ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Инструкции  »  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Инструкции

Страницы 1 2

  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы Нұсқаулық

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 71 бұйрығымен бекiтiлген


Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 71 бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы
Нұсқаулық

1. Кiрiспе.

1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрi – Нұсқаулық), Қазақстан Республикасының юрисдикциясындағы жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне, мемлекеттiк мекемелерiне, шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындарына қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдармен жүзеге асырылатын тексерулердi есепке алу және бақылау, бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу жүргiзу бөлiгiнде Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Заңын (бұдан әрi – Заң) және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңын орындау үшiн әзiрлендi.
2. Бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу, тексерулердi есепке алу және бақылау:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жүргiзiлетiн тексерулер нәтижелерi бойынша қалыптасатын құқықтық статистикалық ақпаратты жинақтау, есепке алу, талдау және шынайылы, сондай-ақ дәйектi мемлекеттiк органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ұсыну;
жеке кәсiпкерлiк субъектiлер, мемлекеттiк мекемелер, шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар қызметтерiнiң тексерулерiн жоспарлау және оңтайландыру барысында елдегi құқық қорғау қызметiнiң тиiмдiлiгi мен сапасын жоғарылату мақсаттарында жүзеге асырылады.
3. Осы Нұсқаулықта:
тексерулердi бiрыңғай мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бақылау субъектiлерi – Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн, мемлекеттiк мекемелердi, мемлекеттiк кәсiпорындар және коммерциялық емес ұйымдарды тексеруге уәкiлеттi мемлекеттiк органдар;
уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың тексеру объектiлерi – жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi, мемлекеттiк мекемелер және мемлекеттiк кәсiпорындар, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдар;
тексеру тағайындау туралы актi – Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен белгiленген талаптардың сақталуымен рәсiмделген мемлекеттiк органның құқықтық актiсi;
тексерулердi жоспарлау – уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен тексерулердi жыл сайынғы жүйелеу, оңтайландыру және тәртiпке келтiру процедурасы;
ақпараттық есепке алу құжаттары - оның негiзiнде мемлекеттiк құқықтық статистикалық және арнайы есепке алу деректерi қалыптасатын белгiленген үлгiдегi материалды (қағаз, магниттiк, оптикалық) құқықтық статистика ақпарат жеткiзгiшi түсiнiктерi қолданылады.

2. Тексерулер тағайындау туралы актiлердi мемлекеттiк тiркеу

4. Мемлекеттiк тiркеу процедурасы өзiне тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеудi, тексеру жүргiзу мерзiмiнiң ұзартылуы, тоқтатылуы, қайта жаңғыртылуы туралы, тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тартуды, тексеру туралы мәлiметтердi есепке алу және оның нәтижелерi, сонымен қатар өткiзiлмеген тексерiстi құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында есептен шығаруды енгiзедi.
Тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тарту шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қатысты жүргiзуге жол берiледi.
Тексеру тағайындау туралы актiлердi мемлекеттiк тiркеу процедурасы және тиiсiнше, осы Нұсқаулық талаптары:
мемлекеттiк мекемелермен өздерiнiң аумақтық және құрылымдық бөлiмшелерiн, сонымен қатар ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк органдарды, мекемелер мен ұйымдарды;
уақытша ұстау изоляторларында, тергеу изоляторларында және қабылдау-бөлу орындарында тұлғаларды ұстау заңдылығын, қылмыстық қуғындау органдарымен жедел-iздестiру қызметiн жүргiзудi;
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттiк құпиялар туралы» Заңының орындалуын;
Заңның 33-бабының 4-тармағымен көзделген қатынастар саласында тексеру жүргiзумен байланысты құқықтық қатынастарға таратылмайды.
Аймақта құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының әскери немесе көлiктiк бөлiмшесi болмаған жағдайда, есепке алуды жүргiзу және бақылау үшiн тексеру тағайындау туралы актiлердi тiркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының аумақтық бөлiмшесiмен мәлiмет үшiн ақпараттық есепке алу құжаттарын кейiннен келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының тиiстi әскери немесе көлiктiк бөлiмшесiне ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
5. Тексеру тағайындау туралы актiнiң тiркелуi құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен тексеру объектiсiнiң тiркеу орны бойынша немесе өз қызметiн жүзеге асыру орны бойынша тексерудiң басталуына дейiн жүзеге асырылады.
Тiркелу үшiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тексеру тағайындау туралы актiнiң екi данасы (түпнұсқа және куәландырылған көшiрме), Нұсқаулыққа қоса берiлген 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органымен жүзеге асырылатын тексеру туралы мәлiметтер толтырылған есепке алу карточкасы (бұдан әрi – № 1-П нысанды есепке алу карточка) ұсынылады.
Тексерулердi есепке алудың ведомстволық автоматтандырылған жүйелерiн жүргiзу барысында, тексерудi мемлекеттiк тiркеу үшiн көрсетiлген электронды цифрлi қол қойылған құжаттар құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен анықталатын электронды форматта жолданады.
Тексерулердi есепке алудың автоматтандырылған ведомстволық жүйесiнiң болмаған жағдайында, тексеру тағайындау туралы актi және № 1-П нысанды есепке алу карточкасы электронды форматта рәсiмделуi мүмкiн, содан соң, электронды цифрлi қол қойылғаннан кейiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының Интернет-ресурс құралының көмегiмен тiркелуi үшiн ұсынылады.
Бақылаушы және тiркеушi органдардың орналасқан жерiнен елеулi қашықтықта орналасқан объектiлерде жоспардан тыс тексеру жүргiзу жағдайында, тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеу тексеру басталғаннан соң, келесi бес жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
6. Жоспардан тыс тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеу барысында мемлекеттiк орган қызметкерi Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру тағайындау үшiн негiз болған құжаттың түпнұсқасы мен көшiрмесiн ұсынады.
Тексеру тағайындаудың негiзi болып табылған құжаттың түпнұсқасы мемлекеттiк орган қызметкерiне қайтарылады, ал көшiрмесi құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында қалады.
7. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының қызметкерi ақпараттық есепке алу құжаттарын ала отырып, тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеуге ұсыну сәтiнен үш сағаттан кешiктiрмей:
Нұсқаулыққа қоса берiлген 2-қосымшаға сәйкес ресiмделген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүзеге асыратын тексерулердi тағайындау туралы актiлердi тiркеу Журналына (бұдан әрi – Журнал), № 1-П нысанды есепке алу карточкасына және оған қоса берiлетiн талон-қосымшаға жазба енгiзедi;
тексеру тағайындау туралы актiнiң қолданыстағы заңнамаға сәйкестiгiн, № 1-П нысанды есепке алу карточкасының және тексеру тағайындау туралы актiнiң толтырылуының толықтығын тексередi.
Сонымен қатар, құжаттардың тiркелуi үшiн уақытылы ұсынылуын, мемлекеттiк органмен тексеру тағайындау барысындағы аумақтылық принциптiлiгiн сақтауды тексередi.
Актiнi тiркеуден бас тарту үшiн негiз болмаған жағдайда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы қызметкерiмен Нұсқаулыққа қоса берiлген 3-қосымшаға сәйкес тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеу туралы мөр басылады.
Тiркегеннен соң, актiнiң түпнұсқасы мемлекеттiк органның лауазымды тұлғасына қайтарылады. Актiнiң көшiрмесi құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында қалады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу орган қызметкерi электронды тiркеудiң аяқтағаны туралы, мемлекеттiк тiркеу субъектiсiне электронды цифрлi қол қойылған тексеру тағайындау туралы актiнiң тiркелгендiгi туралы хабарлама жолдайды.
8. Тексеру қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiне төнген қауiп-қатердi тез арада жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға байланысты туындаған ерекше жағдайларда, сондай-ақ заңнаманың бұзылуын олардың тiкелей жасалуы сәтi кезiнде алдын алу мақсатында және дәлелдемелердi бекiту үшiн шұғыл әрекет жүргiзу үшiн жұмыс уақытынан тыс мерзiмде (түнде, демалыс немесе мереке күндерiнде) тексеру жүргiзу кезiнде, тексеру жүргiзудiң өзге де шарттарын реттейтiн Қазақстан Республикасымен ратифицирленген халықаралық келiсiмдерге сәйкес тексеру жүргiзу барысында тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеу, тексеру басталғаннан соң келесi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
9. Тексеру мерзiмдерiн тоқтату немесе жаңғырту туралы, сонымен қатар тексеруге қатысатын тұлғалардың құрамы өзгерген кезiнде мемлекеттiк тiркеу субъектiсi құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тексерудiң тоқтатуына немесе қайта жаңғыруына дейiн бiр күн бұрын енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы ескертпенi жолдайды.
Сонымен қатар, ескертпеде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының журналы бойынша тексеру тағайындау туралы актiнiң нөмiрi және тiркеу күнi, тексерiлушi объектiнiң толық атауы және орналасқан жерi, тексерудiң тоқтатылған, жаңартылған күнi немесе тексеруге қатысушы тұлғалар құрамының өзгеруi көрсетiледi.
Тексеру мерзiмi ұзартылған жағдайда, мемлекеттiк тiркеу субъектiсi құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тексеру тағайындау туралы актi нөмiрiмен, тiркелген күнiмен, құжаттардың келiп түскен күнiне сәйкес келетiн тексерудi ұзарту туралы актiнi тексерудiң аяқталу мерзiмiнен кешiктiрмей рәсiмдейдi.
Тiркеу тексерудi ұзарту туралы актiде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының мөртабанмен тексерудi жүзеге асырған қызметкердiң тегi, аты-жөнi көрсетiлiп, қолы қойылып нақтыланады.
Журналда тексерудi ұзарту туралы актiнi ұсыну күнi көрсетiлген белгi қойылады.
10. Мемлекеттiк тiркеу субъектiсi тексеру аяқталуы бойынша үш жұмыс күнi iшiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына № 1-П нысанды есепке алу карточкасына талон-қосымшаны, егер электронды тiркелген жағдайда, оның электронды форматын ұсынады.
Мемлекеттiк тiркеу субъектiсiмен тағайындалған тексерудi жүргiзуден бас тартқан, прокурордың немесе соттың шешiмi бойынша тексерудi оның аяқталуына дейiн тоқтатқан жағдайда, мемлекеттiк тiркеу субъектiсiмен ол туралы шешiм қабылданғаннан соң үш жұмыс күнi iшiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына ескертпе жолданады.
11. Тексеру тағайындау барысында мемлекеттiк тiркеу субъектiсiмен жiберiлген Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының қызметкерi (қолма қол, факс арқылы, электронды пошта арқылы) ақпараттық есепке алу құжаттарды құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының басшысына, немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаға тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау үшiн ұсынады.
Тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тарту туралы қорытынды (бұдан әрi – Қорытынды) Нұсқаулыққа қоса берiлген 4-қосымшаға сәйкес, ақпараттық есепке алу құжаттар құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына келiп түскен сәттен 24 сағаттан аспайтын мерзiмде жазбаша түрде екi данада жасалады.
Көрсетiлген мерзiмiнiң аяқталуы мерекелiк немесе демалыс күндерiне сәйкес келген жағдайда, бас тарту құқығын қолдану мерзiмi келесi жұмыс күнi болып табылады.
Тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тарту Қазақстан Республикасы заңнамалары мен осы Нұсқаулық талаптарының нақты бұзушылықтарын көрсете отырып дәлелдi болуы тиiс.
12. Мемлекеттiк тiркеу субъектiсiмен тексеру тағайындау барысында Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуы туралы мәселенi анықтау үшiн ұсынылған құжаттарды қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, шешiм ақпараттық есепке алу құжаттары құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына келiп түскен сәттен екi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде қабылдануы тиiс.
Тiркеусiз қайтарылып, бас тартылған жағдайда, тексеру тағайындау туралы актiде Нұсқаулыққа қоса берiлген 5-қосымшаға сәйкес «бас тартылған» мөртабан қойылады, № 1-П есепке алу карточкасының 19-тармағы толтырылады және Журналға тиiстi белгi енгiзiледi.
13. Мемлекеттiк тiркеу субъектiсiне тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеуден бас тарту үшiн, егер өзгесi Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiмен, Қазақстан Республикасымен ратифицирленген халықаралық келiсiмдермен және осы Нұсқаулықпен белгiленбеген болса, келесi негiздердiң бiрiнiң болуы жеткiлiктi:
1) тексерулер жоспарында көрсетiлмеген жоспарлық тексерудi тағайындау;
2) жоспарлы тексеру тағайындау кезiнде алдыңғы тексеруге қатысты уақыттық ара-қашықтықтың сақталмауы;
3) мемлекеттiк органдармен олардың құзыретiне енбейтiн мәселелер бойынша тексерулер тағайындау;
4) Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген мерзiмдерге қатысты, тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексеру жүргiзу мерзiмiнiң асып кетуi немесе өтiп кетуi;
5) жасырын түрдегi өтiнiш бойынша объектiнi тексерудi тағайындау;
6) егер осы мәселе және кезең бойынша бұрын осы, немесе оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органмен, немесе басқа да мемлекеттiк органмен тексеру өткiзiлген болса, мемлекеттiк органмен объектi қызметiн тексерудi тағайындау;
7) егер алдыңғы тексерумен бұзушылықтар анықталмаса, жоспардан тыс бақылаулық тексерудi тағайындау;
8) жоспардан тыс тексеру тағайындау негiзiнiң жазбаша нақтылауының болмауы (сұрау, тапсырма, өтiнiш, шағым, жолдау, сенiм телефондары бойынша өтiнiштердi тiркеу кiтабына тiркеу туралы белгi, қарсы тексеру тағайындау барысындағы актi көшiрмесi және заңнамамен көзделген өзге де негiздер);
9) өтiнiште немесе хабарламаларда, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылғандығы туралы өзге де жүгiнулерде көрсетiлген уақыт аралығының шегiнен шығатын кезеңге тексеру тағайындау;
10) тексеру жүргiзудi оған тиiстi өкiлеттiгi жоқ тұлғаларға тапсыру;
11) бiр тексеру тағайындау туралы актiде, салық органында тiркеу есебiне қою, бақылау-кассалық машиналардың болуы, этил спиртiн босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттiң, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексерулердi қоспағанда, тексеруге ұшырайтын бiрнеше объектiлердi көрсету;
12) заңмен белгiленген мерзiмде ол бойынша тексеру тоқтатылған және қайта жаңғыртылмаған объектiнi тексерудi қайта тағайындау;
13) Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген шектi мерзiмдерiнен асатын мерзiмге тексерудi тағайындау немесе оны ұзарту;
14) алда тұрған тексеру туралы жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн ескерту жөнiнде мәлiметтердiң болмауы;
15) тексерулердiң жүргiзу тәртiбi мен жағдайларын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының бұзылуы.
14. Мемлекеттiк тiркеу субъектiсiне тексеру тағайындау туралы актiнi тiркеуден негiзсiз бас тартуы жоғарыда тұрған құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына немесе сотқа шағымдалуы мүмкiн.
15. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тiркелген тексерудi өткiзбеу жағдайында, мемлекеттiк тiркеу субъектiсiмен тексерудiң өткiзiлмеуiнiң себебiн көрсету арқылы ескертпе жасалады.
Ескертпе құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексерудiң нақты аяқталған сәтiнен үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей ұсынылады. Осы мәлiметтер негiзiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы мәлiметтердi Журналға енгiзедi.
16. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы тұрақты түрде тексерулер мерзiмдерiнiң ұзартылуына, тоқтатылуына және жаңғыртылуларына есепке алуды және бақылауды жүргiзедi.
17. Мемлекеттiк тiркеу субъектiлерi құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тiркелген актiлер және жүргiзiлген тексерiстер бойынша салыстыруды тоқсанда бiр реттен кем емес жүргiзедi.
Орталық мемлекеттiк органдармен жүргiзiлген тексерулер бойынша салыстыру құқықтық статистика және арнайы есепке алу орталық органында жүргiзiледi.
Салыстыру құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы басшысымен бекiтiлген кестесi бойынша жүргiзiледi.
Салыстырулардың уақытылы өткiзуiн бақылау мемлекеттiк тiркеу субъектiсi басшысына жүктеледi.
Салыстырудың аяқталуы бойынша актi жасалады.
Салыстыру актiсiнде бейнеленуге келесi мәселелер жатады:
1) салыстыру жүргiзудiң уақытылығы;
2) тiркелуiнен бас тартылған тексерулердi тағайындау туралы актiлердiң саны;
3) тексерулердi тағайындау туралы тiркелген актiлердiң саны;
4) тексерулердiң түрлерi бойынша бөлумен, тiркелген актiлер бойынша жүргiзiлген тексерулердiң саны;
5) ұзарту туралы актiлердi, тексерулер мерзiмдерiнiң тоқтатылуы мен жаңғыртылуы туралы ескертпелердiң уақытылы ұсынылуы;
6) есепке алу үшiн талон-қосымшалардың уақытылы ұсынылуы;
7) жүргiзiлмеген тексерулердi есептен алу туралы ескертпенiң уақытылы ұсынылуы;
8) көрсетiлген деректемелерге сәйкес Журналға енгiзiлген мәлiметтердiң есепке алуының толықтығы.
Салыстыру актiсiне салыстыруды жүргiзген құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы және мемлекеттiк тiркеу субъектiсi қызметкерлерiмен қол қойылады және көрсетiлген органдардың басшыларымен бекiтiледi.
Салыстыру актiсi екi данада жасалады, оның бiр данасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында қалады, екiншi данасы салыстыру жүргiзген мемлекеттiк тiркеу субъектiсiнiң лауазымды тұлғасына берiледi.
18. Егер салыстыру немесе мемлекеттiк тiркеу субъектiлерiнде тексеру жүргiзу барысында тiркеуден өтпеген тексеру тағайындау туралы актiнi, немесе тексеру тағайындау туралы актiнi шығармай жүргiзiлген тексерулер анықталған жағдайда, мемлекеттiк тiркеу субъектiсi алдын ала өзiнiң тiркеу журналында тиiстi жазу жазып, олардың анықтаған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тiркелмеген тексерулерге толтырылған № 1-П нысанды есепке алу каточкаларын және талон-қосымшаларды ұсынады.

3. Тексерулердi есепке алудың Бiрыңғай жүйесiн енгiзу

19. Мемлекеттiк тiркеу субъектiлерi тексерулердi есепке алудың Бiрыңғай жүйесiнiң қалыптасуына қатысады.
Осы мақсатта олармен тұрақты және үзiлiссiз түрде ведомстволық тексерулердiң, сонымен қатар тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтар және олар бойынша қабылданған әкiмшiлiк әрекеттегi қабылданған шараларды есепке алу жүйесi құрылады.
Тексерулердi есепке алу ведомстволық автоматтандырылған жүйе болмаған жағдайда, мемлекеттiк органдардың тексерулердi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру барысындағы қарым-қатынасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының Интернет-ресурсы арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының тексерулердi есепке алу жүйесi мен тексерулердi есепке алу ведомстволық жүйесiнiң бiрiктiрiлуi, сондай ақ тұтастық және бiрыңғайлық принципiн сақтау негiзiнде мемлекеттiк органдардың тексерулердi мемлекеттiк тiркеу барысында құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының Интернет-ресурсы арқылы қарым-қатынасты ұйымдастыру тексерулердi есепке алудың Бiрыңғай жүйесiн құрайды.
Тексеру тағайындау туралы актiлер, № 1-П нысанды есепке алу каточкалары, талон-қосымшалар мәлiметтерi негiзiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен мемлекеттiк органдармен жүргiзiлетiн тексерулер туралы Бiрыңғай мемлекеттiк деректер банкi жүргiзiледi.
20. Тексерулердi есепке алудың Бiрыңғай жүйесiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы мен мемлекеттiк органның толық электронды өзара қарым-қатынасқан жағдайда, тексеру тағайындау туралы актi, № 1-П нысанды есепке алу каточка, талон-қосымша қағаз жеткiзгiште құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына ұсынылмайды.
Тексерулердi есепке алудың Бiрыңғай жүйесiнде электронды өзара қарым-қатынастың жетiлдiрiлуiне қарай, тексеру тағайындау туралы актi, № 1-П нысанды есепке алу каточка, талон-қосымша, тексерулердiң жүргiзудiң жыл сайынғы жоспары құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен келiсу арқылы қағаз жеткiзгiштерде ұсынылмауы мүмкiн.
Тексеру тағайындау туралы актiнi, № 1-П нысанды есепке алу каточкасын, талон-қосымшаны ұсынудың электрондық форматы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен айқындалады.
21. Заңға сәйкес бекiтiлетiн тексерулердiң жүргiзудiң жыл сайынғы жоспары осы Нұсқаулыққа қоса берiлген 8-қосымшаға сәйкес кесте түрiнде рәсiмделедi, сондай-ақ қағаз және электронды форматта ұсынылады.
Жоспарда мемлекеттiк органның атауы, жоспарлау мерзiмi, реттiк нөмiрi, тексеру объектiсiнiң атауы, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (бұдан әрi – СТН), жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi – БСН), оның орналасқан жерi немесе қызметiн жүзеге асыру орыны, тексеру жүргiзудiң басталуы жоспарланатын мерзiм көрсетiледi.
СТН, ЖСН, БСН көрсетiлуi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тексерулерi үшiн көзделген.


Страницы 1 2
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina