жаттығуларға қатысуға байланысты уақытша болу кезеңінде шетел азаматтары үшін белгіленген паспорттық-визалық және имиграциялық бақылауды, келу мен қозғалу тәртібін реттейтін қабылдаушы Тараптың заңнамасы қолданылмайды. Жіберуші Тараптың оқу-жаттығуларға қатысушылары қабылдаушы Тараптың аумағында тұрақты тұруға қандай да бір құқық алушы болып саналмайды.

15-бап

1. Жіберуші Тараптың әскери және басқа да құралымдары мемлекеттік шекарадан қабылдаушы Тараптың аумағына келу мақсаттары мен болу мерзімі көрсетілген, Тараптың уәкілетті органдары растаған, қабылдаушы Тараппен келісілген, жіберуші және қабылдаушы Тараптардың мемлекеттік тілдерінде құрастырылған жеке құрамның атаулы тізімдері және жылжымалы мүлкінің тізбелері бойынша өткізу пункттерінде өтеді.

2. Жіберуші Тарап қабылдаушы Тараптың мемлекеттік шекарадан өткенге дейін 45 тәулік бұрын қабылдаушы Тараптың құзыретті органдарымен алдын ала келісу үшін қабылдаушы Тараптың уәкілетті органдарына әскери және басқа да құралымдар жеке құрамының атаулы тізімін және жылжымалы мүлкінің тізбесін береді.

3. Јскери немесе басқа да құралымдардың жеке құрамының атаулы тізімі және жылжымалы мүлкінің тізбесі осы Келісімге 1 және 2-қосымшаларда белгіленген нысанға сәйкес құрастырылады.

4. Оқу-жаттығуларға қатысушылар жіберуші және қабылдаушы Тараптардың мемлекеттік шекарасын жіберуші Тарап аумағында қолданылатын олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсету арқылы кесіп өтеді.
Қабылдаушы Тарап жіберуші Тараптың оқу-жаттығуларға қатысушылары құрамына кіретін азаматтардың қолданыстағы жеке басын куәландыратын құжаттарын таниды.

5. Жіберуші Тараптың жекелеген оқу-жаттығуларға қатысушылары қабылдаушы Тараптың заңнамасына сәйкес қабылдаушы Тараптың аумағына жіберілмеуі мүмкін.

6. Қабылдаушы Тараптың мемлекеттік шекарасы арқылы оқу-жаттығуларға қатысушылардың жеке пайдалануға арналған заттарын, сондай-ақ валюталық қаражатты әкелу (әкету) қабылдаушы Тараптың заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Қабылдаушы Тараптың кеден органдары әскери және басқа да құралымдардың қабылдаушы Тараптың кедендік шекарасы арқылы әкелінетін (әкетілетін) жылжымалы мүлкіне кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды әскери және басқа да құралымдардың жылжымалы мүлік тізбесінің негізінде тыйым салуларды, шектеулерді қолданусыз және кедендік баж, салық пен түсімді төлеусіз оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырады.

8. Тараптардың әрқайсысының кедендік органдары ұлттық заңнамамен белгіленген тәртіппен және шарттармен оқу-жаттығуларға қатысушыларға жеке тексеру және олардың жүктерін тексеру жүргізуі және әскери немесе басқа да құралымдардың жылжымалы мүлкінің тізбесіне енгізілген құралдардан (мүліктен) басқа әкелуге және әкетуге тыйым салынған немесе шектелген құралдарды тәркілеуі мүмкін.

9. Тараптардың әскери және басқа да құралымдарының сәйкестендірудің тиісті құралдарымен буып-түйілген және қамтамасыз етілген қызметтік құжаттары кедендік тексеруге жатпайды. Сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер жіберуші және қабылдаушы Тараптардың құзыретті органдарына ұсынылады. Көрсетілген құжаттарды алып жүретін курьерде оның оларды жеткізуге оның өкілдігін растайтын және әскери және басқа да құралымдардың уәкілетті адамдары куәландырған өкім болуға тиіс.

16-бап

1. Қабылдаушы Тараптың құзыретті органдары ұлттық заңнамаға сәйкес жіберуші Тараптың әскери және басқа да құралымдарының жеке құрамына (оның ішінде жеке заттарға) және жылжымалы мүлкіне қатысты карантиндік іс-шараларды жүзеге асыруға құқылы.
Көрсетілген іс-шаралар қарапайым және бірінші кезектегі тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Қабылдаушы Тараптың уәкілетті органы жіберуші Тараптың уәкілетті органын қабылдаушы Тараптың аумағындағы болуы мүмкін карантиндік іс-шаралар, оларды өткізу мақсаттары, тәртібі және мерзімдері туралы алдын ала хабардар етеді.

17-бап

1. Қабылдаушы Тарап жіберуші Тарапты оның әскери және басқа да құралымдарының жылжымалы мүлкіне салық төлеуден босатады.

2. Жіберуші Тараптың оқу-жаттығуларға қатысушыларының қабылдаушы Тараптың аумағындағы оқу-жаттығуларда болған уақытында жіберуші Тараптың көздерінен алатын сыйақыларына және басқа да төлемдеріне салық алу жіберуші Тараптың салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

18-бап

1. Тараптардың әскери және басқа да құралымдарының әскери қызметшілері оқу-жаттығу кезінде, әдетте, тиісті Тараптардың қарулы күштеріне жататындығын куәландыратын әскери киім мен айырым белгілерін, ал Тараптардың әскери және басқа да құралымдарының құрамына кіретін азаматтық персонал қатарындағы адамдар Тараптардың уәкілетті органдарымен келісілген айырым белгілерін тағады.

2. Тараптардың уәкілетті органдарының келісімі бойынша оқу-жаттығуларға қатысушылар үшін бірдей айырым белгілері белгіленуі мүмкін.

3. Оқу-жаттығулар өткізу кезінде Тараптардың әскери және басқа да құралымдарының көлік құралдарында, әскери және басқа да техникаларында олардың мемлекетке жататындығын куәландыратын, анық көрінетін тіркеу нөмірі мен айырым белгілері болуы тиіс.

19-бап

1. Жіберуші Тараптың оқу-жаттығуларға қатысушыларының қаруды алып жүруіне әскери және басқа да құралымдарды орналастыру орындарында қойылған міндеттерді орындаған жағдайда және күзет қызметін жүзеге асырған кезде тек оқу-жаттығулар аудандарында ғана жол беріледі. Жіберуші Тарап қаруды алып жүру мен қолдану ережелеріне қатысты қабылдаушы Тараптың талаптарын ескереді.

2. Жіберуші Тараптың әскери және басқа да құралымдары жіберуші Тараптың қарулы күштерінде қолданылатын тәртіпке сәйкес өздерінің орналасу орнын күзету бойынша тиісті шаралар қабылдауға құқылы, бұл туралы қабылдаушы Тараптың уәкілетті органы хабардар етіледі.

3. Жіберуші Тараптың әскери және басқа да құралымдарының оқу-жаттығулардан тыс аудандарда орын ауыстыруы кезінде күзет қызметін қабылдаушы Тарап жүзеге асырады.

4. Жіберуші Тарап қарудың және оқ-дәрілердің жоғалу жағдайлары туралы, сондай-ақ оқу-жаттығуларға қатысушылардың жіберуші Тараптың әскери және басқа да құралымдарының орналасу орындарына белгіленген уақытта оралмауы жағдайлары туралы қабылдаушы Тарапты жедел түрде хабардар етеді.

20-бап

1. Тараптар оқу-жаттығуларға қатысушылардың өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде әскери және басқа да құралымдарға келтірген залалына қатысты талап-шағымдар беруден бас тартады.

2. Оқу-жаттығуларға қатысушылардың өз қызметтік міндеттерін орындау кезінен тыс уақытта әскери және басқа да құралымдарға келтірген залалын өтеу тәртібі тиісті Тараптардың уәкілетті органдарының арасындағы жекелеген уағдаластықтармен айқындалады. Егер залалды өтеу туралы мәселе уағдаластық жолмен шешілмейтін болса, қабылдаушы Тараптың оны ұлттық заңнамаға сәйкес қарауға құқығы бар.

3. Жіберуші Тараптың оқу-жаттығуларға қатысушылардың қабылдаушы Тараптың жеке тұлғаларына (азаматтарына) немесе заңды тұлғаларына келтірген залалын өтеу тәртібі тиісті Тараптардың уәкілетті органдарының арасындағы жекелеген уағдаластықтармен айқындалады. Егер залалды өтеу туралы мәселе осындай уағдаластықтар жолымен шешілмейтін болса, қабылдаушы Тараптың оны ұлттық заңнамаға сәйкес қарауға құқығы бар.

4. Егер тиісті Тараптар 2 және 3-тармақтарға сәйкес келтірілген залалға қатысты жауапты болса, ал жауапкершілік дәрежесін анықтау мүмкін болмаса, онда залалды өтеу көрсетілген Тараптар арасында тең шамада бөлінеді.

21-бап

1. Јскери немесе басқа да құралымдардың немесе оның құрамына кіретін адамның үшінші тарапқа келтірген залалы мынадай ережелерге сәйкес өтеледі:

1) қабылдаушы Тараптың заңнамасы қолданылады. Өтемақы төлеу туралы немесе осындай өтемақы төлеуден бас тарту туралы, қабылдаушы Тараптың тиісті сот инстанциясы шығарған заңды күшіне енген шешім түпкілікті болып табылады;

2) қабылдаушы Тарап мүдделі тараптардың қатысуымен үшінші тараптың талап-шағымдарын реттеу үшін консультациялар ұйымдастыруы мүмкін.

2. Залалды өтеу бойынша төлемдер қабылдаушы Тараптың валютасында жүргізіледі.

3. Тараптар осы бапқа сәйкес дәлелдер алу мен талап-шағымдарды әділ қарауды ұйымдастыру мақсатында ынтымақтасады. Тараптардың шешімі бойынша үшінші тарапқа залал келтірген жағдайларды тергеу үшін комиссия құрылуы мүмкін.

22-бап

1. Тараптар жіберуші Тараптың оқу-жаттығуларға қатысушыларына қатысты юрисдикция мәселелерінде мынадай принциптерді басшылыққа алады:

1) оқу-жаттығуларға қатысушы өзінің жіберуші Тарабына немесе оның азаматтарына қарсы қылмыс жасаған жағдайларда, сондай-ақ оның қызметтік міндеттерін орындау кезінде қылмыс жасаған кезде жіберуші Тараптың юрисдикциясы жүзеге асырылады;

2) оқу-жаттығуларға қатысушы осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасына қатысты емес қылмыс жасаған жағдайда қабылдаушы Тараптың юрисдикциясы жүзеге асырылады.

2. Жіберуші Тарап белгісіз адамдар оның әскери және басқа да құралымдары орналасқан жерлерде жіберуші Тарапқа немесе жіберуші Тараптың оқу-жаттығуларға қатысушыларына қарсы қылмыс жасаған жағдайда алдын ала тергеу жүргізе алады. Қылмыс жасаған адам анықталған кезде осы Келісімде белгіленген тәртіп қолданылады.

3. Тараптардың құзыретті органдары қылмыстарға байланысты тексерулерді өткізуде, дәлелдемелерді жинау мен беруде, қылмыс жасағанға күдікті немесе айыпталушы оқу-жаттығуларға қатысушылардың жүрген жерлерін анықтауда (іздестіруде), оларды ұстауда және тұтқынға алуда (қамауда) бір-біріне жәрдемдеседі.

4. Тараптардың әскери және басқа да құралымдарының командирлері де өз құзыреті шегінде тікелей қатынастарды жүзеге асыру құқығына ие.

5. Жіберуші Тарап қабылдаушы Тараптың оқу-жаттығуларға қатысушыларының, сондай-ақ басқа да адамдарды ұстағаны туралы қабылдаушы Тарапты дер кезінде хабардар етеді.

6. Қабылдаушы Тарап жіберуші Тараптың оқу-жаттығуларға қатысушысының ұстағаны туралы жіберуші Тарапты дереу хабардар етеді.

7. Оқу-жаттығуларға қатысушыны немесе басқа адамды ұстау, тұтқынға алу (қамау), басқа да іс жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу, сондай-ақ оны тапсыру немесе құқықтық көмек көрсету кезінде Тараптар ұлттық заңнаманы және өздері қатысушы болып табылатын халықаралық келісімдерді басшылыққа алады.

8. Жіберуші Тараптың оқу-жаттығуларға қатысушысына қатысты қабылдаушы Тарап қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын әрбір жағдайда жіберуші Тарап сот процесіне өз өкілін қатыстыруға құқылы, ал қудалауға түскен адам:

1) тергеу мен сот талқылауының дереу және жылдам өтуіне;

2) қылмыстық қудалау басталғаннан оған қарсы тағылған нақты айыптау туралы ақпарат алуға;

3) қылмыстық сот ісінің айыптау куәларымен және басқа да оған қатысушылармен көзбе-көз беттесуге;

4) егер қорғау куәлары қабылдаушы Тараптың юрисдикциясында болса оларды тартуға;

5) өзінің таңдауы бойынша адвокат көмегіне немесе адвокаттың ақысыз көмегіне;

6) егер тергеудегі адам бұны қажет етсе, аудармашының қызметін пайдалануға;

7) жіберуші Тараптың өкілдерімен байланыс орнатуға құқылы.

9. Тараптар оқу-жаттығуларға қатысушылардың жасаған қылмыстары туралы істі беру немесе қабылдау жөнінде бір-біріне өтініш беруі мүмкін. Осындай өтініштер дереу және оң ниетте қарастырылатын болады.

10. Тараптардың құзыретті органдары бір-бірін Тараптар қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес және ұлттық заңнама негізінде Тараптардың өздеріне қатысты бәсекелес юрисдикциясы бар барлық қылмыстық істер бойынша тергеу және сотта қылмыстық тексеру нәтижелері туралы хабардар етеді.

23-бап

1. Тараптар басқару органдарының жұмыс әдісін, әскери және басқа да құралымдардың іс-қимыл тактикасын, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану ерекшеліктері мен сипаттамасын ашатын ақпаратты, сондай-ақ Тараптардың шешімі бойынша таратуға тыйым салынған оқу-жаттығулар туралы өзге де ақпаратты таратпайды.

2. Тараптар оқу-жаттығулар барысында алынған ақпаратты басқа Тараптың мүдделеріне қарсы пайдаланбайды.

24-бап

Осы Келісімді түсіндіруге және қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.

25-бап

Барлық Тараптардың келісімімен осы Келісімге жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

26-бап

Осы Келісім Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.

27-бап

Осы Келісімнің депозитарий ШЫЎ-ның Хатшылығы болып табылады. Осы Келісімнің куәландырылған көшірмелерін депозитарий оған қол қойылған күннен бастап 15 күн ішінде Тараптарға жібереді.

28-бап

1. Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және депозитарий Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшіне енеді.

2. Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады.

3. Тараптардың әрқайсысы депозитарийге осы Келісімнен шығу туралы болжамды шығу күнінен кемінде 12 ай бұрын жазбаша хабарлама жолдай отырып одан шыға алады.
Депозитарий шығу туралы хабарлама алған күннен бастап осы Келісімнің Тараптарын осындай ниеті туралы 30 күн ішінде хабардар етеді.

2007 жылғы 27 маусымда Бішкек қаласында орыс және қытай тілдерінде бір түпнұсқа данада жасалды, бұл ретте екі мәтіннің де бірдей күші бар.

(Қолдар)

Шанхай ынтымақтастық
ұйымына мүше мемлекеттер
арасындағы бірлескен
әскери оқу-жаттығулар
өткізу туралы келісімге
1-ҚОСЫМША

Бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу үшін _______________________
(мемлекеттің атауы)
аумағына жіберілетін (аумақ арқылы транзитпен өтетін)
___________________________________________________________________
(әскери немесе басқа да құралымның атауы)
жеке құрамының

АТАУЛЫ ТІЗІМІ

Келу күні _______________
Кету күні _______________

Р/с
N

Тегі, аты,
әкесінің аты

Жынысы

Туған
күні

Јскери
атағы

Лауазымы

Жеке басын куәландыратын
құжаттың атауы,
сериясы мен
нөмірі


Жеке құрамның атаулы тізіміне қол қойылады және жіберуші Тараптың уәкілетті органының мөрімен бекітіледі.

Шанхай ынтымақтастық
ұйымына мүше мемлекеттер
арасындағы бірлескен
әскери оқу-жаттығулар
өткізу туралы келісімге
2-ҚОСЫМША

Бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу үшін
___________________________________________________________________
(мемлекеттің атауы)
аумағына жіберілетін (аумақ арқылы транзитпен өтетін)
___________________________________________________________________
(әскери немесе басқа да құралымның атауы)
жылжымалы мүлкінің

ТІЗБЕСІ

Јкелу күні ______________
Јкету күні ______________

Р/с
N

Жылжымалы мүліктің атауы

Өлшем бірлігі

Саны

I. Уақытша әкелінетін мүлік

Қару-жарақ және әскери техника

Јуе кемелері

Јскери кемелер және басқа да жүзу құралдары

Арнайы құралдар

Басқа да материалдық-техникалық мүлік

ІІ. Оқу-жаттығу барысында пайдаланылатын шығыс материалдары

Оқ-дәрілер

Елестету құралдары

Азық-түлік

Жанар-жағар май материалдары

Басқа да шығыс материалдары


Жылжымалы мүліктің тізбесіне қол қойылады және жіберуші Тараптың уәкілетті органының мөрімен бекітіледі

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы
бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімнің
28-бабының 1-тармағы бойынша Қазақстан Республикасының
ескертуі

Қазақстан Республикасы үшін осы Келісім Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.

Орыс тіліндегі түпнұсқаға сәйкес мемлекеттік тілге аударылды.

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
Халықаралық ынтымақтастық
департаментінің бастығы И. Тілеген

РҚАО ескертуі: Бұдан әрі Келісім мәтіні қытай тілінде берілген.


Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina