ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Закон  »  Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 16...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Закон

Страницы 1 2

  Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 16 қарашадағы N 200-IV Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 3-құжат; N 2, 14, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 18, 144-құжат; N 23, 173-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат; 2009 ж., N 17, 80, 81-құжаттар; N 18, 84-құжат; 2009 жылғы 8 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған" "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 229-баптағы "импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендiк баждар, салықтар" деген сөздер "кедендiк баждар" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 235-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi сөйлемдегi "импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендiк баждар және салықтар" деген сөздер "кедендiк баждар" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi сөйлемдегi "және салықтар" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы "және салықтар" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы және 4-тармақтың 2) тармақшасындағы "және салықтар", "және салықтарды" деген сөздер алып тасталсын;

3) 330-баптың 1-тармағының 15) тармақшасындағы "маркалар босатылады." деген сөздер "маркалар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетiлетiн, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес экспортқа рента салығы салынуға жататын шикi мұнай босатылады.".

2. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 1, 1-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; 2009 ж., N 11-12, 55-құжат; N 18, 84-құжат):

1) 12-баптың 3-тармағындағы "Қоршаған" деген сөз "Жылжымалы көздерден туындайтын эмиссияларды қоспағанда, қоршаған" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 69-баптың 1-тармағындағы "Қоршаған" деген сөз "Жылжымалы көздерден туындайтын ластағыш заттардың шығарындыларын қоспағанда, қоршаған" деген сөздермен ауыстырылсын.

3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., N 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., N 2-3, 16, 18-құжаттар; N 13-14, 63-құжат; N 15-16, 74-құжат; N 17, 82-құжат; N 18, 84-құжат):

1) бүкiл мәтiн бойынша:
"мемлекеттiк тiлде және (немесе) орыс тiлiнде", "мемлекеттiк тiлге немесе орыс тiлiне", "мемлекеттiк тiлдегi немесе орыс тiлiндегi", "мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiнде", "мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiндегi" деген сөздер тиiсiнше "қазақ және (немесе) орыс тiлiнде", "қазақ немесе орыс тiлiне", "қазақ немесе орыс тiлiндегi", "қазақ және (немесе) орыс тiлiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(акционерлiк)" деген сөз алып тасталсын;

2) мазмұнында:
6-тарау тақырыбының бiрiншi сөйлемi, 48, 49, 50 және 52-баптардың тақырыптары "төлеу" деген сөздiң алдынан "және (немесе) өсiмпұлдар" деген сөздермен толықтырылсын;
197-баптың тақырыбында:
"Республикасында орналасқан" деген сөз "Республикасындағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"жылжымайтын" деген сөз алып тасталсын;
"бағалы қағаздарды" деген сөздер "акцияларды" деген сөзбен ауыстырылсын;
203-баптың тақырыбындағы "табыс ететiн жеке табыс салығы мен табыстардан әлеуметтiк салық бойынша" деген сөздер "бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық жөнiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
265-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"265-бап. Қосымша шот-фактураларды жазып беру";
315 және 323-баптардың тақырыптарындағы "мерзiмi" деген сөздер "мерзiмдерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
347 - 351-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"347-бап. Жалпы ережелер
347-1-бап. Төлеушiлер
348-бап. Салық салу объектiсi
348-1-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс
348-2-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық салынатын табыс
348-3-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша жылдық жиынтық табыс
348-4-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер
348-5-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша корпоративтiк табыс салығы
349-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табыс салығының есеп айырысу сомасы
350-бап. Есептеу тәртiбi
351-бап. Үстеме пайда салығының ставкалары, үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасын есептеуге арналған проценттердiң деңгейлерi мен мөлшерлерi";
447-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"447-бап. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн салық декларациясын табыс ету мерзiмдерi";

3) 12-баптың 1-тармағында:
11) тармақшаның үшiншi абзацында:
"қайырымдылық және" деген сөздер "қайырымдылық және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"шетелдiк" деген сөзден кейiн "және қазақстандық" деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақшаның бiрiншi абзацындағы "заңды тұлғаны тарату кезiнде" деген сөздерден кейiн "немесе жарғылық капиталды қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен азайту кезiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
42) тармақша "заңдарында" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде" деген сөздермен толықтырылсын;

4) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Салық төлеушi (салық агентi) салық қызметi органдарымен, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетiн қатынастарға өзге де қатысушылармен қатынастарда өз мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттiк берген жеке немесе заңды тұлға салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) уәкiлеттi өкiлi болып танылады.
Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) - жеке тұлғаның, оның iшiнде дара кәсiпкердiң уәкiлеттi өкiлi нотариаттық куәландырылған сенiмхат немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұндай салық төлеушi (салық агентi) берген нотариаттық куәландырылғанға теңестiрiлген сенiмхат негiзiнде әрекет етедi, онда өкiл өкiлеттiктерiнiң нақты тiзбесi көрсетiледi.
Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) — заңды тұлғаның не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң уәкiлеттi өкiлi мұндай салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) құрылтай құжаттары және (немесе) оның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берiлген сенiмхаты негiзiнде әрекет етедi, онда өкiл өкiлеттiктерiнiң нақты тiзбесi көрсетiледi.";

5) 18-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Салық қызметi органдарының рәмiзi болады. Салық қызметi органдары рәмiзiнiң сипаттамасы мен оны пайдалану тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.";

6) 19-баптың 3-тармағындағы "осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 20-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы "хабарлама" деген сөзден кейiн "және (немесе) осы Кодексте белгiленген жағдайларда оның көшiрмесiн" деген сөздермен толықтырылсын;

8) 23-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы "тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 36-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Егер мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының салық мiндеттемесiн орындау толығымен сенiмгерлiкпен басқарушыға жүктелген болса, сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының дара кәсiпкер ретiнде тiркелмеуге құқығы бар.";

10) 37-баптың 2-тармағында:
3) тармақшадағы "түсiнiктеменi (қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда) табыс етедi." деген сөздер "түсiнiктеменi;" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) қосылған құн салығы бойынша тiркелу есебiнен шығару үшiн салықтық өтiнiштi табыс етедi.";
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар таратылатын заңды тұлға қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда табыс етiледi.";

11) 39-бапта:
1-тармақта:
екiншi бөлiкте:
2) тармақшадағы "түсiнiктеменi (қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда) табыс етедi." деген сөздер "түсiнiктеменi;" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) қосылған құн салығы бойынша тiркелу есебiнен шығару үшiн салықтық өтiнiштi табыс етедi.";
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың екiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда табыс етiледi.";
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы "осы баптың 5-тармағында көрсетiлген құжатты алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде, заңды тұлға мынадай жолмен қайта ұйымдастырылған жағдайда" деген сөздер "заңды тұлғаны мынадай жолмен қайта ұйымдастыру туралы сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнiң мәлiметтерiн алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 40-баптың 1-тармағында:
екiншi бөлiкте:
3) тармақшадағы "түсiнiктеменi (қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда) табыс етедi." деген сөздер "түсiнiктеменi;" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) қосылған құн салығы бойынша тiркелу есебiнен шығару үшiн салықтық өтiнiштi табыс етедi.";
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың екiншi бөлiгiнiң 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар бөлiну жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда табыс етiледi.";

13) 41-баптың 1-тармағында:
бiрiншi бөлiкте:
4) тармақшадағы "(қосылған құн салығын төлеушi болып табылған жағдайда)" деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшадағы "құжатты табыс етедi." деген сөздер "құжатты;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) қосылған құн салығы бойынша тiркелу есебiнен шығару үшiн салықтық өтiнiштi табыс етедi.";
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 4) және 6) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар қызметiн тоқтататын дара кәсiпкер қосылған күн салығын төлеушi болып табылған жағдайда табыс етiледi.";

14) 6-тарау тақырыбының бiрiншi сөйлемi "төлеу" деген сөздiң алдынан "және (немесе) өсiмпұлдар" деген сөздермен толықтырылсын;

15) 47-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiк:
"басқасын)" деген сөзден кейiн "және (немесе) өсiмпұлдар" деген сөздермен толықтырылсын;
"төлеу" деген сөздiң алдынан "және (немесе) өсiмпұлдар" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiк "төлеу" деген сөздiң алдынан "және (немесе) өсiмпұлдар" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы "Салық" деген сөз "Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, салық және (немесе) өсiмпұлдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

16) 48-бапта:
тақырып "төлеу" деген сөздiң алдынан "және (немесе) өсiмпұлдар" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
"Республикалық" деген сөз "Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, республикалық" деген сөздермен ауыстырылсын;
"салықты" деген сөзден кейiн "және (немесе) өсiмпұлдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ "салықты" деген сөзден кейiн "және (немесе) өсiмпұлдарды" деген сөздермен толықтырылсын;

17) 49-бапта:
тақырып, 1-тармақ, 3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары "төлеу" деген сөздiң алдынан "және (немесе) өсiмпұлдар" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ "Салық" және "салықтың" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "және (немесе) өсiмпұлдар", "және (немесе) өсiмпұлдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ "Салық" деген сөзден кейiн "және (немесе) өсiмпұлдар" деген сөздермен толықтырылсын;

18) 50-бапта:
тақырып, 1-тармақ, 2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары "төлеу" деген сөздiң алдынан "және (немесе) өсiмпұлдар" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ "Салық" және "салықтың" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "және (немесе) өсiмпұлдар", "және (немесе) өсiмпұлдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ "Салық" деген сөзден кейiн "және (немесе) өсiмпұлдар" деген сөздермен толықтырылсын;

19) 51-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы "төлеу" деген сөздердiң алдынан "және (немесе) өсiмпұлдар" деген сөздермен толықтырылсын;

20) 52-баптың тақырыбы, 1 және 2-тармақтары "төлеу" деген сөздiң алдынан "және (немесе) өсiмпұлдар" деген сөздермен, 2-тармағы "салықтың" деген сөзден кейiн "және (немесе) өсiмпұлдардың" деген сөздермен толықтырылсын;

21) 55-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Халықаралық шарттарды қолдану мақсаттары үшiн қосылған құн салығы, акциздер - жанама салықтар деп танылады.";

22) 57-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Шетелдiк валютадағы операция салық салу мақсатында операция (төлем) жасалған күнгi валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгеге қайта есептеледi.";

23) 63-баптың 3-тармағында:
2) тармақшада:
"сондай-ақ" деген сөз алып тасталсын;
"кезеңдерi үшiн" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi шығып қалған жағдайда - салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы "бөлiну жолымен" деген сөздер алып тасталсын;

24) 64-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда салық салудың әртүрлi шарттары белгiленген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер әрбiр қызмет түрi бойынша бөлек салық есептiлiгiн жасайды.
Күнтiзбелiк жыл iшiнде ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтерi үшiн арнаулы салық режимiнен жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан салық төлеушiлер көрсетiлген күнтiзбелiк жылда:
арнаулы салық режимiн;
жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолданған кезеңi үшiн салық есептiлiгiн жеке-жеке жасайды.";

25) 65-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) мыналарды:
кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдiк балшықтар бойынша жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратындарды;
осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;";
2-тармақтың үшiншi бөлiгiнiң 16) тармақшасындағы "жөнiндегi ақпаратты қамтуы мүмкiн." деген сөздер "жөнiндегi;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) өздерiне қатысты осы Кодекстiң 58-бабында және (немесе) 448-бабының 4-тармағында бөлек есепке алуды жүргiзу көзделген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы, қызмет түрлерi бойынша корпоративтiк табыс салығын есептеу жөнiндегi ақпаратты қамтуы мүмкiн.";

26) 67-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi абзац "нысандарын" деген сөзден кейiн "осы декларацияға қосымшалармен бiрге" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшаның алтыншы абзацындағы "Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары бойынша осы декларацияға қосымшалармен бiрге", "бойынша" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша", "жөнiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшаның төртiншi абзацындағы "осы декларацияға қосымшалармен бiрге" деген сөздер алып тасталып, "бойынша" деген сөз "жөнiндегi" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөнiндегi декларация салық агенттерi үшiн мынадай:";
3-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөнiндегi декларация салық агенттерi үшiн мынадай:";

27) 68-бапта:
6-тармақтың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi сөйлемi "тарату" деген сөзден кейiн ", бөлiну жолымен қайта ұйымдастыру" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
бiрiншi бөлiк "270," деген цифрлардан кейiн "296," деген цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Акциз бойынша салық есептiлiгiн табыс ету жөнiндегi мiндеттеме осы Кодекстiң 574-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына сәйкес салық органдарында тiркеу есебiнде тұрған салық төлеушiлерге қолданылады.";

28) 70-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша салық есептiлiгiн табыс еткен кезде салық төлеушi (салық агентi) немесе осы Кодекстiң 586, 587-баптарына сәйкес камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органы анықтаған салықтың, басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдардың сомалары айыппұл есепке жазылмай бюджетке енгiзiлуге жатады.";

29) 71-баптың 6-тармағындағы "мониторинг бойынша есептiлiктi" деген сөздер "электрондық түрдегi салық есептiлiгiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

30) 72-бапта:
2-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi сөйлемiндегi "мерзiмге дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей" деген сөздер "мерзiм өткенге дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы "түрлерi" деген сөзден кейiн ", бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмiн ұзарту салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды төлеу мерзiмiн өзгертпейдi.";

31) 73-бапта:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру туралы шешiмде көрсетiлген, қызметтi тоқтата тұру мерзiмi өткеннен кейiн, егер осы баптың 9-тармағында өзгеше белгiленбесе, салық төлеушi (салық агентi) салық органына осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық есептiлiгiн табыс етуге мiндеттi.";
9-тармақ мынадай мазмұндағы бiрiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Салық төлеушi салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңiнiң аяқталу күнiнен кешiктiрмей салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтiнiш беруге құқылы.";

32) 77-баптың 4-тармағында:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi шегерiмге жатқызған басқарушылық және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының сомалары;";
4) тармақшадағы "шығарылған" деген сөз "жазып берiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;

33) 86-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 87 - 98-баптарына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгiзiлетiн табыстардан, сондай-ақ осы Кодекстiң 111-бабының 1-тармағында көрсетiлген шығыстардың сомасынан аспайтын бөлiкте осы Кодекстiң 111-бабының 2-тармағында көрсетiлген табыстардан басқа, өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң құны өткiзуден түсетiн табыс болып табылады.
Өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң құнына қосылған құн салығының және акциздiң сомасы енгiзiлмейдi.";

34) 87-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"87-бап. Құн өсiмiнен түсетiн табыс

1. Құн өсiмiнен түсетiн табыс:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекет мұқтажы үшiн сатып алынған активтердi қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтердi өткiзу;
2) амортизацияға жатпайтын активтердi жарғылық капиталға салым ретiнде беру;
3) бiрiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесiнде амортизацияға жатпайтын активтердiң шығып қалуы кезiнде құралады.
2. Осы баптың мақсатында амортизацияға жатпайтын активтерге:
1) жер учаскелерi;
2) аяқталмаған құрылыс объектiлерi;
3) орнатылмаған жабдық
4) табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылмайтын, бiр жылдан астам қызмет мерзiмi бар активтер;
5) бағалы қағаздар;
6) қатысу үлесi;
7) құны Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес толығымен шегерiмге жатқызылған негiзгi құралдар;
8) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келiсiмшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген, құны толығымен шегерiмге жатқызылған активтер;
9) осы Кодекстiң 97-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуметтiк сала объектiлерiне жатқызылған мүлiк жатады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген (осы баптың 5, 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа) жағдайда өсiм әрбiр актив бойынша өткiзу құны мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген (осы баптың 5, 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа) жағдайда өсiм әрбiр актив бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген (осы баптың 5, 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа) жағдайда өсiм әрбiр актив бойынша беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
4. Осы баптың мақсатында:
осы Кодекстiң 115-бабының 14) тармақшасында көрсетiлген шығындарды қоспағанда, осы Кодекске сәйкес шегерiмдерге жатқызылмайтын шығындардан (шығыстардан);
Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 100-бабының 6-тармағы, 12-тармағының екiншi бөлiгi, 13-тармағы, сондай-ақ осы Кодекстiң 101 - 114-баптары негiзiнде шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);
амортизациялық аударымдардан;
бухгалтерлiк есепке алуда туындайтын және осы Кодекстiң 100-бабының 15-тармағына сәйкес салық салу мақсатында шығыс ретiнде қарастырылмайтын шығындардан (шығыстардан) басқа, активтердi сатып алуға, өндiруге, салуға, монтаждауға арналған шығындардың, сондай-ақ олардың құнын арттыратын, оның iшiнде қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың құнын сатып алынғаннан кейiн арттыратын басқа да шығындардың жиынтығы бағалы қағаздар мен қатысу үлестерiн қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтердiң бастапқы құны болып табылады.
5. Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар, сондай-ақ қатысу үлесi бойынша:
1) өткiзу кезiнде - өткiзiлу құны мен бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма;
2) жарғылық капиталға салым ретiнде беру кезiнде - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма;
3) бiрiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесiнде шығып қалу кезiнде - беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мен бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма әрбiр бағалы қағаз, қатысу үлесi бойынша құн өсiмi болып танылады.
6. Борыштық бағалы қағаздар бойынша:
1) өткiзу кезiнде - дисконттың амортизациясы және (немесе) өткiзiлген күнгi сыйлықақы ескерiле отырып, өткiзiлу құны мен бастапқы құн арасындағы купон ескерiлмеген оң айырма;
2) жарғылық капиталға салым ретiнде беру кезiнде - дисконттың амортизациясы және (немесе) берiлген күнгi сыйлықақы ескерiле отырып,Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған күн мен бастапқы күн арасындағы купон ескерiлмеген оң айырма;
3) бiрiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесiнде шығып қалу кезiнде - дисконттың амортизациясы және (немесе) өткiзiлген күнгi сыйлықақы ескерiле отырып, беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мен бастапқы құн арасындағы купон ескерiлмеген оң айырма әрбiр бағалы қағаз бойынша құн өсiмi болып танылады.
7. Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарында және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарында көзделген жағдайларда бағалы қағаздар мен қатысу үлестерiнiң құнын арттыратын сатып алуға байланысты шығындардың, оларды сатып алуға арналған iс жүзiндегi шығындардың жиынтығы, сондай-ақ жарғылық капиталға салымның құны осы баптың мақсатында бағалы қағаздар мен қатысу үлесiнiң бастапқы құны болып табылады.
8. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.
9. Осы Кодекске сәйкес тiркелген активтер бойынша шегерiмдердi айқындамайтын салық төлеушi өзiнiң меншiк құқығын тiркеген кезден бастап осы салық төлеушiнiң меншiк құқығында бiр жыл және одан да көп жыл болатын тұрғын үй-жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, өзiндiк қосалқы шаруашылық объектiлерiн жарғылық капиталға салған кезде берiлген мүлiктiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құны жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.
10. Осы Кодекске сәйкес тiркелген активтер бойынша шегерiмдердi айқындамайтын салық төлеушi осы баптың 7-тармағында көрсетiлмеген мүлiктi жарғылық капиталға салған кезде жарғылық капиталға енгiзiлген мүлiктiң сатып алыну, өндiрiлу, салыну, монтаждалу және орнатылу құны жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.
Жарғылық капиталға салынған мүлiктiң сатып алыну, өндiрiлу, салыну, монтаждалу және орнатылу құны болмаған кезде осы мүлiкке меншiк құқығы туындаған кездегi мүлiктiң нарықтық құны салымның құны болып табылады. Бағалаушы мен салық төлеушi арасында Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасына сәйкес шарт бойынша жүргiзiлген бағалау туралы есепте айқындалған құн осы баптың мақсатына орай нарықтық құн болып табылады.
Салық төлеушi мүлiктiң нарықтық құнын корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей айқындауға тиiс.
11. Осы баптың 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген активтер бойынша құн өсiмi әрбiр актив бойынша:
1) өткiзу кезiнде - өткiзу құны мөлшерiнде;
2) жарғылық капиталға салым ретiнде беру кезiнде - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн мөлшерiнде;
3) бiрiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесiнде шығып қалу кезiнде - беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мөлшерiнде айқындалады.
12. Егер амортизацияға жатпайтын активтер өтеусiз алынған болса, онда осы Кодекске сәйкес өтеусiз алынған мүлiктiң құны түрiнде жылдық жиынтық табысқа енгiзiлген осы активтердiң құны осы баптың мақсатына орай бастапқы құн болып табылады.";

35) 90-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) борышкер талапты орындаған кезде бұрын орындау сомасына барабар мөлшерде шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;";
2) тармақша "бұрын" деген сөзден кейiн "талаптар мөлшерiн азайту сомасына барабар мөлшерде" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) талаптарды қайта сыныптаған кезде бұрын қайта сыныпталған талаптың сомасына барабар мөлшерде шегерiмге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы танылады.";
2-тармақтың 4) тармақшасындағы "енген жағдайларда, провизиялардың (резервтердiң) бұрын шегерiмге жатқызылған, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кездегi сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыс деп танылмайды." деген сөздер "енген;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) борышкер - дара кәсiпкердiң Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылуына байланысты дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен алынған жағдайларда, провизиялардың (резервтердiң) бұрын шегерiмге жатқызылған, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кездегi сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыс деп танылмайды.";

36) 100-бапта:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияның деректерi бойынша есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң құнында ескерiледi.
Қосылған құн салығын төлеушi осы Кодекстiң 261, 262-баптарына сәйкес барабарлық әдiстi қолданған кезде есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығын шегерiмге жатқызуға құқылы.
Шегерiм қосылған құн салығы жөнiндегi декларация табыс етiлген, қосылған құн салығы бойынша салық кезеңiн қамтитын салық кезеңiнде жүргiзiледi.";
14-тармақтағы "тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-1 және 16-1-тармақтармен толықтырылсын:
"14-1. Салық төлеушiнiң Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының есебiне жазған әлеуметтiк аударымдары бойынша шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын мөлшерде шегерiмге жатады.";
"16-1. Жарнама мақсатына орай өтеусiз берiлген тауардың республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген және тауарды беру не сыйға тарту күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2 еселенген мөлшерiнен аспайтын құны мұндай тауарды өтеусiз беру жүзеге асырылған салық кезеңiнде шегерiмге жатқызылуға жатады.";

37) 111-баптың 1-тармағы:
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Егер жер қойнауын пайдаланушы қызметтi барлауға арналған келiсiмшарт шеңберiнде кен орнын табу және бағалау негiзiнде өндiруге арналған келiсiмшарт бойынша жүзеге асырған жағдайда да көрсетiлген тәртiп қолданылады. Барлауға арналған осындай келiсiмшарт бойынша соңғы салық кезеңiнiң аяғында қалыптасқан амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасы көрсетiлген өндiруге арналған келiсiмшарт шеңберiнде амортизациялық аударымдар түрiнде жылдық жиынтық табыстан шегерiмге жатады.";
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызметтi осы бапта белгiленген коммерциялық табудан кейiн өндiрудi бастағаннан кейiн аяқтады деген шартпен өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге арналған жеке келiсiмшарт шеңберiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызмет аяқталған жағдайда амортизацияланатын активтер тобының соңғы салық кезеңiнiң аяғында қалыптасқан құндық балансы шегерiмге жатады.";

38) 114-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) үстеме пайда салығынан басқа, салық төлеушiнiң салық салу объектiлерi бойынша Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттiң бюджетiне төленген, оның iшiнде осы Кодекстiң 599, 601-баптарында белгiленген тәртiппен есепке жатқызуды жүргiзу жолымен төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер есептелген және есепке жазылған шекте шегерiмге жатады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Алдыңғы салық кезеңдерi үшiн есепке жазылған, есептелген және ағымдағы салық кезеңiнде төленген, оның iшiнде осы Кодекстiң 599, 601-баптарында белгiленген тәртiппен есепке жатқызуды жүргiзу жолымен төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер ағымдағы салық кезеңiнде шегерiмге жатады.";

39) 116-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес амортизациялық аударымдарды есептеу жүргiзiлмейтiн активтер;";
11) тармақша "сәйкес" деген сөзден кейiн "жылдық жиынтық табыстан қосымша шегерiмдер құқығы берiле отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн шегерiмге жатқызылған құн бөлiгiнде Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес корпоративтiк табыс салығын төлеуден босату ұсыныла отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келiсiмшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген активтер;";

40) 117-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
"10. Салық төлеушi Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес корпоративтiк табыс салығын төлеуден босату ұсыныла отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келiсiмшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберiнде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн және (немесе) одан кейiн пайдалануға берiлген тiркелген активтер бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн шегерiмге жатқызылмаған құн бөлiгiнде топтардың (кiшi топтардың) жекелеген құндық балансын қалыптастыруға мiндеттi.";

41) 118-баптың 2-тармағында:
бiрiншi абзацта мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгермейдi;
екiншi абзацта мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгермейдi;
үшiншi абзацта:
"6, 12, 13-тармақтары" деген сөздер "6-тармағы, 12-тармағының екiншi бөлiгi, 13-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi абзацта мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгермейдi;

42) 120-бапта:
2-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Әрбiр" деген сөз "Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, әрбiр" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Осы Кодекстiң 117-бабының 10-тармағында көрсетiлген топтардың (кiшi топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңiнiң соңында топтардың (кiшi топтардың) мұндай құндық баланстарына осы бапта белгiленген амортизацияның шектi нормаларын қолдану жолымен айқындалады.";

43) 121-бапта:
2-тармақтағы "кiшi топтың немесе" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтағы "тиiстi қаржы жылына белгiленген" деген сөздер "белгiленген және салық кезеңiнiң соңғы күнi қолданыста болатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

44) 122-бапта:
2-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi "3-тармағында" деген сөздер "3 және 6-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мыналарда:
осы тармақтың 1) тармақшасында;
коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiнгi кезеңде - осы Кодекстiң 116-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында;
осы Кодекстiң 116-бабы 2-тармағының 6), 13) тармақшаларында көрсетiлген активтердi қоспағанда, қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебiнде ескерiлетiн және табыс алуға бағытталған қызметке пайдалануға арналған негiзгi құралдарға, жылжымайтын мүлiкке инвестицияларға, материалдық емес және биологиялық активтерге қатысты шегерiмге жол берiледi.";
3-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "iс жүзiнде жүргiзiлген" деген сөздер "бухгалтерлiк есепте активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Осы Кодекстiң 116-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген активтер бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап шеккен келесi шығыстардың бухгалтерлiк есепте мұндай активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын сомасы салық кезеңiнiң соңында, оның iшiнде мұндай сома салық кезеңiнiң соңында нөлге тең болған жағдайда осы Кодекстiң 111-бабының 1-тармағында көзделген амортизацияланатын активтердiң тобы бойынша жинақталған шығыстардың сомасын ұлғайтады.
Осы тармақта көзделген келесi шығыстар салық салу мақсатында олар бухгалтерлiк есепте активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңiнде танылады.";

45) 123-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "бөлуге жатпаса, преференция объектiлерiне жатқызылады" деген сөздер "бөлуге жатпаса;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келiсiмшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлетiн активтер болып табылмаса, преференция объектiлерiне жатқызылады.";

46) 125-баптың 2-тармағында:
бiрiншi абзацта мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгермейдi;
екiншi абзацта мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгермейдi;
үшiншi абзацта:
"6, 12, 13-тармақтары" деген сөздер "6-тармағы, 12-тармағының екiншi бөлiгi, 13-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi абзацта мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгермейдi;

47) 130-баптың 2-тармағындағы "шығыстарға" деген сөз
"шегерiмдерге" деген сөзбен ауыстырылсын;

48) 132-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Табыстар мен шегерiмдердi түзету осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар басталған салық кезеңiнде жүргiзiледi.";

49) 136-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Осы Кодекстiң 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердiң өткiзiлу құны мен бастапқы құнының арасындағы терiс айырма осындай активтердi өткiзуден шеккен залал болып табылады.";

50) 137-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы Кодекстiң 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердi өткiзуден шеккен залалдар осы Кодекстiң 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердi өткiзу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтеледi.
Егер бұл залалдар орын алған кезеңiнде өтеле алмаса, онда олар келесi қоса алғандағы он жылға ауыстырылуы және осы Кодекстiң 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердi өткiзу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтелуi мүмкiн.";

51) 139-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Таза табысқа салынатын корпоративтiк табыс салығын және төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығын қоспағанда, корпоративтiк табыс салығы салық кезеңi үшiн мынадай тәртiппен есептеледi:
осы Кодекстiң 147-бабының 1-тармағында немесе 2-тармағында белгiленген ставканың және осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстiң 137-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табыстың көбейтiндiсi
алу
корпоративтiк табыс салығының осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес есебiне жатқызу жүзеге асырылатын сомасы
алу
салық кезеңiнде ұтыс түрiндегi табыстан төлем көзiнен ұсталынған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 2-тармағына сәйкес есебiне жатқызу жүзеге асырылатын сомасы
алу
сыйақы түрiндегi табыстан төлем көзiнен ұсталынған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 3-тармағына сәйкес өткен салық кезеңдерiнен ауыстырылған сомасы
алу
салық кезеңiнде сыйақы түрiндегi табыстан төлем көзiнен ұсталынған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 2-тармағына сәйкес есебiне жатқызу жүзеге асырылатын сомасы.";

52) 141-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшадағы "алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "жаңадан құрылған" деген сөздер "егер осы баптың 11-тармағында өзгеше белгiленбесе, жаңадан құрылған (пайда болған)" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзiмiн ұзарту кезiңде:
1) алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы баптың 6-тармағында белгiленген тәртiппен, оның iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылған кезең үшiн есептеледi;
2) салық төлеушi алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн төленуге жататын аванстық төлемнiң болжамды сомасын негiзге ала отырып, көрсетiлген декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылатын кезең үшiн аванстық төлемнiң сомасын төлейдi.
Көрсетiлген декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылатын кезең үшiн аванстық төлемдердiң алдыңғы салық кезеңiне арналған корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебiмен есептелген сомасы мен алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылатын кезең үшiн төленген аванстық төлем сомасы арасындағы оң айырма корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлем жөнiндегi берешек деп танылады.";
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта құрылу нәтижесiнде жаңадан пайда болған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңiнде, сондай-ақ егер бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңiнде корпоративтiк табыс салығын есептеген жағдайда, келесi екi салық кезеңi iшiнде корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептейдi.
Бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңiнде, сондай-ақ келесi екi салық кезеңi iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейiнгi және одан кейiнгi кезең үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу нәтижесiнде жаңадан пайда болған заңды тұлға ағымдағы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып есептейдi.";

53) 143-баптың 2-тармағында:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) репо операциялары бойынша сыйақы;";
10) тармақшадағы "сыйақы төлем көзiнен салық салуға жатпайды." деген сөздер "сыйақы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
"11) мыналарға:
бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға;
бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар арқылы заңды тұлғаларға төленетiн борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
12) осы Кодекстiң 134-бабының 1-тармағында айқындалған коммерциялық емес ұйымдарға төленетiн депозиттер бойынша сыйақы төлем көзiнен салық салынуға жатпайды.";

54) 144-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi төлем көзiнен салық салынатын табыстарды төлеген жағдайда олар осы баптың мақсаттары үшiн салық агенттерi болып танылуы мүмкiн.";

55) 147-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалардың осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстiң 137-бабында белгiленген тәртiппен ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған салық салынатын табысы ауыл шаруашылығы өнiмiн, бал ара шаруашылығы өнiмiн өндiру жөнiндегi, сондай-ақ өзi өндiрген аталған өнiмдi қайта өңдеу мен өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудан алынған жағдайда, мұндай табыс 10 проценттiк ставка бойынша салық салынуға жатады.";

56) 150-баптың 1-тармағында:
бiрiншi бөлiктiң 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы жиырма үшiншi - отыз бiрiншi абзацтармен толықтырылсын:
"электр жабдықтары, оның iшiнде электр-жарық берушi жабдықтар өндiрiсiнiң
жарық берушi аспаптар үшiн шыны компоненттер өндiрiсiнiң
тамақ өнiмдерi өндiрiсiнiң
ағаш массасы және целлюлозалар, қағаз бен картон өндiрiсiнiң
жиhаз жасаудың
автокөлiк құралдары, трейлерлер мен жартылай тiркемелер жасаудың
темiржол локомотивтерiн және қозғалмалы құрам жасаудың
әуе және ғарыш ұшу аппараттарын жасаудың
негiзгi фармацевтикалық өнiмдер мен препараттар өндiрiсiнiң";
екiншi бөлiктегi "(жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң)" деген сөздер ", жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

57) 154-баптың 1-тармағында:
"аударуды" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ салық есептiлiгiн табыс етудi" деген сөздермен толықтырылсын;
"25-тарауында" деген сөздер "19 және 25-тарауларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

58) 155-баптың 3-тармағында:
3) тармақшадағы "тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай төлемдердi есепке жазу күнi қолданыста болатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшаның үшiншi және төртiншi абзацтарындағы "тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) тармақшадағы "тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай мүлiктi беру күнi қолданыста болатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
"27) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша осы Кодекстiң 102-бабына сәйкес жүргiзiлген өкiлдiк шығыстар.";

59) 156-бапта:
1-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) бiр мезгiлде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иелену;
заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталының немесе акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан көп процентi дивидендтердi төлеу күнi жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер.
Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
заңды тұлғаның құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табысының бiр бөлiгi;
заңды тұлғаны таратқан кезде немесе қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынатын дивидендтерге ғана қолданылады;";
9) тармақшадағы "тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай ұтыстарды есептеу күнi қолданыста болатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) мыналардың:
Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлген адамдардың
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдардың
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдардың
I, II, III топтардағы мүгедектердiң
мүгедек баланың
"мүгедек бала" деген санаты бар адам он сегiз жасқа толғанға дейiн - мұндай адамның ата-анасының бiрiнiң
"бала кезiнен мүгедек" деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмiр бойына - оның ата-анасының бiрiнiң республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төменгi жалақының 55 еселенген мөлшерi шегiнде бiр жылдағы табыстары;";
14) тармақша алып тасталсын;
18) тармақшаның бiрiншi абзацындағы "тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) тармақшаның алтыншы және жетiншi абзацтарындағы "тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ "көзделген" деген сөзден кейiн "мүгедек баланы," деген сөздермен толықтырылсын;

60) 157-баптағы "тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

61) 161-баптың 3-тармағының төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық агентiнiң құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерiнiң табыстары бойынша жеке табыс салығын төлеу құрылымдық бөлiмшелер орналасқан жер бойынша тиiстi бюджеттерге жүргiзiледi.";

62) 162-баптың 1-тармағында:
"резиденттерi жеке тұлғалардан" деген сөздер "азаматтары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардан жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық бойынша декларацияны" деген сөздер алып тасталсын;

63) 166-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есепке жазу күнi қолданыста болатын ең төменгi жалақы мөлшерiндегi, табыс есебiне жазылатын тиiстi айдағы сома. Бiр жылдағы салық шегерiмiнiң жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және ағымдағы жылдың әрбiр айының басында қолданыста болатын ең төменгi жалақы мөлшерiнiң жалпы сомасынан аспауға тиiс;";
6-тармақтың 1) тармақшасындағы "тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

64) 170-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Зейнетақы төлемдерi түрiндегi, төлем көзiнен салық салынатын табыс осы Кодекстiң 156-бабында көзделген түзетулер ескерiле отырып, салық салынуға жататын, осы бапта көзделген салық шегерiмдерi сомасына азайтылған зейнетақы төлемдерi түрiндегi табыс ретiнде айқындалады. Бұл ретте, осы Кодекстiң 156-бабында көзделген түзетулер мен салықтық шегерiмдердi мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры ғана жүргiзедi.";
екiншi бөлiктiң 1) тармақшасында:
бiрiншi сөйлем "кәсiби жарналар," деген сөздер "кәсiби жарналар және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi сөйлемдегi "тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есептеу күнi қолданыста болатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшаның екiншi сөйлемiндегi "тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есептеу күнi қолданыста болатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;

65) 175-баптың 2-тармағы 1) тармақшасы екiншi абзацының екiншi сөйлемiндегi "тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есептеу күнi қолданыста болатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

66) 177-бап мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2 және 3) тармақшаларында көрсетiлген табыстар мүлiктiк табыс болып табылмайды.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден түсетiн табыстарды қоспағанда, осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында және 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген табыстар басқа да табыстар болып табылмайды.";

67) 180-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлiктi өткiзу кезiнде мүлiктi өткiзу құны мен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма құн өсiмi болып табылады.
Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғын жайдағы үлестi талап ету құқығын беру жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлiктi өткiзу кезiнде мүлiктi өткiзу құны мен салық төлеушi тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғын жайдағы үлестi талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсiмi болып табылады.";
7-тармақтағы "4" деген цифр "5" деген цифрмен ауыстырылсын;

68) 184-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"184-бап. Басқа табыстар

1. Мыналар салық төлеушiнiң салық салуға жататын басқа да табыстарына жатады:
1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден түсетiн табыстар;
2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, салық агенттерi болып табылмайтын дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерге Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетуден, жұмыстарды орындаудан түсетiн табыстар;
3) үй қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасасқан еңбек шарттары бойынша алынған табыстары;
4) тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғын жайдағы үлестi талап ету құқығын беруден түскен табыстар.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген табыстарға салық салу осы Кодекстiң 27-тарауында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi.
3. Талап ету құқығын беру құны мен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғын жайдағы үлестi талап ету құқығын беруден түскен табыс болып табылады.
4. Талап ету құқығын беру құны мен осындай құқықты бұрын сатып алған құн арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын беру жолымен бұрын сатып алынған, тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғын жайдағы үлестi талап ету құқығын беруден түскен табыс болып табылады.";

69) 188-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының резиденттерi Қазақстан Республикасында осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегi көздерден түсетiн табыстарынан салықтар төлейдi.";
2-тармақтың бiрiншi және екiншi бөлiктерiндегi "алынған" деген сөздер "түсетiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

70) 189-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде аяқталатын кез келген үздiксiз он екi айлық кезеңде кемiнде күнтiзбелiк бiр жүз сексен үш күн (келу және кету күндерiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болған жеке тұлға деп танылады.
Егер жеке тұлға Қазақстан Республикасында болуы аяқталатын жылдан кейiнгi жылы резидент болмаса, ол осы тармақтың мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасында болуының соңғы күнiнен кейiнгi кезең үшiн резидент емес ретiнде қарастырылады.";

71) 190-баптың 2-тармағының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"шетелдiктiң немесе шет мемлекеттегi азаматтығы жоқ адамның резиденттiгiн растайтын, осы Кодекстiң 219-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес келетiн құжатты;";

72) 191-бапта:
2-тармақтың үшiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемi алып тасталсын;
3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметiн уәкiлеттi тұлға арқылы жүзеге асырған;";
2) тармақшаның екiншi сөйлемiндегi "3) тармақшасын" деген сөздер "3) тармақшасында көрсетiлген қызметтi" деген сөздермен ауыстырылсын;

73) 192-баптың 1-тармағында:
2) тармақшадағы "Республикасында" деген сөз "Республикасының аумағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) мыналарды:
Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiкке құқық немесе мүлiкпен жасалатын мәмiлелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк тiркелуге жататын мүлiктi;
Қазақстан Республикасының аумағындағы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк тiркелуге жататын мүлiктi;
резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент заңды тұлғаның, консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;
егер резидент емес заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестерi немесе активтерi құнының 50 және одан да көп процентiн Қазақстан Республикасындағы мүлiк құрайтын болса, резидент емес шығарған акцияларды, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен түсетiн табыстар;";
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"19) өздерiне резидентке қатысты жүктелген басқарушылық мiндеттердi орындауға байланысты, мұндай мiндеттердi нақты орындайтын жерiне қарамастан, басшының гонорарлары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесiнiң немесе өзге де органның) мүшелерi алатын өзге де төлемдер;";
29) тармақшадағы "Республикасындағы" деген сөздер "Республикасының аумағындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

74) 193-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қызметiн тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстiң 192-бабында айқындалған табыстарына шегерiмдер жүзеге асырылмай, төлем көзiнен табыс салығы салынады.
Бұл ретте төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығының сомасын салық агентi осы Кодекстiң 192-бабында көрсетiлген, төлем көзiнен салық салынатын табыстардың сомасына осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы есептейдi.";
3-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "болып табылатын" деген сөздер "деп танылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) заңды тұлғаға, оның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске жүктеледi.
Бұл ретте резидент емес заңды тұлға оның филиалы, өкiлдiгi немесе филиал немесе өкiлдiк ашпаған тұрақты мекемесi Қазақстан Республикасының салық органдарында тiркеу есебiне қойылған күннен бастап салық агентi болып танылады;";
5-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) бiр мезгiлде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иелену;
дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның немесе консорциумының жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi дивидендтердi төлеу күнi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер салық салуға жатпайды.
Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
заңды тұлға оның құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi;
заңды тұлғаны таратқан кезде немесе қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынған дивидендтерге ғана қолданылады;";
7) тармақша "қоспағанда," деген сөзден кейiн "егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгiленбесе," деген сөздермен толықтырылсын;

75) 194-баптың 2) тармақшасы "192-бабының" деген сөздерден кейiн "1-тармағының" деген сөздермен толықтырылсын;

76) 197-бапта:
тақырып пен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"197-бап. Қазақстан Республикасындағы мүлiктi және Қазақстан
Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты
акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн
өсiмiнен түсетiн табыстардан салықты есептеу,
ұстау және аудару

1. Осы бап мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiкке құқық немесе мүлiкпен жасалатын мәмiлелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк тiркелуге жататын мүлiктi;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк тiркелуге жататын мүлiктi;
3) резидент шығарған акцияларды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе қатысушысы (қатысушылары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;
4) егер аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi осындай өткiзу күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкiн құраса, резидент шығарған акцияларды және резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;
5) егер аталған резидент емес заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi осындай өткiзу күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкiн құраса, резидент емес шығарған акцияларды және резидент емес заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде резидент еместiң құн өсiмiнен түсетiн табыстарына қолданылады.
Бұл ретте құн өсiмi осы Кодекстiң 87-бабына сәйкес айқындалады.";

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы Кодекстiң осы бабы мен 133, 156, 193 және 201-баптарының мақсаттары үшiн жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) акцияларды (қатысу үлестерiн) өткiзу күнгi заңды тұлғаның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнындағы мүлiк үлесi оның (олардың) акцияларын (қатысу үлестерiн) заңды түлға иеленетiн, акциялары (қатысу үлестерi) осындай заңды тұлға активтерiнiң жалпы құнына өткiзiлетiн Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (жер қойнауын пайдаланушылары) мүлкiнiң құны сомасының арақатынасы ретiнде айқындалады.
Осы Кодекстiң осы бабы мен 133, 156, 193 және 201-баптарының мақсаттары үшiн жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) қатысу үлестерiн өткiзу күнгi консорциумға қатысу үлестерiнiң құнындағы мүлiк үлесi олардың акцияларын (қатысу үлестерiн) қатысу үлестерi өткiзiлетiн консорциумға қатысушылар иеленетiн Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (жер қойнауын пайдаланушылары) мүлкiнiң құны сомасының осындай қатысушылар активтерiнiң жалпы құны сомасына арақатынасы ретiнде айқындалады.
Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай) мүлкiнiң құны:
акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлға иеленетiн, Қазақстан Республикасының осындай жер қойнауын пайдаланушысындағы қатысу үлесiнiң
акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлға иеленетiн, Қазақстан Республикасының осындай жер қойнауын пайдаланушысы шығарған акциялардың баланстық құны болып танылады.
Акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлғаның барлық активтерiнiң баланстық құн сомасы осындай заңды тұлға активтерiнiң жалпы құны болып танылады.
Активтердiң баланстық құны акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлғаның немесе қатысу үлестерi өткiзiлетiн консорциум қатысушыларының осындай заңды тұлға немесе консорциум құрылған мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және бекiтiлген:
акциялардың (қатысу үлестерiнiң) меншiк құқығы сатып алушыға берiлген күнгi жеке қаржы есептiлiгiнiң
акциялардың (қатысу үлестерiнiң) меншiк құқығы сатып алушыға берiлген күнi жеке қаржы есептiлiгi болмаған кезде акциялардың (қатысу үлестерiнiң) меншiк құқығы сатып алушыға берiлген күннiң алдындағы соңғы есептi күнгi жеке қаржы есептiлiгiнiң деректерi негiзiнде айқындалады.
Тұлғалар (резиденттер және резидент еместер) Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушыларының (жер қойнауын пайдаланушының) акцияларын (қатысу үлестерiн) иеленетiн заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын (қатысу үлестерiн) өткiзген кезде осы баптың осы тармағының және 1-тармағы 3) және 4) тармақшаларының ережелерiн қолданады.
Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғаның (тұлғалардың) акцияларды (қатысу үлестерiн) өткiзу күнгi заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнындағы мүлкiнiң үлесiн айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";

77) 198-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер осы Кодекстiң 200-бабында өзгеше белгiленбесе, резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау, оның Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетiн табысынан корпоративтiк табыс салығын есептеу мен төлеу осы Кодекстiң осы бабының және 83 — 149-баптарының ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.";

78) 200-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"200-бап. Жекелеген жағдайларда табыстарға салық салу тәртiбi

1. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекемесi бiреуден артық болған жағдайда резидент емес корпоративтiк табыс салығын осы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемелерiнiң бiрi арқылы оның тұрақты мекемелерiнiң тобы бойынша жиынтық түрде төлеуге құқылы.
Бұл ретте резидент емес заңды тұлға есептi салық кезеңiнiң алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешiктiрмей:
1) уәкiлеттi органды - тұрақты мекемелердiң қайсысы корпоративтiк табыс салығын есептеудi және төлеудi жүргiзетiнi туралы;
2) тұрақты мекемелерi орналасқан жердегi салық органдарын — таңдап алынған тұрақты мекеме өзiнiң барлық тұрақты мекемелерi бойынша бюджетке салық төлеудi жүргiзетiнi туралы жазбаша нысанда хабардар етуге тиiс.
Бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасы мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемелерiнiң салық салынатын табыстарының жиынтығынан есептеледi.
Бұл ретте таңдап алынған тұрақты мекеме өзiнiң орналасқан жерi бойынша резидент емес заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемелерiнiң бүкiл тобы бойынша корпоративтiк табыс салығы бойынша жалпы декларацияны табыс етуге тиiс.
2. Осы Кодекстiң 198-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында және 3-тармағында көрсетiлген табыстарды төлеудi жүзеге асыратын салық агентi бiр мезгiлде:
1) резидент емес заңды тұлғаның филиалымен, өкiлдiгiмен, Қазақстан Республикасындағы қызметiн филиал, өкiлдiк ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғамен жасалған келiсiмшарт болмаған;
2) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша филиал, өкiлдiк ашпай резидент емес заңды тұлғаның филиалы, өкiлдiгi, тұрақты мекемесi жазып берген шот-фактура болмаған жағдайларда көрсетiлген табыстардан табыс салығын есептеудi, ұстауды және аударуды осы Кодекстiң 194-бабының 1) тармақшасында белгiленген ставка бойынша шегерiмдердi жүзеге асырмай жүргiзедi.
Салық агентi резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзiнен ұстаған табыс салығы аталған резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесiнiң салық мiндеттемелерiн өтеу шотына есепке алуға жатқызылады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға тұрақты мекеме құрылған күннен бастап корпоративтiк табыс салығын осы Кодекстiң 198 және 199-баптарына сәйкес ретроспективтi тәртiппен есептейдi және тұрақты мекеменiң орналасқан жерi бойынша салық органына көрсетiлген табыстарды қоса отырып, корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс етедi.
Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға есептеген корпоративтiк табыс салығының сомасы осы тармаққа сәйкес осындай резидент емес заңды тұлғаның табысынан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының сомасына азайтылады. Азайту салық агентiнiң салықты ұстағанын растайтын құжаттар болған кезде жүргiзiледi.
Осы тармаққа сәйкес резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының сомасы мен Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға есептеген корпоративтiк табыс салығының сомасы арасындағы оң айырма қоса алғандағы келесi он салық кезеңiне ауыстырылады және осы салық кезеңдерiнiң бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын бiртiндеп азайтады.";

79) 201-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "Резидент" деген сөз "Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе,резидент" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) заңды тұлғаға, оның iшiнде Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске жүктеледi.
Бұл ретте резидент емес заңды тұлға оның филиалы, өкiлдiгi немесе филиал немесе өкiлдiк ашпаған тұрақты мекемесi Қазақстан Республикасының салық органдарында тiркеу есебiне қойылған күннен бастап салық агентi болып танылады;";
8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) бiр мезгiлде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иелену;
дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның немесе консорциумының жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi дивидендтердi төлеу күнi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылмайтын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер салық салуға жатпайды.
Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
заңды тұлға оның құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi;
заңды тұлғаны таратқан кезде немесе қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынған дивидендтерге ғана қолданылады;";

80) 203-баптың тақырыбы мен мәтiнiндегi "табыс ететiн жеке табыс салығы мен табыстардан әлеуметтiк салық бойынша" деген сөздер "бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық жөнiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;

81) 208-баптың 7-тармағы екiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасындағы "құны;" деген сөз "құны ашып көрсетiлуге тиiс." деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;

82) 212-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер резидент емес табыстарды түпкiлiктi алушы болып табылса және халықаралық шарт жасасқан елдiң резидентi болып табылса, мұндай резидент емеске табыс төлеу кезiнде немесе резидент еместiң табысын шегерiмге жатқызу кезiнде салық агентiнiң тиiстi халықаралық шартта көзделген салық салудан босатуды немесе төмендетiлген салық ставкасын дербес қолдануға құқығы бар.
Халықаралық шартты салық салудан босату немесе төмендетiлген салық ставкасын пайдалану бөлiгiнде қолдануға резидент емес салық агентiне осы Кодекстiң 219-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес келетiн, резиденттiктi растайтын құжатты табыс еткен жағдайда ғана рұқсат етiледi.
Бұл ретте резиденттiктi растайтын құжатты резидент емес салық агентiне осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бiрiншi болып басталатын мынадай күндердiң бiрiнен:
1) резидент емеске табыс төлеу жүргiзiлген немесе резидент еместiң төленбеген табыстары шегерiмге жатқызылған күнтiзбелiк жылдың 31 желтоқсанынан;
2) төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық мiндеттемесiн орындау мәселесi бойынша есептi салық кезеңiнiң жоспарлы салық тексеруiн жүргiзудiң басталуынан;
3) төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық мiндеттемесiн орындау мәселесi бойынша есептi салық кезеңiнiң жоспардан тыс салық тексеруi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей табыс етедi. Жоспардан тыс салық тексеруiнiң аяқталған күнi нұсқамаға сәйкес айқындалады.
2. Резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған дивидендтерiне, сыйақыларына және роялтиiне халықаралық шарт ережелерiне сәйкес табыс салығының төмендетiлген ставкасын қолдану мақсатында табыстарды пайдалану және оларға билiк ету тәсiлдерiн дербес анықтауға құқығы бар тұлғаны табыстарды түпкiлiктi (iс жүзiнде) алушы (иеленушi) деп түсiну керек.
Бұл ретте табысты иелену құқықтары жоқ, мұндай табысқа қатысты делдал, оның iшiнде агент, номиналды ұстаушы болып табылатын тұлға табысты түпкiлiктi (iс жүзiнде) алушы (иеленушi) бола алмайды.
Егер шартқа (келiсiмшартқа) сәйкес сыйақы төлеу делдал арқылы жүзеге асырылған жағдайда бiр мезгiлде мынадай талаптар орындалған:
1) шартта (келiсiмшартта) сыйақыны делдал арқылы түпкiлiктi (нақты) алушы (иеленушi) болып табылатын әрбiр тұлға бойынша осындай тұлғаның деректерiн (жеке тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауын; бар болған жағдайда инкорпорация елiндегi салықтық тiркеу нөмiрiн (немесе оның аналогын); инкорпорация елiндегi мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн (немесе оның аналогын) көрсете отырып, сыйақы сомалары көрсетiлген;
2) сыйақыны түпкiлiктi (нақты) алушы (иеленушi) Қазақстан Республикасы онымен халықаралық шарт жасасқан елдiң резидентi болып табылған;
3) салық агентiне осы Кодекстiң 219-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес сыйақыны түпкiлiктi (нақты) алушы (иеленушi) болып табылатын тұлғаның резиденттiгiн растайтын құжат ұсынылған кезде салық агентiнiң осындай табысты түпкiлiктi (нақты) алушы (иеленушi) резидентi болып табылатын мемлекетпен тиiстi халықаралық шартта көзделген, табыс салығының төмендетiлген ставкасын қолдануға да құқығы бар.
Бұл ретте резиденттiктi растайтын құжат салық агентiне бiрiншi болып басталатын мынадай күндердiң бiрiнен:
1) резидент еместiң делдалға табыс төлемiн жүргiзген немесе резидент еместiң делдалға төлемеген табыстары шегерiмге жатқызылған күнтiзбелiк жылдың 31 желтоқсанынан;
2) төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық мiндеттемесiн орындау мәселесi бойынша есептi салық кезеңiнiң жоспарлы салық тексеруiн жүргiзудiң басталуынан;
3) төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық мiндеттемесiн орындау мәселесi бойынша есептi салық кезеңiнiң жоспардан тыс салық тексеруi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей табыс етедi. Жоспардан тыс салық тексеруiнiң аяқталған күнi нұсқамаға сәйкес айқындалады.";
3-тармақтың 3) тармақшасының екiншi абзацы "тiзiлiмiнен" деген сөзден кейiн "(акционерлердiң тiзiлiмiнен немесе резидент емес тiркелген мемлекеттiң заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан)" деген сөздермен толықтырылсын;

83) 217-бапта:
7-тармақтың екiншi бөлiгiнiң 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) өтiнiште көрсетiлген деректердiң дұрыстығы;";
16-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде:
бiрiншi абзацта:
"келiспеген" деген сөзден кейiн "немесе салық органының шешiмi болмаған" деген сөздермен толықтырылсын;
"жағдайда" деген сөз "жағдайларда" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "шешiм болмаған жағдайда" деген сөздер "салық органының шешiмi жоқ" деген сөздермен ауыстырылсын;

84) 219-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшыларын (қатысушыларын) және мажоритарлық акционерлерiн көрсете отырып, құрылтай құжаттарының нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi не сауда тiзiлiмiнен (акционерлердiң тiзiлiмiнен немесе резидент емес тiркелген мемлекеттiң заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан) үзiндi көшiрмелер;";

85) 223-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi "органы" деген сөзден кейiн "берген және" деген сөздермен толықтырылсын;

86) 225-баптың 3-тармағы екiншi бөлiгi 3) тармақшасының екiншi абзацындағы "құжаттардың) нотариаттық куәландырылған көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi." деген сөздер "құжаттардың);" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (бар болса) нотариаттық куәландырылған көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.";

87) 231-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
"кепiл берушiнiң кепiлге берiлген мүлiктi (тауарды) борыштың төленбеуi жағдайында беруiн;";
5) тармақша алып тасталсын;
3-тармақтың 3) тармақшасындағы "тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тауарды беру не сыйға тарту күнiне қолданыста болған" деген сөздермен ауыстырылсын;

88) 235-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "ресiмдеу" деген сөз "жазып беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

89) 238-бап мынадай мазмұндағы 16 және 17-тармақтармен толықтырылсын:
"16. Мерзiмдi баспасөз басылымдарын және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн, оған қоса олардың жалпыға бiрдей қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлердiң интернет-ресурсында орналасқан өнiмдерiн өткiзген кезде салық салынатын айналымның мөлшерi есептi салық кезеңiнде мерзiмдi баспасөз басылымдарын және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң өткiзiлген бөлiгiне келетiн құны негiзiнде айқындалады.
17. Осы Кодекстiң 78-бабында белгiленген талаптар бұзылған жағдайда мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiндегi салықтан босатылған айналым мөлшерi осы Кодекстiң 237-бабының 6-тармағында көрсетiлген айналым жасалған күннен бастап салық салынатын болып танылады.";

90) 244-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"теңiз көлiгiнде - коносамент немесе теңiз жүк құжаты;";

91) 248-бапта:
20) тармақшаның үшiншi абзацындағы "операцияларын өткiзу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады." деген сөздер "операциялары;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
"21) бажсыз сауда дүкенiнiң кеден режимiне орналастырылған тауарларды өткiзу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.";

92) 249-баптың 2-тармағының үшiншi бөлiгi алып тасталсын;

93) 256-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "ұсынған" деген сөздер "жазып берген" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшадағы "ұсынылған" деген сөз "жазып берiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "бұқаралық ақпарат құралының өзге де өнiмiнiң" деген сөздер "өзге де бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң, оған қоса олардың жалпыға бiрдей қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлердiң интернет-ресурсында орналасқан өнiмдерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшаның үшiншi абзацындағы "авиациялық" деген сөз "әуе" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi "осы баптың 4-тармағында" деген сөздер "осы бапта" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiк алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Босатылған айналымның мақсаттары үшiн сатып алынған, бiрақ салық салынатын айналымның мақсаттары үшiн пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша өнiм берушiлер жазып берген шот-фактуралардағы қосылған күн салығының сомасы олар салық салынатын айналым мақсаттары үшiн пайдаланылған салық кезеңiнде осы тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер сатып алынған күнi қолданыста болған ставка бойынша есепке жатқызылуға жатады.
3-2. Аяқталмаған құрылыс объектiсiн өткiзген жағдайда бұрын осы Кодекстiң 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған айналым түрiнде өткiзуге арналған осы объектiнiң құрылысы процесiнде пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған күн салығы аяқталмаған құрылыс объектiсiн өткiзу жүзеге асырылған салық кезеңiнде аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған күнi қолданыста болған ставка бойынша есепке жатқызылуға жатады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Егер шот-фактураны жазып беру осы Кодекстiң 263-бабы 7-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткiзу бойынша айналым жасау күнiнен кейiн жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактураны жазып беру күнi тура келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызылады.
Осы Кодекстiң 263-бабының 20-тармағында көрсетiлген жағдайларда лизинг алушы қосылған құн салығын лизинг берушiнiң осы Кодекстiң 237-бабының 6-тармағында көрсетiлген өткiзу бойынша айналымды жасаған күнi тура келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызады.";

94) 257 және 260-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

"257-бап. Есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы

1. Қосылған құн салығы, егер:
1) осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi;
2) негiзгi құралдар ретiнде сатып алынатын жеңiл автомобильдердi;
3) шот-фактуралары осы Кодексте белгiленген талаптар сақталмай жазып берiлген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алуға байланысты төленуге жататын болса, есепке жазылмайды және осы Кодекстiң 100-бабының 12-тармағында белгiленген тәртiппен ескерiледi.
Қосылған құн салығы, егер ол салық салынбайтын айналымның мақсаттары үшiн пайдалануға арналған (пайдаланылған), оның болуына байланысты салық төлеушi осы Кодекстiң 260 және 261-баптарына сәйкес барабарлық әдiстi қолданған (қолданатын) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алуға байланысты төленуге жататын болса, есепке жатқызылады.
2. Мүлiктi (тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өтеусiз негiзде алған кезде, осындай мүлiктi алған тұлға осындай мүлiктi өтеусiз берген тұлғаның төлеуiне жататын қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызбайды.";

"260-бап. Қосылған құн салығы салынбайтын өткiзу бойынша
айналымдар болған кезде қосылған құн салығын есепке
жатқызу тәртiбi

1. Салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша өнiм берушiге төленуге жататын және импорт бойынша қосылған қүн салығы, осы Кодекстiң 257-бабы 1-тармағының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, есепке жатқызылмайды.
2. Салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде қосылған құн салығын төлеушiнiң таңдауы бойынша барабарлық немесе бөлек әдiспен есепке жатқызылады.
Есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтаудың таңдап алынған әдiсi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертiлмеуге тиiс.
3. Осы Кодекстiң 249-бабының 1-тармағына сәйкес өткiзу бойынша айналымдар салық салудан босатылатын объектiлер құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушi салық салынатын айналымдардың және осы Кодекстiң 249-бабының 1-тармағына сәйкес салықтан босатылатын айналымдардың мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызудың бөлек әдiсiн қолдануға мiндеттi.
4. Қосылған құн салығын төлеушiде:
салық салынатын айналымдар;
осы Кодекстiң 249-бабының 1-тармағына сәйкес салық салудан босатылатын айналымдар;
басқа да салық салынбайтын айналымдар болған жағдайда, қосылған құн салығын төлеушi осы Кодекстiң 249-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын айналымдарды қоспағанда, салық салынатын айналымдар мен салық салынбайтын айналымдар бойынша есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн қолдануға құқылы.
5. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық кезеңiнде есепке жатқызудың барабарлық және бөлек әдiстерiн бiр мезгiлде пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушiлер айналымның жалпы сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағын айқындаған кезде есепке жатқызудың бөлек әдiсi қолданылатын айналымдарды ескермейдi.
Бiр мезгiлде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн қолданған кезде айналымның жалпы сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағын айқындау үшiн салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың жалпы сомасы ескерiледi.
6. Осы бапқа сәйкес есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы осы Кодекстiң 100-бабының 12-тармағында белгiленген тәртiппен ескерiледi.";

95) 262-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Есепке жатқызудың бөлек әдiсiн пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушiлердiң бiр мезгiлде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы бөлiгiнде барабарлық әдiстi қолдануға құқығы бар.";

96) 263-бапта:
2-тармақтағы "ресiмдеуге" деген сөз "жазып беруге" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 2) тармақшасындағы "толтырылған" деген сөз "жазып берiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы Кодекстiң 78-бабында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда лизинг берушi "Салық кодексiнiң 78-бабы сақталмаған" деген белгiсi бар шот-фактура немесе қосымша шот-фактура жазып бередi.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура айналым жасалған күннен бұрын жазылмайды және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiнгi бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.
Қосылған құн салығын төлеушi:
қосылған құн салығы салынатын электр энергиясын, суды, газды, байланыс қызметiн көрсетудi, коммуналдық қызмет көрсетудi, темiр жол тасымалдарын, сондай-ақ көлiк-экспедиторлық қызмет көрсетудi, банк операцияларын өткiзу кезiнде оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-шы күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;
есептелген сыйақы сомасы бөлiгiнде мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20-шы күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк тоқсанның қорытындылары бойынша шот-фактураны жазып беруге құқылы.";
15-тармақтың 2) тармақшасының мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;
18-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "ұсынған" деген сөздер "жазып берген" деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Тапсырма шартына сәйкес келетiн талаптармен өткiзiлетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алушыға шот-фактураны жазып берудi сенiм бiлдiрушi (осы Кодекстiң 233-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда - сенiм бiлдiрiлген адам) осы бөлiмде көзделген тәртiппен жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
"20. Осы Кодекстiң 78-бабында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда лизинг берушi көрсетiлген сақталмаушылық болған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
мүлiктi қаржы лизингiне беру бойынша - қосымша шот-фактура жазып беруге мiндеттi, онда қосылған құн салығы көрсетiле отырып, сыйақы сомасы қосылмаған босатылған айналымдардың терiс мәнi және салық салынатын айналымдардың оң мәнi қамтылуға тиiс;
мүлiктi қаржы лизингiне беру бойынша сыйақының есепке жазылған сомалары бөлiгiнде - қосымша шот-фактуралар жазып беруге мiндеттi, оларда қосылған құн салығы көрсетiле отырып, босатылған айналымдардың терiс мәнi және салық салынатын айналымдардың оң мәнi қамтылуға тиiс";

97) 264-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "берген" деген сөз "жазып берген" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi "данада жасайды" деген сөздер "дана етiп жазып бередi" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiктiң 1) тармақшасындағы "жасалған" деген сөз "жазып берiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;

98) 265-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"265-бап. Қосымша шот-фактураларды жазып беру

1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен қосымша шот-фактураны мынадай:
1) осы Кодекстiң 239-бабына сәйкес салық салынатын айналым мөлшерi түзетiлген;
2) бiр мезгiлде мынадай шарттарға сәйкес болған:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi шот-фактураны осы Кодекстiң 263-бабында көзделген жағдайларда осындай шот-фактура жазып берiлген күнi қолданыста болған салық ставкасы бойынша есептелген қосылған құн салығы сомасын корсете отырып, өткiзу бойынша айналым жасалған күннен бұрын жазып берген;
шот-фактура жазып берiлген күнi қолданыста болған қосылған құн салығы ставкасы осындай шот-фактура бойынша өткiзу бойынша айналым жасалған күнi қолданыста болған қосылған құн салығы ставкасынан өзгеше болған жағдайларда жазып бередi.
2. Қосымша шот-фактурада:
1) қосымша шот-фактураның араб цифрларымен көрсетiлетiн реттiк нөмiрi және оның жазып берiлген күнi;
2) қосымша шот-фактура жазып берiлетiн шот-фактураның араб цифрларымен көрсетiлетiн реттiк нөмiрi және жазып берiлген күнi;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi мен алушының атауы, мекенжайы және сәйкестендiру нөмiрi;
4) қосылған құн салығының ставкасы;
5) қосылған құн салығын есепке алмай, салық салынатын айналымды түзету мөлшерi;
6) қосылған құн салығының түзетiлген сомасы көрсетiледi.
3. Қосымша шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi жазып бередi және аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы растайды.";

99) 267-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы он бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың 1) тармақшасын қолдану мақсатында қызмет түрлерiн айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен Экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады;";

100) 275-баптың 4-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасының мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;

101) 276-бапта:
3-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде:
"тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және шот-фактураны жазып беру күнi қолданыста болған" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ең аз" деген сөздер "айлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақта:
үшiншi бөлiктегi "тауарлар сатып алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетiлген салық кезеңiнен кейiнгi он екi ай iшiнде" деген сөздер алып тасталсын;
төртiншi бөлiктегi "тауарлар сатып алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетiлген салық кезеңiнен кейiнгi он екi ай iшiнде" деген сөздер алып тасталсын;

102) 279-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"279-бап. Акцизделетiн тауарлар тiзбесi

Мыналар акцизделетiн тауарлар болып табылады:
1) спирттiң барлық түрлерi;
2) алкоголь өнiмi;
3) құрамындағы этил спиртiнiң көлемi 0,5 проценттен аспайтын сыра;
4) темекi бұйымдары;
5) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;
6) микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын моторлы көлiк құралдары;
двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа);
жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары;
7) шикi мұнай, газ конденсаты.";

103) 280-баптың 4-тармағында:
1) тармақша кестесiнiң 20-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"

20.

8702-ден

микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын моторлы көлiк құралдары

100 теңге/ текше см


8703-тен

двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын, ең бастысы адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа)


8704-тен

жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары

";

2) тармақша мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын:
"Бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) бөлшек саудада өткiзген кезде көлемнiң өлшем бiрлiгi литр болып табылса, литрден тоннаға көшiру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

V х 0,730
М = ----------- , мұнда:
1000

М - өткiзiлген бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) тоннадағы көлемi;
V - өткiзiлген бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) литрдегi көлемi;
0,730 - бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) барлық түрлерi үшiн тығыздық көрсеткiшi, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткiзген кезде көлемнiң өлшем бiрлiгi литр болып табылса, литрден тоннаға көшiру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

V х 0,769
М = ----------- , мұнда:
1000

М - өткiзiлген дизель отынының тоннадағы көлемi;
V - өткiзiлген дизель отынының литрдегi көлемi;
0,769 - дизель отыны үшiн тығыздық көрсеткiшi, кг/литр.";

104) 310-баптың 10-тармағының үшiншi бөлiгiндегi "өндiрiстiк немесе металлургиялық цехы" деген сөздер "қайта өңдеу, өндiрiс немесе металлургия цехы (зауыт)" деген сөздермен ауыстырылсын;

105) 313 және 314-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

"313-бап. Төлеушiлер

Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңiмпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай келiсiмшарттардың бiрiн:
1) барлауға арналған келiсiмшартты;
2) пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келiсiмшартты жасасқан жеке немесе заңды тұлға қол қойылатын бонус төлеушi болып табылады.
Осы баптың бiрiншi бөлiгi 2) тармақшасының ережесi тиiстi келiсiмшарт аумағында барлауға арналған келiсiмшарттың шеңберiнде коммерциялық табуға байланысты өндiруге құқық алуға айрықша құқығының негiзiнде келiсiмшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.

314-бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерiн белгiлеу тәртiбi

1. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi жер қойнауын пайдалануға жасалатын әрбiр келiсiмшарт үшiн мынадай мөлшерде жеке белгiленедi:
1) пайдалы қазбалардың бекiтiлген қорлары жоқ аумақта геологиялық барлау жүргiзуге арналған келiсiмшарттар үшiн:
мұнай келiсiмшарттары үшiн - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2800 еселенген мөлшерi;
техногендiк минералды құралымдарды игеруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, минералды шикiзатты барлауға арналған келiсiмшарттар үшiн - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 280 еселенген мөлшерi;
кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдiк балшықтар жөнiндегi келiсiмшарттар үшiн - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 40 еселенген мөлшерi;
2) өндiруге арналған келiсiмшарттар үшiн:
мұнай келiсiмшарттары үшiн:
егер қорлар бекiтiлмеген болса, - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 3000 еселенген мөлшерi;
егер қорлар бекiтiлген болса, - (Қ х 0,04%) + (Қа х 0,01%) формуласы бойынша, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 3000 еселенген мөлшерiнен кем емес, мұнда:
Қ - А, В, С1 өнеркәсiптiк санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы бекiткен шикi мұнайдың, газ конденсатының немесе табиғи газдың жиынтық қорларының құны;
Қа - әлеуеттi коммерциялық объектiнiң және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшiн Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы бекiткен және (немесе) көрсетiлген Комиссия қорытындысында назарға алынған К2 санатындағы алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
техногендiк минералды құралымдарды игеруге арналған келiсiм шарттарды қоспағанда, минералды шикiзат өндiруге арналған келiсiм шарттар үшiн:
егер қорлар бекiтiлмеген болса, - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерi;
егер қорлар бекiтiлген болса, - (Қ х 0,01%) + (Қа х 0,005%) формуласы бойынша, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерiнен кем емес, мұнда:
Қ - А, В, С1 өнеркәсiптiк санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы бекiткен минералды шикiзаттың жиынтық қорының құны;
Қа - әлеуеттi коммерциялық объектiнiң және болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшiн Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссия бекiткен және (немесе) көрсетiлген Комиссия қорытындысында назарға алынған С2 санатындағы минералды шикiзаттың алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдiк балшықтарға арналған келiсiмшарттар үшiн - (Қ х 0,01%) ) формуласы бойынша, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған, бiрақ айлық есептiк көрсеткiштiң 120 еселенген мөлшерiнен кем емес.
Бұл ретте өндiруге арналған келiсiмшарттар үшiн қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi осы Кодекстiң 319 - 322-баптарына сәйкес есептеп шығарылған коммерциялық табу бонусының сомасынан аз болуына болмайды;
3) техногендiк минералды құралымдарды қайта өңдеу келiсiмшарттары үшiн - (Қ1 х 0,01%) формуласы бойынша, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 300 еселенген мөлшерiнен кем емес;
4) сарқынды суларды ағызу үшiн жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттар үшiн - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 400 еселенген мөлшерi.
2. Пайдалы қазбалар қорларының құны:
1) шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшiн - қол қойылатын бонусты төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына айырбас бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 334-бабына сәйкес конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте шикi мұнай мен газ конденсатының Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органы бекiткен қорларының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын осы Кодекстiң 334-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;
2) осы Кодекстiң 338-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн - қол қойылатын бонусты төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 338-бабына сәйкес конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi пайдалы қазбаның шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.
Конкурс шарттары жарияланған немесе тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерi бағаларының ресми бағамдауы жарияланбаған жағдайда, бұрын осындай бағалар бағамдауы жарияланған соңғы күн бағаларының ресми бағамдаулары пайдаланылады.
Егер пайдалы қазбаларға биржалық баға белгiленбеген жағдайда, пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерiн өндiруге арналған келiсiмшарттар үшiн қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгiленген ең төменгi мөлшерде белгiленедi.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткiзiлгенге дейiнгi қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi құзыреттi органның конкурстық комиссиясының шешiмi бойынша ұлғайтылуы мүмкiн.
4. Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкiлiктi мөлшерiн жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналып өткiзiлген конкурстың нәтижелерi бойынша конкурстық комиссияның шешiмi немесе жер қойнауын пайдаланушымен тiкелей келiссөздер жүргiзу нәтижелерi бойынша құзыреттi орган белгiлейдi және ол жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартқа енгiзiледi.";

106) 315-бапта:
тақырыбындағы "мерзiмi" деген сөз "мерзiмдерi" деген сөзбен ауыстырылсын;
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушiнiң тұрғылықты орны бойынша мынадай мерзiмдерде:";
1) тармақшадағы "заңнамасында белгiленген тәртiппен конкурс жеңiмпазы деп жарияланған" деген сөздер "заңнамасына сәйкес конкурс жеңiмпазы деп жариялаған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

107) 317, 320 және 323-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

"317-бап. Жалпы ережелер

1. Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын:
1) пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келiсiмшарттар шеңберiнде мынадай жағдайларда:
барлауға арналған келiсiмшарт шеңберiнде осы жер қойнауын пайдаланушы тиiстi келiсiмшарт аумағында бұған дейiн жариялаған келiсiмшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбiр коммерциялық табу үшiн;
Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органы бастапқыда белгiлеген алынатын пайдалы қазбалар қорларын ұлғайтуға алып келетiн кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысындағы табу үшiн;
2) келiсiмшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбiр коммерциялық табу үшiн, оның iшiнде Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органы бастапқыда белгiлеген алынатын пайдалы қазбалар қорларын ұлғайтуға алып келетiн кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысындағы табу үшiн бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттар шеңберiнде төлейдi.
2. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге арналған келiсiмшарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейдi.";

"320-бап. Салық базасы

Осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган бекiткен алынатын пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.
Коммерциялық табу бонусын есептеу мақсатында алынатын пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын төлеу күнiнiң алдындағы күнге мынадай тәртiппен айқындалады:
1) шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшiн - коммерциялық табу бонусын төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 334-бабына сәйкес коммерциялық табу бонусын төлеу күнi алдындағы күнге шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте шикi мұнай мен газ конденсатының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын, осы Кодекстiң 334-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;
2) осы Кодекстiң 338-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн - коммерциялық табу бонусын төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 338-бабына сәйкес коммерциялық бонусты төлеу күнi алдындағы күнге пайдалы қазбаның шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.
Коммерциялық табу бонусын төлейтiн күннiң алдындағы күнi пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерi бағаларының ресми бағамдауы жарияланбаған жағдайда, бұрын осындай бағалар бағамдауы жарияланған соңғы күн бағаларының ресми бағамдаулары пайдаланылады.
Шикi мұнайды, газ конденсатын, табиғи газды және Лондонның металл биржасында немесе Лондонның қымбат бағалы металдар биржасында бағамдалатын пайдалы қазбаларды қоспағанда, алынатын қорлардың құны өндiруге арналған Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органы бекiткен келiсiмшарттың техникалық-экономикалық негiздемесiнде көрсетiлген, 20 процентке ұлғайтылған жоспарлы шығындар сомасының негiзiнде айқындалады.";

"323-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзiмдерi
Коммерциялық табу бонусы бюджетке салық төлеушiнiң тұрғылықты орны бойынша мынадай мерзiмдерде:
1) осы Кодекстiң 317-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында белгiленген жағдайларда, пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келiсiмшарт жасалған күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей;
2) кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында пайдалы қазбалар табылған кезде Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органы кен орнындағы қосымша алынатын пайдалы қазбалар қорларының көлемiн бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей;
3) бiрiктiрiлген барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарт бойынша кен орнында алынатын пайдалы қазбалар қорларының көлемiн Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органы бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.";

108) 325 және 326-баптардағы "тиiстi келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға" деген сөздер "келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

109) 327-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "Тиiстi келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға" деген сөздер "Келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдi бюджетке төлеу жөнiндегi мiндеттеме жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган арасындағы құпиялылық туралы келiсiм жасалған күннен бастап, ал жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың талаптары бойынша жасалуға тиiс болғанымен 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құпиялылық туралы тиiстi келiсiмдер жасалмаған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша, 2009 жылдың 1 қаңтарына дейiн жасалған, өнiмдi бөлу туралы келiсiмдi қоса алғанда, тарихи шығындар мөлшерiн айқындайтын уәкiлеттi мемлекеттiк органмен құпиялылық туралы келiсiм жасалған күннен бастап туындайды.";

110) 328, 329, 332 және 334-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

"328-бап. Төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi

1. Келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөнiндегi төлемдi жер қойнауын пайдаланушы бюджетке коммерциялық табудан кейiнгi өндiру кезеңiнiң басынан бастап орналасқан жерi бойынша мынадай тәртiппен төлейдi:
1) егер келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөнiндегi төлемнiң жалпы мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келiсiм жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, тарихи шығындарды өтеу жөнiндегi төлемдi жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiрудi бастаған жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей төлейдi.
Егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiруге 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу жөнiндегi төлем 2010 жылғы 10 сәуiрден кешiктiрiлмей төленедi;
2) егер келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөнiндегi төлемнiң жалпы мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келiсiмнiң жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келiсiм жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшерiндегi сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкiн соңғы үлестiң сомасын қоспағанда, тарихи шығындарды өтеу жөнiндегi төлемдi жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 25-i күнiнен кешiктiрмей республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келiсiм жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшерiнен кем емес сомаға баламалы сомада, ұзақтығы он жылдан аспайтын кезең iшiнде тең үлеспен төлейдi.
Егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшерiндегi сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкiн соңғы үлестiң сомасын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiруге 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша, тарихи шығындарды өтеу жөнiндегi төлемдi жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 25-i күнiнен кешiктiрмей республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшерiнен кем емес сомаға баламалы сомада, ұзақтығы он жылдан аспайтын кезең iшiнде тең үлеспен төлейдi.
2. Егер келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындардың сомасын Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшiн уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органы шетел валютасында бекiткен болса, онда:
1) осы бапқа сәйкес төлем төлеу тәртiбiн белгiлеу үшiн теңгемен төлеудiң жалпы мөлшерiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшiн уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органы есептеген тарихи шығындар сомасы жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiрудi бастаған есептi тоқсанның бiрiншi күнiне белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi, ал 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi;
2) тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген шетел валютасындағы сомасын осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес төлеуге жататын тоқсан сайынғы төлемдердiң сомасына тең бөлу мақсатында тарихи шығындардың көрсетiлген сомасы мұндай күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарына белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша әрбiр күнтiзбелiк жылдың басында теңгемен қайта есептеледi.
3. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге арналған келiсiмшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем төленбейдi.

329-бап. Салық декларациясы

1. Егер келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнiң жалпы мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келiсiм жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша, егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына 2010 жылғы 31 наурыздан кешiктiрмей тапсырады.
2. Егер келiсiмшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнiң жалпы мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келiсiм жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-i күнiнен кешiктiрмей тоқсан сайын тапсырады.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша, егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-i күнiнен кешiктiрмей тоқсан сайын тапсырады.";

"332-бап. Салық салу объектiсi

1. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемi пайдалы қазбаларды өндiруге салық салу объектiсi болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың жалпы көлемi:
1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшiн өткiзiлген шикi мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде өндiрген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткiзу үшiн үшiншi тұлғаға өткiзген шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемiне;
2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде өңдеуге берiлген шикi мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде өндiрген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшiн алыс-берiс шикiзаты ретiнде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде кейiннен беру үшiн үшiншi тұлғаға өткiзiлген шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемiне;
3) жер қойнауын пайдаланушы өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған шикi мұнайға және газ конденсатына - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде өндiрген, салық кезеңi iшiнде өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған шикi мұнайдың және газ конденсатының көлемiне;
4) осы Кодекстiң 346-бабына сәйкес мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салықты, экспортқа салынатын рента салығын, роялтидi және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесiн төлеу есебiне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда берген шикi мұнай мен газ конденсатына;
5) Қазақстан Республикасының iшкi нарығында өткiзiлген және (немесе) өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газға;
6) тауарлы шикi мұнайға, газ конденсатына және табиғи газға - осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында аталған шикi мұнай, газ конденсаты мен табиғи газ көлемдерiн шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың көлемiне бөлiнедi.
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткiзу үшiн үшiншi тұлғаға өткiзудi және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде өңдеу үшiн не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде өңдеуге кейiннен беру үшiн үшiншi тұлғаға өткiзудi растау үшiн жер қойнауын пайдаланушыда шикi мұнай мен газ конденсатының нақты көлемiн және олардың тиiстi көлемiн Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының қабылдау фактiсiн растайтын коммерциялық және тауарға iлеспе құжаттарының түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерiн, ал осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткiзу үшiн үшiншi тұлғаға өткiзудi растау үшiн - тиiстi көлемi үшiн Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының нақты сатып алу бағасын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырған көшiрмелерi болуға мiндеттi.
Мұндай құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi болмаған жағдайда шикi мұнай мен газ конденсатының тиiстi көлемi пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсаттары үшiн тауарлы шикi мұнай, газ конденсаты ретiнде қаралады.
4. Пайдалы қазбаларды өндiру салығы жер қойнауына керi айдалатын табиғи газ бойынша төленбейдi.
5. Осы баптың мақсаты үшiн факелдерде жағылған табиғи газдың көлемi пайдалы қазбаларды өндiру салығын салудан босатылады.";

"334-бап. Шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ құнын
айқындау тәртiбi

1. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында салық кезеңiнде өндiрiлген шикi мұнайдың және газ конденсатының құны мынадай тәртiппен:
1) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткiзу үшiн үшiншi тұлғаға өткiзген кезде - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не үшiншi тұлғаға Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейiннен өткiзу үшiн өткiзiлген шикi мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемi мен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының өнiмнiң бiр бiрлiгi үшiн нақты сатып алу бағасының көбейтiндiсi ретiнде;
2) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшiн алыс-берiс шикiзаты ретiнде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеуге алыс-берiс шикiзаты ретiнде кейiннен беру үшiн үшiншi тұлғаға өткiзген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған кезде - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде өңдеу үшiн берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-берiс шикiзаты ретiнде кейiннен беру үшiн үшiншi тұлғаға өткiзiлген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған шикi мұнайдың, газ конденсатының нақты көлемi мен халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнiм бiрлiгiн өндiрудiң 20 процентке ұлғайтылған өзiндiк құнының көбейтiндiсi ретiнде;
3) жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндiру салығын, экспортқа салынатын рента салығын, роялтидi және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесiн төлеу есебiне шикi мұнай мен газ кондансатын заттай нысанда берген кезде - осы Кодекстiң 346-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндiру салығын, экспортқа салынатын рента салығын, роялтидi және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесiн төлеу есебiне шикi мұнай мен газ конденсатын заттай нысанда берген нақты көлемiнiң және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен айқындалатын беру бағасының көбейтiндiсi ретiнде айқындалады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде өндiрген тауарлы шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың құнын өндiрiлген тауарлы шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемi мен осы баптың 3-тармағында белгiленген тәртiппен салық кезеңiнде есептелген өнiмнiң бiрлiгi үшiн әлемдiк бағаның көбейтiндiсi ретiнде айқындайды.
3. Шикi мұнайдың және газ конденсатының әлемдiк бағасы салық кезеңiндегi бағалардың күн сайынғы бағамдауының орташа арифметикалық мәнiнiң және тиiстi салық кезеңiндегi тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.
Осы тармақтың мақсаты үшiн бағаны бағамдау "The Mcgraw-Hill Companies Inc" компаниясының "Platts Crude Oil Marketwire" дереккөзiнде жарияланған ақпараттар негiзiнде салық кезеңiнде "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) шикi мұнайының стандартты сортының әрбiрiн жеке алғанда шетел валютасындағы шикi мұнай бағасын бағамдауды бiлдiредi.
Осы дереккөзде шикi мұнайдың көрсетiлген стандартты сорттарына бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда, шикi мұнайдың көрсетiлген стандартты сорттарына бағалар:
"Argus Media Ltd" компаниясының "Argus Crude" дереккөзiнiң деректерi бойынша;
жоғарыда көрсетiлген дереккөздерде шикi мұнайдың көрсетiлген стандартты сорттарына бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа да дереккөздердiң деректерi бойынша пайдаланылады.
Бұл ретте, шикi мұнай мен газ конденсатының әлемдiк бағасын айқындау үшiн өлшем бiрлiктерiн өндiрiлген шикi мұнайдың өлшемнiң стандартты жағдайларына және мұнайдың паспортта көрсетiлген сапасына келтiрiлген нақты тығыздығы мен температурасын есепке ала отырып, баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен мемлекеттiк стандартқа сәйкес жүргiзiледi.
Шикi мұнай мен газ конденсатының әлемдiк бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:

Р12+...+Рn
S = -------------
х Е, мұнда:
n

S - салық кезеңiндегi шикi мұнай мен газ конденсатының әлемдiк бағасы;
Р1 Р2..., Рn - салық кезеңi iшiнде бағаларының бағамдалуы жарияланған күндерi бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;
Е - тиiстi салық кезеңiндегi тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы;
n - салық кезеңiндегi бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердiң саны.
Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы мына формула бойынша айқындалады:

Cn1 +Cn2
Рn =--------- ,мұнда:
2

Рn - бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;
Сn1 - "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) шикi мұнайы стандартты сорты бағасының күнделiктi бағамдалуының төменгi мәнi (min);
Сn2 - "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) шикi мұнайы стандартты сорты бағасының күнделiктi бағамдалуының жоғарғы мәнi (max).
Жер қойнауын пайдаланушы "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) шикi мұнайының белгiлi бiр стандартты сортына шикi мұнайды және газ конденсатын жатқызуды шикi мұнайды беруге арналған шарттар негiзiнде жүргiзедi. Беруге арналған шартта шикi мұнайдың стандартты сорты көрсетiлмесе немесе жоғарыда көрсетiлген стандартты сорттарға қатысы жоқ шикi мұнайдың сорты көрсетiлген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай шарт бойынша берiлген шикi мұнай көлемiн әлемдiк орташа бағасы салық кезеңi iшiнде ең жоғары болып табылатын мұнайдың сондай сортына жатқызуға мiндеттi.
4. Табиғи газға әлемдiк баға халықаралық өлшем бiрлiктерi бекiтiлген коэффициентке сәйкес текше метрге ауыстыруды есепке ала отырып, салық кезеңi iшiнде бағаларды шетел валютасындағы күнделiктi бағамдаудың орташа арифметикалық мәнiнiң және тиiстi салық кезеңiндегi тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде көрсетiлген формула бойынша айқындалады.
Осы тармақтың мақсаттары үшiн бағаны бағамдау "The Mcgraw-Hill Companies Inc" компаниясының "Platts European Gas Daily" дереккөзiнде жарияланған ақпарат негiзiнде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газы бағасының салық кезеңi iшiнде шетел валютасындағы бағамдалуын бiлдiредi.
Осы дереккөзде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газына баға:
1) "Argus Media Ltd" компаниясының "Argus European Natural Gas" дереккөзiнiң деректерi бойынша;
2) жоғарыда көрсетiлген дереккөздерде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында айқындалған басқа да дереккөздердiң деректерi бойынша пайдаланылады.
Табиғи газдың әлемдiк бағасы мына формула бойынша анықталады:

Р12+...+Рn
S = -------------
х Е, мұнда:
n

S - табиғи газдың салық кезеңiндегi әлемдiк бағасы;
Р1 Р2,..., Рn - салық кезеңi iшiнде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндерi бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;
Е - тиiстi салық кезеңi iшiндегi тиiстi шетел валютасына теңгенiң орташа арифметикалық нарықтық айырбас бағамы;
n - салық кезеңiнде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердiң саны.
Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы мына формула бойынша айқындалады:

Cn1 +Cn2
Рn = --------- ,мұнда:
2


Страницы 1 2
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina