ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Инструкции  »  Сот-медициналық сараптаманы ұйымдастыру және...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Инструкции

Страницы 1 2 3

  Сот-медициналық сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу туралы нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2010 жылғы 20 мамырдағы № 368 бұйрығымен бекiтiлген

"Келiсiлдi"
ҚР Iшкi iстер министрi
________ С. Баймаганбетов
2010 жылғы 21 мамыр

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
2010 жылғы 20 мамырдағы
№ 368 бұйрығымен бекiтiлген

Сот-медициналық сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу туралы нұсқаулық

1-бөлiм. Сот-медициналық сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Нұсқаулық (бұдан әрi – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасында сот-медициналық сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiн анықтайды.
2. Сот-медициналық сараптаманы (бұдан әрi – сараптама) сот-медициналық сарапшы жүргiзедi, оның құзырына:
1) зорлықпен өлтiрiлген жағдайда мәйiтке сараптама жүргiзу;
2) зорлықпен өлтiрiлгендiгiне күдiктенген жағдайда немесе мәйiттi сот-медициналық тәртiппен зерттеу қажеттiгiмен түсiндiрiлетiн жағдайлар кезiнде мәйiтке сараптама жүргiзу;
3) денсаулыққа келтiрiлген зиянның сипаты мен ауырлығын, жыныстық жағдайларын анықтау және сот медицинасы саласындағы танымдарды талап ететiн басқа да мәселелердi шешу үшiн жәбiрленушiге, айыпталушыға және басқа да тұлғаларға сараптама жүргiзу;
4) зертханалық зерттеу әдiстерiн қолдана отырып, заттай айғақтарға сараптама жүргiзу;
5) тергеуге дейiнгi тексеру материалдарына, қылмыстық, әкiмшiлiк және азаматтық iстерге, сондай-ақ, жеке айыптау iсi бойынша сараптама жүргiзу кiредi.
3. Сот-медициналық сарапшы сот медицинасы саласындағы маман ретiнде алғашқы және мынадай тергеу амалдарына:
1) мәйiттi оның табылған жерiнде (оқиға болған жерде) тексерiп-қарауға;
2) эксгумация, салыстырмалы зерттеу үшiн үлгiлер алуға;
3) тергеу экспериментiн жүргiзуге қатысады.
Сондай-ақ, сот-медициналық сарапшы сот-медициналық сараптама жүргiзу және сот отырысында бұрынғы жүргiзген сот-медициналық зерттеулерi бойынша түсiнiк беру үшiн тартылады.

2-тарау. Сот-медициналық сараптаманы жүргiзу тәртiбi

4. Сот-медициналық сараптаманы тағайындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
5. Сот-медициналық сараптама бастапқы, қосымша, қайта, комиссиялық, қосымша комиссиялық, қайталама комиссиялық және кешендi сараптама болып бөлiнедi.
Сот-медициналық сараптаманың түрi мен күрделiгiне байланысты бiр немесе бiрнеше сарапшы жүргiзедi.
Комиссиялық сараптама күрделi сот-сараптамалық зерттеулер жүргiзу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бiр мамандықтағы кемiнде екi сарапшы жүргiзедi.
Комиссиялық сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) қаулысы, ұйғарымы сот сараптамасы органының басшысы үшiн мiндеттi. Сот сараптамасы органының басшысы сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыға, ұйғарымға сәйкес ұсынылған материалдар бойынша комиссиялық сараптама жүргiзу туралы да дербес шешiм қабылдай алады және оны жүргiзудi ұйымдастыра алады.
Сот-медициналық сараптама комиссияның төрағасы болып сот-медициналық сараптама мекемесiнiң басшысы, ол жоқ кезде сараптама жұмысы жөнiндегi орынбасары болып табылады.
Комиссия төрағасы:
1) комиссия жұмысына жауапты болады;
2) iс материалдарын талдап, зерттейдi;
3) егер сараптама жүргiзу туралы және оның мәжiлiсiнiң уақыты бекiткiш қаулы болмаған жағдайда, комиссияның құрамын анықтайды;
4) комиссияны басқарып және оның жұмысына қатысады.
Сот сараптамасы органының басшысы не комиссиялық сот сараптамасын тағайындаған орган (тұлға) комиссияның құрамын кiретiн сот сарапшыларының қызметiн үйлестiру үшiн жетекшi сарапшыны тағайындайды.
Жетекшi сарапшы сот-сараптамалық зерттеулердiң жалпы жоспарын әзiрлеудi жүзеге асырады, сот сараптамасын жүргiзудiң жалпы мерзiмi шегiнде жекелеген зерттеулер жүргiзу мерзiмдерiн айқындайды және олардың сақталуын бақылайды, сот сараптамасын тағайындаған органмен (тұлғамен) байланысты жүзеге асырады, сот сарапшыларының кеңесiне басшылық жасайды.
Комиссияның құрамына сот-сараптама органы қызметкерi емес маман тарту қажеттiлiгi туғанда, мекеме басшысы сараптаманы тағайындаған тұлғаға (органға) сараптама комиссиясының мүшесi ретiнде медициналық ұйымдар мен жоғарғы оқу орындарының мамандарын кiргiзу туралы жазбаша ұсыныс жасайды.
Медицина қызметкерлерiн кәсiби мiндеттерiн дұрыс орындамағаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тарту туралы iстер бойынша сараптама жүргiзу үшiн, клиника-анатомиялық және клиникалық конференциялар хаттамалары және денсаулық сақтау ұйымдары комиссияларының басқа да құжаттары болуы керек.
Сараптау комиссиясының мүшелерi:
төрағаның тапсырмасын орындауға;
материалдарды комиссия мәжiлiсiне дайындауға;
iс материалдармен өз уақытында танысуға;
комиссия жұмысын қатысуға;
төрағамен бiрге «қорытындылар» жасап, оны дұрыс рәсiмдейдi;
сот сараптамасы мекемесiнiң кеңсесiне сараптамаға келiп түскен материалдарды және қорытындыны өткiзуге мiндеттi.
Комиссиялық сот сараптамасын жүргiзу кезiнде сот сарапшыларының әрқайсысы толық көлемде тәуелсiз және дербес зерттеу жүргiзедi.
Егер сарапшылар арасында қарама-қайшылық туатын болса әр сарапшы немесе сарапшылардың бiр бөлiгi бөлек қорытынды бередi, немесе көзқарасы басқа сарапшылардан өзге болған сарапшы оны қорытындыда бөлек жазады.
Кешендi сараптама iс үшiн маңызы бар мән-жағдайларды анықтау үшiн әртүрлi бiлiм саласының негiзiнде зерттеулер қажет болғанда тағайындалады және оны әртүрлi мамандықтағы сот сарапшылары өз құзыретi шегiнде жүргiзедi.
Сот сараптамасы органына тапсырылған кешендi сараптама жүргiзудi ұйымдастыру оның басшысына жүктеледi. Сот сараптамасы органының басшысы сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыға, ұйғарымға сәйкес ұсынылған материалдар бойынша кешендi сараптама жүргiзу туралы да дербес шешiм қабылдауға және оны жүргiзудi ұйымдастыруға құқылы.
Кешендi сот сараптамасын жүргiзу кезiнде сот сарапшыларының әрқайсысы өздерiнiң арнаулы ғылыми бiлiмi шегiнде зерттеу жүргiзедi.
Кешендi сот сараптамасының қорытындысында әрбiр сот сарапшысының қандай зерттеулердi, қандай көлемде жүргiзгенi және оның қандай қорытындыға келгенi көрсетiлуге тиiс. Әрбiр сот сарапшысы қорытындыны өзi жүргiзген зерттеу көрсетiлген бөлiгiне қол қояды.
Әрбiр сот сарапшысы жүргiзген зерттеулер нәтижелерiнiң негiзiнде олар анықталуы үшiн сот сараптамасы тағайындалған мән-жайлар туралы қорытындыны (қорытындыларды) тұжырымдайды. Жалпы қорытындыны (қорытындыларды) алынған нәтижелердi бағалауға құзыреттi сот сарапшылары ғана тұжырымдайды және оларға қол қояды. Егер сот сарапшыларының бiрi (жекелеген сот сарапшылары) анықтаған фактiлер комиссиясының немесе оның бiр бөлiгiнiң түпкiлiктi қорытындысына негiз болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетiлуге тиiс.
Сарапшылар арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда, олардың әрбiреуi немесе сарапшылардың бiр бөлiгi жеке қорытынды бередi не пiкiрi комиссияның басқа мүшелерiнiң тұжырымымен сәйкес келмеген сарапшы оны қорытындыда бөлек көрсетедi.
Қосымша сараптама қорытынды айқын немесе толық болмаса, сондай-ақ, алдыңғы зерттеуге байланысты қосымша мәселелердi шешу қажеттiлiгi туындаған жағдайда тағайындалады.
Қосымша сараптаманы жүргiзу сол маманға, ол болмаған жағдайда өзге сарапшыға тапсырылады.
Қайталама сараптама сол объектiлердi зерттеу үшiн және мынадай жағдайларда сол мәселелердi шешу үшiн:
сарапшының негiзделген алдыңғы қорытындысы жеткiлiксiз болғанда;
сарапшы қорытындысының дұрыстығына күмәнданғанда;
сараптаманы тағайындау мен жүргiзудiң процессуалдық нормалары бұзылған жағдайда тағайындалады.
Қайта сараптаманы тағайындау туралы қаулыда, анықтауда алдыңғы сараптаманың нәтижелерiмен келiспеу себептерi келтiрiлуi тиiс. Қайта сараптаманы жүргiзу сарапшылар комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы жүргiзген сарапшылар қайта сараптама жүргiзу кезiнде қатыса алады және комиссияға түсiнiктеме бере алады, бiрақ олар сараптамалық зерттеу мен қорытынды жасау кезiнде қатыспайды.
Егер екiншi немесе кезектегi келесi сот сараптамасы бiрнеше негiздер бойынша тағайындалып, олардың бiрi – қосымша сот сараптамасына, ал басқалары қайталама сот сараптамасына жататын болса, мұндай сот сараптамасы қайталама сараптаманың ережелерi бойынша жүргiзiледi.
Бiрнеше сарапшының (сараптау комиссиясы) бастапқы және қосымша сараптамаларды жүргiзу кезiнде қатысуы мынадай жағдайларда:
медицина қызметкерлерiнiң кәсiптiк құқық бұзушылық бойынша қылмыстық және әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту iстерi бойынша;
жасын анықтау;
денсаулық жағдайын анықтау;
жынысты анықтау;
жүктiлiктi үзуге байланысты жағдайларда;
өзге де күрделi жағдайларда мiндеттi.
6. Сараптаманы сот сараптамасы органынан тыс жүргiзгенде медициналық ұйымның басшылары сот-медициналық сарапшыларды сараптама жүргiзу үшiн үй-жайлармен (мәйiтхана, емханадағы дәрiгердiң кабинетi) қамтамасыз етедi және басқа да қажеттi көмек көрсетедi.
7. Органдар (сараптама тағайындаған тұлғалар) алынған объектiлердi сот сараптамасының зертханаларына жеткiзуге ықпал жасайды.
8. Органдар (сараптама тағайындаған тұлғалар) сот-медициналық сарапшыны бастапқы және өзге де тергеу амалдарына қатысу үшiн оған көлiк құралын жiбередi.
9. Сот-медициналық сарапшы өзiнiң функциясын қызмет көрсететiн аумағының шеңберiнде жүзеге асырады. Қауiптi және техногендiк апаттар жағдайында, басқа да төтенше жағдайлар болғанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң «Сот медицинасы орталығы» РМҚК (бұдан әрi - Орталық) басшысының бұйрығы бойынша сот-медициналық сарапшы қызмет көрсететiн аумақтан тыс уақытша iссапарға бара алады.
Сот медицинасы орталығының өңiрiлiк филиалдарының басшылары сот-медициналық сарапшылардың демалысы немесе ауырып қалған кезеңiнде өзара бiрiн бiрi алмастыруын белгiлеуi мiндеттi.
Сот медицинасы орталығының филиалдарында бастапқы комиссиялық сараптамалар жүргiзiлгеннен кейiн Сот медицинасы орталығында сот-медициналық сараптамалар жүргiзiледi.
Филиалдардың салалық мамандары болмаған немесе сот-медициналық сарапшылардың дәлелдi бас тартқан жағдайда, Сот медицинасы орталығында бастапқы сараптамалар жүргiзiлуi мүмкiн.
10. Сараптама күрделi болған жағдайда және арнайы танымдарды талап ететiн мәселелердi шешу қажет болған жағдайда сот-медициналық сарапшы сараптаманы тағайындаған тұлғаның (органның) алдына оған арнайы танымдары бар дәрiгерлердi және (немесе) мамандарды қатыстыру туралы өтiнiш бiлдiруге құқығы бар.
11. Сот-медициналық сараптама жүргiзу барысында сот-медициналық сарапшының алдына қойылған немесе жеке өзiнiң туындаған мәселелерiн шешу үшiн сот-медициналық зертханалық зерттеу жүргiзу қажет болған жағдайда ондағы анықтау органдарының, тергеушiнiң, прокурордың немесе соттың қаулысының негiзiнде ол объектiлердi iлеспе хатпен сот сараптамасының тиiстi зертханалық бөлiмшесiне жiбередi.
Зертханалық зерттеу нәтижелерiн алғаннан кейiн сарапшының қорытындысы (әрi қарай - қорытынды) рәсiмделедi.
12. Сот-медициналық сараптамаға, басқа денсаулық сақтау ұйымында жұмыс iстейтiн маман дәрiгердiң тексерiп-қарауына ұшыраған адамдарға консультацияның қажеттiлiгi туындаған жағдайда кейiннен тексерiп-қарау нәтижелерiн ұсына отырып, оны жүргiзудi қамтамасыз ететiн, сараптаманы тағайындаған тұлғаны (органды) жедел түрде жазбаша хабардар етедi.
13. Сот-медициналық сараптаманы жүргiзу үдерiсiнде заттай айғақтар мен жекелеген сот-медициналық, криминалистикалық немесе өзге де сараптаманың мәндерi болып табылатын объектiлердi анықтау кезiнде олар сарапшының қорытындысында сипаттауға және кейiннен сот-медициналық сараптаманы тағайындаған тұлғаға (органға) қолхат арқылы беруге жатады.
14. Сараптамалық зерттеуге арналған объектiлер, оның iшiнде заттай айғақтар қатаң есепке алынады және сақталады. Сарапшы мүмкiндiгiнше оларды сақтау үшiн тиiстi шараларды қабылдайды.
15. Сот-медициналық сараптама жүргiзу кезiнде сот-медициналық сарапшы сотқа жазбаша түрде қорытынды әзiрлейдi. Қорытындының көшiрмесiн сараптау мекемесiнiң мұрағатындағы сараптама құжаттарына қосылады.
16. Сот процесiне сот-медициналық сарапшы берген қорытындыны қатысушылар дұрыс ұқпаған жағдайда бұл туралы сот-медициналық сарапшы сот отырысы процесiнде айта алады.

3-тарау. Сарапшының қорытындысын рәсiмдеу

17. Сот-медициналық сараптаманың нәтижелерi Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот-сараптамалық қызмет туралы» Заңының талаптарына сәйкес рәсiмделедi.
18. Сарапшы қорытындыны өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi игерген тiлде бере алады.
19. Қорытынды: iс жағдайының қысқаша мазмұны кiретiн кiрiспе бөлiм, зерттеу және қорытынды бөлiмдерден тұрады.
20. Қорытындының кiрiспе бөлiмiнде:
1) сараптаманың жүргiзiлген уақыты мен орны;
2) сараптамалық зерттеу жүргiзу үшiн мәнi бар сараптама жүргiзудiң жағдайы (жарық, ауаның температурасы және т.б.);
3) негiзiнде сараптама жүргiзiлетiн қаулы;
4) сарапшының аты, тегi, әкесiнiң аты, атқарып отырған лауазымы, мамандығы және мамандығы бойынша жұмыс өтiлi, бар болса: бiлiктiлiк санаты, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы;
5) мәйiтке сараптама жүргiзу кезiнде: қайтыс болған адамның аты, тегi, әкесiнiң аты, жасы;
6) жәбiрленушiге, айыпталушыға және басқа да адамдарға сараптама жүргiзгенде: аты, тегi, әкесiнiң аты, жасы, мекен-жайы, жеке басын анықтайтын құжаты;
7) iс материалдары мен заттай айғақтары бойынша сараптама жүргiзген кезде - қылмыстық немесе азаматтық iстiң атауы мен нөмiрi немесе томдардың, iс-парақтарының саны, сараптамаға түскен үлгiлер мен объектiлердiң тiзiмi;
8) сараптама жүргiзуге қатысқан адамдардың аты, тегi, әкесiнiң аты;
9) сот-медициналық сарапшының қылмыстық iс бойынша құқықтары, мiндеттерi туралы және жалған сараптама бергендiгi үшiн қылмыстық жауапкершiлiгi туралы ескерту туралы қол қоюы;
10) сараптама барысында шешiлетiн сұрақтардың тiзбесi;
11) сараптама тағайындаған тұлғаның (органның) редакциясында айтылған iстiң мән-жайы көрсетiледi.
21. Сараптаманың зерттеу бөлiмiнде сараптамалық зерттеудiң барлық ұсынылған объектiлерi зерттеу үдерiсiнiң нақты сипаттамасы мен бұл ретте табылған нақты деректерден тұрады. Зерттеу бөлiмiнде зерттеудiң қолданылған әдiстерi жазылады және объективтi тiркеу (фото-суреттер, зақымдарды көрсете отырып контурлық сызбалар) пайдаланылады.
Зерттеу бөлiмiнiң құрылымы жүргiзiлетiн сараптаманың түрiне байланысты анықталады.
Зерттеу бөлiмiнде мыналар көрсетiледi:
мәйiттi зерттеу кезiнде: мәйiттiң киiмдерiн сипаттау және мәйiттi сыртынан зерттеу;
iшкi қуыстарын, ағзалары мен тiндерiн зерттеу; тергеушiге сараптаманың басқа да түрлерiн жүргiзу үшiн берiлетiн алынған объектiлер;
зертханалық зерттеуге жiберiлетiн объектiлердiң тiзбесi;
сарапшының қорытындысы түрiндегi зертханалық зерттеулердi жүргiзу және сарапшының оның нәтижелерiн алу күнi көрсетiле отырып, жүргiзiлген зертханалық зерттеу нәтижелерi, сот-медициналық диагноз;
жәбiрленушiге, айыпталушыға және басқа да адамдарға сараптама жүргiзу кезiнде: объективтi медициналық деректердi (сарапшының тексерiлушiнi басқа маман дәрiгерлерiне, рентгенологиялық және басқа зерттеулерге жiберуi туралы нұсқау, сондай-ақ осы тексерiп-қараулармен зерттеулердiң нәтижелерi); киiмдi, егер ол зерттелсе, онда зақымданулар мен жұғулардың болуы; зертханалық зерттеуге жiберiлген объектiлердiң тiзбесi, осы зерттеулердiң нәтижелерi, қосымша тексерулер мен зерттеулердi жүргiзу, сарапшының оның нәтижелерiн алуы, қорытындыда тұжырым қалыптастыру;
заттай айғақтарды сараптау кезiнде: заттай айғақтарды және ондағы iздердi егжей-тегжейлi сипаттау, қолданылған реагенттердi, аппаратураларды және жабдықтарды, талдау үдерiсiн, салыстыру үшiн үлгiлердi зерттеудi сипаттауды көрсете отырып, зерттеудiң әр түрi бойынша алынған зерттеудiң қолданылған әдiсiн жазу;
қылмыстық, әкiмшiлiк және азаматтық iстердiң материалдары бойынша сараптама жүргiзу кезiнде: кейiнгi сараптамалық талдау үшiн қажет нақты деректердi жете мазмұндау;
медицина қызметкерлерiнiң кәсiби қызметi туралы iстер бойынша сараптама жүргiзу кезiнде: iске маңызы бар медициналық және басқа да құжаттардың түпнұсқасын зерделеу кезiнде алынған мәлiметтер (құжаттардың түпнұсқалары болмаған жағдайда сараптаманы тағайындаған орган (тұлға) куәландырылған құжаттардың көшiрмелерiнiң негiзiнде жүргiзедi).
22. Кiрiспе бөлiмi, зерттеу бөлiмi және қорытындылар сарапшы қорытындысының хаттамасын құрайды.
Сараптаманың түрi мен күрделiлiгiне байланысты, сот-медициналық сараптаманы жүргiзген сарапшы немесе бiрнеше сарапшы хаттамаға қол қояды.
23. Қорытындыдағы тұжырым сарапшының алған нәтижелерi мен олардың объективтi талдауының негiзiнде қалыптастырылған ғылыми-негiзделген пiкiрi болып саналады. Тұжырымдарды айқын, нақты жазған жөн, әртүрлi түсiнiк берулерге жол бермеу керек. Мағынасы жақын сұрақтарға бiрiктiрiп жауап беруге немесе олардың бiрiздiлiгiн өзгертуге рұқсат етiледi. Әрбiр тұжырым бойынша сараптамалық пiкiр нақты және ғылыми деректермен дәйектелуi және негiзделуi тиiс.
Тұжырымдарды қалыптастыру негiздерден басталады (крiспеден), оның негiздемесiнде барлық келесi фактiлер анықталып, тұжырымдаманы баяндаумен аяқталады.
Қорытындыда мыналар көрсетiледi:
сот-медициналық сарапшының қорытынды құрай отырып барлық зертханалық және қосымша сараптамалық зерттеулердiң қорытындысын алғаннан кейiн сараптаманы тағайындаған тұлғаның (органның) сұрақтарына берген жауаптары;
сарапшының пiкiрi бойынша зерттеу жүргiзу үдерiсiнде анықталған iске маңызы бар объективтi деректердi сараптамалық бағалау медициналық терминдерден аулақ, айқын, нақты баяндалады.
Әрбiр тұжырым бойынша сараптамалық пiкiр нақты деректермен дәйектелуi және негiзделуi тиiс.
Арнайы бiлiмiнiң шеңберiне кiрмейтiн, қойылған сұрақтарға жауап беру мүмкiн болмаған немесе ұсынылған материалдар қорытынды беру үшiн жарамсыз немесе жеткiлiксiз болған жағдайда сарапшы бұл туралы дәйектi хабарлама жасайды және оны сараптама тағайындаған органға немесе тұлғаға жiбередi.
24. Қорытынды екi данада әзiрленедi, бiреуi сараптама тағайындаған тұлғаға (органға), екiншi данасы сот сараптамасының мұрағатында сақтау үшiн қалады.
Заттай айғақтардың сараптамасы сараптамалық сараптама жүргiзу үдерiсiнде жұмыс журналында рәсiмделедi, оның негiзiнде сараптамалық зерттеулер аяқталғаннан кейiн тиiстi құжат әзiрленедi.
25. Қорытынды аяқталғаннан кейiн сараптама тағайындаған тұлғаға (органға) немесе олардың жазбаша өкiмi бойынша өзге тұлғаға беру үшiн кеңсеге тiркеу үшiн берiледi.
26. Қорытындыны әртүрлi қысқаша анықтамалармен және көшiрмелермен ауыстыруға, сондай-ақ жоғарыдағы көрсетiлген сот-медициналық құжаттарды, бекiтiлмеген сауалнама үлгiсiндегi бланктер мен объектiлердi әзiрлеу үшiн қолдануға, мәйiттi сырттай тексерiп-қарау немесе оны толықтай зерттемей сараптама жүргiзiлмейдi.

4-тарау. Сараптаманы жүргiзу мерзiмдерi

27. Сараптамалар жүргiзу мерзiмдерi оның түрiне, көлемi және сараптамалық сипатпен айқындалады. Сараптама жүргiзу мерзiмiнiң ұзақтығы жүргiзiлген әртүрлi зертханалық зерттеудiң түрлерiне байланысты.
Сараптама жүргiзу мерзiмiнiң ұзақтығы тергеу органдарынан, тергеушiден, прокурордан немесе соттан барлық қажеттi құжаттарды алған күннен бастап 30 тәулiктен аспауы тиiс.
28. Сараптаманы жүргiзу мынадай мерзiмдерде жүзеге асырылады:
1) мәйiттердi сараптау кезiнде - 30 тәулiкке дейiн, зерттеудiң лабораториялық әдiстерiнiң өндiрiсiн ескере отырып, бiрақ зертханалық зерттеудiң қосымша әдiстерiнiң соңғы нәтижесiн алғаннан кейiн кемiнде 3 тәулiктен кейiн;
2) қосымша зерттеулер немесе медициналық құжаттарды талап ететiн тiрi тұлғалардың сараптамасы кезiнде - 30 тәулiкке дейiн;
3) қосымша зерттеулер мен медициналық құжаттарды талап етпейтiн, тiрi тұлғалардың сараптамасы кезiнде - демалыс және мейрам күндерiн есептемегенде 3 тәулiкке дейiн.
29. Егер сараптаманы арнайы көрсетiлген уақыт бойынша аяқтау мүмкiн болмаған жағдайда, сот-медициналық сарапшы сот медицинасы органының басшысы арқылы жазбаша түрде сараптаманы тағайындаған тұлғаны (органды) себебiн және оның шамамен қай уақытта аяқталатындығы туралы ескертедi.
Сот сараптамасын жүргiзу мерзiмiн ұзартуды сот сараптамасы органы басшысының не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын сот сарапшысының (сот сарапшыларының) дәлелдi өтiнiшi бойынша сот сараптамасын тағайындаған орган (тұлға) жүзеге асырады.
Осы Заңда белгiленген жағдайда сот сараптамасын жүргiзудi тоқтата тұру ол үшiн негiз болған мән-жайлар жойылғанға дейiн, бiрақ он тәулiктен асырылмай жүргiзiледi. Егер сот сараптамасын жүргiзудi тоқтата тұру үшiн негiз болған мән-жайлар көрсетiлген мерзiм iшiнде жойылмаса, сот сараптамасын тағайындаған органның (тұлғаның) атына қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарлама жiберiледi.
Сот сарапшысының қорытындысы не қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарлама олар жасалғаннан кейiн үш тәулiк iшiнде сот сараптамасын тағайындаған органға (тұлғаға) жiберiледi.

2-бөлiм. Денсаулыққа келтiрiлген зиян ауырлығын белгiлеу кезiндегi сот-медициналық сараптама

5-тарау. Жалпы ережелер

30. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасымен көзделген денсаулыққа зиянның медициналық белгiлерiне (өлшемдерiне) сәйкес сарапшы сот-медициналық сараптама жүргiзу кезiнде денсаулыққа келтiрiлген зиянның ауырлығын анықтайды.
Денсаулыққа келтiрiлген зиянды анықтау үшiн осы келтiрiлген зиянның бiр белгiсi де жетедi.
Егер бiрнеше квалификациялық денсаулыққа зиян келтiрiлген белгiлерi болса, онда ол көп зиян келтiрген белгi бойынша бағаланады.
Денсаулыққа зиян келтiрудi ағзаның (тiннiң) анатомиялық тұтастығының немесе олардың физиологиялық қызметiнiң (дене жарақаттары) бұзылуы, немесе әртүрлi сыртқы ортаның факторларының – механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психогендiк әсерiнен болған аурулар немесе патологиялық жағдайы деп түсiнген жөн.
Денсаулықтың бұзылуын анатомиялық тұтастығының немесе органдардың физиологиялық функциясының бұзылуы бар нақты жарақатпен немесе сырқаттанушылықпен түсiндiрiлетiн жергiлiктi және (немесе) жалпы сипаттағы клиникалық айқын ауырсыну өзгерiстерi деп түсiнген жөн.
Әртүрлi жарақаттардың салдарынан жалпы еңбекке қабiлеттiлiктi тұрақты түрде жоғалту осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес әртүрлi жарақаттардың нәтижесiнде жалпы еңбекке қабiлеттiлiктi тұрақты жоғалту пайыздарының кестесiне сәйкес белгiленедi.
Жалпы еңбекке қабiлеттiлiктi өнiм, бұйым немесе қызмет түрiнде бекiткiш әлеуметтiк-елеулi нәтиженi алуға бағытталған iс-қимылға адамның туа бiткен және жүре пайда болған тәсiлдердiң жиынтығын түсiнген жөн.
Кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiктi өзiнiң мамандығы немесе төлем ақысы және бiлiктiлiгi бойынша тең жұмыс атқара алуын түсiнген жөн.

6-тарау. Денсаулыққа келтiрiлген ауыр зиян

31. Денсаулыққа келтiрiлген ауыр зиян мынадай айқын белгiлерi (өлшемдерi):
1) адам өмiрiне қауiптiлiгi;
2) қандай да бiр әсерлерден кейiнгi салдар бойынша денсаулыққа ауыр зиян келтiретiн өмiрге қауiптi емес: көрмеу, естiмеу, сөйлемеу немесе қандайда бiр органнан айырылу, не органның қызметiн жоғалту: бет пiшiннiң қалпына келмейтiндей зақымдануы;
денсаулықтың бұзылуы, жалпы еңбекке қабiлеттiлiгiнен айтарлықтай тұрақты үштен бiрiнен айырылуымен бiрiктiрiлген (33% және одан жоғары); кәсiби еңбек қабiлеттiлiгiнен толық айырылуы;
жүктiлiктiң үзiлуi;
психикалық бұзылуы (психикалық аурулар), нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен сырқаттанушылық болып табылады.
32. Өмiрге қауiп төндiруi мүмкiн дененiң зақымдануы және жәбiрленушiнiң өмiрiне қауiп төндiруi мүмкiн әртүрлi сыртқы факторлардың әсерiнiң нәтижесiнде туындаған патологиялық жағдайларды қауiптi деп есептеген жөн.
Өмiрге келтiрiлген қауiптi бағалау кезiнде медициналық көмек көрсетумен, өзiне-өзi көмек көрсетумен немесе бiр-бiрiне көмек көрсетумен түсiндiрiлетiн өлiмнiң алдын алу, сондай-ақ кездейсоқ жағдайларды болдырмау назарға алынбауы тиiс.
33. Өмiрге қауiптi денсаулыққа келтiрiлген зияндарға:
1) миды зақымдамай бассүйектiң тесiп өткен жарақаты;
2) бассүйек күмбезiнiң және бассүйек негiзiнiң ашық және жабық сынуы, бассүйек күмбезiнiң сыртқы пластинкаларының жеке шытынауынан және ми сауытының бөлiгi болып табылатын үстiңгi қаңқа сүйектерiнiң сынығынан оқшауланғандарды қоспағанда ми сауытын қалыптастыруға қолданылатын торлы, сына тәрiздi сүйектердiң бөлiктерiнiң сынуы;
3) мидың ауыр дәрежедегi зақымдануы, ми дiңi бөлiгiнiң зақымдану симптомдары болса мидың орта дәрежедегi зақымдануы;
4) өмiрге қауiп төнген жағдайда эпидуралдық, субдуралдық, субарахноидалдық, миiшiлiк және қарыншаiшiлiк қан құйылу;
5) омыртқа өзегiн тесiп өткен, оның iшiнде жұлынды зақымдамаған жарақаттар;
6) сынулар - буындардың шығуы немесе дененiң сынуы, немесе мойын омыртқалары доғаларының екi жағынан сынуы, сондай-ақ жұлын қызметi бұзылмай бiрiншi және екiншi мойын омыртқалары доғаларының бiр жақтан сынуы;
7) мойын омыртқаларының шығуы; өмiрге қауiп төндiретiн немесе жұлын қызметiнiң бұзылуына әкеп соғатын буынның таюы;
8) өмiрге қауiп төндiретiн немесе жұлын қызметiнiң бұзылуына әкеп соғатын мойын бөлiгiндегi жұлынның жабық зақымдануы;
9) жұлын функциясы бұзыла отырып немесе ауыр дәрежедегi клиникалық бекiткiш шокпен және басқа да өмiр жағдайына қауiп төндiретiн бiр немесе бiрнеше кеуде немесе бел омыртқаларының сынуы немесе сынып-шығуы;
10) ауыр арқа шогына немесе жамбас органдары функцияларының бұзылыуына әкеп соғатын кеуде, бел және сегiзкөз сегменттерiнiң жабық зақымдануы;
11) жұтқыншақтың, өңештiң, көмекей және кеңiрдектiң саңылауын тесiп өткен жарақат, сондай-ақ қалқанша без және айырша бездiң ашық жарақаты;
12) тiласты сүйегiнiң сынуы, өмiрге қауiп төндiретiн көмекей шемiршегiнiң және кеңiрдектiң ашық және жабық сынуы;
13) өкпе қабын, жүрек қабын немесе көкiрек ортасын тесiп өткен, оның iшiнде iшкi органдарды зақымдамай тесiп өткен кеуде клеткасының жарақаты (емо-пневмоторакс құбылысы болмаса терi асты эмфиземасы тесiп өткен жарақат ретiнде қаралмайды);
14) iшперде қуысын (iшперде қуысы мен iшпердеден тыс кеңiстiктi) тесiп өткен, оның iшiнде iшкi органдарды зақымдамай тесiп өткен iш жарақаты;
15) қуық қуысын, тiкiшектiң жоғарғы және ортаңғы бөлiктерiн тесiп өткен, сондай-ақ тiкiшектiң төменгi бөлiгiнiң барлық қабаттарын аумақты ашық зақымдаған жарақат;
16) кеуденiң iшкi органдарының немесе iшперде қуысының немесе iшперде қуысынан тыс кеңстiктiң (бүйректер, бүйрекүстi бездерi, ұйқы безi) немесе диафрагманың, немесе қуықасты бездерiнiң, немесе несеп ағардың, немесе несеп ағар каналдың жарғақты бөлiгiнiң ашық және жабық жарақаттары;
17) мықын-сегiзкөз жiгi жарыла және жамбас сақинасының байланысы бұзыла отырып немесе жамбас сақинасының байланысы бұзыла отырып, оның алдыңғы және артқы бөлiктерiнiң екi рет сынуы;
18) диафизарлық бөлiктегi ұзын түтiк тәрiздi сүйектердiң (тоқпан жiлiк, ортан жiлiк, үлкен жiлiк, бiлектiң қос сүйектерi) ашық сынықтары;
Жарақаттаушы заттың тiкелей әсерiнен немесе сүйек сынықтары ұштарының iштен жұмсақ тiндер мен терiнi зақымдауының нәтижесiнде болған, қоршап тұрған жұмсақ тiндер бүтiндiгiнiң бұзылыуын сынықты ашық сынық деп есептеген жөн;
19) кәрi жiлiк, шынтақ жiлiк, кiшi жiлiншiктердiң ашық сынығы; тоқпан жiлiк, ортан жiлiк және үлкен жiлiктердiң жабық сынықтары кезiнде, сондай-ақ, iрi буындардың (тоқпан, шынтақ жiлiктерi, кәрi бiлезiктiк, жамбас-сан, тiзе, сирақ-аяқ басы) жабық зақымдануы кезiнде денсаулыққа келтiрiлген зиянның дәрежесi өмiрге төнген қауiпке, денсаулықтың бұзылуының ұзақтығына немесе еңбекке жарамдылығын тұрақты жоғалту белгiлерiне қарай анықталады;
20) iрi қан тамырларының: қолқа, күретамыр, (ортақ, iшкi, сыртқы), бұғана асты, қолтық, тоқпан, мықын, сан, тiзеасты артериялары немесе оларды тесiп өте отырып, көктамырлардың зақымдануы;
21) перифериялық тамырлардың зақымдануы (бастың, беттiң, мойынның, бiлектiң, қол ұшы, сирақ-аяқ басы) олардың өмiрге төндiрген нақты қаупiне қарай анықталады (мысалға көп мөлшерде қан жоғалту, ауыр дәрежедегi шок және басқалар);
22) адамның өмiрiне қауiп төндiретiн жағдайлар: ауыр дәрежедегi шок (3-4 дәрежелi), әртүрлi этиологиядағы кома, коллапсс тудыратын көп мөлшерде қан жоғалту, жiтi жүрек немесе қан тамыры функцияларының жетiспеушiлiгi, коллапс, ми қан айналымының ауыр дәрежедегi бұзылуы, жiтi бүйректiк немесе бауырлық функциялар жетiспеушiлiгi; ауыр дәрежедегi жiтi тыныс алу функцияларының жетiспеушiлiгi; iрiңдi-септикалық жағдайлар, iшкi органдардың инфарктiне әкелiп соғатын аймақтық немесе ағзалық қанайналым функциялар жетiспеушiлiгi; аяқ-қолдардың гангренасы; мидың, өкпе мен басқа да органдардың қан тамырларының эмболиялары (газды немесе майлы), тромбоэмболиялар, өмiрге қауiп төндiрген жағдайлардың үйлесiмi;
23) дене бетiнiң 15%-дан асатын үшiншi, төртiншi дәрежедегi күйiкке шалдығуы; 20%-дан астам үшiншi дәрежелi күйiк, дене бетiнiң 30%-дан астамы күйiкке шалдыққан екiншi дәрежедегi күйiк, сондай-ақ көлемi көп емес, бiрақ өмiрге қауiп төндiрген жағдайда (күйiктiң салдары адамға пластикалық және қалпына келтiру операциясын ескермей, бағалануы тиiс); дауыс қуысының iсiгi және тарылу құбылысымен тыныс алу жолдарының күйiктерi;
24) өмiрге қауiп төндiретiн аумақтық, жалпы уытты әсерден басқа химиялық күйiктер (қоюланған қышқылдар, қауiптi сiлтiлер, өзге де уландырғыш заттар);
25) химиялық заттармен (улар) улану немесе өмiрге қауiп төндiретiн биологиялық агенттер әсерiнен пайда болған патологиялық жағдайлар;
26) өмiрге қауiп төндiретiн құбылыстың айқын белгiлерiмен қоса жүретiн мойын ағзаларының қысылуы және басқа да механикалық асфиксиялар (ми қанайналымының бұзылуы, естен тану, амнезия және басқалар), егер бұлар объективтi деректермен дәлелденген болса;
27) ұршық және тiзе буындарының ашық жарақаттары;
28) төменгi температурының әсерiнен зақымдану (организмнiң жалпы тоңуы, үсу), өмiрге қауiп төнген жағдайда.
34. Көру, есту және сөйлеу қабiлетiн немесе қандай-да бiр ағзасын, не органның қалыпты қызметiн жоғалту - нәтижесi мен салдары бойынша денсаулыққа ауыр зиянға жататын, өмiрге қауiптi емес жарақаттар болып табылады:
1) екi көздiң толық көрмей қалуын немесе 0,04 дейiн және одан да төмен көз көрудiң төмендеуiн (екi метр және жарыққа дейiнгi қашықтықта саусақты санау);
бiр көздiң көрмей қалуы көру қабiлетiнен айырылу деп түсiнген жөн;
2) бiр көздiң көрмей қалуы ағзаның қызметiнiң жоғалуына әкеп соғады және денсаулыққа келтiрiлген ауыр зиянға жатады; ал бiр сау көз алмасынан (көретiн) айырылу органнан айырылу болып табылады, сондай-ақ денсаулыққа келтiрiлген ауыр зиянға жатады;
3) алып тастау кажет болатын көрмейтiн көздiң зақымдануы денсаулықтың бұзылу ұзақтығына қарай жарақаттың қалпына келтiрiлмейтiндiгi туралы мiндеттi түрде көрсетiле отырып, бағаланады.
4) ойын буынға бөлiнген дыбыс түрiнде айналасындағылар үшiн түсiнiктi етiп жеткiзе алмауын немесе дауысты жоғалтуын сөйлеу қабiлетiнен айырылу деп түсiнген жөн;
5) жәбiрленушi әңгiмелескен дауысты құлақ қалқанынан 3-4 сантиметр қашықтықта естiмейтiн толық кереңдiктi немесе қайтымсыз күйдi есту қабiлетiнен айырылу деп түсiнген жөн. Құлақтың бiреуiнiң есту қабiлетiнiң жоғалуы осы мүшенiң қызметiнен айырылуы деп бағаланып, денсаулыққа келтiрiлген ауыр зиянға жатқызылады;
6) қол, аяқтан айырылу яғни оларды денеден бөлудi немесе олардың қызметiн болдырмайтын (қолды немесе аяқты анатомиялық жоғалту деп барлық қол-аяқтан, сондай-ақ қол ұшы мен аяқ басынан айырылуды түсiнген жөн) өзге де жағдайлардың салдарынан функцияларынан айырылуын; жыныстық қатынасқа қабiлеттiлiктен айырылумен, немесе ұрықтандыру, бала көтеру, жүктi болу, бала туу қабiлеттiлiгiнен айырылумен, органнан айырылу деп бағаланатын бiр аталық безден айырылумен түсiндiрiлетiн өндiрiстiк қабiлеттiлiктен айырылуды қандай да бiр мүшеден айырылу немесе органның қызметiнен айырылуы деп түсiнген жөн;
7) бет зақымданған жағдайда сарапшы осы Нұсқаулықтағы белгiлерге сәйкес олардың ауырлығын белгiлейдi, сондай-ақ ол жарақаттың қалпына келтiрiлетiндiгiн немесе қалпына келтiрiлмейтiндiгiн анықтайды (жарақаттың айтарлықтай кiшiреюi немесе уақыт өткен сайын немесе консервациялық (хирургиялық емес) емдеудiң көмегiмен тыртықтардың анықтығы, қисаюлар, мимиканың бұзылуы және басқа да көрiнiп тұрған салдарының жоғалу мүмкiндiгiн қалпына келтiрiлетiн жарақат деп түсiнген жөн;
егер оларды қалпына келтiру үшiн операциялық ем қажет болатын болса (косметикалық немесе пластикалық операциялар), онда беттегi жарақаттар қалпына келтiрiлмейтiн жарақат деп саналады;
беттегi жарақаттың қалпына келмейтiндiгiн анықтау барысында сарапшы өз қорытындысында мұндай жарақаттарды сот немесе тергеушi бет-әлпеттiң қалпына келмейтiндей бұзылу деп таныса, жарақаттарды ауыр дәрежелi зиян ретiнде бағалауы керек);
8) жалпы еңбекке қабiлеттiлiгiнiң үштен бiрiнен артық (33% жоғары) тұрақты түрде жоғалтуы: жарақаттану кезiнде жалпы еңбек қабiлеттiлiктi айтарлықтай тұрақты түрде жоғалту мөлшерi жарақаттың анықталу нәтижесiнен кейiн (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес әртүрлi жарақаттардың салдарынан еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалту пайыздарының кестесi бойынша) белгiленедi;
9) балалардың еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалтуы осы Нұсқаулықпен бекiткiш жалпы ереже бойынша анықталады; мүгедектердiң еңбек қабiлеттiлiгiн тұрақты түрде жоғалтуы iс жүзiнде сау адамдардiкi сияқты, мүгедектiк пен оның тобына қарамастан анықталады;
10) кәсiби еңбекке қабiлеттiлiктi толық жоғалту кезiнде - кәсiби еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалту дәрежесiн анықтау медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиясымен жүргiзiледi;
11) жүктiлiктiң мерзiмiне қарамай үзiлуi, организмнiң жеке ерекшелiктерiмен байланыссыз, және зақымданумен тiкелей себептi байланыста болады;
12) психикалық бұзылуларды (психикалық ауруды), нашақорлықты, уытқұмарлықты диагностикалау психиатриялық, наркологиялық сараптамалармен жүзеге асырылады, бiрақ олардың алынған зақымданумен байланысы, сондай-ақ есi ауысу ауруының, нашақорлық пен уытқұмарлықтың салдарынан денсаулыққа келтiрiлген зиянның ауырлығын бағалауды сот-медициналық сарапшылар комиссиясы, қажет болған жағдайда психиатрлардың, наркологтардың, токсикологтардың қатысуымен жүргiзедi, (психикалық ауруды психикалық бұзылу деп түсiнген жөн), психикалық аурулардың тобына жүйке жүйесiнiң зақымдануына байланысты реактивтi жағдайлардың (психоздар, невроздар) аурулар қосылмайды; егер зақымданудың ағымы мен жазылу дәрежесiне қарамастан психикалық ауру дамыса, зақымдану денсаулыққа ауыр зиян болып есептеледi.

7-тарау. Денсаулыққа келтiрiлген орташа зиян

35. Денсаулыққа келтiрiлген орташа зиянның белгiлерi:
1) денсаулықтың ұзақ бұзылуы - 3 аптадан артық бұзылуы (21 күннен астам), денсаулыққа келтiрiлген зиянға тiкелей байланысты аурулар немесе ұзақтығы үш аптадан артық (21 күннен астам) қандайда бiр орган функциясының бұзылуы түрiндегi салдар жатады;
2) жалпы еңбекке қабiлеттiлiктi айтарлықтай тұрақты жоғалту (10-33%-ды қоса алғанда).

8-тарау. Денсаулыққа келтiрiлген жеңiл зиян

36. Денсаулыққа келтiрiлген жеңiл зиянның белгiлерi:
1) денсаулықтың қысқа мерзiмге бұзылуы - 3 аптадан аспайтын мерзiмге, кемiнде 21 күн;
2) жалпы еңбекке қабiлеттiлiктiң сәл тұрақты бұзылуы – кемiнде 10%.

9-тарау. Денсаулыққа келтiрiлген зиян ауырлығы сараптамасын жүргiзу тәртiбi

37. Денсаулыққа келтiрiлген зиянның ауырлығын сот-медициналық бағалау сот-тергеу органдары қаулысының негiзiнде жәбiрленушiнi медициналық тексерiп-қарау арқылы сот-медицина сарапшысы жүргiзедi.
38. Денсаулыққа зиянның ауырлығына сот- медициналық сараптама жарақаттанудың сипаты туралы түпкiлiктi мәлiметтерден тұратын құжаттардың толық пакетi болған жағдайда (стационарлық науқастың картасында, амбулаториялық науқастың картасында және басқа) медициналық құжат бойынша жүргiзiледi.
39. Денсаулыққа келтiрiлген зиянның ауырлығын сот-медициналық бағалау аурудың сипаты, салдары, ұзақтығы туралы медициналық құжаттардың қарама-қайшы мәлiметтерiне байланысты қиындық туғызғанда медициналық құжаттар бойынша сот-медициналық сараптама жүргiзу кезiнде сарапшының сұратуы бойынша қылмыстық тергеу органы немесе сот жәбiрленушiнi сараптама жүргiзу үшiн келуiн қамтамасыз етедi.
40. Сот-медициналық сарапшы куәландыратын құжат бойынша куәландырылатын тұлғаны оның жеке басын (куәландырылатын адам болмаған жағдайда сараптаманы тағайындаған тұлғаның өзi анықтайды) анықтайды, куәландырылатын адамның жарақат алу жағдайын, шағымдарын және қажет болған жағдайда басқа да мәлiметтердi анықтайды. Алынған барлық деректер сарапшының қорытындысында белгiленедi.
41. Егер сарапшыға қажеттi медициналық құжаттар және iстiң өзге де материалдары ұсынылмаған болса, ол бұндай қажеттiлiк туындаған сәттен бастап тәулiктiк мерзiмнiң iшiнде сараптама тағайындаған тұлғаға немесе органға жетiспейтiн материалдарды жiберуi туралы өтiнiш жiбередi.
42. Сот-медициналық сараптаманы жүргiзу барысында сарапшы тек қана құжаттардың түпнұсқасын пайдаланады, құжаттардың түпнұсқасы болмаған жағдайда, сарапшы органмен (сараптама тағайындаған тұлғамен) расталған медициналық құжаттардың көшiрмесiн негiз ретiнде алады, тиiстi мамандарды тартумен жүргiзiлген қосымша зерттеулердiң мәлiметтерiн пайдаланады.
Бұндай жағдайларда сарапшының қорытындысында куәландырушының қашан, қай жерде және кiм қосымша тексергендiгi және оның барысында қандай фактiлер анықталып, маманның қандай шешiмге келгендiгi көрсетiледi. Қорытынды осы тексерудiң нәтижесi ескерiле отырып, әзiрленедi.
43. Денсаулықтың бұзылуының ұзақтығы медициналық құжаттардағы деректердi ескере отырып анықталады. Аурудың ұзақтығын, сипатын немесе денсаулыққа келтiрiлген зиянмен байланысты ағзалардың қалыпты қызметтерiнiң бұзылуын бағалай отырып, сарапшы объективтi, оның iшiнде сараптама жүргiзу процесi барысында анықталған мәлiметтердi негiзге алады.
44. Сот-медициналық сарапшы жәбiрленушiнiң емделу ұзақтығы жарақаттың сипатына, оның клиникалық құбылыстарына негiзделмеуi, сондай-ақ жәбiрленушiнiң еңбекке жарамсыздық парағынан бас тартуы және өз ниетiмен жұмысқа уақытынан бұрын шығуы орын алуы мүмкiн болғандықтан медициналық құжаттардың мәлiметтерiн сын көзбен бағалайды.
Осы тармақта көрсетiлген барлық жағдайларда сот-медициналық сарапшы объективтi клиникалық деректерге сүйене отырып аурудың ұзақтығын және оның ауырлығын бағалайды.
Денсаулықтың бұзылу ұзақтығы, емделу мен уақытша еңбекке жарамсыздықтың ұзақтығы әр түрлi түсiнiктер болып табылады және де мерзiмi бойынша сәйкес келе бермейдi.
45. Қандай да бiр аурумен ауыратын адамның денсаулығына келтiрiлген зиянды бағалау кезiнде тек келтiрiлген жарақаттың салдары ғана ескерiледi.
Сондай-ақ, сарапшы жарақаттың ауруға әсерiн анықтайды (аурудың асқынуы, оның ең ауыр объектiде өтуi және өзгелер).
Қажет болған жағдайда жарақаттың ауруға әсерiн клиникалық бейiннiң тиiстi мамандарының қатысуымен сарапшылар комиссиясы шешедi.
46. Көптеген жарақаттар бiр-бiрiн өз ара ауырлатқан жағдайда денсаулыққа зиянның ауырлығын жиынтық бағалау жүргiзiледi.
Жарақаттардың туындау және пайда болу ұзақтығы әртүрлi болған жағдайда әр қайсысы үшiн ауырлықты бағалау жеке-жеке жүргiзiледi.
47. Дененiң жұп бөлiгi немесе қос мүше зақымданған жағдайда келтiрiлген жарақаттың салдары ғана, зақымданған бiрдей жұп бөлiктiң немесе бiрдей басқа қос органның функциясының бұрын бұзылуын есепке алмай бағаланады.
Дененiң бөлiгi бұрын жоғалтқан функциясымен толық немесе iшiнара зақымданған жағдайда тек жарақаттың салдары ғана ескерiледi.
48. Жәбiрленушiнi тексерiп-қарау кезiнде денсаулыққа келтiрiлген зиянның әртүрлi түрлерiнiң белгiлерi байқалған жағдайда сарапшы олардың әрқайсысы неден болғандығын белгiлейдi.
Жәбiрленушiнi тексерiп-қарау кезiнде денсаулыққа келтiрiлген зиянның бұрынырақ болу белгiлерi байқалған жағдайда соққының бiрнеше рет болғандығы белгiленедi және келтiрiлу мерзiмдерi мен әрқайсысының ауырлығы жеке-жеке көрсетiледi.
49. Операция немесе диагностиканың қазiргi заманғы күрделi әдiстерiн қолдану кезiнде туындаған асқынулар егер көрсетiлген дәрiгерлiк араласулар кезiнде деффектiлердiң салдары болып табылса денсаулыққа келтiрiлген зиян ретiнде саналады.
Мұндай асқынулармен түсiндiрiлетiн денсаулыққа келтiрiлген зиян осы Нұсқаулыққа қосымшаларға сәйкес анықталады.
Бұл ретте сараптама комиссиялы түрде жүргiзiледi.
Басқа себептердiң (науқас жағдайының ауырлығы, организм реакцияларының тосын ерекшелiктерi мен басқалар) салдары болып табылатын асқынулар олардың арасында себептi байланыстар мен зақымдардың жоқтығын көрсете отырып сипаттауға жатады.
50. Денсаулыққа зиян келтiрiлгеннен кейiн алдыңғы аурулардың асқынуы, сондай-ақ кездейсоқ жағдайлардың, организмнiң жеке ерекшелiктерiнiң салдарынан туындаған басқа да салдар денсаулыққа келтiрiлген зиянды өзгерту үшiн негiз болып табылмайды.
Көрсетiлген жағдайларда сот-медициналық сарапшы қорытындысында болған нашарлаудың немесе асқынудың сипатын және оның осы жарақатпен қандай себептi байланыста екендiгiн көрсетедi.
51. Қайтыс болған жағдайда қайтыс болу себебi, зақымдану мен өлiмнiң арасында себептi байланыстың бар екендiгi немесе жоқ екендiгi көрсетiледi және негiздеме берiледi.
Қайтыс болған жағдайда денсаулыққа келтiрiлген зиянның ауырлығын бағалау осы Нұсқаулықтың негiзiнде жүргiзiледi.
52. Денсаулыққа келтiрген зиянның ауырлығының сот-медициналық сараптамасы кезiнде қорытындыда мыналар көрсетiледi:
1) денсаулыққа келтiрiлген зиянның медициналық тұрғыдан алғанда объективтi белгiсi (тырналу, қанталау, жарақат, сүйек сынуы және басқалар), олардың орнығуы және қасиеттерi;
2) жарақаттандырған құралдың (заттардың) iз түсiрген бөлiгiнiң сипаты;
3) туындау механизмi;
4) зақымдау уақыты;
5) денсаулыққа келтiрген зиянның белгiсiн көрсету.
53. Сарапшының қорытындысы осы Нұсқаулықтың 1-бөлiмiн 3-тарауының талаптарына сәйкес болуы тиiс.
54. Объективтi медициналық деректер бойынша өмiрге қауiп белгiлерi анықталған жағдайда сот-медициналық сарапшы жарақаттың нәтижесiн күтпей-ақ, денсаулыққа келтiрiлген зиянның ауырлығын белгiлей алады.
55. Денсаулыққа келтiрiлген зиян туралы болжамды пiкiрмен алдын ала қорытындылар әзiрлеуге тыйым салынады.
56. Сот-медициналық сарапшы мынадай жағдайда денсаулыққа келтiрiлген зиянды бағаламайды:
1) клиникалық жағдайы айқын болмаған немесе жәбiрленушiнi клиникалық және зертханалық тексерулер жеткiлiксiз болған жағдайда;
2) денсаулыққа келтiрiлген зиянның анықталмаған өмiрге қауiпсiздiк нәтижесi;
3) жәбiрленушiнiң қосымша тексеруден бас тартуы немесе қайта қаралуға келмеуi, егер осы жағдайлар сарапшының жарақаттың сипатын, оның клиникалық ағымы мен нәтижесi жөнiнде дұрыс бағалау мүмкiндiгiнен айырса;
4) денсаулыққа келтiрiлген зиянның сипаты мен ауырлығы туралы айту мүмкiн болмайтын медициналық құжаттардың, сондай-ақ, қосымша зерттеулер нәтижелерiнiң болмауы.
Көрсетiлген жағдайларда сот-медициналық сарапшы шешiмiнде денсаулыққа келтiрiлген зиян дәрежесiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн себептердi көрсетiп, бұл мәселенi шешу үшiн қандай деректер (медициналық құжаттар, қосымша зерттеулердiң нәтижелерi және басқалар) керек екендiгiн көрсетедi, сондай-ақ, қайта зерттеу мерзiмiн анықтайды.
57. Денсаулыққа келтiрiлген зиянның ауырлығын анықтау мүмкiн еместiгi туралы дәйектелген түсiндiрме сарапшыны сараптаманы тағайындаған тұлға (орган) қойған басқа сұрақтарды шешу қажеттiлiгiнен босатпайды.
58. Сарапшының қорытындысы сараптама аяқталғаннан соң кеңсеге тiркеу және сараптама тағайындаған тұлғаға (органға) беру үшiн немесе сараптама тағайындаған тұлғаның (органның) жазбаша өкiмi бойынша өзге тұлғаға берiледi.
59. Медициналық ұйымдардың басшылары мен дәрiгерлерi сот-медициналық сарапшыға сот-медициналық сараптама жүргiзу үшiн қажеттi зертханалық зерттеулердi жүзеге асыруда клиникалық тексеру, консультациялар жүргiзуге көмек көрсетедi.

3-бөлiм. Мәйiт табылған жерде тексерiп-қарау тәртiбiн ұйымдастыру және жүргiзу

10-тарау. Жалпы ережелер

60. Мәйiт табылған (оқиға болған жерде) жерде сырттай тексерiп-қарау тергеу амалы болып табылады.
61. Мәйiттi сырттай тексерiп-қарауды тергеушi куәлардың қатысуымен, прокурор сот медицинасы саласының маман-дәрiгерлерiнiң қатысуымен, ал оның қатысуы мүмкiн болмаған жағдайда өзге маман-дәрiгердiң қатысуымен жүргiзедi.
62. Мәйiт табылған (оқиға болған жерде) жерде тексерiп-қарау кезiнде сот медицинасы саласындағы маман-дәрiгер (оның мiндетiн атқарушы дәрiгер) сот-медициналық сарапшының құзырына жататын мәселелер бойынша тергеушiге көмек көрсетедi.
63. Сот медицинасы саласындағы маман-дәрiгердi (оның мiндетiн атқарушы дәрiгер) мәйiт табылған (оқиға болған) жерге жеткiзу және оның керi қайтуын қылмыстық тергеу органы қамтамасыз етедi.
Сондай-ақ олар оның жұмысына қажеттi жағдайларды туғызуды, мәйiттi мәйiтханаға, айғақтық заттарды қажеттi зерттеулер жүргiзетiн зертханаларға, институттарға және басқа мекемелерге жеткiзудi қамтамасыз етедi; және ол оның жұмысы үшiн жағдай жасауды, сондай-ақ мәйiттi мәйiтханаға тасымалдауды, қажеттi сараптамалар жүргiзетiн тиiстi зертханаларда, институттар мен басқа да ұйымдарда сараптамалық зерттеу үшiн объектiлердi қамтамасыз етедi.
Мәйiтпен бiрге мәйiтханаға мәйiтке сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулы және мәйiт табылған (оқиға болған) жерде оны тексерiп-қарау хаттамасының көшiрмесi жiберiледi.

11-тарау. Мәйiт табылған жерде тексерiп-қарауды жүргiзу тәртiбi

64. Мәйiт табылған жерде сот медицинасы саласындағы маман-дәрiгер (оның мiндетiн атқарушы дәрiгер) ең алдымен болжамды «мәйiтте» нақты өлiм белгiлерiнiң бар жоқтығын анықтайды.
Өлiмнiң нақты белгiлер болмаған жағдайда сот медицинасы саласындағы маман-дәрiгер (оның мiндетiн атқарушы дәрiгер) бұл туралы жедел медициналық жәрдем шақырған тергеушiге хабарлайды.
Көрсетiлген жағдайда сот медицинасы саласындағы маман-дәрiгер (оның мiндетiн атқарушы дәрiгер) жеке өзi реанимация бойынша қажеттi шараларды (жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж және басқа да iс-шаралар) қабылдайды.
Қабылданған реанимациялық iс-шаралардан оң нәтиже болмаған жағдайда тергеушi (тексерiп-қарау жүргiзген адамға) оқиға болған жердi тексерiп-қарау хаттамасына реанимациялық iс-шаралардың түрлерiн, олардың басталуы мен аяқталу уақытын, оның нәтижесiн және оларды тоқтату негiздерiн енгiзедi.
65. Мәйiт табылған жерде тексерiп-қарау кезiнде сот медицинасы саласындағы маман-дәрiгер (оның мiндетiн атқарушы дәрiгер) мәйiттi тексерiп-қарау хаттамасына енгiзу үшiн мынадай мәлiметтердi анықтап, тергеушiге хабарлайды:
1) мәйiттiң жатқан күйi, қалпы, аяқ-қолының орналасуы, мәйiттiң үстiндегi немесе жанындағы заттар;
2) мәйiттiң киiмi мен аяқ киiмiнiң жағдайы мен қалпы (оның бүтiндiгi, ластануы, дақтар, түйменiң тесiктерi, бауларының күйi, қанға ұқсас iздерiнiң және басқа бөлiнiстердiң);
3) ағытып киiмiн көтерiп, бiрақ шешiндiрмей жынысын, шамамен жасын, дене бiтiмiн, терiсiнiң түсiн, көрiнiп тұрған шырышты қабықтарын, көз жанарын, мөлдiр қабықты, табиғи тесiктердiң жағдайы, егер оларда бөтен заттармен бөлiнген сұйықтықтар болса, олардың түсi мен ерекшелiктерi көрсетiлуi тиiс;
4) белгiсiз мәйiттi тексерiп-қарау кезiнде ерекше белгiлерi (тыртық, таңба, туа бiткен қал, дене кемшiлiктерi);
5) алғашқы мәйiттiк өзгерiстердiң сипатты (хаттама жүргiзу барысында мәйiттi зерттеудiң нақты уақыты мiндеттi түрде көрсетiледi, атап айтқанда:
мәйiт дақтарының орналасуы мен диагностикалық ерекшелiктерi (түсi, мөлшерлеп басу кезiндегi түстiң өзгеруi және бастапқы түсiне келуiне дейiнгi уақыт (секундпен), көлденең жолақ бұлшық еттердiң механикалық және электрлiк тiтiркендiруге реакциясы, көз жанарларының электрлiк және химиялық тiтiркендiруге реакциясы, дененiң жабық және ашық бөлiктерiнiң қолымен басып көргендегi суу (салқындау) дәрежесi, дене бөлiгi, температураны өлшеу уақыты көрсетiлген дененiң температурасы (электротермометр мен немесе кәдiмгi термометрмен анықталады), мiндеттi түрде қоршаған ортаның температурасы көрсетiледi;
6) кешiккен мәйiттiң өзгерiстерi болған жағдайда (шiру, мумиялану, майбалауыз, шымтезек тәрiздi кебу және өзгелер) олардың орнығуын, дененiң бөлiктерiнiң таралу мен олардың айқындылық дәрежесiн көрсетедi;
7) мәйiттен қандай болмасын бөтен иiстiң шығуы (алкоголь, эфир және өзгелер);
8) мәйiтте және оның киiмдерiнде жәндiктер мен олардың жұмыртқаларының болуы (көбiрек жиналған орны және олардың сипаты);
9) қол ұшының күйi, алқанда заттардың болуы (жұмылған жұдырық, саусақ аралықтары, тырнақ асты кеңiстiгiндегi заттар);
10) мәйiттiң денесiндегi зақымданулар, олардың орнығуы, сипаты, көлемi, пiшiнi, шеттерiнiң ерекшелiктерi, денеге немесе терiге жұққан заттар, қосындылар, қанға ұқсас ағымдар.
Жараны (зақымды) тексерiп-қарау кезiнде оны сүңiлеуге және басқа да зақымның алғашкы түрi немесе қасиеттерiн өзгерiске ұшырататын әрекеттер жасауға, сондай-ақ заттай айғақтардың (әйнектiң, металл сынықтары, күйе және тағы басқа) ұсақ бөлшектерiн жоғалтып алмау үшiн қатып қалған қанды, басқа да сұйықтарды жууға, сүртуге немесе басқа тәсiлдермен кетiруге тыйым салынады.
Жарақаттағы бекiткiш құралдар мен заттарды мәйiттiң сот-медициналық сараптамасына дейiн алуға, ауыстыруға жол берiлмейдi.
66. Мәйiттi сырттай тексерiп-қарау мен оқиға болған (мәйiт табылған) жердегi жағдайды зерттеу аяқталған соң сот медицинасы саласындағы маман-дәрiгер (оның мiндетiн атқарушы дәрiгер) ауызша түрде тергеушiге мыналар туралы алдын ала өзiнiң ойын айтуға құқығы бар:
1) шамамен өлiмнiң болған уақыты;
2) өлiмнен кейiнгi мәйiттiң қалпының өзгеруi;
3) дене жарақаттарын түсiру механизмi мен жарақатты түсiрген болжамды қару;
4) мәйiттiң табылған жерiнiң оқиға болған жермен сәйкестiгi;
5) мәйiттiң және оны қоршаған заттарда сипаты бойынша қанға ұқсас заттардың iздерi табылған жағдайда сыртқа қан кетуден кейiнгi оқиғаларды орнына келтiру мақсатында зақымдардың пайда болуы механизмi туралы талқылау;
6) өлiм себептерiн болжау.
Тергеушiге айтылған болжамдар кезiнде тергеуге мүдделi мәселелердiң шешiлуi тек мәйiттi толық сот-медициналық зерттеуден кейiн және iс бойынша қажеттi барлық қосымша зерттеулерден кейiн ғана мүмкiн екендiгiн мiндеттi түрде хабарлау керек.
67. Мәйiт табылған жерде сот медицинасы саласындағы маман-дәрiгер (оның мiндетiн атқарушы дәрiгер) мынадай iс-қимылдарды жүзеге асырады:
1) табылған жерiнде мәйiттi сырттай тексерiп-қарау мәселелерi бойынша, сондай-ақ мәйiттiң кейiнгi сот-медициналық сараптамасы мәселелерi және сот-медициналық сараптаманың құзырына кiретiн мүмкiн болатын зертханалық зерттеулер бойынша тергеушiге консультация беру;
2) қанға ұқсас iздер, шәует немесе адамның басқа да бөлiндiлерiн, шаштарын, адамның жұмсақ және тығыз тiндерiн, дәрiлiк препараттарға ұқсас әртүрлi заттарды, тұрмыстық немесе өндiрiстiк химия препараттарын, зақым келтiрiлуi мүмкiн заттар мен қаруларды, сондай-ақ осы iс бойынша мүдделi басқа да объектiлердi тауып алуда, оларды маман-криминалистер тексерiп-қарағаннан кейiн ғана тергеушiге көмек көрсету;
3) тергеушi мен куәлардың назарын нақты оқиға үшiн маңызы бар барлық ерекшелiктерге (оның iшiнде жағымсыз жағдайларға) аудару;
4) қарауды жүргiзу барысында жасалып жатқан iстермен олардың нәтижелерiне түсiнiк беру.
68. Сот-медициналық зертханаларда сараптауға жататын объектiлер анықталған және алынған жағдайда сот медицинасы саласындағы маман-дәрiгер (оның мiндетiн атқарушы дәрiгер) тергеушiнiң назарын биологиялық тектес кез келген iздi суреттеу қажеттiлiгiне, оның орнығуын, пiшiнiн, өлшемдерiн атап көрсетуге аударады.
Бұдан басқа табылған iздер жағдайында:
1) қанның түрлерi: қан жиналған жер - жиегi шетiнiң, перифериясының сипаты, ұйыған қандағы бар iздер (мысалы, бастың шашты бөлiгiнiң iзi), қанның құрғақ қалдығын кейiнгi өлшеуге алу, сүйреткендегi iздерi - iз бағыттары, олардың енi, жиегi мен ұштарының сипаты (қарқындылығы), қанның сiңуi-матаның қай жағынан (сыртынан немесе iшiнен) сiңгендiгiн анықтау, қанның аққан бағыты (әр кесiндiнiң бағытын көрсету), оның ұшының сипаты, қан тамшысы - тамшы iздерi бар аймақты сипаттау, олардың саны, қосылу белгiлерi бар, жоғын, жиектерiне екiншi рет шашырау белгiсi бар, жоғын, жиектерiн қадағалап қарау, қанның шашырауы – шашыраған аймақтың көлемi, олардың пiшiнi (желпуiш тәрiздi, шынжыр тәрiздес т.б.), саны, сопақша пiшiндес болса оның ұзын сопақ бөлiгiнiң бағыты, үшкiрленген жағының бағыты, және ноқатты элементi (тамшыға ұқсас түрi немесе леп белгiсi тәрiздi iзi), қанның жағылуы - жиегiн жете сипаттау (таңбалар, сүртiндiлер), қанның инерциялық iздерi - ортаға қарай ұмтылған жолақтардың таралуы;
2) шәуеттiң iздерiн iздеу мен сипаттауда: тасымалдаушы-заттан iздердiң пiшiнi мен кескiнiн мұқият суреттеп, түсiн, ультркүлгiн сәуле арқылы өзiне тән жарқырауын көрсету;
3) өзге де бөлiнiстердi тапқан жағдайда оларды суреттеп, жазу (сiлекей, несеп, тер және т.б.) оларды пiшiнi мен ерекшелiктерiн мұқият түрде сипаттап, жазу, ультракүлгiн сәуле арқылы өзiне тән жарқырауын көрсету, (сiлекей, тер, шәует күдiктi адамның киiмдерiнде және мәйiттiң айналасында байқалуы мүмкiн);
4) шаш iздеуде бұрыш тұсынан жақсы жарық беретiн жарық көзi арқылы, сондай ақ лупа, резеңке қондырғысы бар ұштар, шыны аспаптар, пакеттер мен жабысқақ лента және өзгелер болуы тиiс, объектi ауаның жеңiл қозғалысы кезiнде оңай жоғалып кетуi мүмкiн болғандықтан алу және сақтау кезiнде сақтанған жөн (бұл объектiлердi жарақат түсiрген құралдардан, киiмнен, қолдан, мәйiттiң астынан iздеген жөн).

2-тарау. Әртүрлi өлiм түрлерi кезiнде мәйiттердi тексерiп-қараудың ерекшелiктерi

69. Мәйiттi тексерiп-қарау кезiнде өлiмнiң кейбiр түрлерiне күдiктенген жағдайда сот медицинасы саласындағы маман-дәрiгер (оның мiндетiн атқарушы дәрiгер) тергеушiнiң назарын мынадай ерекшелiктерге көңiл аударады:
1) жол-көлiк жарақатында - мәйiттiң тұрпатына, жол бөлiктерiне, маңайындағы заттарға, көлiк құралдарына, iздерiне қатысты жатуы немесе олардың арасындағы қашықтыққа;
олардың ара қашықтығына, киiмнiң күйiне, (ондағы зақымданулар, шыны бөлшектерi, көше балшығымен, жол үстiнiң бөлшектерiмен былғануы және сүйреу немесе протектор, шынжырбаудың трактары және өзге де көлiк құралдарының iздерi);
аяқ-киiмнiң күйiне, олардағы зақымдануларға, аяқ-киiмнiң табанындағы сырғудың iздерiне, мәйiттегi зақымдану сипаттарына, олардың орнығуына, сүйектiң патологиялық қозғалу орнына, крепитацияның болуына, дененiң жеке бөлiктерiнiң қисаюына, аяқ-қолының қысқаруына, сүйрету iздерiне, кiрген бөгде бөлшектерге;
жол аймағындағы биологиялық тектi заттардың болуына, киiм мен аяқ-киiмнiң жыртылуына немесе үзiлген бөлiктерiнiң, заттардың болуына;
қанның iзiне, шашқа, терi бөлшектерiне, ми заттарына, органдардың (тiндердiң) кесiктерiне, киiм матасының талшықтары мен қиындыларына, осылардың суретiнiң таңбаларына және басқаларға;
2) темiржол жарақатында - мәйiттiң жатуына, тұрпаты және рельске, сепкен жерге, жол ғимараттары мен темiржол көлiгiне (қай вагонның немесе дөңгелек жұбының астында) қатысты бөлшектенген мүшесiнiң бөлшектерiнiң, бөлшектенген мүшелерiнiң аралығына, былғанған киiмдегi зақымдануларға (майланатын заттармен, көмiр тозаңы), денеге темiр жолдың балласт қабаты бөлшектерiнiң енуiне, «iркiстi тегiстеуге», қысым жолақтарына;
мәйiттегi зақымданулардың орналасуы мен сипатына, олардың түбi мен жиегiнiң былғануына, киiмдегi және аумағындағы қан iздерiнiң болуына, қысым жолғаның түсiне және шөгiндiлер мен басқаларға;
темiржолының учаскесiндегi дененi сүйрету iздерiне;
темiржол көлiгiндегi биологиялық тектес iздердiң болуына және олардың орналасу биiктiгiне;
3) әуе жарақатында - мәйiттердiң бөлiктерiнiң бiр-бiрiне қатысты және әуе кемесiнiң сынықтарымен өзара орналасуына;
сол аймақтағы денелердiң немесе дене бөлiктерiнiң ауысу iздерiне, киiмiнiң күйiне, бөтен иiстерге; бөлiктiң қай мәйiтке тиiстi екендiгiне (реттiк нөмiрi бар биркалар тағылады, егер белгiлi болса, әр фрагментке қайтыс болғанның аты-жөнi жазылады). Мәйiттердiң қалдықтарынан құжаттарды, бағалы және басқа заттарды алуға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады. Мәйiттерге немесе оның бөлiктерiне әсер ететiн зақым мен байланған белбеулерден болған денедегi iздер мен зақым түрлерiне;
экипаж мүшелерi зақымдануларының ерекшелiктерi мен сипатына (оқ тиген жарақаттардың, өзге де жарақаттардың белгiлерi, көмiртек тотығымен улану және басқалар);
4) биiктен құлағанда - биiк объектiге қатысты мәйiттiң жатқан күйiне, киiмдегi жолақ пiшiндi былғануларға, қабырғаның бойымен сырғудан болған мата мен әшекейлеу детальдарының (түйме, қапсырма) сыдыруларына, жәбiрленушiнiң құлаған жерiнiң өзiне тән былғануы мен киiмiнiң былғануы ерекшелiктерiнiң сәйкестiгiне, тiгiс бойынша киiмнiң тiгiстерiнiң бойындағы жыртылуларға, мәйiттiң денесiнiң шығып тұрған бетi мен денесi бөлiктерiндегi зақымдануларға, жарақаттардың бiр беткейде орнығуына (егер сатылы құлау болмаған жағдайда);
егер қолымен не аяқпен кұлаған кезде зақымданулардың симметриялылығына, бiр не екi табан аймағындағы жұмсақ тiндердiң зақымдануына;
аяқ-қолдарының бiреуiнiң қысқаруына, аяқ басының ротациясына және басқаларға;
5) доғал және үшкiр заттардан болған зақымдар - зақымның сипатына, орнығуына, пiшiнiне, жиегiне, мөлшерiне, киiмiндегi зақымдарға сәйкес басқа да ерекшелiктерiне, қарсыласу немесе қорғану сипатындағы мәйiттiң қолында жарақаттың болуына немесе болмауына;
бiртектi жарақаттар кезiнде олардың - санына, орналасуына, қанға ұқсас iздердiң, шаштың, тоқыма талшықтарының, жұмсақ тiндердiң бөлiктерiне, ми затының мәйiтте, оның киiмiнде, қоршаған орта заттарында, жарақат келтiру болжамы бар құралда (қаруда) болуына;
аяқ киiм табанында және табанның өкше тұсында қанға ұқсас дақтардың болуына (денедегi немесе табиғи саңылаулардағы кiрiп тұрған заттарды алуға тыйым салынады);
6) оқ тиген жарақатта - киiмдегi зақымдарға, олардың орналасқан жерiне, пiшiнiне, деффектiнiң болуына, шамамен алғандағы өлшемдерiне, киiм арасы қабаттарында немесе қатпарларында оқтың, бытыраның және атудың қосымша факторларының iздерiне (арнайы зерттеу үшiн алу), аяғында аяқ киiмнiң бар екенiне, мәйiттiң денесiндегi зақымдардың санына және орналасқан жерiне, қару ұңғысының ұшындағы таңбалардың пiшiнi мен жуық өлшемiне, тесiп өткен жарақат кезiнде кiрген және шыққан тесiк аумағындағы тiндердiң жарылуына, жарақатта бөгде заттардың болуына (тесiп өткен, жабық, жанап өткен) және оның ерекшелiктерiне, айналасындағы заттарға, мәйiттiң киiмдерiндегi, денесiндегi қанға ұқсас iздерге, олардың орналасуына және ерекшелiктерiне;
7) жарылу кезiндегi жарақаттарда - жарылу аймағына (нүктесi) қатысты мәйiттiң тұрпаты және оның бөлiктерiнiң ара қашықтығын көрсетiп, бiр-бiрiне қатысты орналасуына, киiм қабатының арасында бос жатқан жарылған заттың бөлiктерiне, мәйiттiң денесiндегi, киiмдi зақымдау сипатына, күйгенiне, отпен шарпылғанына, қақталғанына;
8) механикалық асфиксияда - беттiң iсiнуiне, көздiң дәнекер тiндi қабықтарына қан құйылуға, тiлдiң күйiне, терiнiң көгеруiне;
дәреттiң, нәжiстiң, шәуеттiң денедегi және киiмдегi iздерiне; мойынды жiппен қылқындырғанда – мәйiттiң тұрпатына;
дененiң еркiн асылып тұрғанда - аяқ ұшынан еденге (жерге) дейiнгi және iздерi бар (мысалы, аяқ киiм) тұғырға еденнен iлмектiң бос ұшының бекiтiлген жерiне дейiнгi ара қашықтыққа;
дене толық асылмаған кезде – дененiң қай бөлiгi тiреуiш нүктесi болғандығына, еденнен iлмектiң еркiн ұшына дейiнгi (төменгi) және iлмектiң бекiткiш ұштарына дейiнгi ара қашықтығына;
9) тiреуiшке iлмек ұшының бекiтiлу ерекшелiктерiне, тiреуiште және жiптегi сырғу iздерне; iлмекке (түрi, бау саны, мата, түйiннiң, түйiлудiң, матада тесiктiң болуы және басқа да ерекшелiктерiне, мойында iлмектiң орналасу ерекшелiктерi, түйiннiң орналасқан жерi, түйiннiң байлану сипаты);
мәйiттiк дақтардың орнығуына, бет терiсiнiң түсiне, көздiң мөлдiр қабығына нүктелiк (ноқатты) қан құйылуға, тiлдiң күйiне, странгуляциялық жолақтың ерекшелгiне және iлмек пен оның арасындағы сәйкестiкке (iлмектi мәйiтпен бiрге мәйiтханаға жiберу үшiн, түйiнге қарсы тұрған жағынан кесiп алу керек, содан соң кесiлген ұштарын жiппен бекiтiп, iлмек пен оның бос бөлiгiнiң ұзындығын өлшеу керек;
мәйiттiң мойнындағы iлмек тым қатты тартылған болса, онда ол оқиға болған жерден алынбайды);
10) қолмен қылқындырып, мұрын мен ауыз тесiгiн басқа заттармен жауып өлтiрiлгендiгiне күдiк туындаған жағдайда - мәйiттiң тұрпатына, киiмнiң күйiне, ауыз бен мұрын тесiктерiн жапқан заттағы зақымдар мен бөгде заттардың қалдықтарының болуына, бетке жабысқан сiлекейге, құсық заттарға, ауыз қуысындағы тығынға; ауыз қуысындағы тығын - ауыздан материалдың қаншалықты шығып тұрғандығына, қаншалықты тығыз енгiзiлгенiне;
басқа кигiзген полэтилен пакеттiң (қаптың)- тұрпатына, тығыз жатқан жерiне, пакеттiң iшiне басқа заттың салынғанына, оның iшiндегi ылғал тамшыларына, терлеу iздерi;
шешкеннен кейiн - бөгде иiстердiң болуына, пiшiнiне, мөлшерiне, мойын терiсi, бет, мұрын және ауыз тесiгi айналасындағы терiдегi зақымдануларға, ерiннiң, ауыз қуысының шырышты қабатының күйi, дененiң басқа аумақтарындағы зақымданулардың болуына, әсiресе қолдарындағы (ауыздағы тығынды оқиға болған жерден алуға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады. Тығынның түсiп қалуы немесе ығысуына жол бермеу үшiн терiге лейкопластермен жабыстыру қажет;
11) кеуде клеткасы мен iш жаншылғанда - қысып тұрған заттардың мөлшерi мен сипатына, терiдегi, киiм мен олардағы түсiп қалған таңбаларға, механикалық зақымданулардың сипаты мен ерекшелiктерiне, терiнiң түсi, көздiң мөлдiр қабығы мен қабақтардың шырышты қабаттарындағы қан құйылуларға, экзофтальмге және басқаларға;
12) суға батып кеткенде (суға тұншығу)- судың үстiнде дененi ұстап тұрған заттарға;
(сақтану белдiгi және басқалары) немесе керiсiнше, батуға себеп болған заттардың (мойынға, денеге байлаған тас немесе т.б. заттар) мөлшерiн, сипатын, бекiту әдiсiн көрсетiп отыра, денесiнiң қай жағы суға батқанына, киiмi бар болса, оның күйiне, оған жабысқан құмға немесе су өсiмдiктерiне және механикалық зақымдануларына, оның сипатына, терiнiң базданған бөлiктерiне, ауыз бен мұрын тесiктерiнен аққан қанға, тұрақты көпiршiктерге;
13) уланғанда - удың киiм мен терiге әсер ететiн iздерi (мәйiттегi күйiктер, құсық қалдықтары және қасындағы химиялық заттардың қалдықтары бар (мәйiттегi күйiктер, таблеткалар, үгiндiлер, құтылар, ампулалар, сұйықтықтар, дәрiлер тағы басқалар) заттарға, мәйiттiң жанындағы не киiмiнiң қалтасындағы шприц, ине сияқты заттарға, терiсiнiң түсiне, әсiресе мәйiттiк өзгерiстерге, көз қарашығының күйiне, аузынан шыққан иiске, бар болса инъекция iздерiне (сот-медициналық сарапшы тергеушiге әрi қарай жүргiзiлетiн зертханалық зерттеулер үшiн химиялық заттар қалдықтарын алуды ұсынады);
14) төмен температураның әсерi - мәйiттiң тұрпатына, жатқан орнына, күйiне, киiмнiң күйiне (мысалы жыл мезгiлiне сәйкестiгi, жұпынылығы, ылғалдылығы және басқалар), мәйiттiк өзгерiстерге, көз, мұрын мен ауыз тесiктерiнiң маңайындағы шық пен мұз түйiрлерiне, терiнiң «құс терiсi» күйi және терiнiң әр түрлi дәрежедегi үсуiне, орнығуына, мөлшерiне және басқа да ерекшелiктерiне (үсiп қалған мәйiттi қарау өте сақтылықты қажет етедi, дененiң қатып калған бөлiктерiнiң зақымдануы мүмкiн (саусақтар, құлақ қалқандары);
15) жоғары температураның әсерi тигенде - киiмнiң жоқтығына немесе iшiнара болуына (дененiң қай аумағына сәйкес), оның күйiне, ерекшелiктерiне, отпен шарпылғанына немесе күйгенiне, қанға ұқсас iздерге, мәйiттiң тұрпатына, орнына, мәйiттiң үстiндегi күйiктiң жайылуына және дәрежесiне, мұрын, ауыз, тiл, тiстердiң шырышты қабатында, терi қатпарының ұшында күйеге және тағы басқа жалын әрекетiне қатысты емес закымдардың барына. (өрт болған жерде мәйiттiң денесi бөлшектелiп әр жерден табылуы мүмкiн екендiгiн есте сақтау қажет;
сот-медициналық сарапшы тергеушiге от жағылған орын мен оның жел соғарының әр жерiнен күлдiң 4 түрлi сынамасын, салмағы 50 граммға жуық, кейбiр табылған заттарды қарап-тексергеннен кейiн, қалған күлдi де зерттеу үшiн алуға ұсыныс жасайды);
16) электр тогының әсерiнен: атмосфералық (найзағаймен, жай, жасын) – киiмдегi және денедегi зақымданулврдың болуы, киiмнiң жануы, күйiктер немесе шаштың күюi, терiдегi «найзағай кескiнi» («найзағай кескiнi» болған кезде олар тез жоғалып кететiндiктен сондай-ақ, металл заттардың балқуын суретке түсiру ұсынылады);
техникалық - қараудың алдында мәйiтпен қасындағы заттар электр тогының ықпалынан емес екендiгiн тексерiп алған дұрыс;
содан кейiн өлiмнiң нақты белгiлерi белгiленедi; мәйiттiң және оның кейбiр бөлшектерiнiң жерге тығылған заттарға қатысты жатуына, ток көздерi мен желiлерiндегi эпидермис, қан, шаш, тоқыма талшықтары бөлшектерiнiң және киiм кесiндiлерiнiң болуына, ток өткiзуге ықпал ететiн киiмнiң (ылғалдығы, аяқ киiмнiң табанындағы металл шегелерi) ерекшелiктерi;
токтың жылу немесе механикалық әсерiнен болған (матаның шарпылуы, күюi, жыртылуы, аяқ киiмiндегi шегелерi, қалталарындағы металл немесе пластмасса заттардың балқуы) зақымдануларына;
ток әсерiнiң белгiлерiне: өткiзгiш пен токтың болжамды шығуы арқылы байланыс орындарындағы электр таңбаларына;
17) заңсыз түсiк жасаған жағдайда - шайғыштарға, легендерге, медициналық аспаптарға, химиялық заттарға, аборт жасау мақсатында пайдаланатын дәрi-дәрмектерге, қанға ұқсайтын iздерге, iш киiмдерге және қоршаған жағдайларға;
мәйiттiң тұрпатына, жүктiлiк белгiлерiне, сыртқы жыныс мүшелерi мен бұтаралығының күйiне (механикалық зақымдар, қан, жыныс жолдарына енгiзiлген бөгде заттар);
ұрық пен оның бөлшектерiн және жолдасының тығылған немесе лақтырып тастаған жерлерiн тексеру қажеттiгiне;
18) нәрестенiң мәйiтiн немесе оның бөлшектерiн қарағанда - орау сипатына, байлау әдiсiне, майлы жұқпаларының болуына немесе болмауына, туғандағы iсiкке, қан немесе меконий iздерiне, нәрестенi күту белгiлерiне (кiндiк байлау, таңу және басқалар), табиғи саңылаулардағы бөгде заттарға, кiндiктiң және бала орнының күйiне, олардағы зақымдарға;
19) белгiсiз адамның мәйiтiн қарағанда - киiмiне (әр бөлiгiне), мәйiт қасындағы, астындағы қосымша заттарға, жынысына, антропологиялық пiшiнiне, жуық жасына, дене бiтiмiне, шаш өсiмiне, тiстерiнiң күйiне, ерекше айырмашылығына (даму кемшiлiгi, жарақаттың, аурудың, тыртықтардың, татуировканың iздерi және тағы басқалар), зақымдардың болуына және сипатына, мәйiттiң бейнесiн ауызша сипаттау әдiсiнiң дұрыстығына;
20) бөлшектенген мәйiттiң бөлшектерi табылғанда - оралған болса оның сипатына, киiмiне (бөлшектерiне), байлау тәсiлiне, табылған дененiң бөлшектенген мүшелерiнiң анатомиялық сипатына, мәйiттiк өзгерiстерге, бөтен заттармен былғануына, қанға ұқсас iздерiне, ерекшелiктерiне, бөлшектенген жерлердiң ерекшелiктерiне, орнының, жиегiнiң сипатына, пiшiнiне, жуық мөлшерiне және өзге де зақымдардың ерекшелiктерiне;
21) қаңқаға айналған мәйiт табылғанда - сүйектерiнiң өзара қалыпты орналасуына, оларда зақымданулар мен жағындылардың болуына. Топырақтан шыққан бөлек сүйектi алуға болмайды, ең алдымен топырақтан бүкiл қаңқаны тазартып, содан соң алған жөн;
22) кенеттен өлгенде - зақымдардың болуына немесе болмауына, сипатына, өлiмге себеп болған жағдайларды анықтауға, марқұм туралы медициналық құжаттаманы алуға;
23) егер өлiм аса қауiптi жұқпалардан (бұдан әрi АҚЖ) (оба, шешек, тырысқақ, геморрагиялық вирустық тырысқақ, күйдiргi және тағы да басқа жаңадан туындаған аса қауiптi жұқпалар) болғанына күдiк пайда болса сот-медицинасы саласындағы маман дәрiгер (оның мiндетiн атқарушы дәрiгер) тергеушiге дереу хабарлап, екеуi бiрiгiп жақын маңдағы денсаулық сақтау органдарының және санэпидстанцияның басшыларына хабар беруге шаралар қабылдайды. Оқиға болған жердi қарауға қатысатын адамдар нақты жағдайға байланысты тиiстi нұсқау беретiн арнайы iндетке қарсы бригада келгенше, орнында қалады. Мәйiттi санитариялық-эпидемиологиялық қызмет арнаулы көлiкте алып кетудi жүзеге асырады.

4-бөлiм. Мәйiтке сот-медициналық сараптама жүргiзу тәртiбi

13-тарау. Мәйiтке сот-медициналық сараптама тағайындау мен ұйымдастыру тәртiбi туралы негiзгi ережелер

70. Мәйiтке сот-медициналық сараптама жүргiзу (бұдан әрi - сараптама) өлiм себебiн анықтау және қаулыда көрсетiлген басқа мәселелердi шешу үшiн анықтау жүргiзушi тұлғалардың, тергеушiнiң, прокурордың, соттың қаулысымен тағайындалады.
Мәйiтке қолданыстағы заңнамалық актiлердiң сәйкес ережелерiмен бекiтiлген жағдайларды қоспағанда, сот-медициналық сараптама жүргiзбей тек медициналық құжаттар бойынша өлiмнiң себебiн анықтауға тыйым салынады.
71. Мәйiттiң шiруiне байланысты немесе сыртқы ортаның түрлi жағдайларының әсерiнен мәйiттiң өзгеруi сараптама жүргiзуден бас тарту үшiн негiз болып табылмайды.
72. Медициналық ұйымда емделген адам өлген кезде және зорлық себебiнен өлген немесе солай деп күдiктенген кезде медициналық ұйымның басшысы сараптама тағайындау туралы мәселенi шешу үшiн сот-тергеу органдарына бұл туралы уақтылы хабарлауға мiндеттi.
73. 3орлықпен өлтiрiлудiң белгiлерi мәйiттi патологоанотомиялық зерттеудi жүргiзу кезiнде анықталуы мүмкiн. Бұл жағдайда мәйiттi ашу тоқтатылады да, емдеу мекемесiнiң басшысы сот-тергеу органдарына болған жағдайды жазбаша түрде хабарлайды.
74. Сараптауды сот-медициналық мәйiтханасында немесе осындай бөлмелерге қойылатын техникалық талаптар мен нормаларға сәйкес емдеу профилактикалық мекеменiң мәйiтханасында жүргiзедi.
75. Мәйiттi мәйiтханаға жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда сараптауды тағайындаған тұлға (орган) емдеу-профилактикалық мекеменiң әкiмшiлiгiмен бiрлесiп сот-медициналық сарапшыға басқа бөлмеде жұмыс iстеуiне қажеттi жағдай жасауды қамтамасыз етедi.
76. Сот-медициналық сарапшының келiсiмi бойынша жылдың жылы мезгiлдерiнде, ашық ауа райында және жұмыс үшiн қажеттi жағдай жасалғанда эксгумация жасалған мәйiттiң сараптамасы ашық далада жүргiзiледi.
77. Мәйiттi, оның киiмдерiн және тiкелей мәйiтке қатысты басқа заттарды сараптауды тағайындаған тұлға дер кезiнде мәйiтханаға жеткiзудi қамтамасыз етедi
78. Медициналық ұйымнан мәйiттi мәйiтханаға жiберген кезде сараптаманы тағайындаған адам бiр мезгiлде (немесе сараптама жүргiзу алдында) ауруы туралы жазылған құжаттың тұпнұсқасын және өлген адамның киiмiн жеткiзедi.
Егер киiмдi анықтаушы орган немесе тергеушi алса не олардың рұқсатымен өлген адамның туысқандарына берiлсе, қаулыда тиiстi жазба жазылады.
79. Мәйiтханаға түскен мәйiттер, мәйiтпен бiрге жеткiзiлген киiм немесе басқа заттар бекiтiлген тәртiпте тiркеледi. Мәйiттер шiру өзгерiстерiнiң дамуын болдырмайтын жағдайда сақталуға тиiс.
Сараптама тағайындаған тұлғаның (органның) жазбаша рұқсатынсыз қандай да болмасын шiрiтпейтiн заттарды қолдануға тыйым салынады.
Мәйiттiң киiмi мен онымен бiрге жеткiзiлген басқа заттары мәйiтханаға қандай күйде түссе, сол күйiнде сараптама жүргiзу басталғанға дейiн сақталады.
80. Сараптаманы сот-медициналық сарапшы жүргiзедi. Сараптаманы тағайындаған адамның қаулысының негiзiнде мәйiтке сараптама жүргiзуге дәрiгерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институтының, медицина институттары мен университеттерiнiң сот-медициналық кафедрасының (курсының) профессорлық-оқытушылар құрамы.
Сот сараптама органының қызметкерi болып табылатын сарапшы өз қызметi бойынша өзiнiң құқығы мен мiндеттемелерiмен танысқан және арнайы жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатындығы туралы ескертiлген болып саналады, ол жайлы сарапшы қорытындысының кiрiспе бөлiмiнде сарапшының қолымен куәландырған белгi қойылады.
81. Сараптаманы сот-медициналық сарапшының өзi жүргiзедi.
Жеке жағдайларда (шетелдiк азаматтың мәйiтiн сараптау; эксгумация жасалған бұрын зерттелмеген мәйiттi алғашқы сараптау; мәйiттi қайталап сараптау және тағы басқалар) сараптаманы сот-медициналық сарапшылар комиссиясы жүргiзедi.
Егер көрсетiлген жағдайларда қаулыда сараптама жүргiзу қандай сот-медициналық сарапшыға тапсырылғаны нақты көрсетiлмесе, оларды сараптама органының басшысы немесе мәйiттердiң сот-медициналық сараптамасы бөлiмiнiң меңгерушiсi тағайындайды.
82. Сараптау мәйiттiң ерте өзгерiстерi пайда болғаннан кейiн (дененiң сууы, мәйiт дақтары, мәйiттiң сiресуi) басталуы мүмкiн. Көрсетiлген өзгерiстер пайда болғанға дейiн мәйiттi сою тек өлгенi анықталғаннан кейiн және тиiстi актiнi рәсiмдегеннен кейiн ғана жүргiзiледi.
Көрсетiлген актiнiң бiр данасы сараптама тапсырылған сот-медициналық сарапшыға тапсырылады да, қорытындының көшiрмесiмен бiрге сот медицинасы органында сақталады.
Мұздаған мәйiттер бөлме температурасында олар толық ерiгеннен кейiн ғана зерттелуге тиiс, жоғары температура жағдайында мәйiттi жылдамдатып ерiтуге болмайды.
83. Сараптаманы тағайындаған тұлға сараптама жүргiзуге қатыса алады. Егер сараптама жүргiзудi тағайындаған адам мәйiтке сараптама жүргiзу кезiнде өзiнiң қатысуының қажеттiгi туралы сот-медициналық сарапшыға хабарлаған болса, сарапшы сараптама жүргiзiлетiн орын мен уақыты туралы оған хабарлайды. Бекiткiш уақытта оның келмеуi сараптама жүргiзудi бастауды кiдiртуге негiз бола алмайды. Егер сараптама тағайындаған адам сараптама жүргiзген кезде қатысса, сарапшы қорытындысының хаттамалық бөлiмiнде оның атын, тегiн, әкесiнiң атын, қызметiн және жұмыс орнын көрсетiп, жазады.
84. Медициналық ұйымдардың дәрiгерлерi, бiлiмiн жетiлдiру институттарының тыңдаушылары, жоғары және орта медициналық және заң оқу орындарының студенттерi мен тыңдаушылары мәйiттi сот-медициналық сараптамаға сараптама жүргiзудi тағайындаған адамның және сараптама органы басшысының жазбаша рұқсатымен қатыса алады.
Өлген адамның туысқандары мен жақындарына және басқа адамдарға, мәйiтке сараптама жүргiзуге қатысы жоқ басқа адамдарға сараптама кезiнде қатысуға, сондай-ақ мәйiтхананың арнайы үй-жайына кiруге (секциялық зал, мәйiт сақталатын жерге, мәйiттi киiндiруге арналған бөлмеге) жол берiлмейдi.

14-тарау. Мәйiтке сот-медициналық сараптама жүргiзудiң жалпы тәртiбi мен реттiлiгi

85. Мәйiттiң сараптамасы сарапшының мынадай әрекеттерiн қамтиды:
1) сарапшыға берiлген қаулымен және басқа құжаттармен (оқиғаның болған орнын қарап-тексеру хаттамасының, ауру тарихының және басқа да құжаттарының көшiрмесi) танысу;
2) сараптама жүргiзудi жоспарлау;
3) мәйiттi сырттай зерттеу;
4) мәйiттi iштей зерттеу;
5) қосымша, оның iшiнде зертханалық зерттеулер үшiн материал алу, және сараптама (зерттеу) жүргiзу үшiн оларды сот-медициналық зертханаға жолдау осы Нұсқаулықтың 9 бөлiмiне сәйкес жүргiзiледi.
6) мәйiттi зерттеудiң, қосымша және зертханалық зерттеулердiң нәтижелерiн және сарапшыға берiлген материалдардың деректерiн кешендi бағалау;
7) сот-медициналық диагноз әзiрлеу;
8) қорытындыны формулирлау;
9) сарапшы қорытындысын рәсiмдеу.
Сарапшы әрекетiнiң дәйектiлiгiнiң берiлген жалпы сызбасы осы Нұсқаулықтың талабына сәйкес өзгеруi немесе толықтырылуы мүмкiн.
86. Сот-медициналық сарапшыға берiлген құжаттарды зерттеген кезде, өлу себебiн анықтау үшiн маңызы бар деректерге және басқа сұрақтардың жауабына ерекше көңiл аудара отырып, өлiмнiң болу шарты мен жағдайын анықтайды.
87. Мәйiттi сырттай тексерiп-қарау мәйiтпен бiрге жеткiзiлген киiмдi, аяқ киiмдi және басқа да заттарды зерттеудi; мәйiттiң өзiн зерттеудi қажет болған жағдайда суретке түсiру және адамның дене бөлiктерiнiң зақымдануының контурлық сызбада суреттемесiн берудi;
мәйiттi және киiмiн сырттай тексерiп-қарау кезiнде табылған жұғындаларды, бөлiндiлердi және басқа үлгiлердi зертханалық зерттеу үшiн алуды;
осы жағдайдың ерекшелiгiмен түсiндiрiлетiн сарапшының басқа да iс-қимылдарын қамтиды.
88. Киiмдi зерттеудi оның жеке заттарын және қарау сәтiнде мәйiттегi киiмнiң жағдайын есепке ала отырып бастайды.
Матаның болжамдалған түрiн (жiбек, жүн және басқа да материал), түсiн, тозу дәрежесiн, iлмектерiнiң, түймелерiнiң және iлгектерiнiң сақталуын көрсетедi.
Белгiсiз адамдардың мәйiттерiндегi киiмдерде сондай-ақ өзiне тән суретi, таңбалары, фабриканың белгiлерi және басқа ерекшелерi белгiленедi. Қалталарындағы заттарды және басқа мәйiтпен бiрге жеткiзiлген заттарды санап, сипаттап жазады.
Киiмде зақымданған және ластанған жерлерi болған жағдайда олардың нақты орнығуы (киiм мен аяқ киiмнiң бөлiмдерiнiң стандартты атауын басшылыққа алады), пiшiнi, мөлшерi, тiгiсiнен және киiмнiң нақты басқа бөлшектерiнен (қалталарынан, қақпақшаларынан, борттарының шетiнен және басқа да бөлшектерiнен) қашықтығы, бағыты, шеттерi мен ұштарының сипаты және басқа ерекшелiктерi көрсетедi.
Киiмдегi зақымданған және ластанған жерлердiң және мәйiттегi бүлiнген жерлер мен iздердiң өзара орналасуы анықталады. Зақымданған және ластанған жерлер өлшенiп, суретке түсiрiледi.
Жыртылған, кесiлген, сүйрелген iздер, матаның ақаулары, күйгенi және тағы басқалары немесе ерекше өзгерiстер (протектордың таңбасы, майдың жағылуы, бояу бөлшектерi, күйе және тағы басқалар) белгiлерi бар зақымдарды тапқан кезде не қанға ұқсас iздер, құсық заттары немесе күйдiргiш заттардың әсерi, сондай-ақ дәрiлiк немесе басқа химиялық заттарды анықтаған кезде сарапшы анықталған зақымдарды, ластануларды әрi қарай басқа тиiстi сарапшылар зерттеуi үшiн және қосымша зақымданулар мен ластануларды болдырмау үшiн сақтау шараларын қабылдайды. Киiмнiң қосымша зақымдану және ластану мүмкiндiгiн болдырмау мақсатында қажетiне қарай кептiрiледi, оралады және тергеушiге қолхат бойынша берiледi.
89. Киiмдi шешпес бұрын мәйiттiң бұлшық еттерiнiң әр түрлi топтарының сiресуiне зерттеу жүргiзу қажет.
90. Мәйiттi зерттеудi сыртқы белгiсi бойынша жынысын, жасын, дене бiтiмiн, қоңдылық деңгейiн, мәйiттiң бойын өлшеуден бастау қажет, қажет болған жағдайда оның салмағын өлшейдi.
91. Бiр жасқа дейiнгi балалардың мәйiтiн мiндеттi түрде өлшеу керек.
92. Мәйiттегi өзгерiстердi зерттеу кезiнде:
1) дененiң киiммен жабылған және ашық бөлiгiн сипалау арқылы мәйiттiң суығанын анықтайды;
керек болған жағдайда кем дегенде екi рет, бiр сағаттық үзiлiспен, қолтық астының және тiк iшектiң температурасын өлшейдi;
2) мәйiттiң денесiнiң сiрескенiн, оның таралуын және бет, мойын, аяқ-колдың бұлшық еттерiндегi бiлiну деңгейiн анықтайды;
3) мәйiт дағының болуын (болмауын), олардың дененiң нақты бөлiктерiне таралуын; сипаты (бiр-бiрiмен қосылып кеткен, таралған, кең тараған);
түсi;
дақтардан айрылған (киiм мен заттардың таңбасы) бөлiктер сипатталады;
үш рет саусақпен немесе динамометрмен 2 килограмм/шаршы сантиметрге күшпен басады және алғашқы түсiнiң (секунд, минут) қайта қалпына келу уақытын белгiлейдi;
4) көздiң мөлдiр қабағының кебуiн, қарауытуын, Белоглазов симптомы мен Лярше дағының болуын айқындайды;
5) мәйiттiң кешiккен өзгерiстерi (шiру, балауызды майлану, мумиялану, шымтезек түрде кебу) жағдайында олардың белгiлерi мен көрiну деңгейiн сипаттайды;
көгеру бөлiктерiнiң болуын, олардың таралуын, мөлшерi мен түсiн, шыбынның жұмыртқа салуын, басқа насекомдардың, денеде өсiмдiктердiң өсуi;
6) тиiстi жабдықтар мен реактивтер болған жағдайда өлiмнiң болған уақытын айқындаудың аспаптық және зертханалық әдiстерi қолданылады.
93. Терi жабындарын қарау кезiнде олардың түсi мен ерекшелiктерiн (құрғақ, ылғалды, көгерген терi, «қаз терiсi»), түк өсу дәрежесi (соның iшiнде бастағы шаштың ұзындығын), инъекция iзiнiң болуын, бөрткендердi, қотыр, созылмалы жаралардың анатомиялық және басқа да туа және жүре пайда болған ерекшелiктерiн (тыртықтар, туа пайда болған мең, татуировка және тағы басқалар) көрсетедi.
Ауызша портреттi жасаумен қатар анықталған анатомиялық және басқа да жеке ерекшелiктерi масштабпен суретке түсiрiледi
94. Басты зерттеу кезiнде бассүйегiнiң ми және бет сүйектерiнiң жағдайы, қозғалуының бар-жоғын, қисаю жағдайы мен басқа да ерекшелiктерi белгiленедi.
Шаш бөлiгi аса мұқият тексерiлiп-қаралады.
Көзi ашық па, соны көрсетедi, нұрлы қабықтың түсiн және қарашықтың диаметрiн анықтайды, көз алмасының ақ қабықшасы мен дәнекер ұлпасының жағдайын (солғындығын, сарғыштығын, экхимозын және т.б.), бетiнiң домбыққандығын айқындайды.
Мұрын қуысынан, ауыздан және құлақтан бөлiнген заттар бар ма, жоқ па және бөлiндiлердiң сипаты көрсетiледi.
Ерiннiң шырышты және терi қабаттары тексерiлiп-қаралады. Аузы ашық па, тiсi жабылған ба, тiлi қысылған ба, сол көрсетiледi. Тiстiң түсi және ерекшелiгi, тiс сауыты мен протезiнiң, соның iшiнде алтын тiс протезiнiң саны көрсетiледi. Жоқ тiстерi аталады және қызыл иектiң альвеолярлық үстiнiң жағдайы сипатталады.
Ауыз қуысында қанның, тамақ бөлшектерiнiң, ұнтақтардың, басқа бөгде заттардың бар, жоғы көрсетiледi.
Баротравма жағдайына күдiктенген жағдайда маңдай және құлақ айнасын пайдалана отырып, дабыл жарғақшасының жағдайы зерттеледi.
95. Тексерiп-қарауға мойны, кеудесi, құрсағы, арқасы, аяқ-қолдары, қолтық ойығы, сүт бездерiнiң астындағы терi қатпарлары,бұтаралығы және артқы өтiс аумағы жатады. Әйелдердiң мәйiтiн зерттеу кезiнде сүт бездерiнiң пiшiнi мен мөлшерiн, емiзiк айналасының дақтарын және iштiң ақ сызығын, сүт бездерiн басқан кезде бөлiндiнiң болуын, жүктiлiк тыртықтарының және басқа ерекшелiктердiң болуын анықтайды.
96. Ерлердiң сыртқы жыныс мүшелерiн зерттеген кезде күпектiң жағдайын, үрпiнiң сыртқы тесiгiн, ұманы;
әйелдердiң бұтаралығын, сарпай жапсарларын, қынап аузын, қыздық пердесiнiң жағдайын анықтайды. Бөлiндiлердiң, зақымдардың, тыртықтардың, жаралар мен басқа ерекшелiктердiң бар, жоғын көрсетедi. Артқы өтiстiң жағдайын зерттейдi.
97. Қаңқа сүйектерiн сипап, патологиялық қозғалғыштығын немесе өзгерiске ұшырауын көрсетедi.
98. Барлық табылған сыртқы зақымдарды мәйiттiң түрлi аумақтарын дәйектiлiкпен қараған кезде жеке бөлiмнiң соңында «Сыртқы зерттеуiнде» сипаттайды.
Сыртқы зақымдарды зерттеу жай көзбен қарау арқылы жүргiзiледi, ал қажет болған жағдайда ұлғайтқыш лупа немесе стереомикроскоптың, операциялык микроскоптың көмегiмен жүргiзiледi.
Зерттеудi оқиға жағдайын әрi қарай қалпына келтiру үшiн (зақымның пайда болу механизмiн анықтау; жарақаттау құралының түрлiк, топтық немесе жеке белгiлерiн және тағы басқалар) қажеттi нақты мәлiметтер алуды қамтамасыз ететiндей толығымен жүргiзедi.
99. Әрбiр зақым үшiн жеке-жеке оның түрiн (қанталау, сыдырылған ер, жара), нақты анатомиялық орналасуын, пiшiнiн, мөлшерiн, дене осi бойынша бағытын, түсiн, шеттерi мен ұштарының сипатын, сыдырылған кедiр-бұдырлығы ерекшелiктерiн, жара арнасының барын, қабыну немесе жазылу, таңылу және ластану белгiлерiн, айналасындағы тiндердiң жағдайын көрсетедi.
Көптеген бiр тұрпаттағы зақым болған жағдайда жоғарыда көрсетiлген талаптарды сақтай отырып, жеке анатомиялық аумақтар бойынша сипаттау кезiнде оларды былайша топтауға болады:
1) зақымның орналасуын анықтаған кезде тиiстi анатомиялық аумағын және тiк бұрышты координат жүйесiн пайдалана отырып, зақымданған жерден бастап жақын арадағы анатомиялық объектi нүктесiне дейiнгi қашықтығын көрсетедi, сондай-ақ қажет болған кезде (көлiк жарақаты, оқ, шаншып-кесiлген зақымдар және басқа да жарақаттар) әрбiр зақымның төменгi деңгейiнен бастап, табанына дейiнгi қашықтықты өлшейдi;
2) зақымдардың түрiн геометриялық фигураларға (үш бұрышты, дөңгелек, сопақ немесе басқа) қатысты көрсетедi;
3) зақымдардың түсiн белгiлеу үшiн негiзгi түстер мен реңдердi пайдаланады;
4) зақымдардың мөлшерi тек қатты материалдан жасалған (металл, пластмасса, ағаш) сызғышты пайдалана отырып, өлшемнiң метрлiк жүйесi бойынша ғана анықтайды;
5) зақымдалған аумақтағы таңулар мен ластануларды зерттеген кезде олардың болжамды сипатын (қан, ыс, майлағыш материалдар, бояу, құм және басқа да заттар), орналасуын, пiшiнiн, мөлшерiн көрсетедi;
6) зақымдарға жақын жатқан тiндердiң жағдайын зерттеген кезде iсiктiң (домбығудың) және қан құйылу, түсiн, пiшiнiн, қарқындылығын, айқындылығын, шекарасы мен мөлшерiнiң бар-жоғын көрсетедi. Аталған өзгерiстердi анықтау үшiн крест тәрiздi тiлулер жүргiзген орынды.
100. Қаңқа сүйектерiндегi зақымдардың немесе өзгерiстердiң сипаты мен ерекшелiктерiн анықтау үшiн алдымен олардың рентгенографиясын, содан соң жұмсақ тiндердi тiледi де, сүйектер мен қоршаған тiндердi орнында зерттейдi. Қажет болған жағдайда зақымданған сүйектi арамен кесу арқылы оның зақымдалмаған аумағы арқылы шығарып алады, сүйек үзiндiлерiн жұмсақ тiндерден тазартады да, әрi қарай зерттеу үшiн оларды желiмдейдi.
Сынықтың нақты орнын, бағытын және жазықтығын (мүмкiн градусте), сүйектiң жылжуын және сипатын, сондай-ақ өзгерiске ұшырау түрiн сипаттайтын (тiсшеленiп келуi, сызаттар, сүйек қабығының күйi, сүйек пластинкалары олардың жарықшақтарының болуы, ерекшелiктерi) басқа морфологиялық ерекшелiктерiн көрсетедi.
101. Көлiк жарақаты жағдайында немесе соған сезiктенген жағдайда, әр түрлi биiктiктен құлаған жағдайда (соның iшiнде жүрген немесе тұрған кезде), сондай-ақ тұйық заттармен зақымданған жағдайда, терең бұлшық еттерде қан құйылу мен буындар үзiлген, бұлшық ет пен сүйектер зақымдану пайда болуы мүмкiн болғанда, дененiң артқы жағының жұмсақ тiндерiн (шүйде бұдырынан сегiзкөзге дейiн омыртқалардың тiк өсiндiлерi сызығы бойынша әрi қарай жамбас арқылы сан мен балтырдың артқы жағынан) тiледi және көрсетiлген зақымдарды табу үшiн оларды қайта сөгудi жүргiзедi.
Жағдайлардың ерекшелiгiне байланысты дененiң артқы жағындағы тiндердi зерттеу мәйiттiң iшкi құрылысын зерттеп болғаннан кейiн жүргiзiлуi мүмкiн.
102. Адам денесiнiң бөлiктерiн бейнелеу (сызбалық) арқылы сыртқы зақымдануының сызбасын жасайды;
киiмдегi және аяқ киiмдегi зақымдар мен жарақатқа тән iздердi де тиiстi сызбалық бейнелеу арқылы суреттейдi.
103. Денедегi зақымдар суретке түсiрiледi. Тек шолу сипатындағы суреттердi (дене зақымының жалпы түрi) ғана емес, сондай-ақ жеке зақымдардың да суретiн түсiрудi (мiндеттi түрде масштаб пайдаланылады) жүргiзу керек. Дене мен киiмдегi зақымдарды суретке түсiрудi сот-медициналық сарапшы немесе оның басшылығымен зертханашы жүргiзедi.
104. Бұрын бекiткiш және зертханалық зерттеулердiң тиiмдi кешенiмен сыртқы зерттеулер барысында түзетiлгенге сәйкес мәйiтке келесi жарып көрудi (мысалы, майлы заттарды, бояулардың және басқа iздердi люминесценттiк зерттеу үшiн, диффузиялық байланыс немесе спектрографиялық металдардың беттесуiн анықтау үшiн терiнi алғанда) жүргiзген кезде ластануы немесе өзгеруi мүмкiн материалдарды алуды жүргiзедi.
Қорытындының зерттеу бөлiмiнде осы тармақта көрсетiлген жүргiзiлген iс-әрекеттер туралы жазылады.
105. Мәйiттiң iшкi зерттеу мiндеттi түрде жүргiзiледi. Бассүйек, кеуде және құрсақ қуыстары зерттеледi.
Омыртқа - оның зақымы немесе ауруы анықталған жағдайда зерттеуге жатады, сондай-ақ бассүйек-ми жарақатында, жол-көлiк апатында, түрлi биiктiктен құлаған кезде, басқа жағдайларда - көрсетiлген жағдайда зерттеуге жатады.
106. Мәйiттi сою, қуыстар мен органдарды зерттеу реттiлiгi мен қабылдау тәсiлдерiн өлiмнiң жағдайы туралы алдын ала мәлiметтердi, жағдайдың нақты ерекшелiктерiн, зерттеудiң мiндеттерiн және тиiстi әдiстемелiк құжаттарды басшылыққа ала отырып, сарапшы айқындайды.
Зерттеу және мәйiттi сою нәтижелерiн рәсiмдеген кезде (орталық нерв жүйесi, жүрек-қан тамыры және басқа да жүйелер) жүйелiк тәртiптi мiндеттi.
107. Анатомиялық кесулер, жұмсақ тiндердi кесiп-сөгу, iшкi органдарды бөлу және зерттеудi сарапшының өзi жүргiзедi. Бассүйектi, омыртқаны арамен кесу және қаңқаның басқа сүйектерiн бөлiп алуды сарапшының басшылығымен және мiндеттi түрде оның қатысуымен санитар жүргiзе алады.
108. Пневмоторакс немесе ауа (газ) эмболиясына сезiктенген кезде алдын ала тиiстi сынаманы (су астында өкпенiң сiрi қабықты қуысы немесе жүрек қарыншаларын теседi) жүргiзедi. Сынаманы жүргiзер алдында рентгенография жүргiзiледi:
1) анықталмаған жағдайда немесе түсiкке сезiктенген жағдайда қайтыс болған бала туу жасындағы әйелдердiң мәйiтiн зерттеген кезде ауа эмболиясына сынама жүргiзу мiндеттi болып табылады;
2) жүрек, өкпе, iрi қан тамырларының зақымдануына сезiктенген жағдайда, өлiмнiң болуына медициналық араласу (аталған мүшелерге хирургиялық операция жасау, пункция, канюля енгiзу, тамырларға катетер енгiзу және басқа) себеп болған жағдайда ауа эмболиясына сынама жүргiзу мiндеттi болып табылады.
109. Жұмсақ тiндердi кесуде мүмкiндiгiнше сыртқы жарақаттарға операциялық жараларға, тесiктерге, түтiкше резеңкеге, катетерге және басқалар, сондай-ақ жарада қалған бөгде заттарға тиiспей жүргiзедi. Бұлшық еттiң түсiн, терi асты шел қабатының ең үлкен қалыңдығын, жарақаттық немесе патологиялық өзгерiстердiң бар-жоғын көрсетедi.
110. Мойын, кеуде және құрсақ қуысының мүшелерiн алу үшiн оларды орнында қарайды. Мүшелердiң дұрыс орналасқандығын, даму кемiстiгiн; өкпенiң сiрi қабаты қуысының орналасу дәрежесiн;
көк еттiң тұру биiктiгiн;
өкпе қап пен құрсақ қуыстарында жабысқан жерiнiң барын;
қабырға сiрi қабығының күйiн, кеуденiң лимфа түйiндерi аумағындағы iш перденi, шажырқайды, лимфа түйiндерiн; асқазанның және iшектiң кебуi мен қабысуы;
жоғарғы және төменгi көктамырлардың қанға толу дәрежесiн көрсетедi.
Дене қуыстары мен мүшелерiнде бөгде иiстiң бар-жоғын көрсетедi:
1) тыныс жолдарындағы тромбоэмболиялар немесе бөгде заттарды табу үшiн немесе алып тастау үшiн қажет болған жағдайда сол орнында өкпе күре тамырының не соған сәйкес көмей мен кеңiрдектiң негiзгi бағанасын және бас тармағын жарып қарайды;
2) уланғанына күдiктенген кезде өңешке, қарынға және iшекке лигатура салады;
3) суға батырылғанына күдiктенген кезде планктонның барын зерттеу ол үшiн материал алғанға дейiн аспаптарды, ыдысты, қолғаптарды және мәйiттiң мүшелерiн сумен жууға тыйым салынады.
111. Мүшелердi алу үшiн сарапшының қалауы бойынша және нақты жағдайларға байланысты жеке немесе толық эвисцерация әдiсiн қолданады. Қажет болған кезде басқа әдiстер қолданылады: Вирхов (әр мүшенi жеке алады);
Абрикосов (мүшелердi бес кешен түрiнде алады) – мойын мүшесiн кеуде қуысының мүшелерiмен;
iшек;
көкбауыр; асқазанмен бiрге бауырды;
ұлтабар мен ұйқы безiн;
бүйректi бүйрек безiмен, несепағарды кiшi жамбас мүшелерiмен;
Киари-Мариш (мүшелердi мәйiтте орнында жарып қарайды және содан соң толық зерттеу, өлшеу және таразыға тарту үшiн алады);
Лютель (мүшелердi бiрегей кешенмен бөлiп алады да, тiлiнген жерден жеке қарайды). Мүшелерге қол жеткiзуге, оларды толық зерттеуге мүмкiндiк және қажет кезiнде олар мен зақымдар арасында топографиялық ара қатынасты қамтамасыз ету маңызды.
112. Барлық мүшелердi үстiнен және тiлген жерде өлшейдi және зерттейдi.
Олардың тығыздығын, анатомиялық құрылымының келбетiн, түсiн, қанға толуын, спецификалық иiсiн, өзгерiстер мен зақымдарды мұқият зерттейдi; қуыс мүшелердегi заттардың сипаты мен көлемiн айқындайды. Миды, жүректi, өкпенi (бөлек), бауырды, көкбауырды, бүйректi (бөлек) таразыға тартады. Қалқанша, айырша және ұйқы бездерiн, бүйрек, гипофиз, эпифиз және басқа мүшелердi таразыға тартуды олардың патологиясы болған кезде жүргiзедi.
113. Басты зерттеген кезде жұмсақ жабындарының iшкi бетiнiң жағдайын;
түсiн, ылғалдығын, қоюлығын, қан толғанын, қан құйылудың бар-жоғын, олардың түсiн, пiшiнiн және мөлшерiн (қалыңдығын коса), самай бұлшық еттерiн үстiнен және тiлiп қарайды.
Маңдай, самай, төбе және шүйде сүйектерiнiң қалыңдығын, сондай-ақ бас сүйектiң ұзынынан және көлденеңiнен размерлерiн (бас сүйек ми жарақаты болған кезде) арамен кесiп алып өлшейдi.
Бассүйек күмбезiнiң зақымын зерттейдi. Бас сүйектiң жiктерiнiң жағдайын көрсетедi: қатты ми қабықшасының қатаю дәрежесi мен түсiн, оның сүйектермен тұтасуын, тамырлар мен қуыстарға қан толуы;
жұмсақ ми қабықшаларының мөлдiрлiгi мен қан толуы, торасты құрамы мен цистернаның сипатын сипаттап жазады.
Ми сыңарларының, қатпарлары мен жүлгелерерi бедерiнiң көрiну дәрежесi, орақ тектес өсiндiнiң шетiне басқаннан жолақтың бар-жоғы, мишықтың, үлкен шүйде тесiгiнiң симметриялығы көрсетiледi.
Мидың көлденең немесе ұзын (сарапшының таңдап алған әдiсiне байланысты) кесiндiсiнен ми ұлпасының құрылымының және оның анатомиялық құрылымының, әсiресе бағана бөлiмiнде жалпы көрiнiсiнiң бiлiнуiн, сондай-ақ оның ылғалдылығы мен қанға толу деңгейiн көрсетедi.
Қарыншасының iшiндегiсiн, эпендималар мен өрiмдерiнiң жағдайын сипаттайды, қарынша кеңеймегенiн анықтайды.
Мидың негiзi тамырларын атеросклероздық өзгерiстерiнiң, аневризмнiң барын белгiлей отырып зерттейдi.
Гипофиздi өлшейдi, тiлiп оның тiнiнiң суретi мен түсiн көрсетедi.
Бассүйектiң iшiне қан құйылу, жұмсару орны, iсiктер табылған кезде олардың нақты орнын, үлесi, мөлшерi, массасы, көлемi эпидуральдық және субдуральдық қан құйылуы, бетiндегi және тiлiмдердегi түрi мен пiшiнi, мидың оның көршiлес аумақтармен байланысын көрсетедi.
Қатты ми қабықшасын алып тастағаннан кейiн бассүйектiң негiзiндегi сүйектi қарайды да, олардың зақымдары мен ерекшелiктерiн көрсетедi;
мұрын жаны қойнауларын ашады, оның iшiндегiсiнiң бар-жоғын көрсетедi.
Бассүйегi күмбезiнiң сүйектерiн сүйектердi жартылай арамен кескен кезде бас сүйектiң күмбезi мен негiзiн күштеп айырмай, толық арамен кесу қажет.
114. Омыртқа өзегiн зерттеген кезде онда сұйықтықтың немесе қанның барына, жұлынның жағдайы мен орналасуына көңiл аударады. Жұлынды қатты қабықшасымен алады.
Қабықшаның түрiн және көлденең кесу арқылы (сегменттерi бойынша) ми ұлпасының жағдайын сипаттап жазады.
Омыртқа өзегi жағындағы омыртқа мен омыртқа аралық дискiнi қарайды және олардың ерекшелiктерiн, зақымын, түрiнiң өзгеруiн, өзгерiстерiн көрсетедi.
Ауыз омыртқа-окципитиальдық буындасу аумағын буындар үзiлгенiн, сынықты, қан құйылу табу немесе болмауын зерттейдi.
115. Мойынның магистральдық күре тамырын жарып ашады. Оларда патологиялық қатпарлардың, остеофиттермен қысылмағанын, тамырлардың iшкi қабықшаларының жыртылуы бар-жоғын көрсетедi, қан құйылуды анықтау үшiн мойынның жұмсақ ұлпасы мен жүйке-тамыр шоқтарын қарайды.
116. Тiлдi, бадамша бездердi, көмекей мен өңештi, кеңiрдектi, қалқанша және қалқанша маңы бездерiн, лимфа түйiндерiн зерттейдi. Тiл асты сүйектерi мен кеңiрдектiң шемiршегi сақиналарының бүтiндiгiн тексередi; зақымданғанына сезiктенген жағдайда олардың рентгенографиясын жасайды.
117. Кеуде қуысы мүшелерiн зерттеуге алдыңғы және артқы қабырға аралығын қарау, айрыша безiн, өкпенi, жүректi, қолқаны, өңеш пен бронхтарды тамырды зерттеу кiредi:
1) өкпе сiрi қабығын қарайды, оның астында қан құйылу болуын, олардың пiшiнiн, мөлшерiн, көптiгiн, орналасуын анықтайды;
2) тыныс алу жолдарын бронхтардың ұсақ тарамдарына дейiн жарып қарайды, оның iшiнде сұйықтың бар-жоғын көрсетедi, шырышты қабығының түсiн және қанға толуын көрсетедi. Өкпенiң сыртқы және кесiп қарағанда түсiне, ауаға толу дәрежесi мен өкпе тiнiнiң қанға толуына, басқан кезде оның үстiнен ағатын сұйықтықтың сипатына, өзгерiстердiң барын және сипатына көңiл аударады. Паратрахеальдық және бронхиальдық лимфа түйiндерiн сипаттайды;
3) жүрек пен қолқаны жарып қарау әдiсiн сарапшы таңдайды.
Әдiс миокардтың барлық бөлiмiн және тәждiк күре тамырды ұзына-бойында зерттеудi көздеуге тиiс. Перикардтың жағдайын, оның iшiндегi сұйықтың мөлшерi мен сипатын, жүрек қуысына қан толуын және қан ұю сипатын, эпикард, эндокард, миокард, тәж артериясын, қақпақшаларды, папилярлық бұлшық еттiң жағдайын сипаттайды. Қарыншалардың қабырғасы мен қақпақшалардың қалыңдығын өлшейдi. Тiлген қолқаның енiн анықтап, ұзына-бойына оның iшкi қабықшасының жағдайын зерттейдi. Өкпе патологиясы болғанда жүректi бөлек өлшейдi.
118. Құрсақ қуысы мүшелерi мен iш пердесi сыртындағы аймақты зерттеу дәйектiлiгiн осы Нұсқаулықтың тармағындағы талаптарды есепке ала отырып сарапшы анықтайды.
119. Асқазанды зерттейдi, оның пiшiнiн, iшiндегi сұйықтығының мөлшерiн және түрiн (түсiн, иiсiн, қоюлығын, мөлшерi мен ондағы тамақ бөлшектерiнiң сипатын), шырышты қабықшаның жағдайын (түсiн, қатпарларының бiлiнуi, қан құйылудың барын, жараны және басқа) көрсетедi. Бүкiл бойына iшектi жарып қарайды, оның әрбiр бөлiмiнiң iшiндегi сұйықтығының сипаты мен мөлшерiн, түсiн, кiлегей қабықшасының жағдайын және басқа ерекшелiктерiн сипаттайды;
соқыршектегi құрт тәрiздi өсiндiнiң орналасуы мен түрiн көрсетедi. Қарын мен iшектiң әртүрлi бөлiмiнiң iшiндегi сұйықтықтың сипаты мен мөлшерiне өлiмнiң бұрын болғандығын анықтау қажет болған кезде ерекше көңiл аударады.
120. Ұйқы безiн, бауырды, көкбауырды, бүйрек үстi безiн зерттеген кезде мүшенiң сыртқы түрiне (пiшiнiне, түсiне), сипағандағы тiннiң тығыздығына, оның анатомиялық құрылымына, қан толу дәрежесiне, көкбауырдың тiлмесiнен қырманың сипатына көңiл аударады. Мүшелердi өлшейдi және таразыға тартады.
Өттiң iшiндегi сұйықтықтың түрi мен мөлшерiне, оның шырышты қабатының жағдайына, өт жолдарының өткiзгiштiгiн көрсетедi.
121. Бүйректi зерттеген кезде оның пiшiнi мен мөлшерiн айқындайды, түсiн, тiннiң тығыздығын, капсуланы алып тастағаннан кейiнгi бетiнiң сипатын, милы, қыртыс, ми және аралық (юкстамедулярлық) қабаттардың байқалу деңгейiн, түбекшенiң шырышты қабатының жағдайын көрсетедi.
Несепағардың өткiзгiштiгi мен оның шырышты қабықшасының күйiн айқындайды.
122. Жамбас мүшелерiн зерттеу дәйектiлiгiн осы Нұсқаулықтың талаптарын есепке ала отырып сарапшы айқындайды:
1) қуықтағы несептiң мөлшерiн, оның түсiн, мөлдiрлiгiн, шырышты қабықшасының түрi мен түсiн, конкременттерiнiң болуын көрсетедi;
2) әйелдерде қынап пен оның күмбездерiн, жатырдың пiшiнiн, оның мойны мен сыртқы жапсарларын сипаттайды, жатырдың мөлшерi мен тығыздығын айқындайды. Шырышты тығынның барын, мойынның ашылуын (ашылу дәрежесiн белгiлеумен) көрсетедi, бөлiнулер мен зақымдарды көрсетедi. Жатырдың шырышты және бұлшық ет қабаттарының, сондай-ақ түтiктердi, аналық бездердi, қантамырлы жатыр маңы талшықтарының жағдайын зерттейдi (жатырда бөгде сұйықтық болған кезде оны сот-химиялық зерттеуге жiбередi);
3) ерлердiң ұма безiн зерттейдi, тiндерiнiң тығыздығы мен түрiн, шәует көпiршiктерiнiң секретпен толу дәрежесiн көрсетедi, аталық ұрық безi тiнiнiң ерекшелiктерiн көрсетедi.
123. Мәйiттi зерттеу кезiнде сот-медициналық зертханасы бөлiмiнде зерттеу жүргiзу үшiн материал алады. Мәйiтке сараптама жүргiзушi сарапшы сараптаманың шешiлуiне қойылған мәселелер мен осы жағдайдың ерекшелiгi нәтижесiнен зерттеудiң қажеттi түрлерiн айқындайды.
124. Мына заттар мiндеттi түрде зертханалық зерттеулерге жiберiлуге тиiс:
1) мәйiттiң мүшелерiнен (көп уақыт бойы ауруханада болған ересектер мен кiшкентай балалардың өлiмiнен басқа) этил алкоголiнiң болуы мен сандық мөлшерiн анықтау үшiн қан мен несеп үлгiсi зерттелуi тиiс;
2) сыртқы зақымдану мен қан ағумен болатын зорлап өлтiрiлуде; кiсi өлтiру немесе соған сезiктенгенде; белгiсiз адамдардың мәйiтiн зерттеген кезде басқа жүйе бойынша антигендiк қатыстылығын анықтау үшiн қан алынуға тиiс;
3) гистологиялық (гистохимиялық) зерттеу үшiн iшкi органдар мен тiндердiң кесiкшiлерiн алу - өлiмнiң барлық жағдайында жүргiзiледi; бекiту және кескеннен кейiн қажет болған кезде зерттейдi не кесiп алынған кесiктердi архивте зерттеу жүргiзбей сақтайды; архивте сақтау мерзiмi тиiстi Ережелермен көзделген;
4) улағыш заттардың болуын және сандық мөлшерiн анықтау үшiн мәйiттiң органдары (тiндерi) - химиялық заттармен, саңырауқұлақтармен, улы өсiмдiктермен улануға сезiктенген кезде және тамақпен уланған кезде алынады;
5) бөлiнгiш санатын анықтау үшiн өт пен несеп;
6) шәуеттi анықтау үшiн, қынап эпителийiнiң морфологиялық ерекшелiгiн зерттеу үшiн қынаптың iшiндегi тампондар мен жағындылар және басқаларды алады - жыныстық қылмыстарда немесе оған сезiктенген кезде; жыныстық қатынас айуандықпен жасалғанына сезiктенген кезде ерлер мен әйелдер мәйiтiнiң ауыз және тiк iшегiнiң шырышты қабатынан тампондар мен жағындылар алады;
7) салыстырмалы зерттеу үшiн бастағы шаштан - кiсi өлтiргенде сезiктенген кезде;
жыныстық кылмыстарда немесе оған сезiктенген кезде;
көлiк жарақатында;
бастың шашты бөлiгi зақымданғанда;
белгiсiз адамдардың мәйiтiн зерттегенде;
8) жұқпалы аурудан болған балалар өлiмiнiң барлық жағдайында және соған ұқсас үлкендердiң өлiмi жағдайында тыныс алу жолдарынан (кеңiрдек, көмекей, бронхтардан) және өкпеден бактериологиялық және вирусологиялық зерттеу үшiн жағынды-iзтаңбалар алады;
9) жұқпалы аурулардан немесе бактериялық тамақтан уланудан өлуiне сезiктенген жағдайларда;
карантиндiк және аса қауiптi жұқпаларға (бұдан әрi - АҚЖ) сезiктенген жағдайда қан, iшкi органдардың бөлiктерiн, жағындыларын - микробиологиялық және вирусологиялық зерттеулер үшiн органдардың таңбаларын алуды денсаулық сақтау саласындағы тәртiппен санитариялық-эпидемиологиялық станция қызметiнiң бактериолог-дәрiгерiнiң қатысуымен алады;
10) ашылмаған бүйрек, диатомдық планктонға зерттеу үшiн негiзгi сүйек қусының сұйықтығы және сан немесе тоқпан жiлiк фрагментi адамның суға батқанына нақты морфологиялық дәлел болмаған жағдайда алынады;
сол мәйiттен салыстырмалы тексеру үшiн өкпесi алынады;
мәйiт табылған су айдынынан 200-300 миллилитр, су алып, оны сараптау мекемесiне зерттеуге жiберу қажеттiгi туралы мәйiтке сараптама тағайындаған адамды бiр мезгiлде хабардар етедi;
11) гистологиялық зерттеу үшiн жатырдың, түтiктердiң, аналық бездiң және жатыр маңы жасушалары тамырларының әр түрлi аумақтарынан кесiктер, сот-химиялық зерттеу үшiн жатырдың iшiндегi сұйықтар мен қабырғасының бөлiгi, цитологиялық зерттеу үшiн қынап пен сүт бездерiнiң бөлiндiлерiнiң тампондары мен жағындылары, ауруханадан тыс түсiк нәтижесiнде өлiмнiң болғанына сезiктенген кезде, асқынған сепсиспен аборт кезiнде алынады, бактериологиялық зерттеулер үшiн қосымша материал алынады;
12) терiнi, зақымданған шемiршек бөлiктерi мен сүйектi, жара каналы бар паренхиматоздық мүшелердi оқ тиiп, өткiр шабатын, кесетiн, шаншып-кесетiн және тұйық құралдармен зақымданудан өлген кезде медицина-криминалистiк (физикалық-техникалық) зерттеу үшiн алады.
125. Сот-медициналық зертханаға жiберуге арналған объектiлердi алып, орайды да, сәйкес мөр басады. Мәйiтке сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулыны кiм және қай кезде шығарды және қаулыда зертхана бөлiмшелерiнде сараптама жүргiзген кезде шешiлуге тиiс мәселелер де көрсетiлген зертханаға жiберiлетiн тиiстi бланк (бланкiлер) толтырады.
Нақты жағдайларға байланысты сараптама тағайындаған адам немесе қалалық (аудандық ауданаралық) сараптама мекемесi бөлiмiнiң меңгерушiсi алынған материалдарды сараптама мекемесiне жеткiзудi ұйымдастырумен қамтамасыз етедi.
126. Мәйiттi зерттеп болған соң сарапшының бақылауымен барлық мүшелерiн мәйiттiң iшiне салып, мәйiттiң терiсiн тiгедi.
Сондай-ақ қосымша жүргiзiлген тiлiмдер де тiгiледi. Мәйiттiң дене қуысына оған тиесiлi емес мүшелердi немесе бөтен заттарды салуға жол берiлмейдi.
127. Мәйiттi зерттеу және зертханалық зерттеуге материал алыну аяқталғанға дейiн мәйiтке шiрiтпейтiн заттарды енгiзуге жол берiлмейдi. Мәйiтке сараптама аяқталысымен сараптама мекемесiнде консервациялау сараптама тағайындаған адамның тек жазбаша рұқсатымен ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
128. Мәйiтке сараптама жүргiзу кезiнде зақымданудан, уланудан, ауруханадан тыс түсiктен болған асқынудан және тағы басқа да жағдайларда зорлықпен өлтiрiлгенi анықталған жағдайда, ол жайында сараптаманы тағайындаған адамға белгiсiз болса, сарапшы бұл адамды (органды) анықталған өлiмнiң себебi туралы тез арада хабардар етуге тиiс.
129. Тiрi күнiнде анықталмаған карантиндiк және ӨҚЖ табылған жағдайда сарапшы немесе бөлiм (бөлiмше) меңгерушiсi бұл шұғыл жазбаша түрде тиiстi денсаулық сақтау мемлекеттiк басқару жергiлiктi органдары мен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына хабарлайды.
130. Мәйiтке сараптама жүргiзу үдерiсiнде диагностика мен емдеудiң iрi кемшiлiктерi айқындалған кезде сарапшы сот-медициналық клиникалық-анатомиялық конференцияда талқылауға шаралар қабылдайтын сараптама мекемесiнiң басшысына бұл туралы хабарлайды.

15-тарау. Дәрiгердiң қайтыс болу туралы куәлiгiн (перинаталдық қайтыс болу туралы) рәсiмдеу

131. Дәрiгердiң қайтыс болу туралы куәлiгi (перинаталдық өлiм туралы дәрiгердiң куәлiгi) сот-медициналық зерттеу (сою) аяқталған күнi толтырылады және мәйiтке сараптама жүргiзген сот-медициналық сарапшының колы қойылады.
132. «Дәрiгердiң қайтыс болу туралы куәлiгiн», «Дәрiгердiң перинаталдық өлiм туралы куәлiгiн» толтыру және беру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
133. Егер өлiмнiң себебiн белгiлеу немесе анықтау үшiн зертханалық зерттеу жүргiзу қажет болса, алдын ала куәлiк берiледi.
Зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi алынғаннан кейiн алдын ала куәлiк берiлгеннен кейiн екi аптадан кешiктiрiлмей қайтыс болу туралы «Алдын ала куәлiктiң орнына» деген белгiсi бар жаңа куәлiк берiледi де, тiкелей облыстық (қалалық, республикалық) статистикалық басқармаға жiберiледi.
Сараптама мекемесiнiң басшысы немесе сараптама мекемесiнiң қалалық аудандық, ауданаралық бөлiмiнiң меңгерушiсi алдын ала куәлiктiң орнына жолданылған қайтыс болу туралы жаңа куәлiктi статистикалық басқармаға уақтылы жасап, жiберiлуiне бақылау жасаумен қамтамасыз етедi.

5-бөлiм. Сот-медициналық сараптама мекемесiнiң сот-гистологиялық бөлiмшелерiнде сот-медициналық сараптама жүргiзу тәртiбi

16-тарау. Жалпы ережелер

134. Сот-гистологиялық сараптауды (зерттеу) зорлықпен немесе аурулар салдарынан әсер етiлген зақымдардың (жарақаттардың) адамның оларды тiрi кезiнде немесе өлгеннен кейiнгi уақытта алғандығы, сондай-ақ қаулыда мазмұндалған, айғақтық заттарға сот-медициналық сараптау жүргiзудi реттейтiн арнайы таным шегiнен шықпайтын басқа да мәселелердi шешу үшiн жүргiзедi.
135. Сот-гистологиялық сараптамалар Сот-медицина орталығының тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiнде, және оның аумақтық бөлiмшелерiнде сот-медицинасы мен сот-медициналық гистология немесе патологиялық анатомия бойынша арнайы даярлығы бар сот-медициналық сарапшылар жүргiзедi.

17-тарау. Сараптама жүргiзу және ұйымдастыру тәртiбi

136. Келiп түскен заттай айғақтарды бөлiмшенiң меңгерушiсi қабылдайды.
137. Барлық объектiлер мен олардың iлеспе құжаттары бөлiмшенiң тiркеу журналына тiркеледi.
138. Бөлiмше меңгерушiсi заттай айғақтарды және құжаттарды орындаушы-сарапшыға бередi.
139. Сот-гистологиялық сараптама зерттеулерiн жұмыстың мақсаты мен мiндеттерiне, сараптама зерттеулерiнiң негiздiлiгi мен объективтiлiгiне қойылатын талаптарға сүйене отырып сот-медициналық сарапшы анықтайды.
140. Сот-медицина гистологы өзiне жүктелген сот-гистологиялық сараптаманы өзiнiң мүмкiншiлiгi келгенше орындап, уақытында ғылыми түрде дәйектелген және объективтi түрде берiлген қорытынды бередi;
мәйiттен алынған және сот-гистолиялық бөлiмге зерттеуге алынған ағзалар мен ұлпалардың сақталуын қамтамасыз етедi.
141. Сот-гистологиялық сараптама жүргiзу барысында сот-медицина гистолог сарапшы зерттеуге қатысы бар, сот-гистологиялық қорытынды және диагноз құрастыруы үшiн iстiң құжаттарын зерттеуге құқысы бар және өзiне қажеттi деректердi жазып ала алады, арнайы бекiтiлген заңнама бойынша сараптауға қажеттi қосымша нысандарды, медициналық құжаттарды (науқастың амбулаторлық немесе стационарлық медициналық картасы) зерттейдi.
142. Сот-гистологиялық сараптама жүргiзуге қажеттi құрал-жабдықты, материалдарды, хабар алатын құралдарды, жұмыс жағдайы мен техникалық қауiпсiздiк және өндiрiстiк санитарияның сақталуы үшiн қажет жағдайларды жасау сараптау мекемесiнiң басшысына жүктеледi.
143. Сот-гистологиялық сараптамалардың нәтижелерi қолданыстағы процессуалдық заңнамаға сәйкес сарапшы қорытындысымен рәсiмделедi.
144. Қорытынды кiрiспе, зерттеу бөлiмi және тұжырымнан тұрады.
145. Препараттарда мәйiттi ашу кезiнде анықталмаған жұқпалы немесе карантиндiк аурулардың белгiлерi (бөртпе, iшсүзек және қайталанбалы сүзек, оба, тырысқақ және т.б.) табылған жағдайда, сот-гистологиялық бөлiмшенiң меңгерушiсi немесе зерттеудi орындайтын сарапшы-гистолог бұл туралы тез арада сот сараптамасы органының бiрiншi жетекшiсiне және мәйiттi зерттеген сот-медициналық сарапшыға хабар бередi.
146. Кейбiр жағдайларда сот-гистологиялық сараптаманың нәтижелерiне препараттарды сипаттаудың объективтi дәлелi ретiнде микрофотографияларды қоса берген жөн, бұл қайталама сот-медициналық сараптамалар кезiнде даулы мәселелердi шешуiн жеңiлдетедi.

18-тарау. Мәйiттен сот-гистологиялық сараптамаға арналған материалдарды алу және өңдеу

147. Сот-гистологиялық зерттеу үшiн материал алу аутопсия жағдайында 100%-ға жүргiзiлуi тиiс.
148. Сот-гистологиялық зерттеудi мына төмендегi жағдайларда мiндеттi түрде жүргiзедi:
1) адам өлтiрiлгенiне күмәнданған жағдайда;
2) өндiрiстiк жарақат алғанда;
3) уланғанда (соның iшiнде алкогольмен), жүрек бұлшық етi (кем дегенде);
4) электр тогы соққанда;
5) сыртқы ортаның төменгi және жоғары температурасының әсерiнен өлу;
6) ересек және балалардың аяқ астынан қайтыс болу жағдайында;
7) жұқпалы ауруларда (соның iшiнде туберкулез);
8) онкологиялық және гематологиялық ауруларда;
9) ятрогендiк ауруларда;
10) емдеу мекемелерiнде адам қайтыс болған жағдайларда;
11) жүктi және босанған әйелдер өлiмi жағдайында.
149. Басқа да жағдайларда гистологиялық зерттеу жүргiзу қажеттiлiгiн сот-медицина сарапшысы туындаған жағдайды ескере отырып шешедi.
150. Гистологиялық зерттеу үшiн мәйiт органдарының (тiндерiнiң) үлгiсiн мәйiтке сараптама жүргiзетiн сот-медициналық сарапшы алады. Мүшелердiң үлгiсiн алуды зертханашы немесе санитарға тапсыруға тыйым салынады.
151. Сот-гистологиялық зерттеуге арналған материалдарды бекiтiлген, ары қарай өңдеуге дайын күйiнде, «кесiлген» түрде мәйiттi зерттеген сот-медициналық сарапшы алады. Кесiлген кесiкшелердiң қалыңдығы 0,8 сантиметрден кем емес, ұзындығы мен енi 1,5-2 сантиметр шамасында, яғни стандартты жабынды шынының көлемiнен аспауы керек.
152. Органдар мен тiндерде. Диатомды планктонды анықтау үшiн зерттеу химико-токсикологиялық бөлiмде (бөлiмшеде) материалды химиялық жоюдан кейiн жүргiзiледi.
153. Мәйiттiң материалын өңдеу және iшкi органдар мен тiндердiң кесiктерiн сарапшының бақылауымен арнайы гистологиялық техника бойынша дайындықтан өткен зертханашы жүргiзедi.
154. Гистологиялық препараттарға, кесiндiлерге мынадай талаптар қойылады: қалыңдығы микроннан аспайтын, тегiс, жыртылмаған, қатпарсыз бiркелкi боялған, әртүрлi құрылымдары жақсы ажыратылатын болуы тиiс. Кесiндiлерде әртүрлi бөгде қосындылар мен бояушы заттардың криссталдары болмай, сондай-ақ жабынды шынының астында ауа көпiршiктерi болмауы керек. Қосарлы боялған кезде (ядролық және фондық) ажырату талабын қатаң сақтау керек; жақсы түссiзденген және карбол-ксилолдан босатылған;
бөгде бөлшектермен ластауға болмайды.
155. Әрбiр тiлiмнен кем дегенде 2 кесiктен дайындайды. Шыны препараттың реттiк нөмiрi, дайындалған блоктардың саны, дайындалған жылы жазылады.
156. Зерттеудiң мақсаты мен мiндеттерiне байланысты түрлi бояуларды қолданады. Күнделiктi жұмыс үшiн гематоксилин-эозинмен бояумен шектелу жеткiлiктi болады. Қажет болған жағдайда басқа әдiстердi қолданады:
липидтерге /Судан/;
темiр тотығының тұздарын анықтау үшiн /Перлс бойынша/;
дәнекер тiнге /Ван-Гизон немес Зербино немесе Маллори/;
эластикалық талшықтарды /Вайгерт немесе Харту бойынша/;
кардиомиоциттардағы ерте пайда болған зақымдануларды анықтау үшiн /Рего немесе Ли, немесе Селье бойынша/;
амилоидқа /Қызыл Конго немесе генцианды күлгiн/;
гликогенге /Бесту немесе Шабадашу немесе Шиффа реактивi/;
жүйке тiнiне /Нисель бойынша/;
гемоглобурийндi пигменттердi анықтау үшiн /Лепен бойынша/;
жоғарғы тыныс алу жолдарынан алынған жақпа-таңбаларға /Павловский бойынша/;
жаңа туылған сәбилерде өкпелерiнiң микроциркуляторлы жүлгесiнiң қанға толғанын анықтау үшiн /Маллори бойынша/;
микробтарды анықтау үшiн /Лефлердiң метилендi көгi немесе Грам-Вейгерт бойынша/.
157. Сот-гистологиялық тәжiрибеде бiрқатар патологиялық жағдайларды анықтау үшiн фазалы-контрасттық, люминесценттiк, поляризациялық жарықта тәрiздi арнайы зерттеу әдiстерi қолданылуы мүмкiн.
158. Органның немесе тiннiң бiр кесiкшесiн (жағынды) бояудың бiр әдiсiн қолдана отырып, гистологиялық зерттеу бiр гистологиялық зерттеу объектiсi болып табылады. Осы кесiктен дайындалған препаратты әрбiр қосымша бояу, жеке микроскопияның әрбiр арнайы тәсiлiн (люминесценттi, фазалық-контрасты, полярланған жарықта және т.б.) пайдалану, сондай-ақ бiр препаратты морфометриялау мен микрофотоға түсiру қосымша зерттеу объектi болып саналады.

6-бөлiм. Сот-медициналық сараптама органның сот-биологиялық бөлiмшелерiнде сот-медициналық сараптамаларды жүргiзу тәртiбi

19-тарау. Жалпы ережелер

159. Сараптаманың мақсаты биологиялық тектi объектiлердiң бар-жоғын, түрлерiн, тобын, жынысы мен өзге де белгiлерiн (қан, бөлiнiстер, шаштар, сүйек және өзгелер) сот медицинасы саласындағы арнайы танылымдарды қолдана отырып анықтау болып табылады.
160. Сараптама тергеушiнiң, прокурордың, анықтамашының және сот қызметкерлерiнiң қаулысының негiзiнде жүргiзiледi.
Сот-биологиялық бөлiмшелерде заттай айғақтардың сараптамасымен қатар басқа бөлiмшелердiң сот-медициналық сарапшылары жiберген биологиялық объектiлердi зерттеу де жүргiзiледi.

20-тарау. Сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi

161. Келiп түскен заттай айғақтарды бөлiмшенiң меңгерушiсi қабылдайды. Сараптама жүргiзу үшiн:
1) iстiң мән-жайы баяндалған, шешiлудi талап ететiн нақты қойылған сұрақтар, зерттеуге жататын заттар жайлы жазылған сот-медициналық сараптамасын тағайындау туралы қаулы;
2) нақты сараптаманы орындау үшiн қажет үлгiлер (қан, бөлiнiстер, шаштар және басқалар);
3) салыстырмалы зерттеу үшiн алынған заттай айғақтар мен үлгiлер көрсетiлген хаттаманың көшiрмесi;
4) сараптамаға қажет барлық құжаттардың көшiрмесi (мәйiтке немесе тiрi тұлғаға жүргiзiлетiн сот-медициналық сараптаманың қорытындысы, қайта немесе қосымша сараптама тағайындалған жағдайлардағы сарапшының алғашқы қорытындысы) ұсынылады.
162. Егерде қажеттi материалдар жiберiлмесе, сарапшы оларды сұратып ала алады.
Тез арада бұзылатын объектiлер немесе сезiктi адам болмаған жағдайда (немесе жәбiрленушi) сараптаманы iздеу салуға қажеттi мақсатпен үлгiсiз өткiзуге болады.
163. Бөлiмше меңгерушiсi заттай айғақтарды және құжаттарды сарапшыға бередi.
164. Заттай айғақтарды сипаттау барысында сарапшы мiндеттi түрде мөр салынған орамалардың күйiн, мөр және қойылған қолдың барын, оларды ашпай-ақ iшiне қол салуға болатынын қадағалайды.
Орама бүлiнген жағдайда, екi дана акт жасалып, оған бөлiмшенiң үш қызметкерi қол қояды және оны мекеменiң басшысы бекiтедi. Осы сияқты құжат iлеспе парақта заттың немесе үлгiнiң жоқ болған жағдайында да жасалады. Актiнiң бiр данасы зерттеу тағайындаған тұлғаға жiберiледi.
165. Сараптама аяқталған соң заттай айғақтар орамаға салынып, мөр қойылған күйде сараптама тағайындаған тұлғаға қайтарылады.
166. Заттай айғақтар мен олардың құжаттары мөр басылған металл шкафта немесе сейфте сақталады, ал тез бұзылатын заттар тоңазытқышта сақталады.
167. Заттай айғақтар мен құжаттардың сақталуына сарапшы сараптама аяқталғанға дейiн жауапты болады.
168. Белгiлi бiр сараптаманы орындауға қажеттi сарапшылар санын сот-биологиялық бөлiмнiң меңгерушiсi анықтайды.
169. Қайталанған сараптама барысында барлық бастапқы және бұрын жүргiзiлген зерттеулер жасап, тағы бұрын қолданбаған зерттеулер жүргiзедi. Қайта сараптама жүргiзген кезде объектiлердiң алғашқы белгiлерi сақталады.
170. Қосымша сараптама жүргiзу барысында алғашқы сараптамада қолданбаған зерттеулер жүргiзiледi.
171. Заттай айғақтар сараптамасы мынадай ретпен жүргiзiледi:
1) құжаттарды талдау;
2) орамаларды қарау және оларды сипаттау;
3) iс бойынша өтетiн адамдардың салыстырмалы үлгiлерiн зерттеу;
4) заттай айғақтарды қарау, оларды сипаттау;
5) биологиялық тектi объектiлердi анықтау (заттай айғақтарды сипаттаған кезде жүргiзiледi);
6) байқалған объектiлер мен қолда бар тәсiлдер бойынша сараптама жүргiзу жоспарын құру;
7) объектiлердiң түрлерiн, топтарын, жыныстық тегiн анықтау;
8) сарапшының қорытындысын құру;
9) қорытындыны рәсiмдеу.
172. Объектiлердiң бар екендiгiн, түрiн, тобын, жынысын және басқаларды, жұмсалуын анықтау бойынша арнайы зерттеу жүргiзу кезiнде зерттеудiң толықтығын және өте-мөте кiшкентай объектiлердi қоспағанда қойылған сұрақтарға жауап беру мүмкiндiгiн толық жоймай қосымша немесе қайта iс-қимылдарды қамтамасыз ететiндей етiп, жүргiзедi.
173. Сұйық қан бөлiмшеге түскен күннiң ертеңiнен кешiктiрiлмей зерттелуi тиiс.
174. Объектiлердi таңбалау анық болуы және бiр сараптаманы орындау барысында барлық реакцияларда өзгермеуi тиiс.
175. Әр зерттеу алдында және оны түрiне қарай пайдаланылып отырған реактивтер мен реагенттер жарамдылығы тексерiледi (олардың белсендiлiгi мен өзiне тәндiгi).

21-тарау. Қанның сот-медициналық сараптамасы

176. Қанның сот-медициналық сараптамасын жүргiзудiң жоспары жалпы принциптерге сәйкес келедi: қанға ұқсас iздер табу, оның барын, түрiн, тобын, жынысын және өңiрлiк жаратылысын анықтау.
177. Қанға ұқсас iздердi кәдiмгi жарықта, күннiң жарығында немесе жасанды жарықта көзбен көрiп немесе лупа арқылы анықтайды, егер ол қаралу түстi болса үшкiр затпен iздiң үстiн жайлап қырумен анықтайды.
178. Гемоглобиндi және оның қосындыларын анықтауға негiзделген қанның барын анықтайтын реакциялар микроспектроскопия, хромотография, электрофорез, микролюминисценция әдiстерiмен, соңынан сiңу спектрiн және тест пластинкаларды анықтаумен жасалады. Көрсетiлген әдiстердiң кез-келгенiн сарапшы әрқайсысының сезiмталдығын ескере отырып, жұмыста пайдалана алады.
Аз сезiмталдық әдiсiн пайдалану кезiнде терiс реакция алынған жағдайда мiндеттi түрде барынша сезiмталы пайдаланылады және оны жүргiзгеннен кейiн қанның жоқ екендiгi туралы қорытынды жасалуы мүмкiн.
Қанның бар екендiгi туралы қорытынды үшiн қолданғаннан кейiн оң қорытынды берген аталған әдiстердiң кез-келгенiн пайдалану жеткiлiктi, ал қанның жоқ екендiгi туралы қорытынды үшiн – олардың сезiмталдығын арттыра отырып, келесi әртүрлi әдiстердi қолдану мiндеттi.
Реакцияның терiс нәтижесi қанның болмауы туралы қорытынды үшiн негiз болып табылмайды. Бұл жағдайда сарапшы ол анықталу фактiсiн нақтылайды.
179. Қанның түрлiк тиiстiлiгiн оның бар екендiгi белгiленгеннен кейiн анықталады.
180. Қанның түрiн иммунологиялық әдiстермен анықтайды: сұйық ортадағы, агардағы преципитация реакциясымен, әртүрлi тасымалдаушылардағы қарама-қарсы иммуноэлектрофорезбен; иммунофлюоресценциямен. Бiрқатар жағдайларда нәтиже V-хроматин табылғанда анықтала алады.
Әдiстердi таңдау қан iзiнiң сипатына байланысты.
181. Бөлiмшеге түсiп жатқан барлық сарысулар партиясы тексерiлiп, белсендiлiгi мен ерекшелiгi анықталады.
182. Түрлiк тиiстiлiгiн анықтайтын реакцияға, таңдау iстiң жағдайына байланысты болатын адам белогын преципитациялайтын сарысуды және кемiнде сарысулардың өзгеде түрлiк сарысулары енгiзiледi.
183. Қанның iздерiнен тартқышпен бiрге бақылау учаскесiнен (дақ түспеген жерлерден) тасымалдаушы-зат дайындалады (соңғысы қанның iздерiнен тартумен оң нәтижелер алынғаннан кейiн пайдаланылады). Қандайда бiр сарысулардың түрлерiмен тарту кезiнде терiс нәтиже алынған жағдайда, тасымалдаушы заттың бақылау учаскелерiн осы сарысулармен зерттеу орынсыз.
184. Егер аттай айғақтарда адам қаны анықталған жағдайда келесi кезеңде генетикалық түсiндiрiлетiн жүйелер бойынша топтық тиiстiлiгiн анықтау болып табылады.
185. Малдың қанымен араласқан адам қанының iздерiнде топтық қасиеттер анықталмайды.
186. Iс бойынша адам қанының топтық сипатын анықтау кезiнде қанның үлгiлерi сұйық күйiнде зерттеледi, содан кейiн дәкеде кептiрiлген түрiнде барлық реакцияға енгiзiледi.
Ерекше жағдайларда үлгi ретiнде мәйiттен шешiлген киiмдi де зерттеуге болады (ол мiндеттi түрде сараптама тағайындау туралы қаулыда айтылуға тиiс).
187. Iске қатысты адамдар қанының үлгiлерiн сот-биологиялық бөлiмшеде немесе сараптама тағайындаған тұлғаның тапсырмасы бойынша медициналық ұйымның медицина қызметкерi кейiннен зерттеуге жеткiзе отырып, қамау орындарында ала алады. Бiр уақытта қанды сұйық және дәкеде кептiрiп жеткiзiледi.
Мәйiттен сұйық қан үлгiсiн, союды жүргiзген сот-медициналық сарапшы алады (қанды жүрек қуысынан алған орынды). Қандайда бiр себептермен қан алуға мүмкiндiк болмаған жағдайда, үлгi ретiнде шаш, сүйек, тiс, бұлшықет алынады.
188. Болжамданған өлтiрiлу немесе зорлау туралы iстер бойынша сұйық қанды жiберген кезде кейiннен саралау мақсатында барынша көп жүйе бойынша зерттейдi.
Егер қан дәкеде құрғақ түрiнде алынған жағдайда, онда оны зерттеу заттай айғақтармен бiрге жүргiзедi, бұл ретте сарапшы үлгiлердiң арасында айырмашылықтар анықталған жүйелердiң объектiлерiн зерттеу үшiн барынша ақпараттық және қолжетiмдi жүйелерi бар үлгiлердi зерделеуден бастайды.
189. Қанның бар екендiгiн, түрлiк және топтық сипаттарын анықтағаннан кейiн сарапшы сұрақ қою кезiнде цитологиялық зерттеу әдiсiн қолдана отырып, қанның жыныстық тиiстiлiгi және оның өңiрлiк тегiн анықтайды.
190. Ұрықтың, нәрестенiң және ересек адамның қанын ажырату электрофоретикалық жолмен және иммунологиялық әдiстермен жүзеге асырылады.
191. Перифериялық және етеккiр қандарын ажырату үшiн электрофоретикалық және цитологиялық әдiстермен жүргiзiледi.

22-тарау. Шәует iздерiнiң сараптамасы

192. Жыныстық қылмыстар туралы iстер бойынша заттай айғақтарды шәует дағына ұқсас iздердi iздеуден бастайды. Оған анықтау табиғи немесе жасанды жарықта, ультракүлгiн сәуледе картоп шырыны реакциясын қолданып, iздiң үстiңгi бетiн өткiр затпен байқап қыра отырып, қол жеткiзiледi.
Iздерде шәуетке күдiктенген жағдайда оның бар екендiгi дәлелдi әдiстермен белгiленедi. Сарапшы таңдаған кез-келген зерттеу әдiсi оң нәтиже берген жағдайда шәует бар деген қорытынды жасауға құқық бередi, ал шәует жоқ деген қорытындыға келу үшiн неше түрлi әдiстер арсеналын қолдануға тура келедi.
193. Ауру болған жағдайда (азоспермия, олигоспермия, некроспермия және басқа) жаңылыс корытындыны жасамау үшiн морфологиялық iздеулер тepic нәтиже берсе, басқа әдiстер (атап айтқанда қышқыл фосфотаза ингибитормен және картоп шырынының реакциясы, хроматография әдiсiн, тест-пластинкалар мен АСР) қолдану керек.
194. АВ0 жүйесi бойынша шәуеттiң қай топқа жататынын тиiстi нұсқауларда сипатталған қан тобын анықтау әдiсi бойынша қолданатын әдiстермен анықтайды.
195. Шәуеттi зерттеу нәтижелерiн нақтылау иммунофлюресценция реакциясын пайдалану кезiнде, тiкелей сперматозоидтарда топтық өзiне тән антигендердi анықтайды.
196. Шәует тобын анықтау алдында iс бойынша өтетiн адамдардың қан үлгiлерiн және табиғи бөлiнiстерiн зерттейдi. Бiр уақытта олардың топтық сипаттарын және бөлiп шығару санаттарын анықтайды. Бөлiп шығару санаттарын анықтау үшiн сарапшы заттай айғақтардағы iздер байқалған адамның табиғи бөлiнiстерiнде зерттегенi дұрыс (бұл жағдайда шәуеттi зерттеу керек), әйтпесе әр түрлi бөлiнiстердi зерттей отыра сарапшы қарама-қайшы нәтижелердi терiске шығара алмайды.
Мәйiттiң бөлiп шығару санатын оның өт үлгiсiн немесе несебiн зерттеу арқылы жүзеге асырады.
197. Шәуеттiң араласқан iздердегi тобын анықтау үшiн (мысалы қан және шәует) материалды бутанолға, бутанолдың метанолмен қоспасына экстрациялауды, сондай-ақ жасушалардың сараланған лизис әдiсi қолданылады.
198. Заттай айғақтардағы шәует iздерiмен, сонымен қатар сiлекей үлгiсiмен жұмыс iстегенде бiр ғана реагенттi пайдалану керек.

3-тарау. Сiлекейдiң, тердiң, несептiң сот-медициналық сараптамасы

199. Заттай айғақтарды зерттеуге кiрiсе отырып, сарапшы сiлекейге ұқсас iздердi iздейдi. Бұл зерттеудi ашық жарықта немесе ультракүлгiн сәуле көмегiмен жүргiзедi.
200. Заттай айғақтарды қарағанда табылған iздерде сiлекей барын Мюллер шығарған Барсегянц жетiлдiрген «PHADEBAS» амилазына реакция арқылы анықтайды.
201. Ауыз қуысында болмаған белгiсi бар темекi тұқылында, шайнаған сағызда сiлекейдiң бар екендiгiн анықтамайды. Егер темекi тұқылында немесе сағызда арнайы топтық антигендер табылып, алынған нәтижелер нақты болмаса, онда сiлекейдi анықтау үшiн реакциялар жүргiзедi.
202. Сiлекейдегi топтық қасиеттi анықтау шәует анықтау тәсiлдерi сияқты анықталады.
203. Сiлекейдегi топтық өзiне тән антигендердi анықтауға жiберiлгендерге реакция жүргiзер алдында осы iс бойынша өтетiн тұлғаның бөлiп шығару санаты анықталады.
204. Егер сiлекейдiң жыныстық тегi туралы сұрақ туса, онда сарапшы осы сұрақты шешу үшiн цитологиялық зерттеу әдiстерiн пайдаланады.
205. Тердiң барын анықтайтын қатаң арнайы реакция болмағандықтан, соңғының зерттеуiн хромотография реакциясының жұқа қабығымен немесе химиялық реакция арқылы мынандай жағдайда өткiзiледi:
1) заттай айғақтың белгiлi бiр адамға тиiстi болуы;
2) саусақ таңбасын зерттеу;
3) тасымалдаушы-заттың тегiнiң сарысуға әсерiн анықтау.
206. Сiрiңке, тырнақ асты затында, темекi тұқылында тердiң барын зерттеудi және басқаны дұрыс нәтиже бермейтiн себептермен жасамаған жөн.
207. Егер қажет болған жағдайда, сарапшы киiмдерде тердiң барын анықтау қажет болса, ондай жағдайларда қорытындыны ол дақта сiлекей немесе шәует iздерi жоқтығына көз жеткiзiп барып, жасалады.
208. Ұзақ киiлген киiмдерде тер барын анықтап жатудың қажеттiлiгi жоқ (бас киiмдердiң астарлары, аяқ киiм ұлтарақтарында, шұлық және басқа).
209. Ерекше жағдайда болмаса, тердiң түрiн сирек анықтайды (басқа бiр жануардың терi барын анықтауда). Ол үшiн қарама-қарсы иммуноэлектрофорез әдiсiн қолданады.
210. Тердiң топтық қасиетiн әртүрлi модификацияда абсорбция-эллюция әдiсiмен анықтайды.
211. Аралас iздердегi тердiң тобын анықтау үшiн (мысалы, қан мен тер) материалды бутанолға салу немесе бутанол мен метанол қосындылары қолданылады.
212. Iздегi несептiң барын несепнәрдiң немесе креатиннiң iзiмен анықтайды.
213. Құрамында жеткiлiктi мөлшерде белок болмағандықтан несептiң түрiн әдетте анықтамайды (ерекше жағдайларда ол иммунофлюоресцеиция реакциясы арқылы анықталады).
214. Топтық өзiне тән А, В, Н антигендерiн АВ0 жүйесi бойынша несепте абсорбция-элюция реакциясының әртүрлi жетiлген тәсiлдерiн пайдаланып отырып анықтайды.
215. Аралас iздердiң топтық ерекше қасиеттерiн, жеке iздермен жұмыс iстегенде қолданылатын тәсiлдер арқылы анықтайды.

24-тарау. Шаштың сараптамасы

216. Шаш тектес объектiлердi сараптама тағайындаған тұлға жiбередi.
217. Шаштың барын, оның түрiн, әртүрлi морфологиялық белгiлерiн физикалық және химиялық әдiстердi пайдалана отырып, макро және микроскопиялық зерттеу жасау барысында анықтайды
218. Осы тәсiлдермен шаштың адам денесiнiң қай жерiнен екендiгiн де анықтайды.
219. Шаштардың белгiлi бiр адамға жататындығын олары бiр-бiрiмен салыстыру арқылы микроскоптың көру аумағында анықтайды.
220. Бiрнеше шашта немесе бiр шаштың бөлiгiне АВ0 жүйесi бойынша топтық өзiне тән А, В, Н антигендердi анықтау үшiн абсорбция реакциясы қолданылады.
221. Белгiлi бiр адамның үлгi ретiнде алынған шаштарын егер де олардың топтық сипаты бiрдей топта болса «дәлел ретiнде» зерттейдi.
222. Егер шашты зерттеу барысында сарапшы ол шаштар жануардыкi деген тұжырымға келсе, жануардың түрiн анықтау мәселесi басқа маманның құзырына кiретiндiктен қандай жануардыкi екенiн анықтамайды.


Страницы 1 2 3
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina