ГЛАВНАЯ »  Нормативная база  »  Инструкции  »  Iшкi iстер органдарында әскери-дәрiгерлiк сараптама...
Главное меню
Карта сайта
Инструкция сайта
Кадровый резерв
НОВОСТИ
МСФО
КОНТАКТЫ
Договоры-оферты
договор_дистанционка
Договор оферты_сайт
Точка опоры
БАЗА_Закон Өдiлет
PCT-международная патентная система
Книга МСФО_2023
COVID19
Coronavirus2020
Актуальная тема
Мониторинг законодательства
Налогообложение и бухгалтерский учет
Хозяйственные и трудовые отношения
Специалисту ВЭД
Фондовику
Блокнот Бухгалтера
Страхование
Банки
Кодексы
Экология
Налоги
Налогоплательщики НДС
Планы проверок
Разъяснения по ф.100
Путеводитель по налогам
Отчеты
Налоговый календарь
Справки по ИС
Налоговые заявления
Отчеты
Госзакупки
Государственные закупки
Разъяснение о гос. закупках
Электронный закуп
Справочники
Товары и коды online
Реестр товаров, работ и услуг
КЛАССИФИКАТОРЫ
Производственный календарь
Нормы списания ГСМ
Новые счета МСФО
Полезные ссылки
Инкотермс-2000
КБК
Инкотермс-2010
КОФ
Справочник по должностям
Лжепредприятия
Делопроизводство
Нормативно-методическая база кадрового делопроизводства
Типовые договора
Профессионалы отвечают
Предоставление ФНО в электронном виде
Трудовые отношения
Упрощенная система
Налог на прибыль
Оплата труда
Командировки
Таможня
Стат. отчетность
Другие
Соц. налог
НДФЛ
НДС
Нерезиденты
Нормативная база
Налоговый кодекс РК
Национальные стандарты
Письма контролирующих органов
Постановления
Распоряжения
Инструкции
Конвенции
Положения
Протоколы
Решения
Приказы
Правила
Проекты
Законы
Указы
Бухгалтерская наука
Сертификация CAP, CIPA
Дистанционное обучение
Семинары, брифинги
Учебник по 1С:ПРЕДПРИЯТИЕ
Кабинет директора
Фин. директору
Искусство продаж
Таможенный союз
Автоматизация бизнеса
Реинжиниринг
Менеджмент
Деньги
Рынок и аналитика
Раздел Выставки
Банковские технологии
Акции и фонды
Наши издания
Элитстандарт
Business-portal
Наука продаж:от технологии к искусству
Искусство продаж
Science_of_Sales
Интеллект-магазин
Оформить подписку
Рассылки
МедиаКит
Краткие новости

Книга МСФО 2022 в 3-х томах официальный перевод на русский  язык IFRS Foundation. , тел. 87755768113

Инструкции

Страницы 1 2 3 4

  Iшкi iстер органдарында әскери-дәрiгерлiк сараптама өткiзу жөнiндегi нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2010 жылғы 27 шiлдедегi № 325 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрiнiң
2010 жылғы 27 шiлдедегi
№ 325 бұйрығына
1-қосымша

Iшкi iстер органдарында әскери-дәрiгерлiк
сараптама өткiзу жөнiндегi нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Әскери-дәрiгерлiк сараптаманы «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнiң 60-бабына, «Әскери-дәрiгерлiк сараптама өткiзу ережесiн және Әскери-дәрiгерлiк сараптама органдары туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 қаулысына (бұдан әрi - Ереже), «Адамдардың iшкi iстер органдарындағы қызметке денсаулық жағдайының сәйкестiгiне қойылатын талаптарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығына (бұдан әрi - Талаптар) (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6175 болып тiркелген) сәйкес қызметке және құқық қорғау органдарының арнайы (әскери) оқу орындарына оқуға үмiткерлердiң, құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, құқық қорғау органдарының арнайы (әскери) оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларының денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшiн әскери-дәрiгерлiк комиссиялар (бұдан әрi - ӘДК) жүргiзедi.
2. Толық құрамды штаттық ӘДК-нiң жүктемесi бiр жылда екi жарым мыңнан аспайтын медициналық куәландыруды құрайды, ӘДК-нiң бiр дәрiгер-маманының бiр жұмыс күнiнде куәландырған адамдарының саны зерттеулерден кейiн келген адамдарды ескере отырып, бейбiт уақытта 25 адамнан, ал құқық қорғау органдарының арнайы (әскери) оқу орындарында түпкiлiктi куәландыру кезiнде және соғыс уақытында 50 адамнан аспауы тиiс.

2-тарау. Медициналық куәландыру

3. Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес әскери-дәрiгерлiк комиссияға медициналық куәландыруға құқық қорғау органдарының, сондай-ақ әскери прокуратураның, анықтау және тергеу органдарының кадр қызметтерi:
құқық қорғау органдарындағы қызметке;
арнайы (әскери) оқу орындарына оқуға түсуге;
құқық қорғау органдарында одан әрi қызмет өткеруге жарамдылығын айқындау үшiн жүргiзедi.
Кадр қызметтерi әскери қызметке түсушi азаматтардың әскери билеттерi мен әскери тiркеу куәлiктерiн зерделейдi және олар әскери (саптық) қызметке жарамды болып әскери есепте тұрған жағдайда ғана ӘДК-ге жiбередi.
4. Жолдама ӘДК-де куәландыру үшiн берiлген күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жарамды.
5. Ведомстволық медициналық мекемеде (бөлiнiсте) емделудегi қатардағы және басшы құрамдағы адамдарда ауыр созылмалы аурулар, айқын функциялық бұзылулары бар зардаптар, қолайсыз болжамдар анықталған жағдайда медициналық мекемелердiң (бөлiнiстердiң) бастықтары көрсетiлген адамдарды ӘДК-ге медициналық куәландыруға жiберудiң мақсатқа сай болуы туралы еркiн түрде жазылған анықтамамен кадр қызметтерiне хабарлайды.
6. Адамдарды куәландыруды ӘДК дәрiгер-мамандары: терапевт, хирург, невропатолог, психиатр, офтальмолог, отоларинголог, ал оқуға кандидаттарды куәландыру кезiнде – дерматовенеролог, стоматолог, әйелдер үшiн - гинеколог жүргiзедi.
Куәландырылушылар тексерiлу (консультация) үшiн басқа дәрiгер-мамандарға жiберiледi.
Куәландыру кезiнде кеуде қуысы органдарын флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу, қанды клиникалық толық талдау, зәрдiң жалпы (толық) талдауы, қанды адамның қорғаныш тапшылығы жұқпасына талдау (бұдан әрi - АҚТЖ), мерез ауруына серологиялық реакция, құқық қорғау органдарының арнайы (әскери) оқу орындарына түсетiн және 30 жастан асқан адамдарға тыныштықта және жүктеме кезiнде электрокардиографиялық зерттеу, 40 жастан асқан адамдарға көз iшiнiң қан қысымын өлшеу, функциялық және зертханалық зерттеулер (әйел адамдар үшiн тазалық дәрежесiне жағындыны зертханалық тексеру) жүргiзiледi.
Өз құрамында психофизиологиялық зертханасы, психофизиологиялық тобы (бұдан әрi – ПФЗ, ПФТ) бар ӘДК осы Нұсқаулыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жетекшi мамандықтағы сарапшы дәрiгерлердiң медициналық куәландыруынан кейiн мына контингенттерге:
қызметке түсетiн азаматтарға;
әскери қызметке түсетiн азаматтарға;
құқық қорғау органдарының арнайы (әскери) оқу орындарына түсетiн адамдарға;
қызмет бойынша, оның iшiнде жоғары тұрған лауазымға ауысу, ұзақ уақытқа шетелдiк iссапарға шығу кезiнде құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына;
емхананың психиатрында диспансерлiк есепте тұрған құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына оның жолдамасы бойынша мiндеттi психодиагностикалық зерттеу жүргiзедi.
Куәландырушыларға тест тапсырмалары мен нұсқаулықтар мемлекеттiк немесе ресми тiлдерде берiледi.
Функциялық диагностика дәрiгерiнiң психофизиологиялық зерттеуiне:
арнайы автомотокөлiк жүргiзушiлерi лауазымына түсетiн адамдар;
жедел қызметке түсетiн адамдар;
Талаптардың екiншi бағаны бойынша куәландырылатын адамдар жатады.
Назардың, естiң, эмоциялық тұрақтылықтың функциялық диагностика нәтижелерi және орталық нерв жүйесi функциялық жай-күйiнiң, кардиореспираторлық жай-күйдiң, вестибуляторлық аппараттың басқа да ерекшелiктерi, сондай-ақ құқық бұзушылықтар, оның iшiнде сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар жасауға бейiмдiлiк кадр аппаратына арналған психологиялық мiнездемеде көрiнiс табуы тиiс.
Қызметке қабылданатын, оқуға түсетiн кандидаттарды, қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды психодиагностикалық зерттеу зияткерлiк өнiмдiлiгiн анықтауға, кандидаттың оның қызметтiк мiндеттерiн, әскери қызмет мiндеттерiн орындауға оң да, терiс те әсер етуi мүмкiн зерттелушiлердiң мiнез-құлқының (жеке тұлғаның) негiзгi белгiлерi мен ерекшелiктерiн анықтауға бағытталған.
Психологиялық мiнездемелерде қызметке (оқуға) түсу себептерi, зияткерлiк деңгейi мен ерекшелiктерi, өзiн өзi бағалауы, коммуникативтiк қасиеттерi, эмоциялық-ерiк қасиеттерi, жеке тұлғаның бағыттылығы (әлеуметтiк және мiнез-құлық бағдары), жеке басының басқа да қасиеттерi (интердербес қарым-қатынастар жүйесi, түрлi жағдайлардағы мiнез-құлық реакциялары) жазылады.
Көрсетiлген қорытындылар ұсынымдық сипатқа ие және кандидаттың жеке психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерiнiң қызметтiң немесе оқудың негiзгi түрлерiне психологиялық жарамдылық өлшемдерiне сәйкес келу дәрежесiн ескеруi тиiс. Психофизиологиялық және психологиялық зерттеулердiң деректерi бойынша кандидаттың кәсiби жарамдылығында елеулi қайшылықтар болған жағдайда қорытынды функциялық диагностика дәрiгерiнiң, психологтың және ПФЗ бастығының қатысуымен комиссиялы түрде белгiленедi.
Психологиялық мiнездеме осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық куәландыру туралы анықтамаға енгiзiледi.
Құқық қорғау органдары бөлiнiстерiнiң, арнайы (әскери) оқу орындарының кадр аппараттарына кандидаттың толық психологиялық мiнездемесiн (арнайы психологиялық терминологияны пайдаланбай) қамтитын егжей-тегжейлi қорытындылар және қызметтiң нақты түрiне оның кәсiби жарамдылығы туралы мынадай қорытындылардың бiрi берiледi:
«Ұсынылады» (көзделген лауазым талаптарына толық сәйкес келедi) деген қорытынды қысылтаяң жағдайларды қоса алғанда алдағы қызметтiң жағдайлары мен сипатына оңтайлы бейiмделуiн қамтамасыз ететiн жеке ерекшелiктерi анықталған адамдарға қатысты шығарылады. Бұл адамдар үшiн қызметтiң табысты болуы және ауытқымалы (нормадан тыс) мiнез-құлықтың немесе кәсiби аурулардың дамуының төмен ықтималдылығы болжанады. Олардың жедел-қызметтiк жұмысының тиiмдiлiгi мен сенiмдiлiгi негiзiнен қазiргi кәсiби даярлығының деңгейiмен немесе тұрақты кәсiби дағдылардың пайда болуымен айқындалады.
«Шартты түрде ұсынылады» (көзделген лауазым талаптарына барынша аз сәйкес келедi, кандидаттар жетiспеген жағдайда кәсiби қызметке жiберiледi) деген қорытынды жеке ерекшелiктерi сапалы кәсiби даярлық болғанның өзiнде көзделген лауазымда қызметтiң немесе оқудың табысты болуын сенiмдi болжауға мүмкiндiк бермейтiн адамдар үшiн шығарылады.
Қызметке жоғары мотивация болған жағдайда мұндай кандидаттардың ұзақ кезең iшiндегi тиiмдi қызметi, әдетте, ұдайы асыра зорланудан функциялық резервтерiнiң тез таусылуына байланысты елеулi қиындықтар туғызуы мүмкiн.
Бейiмделудiң бұзылуы, сырқаттық жай-күйi немесе ауытқымалы мiнез-құлық оларда тек стрестiк қана емес, әдеттегi жағдайларда да көрiнуi мүмкiн. Олар, көп жағдайларда, «тәуекел тобына» жатады және олар қызметке қабылданған жағдайда бөлiнiстер психологтарының тарапынан бақылауды қажет етедi.
«Ұсынылмайды» (көзделген лауазым талаптарына сәйкес келмейдi) деген қорытынды аурулардың дамуының жоғары ықтималдылығымен айқын дезадаптация белгiлерi, қызметке немесе оқуға қанағаттанарлықсыз мотивациясы, жеке басының терiс ерекшелiктерi, мiнез-құлықтың әлеуметке жат нысандары бар кандидаттарға қатысты шығарылады. Мұндай кандидаттарда дезадаптация күйi әдеттегi жағдайларда дамуы мүмкiн. Бұларды да «тәуекел тобына» жатқызу керек. Кәсiби қызметiнiң қолайсыз болжануына байланысты осы санатқа кәсiби маңызды психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерiнiң деңгейi төмен, функциялық жүйелерiнiң резервтерi төмендеген адамдар да жатады.
ПФЗ бастығы, сарапшы психологтар, функциялық диагностиканың сарапшы дәрiгерi жоғары психологиялық немесе медициналық бiлiмi, психология бойынша дайындығы бар сарапшы мамандар болып табылады.
7. Медициналық куәландыру үшiн штаттық ӘДК-де: қызметке түсетiн азаматтарға, құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына климаттық жағдайлары қолайсыз жерлерге, ұзақ уақытқа шетелдiк iссапарларға шығу кезiнде, құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының отбасы мүшелерiне осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық куәландыру актiсi;
құқық қорғау органдарының арнайы (әскери) оқу орындарына түсетiндерге – осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқуға түсушiнiң медициналық куәландыру картасы толтырылады.
8. Штаттық емес тұрақты жұмыс iстейтiн ӘДК медициналық куәландыру актiсiн толтырмайды. Өз қорытындыларын госпитальдiк ӘДК стационарлық науқастың медициналық картасына, гарнизондық ӘДК – амбулаторлық науқастың медициналық картасына немесе әскери қызметшiнiң медициналық кiтапшасына енгiзедi.

1. Құқық қорғау органдарына қызметке түсушi азаматтарды медициналық куәландыру

9. Қызметке түсушiлер медициналық куәландырудан өту үшiн кадр қызметi ресiмдеген жолдамамен бiрге ӘДК-ге:
1) тұрғылықты жерi, жұмыс, оқу немесе қызмет орны бойынша медициналық мекемелерден кемiнде соңғы 5 жылдағы денсаулық жағдайын сипаттайтын амбулаторлық науқастың медициналық картасын, ал ол болмаған жағдайда – себептерi (жоғалған, ашылмаған, келмеуiне байланысты және т.б.) көрсетiлген анықтама;
2) психоневрологиялық, наркологиялық, терi-венерологиялық, туберкулезге қарсы диспансерлерден диспансерлiк есеп туралы анықтамалар, әйелдер бұдан басқа әйелдер консультациясынан анықтамалар ұсынады.
Анықтамалар мен үзiндiлер денсаулық сақтау ұйымдарының бланкiлерiнде ресiмделедi және мөрлермен расталады, ӘДК-нiң талап етуi бойынша толық көлемде ұсынылады.
Азаматтар ұсынған дәрiгерлiк анықтамалар мен денсаулық жағдайын немесе оның ауруының бар екенiн сипаттайтын басқа да медициналық құжаттар оны қосымша тексерулерден босатпайды. Азаматты медициналық бақылау туралы мәлiметтерге күмән туындаған жағдайда ӘДК оларды қосымша сұрау салулар арқылы нақтылайды.
Құқық қорғау органдарының арнайы (әскери) оқу орындарына қызметке түсуге жарамсыз деп танылған азаматтардың өтiнiшi бойынша нәтижелердi жариялағаннан кейiн медициналық тiркеушi қолдарына: амбулаторлық науқастың медициналық картасын және медициналық құжаттарын (егу картасын) қайтарады.
10. ӘДК-де куәландыру сәтiне дейiн 3 айдан аспайтын мерзiмде жарамдылығы шектеусiз әскери қызметтен босатылған әскери қызметшiлер қатарынан қызметке түсетiн азаматтар ұсынылған мерзiмдi қызметтегi солдаттардың медициналық кiтапшаларында не офицерлiк медициналық кiтапшаларында медициналық бақылау туралы деректер болған жағдайда анықтамалар ұсынбайды.
11. Қызметке түсушi азаматтар зерттеу нәтижелерiн зерттеудi жүргiзген денсаулық сақтау ұйымдарының мөрлерiмен расталған бланкiлерде ұсынады.
Кеуде қуысының органдарын флюорографиялық зерттеу 6 ай бойы жарамды.
Медициналық көрсетiмдер бойынша қосымша тексерулер жүргiзiлуi мүмкiн.
12. Сараптама қорытындысы аурудың дәл диагнозына негiзделген болуы тиiс.
Диагнозды аурулардың жалпы қабылданған жiктелуiне сәйкес тұжырымдау керек, онда аурудың этиологиясы мен патогенезiн, нозологиялық нысанын, клиникалық-морфологиялық өзгерiстерiн, функциялық бұзылулардың сипаты мен дәрежесiн, компенсация дәрежесiн немесе куәландыру күнiндегi аурудың сатысын, жүргiзiлген емнiң сипаты мен нәтижелерiн көрсету қажет. Алдымен негiзгi ауру, мертiгу көрсетiледi, содан соң негiзгi аурумен этиопатогенетикалық байланысты аурулар, содан кейiн Талаптардың тиiстi баптарын қолдану үшiн ӘДК-ге негiз беруiне немесе бермеуiне қарамастан, қалған барлық аурулар көрсетiледi.
13. ӘДК-де куәландыру барысында қызметке түсетiн азаматтар аурудың диагнозын нақтылау немесе осы ауруды емдеу үшiн олардың келiсiмiмен ведомстволық медициналық мекемелерге, денсаулық сақтау ұйымдарына амбулаторлық, стационарлық тексеруге жiберiледi.
Тексеруден бас тартқан жағдайда қорытынды анықталған немесе болжалатын диагноз бойынша шығарылады.
14. ҚIД, ҚIБ, ҚIб жанындағы дәрiгерлiк комиссиялар жарамдылық санаты туралы қорытындыны қайта қараған, ауруы бойынша бұрын iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарынан, iшкi әскерлерден, Қарулы Күштерден босатылғандар, ауруы бойынша мерзiмдi қызметтен босатылғандар санынан қызметке түсетiндердi куәландыру кезiнде ӘДК кадр аппараттары ұсынған әскери-есептiк және медициналық сараптама құжаттарын зерделейдi, қосымша тексерулер, негiзгi ауруының бейiнi бойынша жетекшi мамандардың консультацияларын жүргiзедi. ӘДК нақты лауазымдағы қызметке жарамды деп таныған көрсетiлген адамдарға осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес қорытынды ресiмделедi және тiркеледi. ӘДК-де қаралған медициналық сараптама құжаттарымен бiрге медициналық куәландыру актiсi, сондай-ақ анықтама бекiту үшiн Орталық әскери-дәрiгерлiк комиссияға (бұдан әрi - ОӘДК) жiберiледi.
15. Автомотокөлiк жүргiзушiлерi лауазымына фельдъегерлiк қызмет бөлiнiстерiне қызметке түсетiн азаматтарға, сондай-ақ Талаптардың екiншi бағаны бойынша куәландырылушыларға вестибулярлық аппараттың ал өртке қарсы қызмет бөлiнiстерiне қызметке түсушiлерге спирографиялық тексеру жүргiзiледi.
16. Қызметке түсетiндерге қатысты қорытындылар «қызметке түсетiндер» бөлiмi бойынша жолдамада көрсетiлген қызмет (нақты лауазым, мамандық) түрiне сәйкес келетiн бағандардың бiрi бойынша кесте тармақтарына сәйкес шығарылады. Соғыс уақытында қызметке түсетiндердiң жарамдылығы туралы қорытынды «қатардағы және басшы құрам» бөлiмi бойынша шығарылады.
17. Куәландыруға жолдамада көрсетiлген лауазымда мамандығы бойынша қызметке түсетiн азамат жарамсыз болған жағдайда кадр аппаратымен келiсiм бойынша ӘДК бiр мезгiлде денсаулығы үшiн зиян келтiрмейтiн қызмет өткеру мүмкiн болатын бөлiнiстегi қызметке және қызмет түрiне (нақты лауазымда, мамандығы бойынша) оның жарамды екенi туралы қорытынды шығарады.
18. Куәландыру нәтижелерi бойынша ӘДК-нiң ақырғы қорытындысы медициналық куәландыру актiсiне, әскери-дәрiгерлiк комиссия отырыстарының хаттамалары кiтабына және медициналық куәландыру туралы анықтамаға, қатардағы және басшы құрамдағы адамдар үшiн қосымша амбулаторлық картаға жазылады. Куәландыру кезiнде анықталған барлық аурулары мен дене кемiстiктерi сараптамалық маңызды ретiнде көрсетiледi.
19. ӘДК Адамдардың iшкi iстер органдарындағы қызметке денсаулық жағдайының сәйкестiгiне қойылатын талаптардың бiрiншi, екiншi бағандары бойынша қызметке жарамды деп таныған қызметке түсетiн азаматтар кез келген климаттық жағдайларда қызмет өткеруге жарамды.
20. Егер азаматта қызметке түсуге кедергi келтiретiн, мақсатты бағытталған оперативтiк немесе консервативтiк емдегенде жазылуы мүмкiн ауру анықталған жағдайда «уақытша жарамсыз» деген қорытынды шығарылады. Куәландыру барысында сарапшы-дәрiгер, маман куәландырылушыға ұсынылатын емнiң мақсатқа сай екенiн түсiндiредi. Осындай қорытынды қызметке түсушiнiң уақытша еңбекке жарамсыздығын тудыратын жiтi ауру анықталған жағдайда да шығарылады.
21. Бұрын Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ӘДК әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсыз деп таныған адамдар медициналық куәландыруға жатпайды.
22. Медициналық куәландыру туралы анықтама ӘДК-де қорытынды шығарылған сәттен бастап 2 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей ресiмделедi және медициналық куәландыру актiсiнiң титул парағына белгi (күнi, қолы, тегi анық жазылып, қызметтiк телефоны) қойылып, кадр аппаратының қызметкерiне берiледi.

2. Құқық қорғау органдарының арнайы (әскери) оқу
орындарына түсетiн азаматтарды куәландыру

23. Құқық қорғау органдарының арнайы (әскери) оқу орындарына түсуге жарамдылығын анықтау үшiн медициналық куәландырудан:
1) құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары;
2) iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi;
3) мерзiмдi қызмет аяқталғаннан кейiн запасқа босатылған азаматтар;
4) орта мектептi бiтiрген азаматтар өтедi.
24. Құқық қорғау органдарының арнайы (әскери) оқу орындарына күндiзгi оқыту нысаны бойынша түсетiн азаматтар, оның iшiнде қатардағы және басшы құрамдағы адамдар, IIМ Iшкi әскерлерiнiң және әскери-тергеу бөлiнiстерiнiң (бұдан әрi – IIМ IӘ және ӘТБ) әскери қызметшiлерi алдын ала медициналық куәландыруды iшкi iстер органдарының ӘДК-де және түпкiлiктi медициналық куәландыруды құқық қорғау органдары арнайы (әскери) оқу орындарының Уақытша жұмыс iстейтiн әскери-дәрiгерлiк комиссиясында (бұдан әрi - УӘДК) өтедi.
Алдын ала куәландыру нәтижелерi медициналық куәландыру картасымен ресiмделедi, денсаулық жағдайы бойынша арнайы (әскери) оқу орындарына түсуге жарамды деп танылған үмiткерлердiң карталары және амбулаторлық науқастың медициналық карталары ӘДК отырыстарының хаттамалары кiтабында белгi жасала отырып (күнi, қолы, тегi анық жазылып, телефон) кадр аппаратына берiледi.
Сырттай оқыту нысанына түсетiн құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарын куәландыру Ережеге және Талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
25. Алдын ала куәландыру басталғанға дейiн ӘДК 5-тарауда санамаланған медициналық құжаттарды және сонымен қатар баланың медициналық картасын, егу картасын сұратады және зерделейдi.
Үмiткерлерге кеуде қуысы органдарына флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу, қанды клиникалық толық талдау, зәрдiң жалпы (толық) талдауы, мерезге, АҚТЖ-ға серологиялық реакциялар, электрокардиографиялық зерттеу, аурулардың шынайы диагностикасы үшiн қажеттi функциялық және зертханалық зерттеулер жүргiзiледi.
Күндiзгi оқыту нысанына түсетiн құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары мiндеттi түрде науқастың амбулаторлық картасын ұсынады.
26. Құқық қорғау органдарының арнайы (әскери) оқу орындарына түсетiн адамдарды куәландыруды ӘДК дәрiгер-мамандар: терапевтiң, хирургтiң, невропатологтың, психиатрдың, офтальмологтың, отоларингологтың, дерматовенерологтың және стоматологтың мiндеттi тексеруiмен жүргiзедi. Әйелдердi гинеколог қарайды. Көрсетiмдер болған жағдайда куәландырылушылар тексеру (консультациялар) үшiн басқа мамандарға жiберiледi.
27. Алдын ала куәландыру кезiндегi тексеру деректерi тиiсiнше медициналық куәландыру картасына енгiзiледi.
Тексеру деректерi толық болуы тиiс, жалпы қабылданған медициналық терминдердi қысқартуға ғана рұқсат етiледi.
28. Алдын ала куәландыру қабылдау емтихандарына дейiн кемiнде 4 ай бұрын жүргiзiледi.
29. Күндiзгi оқыту нысанына түсетiндерге ӘДК қорытындысы Талаптардың тиiстi бағандары бойынша «оқуға түсетiндер» бөлiмi бойынша шығарылады:
бiрiншi баған бойынша басқа барлық факультеттерге түсетiн кандидаттарға;
екiншi баған бойынша қорытындылар жол полициясы қызметiнiң, өртке қарсы қызметтiң және iшкi iстер органдары, басқа құқық қорғау органдары жедел қызметтерiнiң мамандарын дайындайтын факультеттерге түсетiн кандидаттарға;
үшiншi баған бойынша мемлекеттiк өрт қадағалау мамандарын дайындайтын факультеттерге түсетiндерге шығарылады.
30. Үмiткерлерде «оқуға түсетiндер» бөлiмi бойынша Талаптардың тармақтарында жарамдылықты жеке бағалау көзделген аурулар немесе дене кемiстiктерi анықталған жағдайда олар түсуге жарамсыз деп танылады.
31. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарында «қызметкерлер» бөлiмi бойынша Адамдардың iшкi iстер органдарындағы қызметке денсаулық жағдайының сәйкестiгiне қойылатын талаптардың тармақтары бойынша саптағы немесе саптан тыс қызметке жарамдылық көзделетiн аурулар болған жағдайда олар күндiзгi оқыту нысанына түсуге жарамды деп танылады.
32. Мемлекеттiк өрт қадағалау мамандарын дайындайтын факультетке күндiзгi оқыту нысанына түсетiн қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қорытынды «қызметкерлер» бөлiмi бойынша Талаптардың үшiншi бағаны бойынша шығарылады.
Талаптардың тармақтары бойынша саптағы немесе саптан тыс қызметке жарамдылық көзделетiн аурулар болған жағдайда олар оқуға түсуге жарамды деп танылады.
33. Соғыс уақытында құқық қорғау органдарының оқу орындарына азаматтық жастар қатарынан түсетiндер «оқуға түсетiндер» бөлiмi бойынша Талаптардың бiрiншi бағаны бойынша, қатардағы және басшы құрамдағы адамдар – «қызметкерлер» бөлiмi бойынша үшiншi баған бойынша куәландырылады.
Азаматтық жастар қатарындағы адамдарда Талаптардың тармақтарымен жарамдылықты жеке бағалау, ал қатардағы және басшы құрамдағы адамдарда – саптағы немесе саптан тыс қызметке жарамдылық жеке көзделетiн аурулар немесе дене кемiстiктерi анықталған жағдайда түсуге жарамдылық соғыс уақытында жеке қаралады.
34. Алдын ала куәландыру қорытындысы ӘДК отырыстарының хаттамалары кiтабына, ал оқуға түсуге жарамсыз деп танылған құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына, сонымен қатар амбулаторлық науқастың медициналық картасына диагнозды негiздейтiн деректер көрсетiле отырып, енгiзiледi.
Отырыстар хаттамаларына комиссия төрағасы мен мүшелерi қол қояды және мөрмен бекiтiледi.
35. Түпкiлiктi куәландыру құқық қорғау органдарының арнайы (әскери) оқу орнының уақытша жұмыс iстейтiн әскери-дәрiгерлiк комиссиясында (бұдан әрi - УӘДК) жүргiзiледi.
Егер күндiзгi оқыту нысанына түсетiндерге алдын ала куәландыру кезiнде психодиагностикалық зерттеу жүргiзiлмеген жағдайда, онда бұл зерттеудi ПФЗ, ПФТ аумақтық ӘДК-де, ОӘДК-де жүргiзедi.
36. Күндiзгi оқыту нысанына түсетiндер олардың келiсiмiмен дәрiгер-маманның қорытындысы бойынша қосымша амбулаторлық тексеруге жiберiледi.
Егер аурудың диагнозын анықтау үшiн ұзақ уақыт стационарлық тексеру қажет болса, болжанатын диагнозға негiзделiп, кандидат арнайы (әскери) оқу орнына түсуге жарамсыз деп танылады.
Патология болмаған жағдайда тексерудi объективтi сипаттау үшiн қысқартуларға рұқсат етiледi.
37. Құқық қорғау органдарының арнайы (әскери) оқу орындарына түсуге жарамсыз деп танылған адамдарға қорытындылар штаттық аумақтық ӘДК төрағасының қолымен және мөрiмен бекiтiледi және содан соң ғана осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша УӘДК отырыстарының хаттамалары кiтабына енгiзiледi, ал оқуға түсуге жарамсыз деп танылған құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына қорытындылар, сонымен қатар диагнозды негiздейтiн деректер көрсетiле отырып, амбулаторлық науқастың медициналық картасына енгiзiледi.
38. Құқық қорғау органдары арнайы (әскери) оқу орындарының УӘДК төрағасы талапкерлердi куәландыру аяқталғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде ОӘДК-ге түпкiлiктi куәландырудың өткiзiлгенi туралы есеп (нөмiрi және күнi, куәландыру құрамы және ұйымдастыру, жүргiзiлген қосымша зерттеулер көлемi, куәландырылғандардың және республиканың облыстары бойынша жалпы саны, себептерiн көрсете отырып, аяқталмаған куәландырылулардың саны, оқуға түсуге жарамсыздар саны, алдын ала куәландыру және медициналық құжаттаманы ресiмдеу бойынша ескертулер мен ұсыныстар және т.б.), осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық жағдайы бойынша УӘДК оқуға түсуге жарамсыз деп таныған кандидаттардың тiзiмiн жiбередi. Түсуге жарамсыз деп танылғандардың медициналық куәландыру карталары осы мерзiмдерде ОӘДК-ге жiберiледi.
39. Қайтарылған карталар бойынша жүргiзiлген талдау нәтижелерiн алдын ала куәландыруды жүргiзген ӘДК жылдық есепте ОӘДК-ге ұсынады.

3. Құқық қорғау органдарының қатардағы және
басшы құрамдағы адамдарын куәландыру

40. ӘДК-ге жiберiлген құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарын куәландыру жарамдылық санаты туралы қорытынды шығару үшiн стационарлық және қосымша зерттеу қажет етiлмеген жағдайларда, 5 жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
Құқық қорғау органдарынан босатылатын, 25 және одан көп жыл қызмет өткерген адамдарға күнтiзбелiк 14 күннен аспайтын мерзiмде стационарлық тексеру жүргiзiледi. Психикалық, онкологиялық және басқа да ауыр ауру түрлерiмен ауыратын, сондай-ақ ауру анықталмаған кезде адамдар бұдан ұзағырақ тексерiлуi мүмкiн.
Куәландырылушыны жiберген ӘДК үшiн стационарлық тексеру нәтижелерi стационарлық науқастың медициналық картасынан жан-жақты көшiрме үзiндiмен ресiмделедi.
41. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары куәландырылуға қызметтiк мiнездемемен жiберiледi.
Қызметтiк мiнездемеде құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамының денсаулық жағдайының оның атқарып отырған лауазымы бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауына әсерi туралы мәлiметтер, оны қызметте қалдырудың мақсаттылығы және басқа лауазымға ауыстыру мүмкiндiгi туралы пiкiр көрсетiлуi тиiс.
Қызметтiк мiнездеменi көрсетiлген қызметкер қызмет өткеретiн құқық қорғау органдары бөлiнiсiнiң басшысы дайындайды.
42. Кадр қызметi қызмет кезеңiнде мертiгу алған құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының жеке iсiндегi мертiгу алудың мән-жайлары туралы актiлердi немесе анықтамаларды мiндеттi түрде ӘДК-ге ұсынады, ал олар болмаған жағдайда қызметтiк тергеу жүргiзедi, оны кадр қызметiнiң инспекторы «Өндiрiстегi жазатайым оқиғамен байланысты құжаттардың нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2009 жылғы 3 наурыздағы № 74-б бұйрығын (Нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзiлiмiнде № 5614 болып тiркелген) сақтай отырып, еңбек туралы заңнамада белгiленген мерзiмде жүзеге асырады.
43. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарында, курсантта және тыңдаушыда ауыр онкологиялық, психикалық және өзге де аурулар анықталған жағдайда, сондай-ақ iштей медициналық куәландырудан жазбаша бас тартылған жағдайда кадр аппараты ӘДК-ге жолдамада «сырттай куәландыруды сұраймын» деген жазбамен көрсетiлген адамның жарамдылық санаты және аурудың, мертiгудiң себептi байланысы туралы қорытынды шығару туралы өтiнiш етедi.
44. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарын куәландыруды ӘДК дәрiгер-мамандар: терапевтiң, хирургтiң, невропатологтың, психиатрдың, офтальмологтың, отоларингологтың, дерматовенерологтың және стоматологтың мiндеттi түрде тексеруiмен өткiзедi. Әйелдердi гинеколог қарауы тиiс.
Ауруларды шынайы диагностикалау мақсатында кеуде қуысы органдарының флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеуi, қанның толық клиникалық талдауы, жалпы (толық) зәр талдауы, мерезге серологиялық реакциялар, электрокардиографикалық зерттеу, 40 жастан асқан адамдарда көз iшiнiң қан қысымын өлшеу, функциялық және зертханалық зерттеулер (әйелдер үшiн тазалық дәрежесiне жағындыны зертханалық талдау) жүргiзiледi.
45. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарын медициналық куәландыру кезiнде ӘДК мүшелерi куәландырылушының барлық медициналық құжаттарымен: медициналық картасымен, медициналық картасынан үзiндi көшiрмемен, кезектi медициналық тексерулер деректерiмен және кемiнде соңғы 3 жыл iшiндегi медициналық көмек туралы өтiнiштерiмен танысуы тиiс, клиникалық-сараптама анамнезiн мұқият жинап, емдеу мекемелерiнен медициналық құжаттарды сұратуы тиiс.
Кадр аппараттары мен мұрағаттық мекемелерден, ҚIД, ҚIБ, ҚIб, әскери бөлiмдерден, басқа мекемелер мен ұйымдардан жеке (зейнеткерлiк) iстер, медициналық құжаттар, қызметтiк тексерiстер, әкiмшiлiк тергеу, анықтау, қылмыстық iс материалдары, мiнездемелер, мұрағаттық анықтамалар, бұйрықтардан, актiлерден, хаттамалардан үзiндiлер және басқа құжаттар сұратылады. Санамаланған құжаттардағы мәлiметтерге талдау жүргiзiледi, олар сараптама қорытындысын шығару кезiнде ескерiледi.
46. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамының жарамдылық санаты туралы қорытындыны ӘДК «қызметкер» бөлiмi бойынша Талаптардың тиiстi бағаны бойынша бөлiнiстi және қызмет түрiн (нақты лауазымды, мамандықты) ескере отырып шығарады.
47. Еңбек сiңiрген жылдары көп, бiрақ 25 жылдан кем немесе 12,5 жыл болатын (кемiнде 12,5 жыл азаматтық өтiлi болса және қызметте болудың белгiленген жасына жеткен) және Талаптардың бiрiншi және екiншi бағандарында санамаланған лауазымдарды атқаратын құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарында «бейбiт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында екiншi дәрежелi шектеулi жарамды» не «жарамдылығы жеке анықталады» деген қорытынды көзделетiн аурулар анықталған жағдайда функциялық сақталған жағдайда және анықталған ауруымен одан әрi пайдаланудың мақсатқа сай болуы туралы, басқа лауазымдарға еңбекке орналастыру мүмкiндiгi және жолдамадағы тиiстi өзгерiстер туралы кадр аппаратының пiкiрiн ескере отырып, егер ұсынылған лауазымдардағы қызмет аурудың ағымына керi әсерiн тигiзбейтiн болса, ӘДК үшiншi, төртiншi бағандар бойынша қызметке жарамдылығы туралы қорытынды шығарады.
Бұл жағдайда қорытынды мынадай редакцияда шығарылады: «Бейбiт уақытта саптан тыс қызметке жарамды, соғыс уақытында бiрiншi дәрежелi шектеулi жарамды», «(Нақты лауазымы көрсетiлсiн) ретiнде қызметке жарамды».
48. Климаты қолайсыз ыстық шет елдерге iссапарға жiберiлетiн құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарын және олардың отбасы мүшелерiн куәландыру, егер iссапардың ұзақтығы 3 айдан асатын болса, жүргiзiледi.
Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарын, олардың отбасы мүшелерiн 6 айға дейiнгi мерзiмге шетелдiк iссапарға жiберу туралы қорытындыны ведомстволық емдеу-профилактикалық мекемесi бередi.
49. Құқық қорғау органдары арнайы (әскери) оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушылары аумағында оқу орындары орналасқан iшкi iстер органдарының ӘДК-де куәландырылады.
Осы оқу орнының медициналық қызметiнiң бастығы ӘДК-ге куәландырылушылардың медициналық сараптама құжаттарын ұсынады және комиссияның жұмысына тiкелей өзi қатысады.
50. Курсанттар мен тыңдаушыларға қорытынды (Академияның және мемлекеттiк өрт қадағалау мамандарын дайындайтын факультеттердiң тыңдаушыларынан басқа) оқудың барлық кезеңi iшiнде:
1) Талаптардың екiншi бағаны бойынша - өртке қарсы қызметтiң, жол полициясы қызметiнiң және жедел қызмет мамандарын дайындайтын бiлiм беру ұйымдарының курсанттары мен тыңдаушыларына;
2) Талаптардың бiрiншi бағаны бойынша – құқық қорғау органдарының қалған арнайы (әскери) оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына шығарылады.
Медициналық куәландыру кезiнде оқудың бiрiншi жылындағы курсанттар мен тыңдаушыларда тиiстi бөлiмдер бойынша Талаптардың тармақтарында жарамдылықты жеке бағалау көзделген аурулар анықталса, олар оқуға жарамсыз деп танылады.
Оқудың бiрiншi жылында (курсында) одан әрi оқуға жарамсыз деп танылған курсанттар мен тыңдаушыларға ӘДК бiр мезгiлде Талаптардың бағандары бойынша олардың қызметке жарамдылығы туралы мәселенi қарайды.
Бiрiншi курстың курсанттары мен тыңдаушыларының денсаулық жағдайындағы уақытша сипаттағы өзгерiстер болған жағдайда ӘДК Талаптардың бiрiншi және екiншi бағандары бойынша қызметтен босатылуға немесе ауруы бойынша демалысқа мұқтаждығы туралы ғана қорытынды шығарады. Талаптардың бiрiншi және екiншi бағандары бойынша олардың одан әрi оқуға жарамдылығы туралы және қызметке жарамдылығы туралы қорытынды денсаулық жағдайы бойынша қызметтен босату, ауруы бойынша демалыс мерзiмi аяқталғаннан кейiн негiздемелер болғанда шығарылады.
Оқудың екiншi жылынан (курсынан) бастап курсанттарды куәландыру кезiнде ӘДК оқу орнының және факультеттiң бейiнiне қарай Талаптардың бiрiншi, екiншi, үшiншi бағандары бойынша қызметке жарамдылық туралы мәселенi шешедi. Олар кестенiң бiрiншi, екiншi, үшiншi бағандары бойынша әскери қызметке немесе саптан тыс қызметке жарамды деп танылған жағдайда бiр мезгiлде оқу орны мен факультеттiң бейiнiне сәйкес келетiн Талаптардың бағаны бойынша одан әрi оқуға жарамдылығы туралы қорытынды шығарылады.
51. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қатарынан Академия тыңдаушыларының қызметке жарамдылығы туралы шешiм «қызметкерлер» деген бөлiм бойынша Талаптардың үшiншi бағаны бойынша шығарылады.
52. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарын, курсанттар мен тыңдаушыларды дәрiгер-мамандардың куәландыру нәтижелерi және ӘДК қорытындысы медициналық куәландыру актiсiне, әскери-дәрiгерлiк комиссия отырыстарының хаттамалары кiтабына жазылады, ал олар жарамсыз деп танылғанда - амбулаторлық науқастың медициналық картасына, медициналық кiтапшасына жазылады. Қорытынды медициналық куәландыру туралы анықтамамен немесе осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауру туралы куәлiкпен ресiмделедi.
53. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының ауруы бойынша демалысқа немесе қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатылуға мұқтаждығы туралы қорытынды Талаптарда көзделген жағдайларда (қалпына келтiру емiнiң аяқталу сатысы ретiнде) шығарылады.
54. Соғыс уақытында құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының емделуi медициналық мекемеде аяқталуы тиiс. Қатардағы және басшы құрамдағы адам қызметтiк мiндеттерiн атқаруға кiрiсе алатын мерзiм 3 айдан аспайтын болса, ӘДК емделудi медициналық мекемеде жалғастыруға мұқтаждығы туралы қорытынды шығарады. Егер бұл мерзiм 3 айдан асатын болса, ӘДК 3-6 айдан кейiн қайта куәландырудан өткiзiп, құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамының қызметке уақытша жарамсыздығы туралы қорытынды шығарады.
55. Тыңдаушыларға (курсанттарға) академиялық демалыс «Бiлiм беру ұйымдарында оқитындырға академиялық демалыстар беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2008 жылғы 18 наурыздағы № 124 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5192 болып тiркелген) сәйкес тек ОӘДК-нiң немесе облыстың Iшкi iстер департаментi (бұдан әрi – IIД) ӘДК-нiң қорытындысы негiзiнде құқық қорғау органдарының арнайы (әскери) оқу орны бастығының бұйрығымен берiледi.
Созылмалы немесе жiтi психикалық аурулардың, жарақаттардың зардаптары асқынуына байланысты ӘДК құқық қорғау органдарында қызметке жарамдылығын шектеу, жарамсыздығы туралы «Бейбiт уақытта саптан тыс қызметке жарамды, соғыс уақытында бiрiншi дәрежелi шектеулi жарамды», «Бейбiт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында екiншi дәрежелi шектеулi жарамды», «Әскери есептен шығарыла отырып, әскери қызметке жарамсыз» деген тұжырыммен қорытынды шығарған барлық жағдайларда академиялық демалыстар берiлмейдi.
ӘДК-нiң «Бейбiт уақытта саптан тыс қызметке жарамды, соғыс уақытында бiрiншi дәрежелi шектеулi жарамды. Құқық қорғау органдарының оқу орнында оқуға жарамсыз» деген қорытындысының негiзiнде оқудан шығарылған жоғары курстардың тыңдаушылары (курсанттары) құқық қорғау органдарының бөлiнiстерiнде жедел емес лауазымдарда қызметiн жалғастырған жағдайда оқуды сырттай нысан бойынша, бiрақ кемiнде бiр жылдан кейiн, сырттай нысан бойынша оқу орнына қайта қабылданар алдында мiндеттi түрде ӘДК-ден медициналық куәландырылған жағдайда жалғастыра алады.
56. ӘДК аурудың, мертiгудiң сипаты мен ауырлығына қарай демалыстың ұзақтығын белгiлейдi.
Бейбiт уақытта құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына Адамдардың iшкi iстер органдарындағы қызметке денсаулық жағдайының сәйкестiгiне қойылатын талаптарға сәйкес «уақытша жарамсыздық» (бұдан әрi - Г санаты) 30 тәулiкке берiледi және еңбек қабiлетiнiң қалпына келуiне кепiлдiк беретiн жақсы болжам жасалған, Талаптардың жекелеген тармақтарында көзделген жағдайда 30 тәулiктен аспайтын мерзiмге ұзартылады.
57. Медициналық көрсетiмдер бойынша қызметтiк мiндеттерiн атқару қалпына келмейтiн жағдайларда Г санаты немесе оның қызметке уақытша жарамсыздығы бойынша құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамының демалысқа мұқтаждығы туралы ӘДК-нiң қорытындысы шығарылмайды, әскери қызметке жарамдылық санаты туралы мәселе шешiледi.
58. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары қызметтен босатылған кезде Г санатына мұқтаждығы туралы қорытынды шығарылмайды.
59. Соғыс уақытында құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының Г санатына мұқтаждығы туралы қорытынды шығарылмайды.
60. ӘДК құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамының және олардың отбасы мүшелерiнiң емделудi жалғастыруы, бiр медициналық мекемеден екiншiсiне ауысуы үшiн Г санатына мұқтаждығы туралы қорытынды, сондай-ақ егер бұл оның емдеу мекемесi орналасқан жерге қоныс аударуына байланысты болса, қызметiнiң жалпы ұзақтығы 25 және одан көп жыл болса, қызметте болудың шектi жасына жетуiне байланысты, денсаулық жағдайына немесе ұйымдастырушылық-штаттық iс-шараларға байланысты қызметтен босатылған құқық қорғау органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамының стационарлық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды шығарады.
Егер құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамы, оның отбасы мүшелерi, қызметiнiң жалпы ұзақтығы 25 және одан көп жыл болса, қызметте болудың шектi жасына жетуiне байланысты, денсаулық жағдайына немесе ұйымдастырушылық-штаттық iс-шараларға байланысты қызметтен босатылған құқық қорғау органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамы денсаулық сақтау жүйесiнiң медициналық мекемелерiне, ведомстволық медициналық, әскери-медициналық немесе санаторлық-курорттық мекемелерде емделуге баруы кезiнде, ал қатардағы және басшы құрамдағы адамы, сонымен қатар, Г санаты бойынша демалысқа немесе тұрғылықты жерiне баруы кезiнде iлесiп жүрушiлердi қажет етсе, ӘДК бұл туралы қорытынды шығарады және олардың санын көрсетедi.
61. Дене массасы индексiнде (бұдан әрi - ДСИ) 18,5 кг/м2 төмен, тегiн тамақ алатын аз салмақты құқық қорғау органдары арнайы (әскери) оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына ӘДК олар үшiн көзделген азық-түлiк үлесi нормаларының жартысы шегiнде үш айдан аспайтын мерзiмге қосымша тамақ беру туралы қорытынды шығарады.
Бойы 190 см және одан биiк курсанттар мен тыңдаушыларға ӘДК олар үшiн көзделген азық-түлiк үлесi нормаларының жартысы шегiнде үш айдан аспайтын мерзiмге қосымша тамақ беру туралы қорытынды шығарады.
Өзiн нашар сезiну, аштықты сезiну, тамақтанғаннан кейiн тоюды сезiнбеуiне шағымдану, сондай-ақ дене салмағының керi динамикасы қорытынды шығару үшiн көрсетiм болып табылады. ӘДК мынадай редакцияда қорытынды шығарады: «(Мерзiмiн көрсету) бастап (мерзiмiн көрсету) дейiн тәулiктiк азық-түлiк үлесi нормаларының жартысы шегiнде қосымша тамақ берiлсiн».
62. Қызметкерлердi денсаулық жағдайы бойынша қызметтен босату туралы кадр қызметтерiнiң бұйрықтары ӘДК анықтамаларының негiзiнде қабылданады.
63. Егер қызмет өткерушi азамат жұмыстан босатылу кезiнде (жұмыстан босатылу себебi мен уақытына қарамастан) құқық қорғау органдарындағы қызметке, әскери қызметке жарамдылық санатын айқындау немесе ӘДК-нiң қорытындысын қайта қарау туралы мәселе қойса, кадр аппараты оның тұрғылықты жерi бойынша осы адамға әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды шығарған ОӘДК-ге, облыстың, қаланың IIД ӘДК-ге оның өтiнiшiн, жеке iсiн, ал зейнеткерге зейнеткерлiк iсiн, өтiнiш иесiнiң қолындағы немесе медициналық мекемелерден алынған медициналық құжаттарын жiбередi. Психикалық бұзылулар салдарынан денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған азаматқа, сонымен қатар, ол бойынша (ӘДК қорытындысының негiзiнде) қызметтен босатылған белгiленген психикалық бұзылулар диагнозының өзгеруi немесе алынуы туралы мамандандырылған медициналық мекеменiң қорытындысы ұсынылады.
Егер алынған құжаттарды зерделеу нәтижесiнде азаматтың өтiнiшiн қанағаттандыруға негiз бар екенi анықталса, ӘДК қорытындысы осы Нұсқаулыққа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi, оған комиссия төрағасы және оның барлық мүшелерi қол қояды, мөрмен бекiтiледi және ӘДК iстерiнде сақталады. ӘДК отырысы хаттамасының көшiрмесi мәлiмет үшiн ОӘДК-ге жiберiледi.
ӘДК қорытындысы 3 данада ресiмделедi, ӘДК бастығы қол қояды және азаматтың құжаттарын жiберген кадр аппаратына берiледi.
64. Егер куәландырылушыда Талаптарда көзделмеген ауру болса, ӘДК куәландырылушының ауруына және оның қызметке iс жүзiндегi жарамдылығына барынша сәйкес келетiн тармақ бойынша қорытынды шығарады. Қорытынды бұл ретте мынадай редакцияда шығарылады: «Талаптардың ______ бағанының ___ бабына қатысты» және одан әрi осы баппен қарастырылған қорытындының мәтiнi.
65. Талаптардың қызметке жарамдылықты жеке бағалауды көздейтiн тармақтары бойынша куәландырылушы құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына ӘДК мына тұжырымдардың бiрiнде қорытынды шығарады:
1) «бейбiт уақытта саптан тыс қызметке жарамды, соғыс уақытында бiрiншi дәрежелi шектеулi жарамды»;
2) «бейбiт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында екiншi дәрежелi шектеулi жарамды».
66. ӘДК Талаптардың 2-тармағына сәйкес әскери қызметке жарамдылығы санаты туралы басқа да қорытындылар шығарады.

2-тарау. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы
құрамдағы адамдарының, арнайы (әскери) оқу орындарының
курсанттары мен тыңдаушыларының ауруларының, мертiгулерiнiң
(жаралануының, жарақаттарының, контузияларының) себептi
байланысын анықтау

67. Себептi байланыс – бұл құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамының, құқық қорғау органдары арнайы (әскери) оқу орындарының курсанты мен тыңдаушысының немесе әскери жиынға шақырылған азаматтың қызмет, оқу кезеңiнде мертiгуi мен ауруының уақытын және оны алуының мән-жайын айқындайтын, әскери-дәрiгерлiк комиссия белгiлейтiн, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк сараптама (бұдан әрi – МӘС) белгiлейтiн мүгедектiк салдарынан болған себептi айқындайтын сараптамалық санат.
68. Медициналық куәландыру барысында сараптамалық диагноз белгiленген құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына, курсанттар мен тыңдаушыларға және әскери жиынға шақырылған азаматтарға ӘДК осы адамдардың алған ауруларының, мертiгулерiнiң себептi байланысын мiндеттi түрде айқындайды.
69. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы», «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» және «Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы Ережеге сәйкес ОӘДК құқық қорғау органдарының бұрынғы қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына, құқық қорғау органдары арнайы (әскери) оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына және әскери жиынға шақырылған адамдарға олардың өтiнiштерi, бөлiнiстердiң, iшкi әскерлердiң, әскери бөлiмдер командирлерiнiң және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының өтiнiмдерi бойынша, өтiнiш иесi, санамаланған органдар ұсынған, не бұрынғы КСРО-ның Мемлекеттiк мұрағаттарынан табылған, көрсетiлген кезеңдегi мертiгу фактiсiн растайтын әскери-есептiк және медициналық сараптама құжаттары бойынша мертiгудiң себептi байланысын анықтайды.
70. Қызмет өткергенiн, Ұлы Отан соғысы майдандарында сол кездегi армияда болғанын, басқа да қарулы қақтығыстарға, жауынгерлiк операцияларға қатысқанын, сондай-ақ мертiгу және ауру фактiсiн растайтын мұрағаттық құжаттарды iздеудi құқық қорғау органдарының, iшкi әскерлердiң және кадр қызметтерi, ҚIД, ҚIБ, ҚIб жүргiзедi.
71. Аурулардың, мертiгулердiң себептi байланысын анықтау үшiн ОӘДК-де мынадай құжаттар қарауға жатады:
1) iс жүзiнде әскери қызметтi өткеру кезеңiнде немесе Қарулы Күштерден босатылу кезiнде ӘДК-нiң куәландыру нәтижелерi туралы деректер бар әскери-есептiк құжаттар (әскери билет, қызыл армия кiтапшасы, әскери мiндеттен босату туралы куәлiк, тiркеу куәлiгi, емделуге кету туралы бұйрықтан үзiндi және т.б.);
2) мертiгу және ауру фактiсiн растайтын әскери-медициналық құжаттар (ауру туралы куәлiк, жаралану, контузия, жарақаттану және ауруы туралы анықтама, әскери-емдеу мекемелердегi емделу фактiсi және нәтижелерi туралы мұрағаттардың анықтамалары);
3) Қарулы Күштерде қызмет өткергенiн, емдеуде болғанын, ӘДК-нiң куәландыруын тiкелей немесе жанама растайтын басқа да құжаттар;
4) мертiгу және ауру фактiсiн жанама растайтын құжаттар (бөлiм бойынша бұйрықтардан үзiндiлер, жауынгерлiк, қызметтiк, партиялық мiнездемелердiң, аттестациялардың, наградтау парақтарының, сот материалдарының көшiрмелерi);
5) өтiнiш бiлдiрген уақыты мен себептерiн көрсете отырып, әскери қызметшiнiң, құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамының медициналық көмек көрсетуге өтiнiш бiлдiргенiн растайтын әскери және азаматтық емдеу мекемелерiнiң құжаттары;
6) МӘС-тiң қолданыстағы және мұрағаттық актiлерi;
7) арнайы тексерiстердiң материалдары бойынша мертiгулер мен аурулардың деректерi;
8) жарақат туралы анықтама.
72. ОӘДК құжаттарды қарап, әрбiр нақты жағдайда:
1) мертiгу мен аурудың себептi байланысы туралы қорытынды ресiмдеу;
2) қосымша материалдар сұрату;
3) медициналық тексеру, сот-медициналық сараптама, ҚIД, ҚIБ, ҚIб дәрiгерлiк комиссиясында куәландыру жүргiзу;
4) мәселенiң мәнi бойынша түсiндiрме беру;
5) тиесiлiгi бойынша құжаттарды жiберу туралы шешiм қабылдайды.
73. Мертiгудiң және аурудың себептi байланысын жан-жақты негiздей отырып, құжаттарды қарау нәтижелерi әскери-дәрiгерлiк комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi, сырттай қорытындылар кiтабына енгiзiледi, төраға мен комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекiтiледi.
74. Әскери-есептiк құжаттардан басқа ӘДК қорытындысын негiздеуде пайдаланылған құжаттар мұрағатта сақтауға жатады.
75. МӘС үшiн қорытынды қабылданған шешiмдi негiздейтiн құжаттар көрсетiлiп, себептi байланысты анықтаған ӘДК-нiң бланкiсiнде нысан бойынша жалғыз данада ресiмделедi, ОӘДК төрағасы қол қояды, ол болмаған жағдайда оның орынбасары қол қояды, қорытынды елтаңбалы мөрмен бекiтiледi.
76. Егер құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамында бiрнеше ауру, мертiгу немесе түрлi жағдайларда алған (туындаған) олардың зардаптар анықталса, онда ӘДК себептi байланыс туралы қорытындыны бөлек шығарады.
77. Себептi байланысты анықтау үшiн ӘДК-де пайдаланылатын құжаттарда аурудың диагнозы көрсетiлмеген, бiрақ куәландыру сәтiнде қолданыста болған бұйрықтың тармағымен Талаптардың қосымшасы көрсетiлген жағдайда ӘДК себептi байланыс туралы өзiнiң қорытындысында осы тармақпен көзделген аурулардың атауларын көрсетедi.
78. Қаралатын құжатта аурудың, мертiгудiң нақты диагнозы дәл көрсетiлмеген, ал қаулы бөлiмiнде осы диагнозға сiлтеме жасалған жағдайда, ӘДК өзiнiң қорытындысында диагнозды бастапқы тұжырымын өзгертпей көрсетедi, сонан соң нақтыланған диагнозды көрсетедi.
79. Егер себептi байланысы анықталатын адамдардың медициналық құжаттарында аурудың жекелеген белгiлерi ғана көрсетiлген болса, онда ӘДК осы аурудың себептi байланысы мәселесiн шешуге құқылы.
80. Құқық қорғау органдарының бұрынғы қатардағы және басшы құрамдағы адамдарында осы Нұсқаулықта көрсетiлген жағдайларда алған дене жарақатының айқын көрiнетiн зардаптары (аяқ-қолының, органының болмауы, сүйек кемiстiгi, жарақаттан кейiнгi көлемдi тыртықтар, бөгде денелердiң болуы) бар болса және көрсетiлген оқиғаларға жататын кезеңдерде дене жарақатын алудың жанама фактiсiнiң болуын растайтын әскери-есептiк және медициналық құжаттар ұсынылған болса, ӘДК-ге құжаттарды жiберген кадр аппараттары, ҚIД, ҚIБ, ҚIб не оларды қарастырушы ӘДК жарақаттану сипатын, ескiлiгiн және дәл орнын анықтау үшiн сот-медициналық сараптаманың куәландыруына жiбередi.
ОӘДК айқын көрiнетiн дене жарақаттарының сипаты мен ескiлiгiн анықтау үшiн комиссиялық тексеру жүргiзедi, деректер хаттамаға енгiзiледi және оны жүргiзген адамдар қол қояды.
81. Басындағы, мойнындағы жарақатты немесе бiр уақытта алған кез келген жердегi көптеген жарқыншақ жарақаттарды көрсететiн деректер бар болса, ӘДК бiр уақытта бар контузия бойынша қорытынды шығарады.
82. Куәгерлiк көрсетiмдер құқық қорғау органдарының бұрынғы қатардағы және басшы құрамдағы адамдарында ауырған аурулары немесе контузиялары фактiсiн анықтау үшiн негiз бола алмайды.
83. Егер ӘДК қараған құжаттарда аурудың, мертiгудiң себептi байланысы туралы қаулы шығару үшiн қажеттi мәлiметтер болмаса, тиiстi мекемелер мен мұрағаттардан әскери-есептiк, медициналық сараптама құжаттары қосымша сұратылады.
84. Аурулар болған жағдайда ӘДК себептi байланыс туралы қорытындыны Ереженiң 4-тарауының тиiстi редакциясында қабылдайды.
85. Егер қызметтiк мiндеттерiн (әскери қызмет мiндеттерiн) атқару кезiнде мертiгу алған құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамына, әскери жиындардан өтушi азаматқа амбулаторлық немесе стационарлық емдеудiң соңында денсаулығына келген зиянның ауырлық дәрежесi туралы анықтама берiлмесе, ӘДК көрсетiлген адамдардың өтiнiшi, кадр қызметтерiнiң, ҚIБ, ҚIб қолдаухаттары және т.б. бойынша мертiгудiң ауырлық дәрежесi туралы қорытындыны хаттамамен ресiмдейдi.
Бұл жағдайда қорытынды амбулаторлық науқастың медициналық картасында (медициналық кiтапшасында), стационарлық науқастың медициналық картасында, басқа да медициналық сараптама құжаттарында, сондай-ақ кадр қызметтерiнiң анықтамаларында тиiстi жазбалар мен мертiгу алудың мән-жайлары болған кезде шығарылады.
Қорытынды емдеу мекемелерi мен олардың әрқайсысында емделу мерзiмi көрсетiле отырып, ресiмделедi. Анықтаманың нөмiрi мен берiлген күнi отырыс хаттамасының нөмiрi мен күнiне сәйкес келуi тиiс.
86. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамының өлiмiне әкеп соққан аурудың, мертiгудiң себептi байланысы туралы қорытынды шығарар алдында ӘДК мына материалдарды: ведомстволық медициналық және әскери-медициналық мекемелердiң, басқа министрлiктер мен ведомстволардың медициналық мекемелерiнiң медициналық құжаттарын, қызмет өткеру кезеңiндегi медициналық куәландыру деректерiн, анықтамаларды (актiлердi), мертiгу алудың мән-жайлары туралы кадр қызметтерiнiң қызметтiк тергеу материалдарын, сот-медициналық (патологиялық-анатомиялық) зерттеудiң хаттамаларын, қайтыс болу туралы куәлiктiң көшiрмесiн, жеке құрамның тiзiмiнен алып тастау туралы бұйрықтың үзiндiсiн зерделейдi.
87. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамының қызмет кезеңiнде не қызметтен босатылғаннан кейiнгi 1 жыл iшiнде өлiмiне әкеп соққан аурудың, мертiгудiң себептi байланысы туралы ӘДК-нiң қорытындысы комиссия отырысы хаттамасының нысаны бойынша сырттай қорытындылар кiтабында ресiмделедi, комиссия төрағасы және комиссияның барлық мүшелерi қолы қояды және елтаңбалы мөрмен бекiтiледi.
Мертiгудiң, аурудың себептi байланысы туралы қорытынды шығаруға негiз болған барлық құжаттар мен әскери-есептiк құжаттардың көшiрмелерi сырттай куәландыру жүргiзген ӘДК-нiң iстерiнде сақталады.
Қорытынды комиссияның бланкiсiнде бiр данада басылады, оған бастық, ал ол болмағанда оның орынбасары қол қояды, елтаңбалы мөрмен бекiтiледi.
Қорытынды себептi байланысты анықтау туралы қолдаухат жiберген органға жiберiледi (берiледi).
88. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамының өлiмiне әкеп соққан аурудың, мертiгудiң себептi байланысын штаттық ӘДК орган бастығының, әскери бөлiм командирiнiң, бөлiнiстердiң кадр қызметтерiнiң, ҚIД, ҚIБ, ҚIб, прокуратура органдарының өтiнiштерi бойынша анықтайды.

3-тарау. Радиациялық әсерлерден зардап шеккен құқық қорғау
органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарын, құқық
қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы бұрынғы
адамдарын куәландыру және мертiгулерi мен ауруларының себептi
байланысын айқындау тәртiбi

89. Радиоактивтiк заттармен, иондалған сәуле шашу көздерiмен, зымыран отыны компоненттерiмен, электомагниттiк көздерiмен (бұдан әрi - РЗ, ИСШ, ЗОК, ЭМӨ) қызмет өткерген құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарын медициналық куәландыру және мертiгуi мен ауруларының себептi байланысын айқындау тәртiбi Ережеге сәйкес жүргiзiледi.
90. Атомдық объектiлердегi радиациялық апаттарға және олардың зардаптарына, сынақтарға, оқуларға және ядролық қару мен ғарыш техникасын қоса алғанда, ядролық қондырғылардың кез келген түрiне байланысты өзге де жұмыстарды жүргiзумен, сондай-ақ радиациялық авария ретiнде сараланған басқа жағдайларда (бұдан әрi - радиациялық әсер) алынған мертiгулер мен аурулардың себептi байланысы «Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынақтарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау» және «Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына және басқа да заңнамалық актiлерге сәйкес айқындалады.
91. ОӘДК радиациялық әсерлер ауруларының:
1) құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарында;
2) құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы бұрынғы адамдарында;
3) iшкi әскерлердегi арнайы жиындарға шақырылған және атомдық объектiлердегi аварияларды және олардың зардаптарын жоюға байланысты жұмыстарға тартылған әскери мiндеттiлерде;
4) iшкi әскерлердегi арнайы жиындарға шақырылған және атомдық объектiлердегi аварияларды және олардың зардаптарын жоюға байланысты жұмыстарға бұрын тартылған әскери мiндеттiлерде себептi байланысын айқындайды.
92. Радиациялық әсерден зардап шеккен құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарын мертiгудiң, аурудың себептi байланысын анықтау үшiн медициналық тексеруге және куәландыруға бөлiнiстердiң кадр қызметтерi, әскери бөлiм командирi (кадр аппараты), ал қатардағы және басшы құрамдағы бұрынғы адамдар мен әскери қызметшiлердi кадр қызметтерi, ҚIБ, ҚIб, халықты әлеуметтiк қорғау органдары жiбередi. Мертiгудiң, аурудың себептi байланысы, сонымен қатар құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, оның iшiнде бұрынғылардың өтiнiштерi бойынша айқындалуы мүмкiн.
93. Радиациялық әсерлерi бар мертiгудiң, аурулардың себептi байланысы туралы ОӘДК-нiң қорытындысы:
1) құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарында:
әскери билетi;
амбулаторлық науқастың медициналық картасы;
медициналық кiтапшасы;
стационарлық науқастың медициналық картасынан үзiндi және амбулаторлық немесе стационарлық тексерудiң басқа деректерi;
диагнозы көрсетiлген ауру ағымының сипаты, жиiлiгi мен қайталану ұзақтығы туралы мәлiметтер;
радиоактивтiк заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда (жоғарыда көрсетiлген заңда белгiленген) орналасқан құқық қорғау органдарында қызмет өткерудiң, әскери бөлiмдерде болған әскери қызметiнiң ұзақтығы көрсетiлген бөлiнiстердiң кадр қызметтерi, әскери бөлiм берген анықтамалар (актiлер);
радиациялық авария ретiнде сараланған жағдайларда қызметтiк тергеудiң материалдары;
иондалатын сәулелену көздерiмен жұмыстың ұзақтығы мен мерзiмдерi, сәулелену мөлшерi көрсетiлген маманның еңбек жағдайының және жұмыс орнының санитарлық-гигиеналық сипаттама карталары;
2) құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы бұрынғы адамдарында, сондай-ақ бұрын арнайы жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлерде:
әскери билетi, жеке iсi, зейнеткерлiк iсi;
стационарлық, амбулаторлық науқастың медициналық карталарынан үзiндiлер;
радиоактивтiк заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда (жоғарыда көрсетiлген заңда белгiленген) орналасқан әскери бөлiмдерде қызмет өткеру, мiндеттi әскери қызмет өткеру (мерзiмiн көрсете отырып) фактiсiн растайтын құжаттар, сондай-ақ радиациялық авария ретiнде сараланған жағдайды растайтын құжаттар;
иондалатын сәулелену көздерiмен жұмыс мерзiмдерi мен еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттама картасы негiзiнде қабылданады.
94. Азаматты мертiгудiң, аурудың себептi байланысын анықтау үшiн жiберген жауапты адам ӘДК-ге оның радиациялық әсерi бар жағдайларда қызмет өткергенiн (жиында болғанын) растайтын анықтама ұсынады.
95. Ядролық апаттар нәтижесiнде пайда болған, сондай-ақ қашықтағы радиоактивтiк әсерлердiң салдарларына байланысты жiтi және созылмалы аурулардың диагноздары Қазақстан Республикасы Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнiң госпиталi жанындағы Чернобыль АЭС-тегi аварияның зардаптарын жоюшыларға арналған Республикалық оңалту орталығында стационарлық тексеруден өткеннен кейiн ғана белгiленедi.
Штаттарда радиолог-токсиколог дәрiгер болмаған жағдайда Орталық ведомствоаралық сарапшылар кеңесiнiң мiндеттi сараптамалық қорытындысы талап етiледi.
96. Қарастыруға жататын аурулардың тiзбесi «Иондалатын сәулелердiң әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және Иондалатын сәулелердiң әсерi бар аурулармен себептi байланысты анықтау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 34 қаулысымен айқындалған.
97. Чернобыль АЭС-тегi апаттың зардаптарын жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тартылған, бұрынғы КСРО аумағында ядролық қаруды сынауға қатысқан құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, әскери мiндеттiлердiң, құқық қорғау органдарының бұрынғы қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ радиациялық авария ретiнде сараланған оқиғаларда болған санамаланған адамдар санаттарының ауруларының себептi байланысы олардың сәулелену мөлшерiнiң көлемiне, көрсетiлген оқиғаларға дейiнгi медициналық анамнезiне, көрсетiлген оқиғаларда зиянды салдарлар басталғанға дейiнгi кезеңнiң ұзақтығына қарамастан, егер олар санамаланған оқиғаларға тiкелей қатысу салдарларынан туындаған қолайсыз факторлардан пайда болса не мұндай байланыстың жоқтығы расталмаса, анықталады.
98. Азаматтардың санамаланған санаттарының мертiгуi мен ауруларының себептi байланысы туралы қорытынды Ереженiң 4-тарауының тиiстi редакциясында қабылданады.
99. Мертiгулер мен аурулардың себептi байланысы туралы ӘДК-нiң қорытындысы комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi, сырттай қорытындылар кiтабына енгiзiледi, комиссия төрағасы мен комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекiтiледi.
100. Мертiгудiң, аурудың себептi байланысы туралы қаулы шығаруға негiз болған барлық құжаттар мен әскери-есептiк құжаттардың көшiрмелерi сырттай куәландыру жүргiзген ӘДК-нiң iстерiнде сақталады.
101. Қорытынды комиссияның бланкiсiнде бiр данада басылады, оған бастық, ал ол болмаған жағдайда орынбасары қол қояды, елтаңбалы мөрмен бекiтiледi.
102. ӘДК-нiң ресiмделген қорытындысы адамның тұрғылықты жерi бойынша МӘС бөлiмiне жiберiледi (берiледi). Қарау үшiн ӘДК-ге құжаттар жiберген органдар (халықты әлеуметтiк қорғау органдарынан басқа) мен азаматтар қорытындының адамның тұрғылықты жерi бойынша МӘС бөлiмiне жiберiлгенi туралы хабардар етiледi.

4-тарау. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы
құрамдағы адамдарын және олардың отбасы мүшелерiн денсаулығына
байланысты Қазақстан Республикасының климаттық жағдайлары
қолайсыз жерлерiнде қызмет өткеру (тұру) мүмкiндiгiн анықтау
үшiн медициналық куәландыру

103. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарын, олардың отбасы мүшелерiн денсаулығына байланысты Қазақстан Республикасының климаттық жағдайлары қолайсыз жерлерiнде қызмет өткеру (тұру) мүмкiндiгiн айқындау үшiн медициналық куәландыруды осы Нұсқаулыққа 14-қосымшаға сәйкес Тiзбе бойынша штаттық ӘДК жүргiзедi.
104. Медициналық куәландыру кезiнде ӘДК қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың Қазақстан Республикасының климаттық жағдайлары қолайсыз жерлерiнде қызмет, әскери қызмет өткеруiне және олардың отбасы мүшелерiнiң тұруына Медициналық қарсы көрсетiмдер тiзбесiн басшылыққа алады.
Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарын және олардың отбасы мүшелерiн терапевт, хирург, невропатолог, офтальмолог, отоларинголог, психиатр, ал әйелдердi, сонымен қатар, гинеколог куәландырады. Басқа мамандықтағы дәрiгерлер медициналық куәландыруға көрсетiмдер бойынша тартылады. 14 жасқа дейiнгi балаларды тек педиатр куәландырады. Медициналық куәландыру басталғанға дейiн кеуде клеткасы органдарының флюорографиялық зерттеуi, қан мен зәрдiң клиникалық талдауы, көрсетiмдер бойынша электрокардиография және қосымша зерттеулер жүргiзiледi.
105. Қазақстан Республикасының климаттық жағдайлары қолайсыз жерлерiнде қызмет, әскери қызмет өткеру үшiн ауыстырылатын құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары, құқық қорғау органдары арнайы (әскери) оқу орындарының тыңдаушылары, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi сол жерлерде қызмет, әскери қызмет өткеру (тұру) мүмкiндiгiн анықтау үшiн кадр аппараттарының, әскери бөлiм командирлерiнiң, арнайы (әскери) оқу орындары бастықтарының жолдамалары бойынша ӘДК-нiң медициналық куәландыруынан өтедi.
106. Медициналық куәландырылуға жiберiлетiн қатардағы және басшы құрамдағы адамның отбасы мүшелерiне әйелi (зайыбы), олардың кәмелетке толмаған балалары, iшкi iстер органдарының, басқа да құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамының асырауындағы кәмелетке толған оқушы балалары, сондай-ақ I және II топтағы мүгедек балалары жатады. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың асырауында тұрған басқа адамдар және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi - қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың және олардың әйелдерiнiң ата-аналары, I және II топтағы мүгедек әкесi мен анасы; көрсетiлген контингенттiң және олардың әйелдерiнiң аға-iнiлерi, апа-қарындастары, сiңлiлерi, ата-әжесi денсаулық жағдайларына байланысты ұдайы күтiмдi қажет ететiн болса және басқа жақын туыстары болмаған жағдайларда ғана медициналық куәландыруға жiберiледi.


Страницы 1 2 3 4
Авторизация




Запомнить меня
Ещё не зарегистрированы? Регистрация
Забыли пароль?


Служба поддержки сайта:
Агент@mail.ru buh-nauka.com@mail.ru
Мой статус buh-nauka.com
   Лента новостей
Курсы валют
Ц#152;нформационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Реклама на сайте


???Mail.ru


  Copyright © 2011 - 2024, ТОО Эльмора, Kurilovich Yanina